Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі




НазваниеҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
страница2/10
т б туындыларын
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.53 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/dd58f9ca-5a94-11e4-bf6e-f6d299da70eeсот медицина лекции.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пысықтау сұрақтары:

1. Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы

2. Сот медициналық сараптама, тексеру объектілері, сараптаманың процессуальді негіздері.

Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж

2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.


Тақырып 2. Сот медицинасының зандық және ұйымдастыру негіздері.

1. Сот-медицина сараптамасының іс жүргізу негіздері.

2. Сот-медицина қызметінің үйымдастырылуы және құрылымы.

Сот медицинасы мен басқа да медициналық пәндердің деректерін тергеу және сот тәжірибесінде іс жүзінде қолдану сот-медицина сараптамасынын мазмүны болып табылады.

Сот-медицина сараптамасы сот әділдігі мақсаттары мен міндеттеріне қызмет етеді және елімізде қолданылып жүрген қылмыстық, азаматтық, қылмыстық істер жүргізу және аза-маттық істер жүргізу заңдарының, Үкімет қаулылары мен өкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі шығаратын ережелердің, бүйрықтар мен нүсқаулардың негізінде және соларды сақтай отырып жүзеге асырылады.

Сонымен бірге сот-медицина сараптамасы өз қызметі, қүқықтары мен міндеттері шегінде халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту ісінде, ауру мен өлім-жітімді азайту, еңбек жәнё түрмыс жағдайларын жақсарту жолындағы күресте денсаулық сақтау жүмысына барынша жәрдемдесуді мақсат етеді.

Елімізде сот-медицина сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу, Азаматтық және Азаматтық істер жүргізу кодекстерінің бірқатар баптарымен белгіленген. Әрбір кодекс бір қүқық са-ласына қатысты заңдар жинағы болып табылады.

Қылмыстық кодекс - қылмыстық жауапкершіліктің себептері мен шектерін, қылмыс деп танылатын іс-әрекет белгілерін және ол үшін қолданылатын жазалау шараларын анықтайтын заң қүжаты болып табылады.

Қылмыстық істер жүргізу кодексі - қылмыстық істерді тергеу және сотта қарау кезінде тергеу органдарының, соттың, прокуратураның, адвокаттардың қызметін реттейтін және қылмыстық процеске қатысатын барлық адамдардың қүқықтары мен міндеттерін белгілейтін қүқықтық нормалар-дың жүйеге келтірілген жинағы.

Азаматтық кодекс - жеке адамдардың немесе үйымдардың мүліктік қатынастарын реттейтін жеке заң қүжаты.

Азаматтық істер жүргізу кодексі дегеніміз - соттың азаматтық істерді қарау жөніндегі қызметін, сондай-ақ сот шешімдері мен үйғарымдарын күштеп орындату жөшндегі орындаушылардың қызметін реттейтін қүқықтық нормалар-дын жүйеге келтірілген жинағы.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу ко дексінің 52, 53, 169, 272-баптарына сәйкес сараптама алдын ала тергеу процесінде немесе сот мәжілісінде ғылым, техни-ка, өнер және қолөнер жөнінен арнайы пікір қажет болған жағдайда белгіленеді. Бүл мәселелерді шешу үшін сарапшылар деп аталатын білгір адамдар тартылады. Сараптаманы тиісті мекемелердің сарапшылары немесе анықтама жүргізетін адам, тергеуші, прокурор және сот тағайындаған өзге де ма-мандар жасайды. Тергеуші және сот қүқық бүзушылықтың бар-жоғын, оны жасаған адамның кінәсын анықтағанда сүйе-нетін кез келген нақты деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Бүл деректер куәгердің, жәбірленушінің, айыпталушының айғақтарымен, сарапшының қорытындысымен, айғақты заттармен, сондай-ақ тергеу және сот әрекеттерінін хаттамаларымен, басқа да тиісті қүжат-тармен анықталады. Тергеу немесе сот барысында бүл дәлелдемелер бір-бірін толықтыруы, сондай-ақ сарапшының қорытындысы басқа дәлелдемелерге қайшы келген жағдайда қарама-қайшы сипатта болуы мүмкін. Қазақстан Респуб-ликасы Қылмыстық істер жүргізу кодексіне сәйкес, сарап-шының қорытындысы тергеу және сот органдары үшін міндетті емес, алайда онымен келіспегендік дәлелденуге тиіс.

Сараптаманың әр алуан түрлері бар, мысалы, сот-медицина, сот-психиатрия, сот-бухгалтерлік, криминалистика, сот-техникалық сараптамалары және т.б. Бүл орайда сот-медицина сараптамасының басқаларының бәрінен бүрын қолданыла бастағанын айта кеткен жөн.

Сараптаманың басқа түрлері сияқты, сот-медицина сараптамасы да тергеу және сот органдарының жазбаша берген үсынысы, қаулысы немесе жолдамасы бойынша ғана жасалады.

Қазіргі кезде мемлекеттік (лауазымдық) және еркін сот-медицина сараптамасы жүзеге асырылады. Сот-медицина сараптамасының басым көпшілігін сот-медицина сарапшылары, яғни арнаулы даярлығы бар және сот-медицина сарапшыларының қызметің атқаратын дәрігерлер жасайды. Бүл - мемлекеттік, яғни лауазымдық сараптама. Сондай-ақ сот-ме-дицина сарапшысы болмаған жағдайда сараптама жасауды тергеу немесе сот органдары кез келген дәрігерге тапсыруы мүмкін. Мүндай жағдайларда ол сарапшы-дәрігер деп ата-лады. Бүл - еркін сараптама.

Кейбір елдерде ант берген сараптама деген бар. Мысалы, Францияда солай. Бүл орайда соттарда ант беріп, сот-медицина сарапшысы болып бекітілген дәрігерлердің белгілі бір тізімі болады. Мүндай жағдайларда тергеу және сот органдары сарапшылар таңдағанда дәрігерлердің тиісті тізімімен шектеледі.

Біздің заңдарымызға сәйкес, сараптама тағайындау туралы мәселені әрбір ретте тергеу немесе сот органдары шешеді. Алайда заңда сараптамалардың барлық түрлері ішінен сот-медицина және сот-психиатрия сарадтамаларын міндетті түрде жүргізу көзделген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексі бойынша:

  1. өлу себебін және дене жарақаттарының сипатын анық-
    тау үшін;

  2. айыпталушының немесе күдік келтірілген адамның ісжүргізу кезіне қарай өздерінің не істегенін білетін білмейтіндігі немесе өзін-өзі билей алатындығы жағынан ақыл-есінің бүтіндігіне немесе қабілеттілігіне күмән келтірілген жағдайда олардың психикалық халін анықтау үшін;

  3. куәгердің немесе жәбірленушінің іс үшін маңызы бармән-жайларды дүрыс түсіну және олар туралы дүрыс айгақ беру қабілетіне күмән келтірілген жағдайда олардың психикалық және физикалық халін анықтау үшін;

  4. айыпталушының, күдік келтірілген немесе жәбірленген адамның жас шамасының іс үшін маңызы болып, ол туралы қүжаттар болмаған жағдайда олардың жас шамасын анықтау үшін сараптама жүргізу міндетті болып табылады.

Сөйтіп, өлу себептерін, дене жарақаттарының сипатын, психикалық халін және жасын анықтаған кезде міндетті түрде сараптама жүргізу заңда көзделген.

Іс жүзінде орындалуы жөнінен сот-медицина сараптамасының түрлері: алғашқы, қосымша және қайталап жасалатын сараптамалар болып бөлінеді.

Алғашқы сараптама кезінде объектіге бірінші рет, көбінесе бір сәтке және түпкілікті зерттеу жүргізіліп, сарапшы тиісті қорытынды жасайды. Кейде алғашқы сараптама барысында

қосымша зерттеу жүргізу, мамандардың ақыл-кеңесі, т.б. қажет болады. Сондықтан алғашқы сараптама барлық уақытта бірдей бір сәттік бола бермейді.

Қосымша сараптама кезінде сот-медицина сарапшысы әуелі объектіні зерттеп, қорьггынды жазады. Сонан соң тергеу барысында, тергеупгі сарапшьшы тергву материалдарымен та-ныстырып, оған қолда бар барлық материалдар ескерілген түпкілікті қорытынды беруді үсынады.

Алғашқы сараптама онша толық және білікті болмаса, тергеу немесе сот органдарын қанағаттандырмаса, сондайақ істе келтірілген басқа дәлелдемелерге қайшы келсе, сараптама қайталап жасалады. Әдетте сараптаманы қайталап жасау неғүрлым тәжірибелі бір немесе бірнеше сарапшыға тапсырылады. Алғашқы, қосымша және қайталанатын сараптамалар комиссиялық және кешенді түрде жүргізілуі мүмкш.

Комиссиялық сараптама мейлінше қиын жағдайларда, атап айтқаңда, кәсштік қүқық бүзғаны үшін медицина қызметкерлерін жауапқа тарту туралы істер бойынша, еңбекке жарамдылық дәрежесін анықтау кезінде, өтірік ауыруды немесе ауырғансуды, өзін-өзі жарақаттауды анықтау ушін сараптама жасаған кезде, күрделі қылмыстық істер бойынша (мысалы, бөлшектеп тасталған мәйітті зерттеген жағдайда), сараптаманы қайталап жасаған кезде жүргізіледі.

Кешенді сараптаманы бір іс бойынша әр түрлі мамандар тобы жүргізеді. Мәселен, улануға сараптама жасағанда оған көбінесе клиникалық дәрігерлер, сот дәрігерлері, химиктер, биологтар, ботаниктер және т.б. қатысады.

Сот-медицина сараптамасы алдын ала тергеу кезшде де, сот мәжілісінде де жүргізіледі.

Маман дәрігердің сот медидинасы саласына қатысуы көбінесе оқиға болған жерді қараудан басталады, оны тергеу-ші жүргізеді (Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 126-бабы). Кісі өлтіруге, өзія-өзі өлтіруге, жазатайым оқиғаларға байланысты істерде өлікті оқиға бол-ған (табылған) жерде қарау кезінде, сондайақ адам сырт-тан зорлық жасалуы мүмкін кейбір кенеттен қайтыс болған жағдайларда маман дәрігердің маңызы ерекше зор. Мүндай жағдайларда дәрігер өзінің арнаулы білімі негізінде қылмысты тергеуге елеулі көмек көрсете алады. Мысалы, өліктщ жатысы, денесіндегі жарақаттар, қан дақтарының болуы, өлік таңбаларының түсі мен сипаты, өліктің сіресу көрінісі және т.б. бірқатар жағдайларда болған оқиғаның сипаты, жарақат салу әдісі, өлген уақыты туралы, тергеу үшін маңызды басқа да мәселелер жөнінде алдын ала пікір айтуға мүмкіндік бе-реді. Әлбетте, оқиға болған жерге барған маман дәрігердің бірінші кезектегі міндеті - өлу актісін анықтау немесе зардап шегуші тірі болып шықса, оған медициналық көмек көрсету.

Оқиға болған жерді қараған кезде хаттама жасалып, оған тергеуші, дәрігер және куәлар қол қояды. Әдетте, хаттама өлікті қарауға қатысқан дәрігердің ауызекі айтуымен жазы-лады. Маман дәрігер бірқатар айғақты заттарды (қан дақта-рын, шәует сұйығын, шашты, т.б.) табу, алу кезінде тергеушіге көп көмек көрсете алады. Сонымен қоса, оқиға болған жерді қараған кезде жоспар жасап, объектіні суретке тусірген жөн, мұны тергеуші істейді.

Оқиға болған (өлік табылған) жерде өлікті қарап шыққаннан кейін тергеуші өлікті сот-медициналық союға жібереді. Оны сойып көруді оқиға болған жерді қарауға қатысқан дәрігерге тапсырған жөн, өйткені ол істің мән-жайымен, өлік құбылыстарының сипатымен және жарақаттардың бастапқы көрінісімен таныс. Бүл ерекшеліктер сарапшының сот-медицина сараптамасы алдына қойылған мәселелерді неғүрлым егжей-тегжейлі шешуіне көмектеседі. Бүл мәселелер тергеушінің қаулысында айқын түжырымдалуға тиіс, онда сонымен қатар сараптаманың мақсаттары және оқиғаның мән-жайы туралы мәліметтер де көрсетіледі.

Алдын ала тергеуде берілген деректерді сарапшының сот мәжілісінде түсіндіріп беруі жиі кездеседі, сот мәжілісіне оның сот үсынысы бойынша шақырылуы мүмкін. Кейде сот мәжілісінде сарапшының шешуіне қойылатын қосымша сүрақтар да туындайды. Сот сарапшыға қорытынды беруден бас тартқаны үшін және біле түра жалған қорытынды бергені үшін жауапты болатынын ескертеді.

Алдын ала тергеу барысында немесе сот мәжілісінде қызметін дүрыс атқару үшін сот-медицина сарапшысы Қылмыстық істер жүргізу кодексінде көзделген қүқықтары мен міндеттерін жақсы білугетиіс. Сарапшының міндеттері:

1. Ол анықтама алушы адамның, тергеушінің, прокурор-дын, соттың шақыруына келуге тиіс. Дәлелді себептері келмей қалған жағдайда, куәгер сияқты, сарапшы да айдап әкелінуі мүмкін. Сарапшының ауырып қалуы, қызмет бабымен іссапарға кетуі, демалыста болуы, шақыру қағазын алмасуы және с.с. оның келмеуіне дәлелді себептерге жатады.

2..Тергеу қүпиясын сақтауға тиіс. Алдын ала тергеу деректерін жария етуге болмайтыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 96-бабында көзделгеи. Оларды жария еткені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 194-бабында айтылған. Заңның аталган нүсқаулары тәжірибелік сабақтар кезінде кейде алдын ала тергеу деректерімен танысатын студенттерге де қатысты.

3. Сот-медицина сарапшысы сараптама жүргізуге және өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша қорытынды бе-руге міндетті. Егер үсынылған мәселе сарапшының арнаулы білімі шеңберіне сыймаса немесе өзіне берілген материалдар

қорытынды беруге жеткіліксіз болса, сарапшы қорытынды беру мүмкін еместігін сараптаманы тағайындаған органға жазбаша түрде хабарлайды.

  1. Сот-медицина сарапшысы тергеу және сот органдарының қызметкерлеріне сараптама мәселелері бойынша кеңес беруге тиіс. Мүндай кеңесті жеке тәртіппен, мысалы, кейбір кезде сараптама деректерінін көмегімен өз қорғауындағыларды қорғап қалғысы келетін адвокаттарға беруге болмайды.

  2. Сот-медицина сарапшысы сараптама жүргізу кезінде анықталған және бүрын істе көрсетілмеген жаңа деректердің бәрін тиісті тергеу және сот органдарына жеткізуге, сондайақ тергеу және сотта қарау үшін маңызы бар мән-жайлар мен фактілерге өз еркімен тергеу және сот органдарының на-
    зарын аударуға міндетті.

  3. Сарапшы қатаң белгіленген және заңда көзделген нысан бойынша сараптама қүжатын, яғни сот-медицина зерттеуінің қорытындысын (актісін) жасауға міндетті.

Сарапшы, біріншіден, сараптаманың мақсаттары мен міндеттерш білуге, тергеушіден айқью түжырымдалған сүрақтар алуға хақылы. Екіншіден, оның сот мәжілісі басталғанға дейін сот ісінің материалдарымен танысып, одан үзінділер жазып алуға хақысы бар. Үшіншіден, тергеушінін, прокурордың немесе соттың рүқсатымен жауап алған кезде, басқа да тергеу және сот әрекеттері кезінде қатыса алады және жауап алынып отырған адамға сараптаманың мәніне қатысты сұрақтар қоя алады. Төртіншіден, істін мән-жайын білуге тиіс. Со-нымен бірге өзіне қорытьгады беру үшін қажетті қосымша материалдар табыс ету туралы өтініш жасауға хақылы. Қылмыстық істің материалдары ғана емес, сонымен қатар айғақты заттар, салыстырып зерттеуге арналған қүжаттар мен үлгілер және т.б. қосымша материалдарға жатуы мүмкін. Бесіншіден, соттан айқын түжырымдалған жазбаша сүрақтар талап етуге, қойылған сүрақтарға жауап қайтару үшін қажетті нәрселерді алуға және бүл ретте кез келген оқу-лықтар мен қүралдарды пайдалануға хақылы. Бүл орайда сарапшы өзіне қойылған сүрақтардың мағынасын анықтап, түсіндіріп беруді сүрай алады. Алтыншыдан, сараптама күрделі және арнаулы мәселелерді шешу қажет болған жағдайда сот-медицина сарапшысы тиісті кәсіп мамандарын са-раптамаға қатысуға және өздерімен бірге қорытынды беруге шақыруды өтінуге міндетті. Жетшшіден, штаттағы сот-медицина сарапшысы өзіне денсаулық сақтау органдарының сарепшы ретінде өз міндетіне кірмейтін денсаулық сақтау жашнан жүктеген міндеттері мен әр түрлі тапсырмаларын (ейдеу, санитарлық және басқа да жұмыс түрлері жөнінен) ерындаудан бас тарта алады. Сегізіншіден, сарапшы-дәрігер штаттағы сот-медицина сарапшысы болмаса, онда өзінің сараптама жүргізгені үшін сыйақы алуға хақылы.

Сараптама жүргізген кезде сот-медицина сарапшысы өзінің арнаулы білімі саласына қатысы бар және сот-медицина сараптамасының қүзыретіне кіретін мәселелерге ғана жауап беруге тиіс екендігін атап көрсету қажет. Сот-медицина са-рапшысы медициналық немесе биологиялық сипаттағы мәсе-лелерді ғана шеше алады және ол заң, техникалық және бас-қа да медициналық емес мәселелерге жауап бермеуге тиіс, өйткені сарапшы олар жөнінде маман емес. Сондықтан сарапшы сотталушының кінәлылығына қатысты мәселелерді (мысалы, кәсіптік қүқық бүзғаны үшін медицина қызметкер-лерін қылмысты жауапқа тартқан жағдайларда), қылмысты арам ниеттілік (мысалы, өлім түрі), іс-әрекетті саралау мәселелерін шеше алмайды, өйткені бүл мәселелерді тергеу немесе сот органдары шешуге тиіс. Сондай-ақ сот-медицина сарапшысы маман болып табылмайтын медициналық мәсе-лелерді шешу де оның қүзыретіне кірмейді. Мысалы, сот-медицина сарапшысы айыиталушының психикалық халін немесе есінің дүрыстығын анықтай алмайды, өйткені оның сот пси-хиатриясы жөнінен жеткілікті білімі жоқ. Бүл мәселелер сот-психиатрия сараптамасының қүзыретіне жатады.

Сот-медицина сараптамасын жүргізу мен оның нәтижелерін бағалау объективті және ғылыми деректерге негізделуге тиіс. Сарапшының қорытындысында субъективті болжам мен жорамал болмауға тиіс. Сарапшының тәжірибелік қызметінде әлдебір негізделмеген жауап қайтаруға тырысып, сол арқылы тергеу және сот органдарын адастырудың орны-на, "мен білмеймін" деуі әлдеқайда дүрыс. Егер сарапшы өзіне қойылған сүрақтарға жауап қайтара алмаса, тергеу немесе сот органдары неғүрлым тәжірибелі, басқа бір сарапшыны немесе бірнеше сарапшыны шақыра алады.

Сараптаманы бірнеше сарапшы жүргізген кезде олар жал-пы қорытынды жасап, қол қояды. Егер комиссия мүшелерінін біреуі көпшілікпен келіспесе, өз қорытындысын жазып, ол комиссияның өзге мүшелері қол қойған қорытындыға қоса тіркеледі.

Сот-медицина қызметінің үйымдастырылуы және

құрылымы

Елімізде сот-медицина сараптамасын:

а) аудандық, ауданаралық, қалалық сот-медицина сарапшылары;

ә) республикалық бағыныстағы қалалар мен облыстардын сот-медицина сарапшылары;

б) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас сот-медицина сарапшысы жүзеге асырады. Қалалық (Алматы), облыстық аға сот-медицина сарапшылары мен Денсаулық сақтау министрлігінің Бас сот-медицина сарапшысы арнаулы сот-медицина сараптама мекемелерін - қалалық (Алматы), облыстық, республикалық сот-медицина сараптама бюросын басқарып, олардың бастығы қызметін атқарады.

Сот-медицина сараптама бюросының қүрамына мына бөлімдер кіреді:

1) тірі адамдарды сот-медициналық түрғыдан куәландыру бөлімі (емхана);

2) сот-гистология бөлімшесі мен өлікті зерттеу бөлімі (мәйітхана);

3) айғақты заттарды сот-медициналық зерттеу бөлімі (сот-медицина лабораториясы), оның:

а) физикалық-техникалық зерттеу

ә) сот-биологиялық зерттеу;

б) сот-химиялық зерттеу бөлімшелері бар. Сот-медицина сараптама бюросы:

а) зорлықпен өлтірілген немесе зорлықсыз өлген жағдайларда өлімнің уақытын, сипаты мен себептерін анықтау және анықтама, тергеу және сот органдары алға қойған басқа дамәселелерді шешу үшін өліктерді зерттеу;

ә) дене жарақаттарының сипаты мен ауырлығын анықтау, жыныстық қылмыстар жөнінде сараптама жүргізу, сондай-ақ анықтама, тергеу және сот органдары алға қойған басқа да мәселелерді шешу сараптамаларын;

б) объектілерге сот-медициналық, физикалық-техникалық және сот-химиялық зерттеу жүргізу жолымен айғақты заттарға сараптамалар;

в) жеке адамның өміріне, денсаулығына және қадір-қасиетіне қарсы қылмыс жасалған істердің материалдары бойынша және кәсіптік қүқық бүзушылық үшін медицина қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тарту туралы істер бойынша сараптамалар жасайды;

г) сот-медициналық клиникалық-анатомиялық конференцияларда емдеуші дәрігерлермен бірге сот-медицина оқиғаларын талқылайды.

Бюро бастығы емдеу мен диагностикада табылған кемшіліктер туралы денсаулық сақтау органдарына жеткізеді, өте жүқпалы аурулар табылған жағдайда хабарлап отырады.

Сот-медицина сараптама бюросында адам патологиясының нақгы проблемалары меН арнаулы сот-медицина мәселелері ғылыми жолмен өңделіп, кенеттен өліп кету, тасымалдағы жарақаттану, өнеркәсіпте және түрмыста улану материалдарына талдау жасалады, сот-медицина сарапшылары мен сот химиктерін мамандандыру және олардың білімін арттыру жүзеге асырылады. Сот-медицина сараптама бюролары денсаулықь сақтау органдарына жатады және олар әкімшілік-шаркашылық жағынан облыстық денсаулық сақтау бөлімдеріне бағындырылған.

Сот-медицина қызыметінің мүлтіксіз ұйымдастырылуы, срапшының сот әділдігі органдарына тәуелсіздігі, оның іс-нәтижесіне материалдық жағынан мүдделі болмауы сот-медицина сараптамасының объективтілігіне жәрдемдеседі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Лист утверждения к рабочей ф со пгу 18. 1/06 программе дисциплины разработанной на основании
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттерге арналған «Сапа менеджменті жүйелері»
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі
«Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйесі» бойынша бағдарламасы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі
М070300 «Ақпарақаттық жүйелер» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан пәндерінің тізімі
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
«Қазақстандағы ХХ ғ Шетел кәсіпкерлігінің қалыптасу тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница