Лекциялар: 30 сағат




НазваниеЛекциялар: 30 сағат
страница7/17
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.11 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Kuk/Abdimusaev.HalKuk.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

XIІ-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық ұйымдар құқығы

Жоспар:

  1. Құқық саласы – Халықаралық ұйымдар құқығы.

  2. Халықаралық ұйымдар ұғымы мен құқықтық табиғаты.


Халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің қатарына халшықаралық ұйымдар жатады. Бұлар мемлекеттермен қатар, халықаралық құқық субъектісі ретінде доктриналық та, конвенциялық та тәртіпте мойындалады. Халықаралық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бір- біріне өзара әсерінің неғұрлым күрделі мәселелері үкіметаралық ұйымдардың құзіретіндегі мемлекеттік егемендік пен ұлттық элементтердің арақатынасы арқылы көрінеді. Мемлекеттің егемендігі мәселесі мемлекет пен халықаралық ұйымға өз құзіретінің бір бөлігін берумен немесе халықаралық ұйымның белгілі бір функцияларды жүзеге асыруы барысындағы құзіреттерінің арақатынасы тұрғысында анықталды. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің жан-жақты өзара қарым-қатынстарының нысны болып табылады, мемлекеттермен қажеттілік шегінде құрылады және хаклықаралық қатынастар қажеттіліктерінен объективті түрде туындайды. Ерекше атап өтетін жайт, халықаралық ұйымдардың құқықсубъектілігі мүше мемлекеттердің ниет білдіруіне, осы ұйымның мақсаттарына, құзіреттеріне, органдар құрылымына қабылданған шешімдердің заңи нәтижелеріне тікелей байланысты, бағынышты болады.

Ұйым жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық нәтижелердің туындауын қамтамассыз етеді. Мысалға, оны құрған мемлекеттен ерекше жаңа бір халықаралық құқық субъектісі пайда болады. Бірақ, сонымен қатар, халықаралық ұйым халықаралық құқықтың алғашқы субъектілеріне – мемлекеттермен ұлттар, өз егемендігі үшін күресуші халықтар тән маңызды қасиетке егемендікке емес. Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кіре отырып, өзінің егемендік құқығын жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекетпен ұлттық ұйымдардың өзара байланыс сипаты мемлекеттік егемендіктің жіктелуіне әкеледі деп айту дұрыс емес. Егемендік- бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси – құқықтық қасиеті және ол саяси режим, құзірет, билік механизмі сиақты құқықтық институттарда жүзеге асады. Халықаралық ұйымдардың жарлығында шектеу бір ғана өлшем бойынша жүргізіледі, ор – құзіреттілік ( Халықаралық даму және қайта құру Банкінде, халықаралық валюталық қорда – бұл экономикалық мәселелер, БҰҰ-ның Қауыпсіздік Кеңесінде – бұл бейбітшілік пен қауыпсіздікті қолдауға байланысты мәселелер болып келеді).

Оларға:

- шаруашылық қызметтің интернационализациясын ;

- ғылыми- техникалық процесін ;

- қазіргі кездегі маңызды мәселелердің ғаламдық сипатын жатқызуға болады.

Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арсындағы өзара қарым- қатынасының бірден-бір маңызды құқықтық нысаны болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінде неғұрлым басым, актуалды сипатқа қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер ие. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар егеменді мемлекеттермен қатар халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеуде маңызды атқаратыны жалпыға мәлім.

Халықаралық ұйымдар құқығы – халықаралық ұйымдардың құрылуы, құқықтық жағдайы және қызметіне қатысты мәселелерді реттейтін қағидаттар мен нормаларды біріктіретін қазіргі халықаралық құқықтың саласы болып табылады.

Халықаралық ұйымдар құқығы көбінесе халықаралық құқықтың саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, бұрыңғыдай халықаралық құқық жүйесінің ішкі құрылымына, оның ішінде, халықаралық ұйымдар құқығының мұнда алатын орны мәселесі әлі де болса шешілмеген. Х1Х ғ. орта шенінде тұрақты қызмет етуші халықаралық ұйымдардың пайда болғанына дейін халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып тікелей мемлекеттер арсындағы қатынастар есептеліп келеді. Кейіннен келсе, яғни халықаралық ұйымдардың пайда болуымен бірге халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық қатынастар пайда болады. Оларға:

-мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы;

-мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы;

-халықаралық ұйымның оның мүшесі болып табылмайтын басқа да мемлекеттермен қарым қатынасы жатады;

Жоғарыда аталып кеткендермен қатар, ұйымдар арасында да қарым-қатынастар туындайды. Сонымен халықаралық қатынастардың жаңа түрлерінің пайда болуы олардың халықаралық құқық нормаларымен реттелу қажеттілігін көрсетеді.

Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің өзіндік нысанасы – халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық қарым-қатынастар пайда болады. Халықаралық ұйымдардың қызметі барысында нормативтік база құрылады. Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар снының өсуі- халықаралық ұйымдардың шарттық құқығының қалыптасуының көрінісі болып келеді.

Құқық ғылымындағы құқық саласын бөліп қарастыру өлшемі ретіндегі құқықтық реттеу әдістерінің ролі жайындағы мәселелер төңірегінде әр түрлі көз-қарастар бар. Реттеудің халықаралық құқықтық әдісінің мазмұнын қарастыра отырып, біз осы әдістің құқықтық қарым-қатынас қатысушылары теңдігі өздеріне ерікті түрде міндеттемелерді жүктеуі және құқықтардың тараптардың келісімі арқылы үстемділік элементтерінсіз сиақты белгілермен сипатталатынын көре аламыз.

Халықаралық ұйымның қызмет етуі, оның органдарының әралуан қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіптің орнығуына әкеледі. Халықаралық құқық жүйесіндегі халықаралық ұйымдар құқығынан басқа бірде- бір құқық саласының құқықтық реттеу әдісінде ерекшелігі жоқтығын ескере отырып, бұл сала дербес сала ретіндегі мәнге ие болатынын басып айтуымызға болады.

Халықаралық ұйымдар ұғымы мен құқықтық табиғаты.

Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туындысубъектісі бола отырып, мемлекеттердің әр түрлі әлеуметтік-экономикалық құрылымдарымен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, қазіргі кезде маңызды, ғаламдық мәселелерді шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқық субъектілік сипатына ие болумен ттікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар заң шығарушылық, кодификациялық бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Халықаралық ұйымдардың даму процесі ұйымның ішкі мәселелерінің дамуы мен күрделене түсетіндігінің дәлелі болып табылады. Халықаралық ұйымдар өздерінің заңды табиғатына орай мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының органы болып табылғандықтан, бұл мемлекеттер ұйымның қызметін, өз мақсатттарын қанағаттандыру үшін қамтамасыз етеді, кейбір элементтерін одан әрі дамыта түседі. Бұған мысал ретінде халықаралық ұйымдағы сайлау рәсімінің эволюциясы бола алмады. Мысалға, Ұлттар Лигасының мүше мемлекеттері БҰҰ жүйесінде барлығының келісуі қағидатынан көпшілік дауысқа өтті, ал кейін халықаралық ұйымдарда кең таралған дауыс беру рәсімі болып консенсус ережесі танылатын болды.

Консенсус – шешімдерді талқылау мен қабылдау рәсімі және де оған мүше мемлекеттердің ойларын үйлестіру дауыс берусіз және қабылданғалы отырған шешімдерге жалпы формальды қарсылықтарының болмауы тән.

- халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар;

Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың шарттық практикасы нәтижесінде алынған нормалар саныныңөсу үрдісі орын алған. Сонымен қатар, мемлекеттер халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып, халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің шарттық практикасының маңызы арта түскенін де еске алып отырады. 12 жыл бойы (1970-1982 ж.ж) халықаралық құқық Комиссиясы мемлекеттермен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқықғы туралы ковенция жоспарын дайындады. 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Ковенцияда халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқық қабілеттілігін белгілейтін бап бар. Бұл конвенциялық нормаға сәйкес құқық білеттілік осы ұйымның сәйкес ержелермен реттеледі.

- халықаралық ұйымдар заң шығарушылық процеске тікелей қатысуы;

БҰҰ-ның мамандандырылған мемкемелерінің Жарғыларының сәкес баптарына талдау жасаған кезде бұл маманлдандырылған мекемелер халықаралық конвенциялар, келісімдер мен регламенттер жоспарын қабылдауға құқықтары бар екенін анықтаймыз.

  • халықаралық ұйымдардың кодификациялық және бақылау функцияларын жүзеге асыруы;

БҰҰ Жарғысының Кіріспесінде ұйымның басты міндеттерінің бірі “шарттар мен басқа халықаралық құқықтың қайнар көзінен туындайтын міндеттемелерге қатысты әділеттілік пен құрмет жүзеге асатындай жағдай жасау” болып табылады. Дәл осы міндетті жүзеге асыруға халықаралық ұйымның кодификациялық және бақылау функциялары бағытталған.

- халықаралық құқықтың санкцияларды қолдануы арқылы;

Соңғы кезде халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын орындаға мәжбүрлеуді қамтамасыз етудегі ролі артып отыр. Бұл халықаралық ұйымдар санкциялары жарғылық құжаттар, шарттар нормаларында, оның органдарының қаулыларында кезігуі мүмкін. Санкцияларды қолдану құқықтық мәжбүрлеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қамтамасыз етеді. Мысалға, неғұрлым тиімді болып табылатындары:

  1. Халықаралық ұйымның жарғылық құжаттарында көзделген құқықтар мен құзіреттерді тоқтату.

  2. БҰҰ мамандандырылған мекемелері органдары қызметіне қатысуда, халықаралық ұйымдар қатысуымен өтетін арнайы сұрақтар бойынша шарттарға қатысушылықтан шығару.

Халықаралық ұйым - бұл белгілі бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде құрылған тұрақты қызметететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілікке ие және халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.

Халықаралық ұйымның белгілеріне:

  • халықаралық жарғылық шарттың болуы;

  • белгілі бір мақсаттардың болуы;

  • сәкесінше ұйыдық құрылымы: тұрақты оргадар жүйесі және штаб-пәтері;

  • мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттері;

  • халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәкес құрылуы;

  • үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады.

Халықаралық ұйымдардың классификациясы көпетген қиыншылықтарға байланысты. Бріншіден, бір ұйыға анықтама беруге әр түрлі тұрғыдан келуге болады. Екіншіден, ұйымдар түрі өте көп және маңызды ерекшіліктері оларды әр түрлі санаттарға жатқызуға мүмкіншілік береді.

Сарлау негіздеріне мыналар жатады :

  • Мүшелік өлшем.

а) Үкіметаралық – мұндай ұйыдар мүшесі тек қана мемлекеттер бола алады. Мұндай өлшемді қолдану құқық субъектілікті анықтауда зор маңызға ие болады (БҰҰ, МОТ, ВОЗ, ЮНЕСКО);

ә) Үкіметтік емес ұйымдар мүшесі ретінде заңды тұлғалар қоғамдық ұйыдар бола алады.

- Қызмет уақыты.

а) Уақытша – бұларға халықаралық жиналыстар, халықаралық конференциялар жатады.

ә) Тұрақты – бұларға қазір қызмет етуші ұйымдар – БҰҰ, ТМД, барлық мамандандырылған ұйымдарды жатқызуға болады.

Бұл белгінің щартты екендігін атап өту керек. Мысалға Экономикалық Көмек Кеңесі, Варшава Шартының Ұйымы өзінің қызмет ету кезінде тұрақты халықаралық ұйым болған еді.

  • Аумақтық қызметі бойынша:

а) Дүниежүзілік – оларға БҰҰ, ЮНЕСКО, Жастардың халықаралық Кеңесі және т.т.

ә) Аумақтық – қызметі белгілі бір аймаққа таралатын ұйым – Араб Елдерінің Лигасы, Африканың бірлік Ұйымы, Америка Мемлекеттерінің Ұйымы, ТМД.

  • Қызметінің нысанына байланысты:

а) Шектелмеген нысаналы қызметі бар ұйымдар – БҰҰ, Араб Елдерінің Лигасы.

ә) Құзіретіне арнайы мәселелерді шешу кіретін ұйымдар – БҰҰ-ның барлық мамандандырылған мекемелері кіреді.


XIIІ-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі – Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.


Жоспар:

  1. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.

  2. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі – Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.


Халықаралық ұйымдардың белгілері Ежелгі Грекияда пайда бола бастады және онда қалалар мен қауымдастықтар одақтары – Пелопеннестік және Афиналық симмахиялар болды. Бұл екі Ежелгі Грек одақтарының арасындағы қатынастар жауластық сипатта болды және аяғы Пелопеннес соғысымен аяқталып, нәтижесінде грек әлемінде Спарта гегемониясы орнықты. Афиналық симмахия таратылып жіберілді.

XIX ғ. Халықаралық ұйымдардың қайсысын бірінші халықаралық ұйым ретінде есептеуге болатындығы жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Мысалыға осындай халықаралық ұйымдардың алғашқылары қатарына:

  • 1815 ж. құрылған Киелі Одақ.

  • Рейін бойынша кемелер жүзуінің Орталық комиссиясы.

  • Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросы – 1875ж.

  • Дүниежүзілік пошта одағ – 1874ж. жатқызуға болады.

Қазіргі кездегі халықаралық қатынасарға тән белгілердін бірі – мемлекетаралық ұйымдардың тез дамуы мен ұлғаюы болып табылады. XX ғ. басында саяси бағытттағы халықаралық ұйымдар көптеген жоспарлары пайда бола бастайды және олардың мақсаты – соғысты болдырмау болды.

1919 ж. 28 сәуірде қабылданған Ұлттар Лигасының Жарғысына 44 мемлекет қол қойды, оның ішінде 31 мемлекет 1- дүниежүзілік соғыста Антанта жағында болғандар еді. Бұл сан халықаралық ұйымның сипатына толық анықтама беріп тұр. Бұл ұйымның алғашқы мүшесі АҚШ болды. Бірақ, кейіннен американдықтар Ұлттар Лигасына кірмеді, себебі америка Сенаты Версаль шартын ратификацияламады, олай болса, Ұлттар Лигасының жарғысын да қабылдамады.Мемлекеттердің екінші тобы – “шақырылғандар” болды.

Ұлттар Лигасы мынадай негізгі органдардан тұрды:

  • Жиналыс (Ассамблея) . Бұл орган қыркүйкте өтетін сессиялар бойынша жұмыс істеді. Бұл орган өз құзіретіне кіретін барлық мәселелерді қарауға құқылы болды. Қарарлар, ұсыныстар жиналыста бір ауыздан қабылданатын еді.

  • Ұлттар лигасының Кеңесі – тұрақты және уақытша органдардан тұратын орган. Тұрақты органдарға – Ұлыбритания, Франция, Жапония, Италия кейіннен Германия, 1934 жылдан бастап КСРО кірді.

  • Секретариат – Ұлттық Лиганың атқарушы органы, оның аппаратының саны 600 адамға жуық болған.

  • 1920ж. Сот органы құрылды – бұл халықаралық сот төрелігінің Тұрақты Палатасының Статуты редакциялық түзетулер нәтижесінде БҰҰ-ның Халықаралық Сотының Стаутына айналады.

  • Ұлттар Лигасының негізгі органдарының қатарыны халықаралық еңбек ұйымы кірді, ал БҰҰ-да бұл мамандандырылған мекеме болып табылады.

Ұлттар Лигасына құқықтық саралау жасай отырып, бұл ұйымның мынадай кемшіліктерін атап өтуге болады;

  • Саяси шешімдерді шығарғанда бірауыздылық қағидатының қолданылуы. Бұл мынаны білдіреді, яғни Ұттар Лигасының кезкелген мүшесі дауласушы тараптарды қоспағанда вето құқығын қолдана алды, олай болса, шешім қабылданбайды.

  • Негізгі органдар – Жиналыс ( Ассанблея) пен кеңестін арасындағы құзіретері нақты реттелмеген.

  • Ұлтар Лигасының Жарғысында агрессияшыл соғыстын жүргізілуіне нақты қарсылық болмаған.

  • Ұлтар Лигасының Жарғысы басқа мемлекетер алдында өз мідетерін атқару үшін қажетті қаруды минимум мөлшеріне дейін азайту идеясын қолдаған. Толық және негізді қарусыздандыру тезисі халқаралық құқықта кейінірек қарастырылды.

  • Отарлық жүиенің басқаруға мандат беру арқылы жария етілуі.

  • Ұлтар лигасының қызметінде бір бстау болды, ол – антисоветизм еді. КСРО бұл ұйымның толық мүшесі ретінде мәртебеге 15ж. кейін ие болды. Бірақ ҰЛ-ға кіргенге дейін КСРО ҰЛ-дың бастамасымен өткізілген бірнеше конференцияларға қатысты. Мысалға, КСРО-ның қарусыздандыруға байланысты мәселерді шешуге арналған бірнеше сессияларға қатысу нәтижесінде толық, жалпылама және жедел қарусыздандыру туралы конвенция жоспарларының құрлыуына өз көмегін тигізді.


XІV-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық құқықтағы жауапкершілік

Жоспар:

1. Халықаралық құқықтағы жауапкершілік ұғымы.

2. Халқыаралық – құқықтық жауапкершілік институтының қайеар көздері және жүйеге түсуі.


Бұл санатты ХҚ субъектілері арасындағы қатынастардың ерекше нысаны ретінде қарастыруға болады, оның барысында ХҚ нормаларын бұзған бір тараптың (немесе бірнеше тараптың ) екінші тарап (тараптар) алдындағы оған келген шығынның орнын толтыру, бұрынғы болған жайларды қалпына келетіру, жауапкершіліктің материалдық емес басқа түрлерін мойнына алуы жөніндегі міндеттері жүзеге асырылады. Сырт қарағанда, бұл анықтама қарапайым болғанымен, бұл ұғымда көптеген аспектілер мен қиындықтар бар.

Халықаралық құқықтық жауапкершілік (әрі қарай: ХҚЖ) институты “ қосымшалық” сапамен сипатталатындықтан, бұл тұрғыдан алғанда онда ХҚ-ның басқа институттарына қароағанда айырмашылық бар: сол институтты құрайтын құқық нормаларының өздері де, олардың негізінде туын.дайтын құқықтық қатынастар да қосымша, себебі бұл құқықтық нормалар мен қатынастар басқа нормалар қаралғаннан кейін, тіптен оларды жауапкершілікке негіздеме болған бұзушылық формасында қарағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

ХҚЖ-ның мақсаттық міндетті туралы мәселе даулы болып келеді : үстем пікірлерге сәйкес, оның негізгі міндеті залалдың орнын толтыру, басқа тараптың өзгедей талаптарын қанағаттандыру деп танылады. Туынды ретінде (одан маңыздылық кемімейді) ХҚЖ-ның алдын-алу міндеті қарстырылады. ХҚЖ – ға қатысты жазалау міндеті тікелей даулы болып табылады. Бұл тұрғыдан екі аспектіні айта кеткен жөн:

  1. Соңғы міндет шеңберінде әрі қарай ойластыра отырып, біз құқығы бұзылған тараптың құқық бұзушыға қатысты бір жақты мәжбүрлеу актісін жасауына құқық беру туралы тұжырымға келдік. Бұд – ХҚЖ-ның жазалау міндетінің “практикалық” аспектісі.Қазіргі ХҚ-да дауларды бейбіт жолмен реттеу үшін (дипломатиялық жолдармен, келіссөздерге, ізгі қызмет көрсету арқылы, делдалдық жасау, т.б.) біржақты қарсы шараларға жол ьеруді шектеу үрдісі байқалады. Дегенмен, біржақты қарсы шараларды жүзеге асыру мүмкіндігі әлі де сақталуда, мысалы, мемлекеттердің ХҚЖ-сы бойынша БҰҰ-ның ХҚ Комиссиясы дайындаған шарттық ережелер жобасы, біріншіден, құқықтары бұзылған мемлекеттің құқыққа ұмтылуының түрелрін реттейді, екіншіден, қарсы шараны жүзеге асырудағы оның құқығын белгілейді.

  2. ХҚЖ-ның жазалау міндеті жайында біз тек жоғарыда келтірілген ойлар тұрғысынан ған айта аламыз. Принциптік тұршғыда ХҚЖ-да жазалаушылық сипат жоқ.

Қазіргі кезде ХҚЖ мәселелеріне арналған құқықтық нормалар ХҚЖ-ның әр түрлі қайнар көздерінде бар, негізінен және өзінің формасы жағынан бұлар халықаралық шарттар. Әмбебап сипаттағы шарттардың жарқын мысалы ретінде мыналарды келтіруге болады: БҰҰ Жарғысының 39,41,42-баптары (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікке қауіп төнген, бейбітшілік бұзылған және басқыншылық болған жағдайдағы әрекеті), геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы Конвенция (1948ж), Апартеид қылмысын тыю және ол үшін жазалау туралы конвенция (1973ж), Ғарыш нысандарына келтірген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы конвенция (1978ж), Адамды қинауға және аса қатыгездікпен оның ар-намысын таптауға және жазалауға қарсы Конвенция (1984ж), Босқындар мәртебесі туралы Конвенция (1951ж) және басқалар.

Принциптік маңызы бар құқықтық нормаларды ХҚЖ бойынша жүйелеу өздігінен әлі осы күнге дейі аяқталған жоқ. БҰҰ-ның ХҚ Комиссиясы бұл мәселемен 1955 ж. бері айналысуда. 1996 ж. ол болжамдағы шарт баптарының жобасын қабылдады.Бірқатар мемлекеттер (Дания, ГФР, Франция, Италия, Австрия, АҚШ) оған өз пікірлерін білдірд, қазіргі уақытта жоба екінші оқылуда. Бүл құжат негізгі үш бөлімнен тұрады:

  1. ХҚЖ туындауының жалпы алғышартын көздейді;

  2. ХҚЖ-ның бірнші бөліктен туындайтын мазмұнын, түрін және формасын белгілейді;

  3. Туындайтын дауларды реттеу мәселесін қарайды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Похожие:

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Мемлекеттік тілдегі заң іс қағаздары бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін
Лекциялар: 30 сағат iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар, сағат
Силлабус Қаржы, есеп және салық салу кафедрасында 050508,5В050800 – Есеп және аудит ҚР 08. 312 – 2006 мамандықтың мемлекттік білім...
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
«Металлургия», 6N0905 – «Кадастр», 6N0711 – «Геодезия және картография», 6N0731 – «бжд» 6N 0707 – «Тау-кен ісі», 6N0508 – «Есеп және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница