Лекциялар: 30 сағат




НазваниеЛекциялар: 30 сағат
страница6/17
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.11 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Kuk/Abdimusaev.HalKuk.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ІX-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Мемлекетті халықаралық тану және мемлекеттер сабақтастығы.

Жоспар:

  1. Мелекетті тану мәселесі.

  2. Мемлекеттер сабақтастығы.


Халақаралық тану мәселесін қарастыратын болсақ, халықаралық құқықтану – бұл танылып жатқан мемлекетпен заңды қатынастарға түсу үшін қажетті акт. Танылып жатқан (мемлекет) жақ болып табылуы мүмкін жаңадан пайда болған мемлекет, жаңа үкімет, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, ұлт-азаттық көтеріліс, халықаралық ұйымдар.

Халақаралық құқық теориясында тану туралы екі теория бар:

    1. Декларативтік теория;

    2. Конститутивтік теория.

Декларативтік теория бойынша тану белгілі бір халықаралық құқық субъектісінің пайда болғанын айтады. Бірақ үлкен заңды маңызы жоқ. Өйткені мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі ретінде пайда болуы тануға байланысты емес.

Конститутивтік теория бойынша мемлекет тек оны басқа мемлекеттер таныған кезде ғана халықаралық құқықтың субъектісі болады. Бұл теория мемлекеттердің басты белгісі – мемлекеттік егемендігінің маңызын төмендетеді. Мемлекет басқа мемлекеттердің еркіне, қалауына байланысты пайда болады.

Кез келген мемлекет жаңадан пайда болғанда халықаралық танылу құқығы бар. Бұл БҰҰ-ның жарғысында жазылған.

Мемлекеттерді тану жазбаша насанда болады. Танылып жатқан мемлекет ол тануды дипломатиялық нота арқылы белгілейді. Мысалы, Қазахстан Республикасының дипломатиялық нота арқылы ең бірінші Туркия мемлекеті таныды.

Халықаралық тану нысандар:

  1. Заңды тану

  2. Фактілік тану

Немесе,

  1. Де-юре

  2. Де-факто

  3. Ад хос (ad hоs)

Де-юре тануы – бұл толық көлемде тану. Бұл танымды қайтып алуға болмайды. Бұндай таным кезінде танылып жатқан мемлекетпен немесе танылып жатқан үкіметпен толық көлемде толық көлемде дипломатиялық, консулдық және басқа да қатынастар орнатылады.

Де-факто – бұл жартылай тану. Бұндай таным кезінде дипломатиялық қатынас орнатылмайды, тек консулдық немесе сауда қатынастары орнатылады. Әдетте бұндай тану уақытша, де-юре танымына өтпелі таным болып табылады. Сонымен қатар, бұндай таным қайтарылуы мүмкін. Әдетте жаңа мемлекетті танығандай емес, жаңа үкіметті танығанда қолданылады.

Аd hоs – бұл уақытша белгілі байланысты тану. Мұндай таным кезінде мемлекет танығысы келмесе де, тануға мәжбүр болады. Мысалы, өз азаматтарын сауда жағынан қорғау.

Тануды қайтарып алу. Тану дегеніміз – танып отырған мемлекеттің тиісті қоғам не үкіметтің өзін-өзі басқаруға, билеуге және соғысуға қабілеті бар мемлекеттілік белгілі қасиетке ие болғаны туралы берген декларациясы.

Мемлекеттің бұл белгісі әр қашан сақталады. Әдетте, танып отырған мемлекет қандай да бір жағдайлармен тану декларациясын қайтарып ала алады. Кей жағдайларда тануды қайтарып алу арнайы нотификация арқылы жүзеге асуы мүмкін. Көбіне тануды қайтарып алу де-факторлық тануда болуы мүмкін. Ал, де-юре, яғни толық және түпкілікті тануды қайтарып алуға болмайды.

Халықаралық құқық мемлекеттердің әрекеттерін реттей отырып, ол мемлекеттер өмірінің және мәртебесінің өзгеруіне, сол сияқты тағы басқа жағдайлар болған кезде тыс қалмайды. Яғни, бір мемлекетке қосылуы және бір мемлекеттен бірнеше тәуелсіз мемлекеттер құрылған, т.б. жағдайларға қатысы болады. Мемлекеттік сабақтастықтың объектісі болып халықаралық шарттар, мемлекеттің мүлкі, мемлекеттің қарызы және мемлекеттің архиві, халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

Мемлекеттерде сабақтастық мәселесі туатын жағдайлар:

  1. Әлеуметтік төңкерістің нәтижесінен пайда болған жаңа мемлекет;

  2. Ұлттық – бостандық күресінде жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы;

  3. Мемлекетті бөліктерге бөлген кезде;

  4. Мемлекеттер біріккен кезде;

  5. Мемлекеттің аумағының бір бөлігінде жаңа мемлекет құрылған кезде.

Халықаралық құқықта сабақтастық деген ұғым – бір мемлекеттің басқа мен ауысуы, яғни міндеттері мен құқықтары жаңа пайда болған мемлекетке ауысады. Сабақтастық ежелден келе жатқан институт.

Сабақтастық жүзеге асырылған кезде мемлекеттер қаншама оның қатысушысы болғанымен, қашанда екі жаққа бөлінеді:

1. Жаңа пайда болған мемлекет, яғни бүкіл жауапкершіліктің бұл мемлекетке өтуі (оны мирасқор деп атайды);

2. Ыдыраған мемлекет – бұл халықаралық қатынстардан толықтай және аумағының бір бөлігіне қатысты жауапкершілікті мойнына алатын мемлекет (оны ізашар деп атайды).

Мемлекеттің меншік сабақтастығы деп ыдыраған мемлекеттің ішкі заңдарына сәйкес тиісті құқықтарын мүліктерін және мүдделерін жаңа пайда болған мемлекетке тапсыру кезі болып саналады. Сабақтастықтағы мемлекеттің меншігіне байланысты маңызды проблемелардың бірі жаңа мемлекетке өтетін меншік болып табылады.

Мемлекеттің мұрағаты деп бұрынғы өткен құжаттарының түрлерінің сабақтастыққа дейінгі жұмыс кезіндегі мемлекеттің иемденіп жасаған құжаттары, сол мемлекетке тиісті болып табылатын ішкі заңдарына сәйкес әр түрлі мақсаттарға оның қаруы есебінде табылған құжаттар.

Мирасқорлықта мемлекеттің қарызы дегеніміз – ескі мемлекеттің басқа мемлекетке, ұйымдарға және басқа да халықаралық құқық субъектілеріне кез келген қаржылық міндеті. Мемлекеттің қарыз жөнінде сабақтастық несие алушылары құқықтары мен міндеттеріне дау көтермейді.

Халақаралық ұйымдар мен екі тараптағы мемлекет шешімдері бұл мәселелерді қарастырмаса, онда жаңа мемлекетке өткен қарыздар мерзімі сабақтастық кезінде белгіленеді.

Мемлекеттер бірігіп жаңа бір мемлекет құрған кезде алдыңғы мемлекеттердің қарыздары осы жаңа мемлекетке көшеді.

X-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық шарттар құқығы.

Жоспар:

1.Халықаралық шарттар құқығы ұғымы.

2. Халықаралық шарттар құқығының қайнар көздері.


Кез келген халықаралық қатынастар халықаралық шарттардың егізінде реттеледі. Ол оның қатысушыларының еркі.

Халықаралық шарттар құқығы халықаралық жалпы құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу,оның әрекет етуі, сондай-ақ күшін жоюы жөніндегі қатнастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.

Жазбаша түрде халықаралық шарттар шамамен алғанда бұдан 5мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезге жеткен халықаралық шарттардың бірі,ол-б.з.д.Х11 ғасырдың ббірінші жартысында Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның ұссаақ билеушілері арасында жасалған халықаралық шарт.

Құл иеленушілік дәуірде шарттар бейбітшілік,бітімгершілік , әскери көмек ,сауда мәселелеріне арналады.Бірақ бұл мәселелердің барлығы бейбітшілік туралы шарттарда көрініс тапты .Шарттарды мемлекеттер ғана емес , сонымен қатар дербес қалалар ,мемлекеттер одағы ,кейде діни ұйымдар жасай алды . Олар қатысушыларына ғана міндетті болды.

Шарттар жасау мемлекеттердің ерекше құқығы болды.Шарт жасау рәсімі діни сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді.Егер ол жасалмаса ,шарт жарамсыз болып есептеледі.Ежелгі Римде шарт жасауды ерекше діни тұлғалар –Фециалдар жүргізген. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп,шартқа адалдық антын берген .Осы сәт шарттың жасалу және күшіне ену уақыты деп есептелген.

Феодалдық дәуірде шарттар құқұғының субьектілері халық аралық жалпы құқұқтың субьектілері болып табылады. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында “ келіс сөздерге қатысушы мемлекет ”, “келісуші мемлекет ”, “келіс сөздерге қатысушы ұйым”, “ қатысушы”, “үшінші мемлекет” және “үшінші ұйым” ұғымдары қолданылады Келіссөздерге қатысушы мемлекет – шарт мәтінін дайындауға және қабылдауға қатысушы мемлекет; Келісуші мемлекет-күшіне енбегендігіне қарамастан, шартың өзінің міндеттілігіне келіскен мемлекет, Қатысушылар – күшіне енген шарт бойынша міндеттілік алған мемлекеттер үшінші мемлекеттер – Шартың қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер (1-бап). Айтылған ұғымдар халықаралық ұыймдарғада қолданылады.

Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928ж қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гаванна конвенциясы.

БҰҰ шақырған конференцияда 1968 –1969жж. Халықаралық құқық комиссиясына дайындаған халықаралық шарттар құқығы туралы баптар жобасы 1969ж. 23 мамырда қабылданып, оған Халықаралық шарттарқұқығы туралы Вена конвенциясы аты берілді. Бұл конвенция 1980ж.27 қаңтарда күшіне енді және ол осы конвенцияның 1- бабында көрініс тапқандай, тек мемлекеттердің арсындағы шарттық қатынастарды реттейді. Оған 1993ж 31-наурызда Қазақстан Республикасы қосылды. Сонымен қатар, Грузия, Өзбекстан, Тажіксатанда осы шартқа мүше елдер қатарына жатады. Конвенциясының кері күші жоқ.

1978ж 23 тамызда Халықаралық құқық комиссиясы дайындаған баптар жобасы негізінде Шарттарға қатысты мемлекеттердің Құқық мирасқорлығы туралы Вена конвенциясы қабылдады. Бырақ бұл конвенция әлі күшіне енген жоқ.

Үкімет аралық халықаралық ұйымдардың пайда болуы және олардың халықаралық қатнастарда рөлінің өсуі мемлекеттермен және өздерінің арасындағы қатнастарды келісім-шарттың көмегімен шешуге әкеледі. Бұндай шарттардың қатары күннен-күнге көбейе түсті және ол дүниеге осы қатнастарды реттейтін арнайы конвенцияны әкелуді қажет етті. Сонымен, 1986ж Венада БҰҰ шақырған конференцияда халықаралық ұйымдар арсындағы немесе халықаралық ұйымдармен мемлекеттер арасындағы келісім шарттар құқығы туралы үшінші конвенция жарық көріп, қабылданды. Бұл акт Халықаралық құқықтың жүйесі және ілгері дасуының нәтижесі.1978 және 1986жж. Конвенциялар күшіне енген жоқ,дегенмен олардың нормаларын мемлекеттермен әдет –ғұрып нормалары реғтінде қолданады.

Халықаралық шарттарды жасауға мемлекттердің ішкі заңдары да көп үлесін қосады.Қаазақстан Республикасында 1995жылы 12 желтоқсанда қаабылданған “ҚР –ның халықаралық шарттарын жасау,орындау және денонсациялау тәртібі туралы “ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жүзеге асуда (әрі қарай-Жарлық).Бұл Жарлық халықаралық шарттардың ұғымын ,түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады .

1969ж. Конвенцияға сәйкес халықаралық шарт халықаралық құқықпен реттелетін,мемлекеттер арасында жасалған жазбаша нысандағы келісім.Бұл үшін келісімнің мазмұны жазылған құжаттар саны мен нақты атының маңызы жоқ. Қ Р Президентінің Жарлығында да осы анықтама көрініс тапқан.

Халыралық құқықтың кез-келген объектісі халықаралық шарттың объектісібола алады.Шарттың объектісін тараптар өздері белгілейді. Объекті ретінде ссубъектілердің материалдық, материалдықемес игіліктері және соларға байланысты туындайтын қатынастар,әрекеттер және әрекеттерден бас тартуы танылады.Шарттың объектісі оның атауында көрсетіледі.

Халықаралық шарттарды топтастыру.Шарттар көптеген негіздер бойынша топтастырылады. Қатысушылар санына байланыстыолар екіжақты, көпжақты,мүше болып кіру жағдайына байлнысты ашық және жабық,реттеу объектісіне байланысты саяси, экономикалық,ғылыми –техниклық болып бөлінеді.Ашық халықаралық шарт дегеніміз-оған мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт,ал жабық халықаралық шарт- мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсаты қажет.

Жарлықтың 3-бабына сәйкес ,халықаралық шарттар мемлекетаралық,үкіметаралық,ведмоствалық болып бөлінеді . Мемлекетаралық-республиканың атынан ,ведмоствалық-минстрліктер,мемлекеттік комитеттер және басқа да орталық атқару органдарының ,сондай-ақ Президенттікке тікелей бағынышты органдардың атынан жасалады.Халықаралық шарттарды біздің мемлекет халықаралық ұйымдармен де жасай алады.

Халықаралық шарттардың нысаны, құрылымы және атауы.Халықаралық шарт жазбаша түрде неиесе ауызша (Дженьмендік келісім)жасалады. Көбінесе жазбаша түрде жасалады ,себебі ауызша жасалған шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты белгілемейді.Соның салдарынан көптеген проблемалар туындауы мүмкін. Шарттың құрылымына; атауы ,кіріспесі,негізгі және қорытынды бөлімдері кіреді. Кіріспеде шарттың мақсаты жазылады ,оның шартты талқылау кезінде үлкен мәні бар .Негізгі бөлім баптардан,яғни қатнастарды реттейтін нормалардан тұрады.Кейбір шарттарда олардың аттары болады.Қорытынды бөлімде шарттың күшіне енуі, мәтіннің тілін реттейтін ережелер,шартқа қосылу тәртібіне қатысты мәселелер көрініс табады.Кейбір халықаралық шарттарға қосымша енгізіледі, олар оның бөлінбес бөлігі ретінде қарастырылуы қажет. Шарттарәр түрлі аталуы мүмкін. Мысалы,конвенция,пакт,келісім,хаттама,декларация,жарғы,хартия. Бірақолардың әр түрлі аталуы шарттардың негізгімағынасын өзгертпейді, яғни олар тараптарға құқықтар мен міндеттер жүктеп ,олардың арасындағы қатынастарды реттейді .

Халықаралық шарттың тілі.Шарттың жасалу тілін жақтар өздері таңдап алады. Олар әдетте екі жақтың да тілін ,сондай-ақ үшінші бейтарап жақтйң да тілін алады. Үшінші жақтың тілін шартты талқылаған кезде қолданады. БҰҰ шеңберінде және оның ұйымдарымен жасалатын шарттар сол ұйымның ресми тілдерінде жасалады . Шарт әр түрлі тілде жасалса , олардың бірдей заңдық күші болады.


XІ-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық шарттардың жасалуы

және әрекет етуі, жарамдылығы.

Жоспар:

1.Халықаралық шарттарды жасау.

2.Халықаралық шарттардың әрекет етуі, жарамдылығы.


“Шарт жасасу “ұғымы 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларда берілмеген. Бірақ Президенттің Жарлығына сәйкесшарт жасау дегеніміз – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттың өзіне міндетті екендігіне келісуі.Бұл процеске мемлекеттердің келіссөз жүргізуінен шарттың күшіне енуіне дейінгі барлық әрекеттер жатады.Шарт жасау процесінің кезеңдеріне мәтінін қарастыру және қабылдау,түпнұсқасын бекіту және оның міндеттілігін тану енеді.Көп жағдайда мемлекеттер шарттың жобасын келесі тарапқа ұсынады.Ол өз шарт мәтінін жасауды жеңілдетеді.

Шартты арнайы құжат -өкілеттілік берілген тұлғалар ғана жасауына болады . Ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезеңдеріне ғна берілуі мүмкін.

Халықаралық шарт мәтінінн дайындау және қабылдау.

Шарт мәтінін жасау дипломатиялық жолдар арқылы халықаралық ұйым және халықаралық конференцияларда жүзеге асырылады. Дипломатиялық келіссөздер арқылы көбінесе екіжақты шарттар мәтіні жасалады. Халықаралық ұйымдарда шарт мәтінін жасау олардың бас органдарына немесе арнайы сол үшін құрылған органдарға жүктеледі. Кейде халықаралық конференциялар шарт жобаларын өздері де жасайды. Шарт мәтінін дайындау бойынша келіссөздер оның мәтінін қабылдаумен жүзеге асырылады.Мәтінін қабылдау нысаны қол қою немесе парафирлеу болуы мүмкін.Халықаралық конференцияларда шарт мәтінін қабылдау ішкі ережелерге сай жүргізіледі. Бірақ мұндай ережелер бекітілмеген болса ,онда 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларға сәйкес ,қатысушы мемлекеттердің үштен екі дауысымен қабылданады. Шарт мәтінін қабылдаудың тағы бір әдісі – консенсус арқылы. Ол дауыс тарап қарсылық білдірмеген жағдайда қатысушылардың өзара келісімімен қабылдау.

Халықаралық шарт мәтінін түпнұсқасын бекіту.Шарт мәтінін қабылдау оның түпнұсқасын бекітумен жалғасады . Мәтіннің түпнұсқасы оның түбегейлі және шынайы екендігін білдіреді.1969 ж. Вена конвенциясының 10-шы бабына сәйкес, “шарт мәтінінің түпнұсқалылығы мен соңғылығы” қатысушылар алдын- ала келісілген тәртіппен немесе қол қою, Ad referendum, парфирлеу, коференцияның қорытынды актісін шығару мен бекітіледі.

Ad referendum деген шартты түрде қол қоюды білдіреді, ал парафирлеу кезінде мемлекет өкілдері шарттың бір інші және соңғы беттеріне қолдарын қояды ( өз аты жөнінің бір інші әріптерін де қоюлары мүмкін). Кейде шарттың барлық бестері парафирленеді.

Ad referendum мен парафирлеудің айырмашылылғы:

  1. Прафирлеу тек шарт мәтінінің түпнұсқасын бекіту болса, Ad referendum мемлекеттің шарттың өзіне міндетті күші барлығын білдіруі.

  2. Ad referendumның кері күші болады, ал парафирлеуден кейін қол қоюдың кері күші болмайды.

  3. Ad referendum үшін арнайы өкілеттілік керек.

  4. Ad referendum-ды мемлекет мақұлдағаннан кейін, ол соңғы болып танылады және одан заңдық салдар туындайды, ал парафирлеуден кейін міндетті түрде қол қою жүргізіледі.

Халықаралық шарттың міндеттілігіне келісім беру әдістері. Шарт жасасудың соңғы сатысы – тараптардың оның міндеттілігіне келісімдерін беруі. 1969 және 1986ж.ж. конвенцияларға сай шарттың міндеттелігіне келісім берудің бірнеше әдісі бар. Олардың ішіндегі кеңінен таралғаны- шартқа қол қою.

Халықаралық тәжірибеде көрініс тапқан шарт қай мемлекетке арналған болса, сол мемлкетттің атауы, өкілінің қолы, өз тіліндегі мәтінін бір інші орынға қойылу әдісі – Альтернат деп аталады.

Шарттың міндеттілігіне келісім берудің келесі әдісі- ратификация. Вена конвенцияларына сәйкес ратификация – мемлекетттің ішкі құқығының бір институты, өйткені қай мемлекеттік органның халықаралық шарттарды ратификациялауына құзыреті барлығын тек ішкі құқық белгілейді. Әдетте бұны Президент немесе Парламент жүзеге асырады. Ратификация дегеніміз, Жарлыққа сай, ҚР Парламенті бекітуі арқылы ҚР-ның Халықаралық шартты өзіне міндетті деп тануы.

Бекіту- Ратификациялауға жатпайтын шарттарды ҚР Үкіметі арқылы өзіне міндетті екндігін білдіру. Егер шарт мемлекетаралық болса, бекітуді ҚР Президенті жүргізеді, егер шарт үкіметаралық болса, онда ҚР Үкіметі жүргізеді, ведомоствоаралық шарттарды бекітуді сол ведомостволардың ұсынуы бойынша ҚР Үкіметі жүргізеді. Егер шарт халықаралық ұйымдар арасында жасалса, онда шартты бекітуді қол қойғаннан кейін әр ұйымның жоғары органы жүзеге асырады.Бекіту нота, хат, басқа да құжаттар түрінде рәсімделеді.

Халықаралық шартқа қосылу-ҚР-ның өзі жасауға қатыспаған шарттарды өзіне міндетті екендігіне ерік білдіруі. ҚР Президенті ұсынған ,сон дай-ақ ҚР Үкіметі ұсынған мемлекетаралық шарттарға қатысты және ратификациялау қажет ететін шарттар бойынша қосылуды ҚР Парламенті жүзеге асырады.Егер шарт Үкіметтің қарауына жататын болса және ратификациялауды қажет етпейтін болса, онда ҚР Үкіметі жүзеге асырады. Қосылу нота, хат басқада құжаттар түрінде рәсімделеді.

Халықаралық шарттарға жасалатын ескертпе. Вена конвенциялары ескертпелерді мемлекет немесе халықаралық ұйым шартты ратификациялау, қол қою, қабылдап бекіту, қосылу немесе ресми мақылдау актісі арқылы шарттың белгілі бір ережесінің өзіне қатысты заңдық әрекетін өзгерту немесе жою кезінде кез-келген нысандағы біржақты арыз ретінде анықтайды.

Депозитарий қызметі. Көпжақты шарттар жасасқан кезде шарт түпнұсқасын және оған байланысты құжаттарды сақтайтын депозитарийге қажеттілік туады. Вена конвенцияларына сәйкес, депозитарий ретінде бір немесе бірнеше мемлекет халықаралық ұйым немесе осы ұйымның лауазымды тұлғасы тағайындалуы мүмкін.

Халықаралық шарттады тіркеу және жариялау. ХХ ғасыр халықаралық шарттардың тіркелуімен сипатталады. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін шарттарды тіркеуді Ұлттар лигасының Секретариаты жүзеге асырған. Одан кейін бұл қызмет БҰҰ Секретариятына ауысты. Ал Секретарият өз кезегінде тіркелген шарттарды жариялайды. БҰҰ Секретариятынан басқа да халықаралық ұйымдарда шарттарды тіркеуге болады. Мысалы Халықаралық шарттар БҰҰ шарттар жинағында жарияланады. Жинақтардың көбі екі бөлімнен тұрады, бір інші бөлімінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тіркелген шарттары, екінші бөлімінде сақтауға алынып, тізімге енген шарттары жарияланады. Қазақстанда халықаралық шарттар мемлекетаралық болса, Парламенттің ресми басылымдарында, үкіметаралық болса, ҚР Президентінің және ҚР Үкіметі актілер жинағында, ведмоствоаралық болса, ҚР-ның халықаралық шартар, мәмілелер және жекелеген заңдық актілер бюллетенінде жарияланады.

Күшіне енген шарт қана заңды салдар тудырады. Вена конвенцияларына сәйкес, шарттың күшіне ену тәртібі және күні шартта белгіленеді немесе қатысушыларымен келісіледі. Мысалы, шартар ратификацияланған , қол қойылған немесе ратификациялық грамоталарының белгілі саны өткізілген күннен бастап күшіне енуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда шарттың күшіне ену уақыты мен соған байланысты туындайтын құқықтар мен міндеттердің әрекет ету мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әскери көмекті көздейтін өзара көмек туралы шарттар тараптардың біреуіне шабуыл жасалған кезде ғана әрекет етуі немесе шабуыл болмаса мүлдем орындалмауы мүмкін.

Екіжақты шарттар да, көпжақты шарттар да белгілі бір мерзім аралығында жасалуы мүмкін. Кейбір екіжақты шарттар мерзімі бітсе де, тараптардың бірі бас тартпайынша, күшінде бола беруі мүмкін.

Шарттың әрекет ету мерзімін сол мерзім аяқталмай тұрып ұзарту пролонгация деп аталады. Ол өз кезегінде бірден жүзеге асырылатын және тараптар келісімінің негізінде жүзеге асырылатын болып бөлінеді. Алғашқысы – шартта алдын-ала көрсетіледі. Екіншісі әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда пролонгация туралы хаттама жасалады, ол хаттама күшіне ену үшін мерзімі ұзартылып отырған шартқа қандай жағдай қажет етілсе сондай қолданылады.

Халықаралық шарттарды талқылау. Талқылау дегеніміз-халықаралық шарттардың шынайы мағынасымен мазмұнын анықтау. Халықаралық шарттарды анықтау. Халықаралық шарттарды талқылау қағидаларына адалдық, шарттар қолданылатын терминдер әдеттегі ұғымы бойынша және шарттың объектісі мен мақсаттарына сай талқылануы тиістілігі жатады. Талқылау кіріспе мен шартқа жасалған қосымша құжаттардың көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Талқылау әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жасалады. Оларға грамматикалық, логикалық, тарихи және жүйелік талқылау жатады.

Грамматикалық талқылау – грамматикалық және басқа да ережелер негізінде бөлек сөздер мен шарт мазмұнының мағынасын анықтау.

Логикалық талқылауда бір бапты басқа баптар негізінде және оларды бір- бірімен салыстыру арқылы талқылау. Бұл әдісті қолданғанда шарт мәтінінің біртұтастығы сақталуы тиіс.

Жүйелік талқылау – шарт ережелерін басқа шарт ережелерімен салыстыра отырып талқылау. Кейде шарт жасаудан кейін көп уақыт өтуіне байланысты шарттың мақсаты, мазмұны, бөлек терминдер мағынасын ашу қиын болуы мүмкін. Осы кездерде талқылау үшін шарт жасасудың тарихи мән жайларын әзірлеу материялдарын, дипломатиялық хат алмасуды зерттеу қажет болады. Бұл талқылауды тарихи талқылау деп атайды.

Халықаралық шарттардың жарамдылығы. Жарамды шарттар ғана оның қатысушылары үшін құқықтар мен міндеттер туғызады. 1969 ж. Вена ковенциясының 49, 50,51,52,53 баптарына сәйкес алдау, мемлекет өкілін сатып алу, мемлекет өкілін шарт жасауға мәжбүрлеу, мемлекетке күш қолдану жолджарымен жасалса және халықаралық шарттың қағидаларына, нормаларына ( jus cogens ) қайшы болса, жарамсыз деп. танылады. Егер мемлекет шарт міндеттілігіне ер кін білдірген кезде оның мемлекеттің ішкі нормаларын бұзу арқылы жасалғаны дәлелденсе, ол шартты жарамсыз деп. санауға негід болады. Бірақ мемлекеттің нормасы бұзылғандығы ацқын болуы қажет.

Халықаралық шарттың күшін тоқтата тұру және жою. Шарттың күшін жоюы оны орындаудың, уақытының өтуі, жаңа jus cogens нормасының шығуы, шартта көзделген негізде денонсациялау негізінде болуы мүмкін. Кейінгі жасалған шарт осыған дейін жасалған шарттың күшін мына жағдайларда жояды:

    1. егер екеуі де бір мәселені реттесе ;

    2. егер бір-бірімен сыйспайтын болса;

    3. егер тараптар соңғысын қолдануға келіссе.

Мемлекеттің өзі жасасқан халықарлық шарттан ресми түрде бас Тарту бас тартуы денонсация деп. аталады. Егер шартта көрсетілмесе және қатысушылардың оған ниеттері болмаса шартты денонсациялауға болмайды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Мемлекеттік тілдегі заң іс қағаздары бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін
Лекциялар: 30 сағат iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар, сағат
Силлабус Қаржы, есеп және салық салу кафедрасында 050508,5В050800 – Есеп және аудит ҚР 08. 312 – 2006 мамандықтың мемлекттік білім...
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
«Металлургия», 6N0905 – «Кадастр», 6N0711 – «Геодезия және картография», 6N0731 – «бжд» 6N 0707 – «Тау-кен ісі», 6N0508 – «Есеп және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница