Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі




НазваниеҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
страница10/10
т б туындыларын
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.53 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/dd58f9ca-5a94-11e4-bf6e-f6d299da70eeсот медицина лекции.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.


15-тақырып. Улану және оның түрлері.

  1. Улану және оның түрлері


Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын жасаңыздар: Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.

Хлордың органикалық  қосындыларын  ауыл шаруашылығында инсектофунгицид түрінде қолданады. Олар кеңінен тараған және жалпы улылық әсері бар. Аэрозол, дүст, эмульсия және ерітінді түрінде қолданады.

Көбінесе хлориндан, гептахлор, хлортен, полихлоркамфен, гексахлорбензолдың  тәжірибелік маңызы зор.

Қасиеті:

  1. Органикалық қосындыларда, әсіресе майда жақсы ериді, суда жаман ериді;

  2. Кумулятивті қасиеті бар. Ортада ұзақ уақыт сақталынады;

  3. Ыстыққа төзімді;

  4. Адам ағзасына тыныс ағзалары арқылы, асқорту жолдары арқылы  және зақымдалмаған тері арқылы  түседі.

Ағзадан бүйрек, асқазан ішек жолдары  және сүт безі арқылы шығарылады.

Патогенезі:

Әсері – жалпытоксикалық және полиорганды. Паренхиматозды ағзаларда қышқылды және фосфорлы процестерге әсер етеді. Тыныс ферменті цитохромоксидазаның блокадасын шақырады. Кейбіреулері (хлориндан, гептахлор) белоктармен тиоферменттердің SH-топтарын тежейді. Аллергиялық әсері бар.

Клиникасы әртүрлі. Ол байланысты:

  1. Түсу жолдарына;

  2. Пестицидтердің әсерінің сипатына;

  3. Концентрациясына;

  4. Байланыстың ұзақтығына;

  5. Ағзаның реактивтілігіне.

Жедел улану кезінде:

  1. Жалпы улану белгілері;

  2. Токсикалық гепатит, нефрит, бронх демікпесінің клиникасы;

Қосымша зерттеу әдістерін қолданған кезде: ЭТЖ  жоғарлауы, лейкопения, салыстырмалы  лейкоцитоз, протеинурия.

Созылмалы улану кезінде: ауру ақырындап басталады. Клиникасында келесі синдромдарды ажыратамыз: астеновегетативті, полиневротикалық, жүрек – тамыр, бүйректік.

Емі:  жедел интоксикация кезінде:

  1. Зақымдалған ошақтан шығару;

  2. 2 % натрии гидрокарбонаты немесе натрии хлоридінің изотоникалық ертіндісімен жуу арқылы, теріні және шырышты қабатты тазартамыз.

  3. Симптомды ем.

Созылмалы интоксикация кезінде:

  1. Симптомды ем;

  2. Диспансерлік бақылау;

  3. Санаторлық- курорттық ем.

Сынаптың органикалық қосындылармен улану:

         Сынаптың органикалық қосындыларын ұрықты өндіру үшін фунгицид түрінде қолданады. Ерітінді, ұнтақ, дүст түрінде қолданады. Меркургексан, меркуран, гранозан комплексті әсер ететін фунгицидтерге жатады. Бүйрек, асқазан-ішек жолдары және жоғарғы тыныс жолдары арқылы ағзаға түседі.

Асқазан-ішек жолдарымен бүйрек арқылы шығу жолдары.

Қасиеті:

  1. Ағзаларда жиналуы

  2. Жасырын кезеңінің ұзақ болуы

Патогенезі:

  1. Жалпы улылық әсері

  2. Тиолдың уы. SH-тобымен әсерлесіп, энзимохимиялық процеске қатысады, нәтижесінде май, белок, көмірсу алмасуларының күрделі процестері дамиды.

  3. Капиллярлытоксикалық әсердің нәтижесінде, тамырлар зақымданады, яғни гематоэнцефалиялық барьермен тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды.

  4. Липотропты әсері

  5. Кардиотоксикалық әсері → жүрек қызметінің реттелуінің бұзылуы.

Клиникасы:

Жедел улану кезінде:

  1. Астениялық – вегетациялық синдром.

  2. Жұлынның бағаналы бөлігімен мишықтың басым зақымдануымен жүретін токсикалық энцефалопатияның белгілері. Бұған-жүрістің бұзылуы, қолдардың дірілдеуі, аяқтардың салдануы, есту қабілетінің, көру қабілеінің төмендеуі, жұтынудың қиындауы, естен тану, соқырлық жатады.

  3. Мидың зақымдану қызметі. Бұл – қантсыз диабеттің белгісі.

  4. Токсикалық  миокардиодистрофия, нефропатия белгілері.

Созылмалы улану кезінде: 

Клиникалық синдромдар: астениялық – вегетациялық, полиневроти-калық, диэнцефалиялық, кардиялық, бауырлық. Улану белгілері ақырындап дамиды. Алғашында астениялық-вегетативті синдром болады, ал ОНЖ жағынан: бас ауыру, шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тітркендіргіштік, әлсіздік.

Обьективті: тұрақты қызыл дермографизм, гипергидроз, сіңір рефлекстерінің  жоғарлауы, саусақтарының дірілдеуі. Ауыр жағдайларда- диэнцефалдық гипоталамиялық аймақтың зақымдануы болады. Вегетативтік вицериялық криз (шөлдеу, полиурия, ұйқының бұзылуы, терморегуляцияның бұзылуы).

Уланудың ауыр түрлерінде: жүйке жүйесінде органикалық ошақты және диффузды өзгерістер болады. Жүрек тамыр жүйесі жағынан: аритмиялар, блокадалар, гипотония. Дерматит.

Көру ағзасы:  жарықты сезудің, көрудің төмендеуі.

Емі:

  1. Тері жабындыларын жуу

  2. Асқазанды шаю

  3. Антидотты ем: 5%-5.0 унитиолды бұлшықетке енгіземіз

1-ші күні – 3-4 рет күніне

2-ші күні – 2-3 рет күніне

3-ші күні – 1-2 рет күніне

20%-20.0 натрии тиосулфатын көк тамырға; 10%-10.0 кальции хлорын көк тамырға

Ацидоз кезінде – Натрии гидрокарбонаы. Гемодиализ.

Негізгі диагностикалық принциптермен дәрігерлік емдеу экспертизасы.

Диагностикасы негізделді:

-         клиникалық симптомдармен синдромдар

-         лабораторлық   токсикалогиялық мәліметтер (биологиялық субстраттарда удың немесе метоболиттердің анықталуы)

-         бір мезгілде коллективтің улануы

ДЕС жұмысы:

Жоғалған еңбек қабілетінің деңгейін анықтау.

  1. Негізгі аурудың диагнозын анықтау және дәлелдеу (улану)

  2. Кәсіптік этиологиясын бекіту

  3. Уланудың ағымының сипатын анықтау (жедел, жеделдеу, созылмалы), оның айқындық деңгейі және клиникалық болжамы.

  4. Кәсіптік еңбек ету қабілетінің төмендеу деңгейін анықтау

  5. Реабилитация шараларын анықтау (медициналық және еңбек).

Жедел улану кезінде патологиялық процестердің қайтымдығы тән. Стационарлық емнен кейін, жедел улану кезіндегі терапевтік емнің нәтижесін бекіту үшін, науқастың кез келген улы заттармен қарым қатынасын болдырмау керек. 2 ай мезгіліндей уақытша жұмыстан босару парағы беріледі.

Пестицидтермен ауыр уланған жағдайларда клиникалық болжамы қолайсыз болса, ал басқа жұмысқа ауысқан жағдайларда квалификациясының төмендеуімен жүрсе, МӘСК бағытталынады, онда қайта квалификациялау мерзіміндегі жоғалтқан еңбек ету қабілетін анықтайды. Уланудың ауыр түрінде асқынулар болса және ағымының декомпенсация кезеңінде  науқастар еңбекке жарамсыз деп шешіледі.

Созылмалы уланудың белгілері анықталған жағдайларда, уақытша улы химиялық зататрмен байланысы жоқ  жұмысқа ауыстырылады. Уланудың ауыр дәрежесінде науқастар МӘСК бағыталынады.

Е. А. Лужников бойынша этильдік спиртпен уыттанудың (интоксикацияның) жеңіл дәрежесінде оның қандағы концентрациясы – 1-1,5%, орта дәрежеде – 1,5-3%, ауыр дәрежеде – 3-5%, алкогольдік комада - 5% және одан да жоғары болады. Бір реттік қабылдаудағы (ішудегі) этанолдың өлім тудырар мөлшері дене массасының кг-на / 4-12 г құрайды (толеранттық болғанда орташа 96% спирттің 300 мл-і), балаларда – 3,0 г/кг. Нейротоксикалық әсер тереңдегі этанолмен және оның метаболиті ацетальдегид концентрациясымен анықталады. Этиль спирті торшалық мембранаға әсер етіп, фосфолипидтердің майлы қышқыл тізбегін үзеді және орталық нерв жүйесінің тежеу функциясын бұзып, психомоторлық қозу, қозғалыс үйлесімділігінің және өзін бақылаудың бұзылуын шақырады. Одан соң ОНЖ мен өмірлік маңызды орталықтардың күшін сарқылтады.

Жедел алкогольдік уланудың токсикогендік сатысындағы негізгі симптомдар мынадай:

- психоневрологиялық ауытқулар – токсикалық кома;

- тыныс алу бұзылыстары;

- жүректік-қан тамырлық бұзылыстар

– қан қысымының төмендеуі және терінің бозаруы;

- қанығу үдерістерінің бұзылуы

– ферменттік жүйе белсенділігінің өзгеруі, қандағы май қышқылдарының және глицериннің, ал тканьдерде - сүттік және пирожүзімдік қышқылдардың жиналуы.

Алкогольдік уланудың қауіптілігі ацетальдегидтің бауырдың уытсыздандыру функциясын төмендететіндігінде. Сондай-ақ сулық-электролиттік бұзылыстардың пайда болуы мүмкін. Бұл гиповолемиямен, гематокриттің артуымен, қанның микроайналымының және реологиялық қасиеттерінің бұзылуымен байқалады.

Уланудың соматогендік сатысында тыныс алу ағзаларының қабынулық зақымданулары (бронхит, пневмония); алкогольдік амавроз (көрудің уақытша баяулауы мен оны жоғалту); уыттық психоз; бауыр функциясының бұзылуы; құрысу және абстиненттік синдром; миореналдық синдром байқалады.


     

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Улану және оның түрлері


Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж

2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.

3. Курстық жұмыс қарастырмаған


4. Студенттердің өздік жұмысы

4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.


4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

1. Қазақстанда сот-медицина сараптамасының даму жолдары

2. Сот - медицина сараптамасының іс жүргізу негіздері

3. Сот - медицина қызметінің ұйымдастырылуы және құрылымы

4. Травматологияның жалпы сұрақтары

5. Танатология анықтамасы

6. Өлімнің түрлері

7. Оқиға болған жерді қарау әдісі мен кезеңдері

8. Әр түрлі жағдайлардағы өлім болған жерді карау ерекшеліктері

9. Орта дәрежелі және жеңіл дене жарақаттары

10. Сот - медицина сараптамасы кезінде қатысатын адамдар

11.Сот - медицина куәландыруының құжаттары

12. Тергеу және сот істерінің материалдары бойынша сот-медицина сараптамасын жүргізу

13. Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін реттеу

14. Медицина қызметкерлерінің құқық бұзушылықтары

15. Улану және оның түрлері.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Лист утверждения к рабочей ф со пгу 18. 1/06 программе дисциплины разработанной на основании
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттерге арналған «Сапа менеджменті жүйелері»
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі
«Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйесі» бойынша бағдарламасы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі
М070300 «Ақпарақаттық жүйелер» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан пәндерінің тізімі
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
«Қазақстандағы ХХ ғ Шетел кәсіпкерлігінің қалыптасу тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница