«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені




Название«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница3/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Altinbekov.Madiniet.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Жетісай-2004 ж




10. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Мәдениет теориясы


І. Кіріспе сабақ.

(1-дәріс).


Жоспары:

  1. Мәдениет мәдениеттанудың объектісі жәні пәні ретінде.

  2. Мәдениеттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.

  3. Мәдениеттану ғылымының іргелі проблемалары.




  1. Талай ғасырлардың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше бай

тәжірибе-тағылымы бар екендігі, небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани-шығармашылық маңызының зор екендігі ақиқат.

Мәдениеттану пәнінің мақсаты-мәдениеттану тілінің қоғамдағы орны мен ролін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін студенттермен бірге талқылау.

Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.

Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениет қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.

Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.


Яғни, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді

жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.

2. Мәдениеттану туралы түсінік беру үшін алдымен осы мәдениет сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін түсіну керек.

Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық, деген сөзінен енген.

Осы “мәдениет” термині мен мағыналас “культура” термині де кең қолданысқа ие.

“Культура” термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік” , “құрметтеу”, деген сияқты мағыналарға ие бола бастады.

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) төмендегідей анықтамалар берілген:

а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.);

б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.);

в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды.

XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін “мәдениет” сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пйдаланылды.

Жаңа заманда (XVII – XIX ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оны шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі – буржуазиялық қайта құруларға , терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды.

Олар (Англияда-Толанд, Францияда-Вольтер мен Монтескье, Германияда-Лессинг, Гете, Шиллер және т.б.) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғады.

Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі , адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде ұсталуы т.б. жағдайлар мәдениет пен өркениеттің дамуына басты кедергілер болды. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой) категорияларға сүйенді. Бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи процесс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философиялық негіздер тұрғысынан берілді.

Мысалы: “Мәдениеттің классикалық үлгісі” ұғымы мәдениетті-адамзаттық тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынасының қол жеткен дәрежесі деп қарастырды.

Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, Ағартушылық кезеңнің ойшылдары және мәдени үлгілерді (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.

ХІХ ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі – ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды.

Ол “мәдениет жөніндегі ғылым-реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз жаму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынадай жалпылама анықтама берді. “Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада – білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады”.


3. Мәдениеттану ғылымының іргелі проблемалары, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін қайта қарау кезеңдерінде заман талабына айналды. Мыңжылдықтар тоғысында тек қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті емес, сонымен бірге бүкіләлемдік өркениет пен мәдениеттің түбегейліөзгеруін көріп отырмыз. Бұл мәселеде бірнеше бағдарлар айқындалды:

- байырғы дәстүрлі мәдениетті мансұқтаушылық, ескі өркениет өрнектерін сол қалпында жандандыруға тырысушылық;

- Ф. Ницше айтқандай, “барлық құндылықтарды қайта қарау”, “Ұлы бас тарту”, мәдени сабақтастықты елемеу;

- әлемдік өркениттердің жаңа тәртібін қалыптастыруға қатысу, халықтың рухани бастаулары мен әлеуметтік-саяси типтерін қоғамдағы өзгерістерге байланысты, жаңа ағымдарға үйлесімді ұштастыру, мәдениеттің қайта өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызу, мәдени деңгейде немқұрайлы қараудан арылу, этномәдениеттің типтік ерекшеліктерін анықтау, оларды дамыту, дүниежүзілік үндестікпен бір ырғақта болу.

Бұл проблемаларды шешу – айтуға ғана жеңіл нәрсе. Алдымен адамдардың санасын өзгерту қажет. Бұл, әсіресе, тоталитарлық сананың менталитетін өзгерту мәселесі. Жоғарғы жақтан келетін Жалғыз Тәртіпке негізделген мәдениетте таңдау да шығармашылық пен жасампаздық та болмаған. Авторитарлық әкімшіл мәдениет тұлғасыз болады, онда адамның орнын қуыршақ – функционер, руханилықтан жұрдай жалаң идеология алмастырады, жиі айтылатын “қоғамдық мүдде жеке адамның мүддесінен жоғары болады. Ол қоғамды енжарлыққа, жайбарақат саңыраулыққа әкеледі.

өркениеттің дайын үлгілерін сырттай формалды түрде қабылдаған мәдениет өзінің рухани немқұрайлы ішкі табиғатында манипуляцияланған тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық конформистерді және қиратушы нигилистерді қалыптастырады. Тек тұлғалық дамудың көпырғақты шексіз полифониясы арқылы мәдениеттіліктің сара жолына шыға аламыз.


ІІ. Тақырыбы: Қазіргі заманғы ғалымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы

( 2 – дәріс)


Жоспары:

  1. Мәдениеттанудың қатарлас әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдармен байланысты (философия, антропология, әлеуметтану, психология, этнология, педагогика, семиотика т.б)

  2. Мәдениет тарихы мен теориясы мәдениеттану ғылымының аясында .

  3. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылымдар кешенінің методологиялық негізі, интегративтік білім есебінде.


Мәдениеттануды тек қана гуамнитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өнеріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.

Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің сациологтардың, психолгтардың, тарихшылардың, демографтардың т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым салаларының айналысатындығын байқаймыз. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті.

Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі – қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, антропология мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады.

Олар :

1) Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық )

2) Қоғамдық және адамзаттық сал-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі).

3) Біелгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.

Ал сациология да жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды .

Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен мәдени тарихы қарым- қатынастарын зерттейтін этнография ғылымы адамзат баласының өткен заман мен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруге және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге айрықша роль атқарып отыр . Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына қомақты үлесін қоса білді.

Ал социология мемлекет, таптар , топтар, сословие және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай зерттейді .

Көп уақытқа дейін КСРО-да социология марксизмге жат ғылым ретінде саналып, тарих материализмге қарама-қарсы қойылды. Шын мәнісінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әр тектілігіне байлансты мәдениеттің материалдық және рухани көрністерін дұрыс түсініп,ой елегінен өткізуге көмектеседі . Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымдар социологиямен тығыз байлансты.

Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді . Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып этнопсихология рухтың не белгілі бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қасиеттері жөнінде Гегельдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі .

Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктеріне есепке ала отырып, кез келген ұлт мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мәнін осы тамаша рухани дүниелері өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.

Халық туралы және қоғамдық факторларға байлансты, оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар.

Ұлттық мәдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы қоғамдық саяси жағдайларға т.б. тікелей байлансты.

Аз халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кетуі отаршылдық пен, басып алушылықпен, шектен тыс қанаушылдықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен т.б. шығу байлансты.

ХХ ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше айтып өткен жөн сияқты.

Ол белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі қажетті ғылым саласы аз уақыт ішінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті.

Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясына, қоғамдық ғылымдар және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік табуда.

  1. Жоғарыда айтып көрсеткендей, мәдениеттану ғылымының дамуына

көптеген ғылымдар ат салысуда, соған қарамастан бұл пәннің өзіндікбағыт- бағдар , бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі.

Мәдениеттану саласында қанша теория болса , соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады . Мәдениет теорияларының санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеп соқты.

Мысалы: Мәдениетті симиотикалық тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю. Лотман. Сондай–ақ мәдениетті әдебиеттік (Е.С.Аверенцев) тарихи (Л:Н.Баткин), методологиялық (А.Кробер, Н.Клохкон), антропологиялық (М.Мид) және т.б. тұрғыдан пайымдау бар. Әрине олардың мәдениет мәселесіне байлансты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар, бірақ олар бір–бірімен жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байлансты ортақ мәселелер көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық мәдениетке байланысты түрлі көз қарастар жүйесінің қалыптасуы, ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі.

3. Әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамндықтары тұрғысынан қарастырады. Бұл ғылым салалары бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, ол мәдениеттануды, тарихты, психолгияны игергенде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегінде тарихшы да, психолог та, социолог та сол сияқты. Мәдениеттің әртүрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне үлкен қызығушылық тудырды. Оған дәлел 1964 жылға қарай батыс әдебиетінде мәдениетке 257 анықтама бергендігі жөнінде Американ мәдениеттанушылары А.Кребер мен К.Клохконның мәлімдемесі бар. Бүгінге дейін мәдениет ұғымының шеңбері бұрынғыданда кеңейе түсті.

Бірте-бірте мәдениеттану мәдениет туралы ғылымдар кешенінің методологиялық негізіне, интегративиттік білімге айналуда.

КСРО кезінде әкімшілік-әміршілік жүйе жағдайынрда мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады. Көптеген ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан Революциясымен байланыстырады. Тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты мақсат – Халықтың рухани байлығы – мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқит. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі өте зор.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Филология және тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет Студентке арналған ережелер
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті Заңтану-тарих факультеті Мамыраимов С. Д
Абстракт
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОрта ғасырлардағы Қазақстан тарихы ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – ІI, 07201, 07203 топтар
Пәннің оқу әдістемелік кешені Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. 050203 «Тарих» (ғылыми) мамандығы үшін. Алматы,2005
«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені icon2009-2010 оқу жылы 7 семестр 2-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Отбасы әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница