Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім




НазваниеҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
страница7/21
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://rnmc.kz/images/ebiblateka/1kaz/166-171kz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21



«1103000 – Кеме жасау және кеме машиналары мен механизімдеріне техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары


Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғары деңгей)


Циклдің белгіленуі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар

Қалыптасатын құзырет коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Қазақ тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. Қазақстан Республикасының іс-қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым-қатынас жасау.

Білімдер:

- қазақ (орыс) тілін үйреніп, кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеуге және оларды талдауға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумды меңгеруін.

Іскерліктер:

- әр саладағы терминологияны қолданып құжаттар оқуды, диалог жүргізуді;

- өзінің ауызша және жазбаша сөйлесу кемшілігі мен қателіктерін жоюды;

- мамандық бойынша анықтамалық қолдана алуды.

БҚ 1

БҚ 3

БҚ 9

ЖГП 02

Кәсіби шетел тілі

Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіптік лексика, фразеологиялық орамдар мен терминдер. Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. Кәсіптік сөйлесу, сөйлесу, тыңдап түсінуді, оқу мен жазу, ауызша және жазбаша аудару, тыңдап ауызекі тілді түсіну міндетті деңгейлерін білу.

Білімдер:

- кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды.

Іскерліктер:

- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік);

- шет тілінде қатынас жасаудың қарапайым іскерлігін игеруді.

БҚ 1

БҚ 3

БҚ 9

ЖГП 03

Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы; дене тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің негіздері; салауатты өмір сүруді анықтайтын себептер; жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіретін әдістер; жұмыс қабілеттілігі мен қозғалу белсенділігінің тәртіптері; өздігінен жетілудің физикалық негіздері; кәсіби-қолданбалы іс-жүзінде қолданылатын дене дайындығы – дене тәрбиесінің бағыты мен қажеттілігі.

Білімдер:

- салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын;

- дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін.

Іскерліктер:

- спортпен айналысу, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдана алуды;

- денсаулығын нығайту және өздігінен жетілу үшін дене шынықтыру жөнінде алған білімін қолдануды.

БҚ 10


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Сызу

Сызуды кестелік безендіру. Геометриялық сызу және жобамен сызудың негіздері. Техникалық сурет салудың элементтері. Машина жасауды сызу. Сызуды орындаудың жалпы ережесі. Оймалардың кескіні және белгiленуі. Бөлшектер және нобайлар сызбасы. Бөлшектердi жалғау. Берiлістер. Ажырамайтын қосқыштар. Тұтас көрiнiстiң сызбалары. Құрастырушы сызба. Құрастыру сызбаларын сызу. Мамандық бойынша сызбалар және схемалар.

Білімдер:

- сызу геометриясы мен проекциялық сызудың негіздерін;

- конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесін;

- схема мен сызбалар құрылымының негізгі ережелерін;

Іскерліктер:

- сызба мен техникалық суреттің көмегімен ойды дұрыс жеткізе білуін;

- эскиздерді және орта деңгейдегі қиын бөлімдерді орындай алуын.

БҚ 6

БҚ 9

КҚ 2.1.2

КҚ 2.2.2

КҚ 2.3.3

КҚ 2.9.4

КҚ 2.11.3

КҚ 2.12.7

КҚ 2.13.2


ЖКП 02

          1. Электротехника

Электрлі және магниттi тізбектерді анықтау. Электр энергиясының қабылдағыштары және көздері (тұтынушылар). Негiзгi электрлік және магниттiк шамалар. Тұрақты тоқтың көпiрi.

Тұрақты токтың сызықсыз тiзбектерi туралы ұғым.

Магниттi тізбек классификациясы. Магниттi тізбектің элементтерi. Магниттi тізбек элементтінің сиптатамасы. Айнымалы тоқтың электр тiзбегiнiң классификациясы.

Электрлік машинаның құрылғысы және әрекет ету принциптері.

Білімдер:

- электротехника негіздерін;

- электрлі тізбектің жұмыс тәртібін;

- электр тоғының сипаттамаларын өлшеуге арналған аспаптарды;

- ауыспалы процестердің туындау себептерін.

Іскерліктер:

- электрлік желілермен жарықтандырылған құрылғыларды пайдалану және өшіре алу, қоса білуді;

- электр қауіпсіздігін сақтауды.

БҚ 5

БҚ 6

КҚ 2.1.7.

КҚ 2.3.7.

КҚ 2.2.7.

КҚ 2.8.6

КҚ 2.14.7.

ЖКП 03

Нарықтық экономика негіздері

Нарықтық экономикаға кіріспе; нарықтық экономиканың негізгі ұстанымдары, маниторингі,

сұранысы және ұсынысы; нарықтық жүйе, монополия және бәсекелестік; кәсіпкерліктің дамуы және нарықтық қатынастың субъектісі; кәсіпорын қызметінің нәтижелері және экономикалық шығындар; маркетинг және жарнама, құны және өзіндік құны; шаруашылық қызметінің өндірістік тиімділігі; салықтар және салық салу.

Білімдер:

- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;

- макро және микроэкономиканың, салық, ақшалай-несие, әлеуметтiк және инвестициялық саясат негiздерiн;

- нарықтың әсер етуі, шығындар бойынша негізгі түсінігі;

- маркетингті анықтау және маңызын, қызметін;

- жарнамалар, жарнама түрлерін;

- салық түрлерін.


Іскерліктер:

- тауардың өзіндік құнының бағасын, өндіріс бағасын, көтерме бағасын, бөлшекті бағасын анықтау (мысал әдісімен);

- бизнес-жоспар құруды.

БҚ 4

БҚ 7



ЖКП 04

Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

Стандарттау негіздері; стандарттаудың пайда болуы және дамуы; өнімдерді сынау және бақылау; сертификаттау негіздері; терминдер және анықтауыштар; «Сертификаттау туралы» Қ.Р. Заңы; сәйкестiк жөніндегі өнiм сапасы және декларациясы; сапа менеджментiнiң жүйесiн енгiзу және құрастыру; машина жасаудағы дәлділік; метрология; метрология негіздері; мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау.

Білімдер:

- метрология, стандартизация және сертификация негiздерiн;

- негiзгi ұғымдар мен анықтауыштарды;

- өнiмнiң сапаны бақылауды;

- электронды бағдарлаушы жүйенiң тұжырымдамасын;

- өлшеудің қателіктерін және әдiстерін.

Іскерліктер:

- техникалық өлшемдер жүргізуді;

- мемлекеттік стандартпен бұйым сәйкестігін анықтай алуды.

БҚ 5

БҚ 6

БҚ 9

КҚ 2.2.2

КҚ 2.11.6

КҚ 2.13.5

КҚ 2.14.5

ЖКП 05

Информатика негiздерi және өндiрiстi автомат-тандыру

Техника қауiпсiздiгi. Ақпараттар. Ақпараттарды кодтау. Санау жүйесi. Бiр жүйеден екiншiсiне ауысу. Екiлiктi арифметика логика – пән ретiнде. Үлгiлiк; математикалық логика. Моделдеу. Модель туралы түсiнiк. Модель түрлерi. OC WINDOWS түрлерi. WOR мәтiндiк процессоры. EXCEL электронды кестелерi. CORL DRAW векторлық редакторы. Вирустардан қорғану. WinZip архивтары. Norton Commander бұлт – бағдарламасы. Ойындар. Алгоритм түсiнiгi. Көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерi. Алгоритм түрлерi. Есеп шығару кезеңдерi. Бағдарлама тiлi. Бағдарлама және оның құрылымы. Командалар мен операторлар. Шартты операторлар. Цикл операторлары. Берiлген шарт түрлерi. Сызықты бағдарламаны жобалау. Тармақты бағдарламаны жобалау. Циклдiк бағдарламаны жобалау. Массивтер. Графиктiк бағдарламалар. Шығармашылық жобаларды жобалау. Автоматтық реттеу туралы түсiнiк, анықтама, реттемелi параметр, нысаны /объектiсi/, олардың қасиеттерi мен схемалары. Автоматты ретеуiштердiң атқаратын қызметi, тiктелуi, құрылысы, жұмыс iстеу приципi, функциональдық және құрылымдық схемалары, реттеу мүшелерi. Автоматтық басқару жүйесiнiң қосалқы құралдары; панельдер, станциялар, басқару блоктары, жағдайларды көрсеткiштер мен сезгiштер, бағдарламалық құрылғылар. Процестердi автоматтық басқару жүйесiнен қолмен басқаруға ауыстыру және керiсiнше.

Білімдер:

- ақпаратты кодпен хабарлау ережелерiн;

- есептеу жүйелерiн;

- екiлiк арифметиканы;

- логиканы пән ретінде қарастыруын;

- формалды, математикалық логикаларды;

- WINDOWS ОЖ, WinZip архиваторын, DOS ОЖ-нің түрлерін;

- программалар - қабығын;

- алгоритмдер түсiнiгiн;

- көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерiн;

- алгоритм түрлерiн;

- бағдарлама тiлiн;

- сызықты бағдарламаны жобалаудың тәсілдерін;

- тармақты бағдарламаны жобалауды;

- графиктiк бағдарламаларды;

- автоматтық басқару жүйесiнен процестердi қолмен және керiсiнше ауыстыру ретін.

Іскерліктер:

- бiр жүйеден басқасына ауыстыруды;

- WORD-тың мәтiндiк процессорымен, EXCEL-дің электронды кестесiмен, Corel DRAW-тың векторлық редакторымен жұмыс iстеуді;

- вирустардан қорғауды құруын;

- творчестволық жобаларды әзірлеуін;

- автоматты реттеуді қолдануын;

- автоматты жүйемен басқарудың қосалқы құралдарын пайдалануды;

- техника қауiпсiздiгiн сақтауды.


БҚ 5

БҚ 7

БҚ 8


АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Кеме құрылыстары туралы негізгі мағлұматтар. Кеме классификациясы туралы жалпы мағлұмат және олардың пайдалану мақсаты. Кемелер қорабының негізгі конструктивті элементері. Классификация туралы жалпы мағлұмат, жыйнау және металсыз кемелерді жөндеу, олардың қысқаша көрсеткіштері. Металсыз кемелерді жөндеу және құрастыру кезіндегі қолданылатын негізгі жабдықтар, инструменттер және құрылғылар.

Кеме құрылымы туралы қысқаша мағлұмат. Бұйымның сапасына, бөлшектеріне, торабына және әртүрлі материалдардан жасалған кеме қорабына қойылатын талаптар (мықтылығы, бұзылмайтын, суөткізбейтін және т.б.). Металсыз кемелерді жөндеу және құрастыру кезіндегі еңбек қорғаудың жалпы талабы.

Қолданылатын материалдың түрлері

Металсыз және кемелерді жасауда қолданылатын негізгі материалдар.

Қолданылатын материалдардың физико-химиялық қасиеті және классификациясы.

Металсыз кемелерді құрастырудың технологиялық сүлбесі туралы ұғым. Қосымша материалдарды, кеме жасауда қолданылуы, олардың саласы.

Жалпы слесарлық жұмыстар

Белгілеу жазықтығы. Металды қосу. Металды қайрау және майыстыру. Металды кесу. Металды аралап кесу. Бұрғылау, зенкерлеу, зенкерлеу және жазу. Бұранданы кесу, бұрандалы қосылысты құрыстыру. Арамен кесу және припасовка. Тойтару.

Тырнап-тазалау. Үйкелеу. Дәнекерлеу, қалайылау, желімдеу.


Білімдер:

- жалпы слесарлық жұмысты орындаудың негізгі операциясын;

- ағаш материалдарының негізгі түрлері, ағаштардың физикалық және химиялық қасиеті, кемістіктері, кемежасауда қолдану саласын;

- ағашты штабелдеу және сорттау және кесілген материалдарды;

- ағаштарды өңдеу бойынша негізгі операцияларды;

- қолмен және электрленген инструменттер, қайрау ережелерін және оны қолдануды;

- қарапайым ағаш конструциясын бөлшектеу тәсілдерін және материалдарын тазалауды;

- қарапайым ағашұсталық және ағашшеберлік жұмысты орындау тәсілдерін және басқа кеме құрастыру жұмыстарын;

- желімдеушінің құрамын, оны кеме жасауда және кеме жөндеуде қолдануды;

- қолмен желімделінетін бетке желімді жағуды және бөлшекті тазалау жұмысының тәсілдерін және ережесін, қолданылатын инструментті.

Іскерліктер:

- мамандығы бойынша жалпыслесарлық жұмысты көлеміне сай талаппен орындауды;

- шлюпкаларды, ялдарды кеме жөндеу және жасау кезіндегі қарапайым ағаш ұсталық және ағашшеберлік жұмыстарды орындауды;

- кеме жасаудағы ағаш ұсталық және ағаш шеберлік жұмыстарға қажетті ағаш және кесілген материалдарды таңдап алады және сорттауды;

- қолмен ағаштарды өңдеу бойынша қарапайым операцияларды орындайды (қабығын аршу, аралау, жону, қашау, бұрғылау, стамескамен кесуді);

- ағашты және металды ағаштарды үш қабатқа дейінгісін және ағаш конструкцияларын бөлшектеуді;

- өндірістік оқыту мастерімен немесе өте жағарғы маман жұмысшының басқаруымен әртүрлі кемелерді жөңдеу және жасау кезінде, өтпелі траптарды, щитті едендерді және басқа қарапайым жұмыстарды, дөңгелек ағаштарды және металды стеллаждардың ағашты төсеніштерін бекіту және жыйнап алуды, бөлшектеу кезіндегі қарапайым қалыптау және ағашұсталық жұмыстарды орындайды;

- шлюпкалар мен ялдарды, кеме жөндеуі мен жасау кезіндегі жеке қарапайым тораптар мен бөлшектерді алмастыруды және орнату, бөлшектеу, бөлшекті жинап алуды орындауды.

БҚ 1

БҚ 5-9

КҚ 2.1.1-2.1.7

КҚ 2.2.1-2.2.7

КҚ 2.3.1-2.3.7 КҚ 2.4.1-2.4.7

КҚ 2.5.1-2.5.7

КҚ 2.6.1-2.6.7

КҚ 2.7.1-2.7.7 КҚ 2.8.1-2.8.7

КҚ 2.9.1-2.9.7

КҚ 2.10.1-2.10.7

КҚ 2.11.1-2.11.7

КҚ 2.12.1-2.12.7

КҚ 2.13.1-2.13.7.

КҚ 2.14.1-2.14.7

КҚ 2.1.15-2.15.7

АП 02

Кеме жасаудағы жабдықтау

Слесарлы-құрастыру жұмысының негіздері. Слесарлы-құрастыру операциясы мен біркелкі слесарлық өңдеуге жататын кешенді жұмыстар. Жүк көтергіш жабдықтар және такелажды жұмыстар. Жүктердің орын ауыстыру ережелері. Металды механикалық өңдеу негіздері. Металдарды кесу және дәнекерлеу негіздері. Қолмен доғалық және газбен дәнекерлеудің типтік операциясы. Металды жылумен кесудің типтік операциясы. Кеменің құрылғысы және жабдықтары. Кеме жасау технологиясы жөніндегі негізгі ұғымдар. Конструкция ұзақтылығы мен беріктігі жөніндегі мәліметтер, олардың ұйымдық құрылымы. Кеме құрастыру және кеме жөндеу жұмыстарының технологиясы. Кеме құрастыру жұмыстарының түрлері. Кеме жөндеу жұмысының түрлері. Кеме жабдығының түйіндері мен жабдықтарын консервациялау және расконсервациясын орындау. Кеме конструкциясы, машинасы, механизмдері мен жабдықтарын сынақтау және тексеру. Гигиена және еңбекті қорғау. Кеме құрылысын дамытудың болашағы. Кәсіпорын мен өндіріс экономикасының негіздері. Қоршаған ортаны қорғау.

Білімдер:

- бөлшектердің бірін бірі алмастыру негіздерін;

- кедірбұдырлық квалитеттерін (дәлдік кластары) және көрсеткіштерін;

- кеме құрылысы мен кеме жөндеуде қолданылатын материалдарды;

- механизмдер, машиналар және материалдер кедергісі туралы жалпы мәліметтерді;

- өндіріс процестерін автоматтандырудың негізгі бағыттарын;

- жылумен және механикалы өндеу туралы жалпы мәліметтерді;

- барлық түрдегі кеме құрылысы мен кеме жөндеу жұмыстары кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің талабын және санитарлы-техникалық талаптарын.

Іскерліктер:

- кеме конструкциясы мен металды кеменің бөлшектерін дайындайды, жинайды және жөндейді;

- әртүрлі метал кескіш жабдықтармен механикалық өңдеуді, электр ұстатқышпен және пневматикалық рубкамен, жылумен кесуді, қолмен слесарлық өңдеуді атқарады;

- өңдеу режимінде қолданылатын жабдықты баптауды;

- металға, құрастырмаға, құрылысқа дейінгі, қазанға, монтажды және жөндеу жұмыстарына белгілеу жасауды;

- кеме жабдықтары мен үлестік заттардың расконсервациясын, демонтажын, орнатуды жүзеге асырады;

- кеме құрылысының сызбалары мен схемасын оқуды;

- қолданылатын аспаптарды қайрайды және тексеріс жүргізеді;

- пайдалынатын жабдықтарға техникалық күтім жасауды.


КҚ 2.1.1.-2.1.7

КҚ 2.2.1.-2.2.7

КҚ 2.3.1.-2.3.7

КҚ 2.11.1.-2.11.7

КҚ 2.12.1.-2.12.7

КҚ 2.13.1.-2.13.7

КҚ 2.14.1.-2.14.7

КҚ 2.15.1.-2.15.7
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Похожие:

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Біліктілігі: 010401 3 Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық аталымдар бойынша)
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Мамандығы: 0403000 Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 0700000 – Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница