Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім




НазваниеҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
страница11/21
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://rnmc.kz/images/ebiblateka/1kaz/166-171kz.doc
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

11. Арнайы технология

Біліктілік: «Темір бетон кемесін құрастырушы»




Арматуралық жұмыстарды орындау

Арматуралық болатты материал маркасы, ұзындығы, диаметрі және профилі бойынша сорттау. Арматуралық болатты таңбалау, түзету, қолмен тазартуға арналған аспаптар, құрылғылар, берілген өлшем бойынша арматура мен стерженьді дайындау, арматура ұштарын бекітуге, түйіскен жерін арналған арматуралық дайындаманы әзірлеу. Байламадағы арматураларды жалғау тәсілдері және негізгі түрлері, темір бетон конструкциясының арматурасын байлауын, арматуралық түйіскен жерінде темір бетон кемесінің корпус құрастырма бөлшегін төрт жалғауышпен байлаудағы кеме корпусы құрастырғыш элементін шығаратын арматуралық жалғағышты орындау тәсілдері. Арматуралық торды дайындаудың технологиялық процестері, қолданылатын технологиялық жабдықтар.

Темір бетон бөлшектері мен секциясын дайындау және бетондар әзірлеу

Бетонды қоспаны дайындау, материалдарын дозалау, оларды жүктеу, араластыру және оны беру. Цементке, толтырушыға арналған қолмен басқарылатын таразылы дозалаушының жұмысы және құрылғысы. Механикаланған бетон зауытының жұмысы және құрылғысы. Дірілдеткіш және араластырғыш пневматикалық машинасының жұмысы және құрылғысы. Темір бетонды секцияларын механикалық пішіндеудің технологиялық процестері, дірілмен пішіндеу агрегатының, буландыру камерасының, бұқтырғыш қалпағының жұмысы және құрылғысы. Қалпақ астындағы және камерадағы температураны тексеру.

Бетонды механикалық өңдеу

Шекуші балғасының, шапқы темірдің, пневматикалық кескіштің жұмыс принципі және құрылғысы. Темір бетон бөлшектерін және бетонды жиектерін монтаждап өңдеу, беттерін өңдеу үшін дайындау. Пневматикалық шекуші балғасымен түйіскен жерлерін шекімелеу, пневматикалық балғамен және шапқы темірмен бетонды ою.

Кеме корпусының арматурасы мен армоконструкциясын және құрамалы темір бетон бөлшегін қондыру (монтаждау)

Кеме корпусының құрамалы темірбетонды бөлшектерін, арматурасы мен армоконструкциясын монтаждаудың технологиялық процестері. Салмағы 10 т дейінгі армоконструкциясын және дайындалған арматураны, құрама секцияларды, бөлшектерді, темір бетон плиталарын тасымалдаудың және оларды жинау талаптары. Көтеру үшін қолданылатын көтергіш-көлікті жабдығындағы жұмыстың тәсілдері, қолданылатын такелажды құрылғылар мен механизмдерді, кеме корпусының құрамалы темір бетон бөлшектері мен армоконструкциясын, арматурасын орнату және тасымалдау.

Стапелде кеме корпусын жасау

Кеменің корпусын стапелді құрылысына арналған көлікті және көтергіш құралдар, жабдықтар, құрылғылар, аспаптар, технологиялық құжаттар, сызбалар. Оптикалық құралдары мен таңбалау аспаптары қолданысымен белгілеу және тексеру жұмыстары, стапелдегі кеме корпусын және секциясының тұратын орнын белгілеу. Секцияны стапелге тасымалдау, көтеру операциясын орындау, кеме корпусын жинау кезіндегі каркасты, арматуралық торды, дайын құрамалы темір бетонды бөлшекті стапелге орнату және тасымалдау. Құрамалы темір бетон бөлшектерін бекітілген остер бойынша салыстыру және стапелде оларды бекітіп тастау. Монтажды жалғағыш секцияны мономенттеу және қалабын орнату. Секцияны тұтастыру түйіндерінің герметикалығын, түйіскен жерін шекімелеу және бетонды вибрациямен тығыздау, ярустар бойынша түйіскен жерінде бетонды төсеу. Пневматикалық шекіме балғасымен және кескішімен, электрлі тереңдікті және пневматикалы штыкті вибраторымен жұмыс істеудің тәсілдері.

Арматуралы секция аралық түйіскен жерді және арматуралық конструкциясын дайындау технологиясы

Қалқымалы доктарды және темір бетон кемелерін жасау үшін қолданылатын арматуралық болаттар. Арматуралық болаттар мен арматуралық стерженге қойылатын талаптар. Бетонды арматурлау түрлері, шарттары, арматура мен бетонның бірге жұмыс істеуін қамтамасыз ету, әртүрлі пішіндегі, қимадағы және диаметрдегі арматурамен бетонның беттік ілінісу шамасына байланыстылығы. Кеме корпусындағы темір бетонды арматура түрлері, пісіру үшін арматураны салудағы шығу шамасы және бетонда ерікті бекіту, жобадан арматура өлшемінің мүмкін болатын ауытқулары. Арматуралық торларды дайындау тәртібі және көлемдік арматуралық секцияны құрастыру, арматуралық тордың типтері, кемелер мен доктар үшін тордың габариттік өлшемдері. Пісіру және байлау көмегімен арматуралық каркасты дайындау әдістері. Секция аралық және монолитті бөлігін дайындау кезіндегі стапелде бөлшектерді тұрғызып орнату және дайындау технологиясы мен тәсілдері. Қалқымалы доктар және темір бетон кемелерді құрамалы және құрамалы-монолитпен жасау қосылыстың негізгі типтері. Секцияның негізгі жалғағышы. Темір бетон кемелерін құрастырудағы жұмысты орындаудың барлық түрлері кезіндегі еңбек қауіпсіздік талаптары.

Темір бетонды бұйымдары мен секциясын дайындаудың технологиясы

Темір бетонды кемелер мен қалқымалы доктар, борт секциясына, түбі, палубасы, қалқаны және т.б. арналған темір бетонды секциялардың негізгі типтері. Темір бетонды секциялар өлшемінің нормативті ауытқулары және қалыңдығы, өлшемдері. Секцияны маркілеу. Темір бетон секциясын, металды пішінді (поддон, матрица) конструкциясын дайындау технологиясы, олардың өлшемдері. Темір бетон секциясын дайындаудағы стендті және агрегатты-толассыз әдістері. Пішінін немесе стендпен бетондауды дайындаудың талаптары.

Контурлы қалыпты қондыру, оның бекіту және қаланушы бөлігімен көлемді арматуралық секциясын орнату. Беттік және тереңдік вибраторымен бетонның қоспасын тығыздау және төсеу. Беттік секцияны өңдеу тәсілдері. Табиғи жағдайдағы бетонның қату секциясы және буландыру, бетонның қату ұзақтығы және бетонды изотермиялық ысыту. Темір бетонды, армоцементті, қабырғалы темірбетон секциясын және блоктарын дайындау технологиясы. Габаритті өлшеміне, плита қалыңдығына, бетонның қорғаныш қабатты қалыңдығына, секция беттеріне және т.б. жіберілуі.

Қалқымалы доктар мен кеме корпусына стапелді салу

Кеме корпусын және қалқымалы доктарын құрастыруға арналған стапелдің өлшемдері, ұзына бойлы және көлденең стапелдің құрылысын, стапелде орындалатын жұмыстар. Қалқымалы док немесе кеме корпусының құрастырылуын тексеруге, корпусты жылжытуға және түсіруге арналған стапелдегі құрылғылар. Стапелде доктар немесе кеме корпусының тұрған орнын белгілеу технологиясы, кеме немесе докта бекітілген жабдықтар мен конструкцияның орналасу дұрыстығын тексеру. Монтаждау қосылысындағы арматуралық және пісіру жұмыстарының түрлері. Секция аралық түйіскен жерінің қосылысын бетондау тәсілдері, қалыпты орнату тәсілдері және түрлері. Түйіскен жерін бетондау үшін бетонға қойылатын талаптар. Кеме корпусының монолитті конструкциясын дайындаудың технологиялық процестері. Ауа ылғалдылығы мен температурасына, бетонды төсеуге қойылатын талаптар, бетонды төсегеннен кейінгі күту тәртібі. Өте үлкен өлшемді қалқымалы темір бетонды понтон докторын, жүзбелі кессонды және кессонсыз тәсілмен түйіскен жерлерін жасау ерекшеліктері. Қондырма дайындауда қолданылатын материалдарды, қондырманы әзірлеудің процестері, стапелдегі қондырма секциясын монтаждау және құрастыру, керамзитті бетонды секциясын қондыру технологиясы. Темір бетонды кеме корпусын суөткізбестігін сынақтау тәсілдері, сынақтаудағы негізгі талаптар, оны жүргізу технологиясы. Стапелді жұмыстың сапасын тексеру әдістері.

Темір бетон кемесін жөндеу

Жүзбелі доктар мен темір бетон кемелерін пайдалану процесіндегі ашылған және бетондау кезіндегі доктар мен темір бетонды кемелердің ақаулары және сыну сипаттамасы, оның пайда болу себептері. Авариялық жөндеу кезіндегі бетонды дайындау технологиясы, жөндеуге арналған материалдар, корпустың тесілу процестері және су ағынын болдырмау. Кеме корпусының суастындағы бөлігін жөндеу технологиясы, бетонның қорғаушылығын қалпына келтіру. Кемелік құрылғыны және үлестік заттарын корпусқа бекітіп жөндеудің процестері.

Кеме корпусына темір бетон секциясы элементтерін жалғау және конструкциясын тексеру

Жүзбелі доктар мен темір бетон кемесін жасаудағы барлық технологиялық циклінде салалық стандарт бойынша сапасын тексеру және регистрдің талаптары. Кеме жасаушы бетонның құрамды сапасын, пісірілген жалғағыштың және арматуралық болаттың механикалық қасиеттерін тексеру әдістері. Темір бетон кемесін құрастырудағы технологиялық процестерін тексеру. Кеме корпусының стапелін жасалуын, темірбетонды бөлшектер мен секциясының дайындалуын, арматуралық жұмыстар сапасын тексеру. Темір бетон конструкциясын, кемелер мен жүзуші доктардың өткізбестігін сынақтау әдістері. Темір бетон кемесінің немесе жүзуші доктардың палубасын, түбін, бортын, қалқандарын тексерудің техникалық құжатнамалары.

Білімдер:

- темір бетон кемесінің барлық секциялары мен түйіндер конструкциясын;

- қолданылатын электрмен пісіретін машиналар және аппараттардың құрылысы туралы жалпы мағлұматты;

- темір бетон кеме корпусының плитасы мен арматуралық түйіндерін құрастырудың кезектілігін және техникалық шарттарын;

- кеме корпусы құрамалы элементтерінің типтік жалғағыштарын;

- құрастырылатын арматураларды және төселген бөлшектерін электрмен ұстаудың тәсілдерін және әдістерін;

- жасалынып жатқан темір бетон кемесін секцияларға бөлудің схемасын;

- темір бетон конструкциясының корпусын құрастырудың техникалық шарттарын;

- жұмысшы сызбаларын оқудың әдістерін;

- өндіріс жұмысы кезіндегі күнделікті бұзылыстың пайда болу себептерін;

- өнімнің ақаулық түрлерін, себептерін және ескерту тәсілдерін, оны жоюды;

- жабдықтарды, құрылғылар мен аспаптарды күтуді және техникалық пайдалану ережелерін;

- орындалған жұмыстың сапасына қойылатын талаптарды;

- өндіріс жаңашылдар мен алдыңғы қатарлы озаттардың жұмыс тәжірибесін;

- сигнал беруді, көтергіш-көлік машиналарын басқару ережесін және такелажды жұмыстар ережелерін;

- еңбек қауіпсіздігі әдістерін.


Іскерліктер:

- ең жоғарғы біліктілікті жұмысшы жетекшілігімен 10 тоннаға дейінгі массада секциялар құрастыруды және темір бетон плитасына монтаждау жасайды;

- стапелде остер бойынша салыстырып конструкциялар мен секцияларды қондырады;

- құрастырылатын арматураларды және төселген бөлшектерін электрмен ұстауын жүзеге асырады;

- стапелге темір бетон секциясын орнатуға дайындайды;

- монтаждау кезіндегі құрамалы бөлшектерді бекітіп тастайды және салыстырып отырады;

- жұмысшы сызбасын оқиды;

- өнім ақауларын болдырмауды және ескертеді;

- озат еңбек әдістерін және жаңашылдардың жұмыс тәжірибесін қолданады;

- шикізаттарды, отын-энергетикалы және материалды ресурстарды тиімді және үнемді пайдаланады;

- көтергіш-көлік жабдықтарымен басқарады және сигнализацияны қолданады;

- жұмысқа жабдықтар мен аспаптарды дайындайды және оларды тиімді жағдайында ұстайды;

- дәл уақытында және жұмысшы орнын жұмысқа ұтымды түрде дайындайды;

- еңбек қауіпсіздігінің ережесін және ішкі жұмыс тәртібін сақтайды.


КҚ 2.6.1. – 2.6.7.

АП 03

12. Арнайы технология

Біліктілік :«Пластмасса кемесін құрастырушы»




Шынылы арматуралау материалдарын дайындау

Шынылы арматуралау материалдарын кептіру технологиясы және дайындау тәсілдері, оларды сақтау ережелері. Шынылы арматуралау материалдар сапасын тексеру. Шынылы арматуралау материалының түрлері және шаблондары, үлгілеу альбомдары мен картасы, жабдықтары, құрал-саймандары, аспаптары. Жабдықтармен, құрал-саймандармен, аспаптармен жұмыс істеу тәсілдері. Шаблон, карта, эскиз бойынша күрделі геометриялық беттің шынылы пластикасынан бұйымға арналған, шаблонмен немесе орнында шынымата немесе шыныкездемеден бұйымдарды үлгілеу және белгілеу.


Полиэфирлі және эпоксидті байланыстырушыны дайындау үшін жасалған

Жабдықтар, инструменттер және полиэфирлі және эпоксидті байланыстырушыны дайындауға арналған ыдыс жабдықтары. Рецептура және байланыстырушыны дайындау технологиясы. Полиэфирлі және эпоксидті байланыстырушын дайындау үшін қажетті компоненттерін есептеу. Шарлы диірмен және краскотеректер, полиэфирлі байланыстырушыны механикаландыра дайындау үшін қондырғының жұмысының принципін және құрылғы.

Әйнектіпластикада кеме конструкциясын дайындау кезінде, қолданылатын шпаклевка және компаундарды, герметиктерді, желімдерді жұмысқа дайындау.

Қорап конструкциясын дайындау әдістері

Жабдықтар, саймандар, инструменттер, технологиялық құжаттар және жұмысшы орындағы еңбек қауыпсыздығы туралы нұсқаулар. Контактылы қалыпқа салу, саймандар, инструменттер, технологиялық процесс контактылы қалыпқа келтіру кезіндегі негізгі операцияның уақыт нормасы. Кеме конструкциясын әйнектіпластикадан дайындаудың технологиялық процессі. Тозаңдату, жабдықтар, инструменттер, технологиялық саймандар қалыпқа салуға арналған құрылғы. Технологиялық процесс және құрылғыда тозаңдату жұмысы кезіндегі операцияның уақыт нормасы. Пресстеу, жабдықтар, технологиялық саймандар және құжаттар. Кемелік конструкцияларды вакуумды пресстеу (эластикалық паунсонмен) әдісімен кемелердің конструкцияларын дайындау.

Конструкцияны пенопластыдан дайындау

Химиялық технологиямен эпоксидті және полиуретанды пенопластаны алу технологиясы бойынша технологиялық құжаттар. Пенопластыларды дайындаушы құрылғы және блоктардың жүргізгіштігін даярлау. Қолмен істеу тәсілімен пенопластыны даярлау.

Үшқабатты кемелер конструциясын және кеменің қораптарын (қыдырушы қайық, жұмысшы, құтқарушы шлюпканы), пенопласта мен әйнектіпластикадан блокты конструкцияны дайындау. Эпоксидті және полиуретанды пенопластыны алу үшін барлық компоненттерінің қажетті санын есептеу.

Әйнектіпластиканы механикалық өңдеу

Дайындама жиегінен есепті өлшемінен бөлшек контурын және өс сызығынан және бөлшектің контурын шаблонмен белгілеу. Пневматикалық немесе электрлі инструментпен, қолмен әйнектіпластиканың бірқабатты және көпқабатты конструциясының бөлшегіне тесік бұрғылау. Қол инструменттерімен және тұрақты жабдықтармен әйнектіпластикалы бұйымдарды өңдеу.

Кеме қораптарын және кемелердің конструкцияларын құрастыру

Кеме қораптарын және кеме конструкцияларын құрастырудың технологиялық процессі.

Қораптың конструкцияны құрастыру: орнату және секцияларын бекіту, саймандарға бірлік құрастырушы, бөлшектерді және тораптарын қалыптау, қосылыстарын герметизациялау, мықтылығын сынау. Майда кемелерді қорабын құрастыру, қайықты құрастыру: құрастыру және төрт секцияларын, қалқаны, орнату және қалыптан соңғы жүзгіштігі және банок, қосылыс орындарын және ішкі беттерін сырлау.

Катерлерді құрастыру: құрастыру және қолқанды, выгородокты, орнату және приформовка банок, қосылыс орнын, ішкі беттерін сырлау, орнату және қалыпқа құйу, қаптарды, каптарды, үстіне орналастыруды, бөлшектерді толтыру. Ірітоннажды кемелерді құрастыру: түптік және борт секцияларын орнату, қалқанды, переборок және выгородрк, заформовка және секция жақтауларын қалыпқа құйу, секция жақтауларының суөткізбеушілігін сынау. Орнату қыйыстыру және приформовка палуб, платформ. Үстіне салу және рубка, проформовка капов және орнату. Өткізбестігін сынақтау.

Кеменің қорабын және конструкциясын құрастыру кезіндегі такелажды жұмыстар: тораптары мен секциясын строповкалау, қолданылатын құрал-саймандар, жүкті көтеру тәсілдері. Еңбек қауыпсыздығының тәсілдері.

Бөлшектерді орнату және қораптың конструкциясы әйнектіпластикада құрастыру

Толыққан бөлшектерді бекіту және қораптың конструкциялардың қосылысы бойынша техникалық және технологиялық құжаттар. Жақтаулық желіледенген және қалыпты-болтты құрастыру. Қорапты конструкцияны приформовкалау, металды бөлшектерді орнатуға дайындау. Нығыздаушы пастаны герметика негізінде, эпоксидті шпаклевканы, компаунуы және байланыстырушы кесілген әйнектіволокнамен қолдану.

Қосылыстың өткізбестігін сынақтау.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Похожие:

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Біліктілігі: 010401 3 Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық аталымдар бойынша)
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Мамандығы: 0403000 Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы
Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 0700000 – Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница