«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені




Название«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница4/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Altinbekov.Madiniet.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ІІІ. Тақырыбы: Мәдениет ұғымы және оның мәні

(3-дәріс)


Жоспары:

  1. Мәдениет ұғымының даму логикасы және тарихы

  2. Мәдениет туралы дағдылы түсініктер мен түрлі ғылыми көзқарастар

  3. Мәдениет – біртұтас жүйе

  4. Мәдениеттің құндылықтық табиғаты және мән – мағынасы


1.Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Бұл өркениет ұғымы. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің civilis сөзі) бастапқы кезде азаматтық деген мағынаны білдірген.

Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп есептеген басқа халықтар мен мемлекеттерден өздерін бөліп көрсету мақсатында қолданған. Яғни “өркениет” ұғымы олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдірген.

Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналары әр кезде әр түрлі тұжырымдалған:

  1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор)

  2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антикоды (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).

  3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл)

  4. Өркениет тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи мәдени саты (А. Морган)

  5. Өркениет этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я.Данилевский т.б.)

  6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық, қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.

Мәдени игіліктерді толассыз жасаудың нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.

Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт дәстүрлер жүйесіне бірден назар аударамыз. Салт – дәстүр, - дейді белгілі философ Гердер, - тіл мен мәдениет бастауларының анасы! (И. Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества Москва 1977, с 252).

Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады.

Әсіресе, жазу сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан.

Ал салт дәстүрге Ғұзыхан Ақпанбет мынадай түсінік береді: Олар терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі (қазақтың дүниетанымы. Алматы 1993, 36-бет).

2. Біз бұған дейін мәдениетті ұғымдық жағынан қарастырдық. Ал мәдениет болмысы тарихи – мәдени процесс. Оны әлеуметтік қозғалыстың ақпараттық түрі деп атауға болады. Мәдениеттің заттың пішіндерінде ақпараттық беріліс адам әрекеті нәтижесінде жасанды табиғатта ұяланса, ал рухани мәдениетте ол текстер мен тілде жүзеге асады.

Тарихи мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша қисанмен зерттейді. Оның алдында оқиғалар мен тарихи деректердің тізбесін жасау мақсаты тұрған жоқ. Ол тарихи – мәдени процестің қисандық модельдерін бейнелеуге тырысады.

Егер біз дүниежүзілік тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында екі бағыт бар екендігін байқаймыз. Бірінші, табиғатты меңгеру арқылы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды өркендетумен, білім мен техниканың дамуы нәтижесінде қалыптасатын өркениетпен байланысты. Екінші – бағыты адам руханилығының дамуы (мәдениет) деп атауға болады.

Осы екі бағыттың айырмашылығын Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да байқауға болады. Егер Шығыс мәдениетке көбірек көңіл бөлсе, Батыс өркениетті дамытуда бірталай жетістіктерге жетті.

Батыс адамы Дүниемен, табиғатпен, өзі сияқты басқалармен күресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы – керісінше: ол өзімен - өзі , өзіндегі толымсызбен күреседі. (А. Хамидов. Шығыс және Батыс дүниелік қатынас және дүниетаным Шаһар 1993ж. №1)

Егер тарихи – мәдени қозғалыстың динамкасын алып қарастырсақ, онда тарихи тұрғыдан төмендегідей сатыларды бөліп көрсетуге болады.

І. Льюис Генри Морганның ілімі бойынша:

  1. Тағылық. 2. Варварлық. 3. Өркениет.

ІІ. Маргарет Мидтің ілімі бойынша:

  1. Постфигуративтік (дәстүрлік) мәдениет

  2. Кофигуративтік (замандастық) мәдениет

  3. Предфигуративтік ( жас ұрпақтық) мәдениет

ІІІ. Даниелл Беллдің пікірі бойынша

  1. Индустриалдыққа дейінгі қоғам

  2. Индустриалдық қоғам

  3. Индустриалдықтан кейінгі қоғам


Марксизм бес қоғамдық – экономикалық формацияға (алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) тән мәдениеттің бес түрін көрсетеді.

Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық және жалпылық белгілері бойынша бүкіладамдық қасиет бойынша сипатталады.

Тарихта әртүрлі мәдени жүйелер өмірге келіп жатады, олар кейін орнын басқаларға береді. Ал этностық (ұлттық) мәдениеттерді алсақ, олар тіпті бір ғасырдың ішінде талай өзгерістерді басынан өткізген. Мысалы, ХХ – ғасырдағы қазақ мәдениеті туралы сөз болғанда көшпенділерден бастап тоталитарлық мәдениетпен қоса, қазір қайта жаңғырып жатқан қазақтың төл мәдениеті туралы айтуға болады.

Әр мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпай, оларды белгілі бір жүйеге, топқа келтіруге бола ма? Бұл мәдениеттер типологиясы туралы және мәдениеттанудағы ең келелі мәселелердің бірі болып табылады.

3. Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ нәрсе не? Олардың бәріне ортақ нәрсе – мәдениет, адам баласының саналы іс - әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық руқының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл өмірде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым – қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма? Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мағына іздейді, жаңаны танысам деп талпынады.

Ешқандай мәдениет жеке – дара емес. Ол әрқашан басқа мәдениеттермен байланыса отырып тіршілік етеді әрі соның нәтижесінде жетістіктерге етеді

Э. Гуссерль “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” деген еңбегінде “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады” – деп жазды. Расында да, мәдениет дегеніміз – адамның адаммен қатарласа өмір сүру мүмкіншілігінің табиғи тәсілі.

Мәдени даму тік бағытталған процесс емес. Онда үнемі ескінің жаңамен, өзіндік мұраның басқалармен қызу қарым – қатынасы жүріп жатады. Мәдени өзара байланыс кеңістігі ұлан – ғайыр. Біздің Ортаазиялық аймақта бірнеше діндердің, мәдениеттердің өзара ықпал аймағы болып табылады. Оған басты себептердің бірі – Ұлы Жібек жолының осы территориялар арқылы өтуі. Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығыстың ұлы мәдениетерінің біртұтас жүйе ретінде қалыптасуына ықпал еткен, ұлы діндердің тоғысқан орны болды.

Буддизммен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы Христиан діні де қазіргі Қазақстан территориясына V ғасырда несторианство ретінде енген болатын. Тек VIII – IX ғ. қарай, яғни исламның Қазақстанда орнығынуына байланысты несториансво да, буддизм де өз орнынан ысырылды.

Мәдениет өзінің көптүрлілігімен және мүмкіншілік молшылығымен құнды. Бүгінгі таңда әлемде көптеген діни бірлестіктер, секталар, конфессиялар және одан да мол тілдер, ұлттық мәдениеттер кездеседі.

4. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл – ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәденит адамды тұлға деңгейінде көтеретін негізгі құрал.

Әл – Фараби айтқандай, адам – хайуани мадани, яғни, мәдениетті жан.

Адам табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғарғы үлгісі екендігіне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.

Ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер – Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.

Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан – жақтылығына, шексіздігіне байланысты.

Қоғам - әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни қоғам ұғымындағы негізгі мәселе – адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды.


ІV. Тақырыбы: Мәдениет ұғымы және оның мәні.

(4-дәріс).


Жоспары:

  1. Мәдениет құрылымы.

  2. Материалдық және рухани мәдениет.

  3. Мәдениеттің міндеті.




  1. Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әртүрлі оның

сан-алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре түседі.

Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалды:

- мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қазметтік ерекшелік;

- мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қорытындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас.

Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүесі ретінде көрінеді. Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: мәдени және рухани құндылықтар;

- мәдениеттің материалдық тұрпатына әдетте техниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай-ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия, білім жүйесі сияқты организмдер жатады;

- мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.

Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді.

- ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана;

- әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.


2. Мәдениет – қоғамдық-тарихи практикалардың процесінде адамзат жасаған материалдың және рухани байлықтың жиынтығы.

Мәдениет – материалдың және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі, “Материалдық мәдениет” дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы. “Рухани мәдениет” деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада дамиды.

Адамзат дамуының қазіргі кезеңнің ең жоғарғы сатысы болып табылатын өркениет мәдениеті өткен заманның озық мәдениетінің табыстарын қорытады және дамытады. Бұл мәдениеттің идеялық мазмұны және негізі – дүниеге ғылыми көзқарас. Бұл мәдениет қоғам мүшелерін адамгершілік рухында тәрбиелейді.

3. Мәдениеттануда міндеттердің орындалуының ортақ нәтижесін қоғамдағы мәдениеттің ролі деп атайды.

Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:

    • көндіктірушілік;

    • құндылықты-нормативтік;

    • әлеуметтендіргіш;

    • ұйымдық реттегіш;

    • ізгілікті;

    • комуникаттивті-ақпараттық.

Көндіктірушілік міндет тетіктер, құралдар, әдістер, тәртіптер әзірлеуге

байланысты, олардың көмегімен адамның табиғат пен әлеуметтік ортаға көндігуі жеңілдейді, барынша тиімді бола түседі.

Құндылықты-нормативтік міндет нормалардың, құндылықтардың ,

дәстүр мен әдет ғұрыптың, мәдени үлгінің сапталуы мен берілуін қамсыздандырумен байланысты. Олардың көмегімен адамның, топтың, қоғамның өзін-өзі тануы іске асады. Жеке құндылыққа бейімделу, егер ізгіліктік мазмұн оны бағалау өлшемі ретінде берілсе, адамның мәдени деңгейін көрсетеді.

Әлеуметтендіргіш міндеті адамның алдына оның қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің өмір салтын дербес қалыптастыруға, әлеуметтік мәдени орта жағдайының ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына қарай оған әсер ете білуге тиіс.

Ұйымдық-реттеушілік міндеті қоғамның немесе оның бір бөлігінің өмір сүруінің қамсыздандырылуы мақсатында қоғамның, топтың, жіктің теңдігін ұстауға бағытталған.

Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады: биоәлеуметтік (отбасы,ру, тайпа, жыныстық одақ), әлеуметтік (тайпа, ру одақтары), әлеуметтік саяси (мемлекет, саяси және кәсіби одақтар). Ұйымдық-реттеушілік міндет сол мәдениеттің барлық субектілеріне теңдестірілген талаптарды әзірлеуге байланысты.

Бұл міндет моральдық, діни, құқықтық құндылықтар мен нормалардың көмегімен іске асады.

Ізгіліктілік міндеті: Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті “жэнь” – адамгершілік түснігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнін А. Швейцардың мына сөзімен беруге болады: “Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықты сақтауды талап етеді.

Коммуникативтік-ақпараттық міндет күрделі және сан қырлы. Кез-келген қызметтің табысы мәдениеттің гносеологиялық қуатын, аппараттық байлығын құрайтын білімнің, ақылдық, дағдының жиынтығынан тұратын барлық аппараттық саласына, сәйкестігіне байланысты. Мәдениеттің осы міндетін іске асыратын маңызды құрал – тіл. Мәдениетте аппараттың алмасуы белгі, бейне, символ (рәміз) орнына іске асады. Олардың пайдаланылуы мәдениет пен адамды ажыратуы немесе біріктіруі мүмкін.


V. Тақырыбы: Мәдениет адамзат әлемінің айнасы.

Мәдениет тілі.

(5-дәріс)

Жоспары:

  1. Адамның дүниеге қатынасының сан-салалығы.

  2. Тарихи - әлеуметтік және мәдени байланыстар жүйесіндегі адамның орны.

  3. Адам мәдениет субъектісі ретінде.




  1. Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік

қозғалыстар мен қимыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.

Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен атқаратын ролінің сипаттамасын айтып отырмыз.

Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке-дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. Қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіріп үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті болмайды.

Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық, көмегінсіз ол адам өсіп, жетіле алмайды.

Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі-өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасаудың керекті ойларын бір-біріне өткізуді үйренді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық заттар (тамақ, киім, баспана) өндіру әдісінен туады.

Олай болса адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.

Қоғамдық болмыстың әсерінен адамның әрекеттену ой алмасу жолында қалыптасатын кісілік қасиеттерінің ішіндегі аса маңыздысы – дүниеге көзқарас.

Дүниеге көзқарасымен бірге адам ішкі сипаты қалыптасады.

Кісілік сипат ешқашан жетілу шегіне жетіп тоқырап қалмайды.

Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөледі. Жігерлі адам әрқашанда өзінің тұрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін-еркін қызмет жасайды, ұстаған жолынан, қабылдаған шешімінен қашпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әділетті тұрақтылығы, батылдығы жетіспейді. Тіпті өте білімді, қабілеті мол, бірақ жігері аз адам өзінің бай рухани мүмкіндіктерін қолайлы жағдайлар болып тұрған күннің өзінде де іске асыра алмай қалатын фактілер жиі кездеседі.

2. Адамды адам ететін қоғам, еңбек. Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай деп айтуға әбден болады. Әрине, мұны әрбір дара адамға жатқызып, тікелей түсіну дұрыс болмайды. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат бар. Әркімнің жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны талассыз ақиқат.

Алғашқы қауымдық қоғамда адамның жеке басының мүддесі түгелінен рудың ортақ мүддесіне бағынышты болды. Өйткені, рудың сыртында жалғыз адамның өзін-өзі асырап күн көруі мүмкін емес еді. Ол қоғамның өмір сүру тәсіліне байланысты қалыптасқан жабайы әдет-ғұрыптарымен ғана әрекет жасауға тиіс еді. Бұл жағдай оның әлеуметтік табиғи болып әлі бөліне қоймаған адамдық мәнін анықтады. Тарихтағы ең алғашқы өсіп-жетілмеген адам тұрпаты осындай болды.

Мемлекеттің тууына байланысты адам құқықтары ресми түрде белгіленетін болды. Бостандықтағы адамдар өз құқықтары мен міндеттерінің иесі ретінде рухани қабілеттерін кезіндегі тарихи шеңбер шегінде іске асырудың мүмкіндіктеріне ие болса, қаналушы құлдардың ешқандай бостандығы да, құқықтары да болған жоқ, табиғи дарындарын сыртқа шығаруға жол таба алмай езгіге түсті, осылайша таптарға бөлінген алғашқы қоғамның өзінде әртүрлі әлеуметтік тұрпат пайда болды.

Осы жағдай феодалдық, капиталистік қоғамдарда да орын алды. Әр қоғамдық-экономикалық формация жағдайында әр таптың құрамына кіретін адамдардың қоғамдағы орны мен өмір сүру жағдайы, мақсат мүдделері, мәдениет жемістерін пайдалану мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, олардың жеке басының қасиеттері де, қоғамдық қатынастарға көзқарасы, мінез-құлықтары мен әдептері, талғамдары мен адамгершілік түсініктері тағы басқа әлеуметтік психологиялық қырлары басқаша болды. Адам тұрпаттары айырмашылықтарының өлшемін сөз еткенде, аталған жеке қасиеттердің әрбір тап адамдарына тән осы ерекшеліктерін негізге алу қажет.

Адам – феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық антропология, тарих, филология, саясаттану, этнография, саяси экономика, психология дәрігерлік т.б. ғылымдар, сондай-ақ философия зерттейді.

3. Адам мәдениет субъектісі. Адамның басты қасиеті оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болды. Олай болса, еңбек, сана, тіл – бәрі де қоғамдық құбылыс, олар қалыптасқан, даму тарихы бар.

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғанын дәлел бола алады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, оны түсінуге ұмтыла бастады. Мысалы, ағаш отқа жанады, тас жанбайды, тек қызады. Мұның себебін білмейтіндігін адам түсініп, онда таңдану сезімі пайда болды, ойланды, білуге ынта туды. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіне алмайтын құбылыстарға ең алдымен таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп есептеді.

Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі, өздерінің философиялық жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандағы мысырлықтар философияның объектісі құдайлар мен әділеттілік деп білді. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір сүрген қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп “адам сүйгіштік” (жэнь) проблемасын алды. Оның түсінуінше тек “адам сүйгіштік” қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты да достыққа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау үшін), көмекке (кімнің болса да адамгершілік жағын жетілдіре түсуге) дайын етіп қалыптастыра алады. Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, әрқайсысын қамти алатын моральдық-философиялық ой түйінін Конфуций: “Өзіңе жасалғанын қаламайтын қылықтарды сен де басқаларға жасама” – деп қорытты.

Адам мәдениеттің субъектісі ретінде оның жан дүниесін қалыптасыру бүкіл қоғамның дұрыс іс-әрекетінің нәтижесінен келіп шығады. Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет ара-қатынасы ерекше рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісі де, объектісі де болып табылады. Қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде оның рухани қазынадан нәр алмауы, оны көркейтіп, мазмұнын байытуға қатыспауы мүмкін емес.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Филология және тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет Студентке арналған ережелер
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті Заңтану-тарих факультеті Мамыраимов С. Д
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОрта ғасырлардағы Қазақстан тарихы ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – ІI, 07201, 07203 топтар
Пәннің оқу әдістемелік кешені Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. 050203 «Тарих» (ғылыми) мамандығы үшін. Алматы,2005
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon2009-2010 оқу жылы 7 семестр 2-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Отбасы әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница