Скачать 0.68 Mb.
|
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Авилхан Ақмамық - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ сабақтар) Кафедра Ломов көшесі 64 мекен-жайы бойынша 417 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 67-36-85, қосымша 168. Пәннің мақсаты және тапсырмасы Пәннің мақсаттары Құқық және мемлекет теориясы барлық заңдық ғылымдардың әдістемелік және ғылыми теоретикалық негізі ретінде көрінеді. Ол құқық пен мемлекетті динамикалық және статистикалық көзқарас тұрғысынан, өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтай отырып ашады. Құқық және мемлекет теориясы негіздерін зерттеуге арналған оқу пәні мемлекет және құқықтың экономикалық, саяси, әлеуметтік, гуманитарлық білімдер мен заңдық пәндер жүйесіндегі ролі мен маңызын көрсетуге арналған. Пәнді зерттеу барысында оқытудың кредиттік жүйесімен көрсетілген оқытудың және бақылаудың барлық нысандарын пайдалану қажет. Қарастырылатын тақырыптарға оқу - әдістемелік кешенді пайдалану, семинар және СОӨЖ сабақтарына баяндамалар бөлу, аралық бақылау жұмыстарын өткізу және оқытушылардың кеңес беруі, студенттер білімін тексеру үшін тестілеуді қолдану тәлімгерлерге құқық және мемлекет теориясының негізгі түсініктері мен категорияларын оқытуға, қазіргі жағдайда олардың ролі мен өзара әрекеттестігін көрсетуге мүмкіндік береді. Пәннің тапсырмасы: Мемлекет және құқық териясын оқытудың мақсаты және міндеті ретінде тәжірибелік дағды негізінде болуға тиісті кешенді теоретикалық білімдерді қалыптастыру қажеттілігін ажыратып көрсету керек. 5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар Пәннің міндеттері - тәлімгерлерде заңдық дүниетанымды, кәсіби құқықтық сананы дамыту, құқықтық психология және құқықтық идеологияның жоғары деңгейін қалыптастыру; - тәлімгерлерде Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінің саяси және заңдық жағдайларында бағыт алу қабілетін қалптастыру; - нормативті - құқықтық актілердің мазмұнын түсіну және түсіндіру, негізгі және туынды актілерді қажетті әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып талқылау дағдысын қалыптастыру; - тәлімгерлерде мемлекеттің құқықтық актілеріне құрметпен қарау және оларды бұзуға жол бермеу, азаматтылық қағидалары, қоғамдық парызды сезіну және құқықтық мемлекет қағидалары мен құндылықтарын жүзеге асыруға сенімді тәрбиелеу. Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренген соң тәлімгерлердің алатын шамалы білімі, қабілеті және дағдысы. Студент пәнді оқығаннан кейін студент білуге:
Пәнді оқу барысында үйренуге: - мемлекеттік-құқықтық оқиғаларға дұрыс бағдар беруді және оны бағалауды; - заң нормаларын талқылауды; - құқықтық ұйғарымға сәйкестік (сәйкес емес) тұрғысынан әрекеттер мен қимылдарын талдауды. Пәнді оқығаннан кейін студент дағдылануға: - мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, оны жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; - студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен баяндамалар әзірлеуді; - курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жариялы түрде қорғай білу. 6 Пререквизиттер Мемлекет және құқық теориясын оқып үйретуге дейін оқытылатын пәндер тізімі:
7 Постреквизиттер Аралас пәндер тізімі және олардың мемлекет және құқық теориясымен өзара байланысы: Шетелдердің мемлекеті мен құқығының тарихы. Тақырыптары: "Мемлекет және құқықтың тарихи типтері және нысандары". "Тарихи құқықтық ескерткіштер"."Ежелгі дүние, орта ғасыр,жаңа және қазіргі заман мемлекеті және құқығы". Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы. Тақырыптары: "Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуының тарихи алғы шарттары". "Егеменділіктің қалыптасу кезеңдері және қазақстандық мемлекеттіліктің даму болашағы". "Жеті Жарғы" және басқа да бұрынғы құқықтық ескерткіштер. Конституциялық құқық. Тақырыптары: "Мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері". "Тікелей және өкілді демократия". "Адамның құқықтары мен бостандықтары". "Мемлекет, тұлға, қоғам. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің ,Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың конституциялық мәртебесі". Құқық негіздері. Тақырыптар: "Мемлекет және мемлекеттік құрылым туралы негізгі түсініктер", "Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктер". Заңдық пәндерді оқыту үрдісінде тәлімгерлерді ғылыми - теоретикалық ұғымдарды дұрыс түсінуді негіздейтін түсініктер мазмұнымен таныстыру қажет. Ол философияның, саясаттанудың, әлеуметтанудың және өзге қоғамдық ғылымдардың тиісті бөлімдерінде берілетін мынандай түсініктер мен анықтамалар: ұлт, халық, қоғамдық пікір, саясат, мораль және адамгершілік, дін, партия,жеке тұлға, адам. Мемлекет және құқық теориясының негізгі және әдістемелік сипатын ескере отырып, пән бойынша білімдер барлық салалық заңдық пәндерді оқытуға қажет. ![]() 8 Тақырыптық жоспар
|
![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Бейсембаева Гульмира Кулханова | ![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған |
![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары В050900 «Қаржы» мамандығының жоғары кәсіби білім сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған «Қаржылық талдау» | ![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Кафедра пму-дің а корпусында осы мекен-жай бойынша орналасқан: Ломов көшесі, 64 үй, байланыс телефоны: 673669 ішкі 1148 |
![]() | 1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Күндізгі оқу формасында оқитын 5В060400 «Физика» мамандығының студенттеріне арналған «Механика» | ![]() | 1Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған |
![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна | ![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна |
![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер Имангалиева Индира Тлеубергенқызы «Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің дамытудың өзекті нысаналары» пәні бойынша | ![]() | 1. Оқытушылар туралы мәліметтер Силлабус (студенттiң жұмыс бағдарламасы) биохимия және химиялық пәндер кафедрасында химия пәнi бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде... |