Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
страница6/7
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.83 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.karazhal.kz/files/obrazovanie_kk.doc
1   2   3   4   5   6   7
Елiмiздiң индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына сәйкес келетiн жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрлармен қамтамасыз ету
      Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының құрылымы үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың сұраныстарына сәйкес өзгертiлетiн болады.
      Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның (бұдан әрi – ҮИИДМБ) басымдықтарына сәйкес келетiн мамандықтар бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы ұлғайтылады.
      Бiлiм ұйымы, кәсiпорындар мен ҮИИДМБ жобалары үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттiк тапсырыс бойынша оқитын студенттермен практикадан өту және жұмысқа орналасу жөнiнде шарттар жасалатын болады.
      Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемi: магистратурада және PhD докторантурада, оның iшiнде Назарбаев Университетi үшiн ұлғаяды.
      «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша стипендиаттардың 100 %-ы магистратурада, докторантурада, ғылыми тағылымдамаларда оқитын болады, бакалавриатта – бiр семестрден академиялық бiр жылға дейiн.
      ЖОО-ның кафедрааралық байланысы негiзiнде жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiмдi мамандар даярлау қарастырылады.
      Жоғары бiлiм беру жүйесiнде педагогикалық және техникалық мамандықтардың студенттерiне өндiрiсте кеңейтiлген практика енгiзiлетiн болады.
      ЖОО-лар базасында ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер мен қызметтер жасау үшiн ЖОО-лардың, бейiндi ғылыми ұйымдар мен кәсiпорындардың консорциумдары құрылатын болады.
      Әлеуметтiк әрiптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшiн гранттар мен стипендиялар (ҮИИДМБ-дiң әр жобасынан 5 грант/стипендия) бөледi.
      ҮИИД-iң жобаларын iске асыратын кәсiпорындарда өндiрiстiк практика базалары құрылатын болады.

      Жоғары бiлiмнiң мазмұны мен құрылымын Болон процесiнiң параметрлерiне сәйкес келтiру арқылы жоғары бiлiмнiң еуропалық аймаққа кiрiгуiн қамтамасыз ету
      Болон процесiнiң шеңберiнде мынадай мiндеттi, ұсынымдық параметрлерi орындалады:
      академиялық еркiндiк – бiлiм беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында таңдау бойынша компонент көбейедi: бакалавриатта 70 %-ға дейiн, магистратурада 80 %-ға дейiн, докторантурада 90–95 %-ға дейiн;
      Болон декларациясы принциптерiнiң бiрi ретiнде академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында студенттер оқудың барлық кезеңiнде кемiнде бiр академиялық мерзiмде шетелде оқытылады, оның iшiнде Президенттiң «Болашақ» бағдарламасының гранты есебiнен;
      ЖОО-лардағы тәрбие жұмыстарын күшейту;
      сыбайлас жемқорлық деңгейiн едәуiр төмендету;
      ЖОО-лардың академиялық, қаржылық және басқарушылық қызметiнде ЖОО-лардың автономдық ұстанымдары iске асырылады;
      12 жылдық бiлiм берудi iске асыру шеңберiнде бакалавриаттың бiлiм беру бағдарламаларының құрылымындағы жалпы бiлiм беретiн пәндер циклiнiң үлесi 25 %-дан 15 %-ға дейiн азаяды;
      еңбек нарығының сұраныстарына арналған елiмiздiң жоғары оқу орындарының бiлiм беру бағдарламаларының икемдi әрекет ету тетiгi енгiзiледi – модульдiк бiлiм беру бағдарламалары әзiрленедi;
      Болон процесiнiң және академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.
      Еңбек және жұмыспен қамтудың уәкiлеттi органымен бiрлесiп, салалық министрлiктер мен жұмыс берушiлердiң қатысуымен Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi құрылады:
      бiлiм берудiң түрлi деңгейлерiндегi қазiргi бiлiктiлiктер ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында танылатын көпдеңгейлi бiлiктiлiк жүйесiне бiрiктiрiледi;
      жұмыс берушiлер бiрлестiктерi нақты мамандықтар шеңберiнде бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн кәсiптiк стандарттарды әзiрлейдi;
      мамандардың кәсiби дағдылары мен бiлiктiлiктерiнiң сапасын тәуелсiз бағалау мен сертификаттау жүйесi енгiзiледi.
      ЖОО-лар әзiрлеген бiлiм беру бағдарламалары Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi талаптарына сай келетiн болады.
      Бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруға және ғылыми-зерттеу қызметiн жүзеге асыру көлемiне байланысты мынадай республиканың ЖОО жiктеуiшiнiң жүйесi құрылады: ұлттық зерттеу университеттерi, ұлттық жоғары оқу орындары, зерттеу университеттерi, университеттер, академиялар мен институттар.
      Назарбаев Университетi моделi негiзiнде бiлiм, ғылым, қаржы, халықаралық және басқа қызметтi жүзеге асыруда дербес болу деп түсiндiрiлетiн жоғары оқу орындары автономиясының принциптерi әзiрленетiн болады. Мемлекеттiк ЖОО-лар автономды коммерциялық емес ұйымдар болады. Сонымен қатар ЖОО-лар есеп беруге тиiстi қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметi айқындалатын тетiктер құрылады. Мемлекеттiк ЖОО-лар үшiн ректорларды тағайындау тетiгi жетiлдiрiледi.
      Елiмiздiң ЖОО-ларына кезең-кезеңiмен автономия беру үшiн жағдайлар жасалады. 2015 жылдан бастап автономия ұлттық зерттеу университеттерiне, 2016 жылдан бастап – ұлттық жоғары оқу орындарына, 2018 жылдан – қалған жоғары оқу орындарына берiледi.
      2016 жылдан бастап үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың басым салаларының салалық бiлiктiлiк шеңберiне сәйкес бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу жұмысы жалғастырылатын болады.

      Жоғары бiлiм сапасын бағалау жүйесiнiң жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету
      Уәкiлеттi органның тiзiлiмiне енгiзiлген аккредиттеу ұйымдары жоғары оқу орындарын аккредиттеудi жүргiзедi.
      2020 жылға қарай ұлттық аккредиттеу органдары Аккредиттеу агенттiктерiнiң тiзiлiмiне енедi (Еуропалық сапаны қамтамасыз ету агенттiктерiнiң тiзiлiмi).
      2012 жылдан бастап аккредиттеудi коммерциялық емес үкiметтiк емес аккредиттеу агенттiктерi жүзеге асырады.
      ЖОО-ын ұлттық аккредиттеуден өтуге уәждейтiн шарттар әзiрленедi. Атап айтқанда, Уәкiлеттi органның тiзiлiмiне енгiзiлген агенттiктерде институционалдық және арнайы аккредиттеуден өткен ЖОО-лар аккредиттеу мерзiмiнде аккредиттеу бағдарламалары бойынша мемлекеттiк аттестаттаудан босатылады. Олар өзiндiк үлгiдегi дипломдар бере алады, анағұрлым жоғары деңгейдегi бағдарламаларды iске асыра алады, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқыта алады.
      2015 жылдан бастап ЖОО мен колледждер үшiн мемлекеттiк аттестаттау ұлттық институционалды аккредиттеуге толық ауысады. Мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк органдар лицензиялық тексерiстер нысанында жүзеге асырады.
      Ұлттық ЖОО-лар ұлттық аккредиттеумен қатар халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтедi.
      Қазақстандық ЖОО-лардың 65 %-ы халықаралық стандарттарға сәйкес тәуелсiз ұлттық институционалды аккредиттеуден өтедi. Сонымен қатар ЖОО-лар тәуелсiз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өтетiн болады.
      Ұлттық тәуелсiз рейтингтер өткiзуде мемлекеттiк қаржылық қолдау көрсетiледi.
      Қазақстанның ЖОО-лары әлемнiң үздiк университеттерiнiң рейтингiне қатысады. Кемiнде екi ЖОО әлемнiң үздiк университеттерiнiң рейтингiнде аталады.

      ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын дамытуды қамтамасыз ету
      2014 жылдан бастап жыл сайын оқу-зертханалық базасы жаңартылатын ЖОО-лардың үлесi 10 %-ға көбейедi. ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасын дамыту үшiн мемлекеттiк-жеке әрiптестiк есебiнен қаражат тартылатын болады.
      Жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлiмшелерi болатын 4 Орталық құрылады: Бизнес-инновациялық орталық (жоғары бiлiм мен инновациялар аймағы); Жұмысшы кәсiбiнiң орталығы және Дәнекерлеу орталығы; Тамақ технологиялары бойынша шағын цехы бар азық-түлiк қауiпсiздiгi орталығы, конкурс негiзiнде Аудармашылар бюросы.
      Оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу және оларды басып шығару, оқулықтарды мемлекеттiк тiлге аудару, ЖОО кiтапханаларын қажеттi оқу әдебиетiмен толықтыру қамтамасыз етiледi. Қазақстандық оқулықтармен қатар таңдаулы шетелдiк оқулықтар қолданылады, әсiресе экономикалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша.

       Бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң кiрiгуiн қамтамасыз ету, зияткерлiк меншiк пен технологиялардың өнiмдерiн коммерцияландыру үшiн жағдай жасау. Жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау
     Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi, басқа ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзуде қатысатын зерттеу университеттерi құрылады, олардың даму бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Зерттеу университеттерiнiң негiзгi мiндетi жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм деңгейлерiнiң барлығында ғылыми қызметпен бiлiм беру процесiн бiрiктiру болады. Зерттеу университетi жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға, сондай-ақ оқуға қабылдау кезiнде бейiндi бағыттың қосымша талаптарын белгiлеуге құқылы.
      Бiлiм мен ғылымның бiрiгуi жекелеген ғылыми-зерттеу институттарын заңдық дербестiк құқығымен жетекшi зерттеу университеттердiң құрамына беру арқылы жүзеге асырылады.
      Елдiң индустриялық-инновациялық даму бағыттарын iске асыру үшiн жоғары оқу орындары негiзiнде инновациялық құрылымдар құру үшiн базалық ЖОО-ны айқындау тетiктерi әзiрленедi:
      бизнес-инкубаторлар, оның iшiнде:
      2013 жылы – «Энергетика» бағыты бойынша; 2014 жылы – «Мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы»; 2015 жылы – «Химия өнеркәсiбi»;
      технопарктер, оның iшiнде:
      2013 жылы – «Металлургия және дайын металл өнiмдерiн өндiру» бағыты бойынша; 2014 жылы – «Машина жасау»; 2015 жылы – «Жеңiл өнеркәсiп»;
      ғылыми әзiрлемелер мен технологияларды коммерцияландыру орталықтары.
      Елiмiздiң жетекшi ЖОО-лары жанынан жоғары бiлiктi ғылыми-педагог кадрларды даярлау және инновациялық қызметтi дамыту мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзу, зияткерлiк меншiк құқығын қорғауды одан әрi қамтамасыз ете отырып, зияткерлiк меншiктiң бәсекеге қабiлеттi өнiмдерiн жасау үшiн ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардың бiрлескен құрылымдық бөлiмшелерi ашылады: 2011 жылы – 5 бiрлескен құрылымдық бөлiмше; 2012 жылы – 8, 2013 жылы – 10, 2014 жылы – 12, 2015 жылы – 15.
      Жеке меншiк секторды ғылыми және инновациялық қызметке тарту бойынша оларды экономикалық ынталандыру шаралары әзiрленген.
      2015 жылдан бастап Назарбаев Университетi жоғары кәсiби мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады. Назарбаев Университетiнiң тәжiрибесi бiртiндеп елдiң жұмыс iстеп тұрған жоғары оқу орындарына енгiзiледi.
      2016 жылдан бастап:
      жетекшi шетелдiк әрiптес жоғары оқу орындарымен бiрлесiп, бiлiм беру бағдарламалары әзiрленедi;
      жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өнiм жасау үшiн экономиканың басым бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi;
      әрiптес университеттермен және шетелдiк ғылыми орталықтармен бiрлесу жүзеге асырылады.
      Нәтижесiнде, iргелi және қолданбалы зерттеулердi кеңейту үшiн университеттердiң маңызды ғылыми әлеуетi тиiмдi қолданылады, олардың кешендiлiк және практикалық нәтижелiлiгi артады.

 Өмiр бойы оқу

      Мақсаты:
      Өмiр бойы бiлiм алу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

      Мiндетi:
      Баршаға арналған бiлiм, өмiр бойы бiлiм алу үшiн жағдай жасау.

      Нысаналы индикатор:
      Барлық жастағылар үшiн бiлiм берудiң әртүрлi нысандары мен типтерiн енгiзу.

      Өмiр бойы оқу бiлiм алудың барлық деңгейiнде адамның бiлiм алуға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырудың түрлi мүмкiндiктерiн жасау есебiнен жүзеге асырылады.
      2020 жылға қарай өмiр бойы оқу үшiн жасына, бiлiмi мен кәсiби бiлiктiлiк деңгейiне қарамастан жағдайлар жасалатын болады.
      Жасына және әлеуметтiк жағдайына қарамастан барша халыққа техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм жүйесiнде оқытудың түрлi нысаны және бiлiм беру қызметтерiн жекеше берушiлер арқылы (қашықтықтан оқыту, қайта бiлiктiлiк беру, формалды, формалды емес, инклюзивтi қысқа мерзiмдi курстар) жаңа базалық дағдыларды игерудi қоса алғанда, негiзгi дағдыларды игеру мен жетiлдiру мүмкiндiгi ұсынылатын болады. Оқу орындарымен, сондай-ақ әлеуметтiк әрiптестермен бiрлесiп, өндiрiстен қол үзбей оқыту қарастырылатын болады.
      Бiлiм беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды кәсiби даярлау үшiн жағдайлар жасалатын болады, модульдiк бiлiм беру бағдарламалары жасалады.
      Халықтың ересек тобын қайта мамандандырудың ваучерлiк жүйесi әзiрленетiн болады.
      Өндiрiсте жұмыс iстей жүрiп, адам өзi оқытудың түрлерiн, қарқынын және мерзiмiн таңдап, бiлiм алу процесiн дербестендiре алады. Бiлiм алушылардың тәуелсiз коммерциялық емес агенттiктерде өздерiнiң алған бiлiктiлiк деңгейiн бағалаудан өтiп, сертификаттар алуы арқылы мемлекеттiк және жекеше бiлiм беру қызметтерiн ұсынушыларды оқыту нәтижелерiн тануда тиiмдi шаралар әзiрленетiн болады.
      Өмiр бойы оқыту оқытудың формалды және формалды емес нысандарының тұтастай спектрiн, инклюзивтi бiлiм берудi қоса алғанда, мектеп жасына дейiнгi жастан бастап зейнеткерлiкке шығу жасынан кейiнгi оқытуды қамтитын болады.
      Инклюзивтi бiлiмдi дамыту тиiстi бейiндегi мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының жанынан консультациялық-практикалық орталықтардың құрылуына ықпал етедi.
      Жұмыс берушiлер оқу бағдарламаларын қоса қаржыландыруға және әрбiр қызметкердiң үздiксiз бiлiмге қатысуына мүмкiндiк беретiн икемдi сызбаларды дайындауға тартылады.
      Барша қазақстандық азаматтар мемлекеттiк тiлдi толық меңгергенге дейiн тiлдердi меңгерудiң халықаралық стандарттары негiзiнде мемлекеттiк тiлдi үздiксiз оқытатын «Балабақша - мектеп, кәсiптiк лицей, колледж – жоғары оқу орындары» жүйесi құрылатын болады.
      Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, магистранттар, түрлi сала қызметкерлерi) мен Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтар үшiн сертификат бере отырып, қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi – Қазтест енгiзiледi.

 Тәрбие жұмысы және жастар саясаты

      Мақсаты:
      Жастардың бойында белсендi азаматтық ұстанымды, әлеуметтiк жауапкершiлiктi, отансүйгiштiк сезiмдi, жоғары адамгершiлiк және көшбасшылық қасиеттердi қалыптастыру.

      Мiндетi:
      Жастарды отансүйгiштiкке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсендiлiгiн, әлеуметтiк жауапкершiлiгiн және әлеуетiн ашу тетiктерiн қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру.

      Нысаналы индикатор:
      Жастар саясаты саласындағы iс-шараларды iске асыруға белсендi қатысатын жастардың олардың жалпы санынан үлесi (2015 жылы – 27 %, 2020 жылы – 55 %).

      Жастар саясатын iске асыру қазақстандық патриотизмдi, рухани-адамгершiлiк мәдениеттi тәрбиелеу, ұлттық сәйкестiктi қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
      2011 жылдан бастап:
      консультациялық, ақпараттық-талдамалық, оқыту және басқа да қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде жастардың үкiметтiк емес ұйымдары базасында қызметтi жүзеге асыратын облыстық және республикалық әлеуметтiк қызметтер одан әрi дамитын болады;
      республикалық деңгейде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру шеңберiнде ерiктi, әскери-патриоттық ұйымдардың, әскери-спорттық, әскери-iздеушi және спорттық-техникалық клубтардың желiсi 20 дан 30-ға дейiн көбейедi;
      бiлiм беру ұйымдарында спорт секцияларының желiсi дамытылады;
      қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру мақсатында тұрақты негiзде мемлекеттiк рәмiздердi таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тiлiн бiлу жөнiнде iс-шаралар жалғастырылатын болады;
      түрлi жобаларды iске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық мәдениетiн қалыптастыру жөнiнде мақсатты шаралар қабылданатын болады.
      Алматы қаласы үлгiсiнде жастардың үкiметтiк емес ұйымдарының және жастардың қызметiн үйлестiрудiң орталықтандырылған жүйесiн құру мақсатында жастар саясаты басқармасы құрылады.
      Девиантты және деликвенттi балалармен жұмысты күшейту жоспарлануда. Балалар мен жасөспiрiмдер арасында девиантты мiнез-құлықтың алдын алуы түрлi факторлардың өзара iс-қимылымен қамтамасыз етiлетiн болады: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта және тұтас қоғам.
      Одан басқа, тәрбие мен оқытуды, девиантты және деликвенттi мiнез-құлықты балаларды әлеуметтiк оңалтуды қамтамасыз ету бойынша арнайы бiлiм ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм ұйымдарына баса назар аударылатын болады.
      Бiлiм беру жүйесiне кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарын беруге байланысты олар Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығы (бұдан әрi – КТБО) болып қайта ұйымдастырылады.
      КТБО-ның негiзгi мiндетi – кәмелетке толмағандардың дағдарыс жағдайынан шығуға және өмiрiн орнықтыруға, баланы отбасымен қосуға көмек көрсету мен отбасын әрi қарай сүйемелдеу.
      Тұтас алғанда, мектепке дейiнгi жастан бастап тәрбиеге ерекше көңiл бөлiнетiн болады.

      
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница