«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені




Название«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница9/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Altinbekov.Madiniet.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

VIII. Тақырыбы: Батыс мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуы және

дамуының басты кезеңдері.

(18-дәріс)

Жоспары:

  1. Қайта өрлеу мәдениетіндегі гуманизм және адам идеалы.

  2. Антика және Қайта өрлеу мәдениеттерінің өзара сабақтастығы.

  3. Діни реформация.


1. Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет-ХIV ғ. аяғында XVғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді.

“Қайта жаңғыру” термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512-1574) өзінің “Жизнеописание найболле знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих” (XVI ғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы-көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін дәлірек айтқанда XVIIIғ бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыру және гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV-XV ғ. Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет “адам” табиғаты, “адамгершілік” деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Ключчо Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ “гуманизм” латынның “адамгершілік” деген сөзінен шыққан (гомо-“адам” деген ұғымды білдіреді). Бұл терминді “жаңа адамдар”-(гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы-ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым гуманист, Ленардо Бруни (1370-1444ж) “гуманизмді” адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты ролді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан мол Еуропа интелегенциясының қалыптасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне, байлығына, тіпті тұрмыс-тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан оларды ортақ мақсат біріктірген болатын. Мысалы, Лоренцо Медичи-ел басшысы болса, Полициано-университет профессоры, Пико делла Мирандоло-граф, ал Лоренцо Вониконтри-офицер болды. Демек, гуманизм-мәдениеттің басты принциптерінің бірі, оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды. Осы орайда, қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Олар: гуманизм, анроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.

Қайта жаңғыру мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылады. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау-басты орынға қойылды. Міне, сондықтан да болар шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады,адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, қайта жаңғыру заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Ендеше, бұл дәуірдің гуманистік идеялары-рухани төңкерістің негізі болды, ал өз кезегінде бұл төңкерістер буржуазиялық революциялар толқынымен және жаңа Еуропаның мәдениеттің қалыптасу процесімен тығыз байланысты болды.

2. Қайта жаңғыру мәдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына аударылу сырын қалай түсіндіруге болады Қоғамдағы мұнай түбегейлі өзгерістің-әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде Қайта жаңғыру мәдениетінің ошағы болған-Флоренцияның мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда-саттық жасауға ерекше мән берді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де, сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мәдениетінің ықпалымен “жаңа адамдар” қалыптасты. Бірақ жаңа адамдардың қалыптасуы әлі де болса ортағасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын, сондықтан да болар адамдар орта ғасырлық шығармаудан шыға алмай аласұрды. Міне, осындай тарихи кезеңде көне мәдени мұраларды “тірілтуге” деген жаппай құлшыныс “жаңа адамдардың” қайталанбайтын, ерекше мәдениеттің қайнар бұлағын ашуына мүмкіндік берді.

Бұл мәдени төңкерістің барысында “Қайта жаңғыру” даналарының басты назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болуын қалай түсіндіруге болады. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылымы тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі-көне замандық-космологиялық, екіншісі орта ғасырлық-теологиялық, үшіншісі-жаңғырған-антроцентристік неоплатизм. (Г.В.Драч. Культурология. Ростов-на-Дону. 1995, с 217). Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді. Жоғары да атап көрсетілген “антропологиялық жаңғырған неоплатонизм”, бір жағынан, көне заман неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүние жоғары көтеріп, орнықтыруға тырысса, екінші жағынан оның ортағасырлық неоплатонизммен ортақ қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені аңдап түсіну-“жаңғыртушылық” дүниетанымдық мақсаттардың бірі болып саналады. Құдай жандандырған дүние әр уақытта да адам назарында болған, оны қатты қызықтырған. Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең-Реформация дәуірі болып саналады. Ревформация-ХVI ғ алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеалогиялық және әлеуметтік саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, Жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеялогиясына көңілі толмаушылықтан туған еді.өзінің мәні жағынан алып ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүниетанымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі-христиан дінінің жаңа үшінші бағыты-протестантизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез-келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозғалысының мазмұны мен мәні-оның обьективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші-идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты.

3. Реформацияның басталуы - “Қайта жаңғыру” мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени төңкеріс-“Қайта жаңғыру” дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозғалыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйкені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы-гуманизм идеялогиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистердің адамның ұлылығымен оның жан-дүниесінің сұлулығына оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адамның игілігі-әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. “Бірінші буржуазиялық революция” деген атаққа ие болған, діни қозғалыстың дем берушісі-Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс-католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тиым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің “протестизм” деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты. Дін тарихында “протестантизм” деген атау 1529 ж Шпейгер рейхстагында алғаш рет қолданылды. Мұнда Лютердің жақтастары осы рейхстагтың 1526 жылғы “Дін тұту еркіндігі туралы” өз шешімдерін бұзу әрекетіне қарсылық білдірген болатын. Лютердің жаңа бағытқа байланыстары идеялары көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көптеген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестантизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы-католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беделін нығайтып, католиктік шіркеуді қоғап қалуға жанталаса кірісті. Шиленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформалардың негізгі мақсаты-жаңа протестанттық шіркеуге кіріп “ адасқандардың ” бәрін қайтарып алу болатын. Католик шіркеуінің бұл саясатты протестантизммен ашықтан – ашық қақтығыстарға , діни соғыстарға әкеліп соқты. ХVI ғасырдың аяғына қарай католиктік шіркеу өзін еркін сезіне бастады және өз ықпалын Италия , Франция , Германия сияқты Еуропа мемлекеттерінде күшейтуге барынша күш сала бастады. Еуропа мәдениетінің одан әрі қалыптасу процесіне християн дінінің католиктер және протестанттар болып екіге бөлінуі өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Бір ескерте кететін жайт , осындай қанды уақиғалар кезінде гуманиттер екі жаққа да қосылмай бейтарап қалды. Бірақ гуманистер мен протестанттар арасындағы пікір таластары бір сәтке де толастамады. Оған гуманист Эразм Роттердамский мен Мартин Лютердің “Адам еркінің бостандығы ” төңірегіндегі таластары дәлел бола алады. Бұл талас барысында Лютер Эразмды папаның саясатын қолдады деп айыптаса , Эразм өзара талқыға түскен мәселенің мүлде басқаша екендігін дәлелдеуге тырысты. Бірақ орын алған қарама-қайшылықтарға қарамастан гуманистер де протестанттарда өздерінің іс - әрекеттері арқылы идеялық бағыттары арқылы идеялық бағыттары менталитетттің жаңа түрінің қалыптасу процесін жылдамдата түсті, соның нәтижесінде болашақ ХVІІ ғ. мәдениетінің жаңа үлгісінің қалыптасуына жол ашып берді. Ол адамның ақыл - ойының жемісі , оның шығармашылығының ерекше саласы – ғылым мен өзінің кәсіби қызметінде шіркеу ықпалынан тәуелсіз, өзін еркін сезінетін ғалымдардың жаңа типі болатын.

Сонымен реформация жеңісі қоғамдық өрлеу туғызып, ұлттық мәдениетті ғана емес, дүние жүзілік мәдениеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Реформация ешқандай әлеуметтік саяси идеалды жарияламаса да қоғамды жікке бөлуді талап етпесе де, адамның сана - сезімін өзгертті және адамзат алдына жаңа рухани белестер ашты. Адам еркін ойлауға мүмкіндік алды, ғасырлар бойы үстемдік еткен шіркеу ықпалынан босанды, Әрекетіне бағдар берер бағыт белгіленді. Ол бағдар – ізгілік , адамгершілік қасиеттерге , адамның ақыл- ойына , ар – ожданына байланысты болады. Батыс Еуропа елдерінде туындап келе жатқан капитализмнің , одан қалды индустриялдық , буржуазиялық өркениеттің рухани және идеологиялық бастауы – протестантизм идеяларында жатыр. Протестантизм жаңа қоғамдық құрылыстың қарқынды дамуына , оның прогресс жолындағы қадамына айқара жол ашты.


ІX. Тақырыбы: Қазіргі заман мәдениетінің басты

проблемалары мен даму үрдістері.

Мәдениеттің болашағы.

(19-дәріс).

Жоспары:

  1. XX ғасыр мәдениетінің негізгі құндылықтары мен қайшылықтары.

  2. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары мен мәдениеттің даму болашағы.

  3. Бұқаралық мәдениет, оның бастаулары, формалары және үрдістері.


1. Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алтын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстырға толы сындарлы заман болды. Ғылыми мен техниканың қарышты қадамы, жарық болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында пленемызды парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрлерленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғандығы жөн көрдік. Оның біріншісі, (XX ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табу және т.б мәселелері), екіншісі, XX ғасыр мәдениетінің (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б).

Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 миллиардқа жеткен адамзат баласы 2 млн. жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрін ғана адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да (жанұялық, жыныстық, жасына мамандығына, ұлтына және т.б қарай) тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол-ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген “жалпы адамзаттық мәдениет”. Дүниенің тұтастығы дегеніміз-дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. “Дүниенің тұтастығы”-қазіргі заманға адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін “жаңа заман мәдениетінің” тағдыры-адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. ХХ ғасыр дүние жүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығарған , бірыңғайға келтірілген . “Гуманистік моно мәдениеттің” екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі – “дүниежүзілік” пролетарлық революция , (сталинизм) идеясы . Ол топтық құндылықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель бір ғана ұлттық мәдениеттің, бір ғана үміт пен мыңжылдық рейх ( герман фашизм) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан милиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің “қарсы мәдениетке” айналуы етек алып әлеуметтік қозғалыстан бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда , жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процес екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды , көзқарастарды , пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық мәдениет жолындағы қайшылыққа толы алғашқы “Біз- Олар” жолы - өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған болар едік.

2. Мәселе аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланысудың өсуі туралы болып отыр. Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бұл мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларына да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда . Ендеше біз ғаламдық гуманистік құндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек . Біртұтас әлемдік өркениеттің қалыптасуының негізі – саяси экономикалық және мәдени байланыстардың белең алуында жатыр. Соның негізінде жаңа сапалы жүйе – жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасып , түрлі елдер мен халықтардың арасындағы байланыс нығая түсуде , тіпті біртұтас өркениеттің бір жағында болған мәдени тоқырау құбылыстары немесе жетістіктерді басқа жақтарға да өз әсертін тигізбей қоймады. Мұндай құбылысқа қарап , дүниені қабылдау тәсілдері бір ізге салынып , мәдени нормалары бірыңғай жүйеге келтіріліп , ұлттық сипат жайылып бара жатыр деген ұғым туып қалмауы керек , өйткені әрбір ұлт , әрбір әлеуметтік топ жалпы адамзаттық мәдениет қорынан тек өзіне қажеттісін ғана , өзінің даму дәрежесіне сай келетін мәдени құндылықтарды өз мүмкіндігіне байланысты ғана қабылдайды. Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отырғандығы да, жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түсіретін сияқты. Әрине , қазіргі өркениетті түрлі ғалымдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процес әрі күрделі және толып жатқан қарама – қарсылықтарға толы болып келеді. Оған дәлел ретінде , қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне Жапония мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінің “ өндірістік мәдениеттің ” зор ықпалын келтіруге болады. Шындығында да , бұл аталған елдердің мәдениетіне негізделген қызметтің өндірістік түрлерінің Батыстың дәстүрлі құндылықтыры мен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екендігі айқын аңғарылады. Ендеше , қазіргі жалпы адамзаттың мәдениетті қалыптастырып , дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру , мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру – бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ. Ал адамзаттың “біртұтас ғалымдық мәдениеті ” мәселенің ерекше қойылуының басты себептері қандай? Біріншіден , адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауна байланысты ұлы әлеуметтік ревалюция жүзеге асты. Оған дәлел ретінде , ХХ ғасырда дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға тән “ жеке еңбек етуден ” – жалданып еңбек етуге көшу жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың өмір салты адам айтқысыз өзгеріске ұшырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар келтірейік: ХХ ғасырдың басында Батыстың ең алдынғы қатарлы тоғыз еліндегі өнеркәсіп саласында еңбек етушілер халықтың 43%-і болса , ХХ ғасырдың ортасында бұл көрсеткіш , яғни жалданып жұмыс істеушілер саны 60% - ке жетті. Өз кезегінде бұл көрсеткішпен қатар мұндай мемлекеттердің саны да арта түсті. Мұндай құбылыс дамушы елдерде етек алды, тіпті жалданып жұмыс істеушілердің саны жағынан олар Батыс елдерін басып озды. ХХ ғасырдың басында дүние жүзіндегі қала халқы адамзат баласының небәрі 3%-ін ғана құраса, ХХ ғасырдың ортасында олардың үлесі 28 %-ке, ал 90 жылдары 40%-тен асып кетті. Кең байтақ мегополистер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік шығысында (көлемі 100 мың шаршы км, халқы 15 млн) Жапонияда Хоккайдода (70-50-700) және т.б. Қала мәдениеті жағдайында адамның мәдени жан дүниесі күрделі өзгерістерге ұшырады. (Г.В.Драч. Культуралогия, Ростав-на-Дану, 1995, с,308). Қала халқының алдында өзіндік өзгеше өмірдің есігі айқара ашылды. Адам телевидение және компьютерлік жүйелер арқылы толассыз хабарлар алу мүмкіндігіне ие болды. Өмір салты, еңбек ету айтарлықтай өзгерістерге ұшырады,білім берудің мазмұны мен түрлері жаңа сатыға көтеріледі. Сөйтіп ауыл-село халқының көпшілігі қалаға қоныс аударды, ал бұл жағдай түрлі ұлттардың өзара жақындасуына, мәдени байланыстарының кеңеюіне әсер ете отырып, оларды біртұтас жалпы адамзаттық мәдениет арнасында тоғыстырды.

Екіншіден, ХХ ғасырда адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қалыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал оларды өз кезегінде жанұяға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұғымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа жанұя мүлде жаңаша мазмұнға ие болды. Ұлттық мінез өзгешеліктеріне, жанұяның өз ішіндегі қарым-қатынастардың өзгешеліктеріне қарамастан, өз дамуында постиндустриалдық кезеңге аяқ басқан көптеген елдерде түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Жанұялардың өз қажеттіліктерін қанағаттандырып табысқа қол жеткізушілік, яғни жанұя мүшелерінің өмірлерінде алға басушылық байқалды. Патриархалдық жанұяда балалар еңбекке ерте араласты, күнкөріс қамын ересектермен бөлісті. Ал ХХ ғасырда балалық шақтың созылуы, оларды жанұяның басты құндылығы деп санау, оларға айрықша қамқорлықтың жасалуы жастардың дүниежүзілік мәдениетке деген құштарлығын арттырып, мүлде жаңаша адамгершілік, сезімдік және интелектуалдық құндылықтарды өз бойларына тереңірек сіңіруіне себепкер болды. Бұл кезеңде жастар жалпы адамзаттық мәдениеттің қайнар бұлағына сусындап, рухани азық алды, сөйтіп олардың бойында заман талабына сәйкес жаңа ізгі қасиеттер қалыптасты. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер өмір сүрудің жаңа түрлерін, мәдени стеротиптерді өмірге әкелді.

Дүниежүзілік өркениеттің даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттірдің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын да және әрбір мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінше қабылдауымен қатар жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесіне өздерінің қомақты үлестерін қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Қазіргі дәуірге тән ерекше қасиет-ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген Шығысқа тән құндылық колектившілдік (ұжымшылдық) индивидуалистік мәдениеттің ең жоғарғы дәрежеде дамыған елі АҚШ-та қабылдауға мәжбүр болды, өйкені қазіргі заманда өнеркәсіпті басқарудың авторитарлық әдісінің тиімсіздігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп берді. Осы орайда мәдениеттің әр-саласындағы өзгерістерді бір елден бір елге жайдан-жай көшіре салуға болмайтындығын ескере кеткен жөн. Оған дәлел ретінде басқа елдерді қойғанда, қазақ халқының кеңес дәуіріндегі мәдениетінің тағдырын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мәдениеттің не өмірдің белгілі бір халқының элементтің механикалық көшіре салу ешбір нәтиже (механик) бермейді. Сөзіміз дәлелді болу үшін нақты мысал келтірейік. Жапонияда өнімінің сапалылығы жолдағы күреске жұмысшыларды кеңінен тарту мақсатында арнайы сапа үйірмелері ұйымдастырылды. Ерекше айтып өтетін жайт, бұл қозғалыс Жапон халқының мәдени-психологиялық құндылықтарына негізделген, болатын, Жапондықтар екі моральдық-құндылықтар-ризашылық парызы мен адалдық парызының рухында бала кезінен-ақ тәрбиеленген. Іс-әрекеттің осындай ұлттық-мәдени стериотиптің ықпалымен Жапондық жұмысшы өз күшіне сенеді, бос уақытында аямайды. 70-і жылдары дәл осындай “сапа үйірмелері” АҚШ-та пайда бола бастады. Бірнеше жылдардан соң бұлар 230 Американ компанияларында өз жұмыстарын жүргізе бастады. Бірақ өкінішке орай, олардың 8 ғана жоғары дәрежеге жетіп, қалғандары айтарлықтай табысқа ие бола алмай қалды. Осы бір шағын мысалдың өзі-ақ жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түссе керек. Еуропалық мәдениеттегі батыл қадамдармен қайта жаңғыртушылар түбегейлі өзгерістер бір жағынан прогресті тығырыққа тіреді. ХХ ғасырдың ұлы ойшылы. А. Швейцер технократтық мәдениеттен бас тартып, дамудың ең жоғарғы сатысына көшу қажеттігі туралы ойға келді. ХХ ғасырдың дүбірлі оқиғалары, қантөгіс қырғиқабақ соғыстар, экологиялық аппаттар және т.б негізінде ғылым “технократизм мен технократтық ғылым”- мәдениетті идеялардың құрбандығына рухани және сезімдік ақыл-ой қысымына, жалпы мәдениеттің тоқырауына әкелді деген қортындыға келді. Ұлы ойшыл жаңа жалпы адамзаттық мәдениеттің тағдыры үшін “өмірді қастерлеу” принцпін ұсынды. Бұл принцип-мәдениетті дамытудың үлгісінен негізделген мүлде жаңаша даму бағытына көшуге меңзейді. Ал бұл жол ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.

3. “Бұқаралық мәдениет”. Жұрттың әуестігіне айналған саяси және социологиялық консепциялар, модернистік өнер сияқты, интелегенцияға белгілі бір ықпал жасайды. Бірақ бұл теориялардың түсінуге қиындығы және модернистік поэзияның, сурет өнерінің т.б Мейлінше күрделілігі салдарынан, олар қалың бұқараға идеологиялық ықпал жасау үшін онша жарамды емес. Бұқараға идеологиялық және песихологиялық әсер етуді үстем тап “бұқаралық мәдениет” деп аталатын әдістермен жүзеге асырады. “Бұқаралық мәдениет” –халық бұқарасының шын мәніндегі мүдделерін, мұратын, құндылықтарын білдіретін шынайы мәдениет емес, бұқараға “жоғарыдан” таңылған жалған мәдениет. Бұл-капиталистік қоғам туралы иллюзиялардың, бұрмаланған түсініктердің, халық мәдениетімен сорпасы қосылмайтын жалған құндылықтар мен мұраттардың кешені. Табысқа табыну-“бұқаралық мәдениеттің” аса маңызды элементтерінің бірі. Тез байып кеткен пысықтардың , миллиондаған қаламқырлары бар тамаша кино жұлдыздары, олардың жеке өмірлерінің егжей-тегжейлері капиталистік қоғамдағы барлық үмітті оятады. “Бұқаралық мәдениет” адамдары осы қоғамда жеке табыстарға жету жолында күрес жүргізуге бас тартуға бағдар береді. Құрылыстарды үстір етуші қоғамдық қатыстарға, құндылық бағдарларға және Моральға бағынуға үйретеді.


Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы.

(ІІІ-бөлім)


X. Тақырыбы: Қазіргі заман мәдениеті: басты проблемалары

мен даму үрдістері. Мәдениеттің болашағы.

(20-дәріс)

Жоспары:

  1. Технологиялық прогресс-дүниені құрылымдық және органикалық тұрғыдан өзгертудің шешуші факторы.

  2. Қазіргі заман өркениетінің мәдени әлеуметтік формаларының дағдарысы және адамзат дамуының жаңа мәдени рухани-өнегелілік парадигмаларын іздестіру.

  3. Жалпы адамзаттық құндылықтар қиял ма, әлде шындық па?


1. Ғылыми-техникалық революцияның мәні ғылымды қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналдыруында. Ғылым мен техниканы, ғылым мен өндірісті біріктіру ғылыми жаңалықтың ашылу сәтінен оны практикада жүзеге асыруға дейінгі араны адам айтқысыз қысқартады. Фотография идеясын жүзеге асыру үшін 112 жыл, радиоға 35 жыл теледидарға 12 жыл қажет болды. Электронды-есептеу машиналарын және лазерді жасау үшін 4-6 жыл жеткілікті болып шықты, ал күн батареялары мен интегралды схемалар 2 жыл ішінде енгізілді. Ғылымның өндірістің жетекші күшіне айналуы ірі өнеркәсіп орындарының зертханалармен, тәжірибелік, конструкторлық бөлімдермен, эксперименттік цехтар мен жарақтануын тудырду.

Техника саласындағы басты-бағыт өндірісті, бақылау мен басқаруды комплексті автоматтандыру, сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда икемді автоматтандырылған линияларға көшу, компьютерлік жүйелермен басқарылатын адамсыз технология. Өндіріске тек жаңа конструкциялық материалдар ғана емес,сонымен бірге технологияның мүлдем жаңа принциптері енгізілуде (мысалы, лазерлік, плазмалық электронды-сәулелік, ультра дыбыстық әдістердің көмегімен материалдарды өңдеу).

Бүгінде ақпарат индустриясы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің қуатты катализаторы қызметін атқарады;-ал бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен әрекет ететін микропроцессорлар пайдаланылатын электронды есептеу машиналарының жаңа түрлерін, сондай-ақ, орасан көп ақпараттық сиымдылығы бар видеодисктерді жасауда. Компьютерлендіру қоғамдық өмірдің барлық салаларын дерлік қамтиды, бүкіл әлемдік сипат алып, сынып бөлмесіне, отбасы тұрмысына енуде.

Ғылыми-техникалық революцияның қоғамға ықпалы көпжақты сипатта болып, адамзат қызметінің барлық түрлерін қамтиды. Автоматтандыру үдерісінде адамға тек бақылау жасау қызметі ғана қалады. Өндірістегі революциялық өзгерістердің санынан халықтың әлеуметтік құрылымында түбегейлі өзгерістер, болды үшінші мың жылдықтың басына қарай халықтың басым бөлігі материалдық өндіріс саласында емес, қызмет көрсету, білім беру, медицина, басқару саласында еңбек ететін болды. Еңбек өнімділігінің қарқындап өсуі жұмыс күнінің ұзақтығын қысқартуға, демалысты ұзартуға еңбекшілердің нақты табыстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда ғылыми-техникалық революция қызметкерлерді материалдық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдесе отырып, оларға жаңа міндеттер жүктейді. Техниканың жаңару қарқыны тұңғыш рет жұмысшылар ұрпақтарының ауысуы мен оза бастады. Техниканың жылдам ауысып отыруы оны басқаратын адамнан үнемі қайта үйреніп отыруды, біліктілігін арттыруды, өндірістің өзгеріп отырған жағдайларына тез бейімделуді талап етеді. Еңбек, мәдениет, тұрмыс және бос уақытты пайдалану саласына ене отырып, ғылыми-техникалық революция адамның рухани дамуын, шығармашылық қабілетін ынталандырып, қоғамдық қуатты тездеткіші ретінде көрінеді.

2. Капитализм жағдайында ғылыми-техникалық революцияның дамуы қарама-қайшылықты үрдіс. Ғылыми-техникалық революция халықтың қалың топтарына қыруар игіліктер мен қолайлылықтар тудырып отырғанын жоққа шығаруға болмайды: олар тұрмыста, саудада және қаржы есептеулерінде, көлік пен байланысты пайдаланған кезде түрлі деңгейде білім алу үдерісінде барған сайын айқын сезілуде. Ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін капитализм өз жүйесіне икемділік, жинақтылық, бәсекелестік қабілет беру үшін пайдалануға ұмтылады.

ХІХ ғасыр аяғымен ХХ ғасырдың басында ғылыми жетістіктерді пайдалану өрісінің кеңеюі жаңа өнеркәсіп елдерінде тұратын ондаған мың адамдардың өмірін өзгертіп, олардың жаңа экономикалық жүйеге бірігуіне жол ашып берді. Бұл процесс одан әрі тереңдеп, ХХ ғасырда қалыптасқан дүниежүзілік ғылыми тұтасқан дүние жүзі мемлекеттерінің экономикалық жағынан бірігуіне тікелей әсер етті, сөйтіп өндіріс мәдениетінің озық тәсілдері жер шарынның түкпір-түкпіріне тарай бастады. Шындығында да, бүгінгі ұрпақ осы замандағы халық шаруашылығы байланыстарының одан әрі интернационалдық сипатының өсіп келе жатқандығының куәгері болып отыр. Бұл процестің басты белгісі-дүние жүзінің әр елдерінде әрекет ететін ұйымдастырушылық мәдениетінің белгілі бір түрлері қалыптасқан трансұлттық корпорациялырдың (одақтардың) құрылуы болып табылады. Бұрын табиғатқа деген техногендік көзқарас адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты болса, ғылым мен техника жоғары дамыған ХХ ғасырдың бірінші жартысында табиғатқа деген техногендік көзқарас тек техникалық қажеттілікке орын берді, ал ол кейін мәдениеттің дамуындағы ең басты бағыттардың біріне бірден айналды. Техника мен ғылымның дамуы және соның нәтижесінде өмір сүріп отырған планетамыздағы ұлы өзгерістер ХХ ғасыр адамына тән, космос кеңістігіне байланысты жаңа космостық мәдениеттің туындауына әкеліп соқты. Космизм-қазіргі заман мәдениетінің ерекше сипаттағы, сирек кездесетін мәнді құбылысы болып табылады. Шындығына келсек, космизмнің мән-мағынан, оның маңызын енді ғана түсініп жатқан сияқтымыз. Белгілі космист-ғалымдар В.И.Вернадский, А.Л.Чижевский, Теляр де Шарден және т.б еңбектерінде адамзаттың роліне байланысты мүлде жаңа мәселелер көтеріліп, адам және космостың бірлігі, адамзаттың космос кеңістігін игеру барысындағы моральдық-этикалық жауапкершілігі сияқты келелі мәселелер сөз болды. Жаңа космостық мәдениеттің басты идеялары қандай, енді қысқаша осы мәселеге тоқталайық.

Біріншіден, бұл адам мен табиғаттың өзара тығыз байланысының, қарым-қатынасының жаңа сапалық деңгейін білдіретін белсенді эволюция идеясы. Ресей топырағында туындаған ғылыми-жаратылыстану көзқарастарына сүйене отырып, космизм ағымын уағыздаушы ғалымдар табиғат пен космостың, адамзаттың дамуы жөнінде ерекше ойға келді, яғни сана-сезім ақыл-ой дүниежүзілік дамудың шешуші күшіне айналған уақытта адам, космос эволюциясы үшін жаупкершілікті өз мойнына алады. Олай болса адамзат баласы космостық этика рухын өз бойына терең сіңіре білу қажет.

Екіншіден, космист-ғылымдар жерді және оның тарихын бүкіл аспан әлемдегі болып жатқан эволюциялық процестердің бір бөлегі ретінде қарастыра отырып, космос кеңістігінде байланысты қамқорлықты жекеленген адамдардың мұқтаж-тілектерімен, сұраныс-қажеттіліктерімен байланыстырады. Олардың пікірінше, “гуманистік оптимизм”, “дүниеге жақын көзқарас” жекеленген ойшылдардың қиялдарына емес, мәдениет пен табиғат дамуының өзіндік заңдылықтарына негізделген. Бұл идеяларды қазіргі замандағы геохимия менбиохимия ғылымдарының дамуына ерекше үлес қосқан орыстың ойшыл-ғалымы Ы. И.Бернадский одан әрі дамытты. Адамзаттың ықпалымен биосферасы заңды түрде мүлде жаңа күйге-ноосфераға (“ноос”-ақыл-ой, сана деген мағынаны білдіренді) енеді. Адам және оның санасын эволюцияның соңғы нәтижесі деп қана жалаң қарастыруға болмайды, бұл болашақ өмірдің билеуші күші болып табылатын “сананың” сан-саласын қамтитын жаңа қозғалыстың бастамасы болып табылады.

“Ноосфералық мәдениеттің”қалыптасу мәнін қалай түсіндіруге болады? Ноосфераның пайда болуы ең алдымен ақыл-оймен, сананың экспансиялық процесімен тығыз байланысты. Адамзат баласы өмірге қажетті биосфераның бәрін толық басып алды. Космос кеңістігінің бір бөлшегі болып саналатын жер беті адам айтқысыз өзгерістерге ұшырады. Жер де, су да, ауа да адам еркіндігіне бағындырылды. Демек ноосфераның бірігіп әрекет етуі болып саналады. В.И. Вернадскийдің пікірінше теңдік, туысқандық, бауырластық, барлық адамдардың ынтымақтастығы адамгершілік- мәдени қажеттілік-талаптарға ғана емес, табиғи факторларға да тәуелді болып табылады. Даму барысында жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасады. Қазіргі заманда адамдарды бір-біріне бұрынғыдан да жақындастырады, ғылыми және техникалық ақыл-ой, ғылым барған сайын интернационалды сипат алады. Қырғи-қабақ соғыстарға, ұлтаралық қақтығыстарға қарамастан адамзат баласының күндердің күнінде бірлікке, ынтымаққа келері сөзсіз.

Ноосфераның пайда болуының басты себептері қалай болғанда геологиялық және космостық алып күш иесіне айналған ғылым екендігі даусыз. Адамзат баласының жарқын өмірі мен болашағы бұл процеске тікелей байланысты, сондықтан да болашаққа үлкен сеніммен қарап, өз тағдырымыздың өз қолымызда екендігін сезіне отырып, бұл тамаша мүмкіндікті қолдан шығарып алмауымыз қажет.

3. XX ғасырда адамзат баласы өркениет тағдырына байланысты әлемдік деңгейдегі ауқымдық мәселермен бетпе-бет кездесті. Оларға жататындар.

  1. Адамзат қызметінің нәтижесінде орын алған экологиялық кризисті (қоршаған ортаның ластануы, атмосфераның азонды қабатының бұзылуы, ауада көмірқышқылының шамадан тыс болуына байланысты пайда болатын парниктік әсер) жою.

  2. Жаппай қырып-жою құралдарын (термоядролық, химиялық, биологиялық) қолданатын соғыстарды болдырмау.

  3. Аштыққа, қайыршылықа, сауатсыздыққа жол бермеу, Солтүстіктің бай елдері мен Оңтүстіктің кедей елдерінің (елдер) арасындағы алшақтықты жою.

  4. Шикізаттың жаңа көздерін табу, экономиканың одан әрі дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық ревалюцияның жағымсыз салдарын жою.

Әлемдік маңызы бар осындай түбегейлі мәселелердің күн тәртібіне дәл осылай нақты қойылуын қалай түсіндіруге болады?

Біріншіден, бұл дүниежүзінің тұтастық бейнесіне байланысты, өйткені бұл тұтастық терең саяси және экономикалық байланыстары арқылы жүзеге асады. Ал оның ең бір дөрекі, әділетсіз көрінісі-дүниежүзілік соғыстар болды. Польша мен Германия шекарасында басталған қантөгіс соғыс сонау Америкаға, Таяу Шығыс, Қырымға, Кавказға да жеткен жоқпа? Дүниежүзінің барлық мемлекеттері бұл біртұтас қанды тарихи драманың кейіпкерлеріне айналды.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Похожие:

«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Филология және тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет Студентке арналған ережелер
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті Заңтану-тарих факультеті Мамыраимов С. Д
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОрта ғасырлардағы Қазақстан тарихы ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – ІI, 07201, 07203 топтар
Пәннің оқу әдістемелік кешені Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. 050203 «Тарих» (ғылыми) мамандығы үшін. Алматы,2005
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon2009-2010 оқу жылы 7 семестр 2-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Отбасы әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница