Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
страница5/7
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.edu.gov.kz/sites/default/files/gpro_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


      Мақсаты:
      Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.


      Міндеттері:
      1. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту.
      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.
      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.


      Нысаналы индикатор:
      Ескерту. Тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (2015 жылы - 74%, 2020 жылы - 100%).


      Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту
      2020 жылы 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз ететін мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар желісі дамитын болады.
      Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін түзету және инклюзивтік білім кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға дейін барлық балабақшалардың жалпы санынан түзеу және инклюзивті білім кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғаяды.
      Мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдарының желісін сақтау және ұлғайту мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнайы балабақшалар ашылады. Мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдарының үлесі олардың жалпы санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы – 2,5 %-ды құрайды. Ұйымдарға кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасау арқылы балабақшалардың үлесі олардың жалпы санынан 2011 жылы 1 %-дан 2020 жылы 10 %-ға дейін ұлғаяды.


      Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету
     "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, сондай-ақ "Балбөбек", "Қайнар" және т.б. сияқты бірқатар баламалы бағдарламалар жаңартылатын болады;
      480408 орын енгізіледі, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз етеді;
      2015 жылға дейін жоғары оқу орындарында және ТжКБ ұйымдарында мектепке дейінгі білім беретін 18 мыңнан астам педагог қызметкерлер даярланады.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қайта даярлау жүзеге асырылады.
      2020 жылға қарай:
      өңірлердің ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі ұйымдардың түрлі модельдерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, оңтүстік өңірлерде – жекеменшік коттедждердегі балабақшалар, жұмысқа отбасы мүшелерін тарта отырып, тұрғын жайлар базасында 5–6 балаға арналған отбасылық балабақшалар. Солтүстік өңірлерде – оқушылық орынның профициті есебінен жалпы білім беретін мектептер базасында шағын орталықтар. Қалаларда тұрғын үй кешендерінің төменгі қабаттарында – шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар. Барлық өңірде – «Мектеп-бақша» кешендері. Мемлекеттік балабақшалардың баламасы ірі компаниялар, ұйымдар, кәсіпорындар жанындағы балабақшалар болады;
      мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы орындар саны 373 мыңнан 662 мыңға дейін көбейтіледі;
      балабақшалардағы топтардың толықтырылуы жас ерекшелік нормаларына (бөбектер тобы – 17, орта – 22, ересектер – 27) сәйкес 27-ден (ел бойынша орташа) 22-ге дейін азайтылды;
      мектепке дейінгі жастағы барлық бала санынан мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалардың саны 70 %-дан 100 %-ға дейін көбейтіледі.
      10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОӘК әзірленеді, оның ішінде 2016 жылы – 8, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 8, 2020 жылы – 8 бірлік.


Орта білім


      Мақсаты:
      Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу.


      Міндеттері:
      1. 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру.
      2. ШЖМ проблемаларын шешу.
      3. Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.


      Нысаналы индикаторлар:
      2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады (2015 жылы – 1, 5, 11-сыныптар).
      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мектептердің саны (2020 жылы – 20).
      Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі (2015 жылы – 60 %, 2020 жылы – 70 %).
      Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері (2015 жылы: PISA – 50–55 орын, TIMSS – 10–15 орын, 2020 жылы: PISA – 40–50 орын, TIMSS – 10–12 орын, PIRLS – 10–15 орын). Инклюзивті білім үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі олардың жалпы санынан артады (2015 жылы – 30 %, 2020 жылы – 70 %).


      Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Құзыреттілік тәсіліне және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
      Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі – әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер Өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады.
      Типтік оқу жоспарлары және бағдарламалары:
      функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға;
      білім алудағы тұлғаның өзін-өзі дамытуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға;
      ақпараттар мен технологияларды басқара білуге және проблемаларды шешуге;
      іскерлік пен креативтілікті қалыптастыруға бағытталған.
      2011 жылы бастауыш білімнің жоспарлары және бағдарламалары жаңартылады, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім берудің құзыреттілік тәсілі негізінде оқу бағдарламалары әзірленеді.
      2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибе элементтері (мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқыту әдістемелері және технологиялары) білім беру жүйесіне енгізілетін болады.
      2012 жылы жалпы орта білімнің МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат) МЖБС-мен біріктіріледі – жоғары білімнің жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері (әлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және т.б.) оқу жүктемесін көбейтпей, «Бейіндік мектептің» бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі.
      2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық бағыттар бойынша "Бейіндік мектеп" бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі.
      Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар мен ОӘК, түзеу білім беру ұйымдары үшін электрондық оқулықтар, аударма және оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзірлеу және оқулықтарды сараптамадан өткізу функциялары бөлінеді.
      2013 жылы оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, ал 2014 жылы олар сараптамадан өтеді.
      2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың, 2016 жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың оқушылары үшін оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша балама оқулықтар мен ОӘК-лер дайындалады.
      Қазақстандық оқулықтармен қатар ҚР БҒМ рұқсат берген тізбеге енгізілген математика, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар қолданылатын болады.
      2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.
      2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дәйекті көшу мынадай сызба бойынша басталады:



Жылдар

Оқытудың 12 жылдық бағдарламасы бойынша

Оқытудың 11 жылдық бағдарламасы бойынша

2015 – 2016

1, 5, 11

2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 11

2016 – 2017

1, 2, 5, 6, 11, 12

3, 4, 7, 8, 9

2017 – 2018

1, 2, 3, 5, 6, 7, 11, 12

4, 8, 9

2018 – 2019

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12

9

2019 – 2020

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12




      11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сыныбына көшу 2015 – 2016 оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейін жүзеге асырылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің 11 және 12-сыныптарында оқыту ақысыз болады.
      Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың жалпы саны шамамен 2,7 млн. баланы құрайды.
      Олардың ішінде 12 жылдық бағдарлама бойынша: 1-сыныпқа – 600 мың баладан аса (шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың және 7 жастағы балалар 150 мың). Сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 30 мың;
      5-сыныпқа – 260 мыңнан астам, сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 13 мың;
      11-сыныпқа – шамамен 175 мың бала, сынып-жинақтардың болжамды саны – 8 мыңнан астам.
      2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында «Бейіндік мектеп» бейінді оқу бағдарламасы іске асырылады. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.
      Бейіндік мектепте оқуды 10-сынып бітірушілерінің 60 %-ы жалғастырады деп болжамданып отыр. Осы ретте бейіндік мектеп ашу, оның ішінде жатақханамен, оның жартысынан көбін ауылдық жерлерде ашу қарастырылып отыр. Сонымен, бір уақытта жоғары оқу орындарының базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады. Бейіндік мектепте (11 – 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын 40 жоғары оқу орны анықталған.
      Жинақталған тәжірибе мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2015 жылдан бастап Қазақстанның білім жүйесінің құрылымы ХББСК-ға сәйкестендіріледі. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуіші қайта қарастырылатын болады. Орта кәсіптік білімнің бөлек білім бағдарламалары үшінші білім жүйесіне (қолданбалы бакалавриат) ауыстырылады, колледждердің мәртебесі артады. Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларына түсу үшін толық орта білімді аяқтау қажет.


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы





      Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі әлемдік тәжірибені ескере отырып дамиды.
      Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектептерді бітіргеннен кейін:
      бастауыш мектепте – ішінара, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында;
      негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) – оқытудың одан әрі жолын анықтау мақсатында;
      бейіндік мектепте – алған білім-білігінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
      2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын қоса алғанда, білім алушылар құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының базасы құрылатын болады.
      Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
      Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу нысанында қосымша бейінді емтихандар тапсыратын болады.
      Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық алаңдар болады.
      Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі), TIMSS ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).
      Оқытудың 12 жылдық моделінің талаптарына сәйкес материалдық-техникалық база жаңартылады.
      Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі.
      Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мектептерге сервистік қызмет көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-дан 80 %-ға дейін ұлғаяды.
      2011 жылдан бастап бейіндік мектептерге, оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар әзірленеді.
      Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер салынатын болады.


      ШЖМ проблемаларын шешу
      ШЖМ-дағы білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешуге мынадай іс-шаралар ықпал ететін болады:
      2011 жылы:
      Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының базасында ШЖМ-ды дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік орталық құрылады, ШЖМ қызметінің үлгі ережесі әзірленеді;
      «Мектепке және мектептен тегін әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету» стандарты әзірленеді және қабылданады.
      2011 жылдан бастап:
      оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңберінде ұйымдастырылады;
      160 тірек мектеп ашылады.
      Тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      2020 жылға қарай ШЖМ, негізінен, бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері үшін жұмыс істейді.
      ШЖМ проблемасы тірек мектептер (ресурстық орталықтар), интернаттар, жеткізу есебінен шешіледі.


      
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2013 жылғы тамыз педагогикалық кеңестерінің секция отырыстарының
Азақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында білім...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница