Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы




НазваниеАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы
страница2/7
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.03 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish315866_22826.doc
1   2   3   4   5   6   7

 

Ескертпе:

2 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері (www.kase.kz).

 

2007 жылы Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 322,4 миллиард АҚШ долларын құрады, ол 2006 жылдың көрсеткіштерінен 90,4 % арттық (169,3 миллиард АҚШ доллары). РЕПО нарығы (мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша (бұдан әрі - МБҚ)) мен шетел валютасы нарығы нарықтың негізгі үлесін алады. 2007 жылы РЕПО нарығы жалпы нарықтың 65 % құрады (209,7 миллиард АҚШ доллары), 2006 жылы ол көрсеткіш 67,3 % (113,9 миллиард АҚШ доллары), ал 2005 жылы 75,7 % (60,8 миллиард АҚШ доллары) деңгейінде болды.

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық қор нарығының өсу қарқындарын төмендетті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (бұдан әрі - АӨҚО ҚРА) 2009 - 2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) мен Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - ҚҚА) біріккен әрекет жоспары шеңберінде қор нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар кешені атқарылатын болады. Бұл болашақта бағалы қағаздар нарығының тиімді қалыптасуы үшін негіз жасайды, қазақстандық эмитенттер мен инвесторлар үшін ғаламдық дағдарыстың  жағымсыз нәтижелерін жұмсартады, сондай-ақ Қазақстан бағалы қағаздар нарығына шетелдік компанияларды тарту үшін алғы-шарттарды қалыптастырады.

Сол уақытта, халықаралық капитал нарықтарынан қарыз алу жағдайларының нашарлауы отандық қор нарығының дамуына жағымды жағдай туғызуда. Банктер компанияларға бұрынғы көлемде және бұрынғы шарттары бойынша несие бере алмайды, бұл жағдай қазақстандық бизнестің қор нарығы арқылы қаржы тарту мүмкіндігін іске асыруына итермелейді. Осы орайда Қазақстан қор нарығына әлемнің инвесторлары шығуға қызықты болатындай жағдайлар жасау қажет.

Бұдан басқа, Қазақстан қор нарығының сыйымдылығы ірі эмитенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындығына байланысты орын алып отырған жағдайларда батыстық алаңдарда листингтен өтуге жарамайтын, орташа қазақстандық және көрші мемлекеттері эмитенттерінің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру басты міндетке айналуы тиіс. Толыққанды ішкі қор нарығы қазақстандық портфелді инвесторлар мен капиталдандырудың орташа деңгейін көрсететін эмитенттер үшін қажет.

Қазақстандық институционалды инвесторлар қор нарығының негізгі инвесторлары болып отыр, ал резидент емес-инвесторлар мен республика халқының үлесі аз болып қалуда.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (бұдан әрі - МЕБҚ) секторында резидент емес-инвесторлардың3 2008 жылдың 3 тоқсанына тіркелген есеп-шоттары бойынша биржалық айналымының ең жоғары үлесі акциялар саудасында бекітілген болатын - 20,05 %, берілген көрсеткіш бүкіл 2007 жыл ішінде 9,07 % құраған болатын.

Акциялар нарығы бойынша резидент емес-инвесторлардың тіркелген есеп-шоттары бойынша биржалық айналымының ең жоғары үлесі 2007 жылы 6,63 %-дан 9,07 %-ға дейін құраған болатын. Салыстыру үшін - МБВБ-да берілген көрсеткіш 2007 жылы 32,6 %, 2006 жылы - 23,6 % құрады4.

Тікелей қор нарығындағы қаржы құралдарына инвестициялаған халық үлесі мемлекет халқының жалпы санының 1 % ғана құрайды.

2008 жылдың 1 желтоқсанына «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі - Орталық депозитарий) тіркелген жеке тұлғалар-резиденттердің субшоттарының саны - 53845 болды. Қор нарығында қызмет атқаратын делдалдардың қызметтерін экономикалық белсенді халықтың 0,06 % пайдаланады. 2008 жылдың қаңтар-қыркүйекте жеке тұлғалармен жасалған мәмілелердің үлесі жалпы сауда көлемінің акциялармен - 24,95 %, облигациямен - 15,18 %6 құрады.

2008 жылдың 3 тоқсанына қордың брутто айналымы бойынша 10,56 % инвесторлар ретінде жеке тұлғалардың үлесіне тиесілі болды, 2006 жылмен салыстырғанда, 2,5 есеге артты. Аса көп бөлшек инвесторлар акцияларды сату-сатып алу секторы 24,95 % құрады, 2007 жылы - 31,69 %, 2006 жылы - 17,47 %, 2005 жылы - 15,47 %7 құрады.

Қазіргі уақытта орын алып отырған қор нарығының негізгі мәселелері:

эмиссиялық белсенділіктің төмендігі мен еркін айналымдағы бағалы қағаздар көлемінің жеткіліксіздігі;

инвесторлық базаның қуаттылығының жеткіліксіздігі мен құрылымының теңдестірілмегендігі;

қоғамның жинақтарын мемлекет экономикасын қаржыландыру үшін тартудың нақты тетіктерінің жоқтығы;

ең маңызды құрамдас бөлігі есептеу және есепке алу жүйелерінен тұратын биржа жүйесі болып табылатын инфрақұрылымдық базаның жоқтығы;

инвесторлардың оңтайлы инвестициялық портфелін қалыптастыру үшін акциялар мен басқа да бағалы қағаздардың түрлерінің шектеулілігі;

нарықтың экономика салалары бойынша шоғырлануы және экономиканың нақты секторы үлесінің деңгейінің төмендігі;

әлеуетті эмитенттер арасында корпоративтік басқару қағидаларының кең таралмағандығы;

бөлшектік инвесторлар мен резидент-емес инвесторлардың қор нарығына қатысу деңгейінің темен болуы;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» құрамына енетін компаниялардың қор нарығына шығу бойынша бекітілген нақты стратегиясының жоқтығы.

________________________

Ескертпелер:

3 - Бұл мәліметтер инвестициялауға жататын қаржылардың шетелдік шығуын әрқашанда куәландырмайды

4 - МБВБ мәліметтері

5 - Орталық Депозитарий мәліметтері

6 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері

7 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері

 

Қор нарығы және күтілім қалыптастыру тетігі: қазақстандық бағалы

қағаздар нарығының тиімді жай-күйінен ағымдағы ауытқуы

 

Ұлттық нарықтарға халықаралық талдау жүргізу кезінде мемлекеттерді екі үлкен топқа бөліп қарастыру орын алған: дамыған (developed markets) және қалыптасушы (emerging markets)8. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалы егеменді мемлекет ретінде дамуының тарихы қысқа болып табылады және республика қазіргі таңда транзиттік экономикалы (transin economy) деген атқа ие болып отырған мемлекеттердің екінші тобына кіреді. Соңғы жылдар барысында республиканың қаржы нарығы қарқынды түрде дамығанына қарамастан республиканың қаржы нарығы «жетілмеген» болып табылады және өзгеру, өсу және күрделену үстінде.

Кез келген мемлекеттің даму деңгейі бірқатар сандық және сапалық көрсеткіштер арқылы анықталады:

ақша көлемінің ЖІӨ қатынасы (экономиканың қаржылық тереңдігі);

ішкі банк несиелері көлемінің ЖІӨ қатынасы;

акциялар (әдетте еркін айналымдағы және портфелді инвесторлар үшін жетімді) капиталдандыру көлемінің ЖІӨ қатынасы;

қарыздық бағалы қағаздар бойынша қарыз (ішкі және сыртқы корпоративтік қарыз) көлемінің ЖІӨ қатынасы;

туынды қаржы құралдары нарығының бар болуы және даму деңгейі;

қарыздық қаржы құралдарының саны мен сенімділік рейтингі;

қаржы нарығын реттеудің тиімді жүйесі және тиісті заңнаманың болуы.

«Emerging markets» санатына кіретін мемлекеттердің бірқатарының ішкі ірі нарықтары бар (мысалы, BRIC мемлекеттері: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) болса, екіншілері дамыған реттеу жүйесі мен ашықтығымен сипатталады (мысалы, Польша, Венгрия, Чехия және шығыс Еуропаның бірқатар басқа мемлекеттері). Бірқатар мемлекеттердің нарықтық даму тарихы ұзақ болса (Үндістан, Латын Америка мемлекеттері), екінші мемлекеттердің тарихы 15-20 жылға жетпейді (ТМД мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан).

Бірақ «Emerging markets» санатының барлық мемлекеттеріне келесі салыстырмалы көрсеткіштері тән:

дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, ЖІӨ қатынасы бойынша қаржы нарықтарының көлемі бірнеше есе кіші (2-кесте). Сондай-ақ, есепке алатын жәйт, қаржы нарықтарының көлемі елдердің ұлттық экономикасындағы қаржы нарығының сол не басқа секторларының рөліне қарай ерекшеленеді. Осылайша, кейбір дамыған нарықтары кейбір көрсеткіштер бойынша «Emerging markets» қаржы нарықгарынан кем болуы мүмкін;

экономиканы қаржыландыру көзі ретінде банктік несиелеу көлемі ба5алы қа5аздар шығару көлемінен артық болып келеді (2-кесте);

қаржы нарықтары активтер мен қызметтердің шо5ырлануының жоғары деңгейімен ерекшеленеді (нарықтың ірі қатысушыларының саны басым болып келеді) (3-кесте);

банктік емес қаржы ұйымдарының нарығының активтері мен қызметтерінің даму деңгейі бойынша банк нарығынан артта қалуда.

 

2-кесте. Әр түрлі мемлекеттердің қаржы нарықтары көлемдерінің

көрсеткіштері, 2007 жылдың соңы     

 

Мемлекет

ЖІӨ9, миллиард АҚШ доллары

Акциялар капиталдан-дыру10 /ЖІӨ,%

Қарыздық БҚ көлемі11/ЖІӨ, %

Ішкі банк несиесінің көлемі12/ЖІӨ,%

1

2

3

4

5

Дамыған мемлекеттер

Австралия

909

143

76

144

Бельгия

453,6

58

121

169

Ұлыбритания

2773

139

49

190

Германия

3322

63

79

153

Испания

1439

125

114

221

Италия

2105

51

144

146

Канада

1432

153

80

166

Нидерланды

769

85

117

244

АҚШ

13840

144

179

102

Финляндия

245

141

57

98

Франция

2560

73

111

160

Швейцария

423,9

300

57

202

Швеция

455,3

126

85

138

Жапония

4384

104

202

220

Нарықтары қалыптасу үстіндегі мемлекеттер

Аргентина

260

22

29

28

Бразилия

1314

104

72

105

Венгрия

138

33

-

79

Үндістан

1099

165

41

70

Қазақстан

104

53

14

77

Қытай

3251

138

52

143

Корея

957

128

112

111

Малайзия

186

174

96

118

Мексика

893

44

40

39

Польша

420

50

39

53

Ресей

1290

103

613

26

Таиланд

246

80

56

98

Түркия

663

43

33

54

Чехия

175

н.д

60

59

Чили

164

130

-

77

ОАР

283

293

43

91

Әлемнің

барлық

мемлекеттері

54620

-

-

-
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу
Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №87 Қаулысы
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі,...
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын дамытудың Стратегиялық бағыты
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы iconЗаңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы iconҚұрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін қалалық мәслихат сессиясының отырысында біз Астана қаласын дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасының бірқатар көрсеткіштерін...
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген...
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы icon2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница