Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар




НазваниеҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар
страница1/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2013/07/Veterinariya-kaz.doc
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


МАСТЕР-ЖОСПАР

Қазақстан Республикасындағы ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес модернизациялау


Астана, 2013ж


Мазмұны


1. Кіріспе.......................................................................................................2

2. Ағымдағы жағдай...................................................................................2

3. Мастер-жоспардың мақсаты, талаптары..........................................6

4. Маңызды проблемалар..........................................................................7

5. Мастер жоспардың мақсатына және талаптарына жету үшін қажетті мемлекеттік қолдау, қойылған мақсатқа және талаптарға жету жолдары:.............................................................................................................9

5.1. Жеке кәсіпкерлік секторының саласын дамыту және институттарын дамыту, мемлекеттік органдардың қатынасу механизмдерін сипаттау............................................................................................................9

5.2. Мастер-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына кірген мемлекет және жеке қаражаттар есебіне бөлінген қажетті қаражаттар көлемі................................................................................................................17

6. Күтілетін нәтижелер


5. Кіріспе

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Стратегия «Қазақстан-2050»: бекімделген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына үндеуіндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы бекітіліген (бұдан әрі- Бағдарлама).

Бағдарламада көрсетілген тапсырмаларға және көрсеткіштерге жету мақсатында, сондай-ақ ветеринария саласындағы іс-шараларды нақтылы жүзе асыруға, осы мастер-жоспар дайындалған.

2. Ағымдағы жағдай

Ветеринария, ауыл шаруашылығы ғылымы мен тәжірибесінің бір негізі ретінде жануарлардың ауруларын емдеуге алдын алуға, балауға, зерттеуге, халықты зооантропоноз ауруларынан қорғауға, олады сапалы жіне қауіпсіз жануарлар тегі өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ветеринария саласында қалыптасқан мәселелерді толыққанды шешуге республика, аймақтар оның ішінде жеке фермерлік шаруашылықтар масштабында жануарлардың жұқпалы емес және инфекциялық ауруларының алдын алу және жою бойынша кешенді бағдарламасын дайындауды қажет етеді.

Қалыптасқан тұрақсыз эпизоотиялық жағдай АӨК дамуы үшін кедергі болып табылады.

Ауруларға негізінен шекаралас аумақтар бейім болғандықтан, ол жерлерден еліміздің басқа аймақтарныа таралуда.

2012 жылы 180 инфекциялық аурулардың ошағы тіркелді, соның салдарынан Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салынды.

  1. сүрет. 2012 жылы тіркелген жануарлар аурулары ошағының саны




Кеңінен таралған аурлар болып ұсақ малдың жіне ірі қара малдың бруцеллезі болып саналады. 2012 жылы бруцеллез бойынша қолайсыз пункттердің саны 243 құрап, оның 229 сауықтырылды.

Осыған орай бруцеллезге шалдыққан жануарлардың жалпы санының ішінде ұсақ малдың қолайсыз пунктеріндегі саны 43550 құрап отыр.

9021240 ірі қара малды бруцеллезеге жоспарлы тексеру барысында барлығы 33456 бас шалдыққаны анықталып,олар санитарлық союға жіберілді.

Қолайсыз деп танылған пунктердегі бруцеллезге оң нәтиже берген жануарларды қоса есептегенде, барлығы 35877 бас анықталды (ірі қара мал бойынша қолайсыз пунттерде -2421 бас, ірі қара мал бруцеллезінен таза пункттерде 33456 бас).

Қазіргі уақытта адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулар бойынша ахуал дүне жүзінің барлық мемлекеттері үшін, оның ішінде біздің мемлекет үшін, маңызды проблема болып отыр. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы еліміздің мал шаруашылығына қомақты экономикалық шығын келтіреді. Әртүрлі мемлекеттер аумағында тіркелген жануарлардың инфекциялық ауруларының әлеуметтік маңызы бар. Жыл сайын әртүрлі мемлекеттерде жануарлардан жұққан вирустық және бактериялық (сібір жарасы, оба, құтырық және басқа) ауруларға шалдыққан адамдардың саны көбеюде, олардың арасында инфекциялық процесстің ауыр түрлерімен қатар, адам өлімі байқалуда.

Бұл жағдайлар ресеймен шекаралас біздің республикада қажетті қауіпсіздік іс шараларын қабылдауды талап етеді.

Ньюкасл ауруы, шошқаның обасы, қойдың катаралді қызбасы, ірі ұара малдың мәуекті энцефалопатиясы, қойдың шешегі және түйенің обасы, ірі қара малдық және ұсақ малдың обасы құстың тұмауы сияқты аурулар төтенше қауіп туғызады.

Соңғы 18 айда еуропа елдерінде (Болгария, Германия), Африка елдерінде (Нигерия, Оңтүстңк Африка, Танзания, Замбия) және Ресейде шошқаның классикалық обасы тіркелді.

Ірі қара мал, сондай-ақ бірқатар басқада күйіс қайырушы жабайы жануарлар ауыратын қойдың катаралды қызбасы (блютанг) байқалуда. Бұл инфекциямен ауырған жануарлардың өлім көрсеткіші 80% дейін жетіп отыр. Қойдың катаралды қызбасы 2005 жылы Португалияда, 2006 жылы Испанияда тіркелді.

Қойдың шешегі Вьетнамда, шошқаның африкалық обасы Буркино Фасода, Ньюкасл ауруы дүние жүзінің 17 мемлекетінде , оның ішінде ЕО мемлекеттерінде, скрепи Жапонияда 2005ж), және Словенияда (2006 ж) везикулярлық стоматит Белизде және Боливияда (2005 ж), Панамада және АҚШ (2006 ж) тіркелген.

Анда- санда бұрын «ұмыт бола бастаған», біраз жылдардан бері бой көтермеген медицина мен ветеринарияда белгілі инфекциялар соңғы жылдары көптеген елдерде (құтырық, аусыл, сібір жарасы сияқты және басқа да аурулар) тіркеле бастады. Аталған аурулар әртүрлі үй және жабайы жануарларды зағымдауымен инфекция ошағының шеңберен ұлғайтумен, өте жұғымталдығымен ерекшеленеді. Бұл аурулардың бірегей спорадиялық түрлерінің байқалуы аурулардың тұрақты эпизоотия түрінде қауіпі болуы туралы ескертеді. Мысалы, аусылдың көп типтілігі географиялық және климаттық жағдайларға қарамайды, сондықтан өте қысқа уақытта алыста жатқан аумақтарға тарайды. 2004 жылы аусыл 40 елде тіркелді. Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның соңғы 18 айдағы мәліметтері бойынша аусыл 11 елде тіркелген, оның ішінде 2006 жылдан бастап Қытайда, Индонезияда, Пәкістанда, Румынияда, Ресейде, Түркияда, Тайланта және 2005 жылы Монголияда, сібір жарасы Перуде, Түрікментснада, Ұлыбританияда (2006 ж).

Сонымен қатар, соңғы уақытта жануарлардың бұрын зерттелмеген жаңа аурулары таралу қауіпі төнуде. Мысалы, Шмалленберг ауруы. Ең алғаш Германияда тіркелген вирус қоздыратын Шмалленберг ауруы. Бұл аурудың аталуы 2001 жылы тамыз айында Кельн қаласынан 80 шақырым жерде 3 сиыр ауырған елді мекенге байланысты Реймс аралындағы Фридрих Леффлер атындағы жануарлар денсаулығы ғылыми-зерттеу эпидемиология институтында қойылған. 2012 жылдың қаңтарында бұл ауры Ұлыбританияда тіркелді. Шмалленберг аурының вирусы туралы мәліметтер бүгінге өте аз.

Осыған байланысты дүние жүзінде аса қауіпті аурулар, оның ішінде экзотиялық аурулар бойынша қалыптасқан эпизоотиялық ахуал, елдң мекендердің, мемлекеттердің мал шаруашылығы және құс шаруашылығы қолайлылығы үшін тұрақты қауіп болып табылады.

Бүгінгі таңға Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал тқрақты. Бірақ, жыл сайын республика аумағында құтырықтың, қарасанның, сібір жарасының, аусылдың, пастереллездің және басқа аурулардың ошақтары тіркеледі.

Мал аруларының шығуына байланысты 2007 жылдан бастап Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салынып отыр.


2-сүрет 2009-2012 жылдар аралығында экспорттау үшін рұқсат берілген және рұқсат берілмеген облыстар

2009



2010



2011



Начало 2012



группа 444группа 445

Источник: http://www.fsvps.ru/fsvps/importExport/kazakhstan/restrictions.html, Strategy Partners



2007 жылдан бүгінгі күнге дейін эпизоотиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды экспорттау үшін жабық болып отыр. 2012 жылдың басына Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарынан мал шаруашылығы өнімдерінің экспортына рұқсат етілді. Бүгінгі күнге ірі қара малдың 25% экспорттауға рұқсат етілген облыстарда орналасқан.

3. Мастер-жоспардың мақсаты, талаптары

Мастер-жоспардың мақсаты заманауи ғылыми жетістіктерге және тәжірибеге негізделген, инфекциялық және инвазиялық аурулардың төмендеуіне және таралуына, оның ішінде адам және малға ортақ аурулардың жойылуына, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республика аумағында эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін:

1) ХЭБ ұсыныстарын ескере отырып жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жүргізілетін ветеринариялық іс шараларды қайта қарау;

2) тамақ қауіпсіздігін және мал тегі өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүйесін қалыптастыру;

3) ветеринариядағы басқару процесстерінің тиімділігі үшін информациялық технологияларды енгізу;

4) халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып ветеринариялық заңнамаларды жетілдіру;

5) ветеринариялық ұйымдарды модернизациялау және материялдық- техникалық жабдықтау;

6) қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және бұқаралық бірлестіктермен жұмысты нығайту;

7) ветеринариялық мамандарды дайындау, есептеу, біліктілігін арттыру;

8) инспекциялық бақылауды күшейту.


4. Маңызды проблемалар


Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі жүйесін дамытуға бірқатар факторлер кедергі болуда. Мал басының басым бөлігі жеке қожалықтарда болуы ветеринариялық бағылау жүргізуге ұиындық тұғызып отыр. Бүгінгі күнге информациялық жүйелер өнімдердің «фермадан үстелге дейінгі» бақылауын, аурудың шығуын болжауды және эпизоотиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етпейді.

Малдарды бірдейлендіруге орталықсыздандырылған сатып алу, жапсырмалардың жоңалуы, мал иелерінің жапсырма құнын қайтармауы, сондай-ақ ауылдық жерлердің интернет жүйесімен қамтылмауына байланысты электрондық бірдейлендіру жүйесініі қолданылмауы сияқты бірқатар проблемалар кедергі болуда.

Ветеринариялық препараттар мен диагностикумдарға қатаң ветеринариялық баұылаудың жоқтығы. Қалыптасқан инфраструктура ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді, ветернариялық ұйымдар (мемлекеттік коммуналдық мекемелер, облыстық және аудандық зертханалар) қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.

Бұл ретте ветеринария саласының негізгі жүйелі проблемаларын атап өту қажет:

1) ветеринария саласындағы заңнамылық базаныі төмендігі:

2) ветеринария саласының институционалдық жетілмеуі:

3) ветеринариялық ұйымдар жүйесінің дамуындағы кемшіліктер және олардың жабдықталуы:

4) жүргізілетін ветеринариялық іс шаралардың сапасының төмендігі:

5) жануарларды бірдейлендіру барысындағы кемшіліктер:

6) ветеринариялық мамандардыі жетіспеушілігі және біліктілігінң төмендігі:

7) халықаралық ұйымдармен интеграцияның әлсіздігі және халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі.


Ветеринарияның дамуы бойынша дүниежүзілік тәжірибеге шолу

Шекараларында табиғи кедергілері бар дүниежүзінің көптеген елдерінде, сондай-ақ аурудан қолайсыз аумақтардан алыс жатқан (АҚШ, Канада, Англия, Жапония, Австрали және т.б) елдерде аурудан таза емес пункттерді барлық ауру және ауруға күдікті малдарды жою және індет ошағында толық дезинфекция жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Басқа елдерде осы аталған шаралармен қатар ауруға бейім малдарды вакцинацияланады. Азия, Африка және Оңтүстік Америка елдерінің бірқатарында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы егу жұмыстары карантиндеу және ветеринариялық-санитарлық шаралармен бірге кешенді жүргізіледі, ал ауру және аурудан жазылған малдарды жою жолдары сирек қолданылады.

Дүниежүзілік ветеринариялық тәжірибеде кейбір аурулар бойынша арнайы алдын алу шаралары жүргізілмейді, мысалы ЕО біраз елдері көптеген жылдардан бері аусылдан таза болуына байланысты ол мемлекеттердің аумағындағы мал басына вакцина қолданбауға шешім қабылданды. Бұған негіз болған қауымдастық аумағында жылына екі рет сақа малдарды ауруға қарсы егуге және тоқсан сайын жас малдарды қайтадан егуге біраз қаражат шығынының талап етілуі. Сонымен қатар антиденелер бойынша уару малды егілген малдан ажырату қиындығы. Аусыл ошағындағы малдарды жою немесе індет ошағының айналасы бойынша малдарды егу және соңынан егілген малдарды жою тиімді деп есептеледі. Ауруға шалдықпаған, бірақ ауру малмен жанасқан малды іріктеу аурудың таралуына жақсы бөгет бола алады, тіпті ауруды жояды, ал малды егу аурудың жасырын түріне көшуіне әсер етеді. Аусылға қатысты мұндай стратегия ЕО елдерінде қазіргі кезге дейін қолданылады.

Еуропаның көптеген елдерінде: (Германия, Австрия, Бельгия, Чехия, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Словения, Швеция, Швейцария,Италия (блютангтан басқа), Нидерландия (Ауески ауруынан басқа), Польша (итпен мысықтың құтырығынан басқа) ауыл шаруашылық малдарына инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу егу жүргізілмейді.

Еуропаның кейбір елдеріне малдарды жаппай егу тиімсіз, себебі бұл жағдайда мемлекет ауыл шаруашылығы жануарланың ауруынан таза деген статусынан айрылады, экспортқа мал және өнім шығару тоқтатылады. ЕО малды егуге рұсатты іріктеу арқылы береді, бұл ретте Еурокомиссия малды жаппай егуге қарсы. Экспортқа мал және өнім шығару статусы барлық егілген малдарды жойғаннан кейін біраз уақыттан соң барып қайтадан беріледі. Ал, экспортқа шығару көлемін қайтадан қалпына келтіруге біраз уақыт қажет болады. Қазақстанға, экспортқа бағытталған мемлекет ретінде келешекте эпизоотиялық ерекшелігін, аумағының кеңдігін және көптеген аурулар бойынша табиғи ошақтылығын ескере отыра осы стратегияны қолдану қажет.

Бұл ретте, дүниежүзілік ветеринариялық қызметтің институционалдық құрылымына жүргізілген талдау әртүрлі елдерде ветеринариялыө қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуының жолдары әртүрлі екенін көрсетіп отыр.

5. Қойылған тапсырмаларды орындау үшін және мақсаттарға жетудің жолдары, мастер – жоспарының тапсырмалары және мақсаттарға жету үшін, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары:


5.1. Жеке кәсіпкерлік секторының саласын дамыту және институттарын дамыту, мемлекеттік органдардың қатынасу механизмдерін сипаттау


Мастер-жоспары стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары және механизмдері мыналар болады:

  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconАуыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау
...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconБір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қ. 2014 жылғы 31 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қ. 2014 жылғы 14 ақпан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар icon1946-2000 жылдарда
Жауапты редактор Л. Р. Хайретдинов, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мастер-жоспар iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың еншілес мемлекеттік кәсіпорындары...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница