«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін»




Скачать 300.53 Kb.
Название«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін»
страница1/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер300.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ukgu.kz/sites/default/files/6m010200_kaz.doc
  1   2   3
Ф.7.22-17


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы


«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы




«БЕКІТЕМІН»

ҒЖ жХБ жөніндегі проректор


___________________ Бахов Ж.К.

«____»_________________20___ж.


6М010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының


БАҒДАРЛАМАСЫ


Шымкент, 20__ ж.


Қабылдау емтиханның бағдарламасы 050101- Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы пәндерінің ( Дүниетану теориясы мен әдістемесі, Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, Мектепке дейінгі педагогика, Тіл дамыту әдістемесі) типтік бағдарламалары негізінде құрылған


Қабылдау емтиханның бағдарламасы Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланған

«____»_________________20___ж, №____хаттамасы


Кафедраның меңгерушісі п.ғ.д.,профессор Искакова Л.Т. ______________

(қолы)


Қабылдау емтиханның бағдарламасы Филология факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған ___________«____»_________________20___ж., ____хаттамасы


Төрағасы___________________

(қолы, тегі, аты)


Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген


ЖООКББО бастығы__________________Ж. Изтаев


Кіріспе


Бакалаврлық білім бағдарламасын озық меңгерген бітірушілеріне ғылыми жұмыстарын жалғастыру үшін магистратурада оқуларына мүмкіндік бар. Оқу уақыты 2 жыл, 6М010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратурасын бітірушілерге «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. Бұл ұйымдастырылған оқу-педагогикалық іс-әрекет ғылыми фактілерді теориялық курс негізінде тереңірек меңгеруге, бакалаврдың әдістемелік дайындығын болашақ ЖОО мен ОАОО оқытушысы ретінде мүмкіндік береді. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі магистрі бастауыш мектеп мұғалімі, педагогикалық колледж, және ЖОО оқытушысы, педагогикалық ғылыми ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ педагогикалық білім жүйесінің мененджері болып жұмыс істей алады.


1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері


1.1 Қазіргі қазақ тілі


Тіл біліміне кіріспе. Тіл білімі және олардың салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдарымен байланысы. Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл және оңлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің құрылымы, оның жүйесі.

Фонетика. Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Фонетиканың зерттелуі. Салалары мен объектісі. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелер.

Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар.

Бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты тақырыптар.

Буын, оның түрлері. Буын үндестігі.Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Дыбыс үндестігімен орфография мен орфоэпияға қатысты.

Бастауыш сынып қазақ тілі оқулығындағы буын және дыбыс үндестігі кездесетін тақырыптар.

Орфография, орфоэпия, графика.

Лексикология. Сөз бен дыбыстың, сөз бен мағынаның және ұғымның өзара бірлігі мен айырмашылығы. Сөзге тән белгілер.

Семасиология. Сөз мағынасының түрлері (тура және ауыспалы мағына, лексикалық, грамматкалық мағына, нақты және абстракт мағына, сөздің көп мағыналылығы, т.б.)

Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылу тәсілдері.

Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер және олардың мәні.

Бастауыш сыныпта оқытылатын лексикалық ұғымдар.

Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы туралы түсінік. Сөздік құрамының толығу жолдары. Ана тілімізге өзге тілдерден енген сөздер туралы мәлімет.

Стиль туралы жалпы түсінік. Сөздердің стильдік мәніне қарай бөлінуі және оның түрлері. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер. Терминдер. Көнерген сөздер, олардың түрлері (архиизм, историзм). Неологизмдер және олардың жасалу жолдары.

Қазақ тілі лексикографиясы. Сөздік жасау принциптері. Лингвистикалық сөздіктердің негізгі түрлері: «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» т.б.

Сөздіктердің өзіндік сипаттары мен атқаратын қызметі.

Сөзжасам. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне кіріспе. Сөзжасам жүйесінің проблемалары. Сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдері. Морфемалар. Жалаң сөз. Күрделі сөз оның түрлері. Сөзжасамға қатысты ұғымдардың бастауыш сынып бағдарламасы мен «Қазақ тілі» оқулықтарында берілу жайы

Грамматика, оның объектісі. Грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық форма және грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматиканың теориялық және парктикалық мәні. Оның бастауыш сынып бағдарламасында алатын орны, маңызы қатынас

Грамматикалық категориялар және олардың сөз таптарымен ара қатынасы. Сөз таптары категориясы туралы жалпы түсінік. Қазақ тілінде сөздерді қалыптастыру принциптері. Сөз таптарының дербес сөздер, көмекші сөздер болып бөлінетіні.

Зат есім. Көмекші есім. Олардың зат есімдерше түрленетіні. Көмекші есімдердің қызметі. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Етістік. Етістіктің лексикалық грамматикалық категориялары. Үстеу. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер. Одағай сөздер. Бастауыш сыныпта оқытылатын сөз таптарының оқулықта берілу жайы және олардың оқыту. Синтаксис. Синтаксис туралы жалпы түсінік.

Сөйлем. Сөйлемнің грамматикалық белгілері. Сөйлемнің құрылысына қарай жай және құрмалас сөйлем болатыны. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері.

Сөйлем мүшесі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш мүше және оның мүшелері. Оқшау сөздер. Оқшау сөздерінің түрлері, олардың орналасу тәртібі және тыныс белгілері.

Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін материалдар және оларды оқыту. Бөгде сөз,оның түрлері.

Емле және тыныс белгілері. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Тыныс белгілерінің мәні мен атқаратын қызметі. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың қолданылуы.

Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Тілдік норма, оның тіл мәдениетіне қатысты.


1.2 Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы.

Қазақ тілі оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде. Пәннің объектісі, пәні және курстың міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы (психология, педагогика, лингвистика, философия, психолингвистика, физиология т.б.)

Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Бастауышта қазақ тілін оқытудың мазмұны. Бастауышта қазақ тілінен білім берудің мемлекеттік стандарты. Қазақ тілінен мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі орта мектеп бағдарламаларын талдау. Қазақ тілін бастауыш мектепке оқыту әдістері. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту құралдары. Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-әдістемелік топтама. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың ұйымдастыру формалары.

Балаларды қазақ тілін оқуға дайындау. Қазақ тілін оқытудағы сабақтастық байланыстар. Қазақ тілін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланысы. Қазақ тілінен берілген білім, білік, дағдыларғы әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптар. Білім, білік, жағдыларды тексеру және бағалау. Бақылау түрлері және қазақ тілін оқыту нәтижелерін диагностикалау.

Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың технолгиясы. Сауат ашу технологиясы: сауат ашу технолгоиясының мектептегі оқу тәрбие жұмысының жалпы жүйедегі маңызы, сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негіз және психовизиолгиялық негізі. Дыбыстың талдау, жинақтау әдісі. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі жаңалықтар. Балалардың сауат ашуға психологиялық дене тілдік дайындығы. Олардың дайындығын зерттеу өлшемі. Сауат ашуды оқыту процессі. Дайындық кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең. Сауат ашу кезеңіндегі оқу тәрбие міндеттері. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқы, Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу үлгілеріне» сипаттама. Жазуға дағдыландыру этаптары. Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар. Жазудың дұрыстығын тексеру. Оқу сабақтарында оқушылдарға өздіктерінен жұмыс жастау. Сауат ашуға арналған оқу әдістемелік топтама. Әдебиеттік оқу техноглогиясы: оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқу топтамасы. әдебиеттік оқу топтамасы. әдебиеттік оқудың түрлері. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапашаң, мәнерлеп оқу. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психолог педагогикалық негіздері. Оқушылардың көркем шығарамаларды қабылдау ерекшеліктері. Кіші жастағы оқушыларды шығарманы оқуға және сонымен жұмыс жасауға үйрету. Оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар: толық, ықшам, іріктеп сөзбен айту, сурет салу, диафильм жасау, драмалау т.б. Өздіктерінен жұмыс жасау. Әр түрлі жанрдағы шығарамаларды оқудың технологиялық ерекшеліктері. Оқу сабақтарның типтері, құрылымы, ерекшеліктері.Сыныптан тыс оқу.

Фонетика. Сөз жасам және грамматиканы оқыту технолгоиясы: кіші жастағы оқушыларғы грамматиканы оқытудың мәні және оның оқу тәрбиелік міндеттері. Оқушыларда грамматикалық және сөзжасам ұғымдарын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. Грамматикалық ұғымдардың мәні оларды ұғыну қиындықтары. Грамматика және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері, қолданылуы. Сөздің морфемалық құрамын оқыту. Морфема және орфография жаттығуларының өзара байланысы. Морфология тіл ғылымының бөлімі. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың әдістемелік негіздері. Бастауыш сыныптарда морфологияны оқудың қиындықтары және оны жеңу жолдары. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары. Қазақ тілінің синтаксистік жүйесі. Бастауыш мектепте синтаксиспен тыныс белгісімен қарапайым мағлұматтар беру, оларды оқыту әдіс тәсілдері.

Орфографияны оқыту технологиясы: орфография әдістемесіндегі грамматикалық және грамматикаға қарсы бағыттар. Орфографиялық дағды қалыптасытыру. Орфографиялық жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу. Қазақ тілінен қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары.

Тіл дамыту технологиясы: Тіл дамытудың мақсат міндеттері мен жолдары. Сөйлем туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде оның түрлері мен қызметі. Оқушылдардың сөйлеуіне қойылатын талаптары. Сөйлеу ойлауды дамыту құралы. Сөздікпен жұмыс жасау байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. Бастауыш сыныптардағы жазбаша іс-қағаздарына түрлері. Ресми сөйлеу жұмысы.

Қазақ тілінің теориясы мен технологиясын оқыту барысында оқущылардың әрекетін ұйымдастыру технолгиясы. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптағы сабақ құрылымына қазіргі көзқарастар. Сабаққа дайындық және оны жоспарлау. Сауат ашу, әдебиттік оқу, қазақ тілі сбақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру балалардың ойлауын танымдық шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау.

Сауат ашу, әдебиттік оқу, қазақ тілі сабақтарында әдістемелік талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы еңбегін ғылыми ұйымдастыру (НОТ) сауат ашу әдебиеттік оқу қазақ тілінің сыныптан тыс саабақтарында оқушылап әрекетін ұйымдастыру технологиясы.

Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы. Сыныптан тыс сабақ түрлері оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік. Дәстүрлі емес және қызықты жаттығуларды орындау әдіс тәсілдері оқушылардың таңдауы үшін жүргізілетін курстар. Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу қазақ тілін тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері.

Қазақ тілі оқыту теориясы мен технолгиясы педагогикалық ғылым. Сауат ашуды әдебиеттік оқуды қазақ тілін бастапқы оқыту жөніндегі ғылым психологиялық, педагогикалық зерттеулердің оқыту теориясы мен технолгиясын дамытудағы ролі. Сауат ашуды, әдебиеттік оқуды, қазақ тілін оқыту заңдылықтаын ғылыми зерттеу әдістері. Педагогикалық практика. Озат тәжірибелерді зерттеу. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу. Курстық, дипломдық жұмыстарды орындалуы. Жарқын, алыстағы шетелдегі оқыту жүйесінің алуан түрлі модульдерін жасау.


1.3 Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы


Математиканы оқытудың теориялық негіздері. Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Математиканы бастауыш оқытудың мазмұны бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты. Метеп алды дайындық, мектептің бастауыш және орта оқытудағы сатыларындағы математика бағдарламалық талдау. Математиканы оқытудағы перспективтік және сабақтастық байланыс. Математиканы оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланыс. Математиканы бастауыш оқытудың әдістері. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту құралдары. Бастауыш сыныптарға арналған ОӘТ.

Математиканың бастауыш оқытудың ұйымдастыру формалары қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптарда математика сабағын қазіргі заман тұрғысынан құру. Сабаққа дайындалу және жоспарлау. Сабақты өткізу. Сбақты әдістемелік тұрғыдан талдау. Математика сабақтарын дайындалу, өткізу және талдау барысында мұғалімдердің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға балаларды дайындау. Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі, әр сынып соңындағы математикадан оқушылардың білім, білік, және дағдыларына, құзыреттілігіне қойылатын бағдарламалық талаптар.

Арфиметикалық материалды оқыту технологиясы. Қарапайым түсініктер. Заттарды сану: заттарды және олрдың топтарын салыстыру; геометриялық фигуралар; практикалық әрекеттер (біріктіру, бөліп алу, құрастыру, бөліктерді бөлу, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу); кеңістік және уақыт жайлы қарапайым түсініктер.

Нумерацмялық ұғымдар: сан және цифр; есептік және реттік натурал сандар; ондық санау жүйесі; он көлеміндегі сандар; ондықтар екі таңбалы сандар; үш таңбалы және көп таңбалы сандар; теріс емес бүтін сандар;

Арфиметикалық амалдар және олардың қасиеттері; амалдардың мән мағынасы; математикалық символика, арфиметикалық амалдардың компоненттері мен олардың нәтижелері; өзара кері амалдар, қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үйлесімдік қаситеттері, орфометикалық амалдардың дербес жағдайлары (амалдардағы нол мен бірдің қасиеттері)

Есептеу тәсілдері: ауызша есептеу тәсілдерінің ерекшеліетері; арфиметикалық амалдардың алгоритмдері; ауызша және жазбаша тәсілдерінің үйлесімділігі; бастауыш мектепке есептеу тәсілдерін қарастыру реті.

Қарапайым шамалар (ұзындық,масса, уақыт,аудан,көлем,және т.б.) сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде; шаманың бірліктері және олардың ара қатынасы; атаулы сандар; атаулы сандар түрлендіру; атаулы сандарға амалды қолдану:

Үлестер және бөлшектер; шамалар үлпестері және олардың салыстыру. Бөлшек ұғымы. Бөлшектерді салыстыру. Бөлшектерге қолданылатын арфиметикалық амалдар.

Есептерді шешуге оқытып үйретіп технологиясы. Бастауыш математика курсындағы «Есеп » ұғымы. Жай және құрама есептер. Жай есептің негізігі түрлері. Өзара кері есептер. Есептердің шешу тәсілдері. Есептің шешу кезеңіндегі және оларды орындау тәсілдері. Жай және құрама есептерді шешуге үйрету тәсілдері. Есепті шешудің арифиметикалық тәсілі. Есепті шешудің алгебралық тәсілі. Есепті шешу процессін модульдеу. Геометриялық мазмұнды, үлес және бөлшек, пропрционал шамалар мен байланысты есептерді шешуге үйрету тәсілдері. Шығармашылық іс-әрекетті көздейтін тапсырмалар.

Бастауыш математика курсында кездесетін құрамы есеп түрлері және оларды шешу процесі.

Алгебра элементтерін оқыту технолгоиясы. Санды өрнек және оның мәні: өрнкектердегі амалдардың орындалу реті; сандық теңдік және санды теңсіздік; әріппен белгілеудің енгізуі; әріпті өрнек және оның мәні; өрнектердің қарапайым теңбе-тең түрлендірулері. Теңдеу және оны шешу тәсілдері.

Геометрия элементтерін технологиясы: қарапайым геометрия фигуралар; олардың қасиеттері және белгіленуі; қарапайым геометриялық салалар; геометриялық мазмұнды есептер.

Математиканы оқыту процесінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технолгоиясы. Математика сабақтарында оқушылардың іс- әрекетін ұйымдастырудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары. Жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқытып үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың оқу математикалық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың өздік жұмысына басшылық жасау.

Дайындық кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушылардың үй тапсырмсын ұйымдастыру технолгиясы. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері олардың ерекшеліктер, математика сабағымен байланысы. Оқушылардың өздік шығарамашылық іс-әрекетіне басшылық жасау. Стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орындау технологиясы. Таңдамалы курстар. Бастауыш сыныптарда математиканы тереңдеп оқыту міндеттері.

Бастауыш метепте математиканы оқытудың теориясы мен технолгиясы схологиялық ғылыми ретінде. Математиканы бастауыш оқыту туралы ұғым. Математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы дамуындағы педагогикалық психологиялық зерттеулердің ролі. Математиканы оқыту процесінің құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері. Озат педагогикалық тәжірибені оқып үйрену. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге ендіру. Алыс және жақын шетелдердегі математиканы әр түрлі модельдерін дайындау.

  1   2   3

Похожие:

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» icon«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы” пәні бойынша 050102- “Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі”мамандықтарының...
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» icon10. 02. 01 Орыс тілі; 13. 00. 02 Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі); 13. 00. 02 Оқыту және
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі орыс тілі) мамандықтары бойынша д 14....
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» iconАлдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «біз мектепке барамыз»
«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. Астана, 2009. 106 б
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» iconМектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы
Республикасының меншікті, типті және түрлеріне қарамай, барлық мектепке дейінгі білім беру мен оқыту мекемелеріне
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» icon5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған
Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» iconЗаурбеков талғат талапбекұлы педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика)
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» icon«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы»
«Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды....
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» iconБастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: Философия және әдістеме ғылымдары философиялық білімнің саласы ретінде өркениет пен мәдениеттегі ғылым және ғылымның пайда...
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» iconДиссертация тақырыбы
Педагогика ғылымдары бойынша 13. 00. 02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница