«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені




Название«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница5/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Altinbekov.Madiniet.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

VІ. Тақырыбы: Мәдениет адамзат әлемінің айнасы.

Мәдениет тілі.

(6-дәріс)

Жоспары:

  1. Мәдениет – адамның шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асыру әдісі.

  2. Адамның мәдени қалыптасуы және кемелденуі.

  3. Мәдениет – адамның шығармашылық іс-әрекетінің заңды нәтижесі.


1. Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы,

онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинқталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихы зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, ділі мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.

Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні, мәдениет пен табиғатты, культура мен натураны қарсы қоюшылық, мәдениет ұғымына берілген анықтамалардың келесі тобын қарым-қатынастық бағыт деп атайық. Адамдық арақатынастың бәрі белгілі бір мәдени деңгейден басталады, ал осы сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған мақсатқа сәйкес предметтік әрекеттің нәтижелері адамдық мәндік күштердің заттандырылған көріністері болып табылатын мәдениет туындыларында (материалдық немесе рухани) жүзеге асады, басқаша сөзбен айтқанда, мәдениет дегеніміз адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау процесі (В.М. Межуев, Л.Н. Коган, Н.С. Злобин және т.б.).

Мәдениетке арналған көптеген шығармаларда, ресми құжаттарда ол құндылықтар дүниесімен байланыстырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының мәдени-әлеуметтік даму бағдарламасында мәдениет арқылы адам құндылықтарды айырып, олардың ішінен таңдау жүргізеді деп атап көрсетілген. Құндылықтар дүниесі адам әлемі (микрокосм) мен қоршаған ортаның (макрокосм) байланысын білдіреді. Адамдық әрекет шеңберінен қамтылған бейтарап заттар белгілі бір қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға, т.б. айналып, біздің тіршілігіміздің тіректері болады.

Адам – дүниені жай ғана пайдаланушы жан емес, оны қажеттіктеріне байланысты өзгертуші тұлға. Құндылықтарды зерттейтін ілімді аксиология деп атайды, бұл жөнінен мәдениеттануды аксиологиялық пән деп бағалаймыз. Мәдениет құндылықтарының иерархиялық жүйесін анықтау – кез-келген гуманистік ғылым үшін жауапты міндет. Мысалы, гуманизмді бастапқы принцип ретінде алған ілімдер үшін әлемдегі негізгі құндылық – мемлекет те, партия да, жалпы қоғам да емес, нақты адамның өзі. Өмірді ең жоғарғы игілік деп есептеу, күштемеу этикасы – міне, бұлар қазір қалыптаса бастаған болашақ мәдениеттің неізгі белгілері.


2. Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың екі жүзден астам мемлекеттерге біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ нәрсе – мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет.

“Мәдениет” ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайды. Ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін пайдаланып адамның қалыптасуы мен кемелденуіне өте жоғары мән берген. Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған. Олар ақсүйектік қасиеттермен қатар, “адамзаттық” қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол – білім жолды. Г.Е. Жураковский: “Көп жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты – оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сезіндіру болып табылады” – деп жазды. (Очерки по истории античной педагогики. М., 1940, с. 42). Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналытарға да қатыса алатын болды. Мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер “даналық-табыстар” – нома (заңдар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды. Ол өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды.

Ортағасырларда адамның заттық – аспандық дүниеден, оның тіршілік отанында басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттық ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғары “ақыл-ой” мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет адамның өз мүмкіндіктерін “жетілдіру”, оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда “табиғи” бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды “жетілдіру” тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рациональдық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер – махаббат, үміт, сенім т.б. жаңа сатыға көтерілді.

Ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия және т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәрбиесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.


3. Мәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де, өндірістегі жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.

Мәдениет адамсыз жасалмайды. Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады. Қандай мәдениет көрінісін алсақ та, біз белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты жарық көрген адам қызметінің нәтижесін мақтан етеміз. Мәдениет көрінісін өткінші, бүгін бар да, ертең жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи сабақтастықты ақиқат деп қараушы әрбір адам мәдениеттегі шындықты әлеуметтік қажеттерден туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.

Мәдениеттің ерекшелігі сол – ол тек объективті шындық қана емес, шығу тегі жағынан алғанда, оның мазмұны субъективті. Мәдениеттің материалдығының өзі, оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісі мен объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алды. Қорыта айтқанда мәдениет туындысы дегеніміз адам тұрмысының затқа айналған мәні. Бұдан мәдениет дайын зат ретінде, заттың түр ретінде өмір сүреді деген қорытынды жасауға болады. Шынында да, материалдық мәдениет өндіріс құрал-жабдықтары, сәулет өнерінің мұралары арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы, сондай-ақ өлең, жыр, ертегі, терме, жұмбақ, жаңылтпаш, әңгімелерден мәлім болады. Заттың мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен адамдық сипат алуы керек.


VII. Тақырыбы: Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль,

құқық, саясат, ғылым.

(7-дәріс).

Жоспары:

  1. Мәдениеттің феномені ретіндегі өнердің ерекшеліктері.

  2. Генезис. Өнердегі ұлттық пен интернационалдық.

  3. Эстетика және эстетикалық идеалдар.




  1. Өнер-өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін

қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктермен дараланатын формасы. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері (архитектура) оларды суреткердің ішкі идеалдық-сезімдік толғаныстары арқылы береді. Сөздің кең мағынасында өнер ұғымына, технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса, шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады.

Қоғамдық болмыстық бейнелеудің белгілі формасы бола отырып, өнер қоғамының рухани өмірінің техника (эстетика мен техника), саяси идеология, мораль (эстетикалық және этикалық) сияқты салаларымен белгілі дәрежеде байланысты болып келеді. Қоғамдық сананың басқа салалардан даралайтын өнердің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Өнердің ерекшелігі - өмір шындығына адамның эстетикалық қатынасы, ол басты мақсаты – дүнинені көркемдік тұрғыдан бейнелеу. Сондықтан өнер туындыларының нақ төрінде белгілі бір нақты тарихи жағдайда көрінетін адам, оның қоғамдық байланысымен, басқа адамдармен қарым-қатынасы, өмірі мен қызметі тұрады.


2. Генезис (грек. genesis) – белгілі бір заттың, құбылыстың тууы мен одан әрі дамуын бейнелейтін ұғым. Генезис даму процесінің белгілі бір кезеңін аңғартады. Дүниедегі заттардың бәрі белгілі бір тарихи уақыт тізбесінде дамиды. Адам ойы осы объективтік тарихи тізбекті, бірізділікті бейнелемесе ақиқат, қисынды бола алмайды. Таза эмпирикалық тұрғыдан қарағанда тарих оқиғалардың уақыт ішінде тек біріне соң бірі тізіліп өтуі ғана. Ал адам ойында болса тарихи тізбелік ерекше өзгертілген түрде, теориялық жүйемен бейнеленуі керек.

Теориялық тұрғыдан қарағанда тарих желісі заттың, нәрсенің өз мүмкіндіктерінен құралу жолы ретінде суреттеледі, өйткені объективтік мүмкіндіксіз ештеңе де дамымайды, пайда бола алмайды.

Өнердегі ұлттық пен интернационалдық – ұлттық мәдениеттердің бір-бірімен байланыста, біріне-бірі ықпал етуі арқылы дамуынан тұратын сапалы ерекшелікті бейнелейтін ұғым. Өнердегі ұлттық пен интернационалдық диалектикалық өзара байланысты ұғымдар. Олар қоғамда теңдік жүзеге асқанда ғана еркін, әрі қарыштап дами алады. Өйткені ондай қоғамдық өмірдің барлық салаларында бір-бірімен байланысты екі прогресшіл тенденция үстемдік етеді. Олар – ұлттардың жан-жақты дамып гүлденуі және жақындасуы. Бұл тенденция мәдениет пен өнерге де тән. Ұлттық мәдениеттер байланыссыз, томаға тұйық дами да, гүлдене де алмайды. Әрбір ұлт өзінің ана тілінде дәстүрлі халықтық және профессионалдық өнер үлгілерін дамыту үстінде басқа ұлттардың мәдениетіндегі жетістіктерді, өзінде жоқ көркемдік әдістер мен формаларды, өз өнерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып творчестволық пен пайдаланады. Соның нәтижесінде әрбір ұлттық өнер кемелденіп, барынша сапалық ерекшеліктерге ие болып дами түседі. Осы даму процесінде ұлттық мәдениеттердің арасындағы алшақтықтар мен артта қалушылықтар барған сайын жойылып, олар біртіндеп жақындай түседі. Басқаша айтқанда, әрбір ұлттық өнер үлгілерінің интернационалдық сипаты күшейе түседі.

3. Эстетика (грек. aisthetes – сезінуші, сезім қызметіне қатысты) – көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы көркем творчествоның жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым.

Эстетикалық (идеал) мұрат – эстетикалық кемелдіктің (өмірдегі, өнердегі) биік деңгейі туралы және оған жету жолы туралы нақты сезімдік түсінік. Эстетикалық мұратты жүзеге асыру үшін алдын ала қажет нәрсе - өмірдің барлық саласында қоғамдағы адамның ерікті болуы. Адамның айнала дүниеге эмоциялық нақты сезімдік қатынасы мен тығыз байланысты болғандықтан, эстетикалық мұрат сезім формасына бөленеді. Оның адамгершілік, саяси және басқа да қоғамдық мұраттардан айырмасының өзі осында; ал басқа мұраттар бар немесе болса екен дейтін кемелділік туралы жалпылама ұғым болып келуі мүмкін. Мазмұнында ерекшелік бола тұра, эстетикалық мұрат сондай-ақ қоғамдық және эстетикалық мұратпен де бірлік жатады. Мұның белгілі тарихи мазмұны қоғамдық, этикалық мұрат секілді түп-түбінде қоғам өміріне, өнер даму процесіне саяды. Қоғамдық тәжірибе адам танымының барысында жұрттың эстетикалық мұраты өзгеріп дамиды да, реалдық дүниенің объективті тенденциясын аңғартады. Озат эстетикалық мұрат қай заманда да болмыстың дамуына кереғар келмейді, қайта өз бойында бар мүмкіндіктерге, объективті сипаттар мен заңдылықтарға сүйенеді, сөйтіп ол болмыс дамуының нақты сезімдік көрінісі болып табылады.


VIII. Тақырыбы: Мәдениеттің түрлері: өнер, дін,

мораль, құқық, саясат, ғылым.

(8-дәріс).


Жоспары:

  1. Өнер және көркемдік мәдениет.

  2. Өнердің өзіндік жүйесі мен түрлері.

  3. Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі діни наным-сенімдер.


1-2. Өнер - өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін

қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері (архитектура) оларды суреткердің ішкі идеалдық-сезімдік толғаныстары арқылы береді. Сөздің кең мағынасында өнер ұғымына, технол. және эстетикалық жақтарынан аса, шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Философтар өнердің ғасырлар бойғы қоғамдық еңбек процесінің дамуы барысында тарихи қажеттілікпен, әрі заңдылықпен туғанын дәлелдеп береді. Әлемдік археологиялық және этнографиялық ғылым табыстарына қарағанда өнердің алғашқы қарапайым формаларының іздері біздің заманымызға дейінгі 40 – 20 мың жылдар бұрынғы тас ғасырында пайда болған. Алғашқы өнер туындыларының – тастағы ою өрнектер мен әртүрлі сурет-бейнелердің тікелей еңбек процесінен туғанын ап-айқын көруге болады. Өнердің тарихи даму барысында, мазмұны мен формасына қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы өзгерістер әсер етіп отырған. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесі мен деңгейі тікелей болмаса да, жанама түрде өнердің дамуына зор ықпал жасаған. Қоғамдық өндіріс сипаты мен күнкөріс қамының ерекшеліктеріне байланысты әр халықта өнердің әртүрлі салалары дамыған. Мысалы, қазақ халқында сөз өнері ерекше дамыды. Соның нәтижесінде шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, лирик-эпикалық жырлар сияқты ауыз әдебиетінің алуан түрлі жанрлары қалыптасты. “Өнер алды – қызыл тіл” өнерпаз қауымның дәстүрлі ережесіне айналды. Қазақтардың ән-күйге әуестігі де, оны жанындай жақсы көріп ерекше дамытқаны да осындай тарихи ерекшеліктеріне байланысты болған. Жалпы өнердің дамуына қай заман, қай елде болмасын халық бұқарасы зор үлес қосып отыр.

Өнердің саласы болып табылатын алуан түрлі қорлары мен сырлары арқылы көрінетін, өмірді өнер иесі – қаламгер, не суретші жан-жақты зерттеп таниды да, өз қиялында қайтадан өңдеу арқылы көркем образдар жасайды. Өнердің саласы мен өмір шындығын бейнелеу формалары, оның өзіне тән, міндеті – оқушысын қуаныш пен ләззатқа бөлейтін, рухани жағынан байытып, оның әсемдік сезімдерін оятатын, көркемдік заңдылықтары арқылы өнер туындыларын жасау. Осының нәтижесінде өнер өмірді сұлулықпен байытып, адамдардың эстетикалық қасиеттерін, талғамын қанағатандыруды қамтамасыз етеді. Өнердің танымдық маңызы мен адамдарға тигізетін идеалық-тәрбиелік ықпалы оның осы басты эстетикалық функциясы арқылы көрінеді. Өнердің танымдық маңызы мен тәрбиелік мәні өзара тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені өнер белгілі бір өмір шындығын тиімді көркемдік әдістер мен таныту арқылы адамның сезімдері мен ықпалына әсер етеді.

Тарихи даму процесінде өнердің жоғарыда аталған түрлері пайда болды. Өнердің дамуы тікелей қоғамның дамуынан материалдық прогреспен, оның әлеуметтік-таптық құрылымындағы өзгерістер мен байланысты. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан бейнелеу әдістерінің үнемі кемелдене де тереңдей түсуі - өнердің жалпы даму жолы. Бұл даму біркелкі болмайды. Мәселен, құлдық қоғам қойнауындағы ертедгі грекияда өнредің дамуы шырқау шыңға көтерілді, оның барлық салалары шешек атып гүлденді. Өнер туындылары мен өлмес образдар жасалды. Ондаған ғасыр кейін пайда болған құлдық қоғамнан әлдеқайда жоғары өндіріс әдісіне негізделген капиталистік қоғамда өнердің даму өрісі ондай бола алмады.

Өнердің дамуына материалдық фактордан басқа көркем-өнердегі дәстүрлердің, сол дәуірдің саяси және рухани өмірінің ерекше ынтасы қажет.


3. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

Жер бетінде мекендеуші қазіргі халықтардың туысқандығының түп тамыры да – сонау кейінгі палеолит дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардың бірлігінде болса керек.

Сол кездің өзінде-ақ тілдің, наным-сенімдердің, өнердің, жанұялық жеке қарым-қатынастарының, адамның мінез-құлқының негіздері қалыптаса бастады.

Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді. Сиқыршылықтың басты мақсаты – адам бойындағы ауруды қуып шығу, жауына зиян келтіру, оны мұқату, жақсы көрген адамын айналдырып алу т.б. сиқыршы тек өз күшіне, өз қабілетіне ғана сенді. Осы тұрғыдан алып қарағанда сиқыршылықтың діннен айтарлықтай айырмашылығы бар, өйткені дін адамнан асқан құдіретті күш – құдайдың көмегіне сүйенеді.

Магияның (сиқырлаудың) негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм – адамдардың өздерінің ата-тегін жануарлар мен, жанурлар дүниесімен (сонымен табиғат күштерімен өсімдіктер дүниесімен де байланыстырылып қарастырылатын кездері де болған) тығыз байланыста қарастыруы.

Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі наным-сенімнің тағы бір түрі анимизм болды. Анимизм – рух, жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім. Ол бойынша – табиғатта болатын барлық құбылыстардың басты себепкері – рух пен жан болып саналады. Көне заманның мәдениетінде діни салт-дәстүрлердің, наным-сенімдердің, діни мейрамдардың даму процесі анимизмнен басталады.

Діннің көне түрлерінің тағы бірі фетишизм болды. Фетишизм (тұт, тұмар деген мағыналарды береді) – табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну. Осы айтылғандардың (тотемизм, анимизм, фетишизм) барлығы дерлік қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің халықтарының салт-дәстүрлерінде кеңінен көрініс тауып отыр.


ІХ. Тақырыбы: Мәдениет және өркениет.

(9-дәріс).


Жоспары:

  1. “Мәдениет” және “өркениет” ұғымдары, олардың арақатынасы.

  2. Өркениет мәдениет дамуының баспалдығы, деңгейі ретінде.

  3. Өркениет адамның сыртқы, ал мәдениет ішкі әлемі ретінде.




  1. Бұл екі ұғым бір-біріне өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет – адам

баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылысы. Оның екі түрі бар: бірі материалдық жасанды дүние, екіншісі рухани дүние. Біріншісіне үй, өндіріс, киім-кешек т.б., екіншісіне – қисса, ертек, өлең-жыр, діни, ғылыми ұғымдар т.б. жатады.

Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемде алғанда – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, Үнді өркениеті, Вавилон өркениеті т.б.

Айталық, тағылық құрылымға қарағанда құлдық қоғам көп ілгері дамығандық. Мұнда таптар бар, мемлекет пайда болған, жазу қолданылған, тәртіп орнатылған. Сондықтан, мұны адамның тағылықтан өркениеттілікке көшуі дейді. Бірақ бұл даму шегі емес. Қоғам одан әрі дами береді. Бұл өркениеттен келесі өркениет жоғары бола бермек: шикі етті жұлып жегеннен гөрі, оны кесіп, пісіріп жеген артық. Сонда өркениеттілік деген не? Біздіңше, егер мәдениет дамудың көбінесе объективті жағын көрсетсе, былайша айтқанда, менің ақыл-ойыммен, қолыммен жасалған, бірақ менен тыс тұрған не материалдық, не рухани құбылыс болса, өркениеттілік сол объектінің маған тиімділігі, игілігі. Мәселен, қарапайым арба да, қазіргі жеңіл машина да, өнер білім де мәдениет жетістіктерді, ал енді сол арбаны да, жеңіл машинаны да, өнер-білімді де пайдалану маған жасалған жеңілдік, игілік. Мәселен, жұмыс істеу, сөйлей білу, жүріп-тұрудың да мәдениеті бар. Ал енді сол мәдениетті игеру өркениеттілікке жатады. Олай болса, өркениеттілік мәдени табыстардың адам игілігіне жараталуы. Нақтырақ айтсақ мәдениетті игеру, бойға сіңіру, қоғам мақсатына жұмсау – міне, өркениеттілік дегеніміз осы.

Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еткізу жатады. Өркениеттілік ең алдымен прогеске, заңдылыққа, ізгілікке, әділеттікке байланысты әрекет. Біздің демократиялық, құқықтық, ізгілікті ел болуға ұмтылуымыз да сондықтан.

2. Өркениет мәдениет дамуының баспалдағы, деңгейі. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғарылаған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым көтеріледі.

Өркениеттің өндірістің дамуына ықпал етпеуі мүмкін емес. Өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуін қамтиды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет дәрежесін және өркениеттің қандай деңгейде екендігін көрсетеді. Олай болса, өркениет пен мәдениет өзара байланыса дамуда бір объективті негізге тәуелді.

Сонымен бірге өркениет пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Мәдениет дамуы өркениет жүрісінен шабандау келеді, оның есесіне ол мазмұны жағынан күрделі және көп салалы болып келеді. Өркениет қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәдениеттің дамуына жағдай туғызады, өз кезегінде мәдениет сол өркениетті жетілдіреді.

Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше роль атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісі де, объектісі де. Бұл пікір материалды мәдениетке де байланысты. Жеке адамның жекелік сипаты оның іс-әрекет, қызметінен туындайды. Олар қоғамдағы мәдени жетістіктерге бірдей қарамайды, қарай да алмайды. Бірақ еңбек поцесінде ол материалдық мәдниет пен танысады, оның өркендеуіне тікелей қатысады, өзінің өмір салтын қоғамдық өмір салттық мәдениетке бағындырады. Қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде ол рухани қазынадан нәр алмай отыра алмайды, оны көркемдеуге, мазмұндауға қатысады.


3. Мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалрдың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.

Мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.

Әл–Фараби айтқандай, адам – “хайуани мадани”, яғни, мәдениетті жан.

Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана, мәдениеттің адамзат тарихындағы, адам өміріндегі орнын түсінуге болады.

Мәдениет қандай түр алса да адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсақ, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлық саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі.

Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады. Қандай мәдениет көрінісін алсақ та біз белгілі тарихи жағдайларға байланысты жарық көрген адам қызметінің нәтижесін мақтан етеміз. Мәдениет көрінісін өткінші, бүгін бар да ертең жоқ деп қарауға болмайды.

Қорыта айтқанда өркениет адамның сыртқы, зат сипатындағы, ал мәдениет адамның ішкі жан дүниесі сипатындағы қол жеткізген жетістігі.


Х. Тақырыбы: Мәдени-тарихи типология.

Мәдениттеанулық теориялар.

(10-дәріс).


Жоспары:

  1. Типология – мәдениетті ой елегінен өткізу және зерттеу тәсілі.

  2. Тарихи-мәдени типология құрудың принциптері.

  3. Мәдениеттің қазіргі типологиялық жіктеулері.




  1. Типология (грек тілінен “типос” – пішін, үлгі, із және “логия” – ілім,

сөз деп аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін жалпылана үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне ұқсамайтын, көп түрлі құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі қолданылады. Осы сипатта типологияның ХХ ғасырда жан-жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелік ілім мен мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен қолданылуды.

Бұл ілімдерде типология әр түрлі құрылымдық заңдылықтарды ашу, олардың негізіндегі архетиптерді айқындау, осының нәтижесінде идеалды типтерді құрастыру және оларды салыстырмалы тәсілдермен түсіндіру сияқты ғылыми негізгі әдістерге жатады. Сонымен, адамзатқа тән сан алуан мәдениетті зерттеу үшін типология ауадай қажет.

Қазіргі мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған. Бұл жерде шешуді қажет ететін мәселе – мәдени типтердің өзара байланысы. Дүниежүзілік тұтас мәдениеттер эволюциясы бар ма, әлде әрбір мәдениет оқшау, бір-бірінен алшақтап кете ме? Осы мәдени типтердің тарихтағы салмағы, оның қосқан үлесі қандай? Неліктен адамзат дамуында белгілі бір мәдени тип алға озып шығады? Ал бұрын гүлденгені, неге кейін солып қалады? Осындай сұрақтарды жалғастыра беруге болады.


2. Мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп алуға болады. ХІХ ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртұтас дүниежүзілік өркениеттің қалыптастыру заңдылықтарына сәйкестендіре шешті.

Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму тұжырымдамасы бойынша әртүрлі өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді. Әсіресе марксизм ілімінде қоғамдық-экономикалық формациялық, спираль түрінде даму идеялары анық айтылған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталған бетбұрыс осы мәселеге өз әсерін тигізді. Мәдениеттегі ортақ даму заңдылықтарын логикалық тұрғыдан талдаудың орнына әрбір “өрениеттің” көркем өмірбаянын суреттеу алдыңғы қатарға шықты.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың салдарынан жиі-жиі үзіліп қалған өзінің біріңғай мәдени бірлігін қалпына келтіре бастады. Бүкілпланеталық тұтастық идеясы гуманист ойшылдарды тарихтың ішкі мәнісін замандар сабақтастығынан іздеуге ұмтылдырды. Мәдени оқшаулық теориялары өз орнын адамзат дамуының біртұтастығы жайындағы ілімдерге бере бастады. Осылардың ішінде белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883-1969) белдеулік (осьтік) уақыт ілімі ерекше орын алады.

К. Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болған, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы ұқсас. Жалпыадамдық мәдениет пен өркениеттің қалыптасуына шешуші әсер еткен фактор – тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ әрбір дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытында пайда болған философиялық сенім тұжырымдады.


3. Мәдениет құбылысын толық және табысты зерттеу үшін жіктеу немесе типология әдістері қолданылады. Мәдени типология ғылымның таным әдісі, оның негізінде әлеуметтік мәдени жүйелер мен объектілерді және олардың топталуын қорытылған идеалданған үлгінің немесе тектің (түрдің) көмегімен бөлшектеу жатыр.

Түр – заттар, объектліер, құбылыстар топтарының жалпы белгілеріне, ерекшеліктеріне негізделетін өзіндік таза, теориялық үлгі.

Типологияға қажеттілік құрамы, көптігі бойынша әртүрлі объектілерге ғылым ұшырасқан жағдайда пайда болады және олардың реттеу жазбасы мен түсіндірме мәселелерін шешеді. Мәдениетті зерттеу барысында типологиялық құрылым ғалымдар біріңғай “құрылым жоспарын” іздеумен әуестене бастаған XVIII-XIX ғасырларда кең қолданыла бастады. Н.Я. Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А.Тойинбидің мәдени-тарихи мектептері зерттеуді осы бағытта жүргізді. Марксизм өз жүйесін қоғамның экономикалық үлгілеріне құрып, оның негізі етіп өндіріс қабілетінің өлшемін алды. Неміс әлеуметтанушысы Н. Вебер идеалдық үлгілерді құрудың әдісін әзірледі. ХІХ ғасырдағы американдық әлеуметтануда құрылған үлгілер әдісі қолданылды. Сонымен қатар, қазіргі мәдениеттануда оларды мынадай түрлерге бөледі:

    • мәдениеттің конфуцишылдық – даостың жүйесі;

    • мәдениеттің үнді – буддалық түрі;

    • ислам мәдениетінің әлемі;

    • мәдениеттің христиандық түрі.


Қазіргі қазақ мәдениетіндегі негізгі мәдени-әлеуметтік типтерге көшейік.

Мәселенің бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес. Мәдени-әлеуметтік тип

ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір

идеяларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері:

    • архаикалық тип.

    • мәңгүрттік тип.

    • маргиналдық тип.

    • еуразиялық тип.


Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер


I. Тақырыбы: Архайкалық мәдениет.

(11-дәріс)

Жоспары:

1. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетін кезеңдерге бөлу проблемасы.

2. Қауымдық құрылыс мәдениетінің материалдық және рухани негіздері.

3. Алғашқы адамдардың дүниелік бағдары мен дүниетанымы.


1. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы,

адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. жылға жуық уақыт өткендігін айтсақта жеткілікті. Дүние жүзінде жүргізіліліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәірі (палеолит).

Палеолит термині гректің “палайос”-көне “литос”-тас деген сөздерінен

алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5-2,6 млн. жылдай бұрын басталып, б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді:

Бірінші тас дәурінің ең алғашқы кезеңі-б.з.б. 1-2 млн. жыл мен б.з.б. 140

мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші көне тас дәірінің орта кезеңі б.з.б. 140 мыңыншы жылдан б.з.б. 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі-бұл б.з.б. 40 мыңыншы жылдан-10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды. Алғашқы қауымдық құрылыстың екінші және үшінші кезеңдері-қола ғасыры-б.з.б. екінші және бірінші мыңжылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады. Алғашқы қауымдық құрылыс өнерінің бастапқы кезеңінің басты ерекшелігі-синкретизм (гректің “қосылу” деген сөзінен шыққан) болды. Алғашқы адамдардың өзін қоршаған дүниені танып-білу стихиялық жағдайда өтті және олар табиғат күштерінің алдында өте дәрменсіз болды. Тағылық жағдайында өмір сүрген маймыл тәріздес адамдар-пикантроптар, синантроптар және т.б жануарлар дүниесінен біртіндеп бөлініп шыға бастайды. Сөйтіп олар үшін тіршіліктің жаңа кезеңі басталады. Ертедегі адамдар тобыры бірге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастады. Олар табиғаттың дайын өнімдерін теріп жеп, аңшылықпен айналысты. Бұл кезеңде адам құрғақ ағашты үйкелеу, немесе бұрғылау арқылы от алуды үйренеді және жыртқыш аңдардан қорғана алатындай дәрежеге жетті. Өнердің түрлі салалары бұл тұста қалыптаса қоймаса да, алғашқы адамдар бұл жарық дүниеден өз орнын тауып,өзін орнықтыруға барынша талпыныс жасады. Осындай тарихи сындарлы кезеңде орта тас дәуірінің тұрғындары-неандертальдықтардың адамдық бет-нышандары қалыптаса бастаған болатын. Адамдар бір-бірімен ыммен түсінісу қабілетіне ие болды, көне тас ғасырына қарағанда тас құралдардың сапасы да жақсара бастады. Бұдан байқалатыны адам баласының жетілуі, ойлау санасының дамуы, еңбек процесіне деген қабілетінің біртіндеп өсуі болып табылады. Табиғат құбылыстарымен тікелей байланысы туындаған саналы түбегейлі өзгерістер өмірлік тәжірибеге тікелей байланысты болды. Киім-кешек тігуді үйрену мен үңгірлерді пана ету, мамонт, үңгір аюлары сияқты ірі аңдарды аулау-осы сындарлы кезеңнің басты табиғи жетістіктері болды. Ең бастысы-неандертальдықтар өздерін қоршаған дүние туралы ұғымдарын ыммен ған емес көркем тәсілдермен де білдіруге алғашқы талпыныстар жасады. Палеолит кейін мезолит (орта тас дәуірі) және неолит (жаңа тас ғасыры) дәуірі кезеңдері басталады. Бұл дәуірлер бірнеше мыңдаған жылдарға созылады. Осы орайда алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінің хронологиясын нақты жылмен белгілеп беру мүмкін еместігін, сондықтанда бұл дәірлердің ұзақтығын шамамен алатындығымызды ескерте кеткенді жөн көрдік, өйткені алғашқы адамдарда жазу-сызу болған жоқ, ең алғашқылары тіпті бір-бірімен тілдесе де алмады. Тілдің кейінгі полиалит дәуірінде шығуы ешбір күмән туғызбайды. Тіл шыққанға дейін адамзат баласының ұзақ дәуірі үнсіздік жағдайда өтті. Одан қалғаны бар болғаны-тастармен сүйектер, күл мен жартастардағы түрлі бейнелер ғана.

Сағымдай бұлдыраған сол бір кезеңді (алғашқы қауымдық құрылысты)

“Тарихқа дейінгі кезең” деп атайтынымыз да сондықтан болар. Палеолит дәуірі өнерінің таңғажайып туындылары Украинаның Мезинск қаласында табылған.

XIXғ. табылған бұл археологиялық мол олжаның арасында тас және сүйектен жасалған еңбек құралдары мен қатар, киім тігетін көзі бар инелер сүйектен жасалған сымбат геометриялық әшекейлер, ал мамонттың азу тісінен жасалған түрлі статуэткалар мен мүсіндер, білезік және т.б. әдемі геометриялық әшекейлер - Мезинск өнерінің басты элементі болып табылады.

Ирек сызықтарға толы мұндай геометриялық әшекейлер соңғы кездерде

Шығыс және орта Еуропаның палеолит дәуіріне жататын көптеген қоныстарынан табылып отыр. Көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірнің арасындағы өтпелі дәуір мезолит (Мезо-орта, лит-тас деген мағына береді.) кезеңде табиғаттың өзгеруіне байланыста адамдардың тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Бұл дәуірдің өзіне тән ерекшелігі-адам баласының өміріндегі жаңа қарудың-садақ пен оның жебесінің пайда болуы. Мұндай қарудың пайда болуы алғашқы адамдардың өмірінде мал шаруашылығының пайда болуына және оның дамуына үлкен әсерін тигізді. Адамдар балықшылық кәсіпті игеріп қана қоймай, оны одан әрі жетілдіріп, қайық ойлап тапты және балық аулаумен шұғылданудың адам өмірі үшін онша қауіпті емес екендігін алғашқы адамдар түсіне де білді. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі-неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті. Демек керамиканың пайда болуы жаңа тас ғасырының басты белгілерінің бірі болғандықтан оған “керамика ғасыры” деген атақ берілді. Сонымен бірге бұл өнер табысты адамзат дамуындағы шын мәніндегі ұлы өзгерісті, зор уақиғаны білдіреді.

2. Өйткені, бұған дейін адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланса , ендігі жерде табиғатта белгісіз материалдар жасап, табиғаттың құлынан қожасына айналу жолында алғашқы қадамдар жасады. Өмір сүру қажеттілігінен туындаған бұл ұлы жаңалықтың барысында адам бұл саладағы өз өнерін біртіндеп жетілдіре берді. Яғни шытырман өрнектер мен әшекейлерден басталған бұл талпыныс барған сайын күрделіленіп, бояулармен сызықтар ырғағымен, геометриялық сымбатымен ерекшеленетін өнер туындыларына айнала бастады. Бұл өнер талпынысының барысында алғашқы қауым адамдарының бойында эстетикалық сезім деп аталатын құдіретті күштің алғашқы белгілері қалыптаса бастады.

Ерте палеолитпен алғашқы қауымдық құрылыстың кейінгі кезеңдерінің

уақыт алшақтығы мен қатар олардан сол дәуірлер тынысына байланысты өзіндік айтарлықтай айырмашылықтарыда бар. Олай дейтініміз, уақыт өлшемі адамдардың қалыптасу процесімен өмір-тіршілігіне тікелей әсер етті. Сондықтан да болар кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзат мәдениеті, оның ішінде материалдық және рухани мәдениет жайында ауыз толтырып айтуға болатын сияқты. Олай болса, кейінгі палеолиттің тас ғасыры дәуірінде алғашқы адамдардың биологиялық эволюциясы аяқталып “нағыз адам” қалыптасты. Екіншіден, тастан және т.б жасалған түрлі құралдар көбейіп қана қоймай, сапалық өзгерістерге де ұшырады. Үшіншіден, кейінгі палеолит дәуірнің ең басты жаңалығы-экзогания болды да, ендігі жерде неке қарым-қатынастарынан ең жақын туысқандары-ата-аналарымен балалары, туған ағалары мен қарындастары шығарылып тасталады. Инцестке (қан араласу деген сөз) тыйым салу неке қарым-қатынастарының қоғамдық тұрғыдан тәртіпке келтірудің бастамасы болды. Осындай түбегейлі қоғамдық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде ру және жанұя пайда болды. Биологиялық-эволюциялық дамудың орнына тарихи әлеуметтік дамудың келуі азғантай тарихи кезеңінің өзінде-ақ өз жемісін бере бастады. Бұл өзгерістердің басты нәтижесі- “мәдениет” деп аталатын. Дүние жүзілік тарихи құбылыс болып табылады. Оған еңбек құралдары, тұрғын үйлер мен тұрмыстық құрал-жабдықтар, тіл, дін, өнер, білім адам бойындағы ізгілік қасиеттер және т.б. жатты.

3. Антропогенездің (адамның пайда болуы) басында мәдениеттің

жекеленген элементтері жөнінде ғана айтуға болса (мысалы: еңбек құралдары), ендігі жерде мәдениеттің толып жатқан басқа салалары жайында да нақты деректер келтіруге болады. Кейінгі палеолиттің мәдениеті жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер Францияның оңтүстігімен Испанияның солтүстігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының қортындыларына байланысты негізделген. Ауа райы мен ландшафттың өзгергеніне қарамастан, Еуропаның бұл бұрышы адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы болған. Сондықтан болар, бұл өңірді мыңдаған жылдар бойы көптеген халықтар мекендеген. Бұл құпия жерлерді ғылыми тұрғыдан зерттеуде өткен ғасырдан бастап француз және испан археологтары үлкен белсенділік көрсетті. 1879 ж испан археологы М.Саутуола Альтамир үңгірінен кейінгі палеолит дәуірінің алғашқы кескіндеме ескерткіштерін тапты. 1895 ж Францияда Анри Брейль (1877ж-1961ж) Везера жазығындағы Ле-Комбатель үңгірінен мамонттың, бизонның (тағы өгіздің) аюдың, жылқының жүзге тарта бейнелерін тауып, мол олжаға кенелді. Бір ғажабы, бұл бейнелердің арасынан адам бейнелері де кездескен. Дәл осы жылы Ле-Комбательден жақын арадан археолог Пестрони Фонде Гом үңгірін тұтастай (сурет галереясын) ашып, мол олжаға кенелді. Оның ішінде жабайы жылқының-40 мамонттың-40, бұғының-17 суреті бейнеленген. Суреттер охрамен және тағыда басқа бояулармен салынған, өкінішке орай, бұл бояулардың қалай дайындалғандығы осы уақытқа дейін құпия қалпында қалып отыр. Жер бетін мекендеуші қазіргі халықтардың туысқандығының түп тамыры да-сонау кейінгі палеолит дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардың бірлігінде болса керек. Сол кездің өзінде-ақ тілдің, наным-сенімдердің, өнердің, жанұялық неке қарым-қатынастарының, адамның мінез-құлқының негіздері қалыптаса бастады. Біздің аңғарғанымыз, кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-саласы болып келеді. Бұл кезеңдегі адамның ең басты тіршілік кәсібі-аң аулау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік, мал шаруашылығы қауымдастықтары мен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар, адамдар тіршілігінің басты кәсібіне айналған аңшылық-қоғамдық өмірдің сан-саласын, оның ішіндегі мәдени саланы да жан-жақты қамтығанын жоққа шығара алмаймыз.

Алда қола ғасыры мен темір ғасыры-адамзат дамуындағы асқарлы жаңа

баспалдақтар тұрды. Оның прогресс жолындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің іргетасының қалауына тікелей әсер етті. Қоғамдық даму барысында өнердің сан-саласы жетіліп, жаңа мазмұнға, жаңа формаларға ие болды, металл өндірісінің әдістері одан әрі жетіліп “экономика” және “мәдениет” саласындағы ұлы төңкерістерге даңғыл жол ашты. Азамат баласының даму жолындағы қарышты қадамның әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамаша өнер туындылары болашақ ұрпаққа мәдени мұралар болып қала береді. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. өз кеңесінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті-дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және т.б болды. Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар-адамзат тіршілігінің басты мән-мағынасына айналды.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Филология және тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет Студентке арналған ережелер
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті Заңтану-тарих факультеті Мамыраимов С. Д
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОрта ғасырлардағы Қазақстан тарихы ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – ІI, 07201, 07203 топтар
Пәннің оқу әдістемелік кешені Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. 050203 «Тарих» (ғылыми) мамандығы үшін. Алматы,2005
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon2009-2010 оқу жылы 7 семестр 2-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Отбасы әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница