Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп.




НазваниеАнкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп.
страница1/11
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.41 Mb.
ТипАнкета
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/e96c0b87-2f66-11e3-88ee-f6d299da70eeУМКД ММиСП 03.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-2.1.006/03 -2013

Шағын және орта кәсіпорын менеджменті пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№ 2 27.08.2009 ж.

басылым орнына

Басылым № 3

18.09.2013ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫН МЕНЕДЖМЕНТІ



5В050800 «Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы»,

мамандықтарына арналған


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ


Семей – 2013


Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы



Глоссарий

Анкета – сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы.

Әкімшілік мектеп — өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. Бұл мектептің негізгі ережелері А.Файольдің «жалпы және өндірістік басқару» жұмысында жасылған.

Басқару – ұйымдасқан жүйеге нысыаналы түрде ықпал жасау, оның беогіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдану.

Басшы – басқару объектісіне (бағынышты ұжымға) ықпал жасаушы және жеке дара басшылық жағдайында оның қызметі үшін заң, жоғары тұрған орган, мемлекет немесе меншік иесе, алдында жауап беретін тұлға. Кәсіпорынды басқару жүйесінде Б-ның орны мен рөлі басшылықтың түріне байланысты.

Билік – қандайда бір құралдар: ерік, жігер, күш, бедел, құқық арқылы адамдардың характеріне, мінез-құлқына белгілі-бір ықпал жасау тәсілі мен мүмкіндігі.

Басқарудың демократялық стилі – басшының бағынушыларына қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллеектуалды мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды қолайлы етуге тырысады.

Басқару кадрлары – басқаруға толық қатысатын және басқару аппаратын құрайтын кәсіби жұмысшылар.

Басқару объектісі — басқарылатын жүйе (кәсіпорын, бөлімшелер, адамдар тобы)

Басқару құрылымы – басқармадағы звенолардың жекелеген жұмыскерлер жиынтығын және олардың бағыныштылығы арасындағы тікелей және көлбеу байланыстар.

Бәсеке – (лат. Conkurentia - қақтығысу, жарысу) тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.

Бизнес - (кәсіпкерлік) – қоғамның тауарларға немеск қызметтер мен жұмыстарға деген тұтынушылық қажеттіліктерін өтеуге және пайда табуға бағытталған экономикалық қызмет.

Бизнес-жоспар – кәсіпорынды белгілі-бір кезеңге дамыту мақсатында кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді, стратегиялық жоспар

Бақылау — іс-әрекет бағдарламасының жүзеге асқандығын тексеретін басқару функциясының бір түрі, әрі басқарудың логикалық схемасының негізі элементі бір түрі.

Еңбек ресурстарын басқару – кәсіпорын (ұйым, фирма( кадрларын таңдауға, орналастыруға, оқытуға, олардың қызметін бағалауға, ықпал жасау мақсатындағы нысаналы әрекет.

Еңбекті ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар.

Жетекшілік – басшылық, жекелеген адамдарға немесе топқа ықпал етіп, олардың күш-жігерін басқару мақсатына қол жеткізуге бағыттау қабілеті.

Жоспарлау – жоспар жасау процесі, онда нақты объектінің мақсаты. Мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, реті тәптіштеледі.

Заңдық билік — Белгілі-бір дәстүрге негізделіп әсер ету түрі

Имидж – адамның бет-бейнесі, оның қоғамдағы беделі; фирманың тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі.

Келіспеушілік — екі немесе оан да коп жақтың келісеушілігі

Коммуникация – қарым-қатынас, екі не оданда көп адамдардың өзара түсінісуіне негізделегн байланыс; бір-бірімен ақпарат алу алмасу процесі.

Келісім – екі жақтың арасындағы құндылықтар мен коммерциялық айырбасы

Кері байланыс — басқарудың объектісінен субъектіге келіп түсетін ақпарат; бұйрықтың орындалуы және орындалғаннан кейінгі жай туралы ақпарат.

Қажеттілік –жеке адамның тұлғасы мен мәдени деңгейіне байланысты ерекше қалпын қабылдаған мұқтаждықтың бір түрі.

Қоршаған орта — басқару жүйесінің айналасындағының бәрі: жеткізушілер, сатып-алушылар, бәсекелестер с.с.т.б..

Лидер — топқа басшылықт теуді өте ұтымды,тиімді жүзеге асырушы адам.

Мотивациялау (ынталандыру) —адамды қандай да бір мақсатқа (өзінің немесе ұйымның мақсатына) жетуге талпынатын іс әрекетін ояту.

Стратегия — болашаққа есептелген мақсатқа жетудің жалпы жаспары.

Тұлға- саналы қатынастар мен әрекеттердің субъектісі ретіндегі адам

Тактика – экономикалық, әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсаттарға жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер.

Темперамент — адамның іс-әрекеттерінің динамикасын анықтайтын психикалық қасиеттерінің өзара үйлесуі

Ұйымдастыру — бір топ адасмдардың іс әрекетін белгілі-бір мақсатқа жету үшін кординациялау

Ұйымдастыру техникалары – еңбек құралдары, байланыс құралдары, құрал жабдықтар және т.б.

Ұсыныс – сатушылардың немесе тұтынушылардың белгілі бір уақытта белгілі-бір баға бойынша ұсынылатын тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы

Харизма — Басшының тумасынан өзіне тән жеке қасиеттеріне негізделген әсер ете білу ықпалы.

Этикалық нормалар — ұйымның өз қызметкерлерінен талап ететін ережелер


2. Дәрістер


Тақырып № 1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Менеджмент туралы түсінік

  2. Кәсіпкерліктің мәні және негізі

  3. Шағын және орта кәсіпорындарды басқару

1. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол күш» деген мағынаны білдіреді.

Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.

Менеджменттің деңгейлері: жоғарғы, орташа және төменгі (Мудле, ловер, мидле).

Муггле менеджмент - өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, завод директорлары, олардың орынбасарлары т.б. – оперативтік жұмыстарға, ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіруге және өткізуге, есеп пен бақылауды жолға қоюға, кадр саясатын жүзеге асыруға жауап береді: «... дәстүрлі ортаңғы басшылардың жұмысы, - деп есептейді Дракер, - көп жағдайда бір сарынды. Оған шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Оның міндеті – қабылдаған шешімді жүзеге асыру. Көпшілік жағдайда ортаңғы басшылар жергілікті жағдайды ескере отырып, шешімді орындауы тиіс».

Ловер менеджмент – басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар – цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары – жұмысшылар мен қызметшілерге тікелей басшылық етеді. Олардың алдында тұрған негізгі міндеттер – жұмыскерлерді компанияға адал болуға тәрбиелеу, әр түрлі әлеуметтік дау-дамайды басу, компания мақсатына жету үшін тек дене күшін ғана емес, ақыл-ой энергиясын да жұмылдыра білуі тиіс.


2 Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді [2].

Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын жатқызады.

Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммерциялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.

Кәсіпкерлік субъектілер жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар жеке және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.

Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер.

Кәсіпкерліктің маңызды белгілері:

  • шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауға еркін.

  • Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.

  • Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағдайлар қажет:

  • Экономикалық. Экономикалық жағдай тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.

  • Құқықтық жағдай кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы.

  • Әлеуметтік жағдай жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде бизнестің ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.


3. Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын кәсіпкерлік, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Шағын бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.

Шағын бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.

Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Шағын және орта кәсіпорындарды басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

  • жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);

  • ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);

  • мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);

  • бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);

СӨЖ сұрақтары

  1. Дамыған елдерде менеджментке көзқарас

  2. ҚР кәсіпкерліктің түрлері

Семинар сұрақтары

  1. ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

  2. Шағын бизнесті дамыту және қолдау жүйесі

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006

3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006

4. Бердалиев К. Басқару негіздері, Алматы. 1997

5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005

6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г

Адильбеков М.Т. Кәсіпкерлік негіздері, Семей, 2004

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. iconАнкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп.
Ассортимент – Тауарды өндіруші кәсіпорынның нарыққы ұсынған барлық тауарлары мен қызмет түрлерінің жиынтығы
Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. iconБілім негізі – бастауыш мектеп
Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани...
Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. icon266 мектеп-лицей бойынша 2011-2012 оқу жылына арналған бірлестіктің 12 жылдық білім беруге көшуге бағытталған жұмыс жоспары

Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. iconМм «Оқу-тәрбие кешені №9 орта жалпы білім беретін мектеп»
Мм «Оқу-тәрбие кешені №9 орта жалпы білім беретін мектеп» мектеп жанындағы лагерде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға ыстық...
Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. icon8 «А», №7 мектеп- лицейі, Жезқазған қ. Жетекшісі: Ихашова Е. Т. Функция ұғымын анықтау
Функция аса маңызды математикалық ұғымдардың бірі және де ол заттар мен құбылыстардың өзара байланысын бейнелейді
Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. icon«29» тамыз 2010 жыл 2010-2011 оқу жылындағы мектептің тақырыбы
Сапалы білім, саналы тәрбие, сауықтыру және әлеуметтендіру біртұтас жүйесін қамтамасыз ететін, нәтижеге бағытталған мектеп моделін...
Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. icon1-4 сыныптар) «Тіл және әдебиет» білім саласы Сауат ашу (оқу, жазу) 1-сынып
Мектеп. Мектеп, сынып мүліктері. Партада отыру ережесі. Әліппе оқулығы. Оқу құралдары. Оларды пайдалану ережелері
Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. icon1-4 сыныптар) «Тіл және әдебиет» білім саласы Сауат ашу (оқу, жазу) 1-сынып
Мектеп. Мектеп, сынып мүліктері. Партада отыру ережесі. Әліппе оқулығы. Оқу құралдары. Оларды пайдалану ережелері
Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. iconМият:--бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Шұғыла
Мият: -армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым
Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. iconӨлеңдер [Текст] : художественная лит-ра / Құнанбаев А. Алматы : Мектеп, 1987. 159 б с. (Мектеп кітапханасы)
А. Өлеңдер [Текст] : художественная лит-ра / Құнанбаев А. Алматы : Мектеп, 1987. 159 б с. (Мектеп кітапханасы)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница