Лекциялар: 30 сағат




НазваниеЛекциялар: 30 сағат
страница12/17
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.11 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Kuk/Abdimusaev.HalKuk.doc
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Халықаралық әуе құқығы.

Жоспар:

1.Халықаралық әуе құқығының қалыптасуы мен дамуы, қайнар көзі.

2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары.

3. Мемлекет аумағында ұшу ережелері.

4. Халықаралық әуе кеңістігінде ұшу ережелері.

5. Халықаралық әуе хабарландыруын құқықтық реттеу.

6. Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.

7. Халықаралық әуе құқығындағы жауапкешілік.


XX ғасырдың баcында әуе кеңістігінің заңдылық табиғаты мен әуе кеңістігінің иеленудің құқықтық шегі туралы мәселелер көптен қарастырады. Сол кезде бұл туралы екі теория пайда пайда болады. Ол “әуе ркіндігі” мен әуе кңістігінің мемлекеттік егемендігі туралы теориялар. “Әуе еркіндігі” туралы теория француз ғалымы П.Фошильдікі, екінші теория голландық ғалым Лайкламе Найхольттікі. Осы ғылыми жетістіктердің негізінде әуе кеңістігін құқықтық реттеу туралы көптеген конвенциялар пайда болды. Әуе кеңістігін халықаралық құқықтық реттеу өз бастамасын 1919 ж. әу авигациясы туралы Париж конвенциясынан алды. Онда құқрылық пен су аймақтары жататын әуе кңістігін мемлекеттік егемендігі қағидаты бекітті.

Халықаралық әуе құқығы ұғымына келетін болсақ, ешққандай халықаралық шарттарда нақты түсініктеме берілмеген, өйткені алдын ала әуе құқығы ішкі мемлекеттік мәселелерге жататын, қазіргі жағдайда халықаралық қатнастар ұлғайған жағдайда халықаралық әуе құқығының маңызы өте зор деп айтуға болады.

Халықаралық әуе құқығы - әуе кеңістігін, оның анықтаушы құқықтық режимін қолдануға байланысты халықаралық субьектілердің арасындағы қатынастарды реттейтін арнай қағидаттар мен нормалардың жиынтығынан тұратын халықаралық құқықтық бөлімі.

Бірінші – топтың нормалары халықаралық қозғалысты реттейді. Әуе кеңістігінің режимі және халықаралық ұшулар.

Екінші - әуе көлігін комерциялық қызметін, халықаралық хабарландыруды реттейді.

Халықаралық әуе құқығы – халықаралық әуе хабарландыруын жүзеге асыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін пайдаланнуға байлаысты халықаралық субьектілердің арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың саласы.

Әуе кеңстігін екі түрге бөлуге болады:

  1. Егеменді әуе кеңістігі;

  2. Халықаралық әуе кеңістігі.

Халықаралық әуе құқығының арнай негізгіқағидаты – мемлекеттің өз кеңтігіне толық және ерекше егемендігінің таралуы. Әуе кеңістігіне егемендік қағидатының мазмұны мемлекеттер өз әуе кеңістігінде өздері құрған құқықтық режимі қолдануы болып табылады. Осы қағидат халықаралық келімдерде қалай бекітілсе, дәл солай әр елдің заңдылығында да бекітіледі. Кез-келген әуе кемелері қандай да бір мемлекеттің аумағы шегінен ұшып өткенде, сол мемлекеттің әуе ххабарлануына байланыты заңдар мен тәртіптерін қатаң орындауы міндетті. Өз әуе кеңістігіне егемендік қағидатын негіззге ала отырып, мемлекеттер әдетте ұшу жолдары мен бағыттарын, ал қажет болғанда тыйым салынған аймақтар арқылы ұшұу және радио байланыс ережелерінің тәртібін анықтап, ұшу қорғанысын қамтамасыз етеді.

Ашық әуе кеңістігінде ұшу еркіндігі қағидаты. Ашық немесе халықаралық әуе кеңістігіне жағалаудағы мемлекеттің аумақтық суының әрі қарайғы кеңістігі жатады.

Халықаралық азаматтың авияцияың қауіпсіздігі қамтамасыз ету қағидаты. Бұл қағидат бойынша бір жағынан авиациялық техниканың сенімді пайдалануын қамтамасыз ету, екінші жағынан азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз актілермен араласуға қарсы күресу.

Монреаль конвенциясында мұндай қызметтің тшүрлері көбірек көзделген: әуе кемесі ішіндегі адамдарға қарсы, әуе кемелерін бұзса не жойса, әуе кемелерінің жұмысына қауіп төндіретін жалған мәлімет айтса. Осы конвенцияға мүше мемлекеттің барлығы да осындай қылмыс жасағандарға қатаң жаза түрін қолдануға міндетті. 1988 ж. Монреаль конвенциясының хаттамасында халықаралық әу кемелерін ұлшыруға қызмет көрсету кезінде әуе жай жұмысына зиян келтіру.

Тәжірибеде мемлекет аумағынан әуе кемелерінің ұшуы тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Тұрақты ұшу алдын ала бекітілген кестемен, жоспармен, белгіленген сызықпен жүзеге асырылады, ал тұрақсыз ұшу әуе қатнастары екі немесе бірнеше мемлекеттердің арасында екіжақты келісіммен бекітілген. Кейбір мемлекттер авиакәсіпорындарға өз аумағына келгенде саққтауға міндетті қосымша талаптар қойылған пайдалану рұқсатын береді.

Чикаго конвенциясының 5- бабыа сәйкес осы конвенцияға мүше мемлекеттердің халыққаралық әуе хабарландыруында тұрақты ұұшуға жатпайтын әуе кемелері басқа мемлекет аумағыан ұшуға тек сол жағдайда құқылы, егер олар Чикаго конвенциясының нормаларын бұзбай және конвенцияға мүше мемлекет аумағына ұшып өту немесе коммерциялық емес мақсатта рұқсат етіледі. Мемлекеттер өз аумағында ұшыпп бара жатқан шетел әуе кемесін тоқтатуға құқылы.

Әуе кемесі апатқа ұшыраған жағдайда қай ммлекеттің аумағында апатқа ұшыраса, сол мемлекет апатқа ұшыраған әуе кемесіне көмектесуі тиіс.

Шекараны бұзған немесе әуе жолынан шығып кеткен шетел әуе кемесін әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың өміріне қауіп төндіромей және әуе кемесінің қауіпсіздігін сақтауға әрекет жасау керек.

1958 ж. Ашщық теңіз туралы Женева конвенциясы бойынша Ашық теңіз бостандығы қағидаты мен қатар, теңіз үстімен үшу еркіндігі бар. Яғни, барлық мемлекеттердің әуе кемелерінің жхағалауындағы болсын, болмасын ашық теңіз үстіндегі әуе кеңістігінде еркін ұшыға құқығы бар. Бұл еркіндік БҰҰ-ның 1982 ж. Теңіз құқығы туралы конвенциясымен бекітілді.

Әуе кемесі Ашық теңіздің үстіме ұшу кезінде ерекшеленетін ұлттық белгілері және бір ммлекеттің тіркеу номері болуы міндетті.

Антрактика үстіндегі әуе кеңістігіндегі режим және онда ұшу құқығы 1959 жз. Антрактида туралы шартпен анықталады. Бұл шарт барлық мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерінің еркін ұшуын бекітті. Халықаралық ұшулар ИКАО9-ның стандарттарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Әскери әуе кемелерінің ұшуы тек шартты бақылау мақсатында жүзеге асырыла алады.

Халықаралық әуе хабарландыруында негізгі мәселе шетел авиакәсіпорындарының комерциялық қызметтерін реттеу болып табылады. Осы проблема өз кезінде ірі авиациялық державалар мен олардың авиокампанияларының арасында үлке дау туғызған. Егер комерциялық құқық ұғымына келетін болсақ, бұл авиокәіпорындарға жолаушылар, жүктер мен поштаны сыйақы үшін әуе арқылы тасмалдауына рұқсат беру.

Халықаралық әуе хабарландыру ұғымы әдетте комерциялық құқықтармен ашылады.

  1. Транзиттік құқықты берген ммлекеттің аумағында қондырусыз транзиттік ұшу құқығы.

  2. Комерциялық емес мақсатта транзиттік ұшу, қондыру құқығы.

  3. Әуе кенмесі тіркелщген мемлекетке ұшщуда шет мемлекеттен бортқа аынған жолаушшылар ме жүктерді және поштаны алып кетуге құқылы.

  4. Әуе кемесі тіркелген мемлекеттен бортқа алынған жолаушыларды, жүктерді, поштаны шет мемлекетке алып келуге құқылы.

  5. Шет мемлекеттің аумағында жолаушыларды шығару, жүк пен поштаны шығару, тоағы теңдейт басқа үшінші мемлекетке тасуға құқылы.

  6. Өз мемлекетінің аумағы арқылы үшінші мемлекетке тасмалдауды жүзеге асыруға құқылы.

  7. Өз мемлекетінің аймағынан өтпей, үшшінші мемлекеттің аймағы арқылы тасмалдауды жүзеге асыруға құқылы.

Әуе кемелері тіркелу фактісіне байланысты ұлттық иелікке жатқызылады. Ұлттық иелікке жжататындықтан, әуе кемелері өзі тіркелген мемлекеттің қорғауында болады.

Тшірклген әуе кемесі мемлекеттік тізілімге кіргізіледі. Халықаралық әуе ххабарландыруында әуе кемелерін азаматтық және мемлекеттік деп бөледі. Аззаматтық – жолаушылар мен жхүктерді тасмалдауға араналса, ол азаматтық әуе кемелері болып табылады, бұл жеке меншшікке жатады, яғни азаматтық әуе кемелерін сатоуға, сатып алуға, сый ретінде беруге болады, ал Чикаго конвенциясының 3-бабына сәйкес әскери, кеден және полициялық қызметке қолданылатыны ммлекеттік әуе кемелеріне жатқызылады.

Мемлекеттің жауапкершілігі. Мемлекеттер халықаралық әуе құқығының қағидаттары мен нормаларын бұзғандары үшін саяси жауапкершілікке тартылады. Ол жауапкершілік ИКАО Ассамблщеясына дауыс беру құқығынан айрыллу тщүрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттер басқа мемлекеттің әуе кеңістігі егемендігі бұзғаны үшін халықаралық жауапкершілікке тартылады.

Әуеде тасмалдаушының жауапкершілігі. Әуеде тасымалдаушы жолаушшылар мен жүк иелеріне келтірген шығындары үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады.

1929 ж. Варшава конвенциясына сәйкес, тасмалдаушы жолаушының өліміне алып келген емсе кез-келген дене жарақатын және жүктің жоғалуы мен жеткізіп беру уақытын кешіктіргені үшін келтірген зиянға жауап береді.

Варшаға келісім шарт жүйесінде әуеде тасмалдаушы жауапкершілігінің максимум шекті көлемі белгіленген. Әр бір жолаушы үшін жауапкершіліктің шегі 250 мың француз алтыны, әрбір 1 кг салмақ жүк үшін – 250 мың француз алтыны, әрбір қолда ұстап жүрген затқа 5 мың француз алтыны.

1966 ж. Монреаль келісім-шарты бойынша тасмалдаушының жауапкершіліктік шекті көлемі 75 мың американ долларына көбейтілді.

197 ж. Гұватемала хаттамасы жауапкершілікті өтеудің көлемін мың долларға өсірді. Яғни, кінәға байланыссыз жолаушыға келтірген зиян үшін жауапкершіліктің абсолютті жүйесін қабылдады.


XXVIІ-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық ғарыш құқығы.

Жоспар:

1.Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі және қайнар көздері.

2.Ғарыш қызметін халықаралық –құқықтық реттеу.

3.Ғарыш кеңестігімен аспан денелерінің құқықтық режимі.

4.Ғарыш объектілері келтірілген зиян үшін жауапкершілік.


Ғарышты зерттеу жас сала болғанымен, оның даму деңгейі тез қарқындауда, сондықтан ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану мемлекеттердің кең және Жан жақты араласуынсыз жүзеге аспайды.

Ғарыш қызметінің тбасталуына орай оның кез кеклген түрі бір немесе бірнеше мемлекеттердің мүддесін қозғай алады, ал ғарыштық қызметтердің көпшілік түрлі халықаралық қоғамдастықтың мүддесіне қызмет етюді. Бұл “Заңды ғарыштық қызмет”, “Заңсыз ғарыштық қызмет” ұғымдарын енггізу қажеттілігін, сонымен қатар ғарыштық қызметте халықаралық байланыс тұрғысында бнлгіленген тәртіпті бекітуге себепші болды.

1958 ж. 13 желтоқсанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында “Ғарыш кеңістігіне адамзаттың жалпы мүдделілігі және ғарыш кеңістігін зерттеу бағдарламасы жүргізуде туындайтын құқықтық проблемаларды БҰҰ шегінде талқылау қажеттігі аталады.

Құқық пен сыртқы саясат арасындаүзілмейтін байланысбар. Бүгінгі таңдақандай салада болмасын, мемлекеттердің сыртқы саясаты жүргізуінде бастр жетекшілікті жалпы халықаралық-құқықтық қағидалар қызмет туї тиіс.,

ХҒҚ өзінің қалыптасуның алғашқы сатыларында осындай қағидалар ғарыш қызметінде ерекше мәнге ие болды. Арнайы қағидалардың жоқтығына жалпы қағидаларды қолдану арқылы олардың орны толтырылды.

ХҒҚ ғылымының пайда болғанынан бастап көптеген заңгерлер халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мен нормалары ғарыштық қызметке де таралатынын негіздеді. Ал оның ерекшелігі арнайы нормаларда есепке алынды. Олар халықаралық құқықтың жаңа саласын құрастырады, бірақ ешқандай бөлек құқықтық жүйе болуы мүмкін емес.

Ғарыш бойынша шарттың күшіне енуі күні – 1967 жылдың 10 қазаны ХҒҚ –ның туған күні деп. танылады.

ХҒҚ және халықаралық құқық қағидаларының жиынтығы дегеніміз – біріншісі екіншісінің негізгі құрамы болып табылады. ХҒҚ – ның қағидалары мен нормаларының ерекшілігі – оныңхалықаралық құқыққтың басқа тармақтарымен теңестірілуіне мүмкіндік бермейді.

БҰҰ БА –ның қарары ұсыныс сипатында келеді, бірақ бірауыздан қабылданған олар белгілі бір әрекетке қатысты мемлекеттердің келіскен позициясын білдіреді, он жалпы халықаралық тқауымдастық та қолдануы тиіс. БҰҰ – Халықаралық сот статуты халықаралық құқықтың көмекші қайнар кздеріне сот шешімдерін және біліктілігі жоғары мамандардың ілімдерін жатқызады. Слайда ғарыштық кеңістікті пайдалануға, зерттеуге байланысты мәселелер БҰҰ-ның халықаралдық соттарында немесе аралық соттарда қарастырылған емес, себебі мемлекеттер арасында әлі күнге дейін ХҒҚ –ның жағдайы туралы дау туған жоқ. Екінші көмекші қайнар көзі – халықаралық құқық саласында, әсіресе ХҒҚ-да білікті заңгерлердің еңбегі болып отыр.

Халықаралық құқықтың жеке буыны болғандықтан ХҒ;Қ сипатына қарай ерекшеліктері бар. Ғарыш кеңістігіне байланысты бұл ерекшеліктерге мыналарды жатқызуға болады:

  1. Ғарыш кеңістігінде аумағы ешкімге тиісті емес, бос жатқан, болашақта адамзаттың пайдалануында болуы мүмкін аспан денелері орналасқан;

  2. Ғарыш іс жүзінде шексіз;

  3. Құрлық аумағында дүниежүзілік мұхитқа және әуе кеңістігіне қарағанда, ғарыш кеңісттігі пайдалану пролцесінде ешбір аймақтарға бөлінбейді;

  4. Адамның онда қызмет етуіне ғарыш кеңістігі қауіп төндіреді.

Ғарыш қызметіне байланысты ерекшіліктер:

  1. ғарышты әскери мақсатта қолдану қауіп төндіреді;

  2. ғарыш қызметінің нәтижесінде көп мемлекеттер қызығушылық білдіреді, бірақ он тек ғылыми және өндірістік қатынастарды аса дамыған мемлекеттер ғана өзінше жүзеге асыра алады;

  3. ғарыш аппараттарын жіберу және қайтару барысында шет мемлекеттерінің әуе кеңістігін және ашық теңіз кеңістігін пайдалануға байланысты;

  4. ғарыш кеме ұшыру шет мемлекеттерге және олардың азаматтарына зиян келтіруі мүмкін.

Үкіметаралық ұйымдар ХҒҚ саласындағы субъект болуы үшін 4 жағдайды ескеру қажет:

  1. Ұйым келісім-шарт белгілеген барлық құқықтар мен міндетттерді орындайтыны туралы ресми жариялауы керек;

  2. Ұйымның мүше мемлекеттерінің көбі осы келісі- шарттың қатысушылары болуы қажет;

  3. Осы ұйымның мише мемлекеттерінің көбі 1967 ж. Ғарыш туралы шарттың мүшесі болуы керек;

  4. Ұйым ғарыш қызметін жүзеге асыруы керек. Бірақ ол да жеткіліксіз:Конвенція бойынша жауапкершілік туралы конвенцияда, Ай туралы келісімде ұйымдардың құықтары мен міндеттері едәуір шектелді.

Халықаралық ғарыш құығының негізгі объектілері :

  1. ғарыш кеңістігі;

  2. аспан денелері;

  3. ғарышкерлер;

  4. жасанды ғарыш объектілері;

  5. ғарыш жүйелерінің жерделі компоненттері;

  6. практикалық қызметтің нәтижесі;

  7. ғарыш қызметі.

Халықаралық ғарыш құқықғының даму жоспарын екіге бөлуге болады: біріншіден, ғарышты игеру саласындағы, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға байланысты құқықтық мәселелер, сон дай-ақ осыған байланысты халықаралық қатынастарды дамыту. Екіншіден, халықаралық ғарыш құқығына қтысты нормалар шығару және бар заңдарды жүзеге асару.

1-топқа мыналарды жатқызуға болады:

  1. тікелей телидидар қызметін көрсетуді құқықтық реттеу мәселелерін шешу қажеттігі;

  2. жерделі алыс қашықтықтан зертеу мәселелері бойынша Шарттарды бекіту қажеттігі;

  3. әуе кеңістігіндегі мемлекеттер егемендігінің шекарасы анықталмағандықтан, әуе кеңістігі мен ғарыш кеңістігінің шекрарсын белгілеу қажеттігі;

  4. геостационарлы орбиталық жүйе режимін белгілеу;

  5. ғарыштағы ядро энергия көздеріне байланыстымәселелерді шешу.

2-топқа жататындар:

  1. күші бар заңдарда берілген және болашақта Тенгізу керек даулы мәселелерді шешу, нақты айтқанда, халықаралық ғарыш құқығының негізгі терминдерін: ғарыш кеңістігі, ғарыш нысаны және т.б;

  2. халықаралық ғарыш құқығына байланысты барлдық халықаралық барлық халықаралық ұйымдарды біріктіретін әмбебап үкіметаралық ұйым құру;

  3. бүгінгі талаптарды ескере отырып , ХҒҚ –ның нақты, түсінікті, жалпыға бірдей қағидаларын жасау және қабылдау.

Жоғарыда баяндалған мәліметтер бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. өзінің салыстырмалы түрдегі жастығына қарамастан, халықаралық ғарыш құқығыхалықараылқ құқықтың жеке бір саласы ретінде қалыптасты;

  2. кейбір мәселелердің реттелмегендігіне қарамастан,халықаралық ғарыш құқығы ғарышты игеру мен пайдалануға байланысты халықаралық қатынастарды жеке өзі реттей алады;

  3. ғарышты игеруге байланысты халықаралық қатынастарды құқықтық реттеу – ғарышты игеруде халықараылқ ынтымақтастықты мықты құруға көмектеседі.

XXVIIІ-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық экологиялық құқық.

Жоспар:

1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуымен дамуы.

2.Экологиялық құқықтың арнайы қағидаттары және қайнар көздері

3.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар.


Әлемде 60-жылдан бастап өнеркәс,іп пен ауыл шаруашылығының, энергетикалық дамуында өзгеріс болып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізді және ғаламдық көлемде бүлдіруші сипат ала бастады. Ошсыған байлланысты әлемдік қауымдастық қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың қажет екенін ұғынды.

Дүниежүзілік мұхит, жер шары бщтінің 2/3 ауданын алады. Дүниежхүзілік мұхит ұұғымы жердегі барлық 4- Атлант, Үнді, Тынық, Солтүстік Мұзды мұхиты, сондай-ақ олармен байланысты барлық теңіздерді қамтиды. Дүниежүзілік мұхитқа материктер ішінде орналасқан, оқшауланған теңіздер жатпайды, мысалы, Каспий теңізі.

Құрлықтар адамзат дамуы үлшін негізгі және тікелей өмірлік кеңістікті құрайды. Осы түсінікпен дәтүрлі түрде, жердің құрлықтағы бетіме тығыз байланысты барлық табиғи коомплекс, яғни топырақ, жер қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер және жануарлар әлемі қамтылады.

Атмосфералық ауа – жер бетімен ғарыш кеңістігінің арасында жататын жер шарының газды қабығы. Атмосфералық ауа құрамына белгілі бір пропорцияда от тегімен, сондай-ақ табиғи зат алмасу процестерінен құралып, біршама тұрақты болып табылады.

Ғарыш – жердің немесе атмосфераның шекгінде жататын барлық материалдық кеңістік. Ғарыш кеңістігі шексіз. Бірақ адамдардың әсер еету аясы жерге жақын аудандарда шектеулі болып келеді.

Халықаралық экологиялық құқық – қағидаттары мен нормалары ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуді іздеудегі халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықта өте маңыззды рол иеленуші халықаралық құқықтың дамып келе жатқан саласы.

Халықаралық экологиялық құқықтың қағидаттарымен нормаларының жиынтығы халықаралық жария құқық саласын құрайды. Бұл халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінен көрінген тікелей материалдық құқық. Осылардың ең маңыздысы - әмбебап сипатта болатын халықаралық шарттар. Оларда халықаралыққ экологиялық құқықтың негізгі қағидаттары бекітілген.

Халықаралық экологиялық құқыңтың қағидаттары алғаш рет адамды қоршаған орта проблемалары жөніндегі 1972 ж. БҰҰ Стокгольм конференциясының дщекларациясында тұжырымдалды.

Стокгольм декларациясының ең маңызды қағидаттары:

  1. Мемлекет қоршаған орта проблемаларына жақындаудағы өз ұлыттық саяатына сәйкес келетін өз ресурстарын пайдалануға құқылы. Оларға ұлттық юрисдикция шегінен тыс қызметіне немесе басқа мемлекеттің не ауданның қоршаған ортасына залал келтірмеуді бақыламаса, жауапкершілік жүктеледі (21-қағида);

  2. Ауа, су, жер, флора, фаунаны және әсіресе табиғи экожүйелердің сипатты үлгілерін қоса, барлық табиғи ресурстар келешек ұрпақтың игілігі үшін адам қызметін ұқыпты жоспарлау және оны қажеттігіне қарай басқару жолымен сақталуы тиіс (21-қағида) ;

  3. Қалпына келмейтін ресурстар – келешекте таусылудан қорғалуы қмтамасыз етілетіндей және олардың пайдасын бүкіл адмзат көретіндей жасалуы тиіс (5-қағида).

Қайнар көздер – халықаралық экологиялық құқықтың даму серпінін көрсетеді. Қазіргі кезде халықаралық екі жақты шарттар басымдылыққа ие, бірақ соңғы уақыттарда халықаралық құқықтың осы саласының дамуына халықаралық конвенциялардың ықпалы зор. Бұл көзқарасты негіздеу үшін халықаралық конвенциялар халықаралық экологиялық құқықтың “құрылымдық заңдары” болып табылатындығын, олардың негізіндебасқа нормалар, мысалы, осы конвенция хаттамаларының дамитындығын айтуға болады. Мемлекеттік келісімдер мен шарттарға келетін болсақ, олар негізінен жергілікт деңгейде саяси мәселелерді шешеді және қоршаған ортаны аумақтық немесе әлемдік деңгейде қоғау мәселелерін іс жүзінде шешуге қабілетсіз болып келеді.

Қошаған ортаны қорғауға байланысты халықаралцық құқықтық шығармашылық өте маңызды рөл атқарады. Бұл ең алдымен халықаралық жауапкршілік институтының дамуына, сондай-ақ халықаралық құқықты екіге: абсолютті, яғни қатаң (міндетті) және жұмсақ (ресми заңды күш иеленбейтін) деп аталатын квази құқы деп бөлуге байланысты.

Табиғатты қорғау ісіне қатыспаған Ұлттар Лигасына қарағанда, БҰҰ мұндай маңызды мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Оған БҰҰ –ның Бас ассамблея, ЭКОСОС, аумақтық экономикалық комиссиялар (ЕЭК, ЭСКАТО, ЭКА, ЭКЛА), ЮНКТАД, ЮНТДО, МОТ,ФАО, ЮНЕКО,ВМО, КПР, МАГАТЭ, ИКАО және басқа басты органдар мен арнайы мемкемелер көңіл бөледі.

БҰҰ Бас Ассамблеясының “Қоршаған орта саласындағы халықаралық қатынастар бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық шаралар” жөнінде 1972 ж. 15 желтоқсанда қабылданған №2997 қарарына сай қоршаған ортаға байланысты БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) дген атқа ие болғанын ерекше атап өтсек, БҰҰ-ның шегінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде үкіметаралық жаңа орган құрылды. Ол негізгі қосалқы органның міндетін атқарады, экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы әрбір 2 жыл сайын өзінің қызметі жөніндегі баяндамаларын Бас Ассамблеяға ұсынып отырады. ЮНЕП құрамында 3 негізгі: 1)Басқарушылар кеңесі; 2) Атқарушы директоры басқаратын секритариат 3) Қоршшаған орта жөніндегі қор басқаратын қор құрылымы бар. ЮНП-тің штаб-пәтеі Найробиде (Кенеди) орналасқан.

ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңсі БҰҰ Бас ассмблеясының 3 жылдық мерзімге алыатын 58 мемлекеттің өкілдерінен тұрады. Ол жыл сайын қоршаған ортаы қорғау аясындағы халықаралық қатынастардың негізгі мәселелерін талқылау үшін жиналады. ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңесінің алғашқы сессиясы 1973 жылы өткізілді.

ЮНЕП-тің атқарушы директорын БҰҰ Бас ассамблеясы 4 жыл мерзімге сайлайды.Ол барлық ағымдағы істерді басқарады, дәлрек айтсақ,Басқарушылар кеңесінің әр бір кезекті сесиясының дайындығын қамтамсыз етеді. Ол басқаратын секритариат ЮНЕП-тің ұйымдастырушылық-техникалық қатынастарынң жұмысын қамтамасыз етеді.

Қоршаған орта жөніндегі қор ЮНЕП шеңберіндегі мемлекеттер жүзеге асыратын халықаралық табиғатты қорғау шараларына қосымша қаржылық көмек көрсету мақстында құрылған. Қор әр бір мемлекеттің өз еркімен берілетін салымдарынан негізінде құрылады және ЮНЕП Басқарушылар кеңесінің ұсынысына сәйкес жұмсалады. Алғашқы қордың көлемі 5 жылға 100 млн. доллар.

ЮНЕП ұйымдастырылғалы бері қоршаған ортаны қорғау жөнінде бір қатар маңызды шараларды жүзеге асырды: қоршаған ортаны жағдайына байланысты әлемдік бақылау жүйесін құру үшін дайындық жұмыстарын өткізді (Мониториг), 100-ден астам халықаралық табиғатты қорғау жобаларын өз қамқорына алды.

Азық түлік және ауыл шаруашылық мәселесі жөніндегі БҰҰ (ФАО), өнімді жерлерді, су ресурстарын, өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғауға көңіл бөледі. ФАО осы табиғат объектілерінің жағдайын аықтау мақсатында зерттеулер жүргізеді, оларды үнемі қолдану және қорғау жөнінде ұсынытарды дайындайды, қызмт көрсетуші ұйымының тапсырысын орыдайды, осылайша әлемдік және аумақтық көлемде тәжірибе жинау мен алмасуды жеңілдетеді, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалар мен бағдарламаларға қаржылық және материалдық- техникалық көмек көрсетеді.

Табиғат қорғау міндеттерін шешуге қоғамдық күштер жұмылдыру үшін арнайы құрылған үкімттік емес ұйым- Табиғат және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ (МСОП). Ол 1948 жылы Қазанда Фонтенеблода (Францияда) өткен құрылтай ассамблеясының шешімі бойынша құрылды. МСОП жарғысының 1 бабына сәйкес ол үкіметтердің, Ұлттық және халықаралық шараларға сәйкес жүргізілген табиғи ресурстарды сақтау және табиғатты қорғау мәелесімен айналысатын жеке тұлғалардың арасындағы қатынастарға жәрдемдеседі. Бұл ұйымның мүшелері: елдердің үкіметі сйяқты, жеке мемлекеттік органдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар (ұлттық және халықаралық) және табиғатты қорғау ісінен өз салымдарын салушы адамдар болуы мүмкін.

МСОП-тың жоғары органы сессиясы 3 жылда 1 рет өткізілетін табиғатты қорғау жөніндегі Бүкіл әлемдік Конгресс деп аталатын Бас ассамблея. МСОП-тың табиғат қорғау қызметі әр қайсысын комисия (ұлттық парк, экологиялық құқық,сирек түрлері жөніндегі) басқаратын 6 негізгі бағытты жүргізіледі. Комииссия мүшелері қоршаған ортаны қорғау мақсатына жету үшін белсенді қатынас жасайтын мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар және басқа тұлғалар. МСОП бір қатар пайдалы шараларды жүргізген. Арнайы қорғауды қажет ететін жануарлардың түрлері туралы мәліметтерді құрайтын халықаралық “Қызыл кітап” шығарды . МСОП қоршаған ортаны қорғауға байланысты әлемдік қоғамдық ой пікір қалыптастыруда маңызды рол атқарады. МСОП шеңберідегі халықаралық және экологиялық құқықты жасауға маңызды рол білім және құқықтық ғылымды дамытудағы халықаралық ұйымдардың заң жобалық қызметімен мемлекеттерге кең бағдарлама негізінде көмек беру қызметтін атқаратын Экологиялық құқық жөніндегі комиссияға берілген. Комиссяның жанында таң ғажайып экологиялық-құқықтық материалдар жинағын иеленетін Экологиялық құқық жөніндегі орталық қызмет етеді. Жинақ (коллокция) 4 компоненттен тұрады: 1) әлем мемлекеттерінің қазіргі қызмет ететін экологиялық заңдылығының жинағы; 2)табиғи ресурстарды қолдануды реттеу және қоршаға ортаны қорғау мәселеллері бойыша Еуропа одағы актілерінің жинағы; 3) күші бар келісімдер, конвециялар, шарттар және халықаралық эколгиялық құқықтың басқа да актілер жинағы; 4) әлемнің әр бір елдерінен экологиялық-құқықтық әдебиеттер жинағы.

Халықаралық экологиялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруда халықаралық ұйымдар маңызды рол атқарады. Жоғарыда аталғандай, ол ұйымдар құқықтық шығармашылықпен, тұрақты даму бағдарламасын жасау мен, маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асыру мен донорлық қызметті көрсету мен, сондай-ақ қоршаған орта жағдайы жөніндегі мәселелерді жариялау мен айналысады. Сонымн қатар, қоршаған ортаны қорғау мен айналыспайтын арнайы халықараллық ұйымдар мемлекеттерге көмек көрстедді. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау аясында халықаралық құқықтық шығармашылықты дамытуды жүзеге асырады. Халықаралық ұйымдар өзге де проблемаларды шешуде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ең жоғарғы нысанына екендігін ескерту керек.

Бұл нысанда мемлекеттер жоғары деңгейде үлестіріледі және өзара қарым-қатынасқа түседі және соның нәтижесінде қойылған міндетті шешуге байланысты табыстарға жетеді.


XXІX-лекция(1- сағат)


Тақырыбы:

Халықаралық дауларды шешудің

халықаралық құқықтық құралдары.

Жоспар:

1.Мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтарды және дауларды тек бейбіт жолмен шешу.

2.Қарама –қайшлықтарды шешудегі негізгі құралдар: тікелей келіссөздер мен кеңес жүргізу.

3.Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу. Халықаралық татуластыру рәсімі.

Бірінші әллемдік Гагга конференциясында қабылданып, 1907 жылы 2-ші әлемдік Гагга конференциясында толықтырылған “Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі” Конвенция халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі алғашқы әмбебап акт боллып есептеледі. 1928 жылы 26 қыркүйекте Ұлттар Лигасы қабылдап, 1949 жылы 28 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітлілген халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі жалпы акт қабылданды.

Дауларды бейбіт жолмен шешуге қатысты маңызды ережелер бекітілген БҰҰ Жарғысында ерекше орынға ие (соның ішінде 33 бап). Бұл ережелердің одан әрі дамуында БҰҰ Бас ассамблеясының бірқатар қарары мен декларациялары қабылданған, оның ішінде 1982 жылы Дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Манила деклорациясы.

Аймақтық келісімдер арасынан 1948 жылы Дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Америкаралық келсім- шартты алуға болады. (Богота пакті), ондай-ақ 1958 жылы Еуропа Кеңесі қабылаған Еуропа конвенциясы, 1982 жылы қабылдаған СБСЕ шеңберіндегі Бітімгершілік және арбитраждық бойыша конвенция, сонымен қатар дауларды бейбіт жолмен шешу ережелернен тұратын аймақтық ұйымдардың да жарғылары (ЛАГ,ОАГ,ОАЕ,СНГ).

Тікелей келіссөздер жүргізу дауларды шешудің бейбіт жолдары жүйесінде ерекше орын алады. Жалпы алғанда, келіссөздерсіз ешқандай халықаралық дауларды шешу мүмкін емес.

Халықаралық дауларды бейбіт түрде реттеу жөніндегі барлық келісімдерде

Қандай да бір мақсатқа жету үшін келісөздер бірден бір алғашқы қадам ретінде қарастырлады. Ол 1899 жылы және 1907 жылдардағы Халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Гагга конвнциясында. БҰҰ Жарғысында (33-бап), 1949 жылы халықараллық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Жалпы актісінде,1982 жыл Дауларды Бейбіт жолмен шешу жөніндегі Манила декларациясында және т.б көрсетілген. 1924 жылы 30 тамыздағы Мапромматис ісі бойынша Халықаралық әділ соттың тұрақты палатасының шешімімен, сондай-ақ 1960 жылы 12 сәуірдегі Үндістан аумағы арқылы өту құқығы жөніндегі дау туралы БҰҰ-ның Халықаралық Сотының шешімінде дау соттың іс қараауының объектісі болғанға дейін оны келісөздер арқылы шешу қажттігі тікелей көзделген

Көпжақты конвенцияларды кез келген мәселелер бойынша кеңестер жүргізу міндеті бар. Ол мақсаттқа қатысты немесе конвенция ережелерін жүзеге асыру барысына қатыты туындауы мүмкін. Мысалы, 1972 жылы Бактереологиялық қаруларды жасауға және өндіруге тыйым салу және жою жөніндегі конвенция.

Мұндай конвенцияларды бұрынғы тәсілдер деп қарастыруға болады.

Кеңес беру бірқатар келсім шарттарға дуаларды бейбіт жолмен шешудің тәсілдері ретінде тікелей қарасытырлған (мысалы, 1982 жылы Теңіз құқығы бойынша БҰҰ конвенциясының 283 бабы).

Халықаралық ұйымдардың жарғыларды Дауларды Бейбіт жолмен шешудің тетіктерін қарасытырады.

Халықаралық дауларды Халықаралық ұйымдар органрымен қарау саяси тәсілдер арқылы жүргізіледі. Шешімдер ұсыныс сипатына ие.

Дауларды БҰҰ шегінде Бейбіт жолмен реттеу. БҰҰ Жарғысымен Бас Ассамблея және Қауіпсіздік кеңесі дауларды шешуге байланысты құзыретке ие органдар болып табылады. БҰҰ жарғысының ҮІ тарауына сәйкес “Дауларды Бейбіт жолмен шешу”, бұл бірінші кезектегі Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін даулар жөнінде сөз болып отыр.

Қауіпсіздік Кеңесі осындай дауларды шешуде ерекше орынға ие. Қауіпсіздік Кеңесі жарғысының 34 бабына сәйкес, ол кез келген дау бойынша зерттеу жүргізуге өкілдігі бар. Осы негізде Қауіпсіздік Кеңесі Халықаралық тергеу әрекеттерін жүргізеді. Іздестіруді- Кеңестің өзі немесе осы мақсатта құрылған комиссиялар бірге жүргізуі мүмкін. Кеңе- іздестіру жүргізу барысында даулардың фактілік жағын анықтап қоймай, сондай-ақ Халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікке қауіптілік дәрежесін анықтайды. Сол үшін де іздестіру дәстүрлі тергеу тәртібінен өзгеше.

Қауіпсіздік Кеңесі даулардың сипатын бекітіп, бірқатар әрекеттер жасауы мүмкін. Қажет деп тапқан жағдайда ол таптардан дауды шешуді талап етуі мүмкін, сондай-ақ заңдылық сипаттағы даулар жалпы ережелер бойынша Халықаралық сотқа тараптар арқылы берілллуі тиістігін назарға алады.

Дауларды ЕКҚҰ шеңберінде бейбіт түрде реттеу.

ЕКҚҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасытық жөніндегі ұйым) шеңберінде төрт элементтен тұратын дауларды шешуге қатысты жүйе жасалынған . Олар : ЕКҚҰ-ның дауларды реттеуге қатысты тетігі (Валетта тетігі), бітімгершілікке байланысты ЕКҚҰ комисиясы, бітімгершілік пен төрелікке қатысты сот .

Дауларды реттеу бойынша ЕКҚҰ тетігінің негізінде Бейбіт жолмен шешу қағидаттарымен дауларды реттеу бойынша ЕКҚҰ тәртібінің ережелері. Ол 1991 жылы ақпан айында Валетта дда қолданылып, 1992 жылы желтоқсан айында кеңестік Стокгольындағы отырысында өзгерістер мен қолдау тапқа.

Валетта тетігі келісім және бітімгершілік органының міндеттерін атқарады. Мұндай тетік бірнеше мүшелерден тұрады. Оның міндеттері Орталыққа Венадағы қарама қайшылықты ж ою үшін тапсырылады. Тізімге осы міндетін жүзеге асырғысы клетін қатысушы мемлекеттер тағайындаған тұлғаларға дейін кіреді. Тетікті қалыптастырған кезде оныың құрамын дау тараптары болып табылатын мемлекет азаматтары кірмйді.

Бітімгершілік комиссиясы ЕКҚҰ жүйесінің екінші элементі болып саналады. ЕКҚҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы дау, егер оған тараптар келісетін болса, комиссияға берілуі мүмкін. Бірақ ереженіің ІІ-ші тарауында көрсетілгендей, қатысушы мемлекеттер кез келген уақытта комисяның бітмгершілік әдістерінің шарттарымен келіскендігі жөнінде хабарлай алады. Бұл жағдайда комиссияға бір жақты тәртіпте шағымдануға болады.

Төрелік трибунал тарпатрадың ұсыныстарымен немесе тараптардың біреуінің шағым берген күнінен бастап 30 күн мерзім өткеннен соң құрыллуы мүмкін. Конвенцияға қатсушы мемлекеттер соған сәйкес арызды жасап, төреллік трибуналдың міндетті юрисдикциясының мойындауы мүмкін.

Төрелік трибунал нақты дауды шешу үшін дауласушы тараптардың арбитраларынан және сот президиумы тағайындаған арбитрлллардан тұруы мүмкін. Трибунал дауды Халықаралық құқыққа сай шешеді, сондй-ақ ex aegio ct bono ісінде тараптардың келісімі мен шешеді. Арбитраждың шешімі соңғы шешім және ол шағымдануға жатпайдды.

АМЛ- дың тәжірибесінде даулар мемлекет және үкімет басшылары шақырып отыратын конференцияларда қарасырылып отырған. Бітімгершілік дауларды шешу үшін комиссия құру тәжірибесі енгізілді. Оның құрамына Лигаға басты қатысушы, Кеңес төрағасы АМЛ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кіреді. Африканың Бірлік ұйымының хартиясы даулы мәселелерді, келісөздерді, бітімгершілікпен, арбитраж арқылы шешу керек деп үшінші бапта көрсетілген. Осы жөніндегі комиссияға арнайы органның ролі бөлініп беріледі. Бірақ тәжірибеді оның қызметінің маңызды шамалы болып қалды. Басты рөлді оның басқарушы органдар-мемлекет пен үкімет басшыларының Ассамблеясымен Министірлер Кеңесі жүзеге асырады.


XXX-лекция. (1- сағат)


Тақырыбы:

Қазақстан әлеуметтік қауымдастық мүшесі.

Жоспар:

1.ҚР –БҰҰ-ның мүшесі.

2.Қазақстанның БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастығы.

3.БҰҰ ны реформалау мәселелері.


Қазақстан 1992 ж. 2 наурызында БҰҰ-ның мүшесі болып кірді. Бұл оқиға Республиканың халықаралық ұйымдар жүйесіне ықпалдасуының бастамасы болды. ҚР сыртқы саясаты қызметіндегі басты бағытқа БҰҰ-ның ең өкілді органы Бас Ассамблеядағы жұмысы жатады. Ең алғашқы рет қазақ делегациясы егеменді мемлекет өкілі ретінде қатысқан форум – БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 – сессиясы (1992ж.) . БҰҰ БА –ның 47,48,49,50,51,52,53-сессияларына белсенді қатыса отырып, біздің Республика өзін әмбебап және беделді ұйымның толық құқылы мүшесі екенін танытты.

БҰҰ БА-ның 52-сессияссы ( 1997 ж ). Күн тәртібіне 100-ден аса мәселе енгізілген болатын. БҰҰ БА 52-сессиясының Президенті етіп БҰҰ тарихында алғаш рет Шығыс Еуропаның өкілі – Украинаның Сыртқы істер министрі Ғ.Удовиченко сайланды. Сессияда Бас хатшы және СБ,ЭКОСОС, Халықаралық сот негізгі органның есепиері тыңдалды. Көп көңіл қаржылық мәселелерге бөлінді. БҰҰ-ның тек 90 мүшесі мемлекеті ғана жыл сайынғы үлестерін төлеген. Осыған ббайлааанысты БҰҰ цейтнотқа түсті. БҰҰ бюджетінде үлесі 25 % құрайтын АҚШ екі жыл ішінде 1,5 млрд доллардан артық сома қарызданып қалды. 14 мүше мемлекет екі жылдан астам уақыт аралығында жарғылық үлестерінтөлемеу себептерінен ддауыс құқығынан айырылды. Борышқорлар қатарына Қазақстан щда қосылды, онның жыл сайынғы үлесі 2 млн құрайды. 52-сессиясының бассына қарай Қазақстанның қарызы 4,5 млн долларға жуық болды.

БҰҰ БА-ның 53-сесиясы ( 1998 ж). Бір қуанатын жағдай, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ддағы тұрақты өккілі, азиялық мемлекеттер тобы жағынан бірауыздан Біріннші комитеттің вице-төрағасы етіп елші А. Арыстаанбекова сайланды. Қазаақстаан өкілін жзоғары орынға сайлау БҰҰ-дағы біздің елдің түрлі қарусыздандыру және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі рөлін мойындағанының белгісі. Ядролық мұрадан бас тарту, Семей полигонан жабу туралы Қазаақстаан Республикасы Президентінің Жарлығғы әллемдік қауымдастықпен Қазақстаанның ядролық қарусыздандыруға қосқан үлкен үлесі ретінде қарастырылаады.

“ Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде” және “Қаззақстанның аумақтыққ экономиеалық және халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы” деп аталатын осы оқу құралының тарауларында біздің Ррспубликамыздың халықаралық экономикалық, соның ішінде қаржылық байланыстары мәселелері бай нақты материялдар негізінде қарастырылған. Сондықтан бұл тақырыпта Қазақсстанның тек БҰҰ-ныңң мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастығынн көрсетеміз.

Қазақстанның СlМ өкілдері ЭСКАТО аумақтық экономикалық ынтымақтастық боойыншакомитеттің топ басшыларының 4 Жиналысына қатысты. Осы форумда ьҚазаақстанның “ ПРООН (1,780 млн. доллар) қаржыландыратын және қабылдаушы жақ үкіметі қаржыландыратын” Көлік пен телекомуникация саласындағы қызметтердің дамуы арқылы реформа бағдарламасына қосылуы туралы мәселе оң қарастырылды. Қазақстан делегациясы ең алғашқы рет ЕЭК-ның жыл сацынғы 50-ші сессиясына қатысты. Бұл форумның жетістігіне Қазақстанға “ ЕЭК үшін басым ел” мәртебесі берілуі жатады, ол Қазақстан үшін ірі жобаларды жасау комиссиясы жағынан үлкен назар аударады деген сенім білдіреді.

Қазақстан да БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері өз офистерін құрды:

ПРООН (БҰҰ –ны дамыту бағдрламасы);

Бүкіләлемдік банк;

ЮНФПА ( халық саны бойынша БҰҰ –ның қоры) ;

ВОЗ (бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы);

ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ);

ЮНИСЕФ (БҰҰ-ның Балалар Қоры);

УВКБ (Босқындар бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Басшылығы);

ЮНДКП (Есірткі заттарды бақылау бойынша БҰҰ бағдарламасы );

ООН/ДОИ (Қоғамдық ақпарат департаменті);

ЮНИДО (Өнеркәсіптік Даму бойынша БҰҰ);

ЮНСПИД (СПИД-пен күрес бойынша Ғаламдық денсаулық сақтау бағдарламасы);

МОТ ( Халықаралық еңбек ұйымы);

ДООН (БҰҰ-ның еріктілері );

ПКНС ООН (Есірткі заттарды бақылау бойынша БҰҰ-ның Халықаралық бағдарламасы).

Жұмыспен қамту. ПРООН-ның тұрақты жұмыспен қамтудағы көмегі мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы, ірі мемлекеттік кәсіорындарды қайта құру мен шағын орта бизнесті дамытуға бағытталған.

Мемлекеттік секторды басқару. Ол үшін салада жүзеге асырылады:

А) шет ел көмегін басқару;

Б) Президент пен Премьер- министрге консультациялық қызмет жасау;

В) Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.

  • энергетика;

  • сауда;

  • өнеркәсіп және тау кен саласы;

  • көмекті басқару;

  • Арал теңізі;

  • “Кешенді” (зонт) “жобасы” – министрліктерге, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындарға, шағын бизнеске жедел көмек көрсету үшін.

БҰҰ-ның 50 жылдан астам өмір сүруінің ішінде әлем өзгерді: ондаған жаңа мемлекеттер пайда болды, адамзат үлкен ғылыми- техникалық прогресс жасап үлгерді. Ал әлем алдында сол бұрынғы мәселеллер қалып отыр: соғыс, аштық, кедейшілік және теңсіздік жер бетінен кеткен жоқ.

ҚР БҰҰ –ны рефомалау мәселесінде салмақты позиция ұсынып отыр. Бір жағынан БҰҰ –ны қайта құрғанда асығушылық жасасақ, әлемнің тұрақсыздығына әкелуі мүмкін. өйикені түрлі кіші және үлкен мемлекеттерде тұратын бұл бірегей ұйым бөлшектеніп отыр. Екінші жағынан, БҰҰ әлемнің геосаяси картсындағы үлкен өзогерістерге немқұрйды қарайтын қатып қалған ұйым болмауы керек.

Қазақстанның БҰҰ-ны реформалауға қатысты көзқарасы ҚР ПрезидентіН.Назарбаевтың 1995 ж. 22 қазандағы БА-ның арнайы санатты отырысында сөйлеген сөзінде баяндалды. Ол – Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту:

  • қауіпсіздіктің ғаламдық және аумақтық жүйелерін шешудегі оның рөлін күшейту;

  • бейбітшілік күштер қорын құру;

  • БҰҰ БА-ның сессиясын арнайы күн тәртібін белгілей отырып өткізу;

  • “БҰҰ –ның реформалануы – XXI ғасыр шақыруына тұрарлық жауап жасау” және т.б.

Бірақ бұл акциялар абайлықпен жасалуы керек және тексерілуі тиіс әрі халықаралық құқықтық жетекші субъектілерімен үйлескен болуы керек. Мұндай маңызды мәселелерде тегіс қамти алатын консенсусқа жету керек. Әйтпесе, бүкіл халықаралық қатынас жүйесінің теңсіздігі қауіпі бар.

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Похожие:

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Студентке арналған ережелер
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар: 15 сағат
Мемлекеттік тілдегі заң іс қағаздары бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін
Лекциялар: 30 сағат iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар, сағат
Силлабус Қаржы, есеп және салық салу кафедрасында 050508,5В050800 – Есеп және аудит ҚР 08. 312 – 2006 мамандықтың мемлекттік білім...
Лекциялар: 30 сағат iconЛекциялар 15 сағат
«Металлургия», 6N0905 – «Кадастр», 6N0711 – «Геодезия және картография», 6N0731 – «бжд» 6N 0707 – «Тау-кен ісі», 6N0508 – «Есеп және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница