Лекциялар: 30 сағат




НазваниеЛекциялар: 30 сағат
страница8/17
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.11 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Kuk/Abdimusaev.HalKuk.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

XV-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Мемлекеттердің халықаралық құықтық жауапкершілігінің негіздері.

Жоспар:

  1. ХҚЖ – құқықтық қатынастардың субъективтік құрамы.

2. ХҚЖ –ның түрлері мен нысандары.

3 . Мемлекттердің жауапкершілігі.


Ең қарапайым схема бойынша ол екі тараптан тұрады:

Құқығы бұзылған ХҚ субъектісі (құқық ХҚ-ға сәйкес берілген) және тікелей әрекетінің нәтижесінде осы құқық бұзушылық жасаған ХҚ субъектісі.

Бұл тараптарды сипаттай келе, біз мына тұстарға назар аударуымыз керек:

    1. ХҚ субъектілерінің негізгі сапалық сипаттамасы халықаралық құқық субъетілік, оның құрамдас бөліктері – халықаралық құқық және әрекет қабілеттілік. Құқық бұзушы субъект, біздің түсінігімізше, халықарлық құқық субъектілікті толықтай иемденуге тиіс, яғни онда құқық қабілеттілік те, әрекет қабілеттілік те болуы қажет(оның қисынды жалғасы ретінде онда өзі жалғасы ретінде онда өзі жасаған әрекетке жауап беру қабілеті – деликт қабілеттілік болады).

    2. Бұл жерде айта кететін бір жай – ХҚЖ-ға қатысты көпшілік жағдайда әңгіме ХҚ- тың “қалыпты” субъектілері жайында, ең алдымен, мемлекеттер жайында болады. Мысалы, егер ғарыш нысандарын пайдалану кезінде келтірілген зияндар үшін жауаптылық өрісін алатын болсақ, белгілі бір заңды тұлғаның мүлкіне басқа мемлекеттің аумағында зиян келсе де, ол заңды тұлға өз зиянын өндіріп алу жөнінде зымыран ұшырған мемлекетке тікелей талап қоя алмайды, себебі ондай талап қою сол заңды тұлғ азаматы болып есептелетін мемлекеттің ісі.

    3. ХҚЖ-ның “қайталанба” қасиеті, әдетте, субъектілер қрамының алғашқы құқықтық қатынастардың субъектілер қрамымен салыстырғанда өзгеріп, соған байланысты ХҚ нормаларының бұзылатындығын білдірмейді.

    4. Мынадай қызық сұрақ туындайды: “халықаралық қауымдастық” (әлемнің барлық мемлекеттерінің жиынтығы ретінде) өздігінен ХҚЖ-ның құқық қатынастарында құықғы бұзылған тарап ретінде бола ала ма?

Бұл қойылған сұрақты схема бойынша екіге бөлуге болады:

а) халықаралық қауымдастық құқық қатынастарының тарабы бола алмайд, ондай міндетті бір енмесе нақты бірнеше мемлекет зеге асырады;

ә) әлемдік қауымдастық құқықтарының бұзылуы мүмкіндігін алатын болсақ, ондай мүмкіндік бар. Әңгіме бұл жерде “erga omnes” деп аталатын міндеттемелер, ал дәлірек айтсақ, олардың бұзылуы жайында . “erga omnes” міндеттемелері “барлығына қарсы”, яғни әлемдік қауымдастық барлық мүшелеріне қатысты міндетемелерді білдіреді. Дәл осы жерде әлемдік қауымдастықтың персонификациясы жүреді . Бұл санат өзінің мазмұны жағынан ХҚ-тың негізгі қағидаттарына таралады. Сонымен қатар, бұзылған кезінде халықаралық қылмыстар жайында сөз болатын міндеттемелерде, бізідің ойымызша,“erga omnes” күші бар.

ХҚ-тың қандай да бір субъектісіне жатқызылатын іс-әрекет ХҚЖ-ның туындауына заңдық негіздеме болып табылады. Қосымша талаптар ретінде кінәнің, сондай-ақ жасалған ісәрекеттің нәтижесінде зиянның болғанын көрсету қажет.

Әдетте, әңгіме ХҚЖ – ның екі негізгі түрін бөліп қарау туралды болады; ол түрлер: материалдық және материалдық емес. Материалдық түрдің шеңберінде мүліктік сипаты бар талап, яғни жауапкершілік іске асырылады деп болжамдалды. Ал, материалдық емес түрді алатын болсақ, бұл жағдайда ма Қарастырып отырған тақырып шеңберінде ХҚЖ – ның түрлері мен нысандары туралы мәселе дәстүрлі болып саналады. Бұл мәселенің мәні әдебиеттерде териалдық емес сипаттағы талаптар мен жауапкершілік іске асырылады.

ХҚЖ-ның материалдық емес түрінде оның мынадай нысандары қарастырылады:

а) сатисфакция – бұзушы субъект тарапынан болатын біржащқты акт, онда құқығы бұзылған субъектінің талабын моральдық қанағаттандыруға ұмтылыс болады. Бұл: кешірім сұрау, мұндай бұзушылықты келешекте болдырмау жайында мәлімдеме жасау, т.б болуы мүмкін;

Б) репрессалия - бұл құқығы бұзылған субъект тарапынан бұзушы субъектіге қатысты қолданылатын біржақты актілер. Бұған ұқсас “реторсия” деген ұғым бар. Бұл нысандарда қайшылық сипат бар, олардың өзара айырмашылығы мынада: реторсия дегеніміз қырын қабақ сипаттағы әрекеттерге қарсы жасалатын әрекеттер, бірақ оларды жасағанда халықаралық құқық бұзылмайды (мысалы, белгілі бір адамды төтенше және өкілетті елші етіп тағайындауға агреман беруден бас тарту осы қызметке басқа кандидатураны ұсынуды реторсия ретінде ұзақ мерзімге қалдыруы мүмкін). Рпрессалия – халықаралық құқықты бұзатын іс-әрекеттерге қатысты қарсы қолданылатын әрекеттер (мысалы, қарулы агрессия актісіне қарсы жауап).

Қорыта келгенде, реторсияны ХҚЖ-ның материалдық емес түріне жатқызуға болмайды, себебі ХҚЖ мінінің өзі оның негізіне ХҚ нормаларының бұзылғандығының болуын қарастырады , ал ретосия жағдайында болмайды.

ХҚЖ –ның материалдық және материалдық емес түрлерінің аралығында орналасқан формаға ресторация жатады, ол ХҚ бұзылғанға дейінгі күйді қалпына келтіру міндеттілігі, мысалы басқа мемлекеттің ішкі теңіз суларына заңсыз кірген әскери теңіз кемелерін алып кету міндеті.

Мұндай міндет қандай да бір материалдық шығын келтіреді.

ХҚЖ – ның материалдық түрі өз кезегінде мынадай нысандарды қарастырады:

а) өтемақы ( оны тағы да репарация деп атайды) – негізінен залалдың орнын ақшалай толтыру. Бұл тұрғыдан алғанда, Грекия Жоғарғы сотының (ареопаг) гректердің бірнеше ауылының тұрғындарына қатысты екіншк дүниежүзілік соғыс кезінде келген залал үшін Германияның қаржылық жауыпкершілігі жөніндегі 2000 жылғы шешімі бір жағынан қызық та, екіншкі жағынан даулы болып табылады.

б) реституция – келісілген мүліктік зиянды сол түрінде қайтару, мысалы, А мемлекті Б мемлекетімен шекаралас аймақта адам мумиясын тауып, оны өз еліндегі тиісті мұражайға қояды, бірақ кейін ол мумия табылған жердің Б мемлекетінің аумағына кіретіні анықталады, яғни ХҚ – тың бұзылғаны анықталды. Бұл жағдайда А мелекеті тауып алған мумияны Б мемлекетіне қайтаруға тийіс;

в) субституция – келтірілген мүліктік зиянды мүлік заңсыз жойылып немесе бүлініп кеткендіктен, алмастырып, заттай қайтару, оған мысал ретінде жоғарыда айтылған мумияны алуға болады. Егер мумия тасымалдау кезінде немесе басқа бір себептермен қайтаруға жарамайтындай болып бүлінсе, А мемлекеті оның орнына Б мемлекетіне соған ұқсас (бірақ басқа) мумия береді.

ХҚЖ – дан босатудың негіздемелері. ХҚЖ – дан босататын мән – жайлар ретінде мына жағдайларды алуға болады:

  1. Жәбірленген тараптың ХҚ нормаларын бзатын іс-әрекеттің жасалуына келісім беруі( басқаша айтқанда, араларындағы міндеттеме белгілі бір жағдайда орындалмайды деп тараптардың өзара келісуі).

Мұндай жағдайда, біздің ойымызша, ХҚ – тың бұзылғандығы туралы әңгіме болуға тиіс емес.

Сонымен қатар, атай кететін бір жай – тараптар арасындағы мұндай келісім ius cogens нормаларының ХҚ норма – қағидаттарының бұзылыуына тікелей себеп болған іс-әрекеттің заңдылығын көрсете алмайды.

  1. Қарсы шаралар қолдану, оның ішіндегі заңсыз сипаттағы шаралар репрессалия деп аталады. Мұндай шараларды жүзеге асыру барысында келтірілген зиян қайтарылуға жатпайды.

  2. Өте қажеттіліктен жаслған әректтер. Бұл жерде әңгіме, атап айтқанда, мемлекеттердің ХҚЖ жөніндегі шартының жобасына сәйкес (БҰҰ – ның ХҚ Комиссиясы дайындаған), мына жағдайлар жайында:

а) Қарсы тұруға болмайтын күш (форс – мажор) – қарсы тұрға болмайтын уақиға, ол көбіне, бірақ барлық жағдайда емес, табиғатпен байланысты болады, мемлекетті заңды әрекет жасау мүмкіндігінен айырады және кездейсоқтық.

в) мелектке қатысты өте қажеттілік – жасалу нәтижесінде ХҚ бұзылатын “с-әрекет елеулі және тікелей төнген қауіптен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінқоғап қалудың бірден бір құралы болып табылған жағдай.

  1. Қорыта келгенде, әңгіме өзін - өзі қоғау шаралары жайында ( мысал ретінде қорғау жөніндегі БҰҰ Жарғысының 51- бабында көзделген шараларды алуға болады). Осы жағдайдың қарсы шаралар қолданып мәжбүрлеуден схемалық айырмашылық өлшемі сол, бұл қарастырылып отырған жағдайда басқа мемлекет тарапынан жасалып отырған заңсыз әрекет жасала береді.

Мемлекет – ХҚ-тың негізгі, алғашқы субъектісі. Сондықтан да,ХҚЖ мәселелері мемлекеттің халықаралық аренадаға іс-әрекеттерімен байланысты аса маңыздылыққа ие болады.

Жатқызылу. Мемлекеттердің ХҚЖ-сына байланысты туындайтын елеулі проблема – жасалған іс-әрекет үшін жауаптылықты қандай да бір мемлекетке жатқызу мәселесі.

Бұл мәселеге байланысты мына жағдайлардыбөліп қарастыруға болады:

  1. мемлекттік органдардың әректтері;

  2. жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың әрекеттері.

Осыларды қарастырайық. Мемлекет органдарының әрекеттері. Бұл жағдайда “мемлекет органы” жалпылама ұғым, ол мыналарды білдіреді:

а) талап қойылатын мемлекеттің “өз” органы;

б) талап қойылатын мемлекеттің мүддесі үшін және рұқсатымен әрекет еткен басқа мемлекттің органы;

в) оның юрисдикциясы өрісінде талап қойылатын мемлекеттің рұқсатынсыз әрекет еткен басқа мемлекеттің органы.

Халықаралық ұйымдардың ХҚЖ-ы. Халықаралық ұйымдарда да халықаралық құқықтың туынды субъектілері ретінде халықаралық жауапкершіліктің құқықтық қатынастарында тараптардың бірі бола алады.

Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі бөлшек болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінің болжамды шекаралары, әдетте, олардың құжаттарында көрініс табады; оны құру жөніндегі халықаралық шартта, жарғыда, дәлірек айтсақ, оның халықаралық ұйымдардың құқытары мен міндеттеріне арналған баптарында.


XVІ-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық жария құқықтағы адам құқығы.

Жоспар:

1. Адам құқықтары туралы заңдардың тарихи жол салушылары.

2. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы БҰҰ-ның жұмысы

Адам құқықтары- халықаралық құқықтың саласы, негізгі азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық ұйымдастыру тетіктері.

Халықаралық құқықтың бұл саласының өзгешелігі – дүние жүзі қауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі жұмысына араласа алуы.

Әмбебап сипаттағы көпжақты келісімдер, аймақтық келісімдер екіжақты келісімдер халықралық әдет-ғұрыптар адам құқықтарымен бостандықтарын қамтамассыз ету мәселесі бойынша тікелей немесе жанама мамандандырылған халықаралық ұйымдардың шешімдері халықаралық құқықтың қайнар көзі болып табылады.

Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқытары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215ж.) мазмұндалып, ағылшындардың құқықтар туралы билльмен (1689ж.), Егемендік дикларациясымен ( 1776ж.), американдықтардың Құқықтары туралы билльмен және адам мен азматтардың құқықтары дикларациясымен дамытылды. Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқытарын оқып зертеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдікпен теңдіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды еске түсірмеуге болмайды.

Ұлттар Лигасының келісімі бойынша екі жақ өз міндеттерінің орындалуына кепіл береді.

Азшылықтың құқытарын қорғайтын жүйе Ұлттар Лигасымен бірге жойылады.

Сонымен, халықарлық құқытардың ішінде түрлі топтардың құқытарын қорғайтын институттар мен доктриналар пайда болады. Халықаралық ұқықтардың бұл аспектілерінің теориясы мен іс жүзінде қолдануы, адам құқықтарының дамуына концептуалды институционалды негіздер қалады.

Қазіргі адам құқықтары заңдар екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Халықаралық қауымдастықтың мұндай заңдарды қабылдауына түрткі болған Гитлер құқықтарының жан түршігерліктей бұзылуы еді. Бірақ, БҰҰ-ның жарғысында жзылған адам құықтары туралы ережелер әскери уақыттың сенімін ақтаған жоқ. Мұндай нәтижені күтуге болатын еді, өйткені әр бір Ұлы державаның адам құқықтары туралы маңызды мәселелері болды. КСРО-да – ГУЛАГ, АҚШ-та – нәсілдік кемсітушілік, Ұлыбритания мен Францияда –отар иеліктері болды. Сондықтан олар адам құқықтарын орындуға және қорғауға көп көңіл бөлді. Бұл мемлекетер жарғының зерттелуін қолдаған жоқ еді, өйткені жарғы кейбір кіші демократиялық мемлекеттер қолдаған, адам құқықтарын жақтайтын халықаралық жүйенің құрылуына алып баратын еді.

Бірақ БҰҰ- ның жарғысы қазіргі адам құқықтары туралы заңдардың тұжырымды және заңды негізін қалады. Сонымен БҰҰ-ның жарғысыда жазылған мақсаттардың бірі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мәселелерді шешуде, нәсілі, жынысы, тілі, діні жағынан бөлмей, адам құқықтарымен негізгі бостандықтарын қолдап, құрметтеуде бірге жұмыс істеу болып табылады.

БҰҰ жарғысы қазіргі адам құқықтары мәселесін интернаационалдандырады, басқаша айтқанда, әр мемлекет көп жақты кеелісім болып табылатын жарғыға қосылғанда адам құқықтары туралы мәселелерді мемлекеттің ішкі ісі деп қарамай, халықаралық мәселе болып танылатынын мойындады.

БҰҰ –ның мүше мемлекеттерінің 56-бапқа сәйкес, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын дамуына ат салыудағы міндеттері және мүше мемлекетттердің ұйымымен қарым-қатынас жасауы БҰҰ-ға бұл заңдарға анықтама беруге және кодификациялауға керекті заңды өкілдік береді.

Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің және қазіргі қолданылатын адам құқықтарын қорғайтын көптеген келісімдермен қабылдануы осындай ат салысудың нәтижесі болды.

Бұдан әрі қарай, БҰҰ өзінің өмір сүруі барысында, адам құқықтарының дамуы жөнінде, БҰҰ мүшелерінің міндеттерін көрсетіп, олдарды ұлғайтып, жарғының ережелеріне сәйкес адам құқықтарының орындалуын қадағалайтын институттарды қамти алады. Бұл институттр: БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы, азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия, әйелдердің әл-ауқаты және жоғарғы комиссардың адам құқықтарын басқару туралы комиссиясы.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия Экономикалық және әлеуметтік кеңестің қамқорлығында жұмыс істейді. Ол мынадай мәселелермен шұғылданады: ЭКОСОС-қа зерттеулер жүргізіп, баяндамалар дайындайды, конвенциялар мен декларациялардың жобасын дайындайды және адам құқықтары жөнінде басқа да жұмыстармен айналысады.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия БҰҰ-ның күн тәртібін кеңейтуде үлкен рөл атқарып, адам құқықтарын бұзушылықпен күресуде жаңа халықаралық тәсілдерді қолданды (Нақты жағдайлар және мемлекеттер бойынша мандат берілген жұмысшы топтардың және баяндамашылардың торабын ұлғайту). Халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі-адам құқықтарының қорғалуы болуы, сонымен қатар адам құқықтары туралы БҰҰ жарғысы ережесінің қолданылуының кеңейтілуі – бұл комиссияның зор еңбегі.

Азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия 1946 ж. құрылды. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырумен айналысады:

1. Адам құқықтары мен нәсілдік, ұлттық діни және тілдес азшылықты қорғауға байланысты адам құқықтары жөніндегі комиссияға сипаттама беру және зерттеулерге кірісу.

2. ЭКОСОС немесе адам құқықтары жөніндегі комиссияның кез келген басқа да жұмыстарын атқару.

Шағын комиссияның құрамына 26 сарапшы кіреді. Шағын комиссия жылына бір рет сессия өткізеді. Оның басқа жоғарыда айтылған адам құқықтары туралы БҰҰ институттарынан негізгі айырмашылығы, ол өз үкіметінің атынан жұмыс істемей, комиссия мүшелері өз беттерінше бөлек жұмыс істейді.

Әйелдердің әл-ауқаты жөніндегі комиссия 1946 ж құрылды. Комиссияның қызметі қоғамның барлық салаларындағы әйелдердің құқығы қорғалуының жүзеге асырылуыжөнінде ЭКОСОС-қа баяндама мен ұсыныс дайындау болып табылады. Комиссия мүшелерін (ЭКОСОС) Кеңес 4 жылға сайлайды, олар үкіметтің сарапшылары болып келеді.

Комиссияның қамқорлығымен әйелдердің құқықтарына байланысты көптеген конвенциялар мен декларациялар зерттеліп дайындалды.Мысалы, 1952 ж. Бас Ассамблея Әйелдердің саяси құқықтары тупалы конвенция қабылдады, 1957 ж. Күйеуге тиген әйелдердің азаматтығы туралы конвенция, 1967 ж. Әйелдер жөніндегі кемсітушілікті жою, Әйелдер мен ерлердің заң алдындағы құқықтарының теңдігі және балалар жөніндегі құқық пен міндеттердің теңдігі туралы декларация.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Похожие:

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Мемлекеттік тілдегі заң іс қағаздары бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін
Лекциялар: 30 сағат iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар, сағат
Силлабус Қаржы, есеп және салық салу кафедрасында 050508,5В050800 – Есеп және аудит ҚР 08. 312 – 2006 мамандықтың мемлекттік білім...
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
«Металлургия», 6N0905 – «Кадастр», 6N0711 – «Геодезия және картография», 6N0731 – «бжд» 6N 0707 – «Тау-кен ісі», 6N0508 – «Есеп және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница