Лекциялар: 30 сағат




НазваниеЛекциялар: 30 сағат
страница9/17
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.11 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Kuk/Abdimusaev.HalKuk.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

XVIІ-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Адам құқықтары туралы Халықаралық Билль.

Жоспар:

  1. Адам құқықтары туралы Халықаралық Билль.

  2. Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жүйенің орнатылуы.


БҰҰ жарғысының адам құқықтары туралы ережелеріне толықтыру болып келетін адам құқықтары туралы Билль адам құқықтарының жалпы декларациясынан, адам құқықтары туралы екі пактіден және азаматтық саяси Пактіге арналған екі факультативті хаттамадан тұрады.

Адам құқықтарының жалпы декларациясы.

Сан – Францискода өткен конфренцияда БҰҰ жарғысына “адамдардың негізгі декларациясын” қосу туралы пікірлер айтылған, бірақ олар қабылданған жоқ. Бұл мәселе БҰҰ – ның бір інші жиналысында қайта көтерілген болатын. Осыдан кейін, адам құқықтары туралы қайта құрылған комиссияға Адам құқықтары туралы халықаралық бильді дайындау берілді. Комиссияға декларацияны заңдыміндеттемелік келісімгке қарағанда кепілдемелі түрде қабылдау оңай болатынын түсінді. Сондықтан ол бір інші

декларациямен, одан соң бір немесе бірнеше келісімнің жобасымен жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыстың нәтижесінде Жалпыға бірдей құқықтар декларациясы жасалды. Ол декларацияны БҰҰ Бас Асамблеясы 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылдады. Бас Ассамблея бұл күнді Адам құқықтары күні деп тағайындады.

Әлеуметтік – экономикалық құқықтырға Жалпыға бірдей декларація мынадай құқықтарды жатқызады: еңбек құқығы, жұмыссыздықтан қорғалу құқығы, еңбек үшін әділ ақы төлеу құқығы, демалыс алу және демалу құқығы, білм алу құқығы, әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы. Бұл құқықтар декларацияның 22, 28 – баптарында көрсетілген. Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау халықаралық қатынастардың жаңа бір кезеңі болды. Жалпыға бірдей декларація БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары ретінде қабылданд, сондықтан БҰҰ жарғысына сәйкес кепілдемелі түрде жазылған. Бірақ оның ережелеріне баға беру де, халықаралық құқықта келісімдермен бірге заң шығару процес інде, мемлекеттердің халықаралық практикасында дәстүрдің пайда болуы, кейіннен міндетті нормана айналатынын есеру керек. Осыған ұқсас, қазіргі кезде Жалпыға бірдей декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтар, заңды міндетті немесе келісімді нормалар ретінде қарастырылады.

Саяси және азаматтық құқықтар туралы Пакт. Бұл Патіде жазылған саяси және азаматтық құқықтар заң жүзінде талданып жазылған. Жалпыға бірдей адам құқықтары туралыдекларайиясында Азаматтық және саяси құқытар Пактісіне айтылмаған құқықтар жарияланды, олардың ішінде жеке меншікті иелену құқығы, саяси баспана сұрау және саяси баспана алу құқығы, сонымен қатар азаматтықт иелену құқығы. Жеке меншік иелену құқығыныңпактіге кірмеген себебі, БҰҰ – дағы иделогиялық және саяси блоктардың жеке меншіктің анықтамасы мен шекарасы туралы бір ойға келе алмағандықтарынан болды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіні Адам құқықтары жөніндегі комитет құрып бекіткен, келісім бойынша мише мемлекеттерді өздеріне алған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін түрлі міндеттер белгіленген. Бұл міндеттер пактіде көзделген баяндамалар жүйесі мен өтініштерді қарастыратын және мемлекетаралық механизмдерді басқарудан тұратын.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт. Бұл Пактіде Жалпыға бірдей декларацияға қарағанда экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың тізбегі көбірек және толықтау көрсетілген. Пакт келесі құқықтарды мойындайды:

- еңбек құқығы;

- әділетті және қолайлы еңбекке құқық;

- кәсіподақ құру мен мише болу құқығы;

- әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы және әлеуметтік сақтандыру құқығы;

- отбасын қорғау құқығы;

- тән және жан саулығында ең жоғары табысқа жету құқығы;

- мәдени өмірге қатысу құқығы.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге факультативті хат -тама. Бұл келісім бөлек құжат ретінде қабылданып, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің іске асырылуын қамтамасыз ететін қосымша шараларды толықтырады. Ол Пактінің бұзылуының құрбаны болдым деген жеке тараптарға, Адам құқықтары туралы комитетке жеке шағым беруге мүмкіншілік береді. Шағымдар тек Пактні мойындаған мемлекеттерге қарсы беріле алады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге екінші факультативті хаттама. Ол 1989 ж. 15 желтоқсанда қол қойылу үшін ашылып, 1991 ж. 11 шілдесінде күшіне енді. Хаттаманың талаптарына байлынысты он азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге толықтыру ретінде қарастырды. Ол өлім жазасына арналған. Бұл хаттаманы мойындаған мемлекет юрисдикциясында бірде – бір тұлға өлім жазасына кесілмейді және әр мемлекет өз юрисдикциясында жатқан аумақта өлім жазасын қолданбауға мүмкіндігінше шара қолдануы керек.

Адам құқытары туралы билль, мемлекеттердің адам құқықтары жөнідегі прогресін өлшейтін эталон ретінде мойындалды. Адам құқытары туралы бильдің ережелері көптеген мемлекеттердің конституциясына, олардың ішінде Қазақстанның конституциясына да енді.

1997 ж. 31 мамырда Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіні 133 мемлекет, ал Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіні 136 мемлекет бекітті. ҚР қазіргі кезде дам құқықтары туралы билль құжаттарына кіру туралы мәселені қарастырып жатыр.

Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жүйенің орнатылуы.

Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауды заңды жарилау – азаматтық қоғамға жол салған қоғамның

және мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі юолып табылады.Бұл проблеманың түрлі аспектілері Қазақстанда түрліше шешіледі. ҚР адам мен азаматтың кәдімгі құқықтары мен конституциялық құқытарын белгілеуде алға жылжыды. ҚР Конгституциясының Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы декларацияны қайталайтынын айту жеткілікті. Сонымен қатар, ағымды заңдарда да адам құқықтары туралы императивті ережелер бар.

Адам құқықтарының Қазақстанда іске асырылуына ҚР Президентінің қарамағында адам құқықтарының Комиссиясы көмектеседі. Бұл комиссия мәртебесі жағынакн мемлекет басшысының қарамағындағы косультативті-кеңесші орган болып табылады. Комиссия жұмысының үйлестірілуі ҚР мемлекеттік кеңесшісіне берілген. Комиссия ҚР Президентіне, оның адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдікпен қамтамасыз етуге байланысты конституциялық міндетін орындауға көмектесуі керек, сонымен қатар ол адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетіктерін жандандыруға күш салысуы керек.

Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға арналған үкіметтік емес ұйымдар да бар. Солардың ішнде қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро, Адам құқықтары жөніндегі Алматы-Хельсинки Комитеті, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, “Әйелдер мен құқықтар”, кәсіподақтар конфедерациясы бар.

Бұл үкіметтік емес ұйымдар адам құқықтарымен айналысатын органдардың жұмысына белсене қатысады, қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру тетітктерін жандандыруға байланысты ұсыныстар енгізеді, республиканың жекелеген азаматтарына нақты көмек көрсетеді.

Халықаралық құқық – ұлттық құқықтың адам құқықтары аспектілеріндегі нормалардың қалыптасуына әсер етеді. Қазақстан оны конституциялық және күнделікті заңдарында көрсетті. Осымен Қазақстан өзінің азаматтарын құқықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық қауымдастық алдында адам құқықтарын сақтауға міндет алады.


XVIIІ-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық гуманитарлық құқық.

Жоспар:

1. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы, реттеу заты

және қайнар көздері.

  1. Соғыстың басталуы және оның құқықтық салдары .

Соғысқа қатысушылар.

  1. Соғыс жүргізу құралдары мен тәсілдері.

  2. Соғыстың аяқталуы және оның құқықтық салдары.


Хлықаралық гуманитарлық құқық – заңды ержелер мен қағидаттар жүйесі, ол қарулы қақтығыс кезінде қолданылады, қарулы күрестің белгілі бір әдістері мен құралдарын қолдануды шектейді немсе тыйым салады, осы күрес барысында адам құқығын қамтамасыз етеді және құқық бұзылудың халықаралық-құқықтық жауапкершілігін қалыптастырады.

Хлықаралық гуманитарлық құқықтыреттеудің пәні мемлекетаралық қатынастарды мынадай мәселелер төңірегінде жүйеге келтіруден құралады:

  • соғыстың басталуы;

  • соғысқа қатыспайтын мемлекеттердің бейтараптығы;

  • соғысушылардың соғыс құралдарын таңдаудағы шектеулері;

  • соғысушылардың соғыс жүргізу тәсілдеріндегі шектеулері;

  • соғыс құрбандарын қорғау;

  • соғыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғау;

  • соғыста жаулап алу ережелері;

  • мемлекеттердің құқық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі;

  • соғыс қимылдарының аяқталуы;

  • соғыстың аяқталуы.

Қарулы қақтығыста құқық ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершіліктері және т.б.

Адамзат тарихында соғыс көп болған, оны адамдар қарым-қатынасынан алып тастау жолындағы нәтижесіз әрекеттер де көп болған. Дегенмен соғыс, не басқа қарулы қақтығыстар тоқталмай келед, тіпті оның жақын арада мүлдем тоқтауы үшін шынайы үмітте байқалмайды.

Әскери әрекеттерді ашу туралы 1907 ж. Гааганың III конвециясы бойынша соғыс әрекетінің басталуы мемлекеттер арасындағы алдын-ала ескертусіз жүзеге асырылмауы тиіс. Олар соғыстың шығу себебін немесе шартты талап қойылуын хабарлауы тиіс. Бұл ереже қазіргі заманғы талаптарда жалғасын тауып келеді. Сонынмен қатар, 1974 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған басқыншылық анықтамасында БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес қорғану актісі болып табылмайтын соғыс жариялау фактісі заңсыз соғысты заңды соғысқа айналдырмайтын, керісінше басқыншылық актісін сипаттайтынын естен шығармаған жөн. Жарияладың өзі халықаралық қылмыс болып табылады. Ал қарулы қақтығыстар құқығы ережесін сақтау соғыс жарияланған ба, жарияланбаған ба, оған қарамай орындалуы тиіс.

Сғысты жариялаудың құқықтық салдары мынаған келіп тіреледі:

  1. Бейбіт қатынастар тоқтатылады, джипломатиялық және консулдық қатынастар үзіледі, олардың қызметкерлері кері қайтарылады;

  2. Бейбіт қатынастарға жасалған саяси, экономикалық және өзге де келісім-шарттар түгел тоқтайды немесе тоқтатыла тұрады.Жалпы сипаттаы көпжақты келісім-шарттар соғыс тоқтағанша өз істерін жүргізбейді;

  3. Соғыс жағдайдында бекітілген арнайы келісім-шарттар қолданыла бастайды. Бұндай келісім-шарттардың ерекшілігі – олардың қарулы қақтығыс кезінде бекер қалмауында;

  4. Қарсылас жақтың азаматтары үшін ерекше ереже жасалады. Соғысушы мемлекеттен олардың кетуіне - сол мемлекет мүддесіне қарсы келмейтін болса ған рұқсатетіледі. Оларға арнаулы ереже қолданылуы мүмкін, тіпті белгілі бір жерге еріксіз қоныстандыруды да жүргізе алады.

  5. Жауласушы ел мүліктері тәркіленеді, бірақ өкілдік пен елшілік мүліктеріне тиісуге болмайды. Дұшпандық етуші азаматтар мүлкі өз дәрежесін сақтап қалады.

Соғыс әрекеттерін жүргізуқұралдарына қару және басқа да әскери техника жатады. Олар қарулы күштердіжұмсау барысында қарсыласының тірі күшін және материалдық заттарын жоюға қолданылады, дұшпанның күшін және қарсыласу қабілетін тұншықтыруға әрекет етеді.

Әскери әрекеттерді жүргізу тәсілдеріне көрсетілген мақсаттарды іске асыру жолында әр түрлі тәсіл, әдіс, айла қолдану реттеріжатады.

Халыаралық құқық рұқсат етілмеген соғыс құралдарыммен қатар, соғыс жүргізудің кейбір әдістерін шектейді немесе тыйым салады, атап айтқанда:
- қарсы тұлғаларды сатқындықпен өлтіруге немсе жарақаттауға;

- ұлттық және халықаралық эмблемаларды, белгілерді, туларды орынсыз, мәнсіз пайдалануға;

- мәлімет, жауап аларда ұрып-соғып, қорқытуға, кепілдікке кісі алуға, опасыздық, қиянатшылық, зұлымдықжасауға;

- үкімет адамын және оның жанындағы адамын өлтіруге;

- қаланы немесе ауылдық мекендерді тонауға, жергілікті халыққа басқыншылық жасауға, халық ішіндеаштық туғызуға;

тазалық мекемелеріне шабуыл жасап, бомба тастап жоюға, госпитальды, кемелерді, көліктерді, ұшақтарды,көмек көрсететін емдік, тазалықшыл адамдарға шабуыл жасауға;

  • қаруын тастап немесе қарусыз келіп, тұтқынға берілген дұшпанын өлтіруге немесе жаралауға;

  • қарсы жатқан адамын өз еліне қарсы бағытталған соғыс әрекеттеріне қатысуға зорлауға;

  • саптан шыққан, ұшу аппараты істен шығып, қашып құтылған адамдарға шабуыл жасауға;

  • дұшпан меншігіне төну немесе басып алуға;

  • ғылыми немесе діни қызмет атқаратын, балық аулайтын кемелерді жаулап алуға;

  • ешкімді тірі қалдырмау туралы бұйрық беріп, қорқытуға және солармен соғысуға;

  • мәдени байлықтарды, тарихи және басқа ескерткіштерді жоюға тыйым салынады.

Заң тұрғысындағы мағынасында соғыстың аяқталуы соғыс қалпын тоқтату дегенді білдіреді, яғни соғысушы тараптар арасында бейбіт қатынас орнату және одан кейінгі халықаралық-құқықтық дәрежедегі салдарды анықтау.

Жергілікті келісім, яғни уақытша бітім- жеке бөлімдер мен бөлімшелердің соғыс әрекеті театрының шектелген учаскелерінде ұрысты тоқтатуды көздейді.Әдетте, ол жеке мәселелерді шешуге бағытталады. Жаралылар мен аурыларды жинап алу, өлгендерді жерлеу, парламентарийлерді жіберу т.б. орындайды.

Жалпылай келісімге келужағдайында барлық соғыс әрекеттері тоқтатылады . Жалпылай бітімге келудіңкүші ерекше, ол тек соғыс әрекетін тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар әскерді түгелдей таратып жібере алады. Екі жақ та бейбіт өмір сүруге кірісіп кетеді. Бұл жағдайда келісімге келу соғысушы тараптармен келісімдік-құқықтық құжат түрінде, оның халықаралық-құықытық салдарын ескере отырып жасалады. Мысал ретінде ,1953 ж. 27 шілдедегі Кореядағы Әскери бітімгершілікке келу туралы және 1973 ж. 25 қаңтардағы Вьетнамдағы соғысты тоқтатып, бейбітшілікті қалпына келтіру келісімін алуға болады.

Соғыс қимылдары тізе бүгу, кейін шегіну, берілу негізінде де тоқтатыла алады. Уақытша бітімге және келісімге келуге қарағанда, тізе бүгу кезінде соғыс қимылдарын тоқтату жеңген жақ қойған шарттар негізінде жүргізіледі.Фашистік Германияны талқандағаннан кейі 1945 ж. 8 мамырда Берлинде неміс қарулы күштерінің тізе бүккендігі жөніндегі Актіге қол қойылды, ал 1945 ж. 2 қыркүйекте Токиода Жапонияның тізе бүккендігі жөніндегі Актіге қол қойылды.

Өзара дау-дамайда жүрген мемлекеттер арасындағы соғыс жағдайын тоқтату екіжақты қатынастарды дұрыстау ғана емес, сонымен қатар халықаралық бейбітшілікті күшейту факторлары.

Осылайша, халықаралық жұртшылық құқық ережелері бейбіт кезде ғана емес, соғыс кезінде де, қарулы қақтығыстар кезінде де іске асырылады. Мұндай арнаулы халықаралық құқық ережелерін көбінесе соғыс заңдары мен салт дәстүрлері деп те атай береді немесе халықаралық гуманитарлық құқық деп атайды. Бұндай арнаулы халықаралық-құқықтық ережелердің белгіленімі, ондағы қарулы күрес кезінде құралдар мен әдістердің шектеулі екендігінде. Ал қарудың өте қатыгез түрлерін пайдалануға рұқсат етпеу бұл ереженің мәнділігін одан әрі арттыра түседі.

Халқаралық гуманитарлық құқық ережелері тұрғылықты азаматтарды мәдени байлықтарды, бейтарап мемлекеттерді қорғайды. Қарулы қақтығысқа жақын елдердің тыныштығын бұзған әскери қылмыскерлерді жазалайды. Осылайша бұл құқық ережелері соғысты ізгілендіруге, яғни адам мүдделерін қорғауға бағытталады, бейбіт ел, бейбіт мемлекет туын көтеруге мұрындық болады; соғыс бола қалса, оның кең етек алып кетпеуін қамтамасыз етеді.


XІX-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Дипломатиялық құқық.

Жоспар:

1.Дипломатиялық құқық түсінігі.

2.Сыртқы саясат және дипломатия.


Дипломатиялық және консулдық құқық – халықаралық құқық субъектілерінің арасында, олардың сыртқы байланыс органдарымен орнатылатын және қамтамасыз етілетін, ресми байланыстар мен қатынастарды реттейтін қағидаттар мен ережелерді қамтитын халықаралық жария құқықтың бөлімі.

Дипломатиялық және консулдық құқық негізінен мемлекеттердің сыртқы байланыс огандарының және осы орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен қызметін, сондай-ақ үкіметаралық ұйымдардың және олардың қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы мәселелерді реттейді.

Ерте заманның өзінде-ақ халықаралық құқықта мемлекеттің немесе олардың органдары өкілдерінің жағдайы мен қызметін, халықаралық қарым-қатынас процесінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік ету мақсатында, олардың арасындағы ресми байланыстарды реттеуге бағытталған ережелер болған. Осылайша ерте заманда басқа мемлекеттерге жіберілетін елшілер институты пайда болды. Онымен бірге дипломатиялық құқықтың алғашқы ережелері де дүниеге келе бастады. Оладың ішіндегі ең алғашқысы елшілерге қол сұқпаушылық ережелері. Дипломатиялық құқық Еуропа мемлекеттерінде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер құрыла бастағанда, яғни XVI – XVIII ғғ. Белсенді түрде дами түсті.

Тұрақты консулдар институты Ежелгі Грекияда пайда болып, ол орта ғасырларда белсенді түрде дамыған және алғашқы консулдық құқық ережелерінің дүниеге келуіне негіз болды.

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін дипломатиялық және консулдық құқық негізінен жай ережелерден және мынадай халықаралық келісімдерден құралады: 1815 ж. Вена Когресінде қабылданған Вена регламенті, ол дипломатиялық өккілдіктер сыныбынан бекітті; 1911 ж. Консулдық функцилар туралы Каракас Ковенциясы; 1928 ж. Дипломатиялық шенеуніктер туралы Гавана Конвенциясы;

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін, БҰҰ-ның құрылуымен және оның жарғысында халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары анықаталғаннан кейін, БҰҰ Бас Ассамблеясы құрылған соң 1947 ж. Халықаралық құқық Комиссиясының бастауымен дипломатиялық және консулдық құқықтың белсенді түрде дамуы бастау алады.

Мынадай аса маңызды халықаралық құқықтық актілер қабылданды: 1946 ж. БҰҰ- ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция және 1947 ж. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенциясы; 1961 ж. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Ковенциясы; 1963 ж. Косулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1969 ж. Арнайы миссиялар туралы Конвенция; 1973 ж. Халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды тоқтату және жазалау туралы Конвенция; 1975 ж. әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынасқа түсетін мемлекеттердің өкілдіктері туралы Вена Конвенциясы.

Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және үдемелі даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.

Сыртқы саясат және дипломатия. “Дипломатия” термині мемлекеттердің сыртқы қатынастар органдары қызметінің ерекше нысанының белгісі ретінде Батыс Еуропада XVIII ғ. соңынан бастап белсенді түрде қолданыла бастады.

“Дипломат”, “дипломатия” терминдері грек- латынның “дипломат” сөзінен шықты. Солай көне елшілер үшін (қуғыншыны, қонақтарды, және басқаларды) олардың өкілеттіктерін бекіткен, сенім грамотасының қызметін атқарған, қосарланған металл тақтайды атайтын.

“Дипломатия” мен “сыртқы саясат” ұғымдарын ажырата білген жөн.

Сыртқы саясат – ол мемлекеттің халықаралық істердегі жалпы бағыты. Ол мемлекеттің мақсаты мен міндеттерін, халықаралық қатынастағы оның қызмет бағытын, сонымен қатар, осы қызметтің нысандары мен тәсілдерін анықтайды.

“Дипломатия” “сыртқы саясатқа” қарағанда ұғымы тарлау, өйткені ол соңғыны жүргізудің бір тәсілі болып табылады.

“Дипломатия” сөзінің біренше мағынасы бар. Біріншіден, бұл “шешілетін мәселеніңсипаты мен нақты жағдайлары ескерілетін, әскери емес, тәжірибелік іс-шаралар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығын білдіретін мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын құралы”; екіншіден, бұл “мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттің, оның мекемелерінің және шетелдегі азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министірінің, сыртқы істер ведомстваларының, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің, делегация басшыларының халықаралық конференциядағыресми қызметі”.

Диплматиялық құқық ұғымы. Дипломатиялық құқық – халықаралық құқықтың ең бір маңызды және көне салаларының бірі. Дипломатиялық құқық- мемлекеттер арасында және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында сыртқы қатынасқа түсу органдарымен бекітілген және қолдау табатын ресми байланыс пен қатынасты реттейтін халықаралық – құқықтық нормаларының жиынтығы.

Дипломатиялық құқықтың қайнар көзі – көпжақты және екі жақты шарттар, әдет-ғұрып. Дипломатиялық құқықтың қайнар көзінің ерекшелігі әдет-ғұрыптың дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде маңызды және едәуір орын алатындығы.

Хлықаралық шарттардың ішіндегі ең маңыздысы 1961 ж. Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, оның нормалары диплматиялық қызметтің негізгі сұрақтарын жан-жақты реттейді: дипломатиялық өкілдіктердің міндеттерін, дипломатиялық өкілдіктерді тағайындау және шақырып алу тәртібі, олардың сыныптары, дипломатиялық өкілдіктердің, персоналдың және басқа қызметшілердің артықшылықтары мен иммунитеттері.

Мемлекеттер дипломатиялық қатынасты орнату және дипломатиялық қатынастың басқа да мәселелері бойынша екіжақты шарттар мен келісім-шарттар бекітеді.

Халықаралық ұйымдар өздерінің штаб-пәтерлері, огандары орналасқан мемлекетпен өздерінің және өз персоналының имммунитеттері мен артықшылықтары жөнінде екіжақты шарттар бекітеді.

Мемлекеттің сыртқы қарым-қатынас орнату органдары. Дипломатия бір мемлекеттің басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы байланыстарын бекітетін, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттің құқықтарын танытатын, халықаралық қатынаста оның мүдделерін және оның азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделерін қорғайтын сыртқы қатынас органдарының ресми қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы қатынас орнату органдарын былайша бөлуге болады:

а) мемлекеттің ішкі органдары;

ә) мемлекеттің сыртқы органдары;

ҚР 1997 ж. 12 қарашадағы “Дипломатиялық қызмет туралы” Заңымен мынадай дәрежелер бекітілген: Төтенше және Өкілетті елші; I және II сыныптың Төтенше және Өкілетті уәкілі; I және II сыныптың кеңсшісі; I және II сыныптың бірінші хатшысы; I және II сыныптың екінші хатшысы; үшінші хатшы; атташе.

ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісінің және I және II сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкілдің жоғары дипломатиялық дәрежелерін Президент береді; қалған дипломатиялық дәрежелерді – Сыртқы істер министрі береді.

Дипломатиялық өкілдіктің құрылымы және құрамы.

Дипломатиялық өкілдік мекендік мемлекеттің астанасында орналасады. Оның функционалды бөлімдері бар: Саяси, экономиклық, консулдық, мәдени байланыс, баспа, әкімшілік-шаруашылықбөлім, кеңес.

Дипломатиялық өкілдіктің құрамы үшке бөлінеді:

а) дипломатиялық;

ә) әкімшілік-техникалық;

б) күтуші.

Дипломатиялық корпус. Бұл ұғым тар мағынада да және кең мағынада да қолданылады. Тар мағынада мекендік мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жиынтығын білдіреді; кең мағынады – бұл дипломатиялық өкілдіктер басшыларының, олардың отбасы мүшелерінің және дипломатиялық персоалдың толық құрамын білдіреді.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Похожие:

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Мемлекеттік тілдегі заң іс қағаздары бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін
Лекциялар: 30 сағат iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар, сағат
Силлабус Қаржы, есеп және салық салу кафедрасында 050508,5В050800 – Есеп және аудит ҚР 08. 312 – 2006 мамандықтың мемлекттік білім...
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
«Металлургия», 6N0905 – «Кадастр», 6N0711 – «Геодезия және картография», 6N0731 – «бжд» 6N 0707 – «Тау-кен ісі», 6N0508 – «Есеп және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница