Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім




НазваниеҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
страница8/21
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://rnmc.kz/images/ebiblateka/1kaz/166-171kz.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

АП 03

1. Арнайы технология

Біліктілік : «Кеме қазандығы жұмысшысы»




Булы генераторларды құрастыру және бөлшектерін дайындау технологиясының негіздері (булы қазандарды)

Алуан типтегі кеменің булы генераторлар (кеменің булы қазандары және қазанды қондырғылар) техникалық сипаттамалары. Қазанның бөлшегін жасау және өңдеудің типтік технологиялық процестері мен әдістері, зерттелетін қазанды агрегаттарды бақылау және құрастыру, жөндеу; кеме қазаншысының жұмысшы және техникалық, технологиялық құжатнамасы; қолданылатын аспаптар, құрылғылар мен жабдықтар. Қазанның қарапайым түйіндер бөлшегін дайындау және жөндеу. Типтік ақаулықтар және олардың себептері, ескерту әдістері. Қазан агрегаттарын құрастыру, жөндеу және бөлшектерін дайындау кезіндегі типтік сынақ, оның мәні және жалпы мазмұны.

Қазан агрегатының бөлшектерін жөндеу және жөндеу әдістері

Бөлшектердің тозу түрлері және қалпына келтіру әдістері; жалпы мәлімет. Қазан агрегаттарын құрастыру және жөндеу схемалары. Зерттелетін қазан қондырғысының түйіндері мен бөлшектердің типтік ақаулары және сынулары; ақаулықтар және оларды анықтау құралдары мен әдістері; жарамды, ауыстыру мен жөндеуге жатқызылатын құрастыру бірліктері мен бөлшектерін сорттау белгілері. Типтік бөлшектер мен түйіндерді жөндеу әдістері; негізгі жөндеу операциясын орындау.

Қазан агрегаттарын жөндеудің технологиялық процестері

Зерттелінетін қазан агрегаттарын жөндеудің типтік технологиялық процестері; қазаншының техникалық және технологиялық құжаттары; қолданылатын аспаптар, құрылғылар, жабдықтар мен материалдар. Жөндеу сапасын тексеру құралдары мен әдістері.

Білімдер:

- кеменің булы қазанының әрекет ету принципін және құрылысы жөніндегі негізгі мәлеметтерді;

- арматураның орналасуын және тағайындалуын;

- қазанды жөндеу кезінде қолданылатын оқшаулағыш, төсегіш және тірегіш бұйымдарын;

- қазан және құбырлар бетін тазалау ережелері мен әдістерін.

Іскерліктер:

- қарапайым қазандарды құрастыру және жөндеу бойынша жұмыстар орындауды;

- прессқайшымен табақты және профильді металдан бөлшектің және тіксызықты дайындаманы, сонымен қатар пісірілген құбырды тазалаған соң құбыр торын қорғайтын құбыркескіш станогіндегі белгілеу бойынша құбырды, сонымен қатар кеме қазанының коллекторы мен бачогін, құбыр бетін кесіп отырады;

- кеменің булы қазанының түйіндері мен бөлшектерін құрастыру, жөндеу, өңдеу, дайындау кезіндегі жұмыстарын орындауға қатынасуды.


БҚ

КҚ 2.1.1.-2.1.7

АП 03

2. Арнайы технология

Біліктілік : «Кеме жинаушы-құрастырушы»




Құрама-құрастыру жұмыстарының технологиялық негіздері

Кеме жабдықтары және үлестік заттардың бөлшектері мен түйіндерінің техникалық сипаттамасы. Кеме жабдықтары және үлестік заттардың бөлшектері мен түйіндерін құрастыру, дайындау және бақылаудың типтік технологиялық процестері және әдістері; кеме құрастырушысының жұмысшы және техникалық, технологиялық құжатнамасы; қолданылатын аспаптар, құрылғылар мен жабдықтар. Дайындау және құрастырудағы типтік ақаулар, олардың себептері және ескерту себептері. Кемедегі және құрастыру цехындағы кеме жабдықтары мен үлестік заттарының бөлшектерін типтік сынау және тексеру; оның мәні және жалпы мазмұны. Өндірістік құрама-құрастыру жұмыстары.

Білімдер:

негізгі бұйымдар мен жабдықтың, үлесті заттардың номенклатурасын және қолданысын;

- негізгі кеме құрылғысының атауларын және әрекет ету принципін.

Іскерліктер:

- кеме жабдықтары мен металды жиһаздың тірегішті түйіндерін және қарапайым бөлшектерін қондырады, бөлшектеу жүргізуді, түзейді, жинайды, дайындайды;

- кеме жиһаздары, құрылымдық жабдықтың бұйымдары, үлестік заттар мен жалпы кемелік желдеткішінің орташа күрделіліктегі және күрделі түйіндерін монтаждау, жөндеу, қондыру, белгілеу, құрастыру, дайындаудағы жұмыстарын орындауға қатынасуды.

БҚ

КҚ 2.2.1.- 2.2.7.

АП 03

3. Арнайы технология

Біліктілік : «Металл кеменің корпусын жинаушы»




Металды кеменің корпусын құрастырудың технологиялық негіздері

Корпусты құрылманың бөлшектері мен түйіндерінің техникалық сипаттамасы. Кеме құрылмасының бөлшектері мен түйіндерін құрастыру, дайындау, бақылаудың типтік технологиялық процестері және әдістері; металл кеменің корпусын құрастырушысының жұмысшы және техникалық, технологиялық құжатнамасы; қолданылатын аспаптар, құрылғылар мен жабдықтар. Дайындау және құрастырудағы типтік ақаулар, олардың себептері және ескерту себептері. Кемедегі және стапелдегі, цехтағы кеменің корпусты құрылмасы мен бөлшектерін типтік сынау және тексеру; оның мәні және жалпы мазмұны. Түйінді және секциялы құрастыру.



Білімдер:

- кеме корпусының теориялық сызығы негіздерін;

- азгабаритті жазық түйініндегі бөлшектер қондырғысына орын дайындау мен анықтаудың технологиялық процестерін;

- жазық секция түйіндерін қондыру және құрастырудың әдістерін;

- көміртекті және азлегирленген болаттан бөлшектер мен түйіндерді өңдеу тәсілдерін;

- конструкцияны пісіруге дайындау ережелерін;

- түйін жиынтығы мен жазық секцияларды құрастыруға арналған жабдықтар және құрылғыларды.

Іскерліктер:

- жеңіл қоршаулар мен жақтау құрастыру кезіндегі жұмысты орындайды;

- бөлшектер жиынтығын орнатады және жасайды;

- түйінді, секциялық және стапельді құрастыру кезінде көміртекті және азлегирленген болаттан қарапайым түйіндер мен бөлшектерді белгілеу, шаблон бойынша кескіндеу, құрастыру, қондыру және тексеру жүргізеді;

- тығындар мен төсемдерді таңдайды;

- сынақтау кезінде корпус конструкциясының жапсырмасына сабынды немесе борлы ерітіндісін дайындайды және жағады;

- жазықты үлкенгабаритті секцияны, жазықты секцияны, қисық сызықты және симметриясыз таңбалы түйіндерді құрастыру, бөлшектеу, қондыру, жөндеу кезіндегі жұмыстарын атқарады;

- жақтаулы кницті, бекітілімді, бракетті, толтырылған бөлшектерді, ребер қатаңдығы жаншылған бөліктерін және т.б. қондырып орнатуға қатынасуды.

БҚ

КҚ 2.3.1.-2.3.7.

АП 03

4. Арнайы технология

Біліктілік : «Кеме монтаждаушы-дәнекерлеуші»




Слесарлы-монтаждық жұмыстың технологиялық процестері

Монтаждауға түсетін бөлшектер мен арматуралардың, құбырлардың, құрылғылардың, механизмдердің техникалық сипаттамасы. Құбырлар мен арматураларды, құрылғыларды, қосымша механизмдерді монтаждау және құрастыру, бөлшектеу, демонтаждың типтік технологиялық процестері және әдістері; оларды орындау. Кеме монтаждаушы слесарының жұмысшы технологиялық және техникалық құжаттары; қолданылатын аспаптар, құрылғылар мен жабдықтар. Құбырлар мен арматураларды, құрылғыларды, механизмдерді монтаждау және құрастыру, бөлшектеу, демонтаждаудағы типтік ақаулар; оның анықтамасы. Кемедегі, стапелдегі, цехтағы слесарлы-монтаждық жұмыстарды типтік сынақтау және тексеру.



Білімдер:

- монтаждауға түскен механизмдер, құрылғылар, құбырлар, арматуралар және бөлшектердің атауларын;

- құбырлардың жалғану типтерін;

- құбырлар мен арматураларды, құрылғыларды, қосымша механизмдерді құрастыру, бөлшектеу, демонтаждау тағайындалуын және жүйелілігін;

- құбырлардың механизмнен, цестерннен, бөліктен айыру ережесін және тәсілдерін.

Іскерліктер:

- жауапсыз түйіндерді, орталықтандырылмаған қосалқы және палубалық (жетексіз) механиздерді, жылу алмастыратын аппатураларды құрастыру және бөлшектеу кезіндегі слесарлық операцияларды орындайды;

- әртүрлі жабдықтар қолданысымен табақты және профилді материалдан технологиялық тығындарды, қапсырма шегесін, дара ілмекті, кронштейндерді, қаптамаларды, панелдерді дайындайды;

- пневматикалық және электрлік машина, слесарлық аспаптар көмегімен іргетастың тіреуіш бетін, орындықтарын, приварогін, вварышті қорғайды;

- қайта қалпына келмейтін барлық жүйедегі арматуралар мен құбырларға және қуаты 50кВт электр жабдығына демонтаждау жасайды;

- арматуралар, құбырларға және жабдықтардың 1,5 МПа (15 ктс/см) дейінгі қысымымен цехта гидравликалық сынақ жүргізеді;

- қосалқы механизмдер, жабдықтар мен құбырлардың (арнаулы жүйеден басқасы: гидравлика, ауаның жоғарғы қысымы, бас және қосымша булар) сыртқы консервациясын және майсыздандыру, жуу, расконсервациялауын жасайды;

- орталықтанбаған қосалқы механизмді, электр жабдықтарын, жылу алмасқыш аппараттар агрегатын, құбырларды, арматураны монтаждау, жөндеу, бөлшектеу және кеме турбина дизелін, құбыр білігін, құрылысын, арнайы жүйе мен құбырларын демонтаждау кезіндегі жұмыстарды орындауға қатынасуды.

КҚ 2.12.1.- 2.12.7.

АП 03

5. Арнайы технология

Біліктілік : «Кеме жөндеуші-дәнекерлеуші»




Кеме конструкциясының типтік бөлшектерін жөндеу әдістері

Кеме конструкциясы мен бөлшектердің қайта қалпына келтіру әдістері және тозу түрлері; жалпы мәліметтер. Кеме конструкциясы мен бөлшектердің құрастырушы құрамының схемалары. Зерттелінетін кеме конструкциясының арматурасы, құбырлары, түйіндері, бөлшектер сынулары және типтік ақаулары; дефектация және оны анықтау құралдары және әдістері; сорттау критериясы және бөлшектерді сорттау мен кеме конструкциясының құрастыру бірлігінің жарамдылығы, алмастыруға қажеттілігі немесе жөндеу. Типтік бөлшектер мен түйіндерді жөндеу әдістері; кеме жөндеуші слесарының негізгі жөндеу операцияларын орындау.

Кеме жөндеудің технологиялық процестері

Зерттелінетін кемені жөндеудің типтік технологиялық процестері; кеме жөндеуші слесарының техникалық және технологиялық құжаттары; қолданылатын аспаптар, құрылғылар, жабдықтар мен материалдар. Сынақ және жөндеу сапасын тексеру құралдары мен әдістері.


Білімдер:

- арматуралардың тағайындалуын;

- қосалқы және палубалық механизмдер мен құрылғылардың әрекет ету принципін және пайдалану мақсатын, олардың демонтажын, жөндеу және монтаждау кезектілігін жүргізуді.

Іскерліктер:

- бөлшектер мен бұйымдардың слесарлы өңдеуін 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігімен) бойынша орындауды;

- жауапсыз түйіндерді, орталықтандырылмаған қосалқы және палубалық (жетексіз) механиздерді, жылу алмастыратын аппатураларды құрастыру және бөлшектеу кезіндегі слесарлық операцияларды орындайды;

- қалпына келтіруге болмайтын арматураларға демонтаж жасайды;

- қосалқы механизмдер мен жабдықтардың сыртқы консервациясын және майсыздандыру, жуу, расконсервациялауын жүргізеді;

- коллекторлар мен ресиверлерді тазалайды;

- жауапты бөлшектерді тасымалдауға дайындайды (тығындарды, ұштықтарды, сақтандырғыш қалпақтарын және т. б. қондырады);

- орталықтанбаған қосалқы және палубалық механизмдерді, жылу алмасқыш аппараттарын монтаждау, жөндеу, бөлшектеу және кеме турбина дизелін, құбыр білігін, құрылысын демонтаждау кезіндегі жұмыстарды орындауға қатынасуды.

КҚ 2.13.1.- 2.13.7.

АП 03

6. Арнайы технология

Біліктілік : «Кеме корпусын жөндеуші»




Кемежөндеу процесіндегі корпус конструкциясын құрастырудың технологиялық процестері

Әртүрлі типтегі жөнделінетін кемелердің техникалық сипаттамасы. Кемежөндеудегі және оларды тексеру кезіндегі корпус конструкциясын құрастырудың типтік технологиялық процестері және әдістері; кеменің корпусын жөндеушінің жұмысшы техникалық және технологиялық құжаттары; қолданылатын аспаптар, құрылғылар және жабдықтар. Өндірістік кемекорпусын жөндеу жұмыстары.

Білімдер:

негізгі бұйымдар, жабдықтар және үлестік заттардың номенклатурасын;

- қарапайым бөлшектер мен түйіндерді өзгерту тәсілдерін.

Іскерліктер:

- тығындар мен төсемдерді таңдауды;

- сынақ жүргізген кезде корпусты конструкцияның жапсарларына сабынды немесе борлы ерітіндіні жағады және дайындауды;

- станоктағы табақты және профилді металдан бөлшектің тіксызықты контурын және дайындамасын кесіп отыруды;

- преспен тесік салады;

- кеме жиһаздарды, үлестік заттарды, жалпы кемелік желдеткішті, бракетті, жақтаулы кницті, тіке жазық секцияны орнатады және жөндеу, демонтаждау жұмыстарын орындауға қатынасуды.

КҚ 2.9.1.- 2.9.7

АП 03

7. Арнайы технология

Біліктіліктер: «Кеме ұстасы», «Ағаш кемелерді құрастырушы», «Кеме ағаш шебері», «Кеме құрастырушы», «Темір бетон кемесін құрастырушы», «Пластмасса кемелерді құрастырушы», «Кеме корпусын жөндеуші»




Ағаш өңдейтін станоктар және жабдықтар

Ағаш өңдеуші станоктар туралы жалпы мағлұматтар, оның пайдалану мақсаты және жұмысты орындалуы бойынша классификациясы. Аралы станоктар, стоноктың құрал-саймандары, кесуші аспаптар, қоршаулар. Жұмыс тәсілдері. Сүргілейтін станоктар, оның құрылысы, тағайындалуы; реттейтін және қоршайтын құрылғылар. Жұмыс тәсілдері. Фрезерлі станоктар, оның құрылысы, сақтандырғыш құрылғысы, фрезді бекіту және орнату. Жұмыс тәсілдері. Бұрғылаушы, шипокескіш, тегістеу, токарлы және басқа станоктар, олардың құрылымы, сақтандырғыш және қоршағыш құрылғылары, құрылысы. Жұмыс тәсілдері. Ағаш желімдеуге арналған жабдықтар (струбциналар, механикалық және гидравликалық воймалар, пресстер), құрылымы, пайдалану саласы. Жұмыс тәсілдері. Ағаш өңдеуші станоктар мен жабдықтарды техникалық пайдалану ережелері. Қолданылатын жабдықтар мен ағаш өңдеуші станоктардың жұмысы кезіндегі қауіпсіз еңбегінің әдістері.

Ағаштан жасалған конструкцияның элементтерін жалғау тәсілдері

Ағаштан жасалған бөлшектердің жалғану тәсілдері және негізгі түрлері: бұрышпен, ұзына бойына тұтастыра және ұзарта отырып, ені бойынша топтастыру және пакет қабатымен, бұрыштық қосылыспен жалғау. Бұрыштық байлау, тавролы байлау, крестеп байлаудың түрлері. Ені бойынша тақтай жиектерін біріктіру және ұзындығын жалғаудың түрлері. Шпонка және ұштықтағы шиттерді біріктіру тәсілдері. Ағаш элементтерін желімдеп жалғау, желімдеуші жалғауыштың түрлері. Бекітуші құрылғының типтері және оның тағайындалуы, оларды пайдалану шарты, орналастыру ережелері және оның қондырғысы. Әртүрлі элементтегі ағаш конструкциясының жалғануын орындау тәсілдері мен әдістері. Жұмысты орындау кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің әдістері. Ағаш ұсталық жұмысының орындалуы

Ағаш бұйымынан, дайын бөлшегінен қарапайым жәшіктерді дайындау. Ағаш ұсталық бұйымдарын жинау және дайындау. Кемені, ялды, шлюпканы жөндеу және құру кезіндегі ағаш бөлшектері мен конструкциясын бекіту, түсіру, бөлшектеудегі ұсталық жұмыстарын орындау. Кемені, шлюпокті, катерді, баркасты құрастыру кезіндегі қарапайым түйіндер мен бөлшектерді дайындау және қондыру. Темір бетонды кемені жөндеу және құрылыс жүргізу кезінде шегендеп бекіту және оны босату жұмыстарын орындау. Кемеге су өткізбеушілігін қамту үшін саңылаулар мен жақтауларын тығындау және тығындау үшін шіктерін өңдеу, палубаның табанын төсеу жұмыстарын орындау. Кеменің ішкі беттеріне антисептік ерітіндіні себу және оны дайындау. Ағашты төсемдер құрылғысымен үш қабатқа дейін дайын элементтен металды ағаштар құрастыру және үш қабатқа дейінгі ұстылық ағаштарды дайындау. Ұсталық және металды ағаштардан төрт және одан да көп қабатты әзірлеу. Кемені, яхтаны, ялды, баркасты, шлюпканы құрудағы және қалау кезіндегі ұсталық жұмыстарын орындаудың технологиялық жүйелігі. Кеменің ағаш ұсталық жұмыстарын орындау кезіндегі еңбек қауіпсіздік талаптары.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Похожие:

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Біліктілігі: 010401 3 Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық аталымдар бойынша)
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Мамандығы: 0403000 Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 0700000 – Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница