Скачать 499.61 Kb.
|
ҚММУ Ф 4/3-03/03 ҚММУ БЕ 4/03 ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Медициналық биофизика және информатика кафедрасы СИЛЛАБУС
Қарағанды 2014 ж.Силлабус «Жоғары математика» пәнінің 5В110300 «Фармация» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген «__»____________ Силлабус кафедра отырысында талқыланды. «___» ___ 20___ж. Хаттама №___ Кафедра меңгерушісі _________________________ Койчубеков Б.К. Оқытушылар туралы мәліметАубакирова Зарбина Жанжумановна – оқытушы, жаратылыстану ғылымының магистрі, ғылыми қызығушылықтар саласы – Лакунар Фурье қатары. Абдыкешова Дамеш Тишбаевна – оқытушы, жаратылыстану ғылымының магистрі, ғылыми қызығушылықтар саласы – Логикалық сынаулардың алгебралық қасиеттері. Алибиева Динара Тулеутаевна – оқытушы, математика магистрі, ғылыми қызығушылықтар саласы – Евклид алгебрасы. Жунусова Гулзат Туякбаевна – оқытушы, педагогика ғылымының магистрі, ғылыми қызығушылықтар саласы – Математикалық әдістерді оқыту әдістемесі. Байланыс ақпараты: кафедраның орналаcқан орны: Қарағанды қ-сы, Гоголь көшесі, 40, 4 корпус, 234, 236, 248, аудиториясы. Пәннің саясаты Білім алушылар дәрісханалық сабақтардың барлық түріне – дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті. Пән бойынша бірінші сабақта білім алушының білімінің базалық деңгейі бағаланады. Базалық білімнің бағасы оқу журналында 100-балдық шкаламен қойылады. ЖР есептеу кезінде базалық деңгейінің бағасы есепке алынбайды. Білім алушыға оқытушы оқу журналына ағымдық бағаларды сабақта 100-балдық шкаламен пәннің барлық тарауы үшін қойылады, оларға оқу жұмысының түрлері (тәжірибелік сабақ, СӨЖ, СОӨЖ) кіреді. Әрбір тарау үшін барлық орындалған жұмыс түрлерінің орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Пән бойынша аралық бақылау оны өткізе бастағанға дейінгі өткен материалдың барлық көлемін, оның ішінде СӨЖ және СОӨЖ сұрақтарын қамтиды. Аралық бақылау 2 рет тақырыптық жоспарға сәйкес СОӨЖ уақытында өткізіледі. СӨЖ және СОӨЖ тапсырмалары берілген пән бойынша әдістемелік нұсқауларда көрсетілген және сол тарауды оқу барысында орындалып тапсырылуы тиіс. КІРІСПЕ Қоғамды дамытудың қазіргі кезеңі медицина қызметкерлерінің жұмысын сапалы өзгертумен сипатталады. Ал бұл қызметке медициналық практикада орны бар математикалық модельдеу құбылыстары шарасын кеңінен енгізумен байланысты. Математикалық модельдеу әдісін жылдам және адекватты енгізу медициналық қызметті ұйымдастырушы ұшырасатын көптеген құбылыстар мен процестердің күрделі құрылымын анықтайды; халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша дәстүрлі медициналық симптоматика мен ойша ұйғарым сипаттамасының базасына қарағанда, бұл процестердің даму және күрделі жағдайлардың тұтастық, бүтіндік, сенімділікпен барынша ұтымды шешімін табу болжамын береді. Кез келген зерттеу сапалы нәтижелерді (сұраққа жауап иә/жоқ) және сандық нәтижелерді(қаншалықты?) алуды көздейді. Зерттеушіге деректерді жинау, өңдеу, және түсіндіру керек, ал мұны қазіргі математикалық әдістерді қолданбай жүзеге асыру мүмкін емес. Курстың негізгі мақсаты фармацияның, физиканың, биологияның, химияның және экологияның теориялық және практикалық есептерін шешудің құралы ретінде қазіргі заманғы математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру болып табылады. Математика курсын оқу барысында қарапайым дифференциалдық теңдеулермен танысып, ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктері мен теоремаларын оқып оларды математикалық статистикада қолдануды үйренеді. Әсіресе бұл курс эксперименттерді жоспарлау мен алынған нәтижелерді өңдеу мақсатында өз көмегін тигізеді. Пәннің мақсаты: студенттерді оқу процессінде басқа пәндерді оқып үйрену және болашақ кәсіптік мамандыққа қажетті дағдыларды қалыптастыру үшін керекті математикалық білім мен білімділікке машықтандыру. Пәннің міндеттері: ● студенттерге дәлелдемелі медицина мәселелерін шешу үшін пәннің әдіснамалық негіздерін меңгерту; ● студенттерде кәсіптік мәселелерді шешу кезінде логикалық ойлау, міндетті нақты қою және басымдықтарды анықтау қабілетін қалыптастыру; ● студенттерді түскен ақпаратты талдау іскерлігіне және алынған деректер негізінде нақты шешімдер шығаруға үйрету; ● студенттерге қажетті ақпаратты алу үшін, бақылау, өлшеу нәтижелерін өңдеу, сондай-ақ алынған деректердің сенімділік дәрежесін бағалау үшін медицинада қолданылатын математикалық әдістерді үйрету; ● құбылыстар мен процесстерді талдау және моделдеудің тиімді шешімдерін табу, сол шешімдерді қолданудың ең тиімді әдісін таңдауға қажетті негізгі математикалық әдісті үйрету; ● тәжірибе нәтижелерін талдау мен өңдеу әдістерін үйрету; ● медицина-биологиялық процесстерді математикалық модельдеумен таныстыру; ● алған математикалық білімдерін кәсіптік қызметіне байланысты және оқылатын аралық пәндерге нақты есептерді шешуді қолдану; ●ғылыми-техникалық әдебиетпен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру. Оқытудың соңғы нәтижелері
Құзыреттіліктер ортасы тізімі: 1. Жалпы білімділік. 2. Биомедициналық ғылымдар туралы білім. 3. Коммуникативті дағдылар. 4. Ұдайы өзін-өзі дамыту дағдысы. 5. Ғылыми зерттеу дағдысы. 6. Топта жұмыс жасау дағдысы. 7. Кәсібилік. 8. Клиникалық дағдылар және дәрімен қамтамасыз ету ортасындағы дағдылар немесе профилактикалық медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды басқару дағдысы Пәннің пререквизиттері және постреквизиттері Пәннің пререквизиттері: мектептегі математика, алгебра және геометрия. Пәннің постреквизиттері: биостатистика, физколлоидты химия, аналитикалық химия, биологиялық химия, фармхимия, дәрілік құралдар технологиясы. Тақырыптық жоспар:
|
![]() | Ұлттық руханият: республикалық ғылыми-практикалық конференция: материалдары 5 желтоқсан 2014 ж.: магистранттарға, студенттерге арналған / Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; ред. Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; ред. А. М. Ғазалиев. Қарағанды: Қармту,... | ![]() | Қарағанды – 2014 Мақсаты: тж алдын алу және жою бойынша ҚР мемлекеттік жүйесі туралы студенттерге теориялық білім беру |
![]() | 5В030100 «Юриспруденция» мамандығы Қарағанды 2014-2015жж Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының мәжілісінде қаралды | ![]() | 5В030100 «Юриспруденция» мамандығы Қарағанды 2014-2015жж Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының мәжілісінде қаралды |
![]() | Қарағанды – 2014 ж Силлабус 051102-«Қоғамдық денсаулықты сақтау» мамандығына арналған «Еңбек физиологиясы» элективті пәні бойынша жұмыс бағдарламасының... | ![]() | Қарағанды, 2014 Тақырыбы: «Бүгінгі күнгі есептеу техникасының архитектурасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Командалар және... |
![]() | Оқу сағатының көлемі: 2 сағат Құрастырушы: оқытушы Омашева Ж. М., Рахметуллаева Д. Б. ҚАрағанды – 2014 ж Анықтауышы қиыспаған анатомиялық терминдерін латын тілінен қазақ тіліне және керісінше аудару дағдыларын қалыптастыру | ![]() | Қарағанды қаласының кәсіпкерлік «Қалалық мәслихатының кезекті XLII сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының 2007 жылғы бюджеті туралы» №5 шешіміне... |
![]() | Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық ... | ![]() | Кіріспе Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі... |