«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор




Скачать 261.24 Kb.
Название«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор
Дата конвертации13.02.2016
Размер261.24 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_13/03/28/5153b8313d83c.doc


«Астана Медицина Университеті» АҚ

Гигиена №1 кафедрасы

еңбек және коммуналды гигиена курсымен.


«БЕКІТЕМІН»

Білім беру қызметі жөніндегі

проректор, м.ғ.д., профессор

________ Жаксылыкова Г.А.

«____» _____________2009 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ПӘНІ БОЙЫНША


Пән коды: ОG 2222


Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»


Дәріс: 18 сағат


Практикалық сабақтар: 54 сағат


СӨЖ: 36 сағат

Сағат көлемі – 108




Курс: 3



Семестр: 6



Емтихан: 6 семестр


Астана 2009


Жұмыс бағдарламасы 051301 – «Жалпы медицина» мамандығына жалпы гигиена пәні бойынша бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Типтік оқу бағдарламасы ДМ ҚР және ГОСО – 2006 ж бойынша бекітілген.


Жұмыс бағдарламасы медико-биологиялық пәндердің ОӘК мәжілісінде талқыланды.


№ ------- хаттама «---------» --------------------- 2009 ж.

ПӘК төрайымы ------------------ м.ғ.к., Сариева А.А.


«Астана медициналық университеті» АҚ ОӘК мақұлданды.


№ ------- хаттама «---------» --------------------- 2009 ж.

ОӘК төрайымы ------------------- м.ғ.д., профессор Жаксылыкова Г.А.


2.1 Кіріспе

Қазіргі жағдайда қоғамның денсаулығы көбінде оның санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығымен, өмір сүретін ортасының қауіпсіздігіне азаматтардың құқығы шын мәнінде қамтамасыз етілуімен және аурудың алдын алумен анықталады. Адам организмі мен қоршаған орта арасында тығыз байланыс бар, ортаның қолайсыз факторларының организмге тұрақты түрде әсер етуі, халықтың денсаулық потенциалы төмендеуінің және көптеген аурулар дамуының себебі болып табылады. Әсіресе сыртқы орта қарқынды ластанып жатқан жағдайда және адам денсаулығы үшін қауіпті жаңа техногендік факторлардың спектрі тез кеңейіп жатқан қазіргі кезеңде,. Ауру дамуының қауіп-қатерін төмендетуге, популяцияның денсаулығын сақтауға тек адамның өмір сүретін жағдайын сауықтыруға бағытталған алдын алу шаралары ғана қабілетті. Гигиена ғылымының негізін қалаушы Ф.Ф.Эрисман осыған байланысты «Егер ауруларды дұрыс анықтау және оны дұрыс емдеу тәсілдері өте маңызды және мәнді деп саналса, сол аурулардың және өлімнің себебі болып табылатын қоғамдық санитариялық сырқаттарын анықтау және жою барлық рецепттер мен дәрілердің бәрін бірге алғандағыға қарағанда қалай өте жоғары дәрежеде маңызды деп айтпасқа» деген.

Профилактикалық медицина тек дәрігер – гигиенист маманының еншісі емес. Гигиена білімінсіз кез келген емдеу дәрігерінің жұмыс істеуі мүмкін емес, өйткені оның күнделікті кәсіптік жұмысы ауруханада, балалар мекемелерінде, өнеркәсіп кәсіпорындарында, тамақ өнеркәсібінде болсын гигиенамен тығыз байланысты.

Қоршаған ортаның әр түрлі факторларының адам организміне әсер ету сипатын білу де болашақ дәрігерлер үшін маңызды, себебі ол аурудың себебін анықтап дұрыс диагноз қоюға, сондай-ақ дәлелді емдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Гигиеналық білім халық арасында санитариялық ағарту жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдай, халықтың гигиеналық сауаттылығы, сауықтыру шараларының тиімділігін қамтамасыз етудегі звеноларының бірі болып табылады.

Сондықтан гигиеналық ойлау тәсілі және бұл сала туралы білімнің негізі студенттік кезден қалануы тиіс, ал болашақ дәрігерлер дайындауда профилактикалық медицина өзіне сай орын алуы тиіс.

Гигиена – қоршаған орта факторларының адам организміне әсері туралы заңдылықтарды зерттейтін профилактикалық медицинаның ғылыми негізі болып табылады. Гигиеналық нормативтерді, санитариялық ережелерді және шараларды негіздеу мақсатында қоршаған орта факторларының адам ағзасына және қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым.


2.2 Пәннің мақсаты:

Этиологиясы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың ілкі және салдарлық алдын алуға мүмкіндік беретін , сонымен қатар дұрыс диагноз қою, адекватты емдеу және науқастарды қалпына келтіру, халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру үшін қажетті болатын гигиеналық білім негізін қалыптастыру .


2.3 Пәннің міндеттері:

  1. адамның тіршілік жағайлары мен өдірістік іс әрекетіндегі қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығы мен қоғам денсаулығына әсер ету табиғаты мен сипаты жөнінде түсінік беру.

  2. аурудың алдын алу, тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиеналық білімдерін қолдануды үйрету.

  3. аурудың этиологиялық немесе қатерлі факторлары ретінде болу мүмкін қоршаған орта факторларының рөлін анықтауды және осы білімдерді өзінің кәсіптік қызметінде қолдануды үйрету.

  4. келешектегі дәрігерлік жұмысында нақты кәсіби міндеттерін шешу үшін гигиена ғылымының қазіргі таңдағы жетістіктерін үйрету.

  5. халықтың санитариялық мәдениетін арттыру үшін гигиеналық білімдерін қолдануды үйрету.


2.4 Білім берудің қорытынды нәтижелері:


Студент

  1. гигиенаның даму тарихын. Гигиена ғылымының негізін қалаушыларды. ҚР көрнекті ғалым- гигиена мамандарын. Гигиеналық зерттеу әдістерін. Қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың негіздерін;

  2. ауаның гигиеналық маңызын. Ауа райы мен климаттың, микроклимат жағдайларының, атмосфералық ауаның, үйлердің ауасының химиялық заттармен және бактериялармен табиги және антропогендік ластануымен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды;

3. жұқпалы және табиғаты жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су факторы мен топырақтың рөлін және олардың алдын алуды. Қазақстанның табиғи және антропогендік биогеохимиялық аймақтарын. Елді мекендерді санитариялық тазалау жөніндегі шараларды;

4. жеке адамның және ұжымның тиімді тамақтануын ұйымдастырудың гигиеналық негіздерін және оларды медициналық бақылауды;

5. қоршаған орта факторлары мен балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен дене дамуының өзара әсерлесуінің гигиеналық мәселелерін. Жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салты негіздерін;

6. ең көп тараған зиянды өндірістік факторлардың (физикалық, онын ішінде, иондаушы және иондаушы емес сәулеленулер, химиялық, өндірістік шаң, биологиялық) гигиеналық сипаттамасын. Кәсіби патологиялардың алдын алу шараларын;

7. емдік-профилактикалық мекемелерді орналастыруға, жоспарлауға, жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптарды. Ауруханаішілік инфекциялардың адын алу жөніндегі шараларды;

8. елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздерін;

9. Соғыс жағдайында медициналық қызметке жүктелетін санитариялық- гигиеналық шаралардың мазмунын, көлемі мен жүргізу тәртібін білуі керек.


Студент

  1. тұрғын және қоғамдық үйлердегі микрокимат параметрлерін, ауа ортасының сапасын, желдетуді, жылытуды, жарықтандыруды зерттеуді және бақылауды;

  2. жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторы мен топырақтың рөлін бағалауды және олардың алдын алу шараларын жүргізуді. Суды зарарасыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың мөлшерін есептеуді және зарарасыздандыру жүргізуді;

  3. жеке адамдардың тамақтануы мен халықтың ұйымдастырлыған топтары тамақтануының ұйымдастырылуын, қауіпсіздігін және құндылығын бағалауды және оған медициналық бақылау жүргізуді;

  4. кәсіптік зияндылықтардың (өндірістік шаң, шу, діріл, иондаушы және иондаушы емес сәулеленулер, т.б.) адам ағзасына әсер ету қауіптілігін бағалауды және қажетті алдын алу шараларын ұсынуды;

  5. балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына, дене дамуына және күн тәртібінің, оқу-тәрбие үдерістерінің, балалар мекемелерінде болу жағдайлары мен оқытуды ұйымдастырылуына бақылау жүргізуді.

  6. аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу шараларын жүргізуді. Науқастардың ауруханада болу кезіндегі жағдайларын және ауруханалардың санитариялық режимін бақылауды;

  7. зертханада зерттеу үшін әскердегі дайын тағамнан және судан сынама алуды, тағамдық азықтарды санитариялық сараптауды және олардың радиоактивті және уландырғыш заттармен ластануы кезінде полктің медициналық қызметінің мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін көлемде зерттеу жүргізуді;

  8. әскерде аурудың, оның ішінде жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралу қауіп–қатер факторларын анықтауды және олардың алдын алу шараларын дайындауды. Дала жағдайындағы судың мөлдірленуіне және зарарсыздандырылуына бақылау жүргізуді;

  9. гигиена саласынан алған білімдерін халықтың түрлі контингенттері арасында санитариялық ағарту жұмысын жүргізуде қолдануды істей алуы керек.



Алдыңғы және кейінгі реквизиттер

2.5 Алдыңғы реквизиттер: философия, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, информатика, экология, медициналық биофизика, химия, молекулалы биология, медициналық генетика, биохимия, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, патологиялық физиология, микробиология, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы.

2.6 Кейінгі реквизиттер: эпидемиология, коммуналдық гигиена, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау, ішкі аурулар, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, жалпы хирургия, акушерия және гинекология, неврология, оторинолорингология, онкология, жалпы тәжірибе.


2.7 Пән бойынша сағаттың бөлінуі


Сағаттың жалпы

саны

Аудиториялық сағаттар

СӨЖ

Дәрістер

Практикалық сабақтар

108

18

54

36


2.8 Дәрістердің тақырыптық жоспары.




Тақырыптары

Сағат саны

1

Кіріспе.Гигиена негізгі профиликтикалық пән. Максаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Медициналық білімдер жүйесіндегі гигиенаның рөлі.


1

2

Ауа ортасының гигиеналық маңызы. Ауаның физикалық және химиялық факторларының организмге әсерімен байланысты аурулардың алдын алу.


1


3

Климаттың және ауа райының гигиеналық маңызы. Жерсіндірудің (акклиматизация) қазіргі кездегі мәселелері.


1


4

Су денсаулық факторы. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу.


1


5

Тамақтану денсаулық факторы. Тиімді тамақтанудың қазіргі кездегі аспектілері. Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу.


1


6

Емдік-профилактикалық мекемелердің гигиенасы. Аурухана ішіндегі инфекциялардың алдын алу.


1


7

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және нығайтудағы гигиенаның маңызы.


1

8

Өндірістік зияндылықтар және кәсіптік аурулар туралы негізгі түсініктер. Кәсіптік аурулардың алдын алу шаралары.


1


9

Еңбек физиологиясының негіздері. Жұмыс процесімен байланысты өндірістік қажудың және аурудың алдын алу.


1


10

Иондаушы сәулеленудің жабық және ашық көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру.


1


11

Иондағыш емес электромагниттік сәулеленулер, электрлік және магниттік өрістер және олармен байланысты аурулардың алдын алу.


1


12

Гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері


1


13

Соғыс уақытындағы санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастыру негіздері. Әскерлерді далада орналастыру гигиенасы.***


1


14

Дала жағдайында әскерлердің тамақтануына және сумен жабдықталуына санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.


1


15

Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдеріндегі және әскер түрлеріндегі еңбек гигиенасы.


1




Барлығы: 18 сағат






2.9 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыптары

Өткізу формасы

Сағат саны

Ауа ортасының гигиенасы

9

1

Үйлердің ауасының химиялық және бактериялармен ластануын, табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.


3


2

Бөлмеге күн сәулесінің түсу режимін, табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау.

Балалар мен үлкен адамдарға ультракүлгін сәуле жетіспеушілігінің алдын алу. Үйлерді санациялау үшін УК- сәулеленудің жасанды көздерінің қолданылуы.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3

Су гигиенасы

3


3

Ауыз судың және сумен қамтамасыз ететін су көздерінің сапасын гигиеналық бағалау.

Судың сапасын жақсарту әдістері.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.


3

Топырақ гигиенасы және елді мекендерді тазарту

3


4

Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау. Елді мекенді тазарту жөніндегі шаралар. Аралық бақылау.Коллоквиум.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.


3

Тағам гигиенасы

3


5

Тағам мәзірінің жіктемесі бойынша тамақтанудың адекваттылығын гигиеналық бағалау.

Сүттің, еттің және консервілердің залалсыздығын бағалау.

Тамақтан уланулар, инфекциялар және олардың алдын алу.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.


3

Емдік-профилактикалық ұйымдарының гигиенасы

9


6

Ауруханалардың ас блоктарын жоспарлауға,жабдықтауға және күтіп ұстауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.


3


7

Ауруханалардың жағдайлық және жалпы жоспарларын гигиеналық бағалау

ЕАБ мамандандырылған бөлімдерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3


8

Ауруханаішілік инфекциялар, олардың алдын алу.

Аралық бақылау.Коллоквиум.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

12



9

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және дене дамуын гигиеналық бағалау.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.


3



10

Балабақшалардағы және мектептердегі балалардың күн тәртібін және оқу-тәрбие процестерінің ұйымдастырылуын гигиеналық бағалау.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3


11

Мектепте оқуға жетілгендігін медициналық және психофизиологиялық критерийлер бойынша бағалау.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3


12

Балалар мекемелерін жоспарлаудың және керек-жарақтармен жабдықтаудың гигиеналық принциптері және санитариялық нормалары мен ережелері.

Аралық бақылыу.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3

Еңбек гигиенасы

9


13

Өнеркәсіптік шаң, оның гигиеналық маңызы. Шаң ауруларының алдын алу.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.


3


14

Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3


15

Компьютердің бейнедисплейлік терминалдарымен жұмыс істеу кезінде оқу және еңбек жағдайының ұйымдастырылуын медициналық бақылау.

Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3



16

Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларын емдік-алдын алумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптері.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3

Радиациялық гигиена

3


17

Радиациялық гигиенадағы негізгі түсініктер. Иондаушы сәулеленудің көздерімен жұмыс істеу кезінде қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері.

Табиғи сәуле көздерімен және медициналық сәулеленуді шектеу. Дозиметриялық және радиометрлік бақылау.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3

Әскери гигиена

3



18

Дала жағдайында әскерлерлердің тамақтануына санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

Дала жағдайында әскерлерлердің сумен қамтамасыз етілуіне санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдері мен әскер түрлеріндегі еңбек гигиенасы.

Аралық бақылау.Коллоквиум.

Семинар,ситуациялық есеп,кіші группаларда жұмыс.



3

Барлық сағаты 54.



3 . Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптары.



Тақырыптары


Сағат саны.


1

Гигиенаның қалыптасуы және даму тарихы

Қоршаған орта факторларының әсерімен байланысты аурулардың алдын алудың негізі ретінде гигиеналық нормалау.


2


2

Ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы - атмосфералық қысымның, электрлік жағдайы мен радиоактивтілігі. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу.


2


3

Климат және ауа райы жағдайының адамның денсаулығына әсері және олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу.

Ауаның химиялық және биологиялық құрамы және оның гигиеналық маңызы.



2


4

Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар.


2

5

Елді мекендерді жоспарлау және салудың гигиеналық негіздері.

Тұрғын үй гигенасы.


2


6

Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау. Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу.

Негізгі тағамдық азықтардың тағамдық және биологиялық құндылығы.Эпидимиологиялық маңызы.


2


7

Тағамдық азықтардың қауіпсіздігі мен тағамдық және билогиялық құндылығы сақталуын қамтамасыз ететін шаралар.

Ұнның, нанның, балықтың және концентраттардың залалсыздығын бағалау.



2



8

Азықтарды консервілеу әдістерінің гигиеналық сипаттамасы.

Жеке адам тамақтануы мен халықтың ұйымдастырылған топтары тамақтануының ұйымдастырылуын және оның құндылығын медициналық бақылау.



2


9

Ауруханалардың ішін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

2

10

Балалардың әртүрлі жас кезеңіндегі организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және олардың себебімен байланысты аурулардың алдын алу.


2



11

Мектептерде балалардың дене тәрбиесі мен шынықтырудың гигиеналық негіздері және оның ұйымдастырылуын медициналық бақылау.

Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың физиологиялық-гигиеналық принциптері. Оны ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.



2



12

Жасөспірімдерге кәсіби-дәрігерлік кеңес беру.

Мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі жиһаздарға, жабдыққа, ойыншықтарға, оқулықтарға қойылатын гигиеналық талаптар.

Мектептерде және балабақшаларда емдік-профилактикалық және санитариялық-гигиеналық шаралардың ұйымдастырылуын дәрігерлік бақылау.



2



13

Жұмыс ауырлығы мен қауырттылығын бағалау. Жұмыс процесімен байланысты өндірістік қажу мен аурулардың алдын алу.

Өнеркәсіптік улардың әсер етуінің жалпы заңдылықтары. Улылығы мен қауіптілігін бағалау.



2



14

Инфра-уьтра дыбысты және лазерлік сәулеленуді гигиеналық бағалау. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу.

Өндірістік ортаның биологиялық факторлары және олар тудыратын аурулардың алдын алу.



2


15

Иондаушы емес электромагниттік сәулеленудің, электрлік және магниттік өрістердің гигиеналық маңызы және олардың зиянды әсерлерінің алдын алу шаралары.


2

16

Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасының негізгі мәселері, аурудың алдын алу.


2


17

Медицина қызметкерлерінің еңбек гигенасының негізгі аспектілері.

Рентгенологиялық кабинеттер мен сәулемен емдеу бөлімдеріндегі медицина қызметкерінің радиациялық қауіпсіздігі.

Полимер материалдарды медицинада қолданудың гигиеналық мәселелері



2



18

Қазіргі заманғы негізгі әлеуметтік мәселермен байланысты денсаулық жағдайы бұзылуының алдын алудағы жеке бас гигиенасының рөлі.

Тері гигиенасы.

Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.



2

Барлық сағаты: 36


Әскери гигиена*

* Тараулар мен тақырыптардың мазмұнын ҚР ҚМ әскери гигиена типтік бағдарламасынан қараңыз.


Ескерту: * - ЖОО пәннің мазмұнын 20% дейін өзгерте алады



  1. Оқу және оқыту әдістері




  • Дәрістер: жалпы шолу, проблемалық.

  • Тәжірибелік сабақтар: семинарлар, ситуациялық тапсырмаларды орындау, шағын топтармен жұмыс істеу( РВl`), іскерлік ойындар, жағдайларды талқылау, жағдайларды моделдеу.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): әдебиеттермен, электрондық мағлұматтар базасымен және компьютерлік оқытатын бағдарламалармен жұмыс істеу, ситуациялық есептер құрастыру және шешу; қоршаған орта сапасын диагностикалау және қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсерімен байланысты аурулардың алдын алу алгоритмдерін құрастыру, тест тапсырмаларын шешу, ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау.




  1. Студенттің білімін бағалау




    • Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша /жазбаша сұрау, бағдарламаланған бақылау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тапсырманы орындау нәтижелерінің жазылуын тексеру және т.б., шағын топтармен жұмыс кезінде өзін өзі бағалау және топтық бағалау.

    • Аралық бақылау: коллоквиум

    • Қорытынды бақылау: емтихан




  1. Құрал-жабдықтар




    • анықтауға арналған аспаптар, мультимедиалық аппараттар, графопроектор, компьютерлер,бейнеаппаратуралар.

    • оқу құралы, оның ішінде мультимедиалық; кестелер, бейнефильмдер, слайдтар, гигиенадан көрнекті (суретті) басылымдар, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары.



Ескерту:

* - ЖОО дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖ тақырыптарының 40% өзгерте алады.

** - оқу сабақтарының барлық тақырыптарының тізімдері мен тәртібі зерделеу барысында келісіліп отырылуы тиіс.

*** - Әскери гигиена жөніндегі дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың тақарыптары, сонымен қатар оларға бөлінетін сағат саны өзретуге жатпайды.


8 Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі*


Қазақ тіліндегі

негізгі:

  1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е.

Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2006., 160 б.

  1. Абсаттарова К.С. ПЭЕМ жүмыс істеу кезіндегі енбек гигиенасы. –

Алматы, 2005, 85 б.

  1. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Алматы, 1997. - 29 б.

  1. Неменко Б.А. Коммуналдык гигиена. Алматы. 2004 . - 277 б.

  2. Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова

Г.Т. Радиациялық гигиена. Алматы, 2004. - 169 б.


Орыс тіліндегі

негізгі:

  1. Беляков В. Д., Жук Е. Г. Военная гигиена и эпидемиология. – М.: Медицина, 1988.

  2. Гигиена /Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР

Медицина, 2005. - 608с.

  1. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы

экологи человека. М.: Издательский центр «Академия», 2004. - 528 с.

  1. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека.- М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – 432 с.


қосымша:

    1. Бекмагамбетова. Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. – Алматы, 2002. – 304 с.

    2. Голубев В.В., Лещенко М.В., Голубев С.В. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста. – М.: Издательский центр «Академия». 2000.- 200с.

    3. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Гигиена питания: Учебное пособие по общей гигиене для студентов медицинских вузов. – Алматы, 2005. – Ч.1. – 143 с.

    4. Кириллов В. Ф. , Книжников В. А. , Коренков И. П. – Радиационная гигиена ⁄ Учебник – М. : Медицина , 1999.- 384 с.

    5. Королев А.А. Гигиена питания. – М.: Издательский Центр «Академия». 2006. – 528с.

    6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.- М.:Медицина.2001.- 384 с.

    7. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда: Учебное пособие / Под ред. В.Ф.Кириллова.- 2-е изд. – М.:Медицина, 2001. – 400 с.



Ағылшын тіліндегі

негізгі:

  1. Pivovarow V.P., Al- Sabounchi A.A. Short textbook of Hygiene and Ecology. – Russian State Medical University. - 2002.

  2. Pivovarow V.P., Al- Sabounchi A.A. Short textbook of Preventive medicine. - Russian State Medical University. - 2004.



Ескерту: * - Әдебиеттер тізімі жыл сайын жаңартылуы мүмкін.


9 Авторлар


  1. КенесариевУ.И -.С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универстетінің жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.

  2. Балмахаева Р.М. - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универстетінің жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті, м.ғ.к.

  3. Бекмагамбетова Ж.Д. - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универстетінің жалпы гигиена және экология кафедрасының профессоры, м.ғ.д..

  4. Жоламанов М.Е.- С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универстетінің жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті, м.ғ.к.



Жалпы медицина факультетінің жалпы гигиена пәні бойынша басқа жұмыс бағдарламаларымен келісім хаттамасы

Пәндер тізімі


Кафедра

Материалдың оқытылу реті бойынша бөлімдерін өзгерту жөніндегі ұсыныстар

Келісімге қатысатын кафедралар отырысы мен хаттамалардың номері

Медициналық экология

Гигиена № 1

Оқыту интеграциясы жалпы гигиена курсының келесі сұрақтар бойынша жүргізілуі керек:

  1. Коммуналды гигиена

  2. Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы.

  3. Еңбек гигиенасы

  4. Тағам гигиенасы


Хаттама № ___


Кафедра отырысы

«___»_______2009ж

Экология

Гигиена № 1

Оқыту интеграциясы жалпы гигиена курсының келесі сұрақтар бойынша жүргізілуі керек:

  1. Ауа ортасының гигиенасы

  2. Топырақ гигиенасы

  3. Сумен қамтамасыз етудің гигиенасы



Хаттама № ___


Кафедра отырысы

«___»_______2009ж



Микробиология

Микробиология курсы

Оқыту интеграциясы жалпы гигиена курсының келесі сұрақтар бойынша жүргізілуі керек:

1. Ауа ортасының гигиенасы

2. Тағам гигиенасы

  1. Топырақ гигиенасы

  2. Су және сумен қамтамасыз етудің гигиенасы.

  3. ЕПҰ гигиенасы.



Хаттама № ___


Кафедра отырысы

«___»_______2009ж



Биохимия

Бейорганикалық және биохимия кафедрасы.

Оқыту интеграциясы жалпы гигиена курсының келесі сұрақтар бойынша жүргізілуі керек:

1. Тағам гигиенасы.

2. Еңбек гигиенасы.

3. Радиациялық гигиена.

  1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.



Хаттама № ___


Кафедра отырысы

«___»_______2009ж

Биология

Биология және гистология

Оқыту интеграциясы жалпы гигиена курсының келесі сұрақтар бойынша жүргізілуі керек:

1.Су,топырақ биологиялық ластануы туралы.

2.Тағам гигиенасы.

3. Медициналық экология.




Хаттама № ___


Кафедра отырысы

«___»_______2009ж



Кафедра меңгерушісі


м.ғ.д., профессор Л.Н.Салпынов


Похожие:

«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор icon«Бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор
Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына ҚР 04. 019-2008 мжбс «Жоғарғы білім. Бакалавриат. Негізгі ережелеріне»...
«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор icon«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі Проректор м.ғ. д.,профессор
Бұл мәселе мен экология, география (медициналық география), химия (аналитика, қалдықтардан тазарту), экономика (қоршаған ортаның...
«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор icon«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор
Физиология-1 пәні, қарапайым физиологиялық процестерге, физиологиялық қызметтердің нейро- гуморальдық реттелуіне, тіршілік ету негізіне,...
«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор icon«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор
Жұмыс бағдарламасы Қр дсм білім, ғылым және кадр ресурстары департаментімен 18 маусым 2007 ж бекітілген «Физиология» пәні бойынша...
«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор icon«бекітемін» Бірінші проректор- оқу әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
Бірінші проректор- оқу әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор iconОқу-әдістеме жөніндегі бірінші проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
Жаңа технологиялар және аралық оқыту бойынша проректор, п.ғ. д., профессор Ибышев Е. С
«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор iconБірінші проректор- оқу-әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О

«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор iconҒылыми және клиникалық қызмет жөніндегі проректор м.ғ. д.,профессор
АҚ «Астана медицина университеті» ректоры м.ғ. д.,профессор Шайдаров Мажит Зейнуллович
«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор iconБірінші проректор оқу-әдістеме жұмысы жөніндегі бірінші проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О

«бекітемін» Білім беру қызметі жөніндегі проректор, м.ғ. д., профессор iconБілім беру қызметі жөніндегі
Жұмыс бағдарламасы 5В130200 «Стоматология» мамандығының Қазақстан Республикасының 2006 ж мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница