Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы




Скачать 446.9 Kb.
НазваниеҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
страница1/4
Дата конвертации13.02.2016
Размер446.9 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://iktu.kz/files/panderkatalogy/doktorantura/6D050700.doc
  1   2   3   4

Ф-ОБ-001/186

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті


Экономика факультеті

Менеджмент және маркетинг кафедрасы


Мамандықтың пәндер каталогы



МАМАНДЫҚ (6D050700 – Менеджмент)




Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ түрі

бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білімі, білігі, құзыреттері)




1

2

3

4




1 КУРС




1 семестр

МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ


STM 1101

Статистикалық талдау және модельдеу

3 кредит / 10,5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0

Оқыту мақсаты: докторанттарды ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін, сапалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай зерттеу жүргізу керек екендігін үйретеді. Статистикалық талдау бөлімін оқып үйрену кезінде докторанттар қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау талдау және есептеу сияқты әртүрлі тәсілдерді зерттейді, яғни статистикалық әдістемелерді және басқа да көптеген сұрақтарды толығымен қамтиды.

Міндеті: әлеуметтік экономикалық қатынастар мен процестерді жетілдіру, жақсарту мақсатында статистикалық көрсеткіштер жүйесін зерттей, талдай білу қажет.

Қысқаша мазмұны: қазіргі кезеңдегі нарықтық экономикада әлеуметтік-экономикалық және өндірістік процесті тиімді басқару саласында басқарушылық шешім қабылдап, оны орындауды ұйымдастыруда статистикалық ақпараттың рөлі айтарлықтай артты. Алайда ақпарат емес, сонымен қатар оның мазмұнын жете түсінетін әрі оны талдау әдістерін игерген мамандар да қажет, ал мамандарға білімді статистика береді. Жоғары білімді мамандар даярлауда статистика ғылымының атқаратын ролі өте жоғары. Себебі статистикалық талдау әлеуметтік экономикалық ғылым болып саналады және ол бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Оған жататындар статистиканыың жалпы теориясы, әлеуметтік экономикалық статистика, салалық статистика және т.б

Білімі:

- статистикалық талдаудың классификациясын білу тиіс;

  • статистикалық талдаудың өзара әрекетінің теориялық негізін оқып үйрену;

  • статистикалық талдаудың әртүрлі тәсілдерін меңгеру;

  • статистикалық талдау мен модельдеудің жолдарын меңгеру;

  • әр түрлі статистикалық зерттеу нәтижелері бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру дайындау жұмыстарын ұйымдастыруды білуі тиіс.

Білігі:

- халық шаруашылығы салаларының әлеуметтік экономикалық процестерінің даму дәрежесін, құрылымын, динамикасын зерттеу кезінде түрлі статистикалық талдау әдістерін қолдана білу;

- жиналған мәліметтерге талдау жасай білу;

- докторанттардың статистикалық талдауды меңгеру жолдарын бейімдеу;

- әр түрлі статистикалық көрсеткіштерді қолдану негізінде өз тәжірибесінде пайдалануға дағдылануы тиіс;

- сапалы талдау жұмыстарын жүргізуде білімі мен іс-әрекет ептілігін, дағдысын қалыптастыру;

- статистикалық модельдеу жолдарын меңгеру.

Құзыреттері: болашақ мамандарды, келешекте экономиканың әр түрлі салаларында мәліметтерді тиімді бақылау және жинау, топтау мен өңдеу барысында қолданылатын мекемелерде олардың өзгеру қарқынын орынды пайдалану бойынша құзіретті болуы тиіс.



Кәсіби модульдер блогы

MGT 2101

Менеджмент ғылымының тарихы

2 кредит/ 7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Оқыту мақсаты: Менеджмент ғылымының тарихына байланысты практикалық материалдар, заңды және құқықтық құжаттар негізінде докторанттарды басқарудың теориялық және практикалық аспектілері аумағында оқыту, басқару ғылымының мақсаты мен әдістері, пәнімен таныстыру.

Міндеті: басқарудың әдістемесін зерттеу, басқару теориясының халықаралық тәжірибесін оқу, басқарудағы қоғам және табиғат заңдарымен танысу, басқарудың негізгі заңдылықтарын анықтау.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі таңдағы менеджмент әртүрлі деңгейде белсенді түрде қарастырылатын және үдемелі тақырып болып табылады. Ол микро және макроэкономикалық саясаттың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Білімі:

  • басқару теориясының дамуының тарихи жағдайларын билу тиіс;

  • Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихын оқып үйрену;

  • менеджмент әдістері мен функцияларын айқындауға үйрену;

  • менеджмент ғылымының эволюциясы меңгеру;

Білігі:

  • басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздерін меңгеру;

  • Қазақстан экономикасын басқарудың информациямен қамтамасыз етілуі білігі болуы тиіс;

  • ұжым тауқыметтерін шешудегі жағдайлық тәсілді қолдануды меңгеру;

  • табысқа қол жеткізуде тиімді жетекшілік ету тәсілдерін үйрену;

  • ғылыми басқару мектебінің құрылуы мен дамуы, оның негізін салушылар үйрену тиіс.

Құзыреттері: докторанттарды басқарудың мазмұнын жан-жақты ашуды бейімдеуіне дағдылануы тиіс, басқару туралы білімдер кешенін құрауда дағдылануы тиіс, докторанттар басқару қағидаларын, функциялары мен әдістерін кәсіби қызметте қолдану дағдысын игеру.

ZMTA2102

Заманауи менеджмент теориясы мен әдістемесі

2 кредит/ 7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Оқыту мақсаты: менеджмент ғылымындағы қазіргі таңдағы заманауи және практикалық материалдарды, заңдылықтарды, тенденцияларын, басқарудың теориялық және практиқалық аспектілерін докторанттарға оқыту, заманауи менеджмент теориясы және әдістемесі, пәнімен таныстыру.

Міндеті: басқарудың әдістемесін зерттеу, басқару теориясының қазіргі таңдағы халықаралық тәжірибесін оқу, басқарудағы қоғам және табиғат заңдарымен танысу, басқарудың негізгі заңдылықтарын анықтау.

Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, біздің еліміздің дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, қазіргі кездегі басқару жүйесін өзгертуі қажет, отандық жəне шетелдік тəжірибеге негізделе отырып халықаралық талаптарға сəйкес жоғары нəтижелі жəне сапалы деңгейде реформалау.

Бүгінде әлемдік тәжірибе және әлемдік қоғамдастық экономиканың әр түрлі салаларындағы заманауи менеджмент теориясы мен әдістемесі және жоғарғы деңгейде көніл бөлумен зерттеуге бағытталған. Экономикалық дамыған мемлекеттер ғылыми-техникалық дамуда және жаңалықтар еңгізуде жоғары орын алуда.


Білімі:

  • заманауи менеджмент теориясының дамуының тарихи жағдайларын билу тиіс;

  • заманауи менеджменттің теориялық аспектілері, оның технологиясын оқып үйрену;

  • заманауи менеджмент әдістері мен функцияларын айқындауға үйрену;

  • персоналды басқару логикаға сәйкестілік түрде әртүрлі тәсілдерін меңгеру;

  • Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешеліктерін меңгеру;

Білігі:

  • басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздерін меңгеру;

Қазіргі кезеңдегі менеджменттің әлеуметтік-экономикалық негіздері.

  • қамтамасыз етілуі білігі болуы тиіс;

  • ұйымның ішкі және сыртқы ортасы, мақсатты дұрыс жасай білу;

  • Қазіргі замандағы мотивация жүйесін қалыптастыруды үйрену;

  • ұжым тауқыметтерін шешудегі жағдайлық тәсілді қолдануды меңгеру;

  • басқарушылық шешім қабылдау үрдісін оңтайландыруды үйрену;

  • табысқа қол жеткізуде тиімді жетекшілік ету тәсілдерін үйрену;

  • стратегияны жасап дайындауды үйрену тиіс.

Құзыреттері: болашақ мамандарды,бүгінгі күнгі менеджмент тұжырымдамаларын сапалы ұғынып, оларды кәсіпорын тәжірибесінде ұтымды қолдана білуі міндетті шарт, қоғаммен жұмыс істеу туралы түсініктері бойынша құзіретті болуы тиіс.


ZB 2103

Зерттеулерді басқару

2 кредит/ 7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Оқыту мақсаты: зерттеулерді басқаруды ғылыми практикалық негізде жүргізу, практикалық қабілеттікке ену болып табылады. Зерттеуді басқарудың теориялық және практикалық дағдыларын үйрету болып табылады.

Міндеті: - экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістемелік негізін, зерттеулер жүргізудің мәні мен кезеңдері, ақпарат жинау және оны талдаудың негізгі әдістерін зерттеу;

  • зерттеудің құрылымын зерттеу; ғылымның даму шарттарын және жағдайын талдау;

  • зерттеудің ішкі бағыттарын зерттеу;

  • ғылымды мемлекеттік басқару ортасын талдау және т.б.

Қысқаша мазмұны: Экономикалық құбылыстарды танып білу процесі кез келген ғылымдағы сияқты күрделі процесс. Зерттеу даму заңдылықтарын тереңірек ашу мәселесін алға тартады. Қазіргі таңда ғылымды дамыту оны қаржыландыру, оны басқара білу маңызды орын алуда. Курста зерттеуді басқару және оның тиіміділігін арттырудың қажеттілігі және ғылыми техникалық саясаттың орны, ғылымды мемлекеттік басқару жолдары қарастырылады.

Зертеулерді дамыту мемлекеттің, қоғам мен ғылымның  өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыруға қосатын нақты үлесі орасан зор. Бұл туралы Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ерекше айтылды. 


Білімі: ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру дағдыларына ие болуы, ғылыми жұмысын жалғастыру үшін қажетті білімінің болуы.

Білігі: ғылыми-зерттеушілік, білім беру педагогикалық, ұйымдастырушылық – басқарушылық, инновациялық жобаларды бағалау, басқару шешімдерін қабылдау, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.

Құзыреттері: танымның заманауи ғылыми әдістерін қолдана білуі, экономика талаптарына сәйкес келетін теориялық білімдер мен практикалық дағдыларына ие болу





2 семестр







EZA 2104

Экономикалық зерттеу әдіснамасы

2 кредит / 7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0


Оқыту мақсаты: докторанттардың ғылыми экономикалық зерттеулер әдіснамасын меңгеруге, ойлау аппаратын дамытып, білімдерін экономиканың барлық салалық қызметтерін зерттеудегі тәжірибеде қолдана білу. Бұл бизнестің сәйкес саласындағы немесе бүтіндей экономикадағы нақты тұжырымдалған мәселелерді шеше алатын, өз бетінше ойлай білетін және жауапты шешім қабылдай алатын, ғылыми зерттеу жүргізе алатын, сауатты мамандарды дайындауға ат салысады.

Міндеттері:

- экономикалық талдау әдістерін игеру;

- мәселені бөліп көрсету және жеткізіп беру;

- аналитикалық аппаратты дәлелді және ғылыми-сауатты қолдану;

- тәжірибелік құндылығы бар ұсыныстар жасау мақсатында алынған нәтижелерді ұтымды бейнелеу қабілеті.

Қысқаша мазмұны: «Экономикалық зерттеу әдіснамасы» курсы барлық мамандықтарды дайындау бағытында оқытылатын базалық пәнге жатады. Экономикалық зерттеу әдіснамасын меңгеру, сол білімдерді даму аспектілері мен экономикалық қызметтің түрлі салаларын зерттеу тәжірибесінде қолдана алу мүмкіндігі.

Білімі:

- экономикалық зерттеу жүргізудің әдістемелік және әдіснамалық негіздерін үйрену;

- экономикалық зерттеу үрдісінің құрылымы мен сатыларын үйрену;

- өзіндік өткізген экономикалық зерттеудің ішінаралық және қорытынды нәтижелерін көрсете білу.

- әр түрлі экономикалық зерттеу нәтижелері бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру дайындау жұмыстарын ұйымдастыруды білуі тиіс.

Білігі:

- экономикалық зерттеу жүргізудің негізгі әдістерін терең үйреніп, соның негізінде өзіндік талдау дағдыларын игеру;

- зерттеудің аналитикалық базасы болып табылатын ақпарат көздерімен жұмыс іздеу дағдыларын қалыптастыру;

- ғылыми материалдарды терең және сын жағынан талдауға негізделген ұсыныстарды жасау қабілетін дамыту;

- сапалы талдау жұмыстарын жүргізуде білімі мен іс-әрекет ептілігін, дағдысын қалыптастыру.

Құзыреттері: келешекте докторанттар экономиканың әр түрлі қызмет салаларында экономикалық зерттеулер әдіснамасын меңгере отырып, ойлау апаратын дамытып, барлық тәжірибеде қолдана білу, өз бетінше жауапты шешім қабылдауға құзіретті бола алады.

Кәсіби модульдер блогы



KNJTB 2105

Қаржы-несие жүйесінде тәуекелдерді басқару

2 кредит / 7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0


Оқыту мақсаты: Докторанттардың қаржы жүйесіндегі тәуекелді басқару саясатын, оның құрылымдарын, түсінігін, әлеуметтік-экономикалық процестегі орны мен мәнін игерудегі теоретикалық және практикалық дайындықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

Міндеті: экономика үшiн тәуекелдер туғызатын қызметтiң барлық түрiн қоса алғанда, реттеу саласын және ауқымын кеңейту, тәуекелдiң реттеу ауқымы шегiнен тыс шоғырлануын болдырмау мүмкiндiгiн зерттеу. Бұл ретте реттеу ұйымдарға емес, қызметтiң түрлерiне бағдарлануы тиiс.
Қысқаша мазмұны. Қазақстанда бүгiнгi күнi қаржылық қызмет көрсетулерге қажеттiлiктi толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкiндiк беретiн қаржы институттарының көп деңгейлi жүйесi қалыптасты. Көптеген елдердiң халықаралық тәжiрибесi мамандандырылған салалық банктердi құрудың тиiмсiздiгiн, осы институттардың толыққанды бәсекеге қабiлеттi ортада жұмыс iстеуiне қабiлетсiздiгiн, мемлекет тарапынан тұрақты қолдау қажеттiлiгiн дәлелдеп отыр. Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың қолданылып жүрген практикасы халықаралық стандарттарға сәйкес келедi. Интеграцияланған бiрыңғай қадағалау қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуге және қадағалауға шоғырландырылған, қадағалаудың функционалдық немесе институционалдық схемалары болған кезде орын алатын мүдделер қақтығысы тәуекелiн болдырмайтын қаржылық қадағалаудың неғұрлым перспективалық схемасы болып табылады.

Білімі: Несие-қаржылық жүйесінің құрылымы. Ақша капиталын жинақтау және шоғырландыру бизнесті дамытудың маңызды шарты ретінде. Несие-қаржылық жүйе бизнес инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі ретінде.

Білігі: тәуекелдің пайда болу профилактикасы; тәуекелдің себебінен пайда болған зияндарды төмендету; тәуекелді басқару нәтижесінде алынған қосымша пайдаларды жоғарылату.

Құзыреттері: Банктік және банктік емес, несие-қаржылық институттарында тәуекелді басқару негіздерін, оның жоғарғы басқару шеберлігі тәуекелді басқару жолдары мен әдістерін тәжірибеде қолдануды игеру.
  1   2   3   4

Похожие:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: жоо болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық және ғылыми-...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Пререквизиттер: Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемді білім алу үшін докторант элементар математиканы, математикалық...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Модульдің (курс) мақсаты: Жоғары оқу-орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық саланың жалпы білім беру пәні ретінде ағылшын тілін оқыту...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница