«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені




Название«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница8/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Altinbekov.Madiniet.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

VI. Тақырыбы: Ислам мәдениетінің әлемі.

(16 дәріс)


Жоспары:

  1. Көне араб мифалогиясы.

  2. Ислам діні - араб мәдениетінің басталулары.

  3. Мұхаммед пайғамбар, оның бейнесі мен қызметі.


1. Бүгінгі діндер қалыптасып, олар әлеуметтік-идеологиялық санаға айналғанға дейін адамдар әр түрлі сенім нанымдарға тәуелді болған. Олардың шығуына, алып өріс алуына алғашқы адамдардың табиғаттың таңғажайып сырларын, ондағы қым-қиғыш құбылыстардың қандай күштер арқылы болып жатқанын түсініп, оны пайымдап, ақылмен қорыта алмауы себеп болды. Күннің күркіреуі, аспанда найзағайдың ойнауы, қаптап қара бұлт шығып, селдетіп жаңбыр жауды, өзен, көлдердің жағасынан шығып тасуы, дамылсыз соққан дауылдар, зілзала болып жердің сілкінуі, от шашқан жанар таулар алапат осының бәрі қоршаған ортадан, табиғаттан тыс тұрған құдіретті күштердің бар екеніне адамдардың сенім-нанымын туғызды. Осы сенімдер негізінде әр түрлі дін, діни ұғым, түсінік уағыздар пайда болды. Олардың өмірге келуі, тарауы, адамдардың ақыл-санасын баурауы бірден іске асқан жоқ, ұзақ сонар жолдан өтті. Олар наным-сенім жүйесі ретінде қалыптасып, адамдар санасына орныққанша күнге, айға, отқа, суға табыну, оларға тәңір ретінде танып, құлшылық қылуы жаббар ием деп дінге жалбарынуы орын алды. Мәселен бүгінгі Қазақстан аймағында, Орта Азия Республикаларының жерінде өмір сүріп жатқан түрік тектес халықтардың ертеде жер-суға, көкке, аспан әлеміне құлшылық еткенін білеміз. Олар аспан әлемін “көк тәңірі” деп таныған.

2. Ислам әлемдегі күшті дамыған діндердің үшіншісі және соңғысы. Ол Таяу Шығыста пайда болды. Ислам шығу тегі жағынан Иудайзм мен христиандағыдай қағидалардан және сондай мәдени дәстүрлерден бастау алған. Соған қарамастан ислам өзгеше, өзіндік ерекшелігі бар дін. Ерекшелігінің маңыздылығы сонша мамандар “ислам әлемі” және араб-ислам жайлы жайдан-жай айтпаса керек. Исламның орасан зор рөлін түсініп, бағалау үшін оның алғашқы әрі негізгі жақтаушысы болған арабтардың ғана емес, оған ғибадат ететін барлық халықтардың тарихы мен мәдениетіндегі оның шариғаты мен дініндегі ерекшеліктерін, адамгершілік принциптерін, оның мұсылмандардың тұрмыс тіршілігіне әсер ету әдістерін зерттеу керек. Тарихқа кішкене шолу жасай отырып мынадай мәселелерді қарастырған жөн:

  1. Исламның шығу тегі: оның пайда болуының әлеуметтік экономикалық, идеядық алғы шарттары.

  2. Мұхаммед және оның исламды құру мен оның эвалюциясындағы ролі.

  3. Исламның орта Азиямен Қазақстан аймақтарына таралуындағы өзіне тән ерекшіліктері.

  4. Діни оқу және исламның ғибадаты.

  5. Құран-Шығыстың орта ғасырдағы тарихи этнографиялық, әдеби ескерткіші.

  6. Исламның құқықтық және этникалық қағидалары.

Исламды мойындаушылар саны жағынан христиан дінін ұстағандардан кейін (800 миллиондай) екінші орынды алады. Ол Таяу Шығыс елдеріне, солтүстік Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияға кең тараған. Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына - Орта Азиямен Қазақстандағы, Кавказға, Сібірге кең таралған.

Ислам біздің дәуіріміздің VII ғасырының басында Батыс Арабиядағы жергілікті араб тұрғындарының арасында пайда болған. Ислам пайда бола бастаған тұста араб қоғамының әлеуметтік құрымы күрделі де біртекті емес еді. Арабтардың арасында көшпелілер де, отырықшы тайпалар да болды. Біреулері малмен, екіншілері жермен, шеберлікпен, саудамен айналысты. Құл иеленушілер кең дамыған еді.

Арабияның барлық аймақтарында V-VI ғасырлардағы тайпалардың туыстық қатынастары билік етіп тұрады. Тек VII ғасырдың басына қарай топтық қатынастар түзеле бастады. Арабияның солтүстік бөлігі мен Хиджазд арқылы ескі керуен жолы өтетін. Осында сауда өрістеп, оның ішінде құралдарды сату да өрши түсті. Мекке сауда орталығы болды. Ол діни орталық саналды. Зәм-зәм бұлағы мен көптеген тайпалардың пұттарын сақтайтын Қааба да осында орналасқан болатын. Әр тайпа өз құдайларына сиынатын. Көптеген арабтар, әсіресе, көшпелілер пұтқа табынушы еді, олар күнге, айға жұлдыздарға, отқа, ата-баба рухына табынды. Арабияның оңтүстігінде фетишизм өркендеп, үлкен қабырларға қойылған тастардан көрініс тапты. Сондай тастардың бірі Мекке қаласындағы қасиетті мекен Қаабадағы шығуы жағынан матеориттік болып табылатын қара тас. Туыстық және тайпалық құдайлардың пұттарымен қоршаған атақты қара тасты ежелгі арабтар жоғары құдай символы ретінде қабылдады.

Панасыз қалып, қуғын-сүргінге ұшыраған күшті туыстармен қатар, көрші тайпалардың қорлығынан қашқан басқа да бұқара халықты бір ырыққа көндіретін араб көпқұдайшылығынан басқа, анағұрлым рухани әсері мол тиімді шара керек болды. Сондықтан бір жағынан, жапа шеккендердің әлеуметтік теңсіздігін ымырға келтіріп, екінші жағынан, жеке дара жауласып жүрген тайпаларды күшті мемлекеттің қол астына біріктіретін идея қажет еді.Бұл қоғамдық қажеттілік бірғана діннің астына бірігуге шақырған уағыздаушылардың, халифтердің іс-әрекетінен көрініс тапты.

VII ғасырдың басында Арабияда мұнадай халифтер көп болды. Тіпті, әр тайпаның өз халифі болды. Әсіресе, олардың арасында келешек ұлы пайғамбар Ислам теократикалық мемлекетінің ірге тасын қалаушы жас Мұхаммед ерекше көрінді. Мұхамедтің өмірбаянындағы кейбір сәттер, оның уағыздарының арабтар арасында табысқа жетуіне үлес қосты.

Мұхаммед басқалардан өзгеше Алланы тек өзінің тайпасының құдайы ғана деп дәріптеп, сондай-ақ әлемдік жалғыз құдай ғана деп құдай жөніндегі идеяның мәнін түсініп, соған шақыра бастады. Ол барлық адамның құдай алдындағы теңдігін айтып арабтарды бірігуге, Алланың құдіретін мойындауға шақырды, нашар, кедей тұратындарға байлар өз байлықтарымен бөлісуге қажеттігін уағыздады. Бұл Арабиядағы панасыз жалаңаш көпшілік жұрттың жағдайына сәйкес келетін еді. Ымыраға келу, бір құдайға және жердегі оның өкіліне ғана берілуі, бас ию идеясын байлар мен ақсүйектер жасады.

3. Мұхаммед 570 ж. 29 тамызда дүниеге келіп, 632ж. 6 маусымда қайтыс болды. Көптеген аңыздар мен мифтер оның атын көкке өрлетіп, оның өміріндегі нақты дәйектерді анықтауға кедергі келтірді. Аңыз бойынша, ол Мекке қаласында туды, Құрайш тайпасынан шыққан. Ерте жетім қалып, өзінің туыс ағасы Әбутәліптің түйелерін бақты, кейін Хадиджа деген жесір әйелдің қарамағына жұмысқа кіріп оның сауда ісін жүргізді. Соңынан Мұхаммед арада жас айырмашылығы алшақ болса да (Хадиджа Мұхаммедтен 16 ж. үлкен болды) Хадиджаға үйленді. Олар бақытты өмір сүрді. Хадиджа Мұхаммедпен тұрмыс кешкен 20 ж. ішінде 6 бала туды. Тек сүйікті қызы Фатима әкесінен ұзақ өмір сүріп артына ұрпақ қалдырды.

Мұхаммед уағыз айтумен 40 жасқа келгенде ғана айналыса бастады. Дәстүр бойынша 610 ж. Мұхаммед өзіне бағытталған шақыруды естиді. Оның қалай болғандығы жайында Тауратта да еске алынған. Мұхаммедке түсінде біреу келіп, оқуға бұйрық етеді. Мұхаммед бас тартады. Екінші рет бұйрық естілгенде Мұхаммед нені оқу керек деп сұрайды. Ал ол үшінші кезекте он өлеңмен тіл қатты бұл Құранның 96 сүресіне айналды.

622 ж. діни жанжалдан пайғамбар Хижры жасауға Меккеден Мединеге қоныс аударуға мәжбүр болды. Мұхаммед Мединеде мұсылман қауымын құрды. Сөйтіп өз уақыт ішінде өзін қолдаушылардың саны көптен өсті. Кейін мұсылман қауымның әскерімен оған бүкіл Оңтүстік және батыс Арабия бағынды. 630 ж. Мұхаммед өзінің әскерімен Меккені бағындырып, мұнда да исламды қабылдауға қол жеткізді. Мұхаммед 632 ж. Мединеде қайтыс болды. Мұхаммед VII ғасырдың басындағы арабтарға қажетті басты жағдайды жасап берді. Оларды біріктіріп, нашарлап кеткен сауданы, “сенімсіз” араб мұсылмандарды қасиетті пайғамбардың шындыққа шақыратын ұлы іліміне қосылуға, тазалық жолын ұстауға нұсқады. Осы жолы пайғамбардың тұсында-ақ мұсылман қауымының олжа табудағы ең маңызды көзі болып табылады. Олжаның бестен төрт бөлігін сарбаздар өзара бөлісті, ал бесінші бөлігі пайғамбардың кедейлерге, жетімдерге, жалғызілікті адамдарға беруге арналған еншісі болды. Дінтану әдебиеттерінде арабтардың исламды жөнінде таратудағы қарышты табыстарының себептері жөнінде біркелкі пікір жоқ. Бұл күрделі мәселе, көп жылдардан бері бұл жөніндегі дау аяқталар емес.

Шындығында қазақстан, Орта Азия және басқа аймақтардан алыс жерде пайда болған. Ислам бұл жерлерде мызғымас тамырын жайғанын қалай түсінеміз? Бұл жөнінде бірнеше көзқарастар бар. Оның бір себебі араб экспансиясында деп көрсетіледі ислам оқ пен қанжардың күшімен ендірілді. Онда арабтар жетпеген жерлерде исламға бас иетіндерді қалай еске алмаймыз? Мысалы, Африкада, Азияның бірқатар елдері.


VII. Тақырыбы: Батыс мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуы

мен дамуының басты кезеңдері.

(17-дәріс)

Жоспары:

  1. Ортағасырдағы еуропалық мәдениеттің қалыптасып, дамуының әлеуметтік-экономикалық негіздері.

  2. Ортағасырлық ойдың басты стреотиптері: уақыт пен кеңістікті, адам тұлғасын қабылдау.

  3. Білім жүйесі және ортағасырлық мәдениеттің категориялары.


1. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы-“романдық бастаудан” нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және т.б. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің “варварлармен” күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыс Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз жалғасын тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін орта ғасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни V-ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. “Орта ғасырлар” деген термин алғаш рет Италияда айта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан “ежелгі дүние” мен “жаңа заманның” ара-жігін анықтау үшін де қолданған. “Ортағасырлар” терминінің сол бір тарихи кезеңде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ. Мыңжылдық “Ортағасырлар” дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші, “Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі”-дәуірі бастауынан басталып,X-XI ғасырға дейін созылады. Екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең-XI ғ. мен XIV ғ. ал үшінші, “Кейінгі орта ғасырлар кезеңі”-XIVғ және XV ғ. аралықтарын қамтиды. Бастапқы орта ғасырлар кезеңі-Еуропада бауырқанған, әрі мәнді процентерге толы сындарлы кезең болды. Бұл тарихи өзгерістер ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ, Рим империясын шапқыншылық әрекеттерімен мазалай бастаған варварлардың (“варда”-сақал деген сөзінен шыққан) жойқын шапқыншылықтармен тығыз байланысты болды. Бұл қақтығыстар Рим империясының 476 ж. құлауымен аяқталды. Варварлардың жеңісі римдік региондарды жай ғана жеңу емес еді. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті басталып, көне қоғамдағы абыржушылық пен бей-берекетсіздік одан әрі күшейе түсті. Осы бір тарихи кезеңдегі ерекше жағдай-бұрынғы Рим империясының территориясында “варварлардың” жаңа мемлекеттік құрылымдарының қалыптасуы болып табылады. Шындығына келетін болсақ, сансыз гот, франк және т.б тайпаларды “тағылар”деп айтуға да болмайтын сияқты, өйткені дәл осы кезеңде олардың көпшілігінде мемлекеттік құрылыс белгілері айқындалған болатын. Олар сонымен қатар әскери демократия принциптерін жетік меңгерді, егіншілікпен, қол өнермен, металлургиямен шұғылданды. Тайпа көсемдері өздерін корольдер, герцогтер және т.б. деп жариялады. Мысалы, франктердің королі Ұлы Карл 800 жылы бүкіл Батыс Еуропалық елдердің императоры деп жарияланды. Қазіргі Францияны, Германияны, Белгияны, Голландияны, Солтүстік Италяны, Солтүстік Испанияны өзіне қосып ортағасырлық бірінші зор империя құрған Ұлы Карлдың тарихи күресінде адам қаны көп төгілді. Ұлы Карл билік құрған кезеңді кейде королингтік қайта дәуірлеу кезеңі деп те атайды. Мұндай атақтың берілуінің себебі, Карл империясының ежелгі Рим мәдениетін жандандыруға бағытталған шараларынан болса керек. Бірақ, классикалық дәуірде орта ғасырлық Еуропа бұл қиындықтарды жеңе отырып, қайтадан жаңғыра бастады. X ғ. бастап феодализм заңдары бойынша жүзеге асырылған ынтымақтастық нәтижесінде ірі мемлекеттің құрылымдар құрылды және қуатты армияларды жинақтауға мүмкіндік туды.

2. Осы сияқты қоғамдық өмірде жүзеге асырылған шаралар, мәдениеттің алға басуына қолайлы жағдайлар туғызды. Қалыптасқан біршама тұрақтылық қалалардың көркейіп, жалпы Еуропалық экономиканың дамуына қолайлы жағдайлар жасады. Батыс Еуропаның саяси-мәдени өмірі түбегейі өзгерістерге ұшырады, қоғам варварлық сипатынан айырылып, қалаларды рухани өмір гүлдене бастады. Рим империясына қарағанда еуропалық бірлестік тұтастай алғанда әлде қайда бай, әрі өркениетті болып шықты. Мұндай мәдени алға басушылық христиан дінімен, христиан шіркеуімен тығыз байланысты болды, өйткені мемлекет дінге арқа сүйеді. Өз кезегінде христиан шіркеуі де өз ұйымдарын нығайтып христиан діні жан-жақты жетілдіре берді. Кейінгі орта ғасырлар дәуірінде классикалық кезеңнен басталған еуропалық мәдениеттің қалыптасу процесі одан әрі жалғасты, бірақ оның даму барысында толып жатқан қиындықтар мен кедергілер кездесіп отырды. Тек XIV-XV ғасырлардың аралығында ғана Батыс Еуропа бірнеше апатты аштық жылдарын бастан кешірді. Бубондық сүзек (“Қара өлім”) сияқты эпидемиялардың салдарынан халық жаппай қырғынға ұшырап отырды, ал мұндай қасіретті жағдайлар өз кезегінде мәдениет тің дамуына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ұзаққа созылған жүз жылдық соғыста халық әбден титықтап, мәдениеттің дамуы тежелді. Бірақ, дәл осындай сындарлы кезеңде де қалалар өркендеп, ауыл шаруашылығы мен сауда, қол өнер ұдайы даму үстінде болды. Рухани өмірінің жандануына, ғылымның, өнерідің, философияның және т.б. жаңа арнамен дамуына қолайлы жағдайлар туды. Мұндай алға басушылықтың көптеген көріністерді, әсіресе Италияда байқалды. Сондықтан да болар. Италия ұлы мәдени төңкеріс-Ренессанс мәдениетінің орталығы болды.

3. Ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V-VІғ. Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылдаудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмыстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндайға басты мақсат-шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім беру мен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақ-сүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни “Жеті еркін өнер”- грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. XI-XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XІғ Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті (1038ж) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар еуропаның түпкір-түпкірінен келген тындаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XIIғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 ж), ал одан кейін іле шала Кембридж университеті (1209 ж)-ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі-белгілі университет ғалымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214-1292) болды. Ол дүние танып-білудің әдісі-адамның ақыл-ойы мен тәжірибесі деген ғылыми қортынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді. Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны-Париж университеті (1160 ж) Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмыс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттері сабақ латын тілінде жүрді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде Византияда да білім беру саласында Еуропаның батысындағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор болды. Оған дәлел ретінде ұлы Платонның өзі құрған және бір мың жылдан артық өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанын айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен алмастырылды. Бірақ, IX ғ. ортасында қарай Константинопольде жоғарғы мектеп ашылып, ондағы білім беру жүйесі көне заманың үлгісімен жүзеге асырыла бастады. Бұл дәуірдегі Византия мәдениетінің көрнекті өкілі-“Мириобиблионаның” (негізінен көне авторлардың 280 шығармаларына берілген баға-талдаулардың жинағы) және толып жатқан діни еңбектердің авторы патриарх Фотий (820-890 ж) болды. IХғ. жаратылыстану ғылымдары жаңа арнаға түсіп, дами бастады. Ғылымның әртүрлі салаларына байланысты энциклопедиялар жарыққа шыға бастады. Онда Византия қоғамы жайында ғана емес, сонымен қатар көршілес жатқан халықтар туралы да әр түрлі қызықты мағлұматтар берілді. Хирургиялық ғылыми еңбектер, математика оқулықтары жарық көрді. Дәл ғылымдармен қатар ал химия, астраномия, магия, және т.б ғылым салалары да өз өрісін кеңейте бастады.

Орта ғасырлық еуропаның ғылыми мәдениетінде, ал химия ерекше орынға ие болды. Алхимия жәй қарапайым металды алтынға немесе күміске айналдыра алатын субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды. Мұндағы мақсат-адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және олардың қолданған әдістері күмәнді және қиялға жақын болғанымен, алхимия көп жағдайларда қазіргі заман ғылымдарының әсіресе химияның туындауына айрықша әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық алхимиктердің авторларының бірі-ағылшын монахы Роджер Бэкон мен неміс философы ұлы Альберт болды. Бұл екі ғұламаның екеуі де жәй қарапайым металдардың алтынға айналатынына кәміл сенген және алтынды “жетіген металл”, ал төменгі металдарды алтынға қарағанда әлде қайда жетілмеген деп есептеген. Демек алхимиктер жәй металды табиғатта болмаған “Философия тасы” арқылы алтынға және күміске айналдыру жолдарын табуға әрекеттенген.

Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол-“роман” стилі болатын. “Роман стилі” деген термин (“роман тілдері” деген терминге ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді.) Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған бұл өнер стилі XI-XIIIғ. әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар құрылысында, оларды әшекейлеуде үстемдік қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді, Лев Любимовтың пікірінше, “Роман стилінде ою-өрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні-образдың мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді”.

(Л. Любимов. Батыс Еуропа өнері. Алматы,1982. 23б).

Батыс Еуропаның ортағасырлық өнер тарихында Франция мемлекеті қай кезеңде болса да жетекшілік рөл атқарғандығы мәдениет тарихынан белгілі. Сондықтан да болар Франция романдық кезеңде сәулетшілік өнердің жетістіктері мен ізденістерінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Осы бір қасиетті елдің сәулетті өнері саласындағы тамаша да, айбынды ескерткіштерінің бірі-романдық стильдің аса көрнекті үлгісі-Париждегі Нотр-дам (Құдай-ана соборы) болды. Шіркеу фасадының ерекше сымбаттылығы, оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы, мұнаралар ансамбілінің тұтастығы кез-келген адамды бірден баурап алары сөзсіз, Вазельдегі қасиетті Магдалинаның шіркеу күмбездеріне таңғажайып жарасым айбынды да, арқалардың ғаламат салтанаты да таң қалдырмай қоймайды. Тарихи уақиғаларға толы романдық кезеңде жоғары атап көрсетілген Француз халқының ұлы поэтикалық шығармасы-“Роланд туралы жырда” (XII ғ.) өмірге келді. Ұлттық тілде жазылған бұл тамаша туынды да, орта ғасырларда етек алған рыцарьлық ерлік, король мен христиан шіркеуіне адалдық дәріптелді. Халықтың эпостық негізінде туған бұл жыр француз халқының арасында кеңінен тарады, өйткені осы бір шабытты эпика толғауда өмір ақиқаты, қанағатшылдық сезімі, ішкі бай мазмұнды бере алатын ғажайып қасиеттері сияқты өзіндік ұлттық көркем даналықтың негізгі белгілері кеңінен көрініс тапты, әрі рыцарьлардың көңіл-күйін жан-жақты көрсететін фанатизмге христиандық рухқа толы болды. XII-XIII ғ Францияның оңтүстігінде трубадурлар поэзиясы қанат жайды. Олардың сатираларында шіреку мен феодалдық езгіге қарасы сарын мен қарапайым адамдарға бүйрегі бұрушылық көрініс тапқан. Дәлірек айтсақ, еркін ойлылық нышандарын өз бойына жинақтаған трубадурлар творчествасы осы бір кезеңде қалыптасқан сан қырлы дүниетанымды біліреді.

Қалалардың гүлденуі мен қоғамдық қарым-қатынастардың жетілуі нәтижесінде өнер саласында жаңа бағыт-готикалық стиль пайда болды. XII-XVI ғ. Еуропа елдерінде үстемдік еткен бұл жаңа стиль діни сарындағы сәулет, мүсін өнерімен, сәндік қолданбалы өнермен тығыз байланыста қалыптасты. Сәулет өнері саласында 1140 ж шамасында Францияда пайда болған готикалық (Гот тайпаларының Францияның атымен аталған) кейіннен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тарап, XV ғ. дейін, ал Еуропаның кейбір жерлерінде XVI ғ. дейін үстемдік етті. Романдық стилде салынған ғимараттар өзінің аумағымен, салмақтылығымен ерекшеленетін болса, готикалық стильмен салынған шіркеулер өзінің алып асқақтығымен, әрі әсемдігімен таң қалдырады. Бас айналдырарлықтай биік етіп салынған бұл тамаша ғимараттарының әдемі күмбездері, аса үлкен терезелері бірден көзге түсіп, көрге адамға нұрлы дүниедей әсер қалдыратын. Сондықтан да болар, олар “Сансыз күмбездер”, “аса үлкен терезелер”, “бітісе қайнасқан”, “бірін-бірі қуалаған күмбездер” деген теңеулерге ие болды.

Үш ғасыр бойы францияда салтанат құрқан готикалық өнер үш кезеңді басынан кешірді. Бірінші кезең-алғашқы готика-XII ғ. соңғы үшінші бөлігі мен бастапқы ширегін, ал екінші кезең-кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика XIII ғ 20 ж. соңына дейін созылса, үшінші “нұрлы готика” немесе “жалындаған готика” деп аталған соңғы кезеңі XIV-XV ғ. аралығын қамтиды.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Похожие:

«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Филология және тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет Студентке арналған ережелер
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті Заңтану-тарих факультеті Мамыраимов С. Д
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОрта ғасырлардағы Қазақстан тарихы ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – ІI, 07201, 07203 топтар
Пәннің оқу әдістемелік кешені Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. 050203 «Тарих» (ғылыми) мамандығы үшін. Алматы,2005
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon2009-2010 оқу жылы 7 семестр 2-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Отбасы әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница