«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені




Название«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница7/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Altinbekov.Madiniet.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

ІV. Тақырыбы: Антика дүниесінің мәдениеті.

(14-дәріс)


Жоспары:

  1. Антика туралы ұғым.

  2. Ежелгі грек мәдениетінің сипаты мен даму кезеңдері.

  3. Антика мәдениетінің дүниетанымы мен гуманизмі.


1. Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. “Антик-(көне, ежелгі)” деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп төркіні “ежелгі”, “көне”, “қадым заман” мағынасын беретін “антиквус”деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемдік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары-көне заман тарихы ұғымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақта, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді. Өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт береді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ойынан танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси әлеуметтік өмірдің барлық салаларында-поэзияда, саясатта, ғылымда құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері, Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот,Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылармен есімімен тығыз байланысты болды.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. III-II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эней теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. “Эгей” өркениеті мәдениетін міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениеттің қайнар бұлағы болды, ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д II-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит-ұлы жебеуші, найзағай тәңрі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, Асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар.

2. Архаистік кезеңдегі грек мәдениетіне Крит-Микены дәуірінде-ақ өркендей бастаған және б.э.д. XI - IX ғасырлардың кейнгі уақыттарының ерекшеліктеріне тән-дарий басқыншылығы мен жауынгершілігінен кейінгі кезек болатын. Грек мәдениеті, сол кездегі шаруашылықтың барлық саласында қолданылған, қол еңбек қарулары негізінде өркендеді. Шаруалар, қолөнершілер-тікелей өндірушілер-едәуір дәрежеде ауқатты және бай гректерде құлдар орындайтын жұмыстарды атқарды. Құл иеленушілік қатынастар бірте-бірте дами түсті, бірақ ерікті адам үшін дене еңбегі әлі намыс деп саналмайтын. Ал егіншінің еңбегі құрметті деп саналатын. Техникалық дәрежесі мен осы кездегі еңбек қатынастары Ресиодтың “Еңбек пен күндер” деген поэмасында өте айқын көрсетілген. Грек діні Крит-Микены дәуірі мен рулық құрылыстың ыдырауы кезінде-ақ (б.э.д. XI-IХ ғ) пайда болып қалыптасқан. Б.э.д. VIII-VII ғ ол әбден өркендеп жетілген. Бұл антропоморфизм яғни адамдар құдай деп тану, құдайлар туралы, олар ең күшті, ең тамаша адам, олар мәңгі өлмейді және мәңгі жасарып тұрады деген түсінік. Гректердің түсінігі бойынша, дүние алғашқыда-түпсіз тұңғиық, Жер-Гея, жер астындағы дүние-Тартар болған. Геядан аспан құдайы Уран шыққан. Уран мен Гея, өз әкесі Уранды тақтан түсірген, алып-титан Кроносты туған. Алып-титандар-аға құдайлар. Кроностан кіші құдайлар. Аид, Посейдон, Гестия, Деметра, Гера және Зевс пайда болған. Зевс бастаған кіші құдайлар аға құдайлардың титандардың билігін жойып, дүниені өздері басқарады.

Ежелгі Грецияда әр түрлі қалаларды біртұтас байланыстырып, грек халықтарын біріктіретін мәдени қатынастар болған. Бұл халықтарды өзінің мерекелерімен, ойындарымен, оракулдарымен біріктіретін орталықтар-Балкан түбегінің қалалары болатын. Грецияда құдайларға арналған діннен басқа да сипаты бар, арнаулы мерекелер болатын. Олардың негізгі көрінісі физкультура жарыстары, музыка, ән және т.б. болған.

Мереке-тойлардан басқа гректерді біріктіретін нәрсе гректік жарыстар болатын. Әсіресе Пелопоннестегі Олимпияда өткізілетін олимпияда ойындары өте әйгілі болатын. Олар құдайлардың әкесі, қаhарлы найзағай құдайы Зевс Олимпийскийдің құдіретіне өткізіп тұратын. Олимпте оның храмы болатын, ал онда осы құдайдың орасан үлкен мүсіні тұратын. Олимпия ойындары әр төрт жыл өтіп, бесінші жылға қарағанда өткізілетін. Кейін гректер өзінің уақыт өлшемін олимпияданың өтуіне қарай санайтын болды. Ескі аңыздарға қарағанда, бірінші олимпияда б.э.д. 776 ж өткізілген.

Олимпия ойындары кезінде, оған барлық гректердің қатысуын қамтамасыз ету үшін, соғыс уақытша тоқтатылатын. Олимпиялық ойындар шын мәнісінде бейбітшілік жарысы болды.

Кіші Азиядағы грек қалаларының экономикасының, олардың қолөнері мен саудасының едәуір дәрежеде өркендеуіне байланысты және қалалық демос ролінің артуымен идеологияның түрі өзгерлі. Бұл қалалардағы көптеген азаматтар дүниені діни тұрғыдан түсіндіргенге қанағаттанбайды да, оған жауапты материалдық дүниеден іздей бастайды. Сөйтіп, идеалистік және материалистік көзқарастар арасында күрес басталды да, бұл күрес үстінде б.ғ.д. VII-VI ғ материалистік философия шығады. Ерте пайда болған бұл философияны стихиялық материализм дейді. Мұндай бірінші философ Милеттен шыққан Фалес болды. Ол физик, әрі математик еді. Ол барлық дүниенің негізі-су деп үйретті. Бүкіл дүние судан жаратылған және ол барлық тірі нәрсенің негізі. Оның шәкірті-Анасимен тіршіліктің бастамасы алғашқы материя-“апейрон” деп санады.

Аз ғана әріптері бар грек алфавит жазуы б.э.д. IX-VIII ғ пайда болған. Оның негізіне Финики алфавиті алынған. Финикиліктердің сауда жүргізуге байланысты жазу-сызуды қажет ететін есеп-қисап жұмыстары болғандықтан, таңбалары өте көп Шығыстың ежелгі жазуларын зерттеуге уақыты да, мүмкіндігі де болған жоқ. Есеп айырысуды қысқа да дәл көрсететін, ұзақ зерттеп жазуды қажет етпейтін жазу қажет болды. Финикиліктер

22 әріптен тұратын жаңа жазу ойлап шығарды. Бірақ бұл әріптер тек дауыссыз дыбыстарды ғана бейнеледі. Гректер Финикиліктердің жазуын пайдалана отырып, оны өзгертті. Ол тек дауыссыз дыбыстарды ғана емес, сондай-ақ дауысты дыбыстарды да белгіледі. Сөйтіп, 24 әріптен тұратын жаңа грек алфавиті жасалды.

Жаңа алфавит пен жазудың жасалуы грек әдебиетінің дамып өркендеуінде өте маңызды қадам болды. Б.э.д. VIII ғ екінші жартысында Беотияда тұратын Гесиод екі ірі әдеби шығарма жазды: “Геогония” құдайлар мен дүниенің пайда болуына гректердің көзқарасын көрсететін шығарма және “Еңбек пен күндер”. Б.э.д VIIІ-VII ғ грек лирикасы пайда болып, өркендеудің ең жоғарғы дәрежесіне жетті.

Осы дәуірде гректің бейнелеу өнері туа бастайды. Алғашқыда ол архитектура, сондай-ақ мүсіндеу жағынан болсын ежелгі Шығыс өнерінен кейін болды. Бірақ б.э.д VII ғасырдың аяғында грек өнерінің алға кеткендігі соншалықты, тіпті кейбір жағынан ежелгі Шығыс өнерін басып оза бастады.

3. Б.э.д. грек мәдениетінде антик таптың қоғамының шым-шытырық оқиғаларға толы дәуірі, рулық құрылыс көзқарастарының қалдықтарын жою, аристократтар мен демостың арасындағы күрес, антик құл иеленуші полистің құрылуы бейнеленеді. Ғылыми білімнің алғашқы табыстары көрсетілді, алғашқы философиялық жүйелер тұжырымдалды. Б.э.д. V-VI ғ архаистік кезең мәдениеті салған ірге таста ежелгі Греция классикасы өзінің тамаша өркендеу дәрежесіне көтерілді. Ал бұл классика ойдағыдай өркендеген және өркендеп келе жатқан Европа мәдениетінің едәуір және маңызды бөлігі болып табылады.

Сонымен Шығыстың ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына ерекше мәні берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салды. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмыстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі-Александриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі “музей сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмыстарымен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты, Мысалы: Эвклид геометриясының бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы-Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақтаған 700 мың папирус орама бар әйгілі кітапхана орналасты.


V. Тақырыбы: Антика дүниесінің мәдениеті.

(15-дәріс)

Жоспары:

  1. Ежелгі грек мәдениетінің мифологиясы мен космоцентризмі.

  2. Антикалық “полис” феномені.


1. Гомерлік кезеңінің IX-VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты-грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып білуге талпыныс жасады, қауіп қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса “күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар” деген өмірлік қағиданы ұмытпаған жөн сияқты. “Адам-бар дүниенің өлшемі” деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған болар. Сондықтанда табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің көптен беріуі-грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.

Ол бойынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік құдайлар билейді. Грек түсінігінде құдайлардың құдайы-Зевс бастаған даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана тән қасиеттерді молына табуға болады. Греция топырағында құдайлар мен халық қаhармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп аталатын халықтың ауыз екі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара ұштасып жатқандығын аңғруға болады.

Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа түр беріп отырады.

Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою өрнектер мен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Б.з.д. IX-VII ғ құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуге геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары-б.з.д. VIII ғ афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемділігі, композициясының үйлесілімділігі бірден көзге түседі. Құмырадағы суреттер “Лак” деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.

Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (б.з.д. VIII ғ ) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық, билер жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және т.б шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады.

Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе-құдайларға сыйға тартұға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, б.з.д. 1-мың жылдықтан алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп-керамика жетекші орын алады. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді.

Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен “архаикалық” кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.

Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.

Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы-мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оны қоршаған егістік жерлерде кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық, жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған.

Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы км, ал Спартаның көлемі-2650 шаршы км болды. Ғалымдардың пікірінше, Грециядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішінде ең ірілері-Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және т.б саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Греция, дәл осы архайкалық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамитын “Эллада”, “Эллинизмдер”деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары ғибаратханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастады.

Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де, политеизм тән болып келеді. Грецияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера-аспан құдайы және қамқоршысы неке. Зевс өзінің ағайындары Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулықпен сүіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті.

2. Құлиеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына, Грецияның көптеген қалаларында салына бастаған ярамдар (ғибадатханалар) құрылысының етек алуына әкеліп соқты. Ғибадатханалар қалаларды одан әрі көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм салуда полистер арасында бәсекелестік пайда болды. Сарайлық, криттік сәулет өнеріне қарағанда, бұл дәуірдің сәулет өнері храмдық болып келеді. Бірақ діни рәсімдер арнайы құрбандық орындарында, далада өткізілгендіктен храмдарға, құдайға құлшылық ету үшін емес, тек құдай мүсіндері тұратын орын ретінде ғана пайдаланатын болған, яғни храмдар-шеберлер қолынан шыққан асқақ мүсіндердің мекені болды. Архаика кезеңінің ең биік храмдарының бірі-Коринфтегі Аполлон храмы (б.з.д.VI ғасырдың екінші жартысы). Бұл храм-өзінің сәулеті жағынан қос бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар таңғажайып құрылыс. Құм қайран тастан қашалған колонналардың ұшы жіңішкере береді. Олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете сәулет өнерін “үнсіз музыка” деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас бөлегі болып табылатын грек колоннасы- таңғажайып таза үнді, жан тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек сәулет өнерінде колоннаның рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп, айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын, жауыннан немесе ыстықтан бой тасалайтын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді. Демек, орнықты да, әсем етіп салынған грек колонналары заман талабына сай өз міндеттерін толық атқара білді.

V ғ ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі Афины қаласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Похожие:

«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Филология және тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет Студентке арналған ережелер
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті Заңтану-тарих факультеті Мамыраимов С. Д
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОрта ғасырлардағы Қазақстан тарихы ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – ІI, 07201, 07203 топтар
Пәннің оқу әдістемелік кешені Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. 050203 «Тарих» (ғылыми) мамандығы үшін. Алматы,2005
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon2009-2010 оқу жылы 7 семестр 2-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Отбасы әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница