«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені




Название«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница1/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.69 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Mamraimov.OrtGasTar34.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария» университеті







ФИЛОЛОГИЯ-тарих факультеті



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні бойынша


050114 – «Тарих» мамандықтарының студенттері үшін


С И Л Л А Б У С


Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2, ІІІ-ІV-семестр

Лекция: 30 сағат

Семинар: 15 сағат

СӨЖ: 45 сағат

ОБСӨЖ: 45 сағат


Барлығы: 135 сағат

Қорытынды бақылау: емтихан 4 семестр


Жетісай – 2005 ж.

Құрастырған: аға оқытушы Мамыраимов Серік Дәулетұлы


Оқу-әдістемелік кешені


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі:


Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған


№ Хаттама ________ « ________ » 2005 ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған


№ Хаттама ________ « ________ » 2005 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы: _______________________


Факультет Кеңесінде мақұлданған


№ Хаттама ________ « ________ » 2005 ж

Факультет Кеңесінің төрағасы ________________________


Тарих -мамандарын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген ___________________________


Аға оқытушы Мамыраимов С.Д.

«Тарих » кафедрасы ,

Телефон: -

Кафедрада болу уақыты:


Сабақты өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Сабақты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Мамыраимов Серік Дәулетұлы


Уақыты_____

Ауд________



Уақыты_____

Ауд________

Тел:_______

Каб:_______

Корпус:______



Курстың пререквизиттері және постреквизиттері


Аталған пәнді оқып үйрену және т.б. пәндерін меңгеруге көмектеседі.




Мазмұны




  1. Абстракт .......................................................................................................................

  2. Курстың мақсаты мен міндеті .................................................................................

  3. Оқу сабақтарының құрылымы ..............................................................................

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме ..........................................................................

  5. Студенке арналған ережелер ...................................................................................

  6. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .......................................................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны ............................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары, мазмұны .......................................................

  3. ОБСӨЖ-сабақтарының жоспары, мазмұны .......................................................

  4. CӨЖ-жоспары, мазмұны .........................................................................................

  5. Кредиттің мазмунына сәйкес бақылау түрлері: ..................................................

  6. а) Баылау сұрақтары

  7. б) жазбаша бақылау жұмысы

  8. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік

бақылау жүйесі.........................................................................................................

  1. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...............................................................

16. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу процесінің картасы...................................


Абстракт



Оқу әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні бойынша 050114 – «Тарих» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әлістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген; ПС-практикалық сабақтар.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ - студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зертеушілік қабітеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


Пәнді оқытудың мақсаты


Курстың мақсаты – студенттерді Қазақстан тарихындағы нақтылы оқиғалармен, қазақ халқы және басқа да халықтардың тарихымен таныстыру. Қазақ халқының ғасырлар бойы өз дербестігі, қоғамда демократиялық құрылысты құру, осы міндеттерді мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде жүзеге асыру жолындағы күресін көрсету.

Бұл курсты оқыту барысында студенттерге нақтылы тарихи материлдарға методологиялық талдауды игеруге нақтылы тарихи процестердің объективті заңдылығын ашуға көмектесу.


Пәнді оқытудың міндеттері


Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру:


  • адам мен дүниежүзілік ғылымының дамуындағы жалпы тарихи объективті заңдылықтарды;

  • қоғам мен жеке адамның дүниеге көзқарасының дамуында білімінің маңыздылығы;

  • қоғамдық процестердің дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін оқыту.



ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:


Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы)

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі кажет

Семинар сабақтарында - студент талдау, салыстыру, тұжырымдау,

проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды

орындайды, өз бетімен меңгереді.


ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ





Кредит

Саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды

бақылау



Лекция



Практика



СӨЖ



ОБСӨЖ

Кредит І

135

10

5

15

15



4 сем



Емтихан

Кредит ІІ




10

5

15

15

Кредит ІІІ




10

5

15

15









СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules):



  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП БОЙЫНША

БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Лекцияның тақырыбы

Лекция

Семинар

СӨЖ

ОБСӨЖ



Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.

1

1

1

1



Манғол дәуіріндегі Қазақстан

2

1

2

2



Алтын Орда. Саяси және мемлекеттік құрылымы.

1




2

2



Ақ Орда.

1




2

2



Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы.

1




1

1



Моғолстан

1

1

2

2



Әмір Темір мемлекеті.

1




2

2



Әбілқайыр хандығы («Көшпелі өзбектер мемлекетті»)

1

1

2

2



XIII-XV ғғ. Ноғай Ордасы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.

1




2

2



Қазақстанның XIV-XV ғғ. экономикасы

1

1

2

1



Қазақстанның XIІІ-XV ғғ. мәдениеті.

1




2

2



Қазақ халқының қалыптасуы.

2

1

2

2



XV ғ. Қазақ хандығы.

2




2

1



XVI-ғғ. І-ші жартысындағы Қазақ мемлекеті.

1

1

2

2



XVI ғ. ІІ-ші жартысы - XVIІ ғ. басындағы Қазақ мемлекеті.

1

1

2

2



XVIІ ғ. Қазақстанның ішкі саяси және халықаралық жағдайы.

1

1

2

2



Қазақ хандығы кезеңіндегі саяси-құқықтық жағдай.

1




2

2



Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқықтары.

1




2

2



Қазақ халқының рухани мәдениеті.

1

1

1

2



Қазастанның соңғы орта ғасырлардағы қалалары мен қоныстары.

1




1

2



XVIII ғ. алғашқы үштен біріндегі Қазақстанның саяси жағдайы.

2

1

2

2



Қазақ халқының XVІIІ ғ. 20 жылдарындағы жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы.

1

1

2

2



ХVІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

1

1

2

2



Үш кемеңгер: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.

1




1

1



ХVІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті.

1

1

1

1



Абылай (Әбілмансұр 1711-1781 жж.)

1

1

1

1




Барлығы:

30

15

45

45



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі.


«Сырдария » университеті.





«Филология-тарих» факулътеті.


«Тарих» кафедрасы.


«Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні

бойынша 050114 - «Тарих»

мамандықтарының студенттері үшін.


Лекцияның Қысқаша курсы.


Жетісай - 2005

I-лекция.


Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.


(1 сағат)


Қарастырылатын мәселелер:



  1. Жазбаша деректер.

  2. Соңғы ортағасырлардағы Қазақстанның тарихнамасы.

  3. XIV-XVIII ғғ. басындағы Қазақстандағы археологиялық зерттеудің тарихнамасы


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1998-206 бет.

  2. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2-т. – Алматы, 2002.

  3. Амандолов К.Р.,Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы.

- Алматы, 1999 ж-207 бет.

  1. Жақыпов Е.Қ. Шыңғысхан және ол құрған империяны аулап алу жорықтары. (XII-XIII ғасырдың бірінші жартысы). Автореферат. – Алматы, 2002-25 бет.

  2. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - Алматы.,«Қазақстан», 1997ж.



Жазба деректемелер. Парсы деректемелері. Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Тарих-и джахангуша» («Әлемді бағындырушының тарихы»), Фазлаллах Раши ад-Диннің «Жами’ат-таварих» («Жылнамалар жинағы») Низам ад-дин Шамидің «Зафар наме», Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар наме», Абд ар-Раззақ Самарқанидің «Матла’ас-са’даин ва маджама’әл-бахрауйн».


Парсы деректемелері. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихын зерттеу негізінен алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған жазбаша деректемелердің материалдарына негізделеді. Нарративтік шығармаларда: ең алдымен парсы тілінде жазылған тарихи, мемуарлық, географиялық шығармаларда аса маңызды материал бар, оларды шағатай, ескі өзбек (түркі), сондай-ақ араб тілінде жазылған еңбектер толықтырады. Бұл деректемелер ақпараттарының дәрежесі әр түрлі, көршілес Орта Азияның (Мауараннахрдың), сондай-ақ Иранның, Шығыс Түркістанның авторлары мейлінше хабардар, оның үстіне олардың неғұрлым көлемді де дәл мәліметтері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға қатымсты. Мысалы, Моғолстаннан айырмашылығы арнайы Қазақ хандығының тарихына арналған деректеме жоқ.

Түркі тілді дерекетмелер. Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақстан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ XV-XVIII ғасырдың басындағы қазақ қоғамы өмірінің көрінісін жаңғыртып көрсетуімен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығын баяндайтын едәуір мәліметтер бар.

Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес әулет бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнығып (1368-1644), ол да тақты «жатжерліктерге», бұл жолы маньчжурларға босатып берді. Орталық Азияда Мин империясы жыл өткен сайын күшейе түскен Жоңғар хандығына қарсы, Хэси қуысы арқылы және Тянь-Шань өңірімен әмір Темірдің иеліктеріне дейін баратын Жібек жолы учаскесін бақылау құқығы үшін күрес жүргізді. Қытай деректемелерінен «қазақ» этнонимі қыиай мемлекетінің XVII ғасырдың алдындағы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарына байланысты ғана табылды.

Батыс деректемелері. XIV-XVII ғасырларда дипломаттардың, саудагерлердің, миссионерлердің (Гонзалес де Клавихо, Сигизмунд Герберштейн, Иософат Барбаро, Амброджо Контарини, Антоний Дженкинсон, Филип Авриль, Адам Олеарий) және арасында соғыс тұтқындары (Ганс Шильтбергер) да болған басқа да адамдардың Азия елдері мен Московияға саяхаттары мен сапарлары қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық-саяси бірлестіктер, Темір билік еткен кезеңдегі әскери-саяси оқиғалар мен оның Тоқтамыспен және Едігемен қарым-қатынастары, ноғайлар мен қазақтардың одақтастық қатынастары туралы тарихи-этнографиялық мәліметтер бар жаңа нарративтік деректемелердің жасалуына негіз болды.


XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол кезеңдегі қазақтар туралы мағлұматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулық-тайпалық құрамы, орналасуы туралы этнографиялық мағлұматтар жинауы жағастырылып, халықтың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер зерттелді. Бұл зерттеушілер арасында П.И. Рычков, И.Г. Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардың жағдайын сипаттап беретін бұл материал халықтың алдыңғы ғасырлардағы өмірін көрсетеді. 1750 жылы Г.Ф. Миллердің «Сібір тарихы» жарыққа шықты, онда Сібір хандығының құрамындағы Солтүстік Қазақстанның тарихы тұңғыш рет жазылған. Орыстың мұрағат және жылнама материалын, сондай-ақ өз байқауларын кеңінен пайдаланған В.Н. Татишевтің (ол Астрахан губернаторы болған) еңбегінде соңғы уақыттағы қазақтар туралы мәліметтер бар.


Тарихтың соңғы ортағасытрлық кезеңдерін зерттеудегі археологияның мүмкіндіктеріне зерттеушілердің көзқарасы таяу уақытқа дейін біркелкі болған жоқ. Кезінде А.Ю. Якубовский Орта Азияның XV ғасырдан кейінгі тарихи даму кезеңі «археологияның тікелей мүдделерінің шеңберіне сыймайды, ал археология Орта Азияның ежелгі және ертедегі ортағасырлық тарихына өзінің басты назарын аударады» деп жазған еді. Бұл жорамал Орта Азия мен Қазақстан археологтарының нақты зерттеулеріне тікелей байланысты болатын, олар әдетте әмір Темір заманының керамикасын, сәулет өнері мен сәулет ескерткіштерін зерттеуден әрі аспады.

Осы сипатталған сарынмен қатар, соңғы орта ғасырлардағы қалаларды зерттеуге арналған басқа бағыттар да дамытылды. М.Е. Массон басшылық еткен Оңтүстік-Түркменстан кешенді археологиялық экспедициясы Нису қаласының орнынын зерттей келіп, өз мүдделерінің аясына XIII-XVIII ғасырлардағы объектілерді де қосты.

II-лекция.


МАНҒОЛ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН


(1 сағат)


Қарастырылатын мәселелер:


  1. Шыңғысхан басқарған моңғол мемлекеттінің құрылуы мен нығаюы.

  2. Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстан аумағын жаулап алуы

(1219-1224 жж.)


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1998-206 бет.

  2. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2-т. – Алматы, 2002.

  3. Амандолов К.Р.,Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы.

- Алматы, 1999 ж-207 бет.

  1. Жақыпов Е.Қ. Шыңғысхан және ол құрған империяны аулап алу жорықтары. (XII-XIII ғасырдың бірінші жартысы). Автореферат. – Алматы, 2002-25 бет.

  2. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - Алматы.,«Қазақстан», 1997ж.


Мақсаты: Манғол мемлекетінің құрылуының тарихи жағдайын және Шыңғысханның Қазақстан аумағындағы жаулау саясатын көрсету.

Тірек ұғымдары: Манғол тайпалары жөніндегі жазба дерек мәліметтері, олардың түрлері. Шыңғыс ханның Манғол мемлекетін құруы, оның саяси-әкімшілік құрылымы. Алғашқы жаулап алу соғыстары. Түркістанды жаулап алуы. «Отырар оқиғасы» (12 18). Хорезм шах мемлекетін талқандау. Дешті Қыпшақты бағындыру. Монғолдардың жаулап алған елдерді ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың, территориясы,этникалық құрамы. Қазақ жерлері монғол хандары құрған ұлыстар құрамында.

Жошы Ұлысы, оның ішкі әкімшілік құрылымы. Батыйдың Бұлғар, Орыс, Солтүстік Аквказ елдерін бағындыруы. Шығыс Европаға шабуылы.


Шыңғысхан империясы. Монғол және түрік тайпалары арасындағы үздіксіз соғыстар нәтижесінде ХІІ ғ. соңы мен ХІІІ ғ. басында Монғол мемлекеті пайда болды.

20 жылға созылған күрес нәтижесінде 1206 жылы жалпы моңғол құрылтайы Темучинді ең жоғары билеуші етіп сайлап, Шыңғысхан деген атақ берді.

1203—1217жж. аралығында керей, найман хандықтары мен Сібір, Шығыс Түркістан, Жетісу жерлерін бағындырып, Пекинді алды. Солтүстік Қытайды жеңген Шыңғысханның алдында Орталық Азияның ең қуатты мемлекеттерінің бірі Хорезмшақ иелігі тұрды. 1218 ж. екі мемлекет аралығындағы дипломатиялық келісімге қарамастан, сол жылы Отырардағы сауда керуенін Қайыр ханның қырып тастауын сылтау етіп, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғысхан соғыс ашты. 150 мың әскерден құралған үлкен қол 1219—1224 жж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін түгелімен жаулап алды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою, зорлық-зомбылық әдістерін қолданды. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғады. Жеті күн берілмеген Сығанақтың халқы түгел қырылды. Жент, Баршынент, Үзгенд қалаларыда жаппай тонауға ұшырады.

Шыңғысхан шапқыншылығы елге үлкен қайғы-қасірет әкелді. Өркениет деңгейіне жеткен қалалар, мәдениет ошақтары күйреді. Қазақстан тайпаларының этносаяси бірігу процесі шегеріліп, рухани жетістік монғолдардың артта қалған қарабайыр шаманистік жүйе қарамағында қалды. Мемлекет дамуындағы тиімді әкімшілік жүйесі әскери әкімшілік жүйесі мен ауыстырылды. Қарахан кезеңіндегі әлемдік биікке көтерілген ғылыми дамудың тамыры қиылды. Діни тұрғыда білімнің дамуымен қоғамдық сапаны жаңа белеске көтерген ислам діні шаманизм бұғауына түсіп бұрмалануға ұшырады. Монғолдар енгізген шамандық діни салттардың жаңғырығы бүгінде өмір сүруде. Суландыру жүйесі дамыған жер шаруашылығы да монғол атының тұяғына тапталды.

Дегенмен, монғол шапқыншылығы қарсаңында әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістік қирап, күйрегеніне қарамастан, шапқыншылықтан кейінгі бой көтерген жаңа мемлекеттердің дамуына негіз қалады.


IІI-лекция.


Алтын Орда. Саяси және мемлекеттік құрылымы.


(1 сағат)


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.

  2. Алтын Орданың саяси тарихы.

  3. Алтын Орданың күйреуі.

  4. Алтын Орда мемлекеті кезіндегі өнер, ғылым мен мәдениеттің жетістіктері.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1998-206 бет.

  2. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2-т. – Алматы, 2002.

  3. Амандолов К.Р.,Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы. - Алматы, 1999 ж-207 бет.

  4. Жақыпов Е.Қ. Шыңғысхан және ол құрған империяны аулап алу жорықтары. (XII-XIII ғасырдың бірінші жартысы). Автореферат. – Алматы, 2002-25 бет.

  5. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - Алматы.,«Қазақстан», 1997ж.



Тірек ұғымдары: Жошы Ұлысы, оның ішкі әкімшілік құрылымы. Батыйдың Бұлғар, Орыс, Солтүстік Аквказ елдерін бағындыруы. Шығыс Европаға шабуылы.

Алтын Орданың құрылуы (1243). Алтын Орданың Монғол империясынан оқшаулануы. Берке (1257-1266) және Өзбек (1322-1342) хандар. Алтын Орданың күшеюі. XIV-ғ. 60-70 жж. «дүрбелең кезең». Куликово шайқасы. Тоқтамыс хан (1380-1395) тұсындағы Алтын Орда. Билік үшін ішкі қырқысулар. Тоқтамыс хан мен Әмір Темір әскерлері арасындағы шайқастар (1395). Алтын Ордвның ыдырау жолына түсуі. Қазан, Қырым, Аштархан, Әбілхайыр хандықтарының Ноғай Ордасының бөлініп шығуы.

Алтын Орданың территориясы, құрамындағы халықтарды этникалық және басқа ерекшеліктері. Шаруашылығы, оның түрлері, діні, тілі, мәдениеті. Саяси құрылымы. Хандық билік. Басқару жүйесі. Мұрагерлік жол. Әскерінің құрылымы.

Орда Ежен Ұлысы, территориясы мен ондағы тайпалар. Ұлыстың алғашқы саяси орталығы. Саяси орталықтың Сыр бойына ауыстырылуы, оның себептері, салдары және маңызы. Сығанақ-астана. Сасы Бұқа, Ерзен хандар саясаты. Ақ Орданың Алтын Ордамен қатынасы. Мүбәрәк хан «бүлігі». Шымтай хан (1344-1361). Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда. Орыс ханның Алтын Орда тағы үшін күресі. Ақ Орданың Алтын Орда құрамына енуі. Барақ хан (1423/24-1428) тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі.

Алтын Орда. Монғол шапқыншылығынан соң Қазақстан аумағы Шыңғысханның үш ұлына бөлінген ұлыстар құрамына енді Жетісудың солтүстік бөлігі және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Қыпшақ даласы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиді. Екінші ұлы Шағатайға Жетісу аймағы және Маураннахр мен Шығыс Түркістан, үшінші ұлы Үгедейге Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай жерлері бөлінді. 1227 жылы Шыңғысханның қайтыс болуымен күшпен, зорлықтан құрылған империясының ордасы сөгіле бастады. Орхондағы орталық пен ұлан-ғайыр жердегі ұлыстардың шалғайлығы мен ұлыс билеушілердің мүддесі империяның ыдырап, жеке мемлекеттерге айналуына алып келді.

Жошының мирасқоры Батый 1236—1242 жылы ұлыстың шекарасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енді. XVIғ. Соңынан “Алтын Орда” болып құрылған мемлекет өз кезінде билеушілердің атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталған мемлекет ұлыстың жүйеде құрылды. Орданың оң қанатында мемлекет орталығы орналасса, ал сол қанаты Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс аймағы мен Ұлытаудан Қаратауға дейінгі жерлер, ағасы Орда Ежен басқаруына берілді. Ішкі ұлыстар өз кезегінде кіші ұлыстарға бөлініп басқарылды. Астанасы алдымен Сарай Батуде, кейінірек Сарай Беркеде орналасты.

Берке ханның (1257—1263) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділікпен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен — бір құдайшылыққа — ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салды. Монғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның билігі тұсында шариқтау шегіне көтерілді. Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекекеттерімен жүргізілді.

Алтын Орда мемлекетінің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрды.

Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді.

Қазақ мемлекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігін көрсетеді.

Алтын Орда Жәнібек ханның өлімінен кейін ішкі алауыздыққа ұрынды. Жиырма үш жылда (1357—1380) жиырмадан астам хандар бірін-бірі ауыстырды. Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Ішкі аласапыраннан кейін билікке қарадан шыққан түменбасы Мамайда, Маңғыт әмірі Едіге би араласып іс жүзіндегі билеушілерге айналды. Едіге он бес жыл билікті өз қолында ұстады.

Едігенің 1419 жылы билік үшін күресте қаза болуынан кейін орталық билік толық ыдырауға бет алды XVғ. ортасына қарай оның аумағында Астрахань-Қазан, Қырым хандықтары құрылды.

Жошы ұлысының негізгі ордасы болған Қыпшақ даласы Алтын Орданың тіректі күші болды. Орда ішіндегі алдын ұлыс болған Ақ орда орталықтан бөлініп жеке мемлекетке айналды. Алтын Орданыңда негізгі аумағы қазақ халқының атамекені — Ақ орданың билігіне көшті.



ІV- лекция.

АҚ ОРДА


(1 сағат)


Қарастырылатын мәселелер:


  1. Ақ Орда мемлекетінің құрылуы.

  2. Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезеңінде.

  3. «Ақ Орда» мен «Көк Орда».

  4. Ақ Орданың мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1998-206 бет.

  2. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2-т. – Алматы, 2002.

  3. Амандолов К.Р.,Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы.

- Алматы, 1999 ж-207 бет.

  1. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - Алматы.,«Қазақстан», 1997ж.

Мақсаты: Манғол мемлекетінің құрылуының тарихи жағдайын және Шыңғысханның Қазақстан аумағындағы жаулау саясатын көрсету.

Тірек ұғымдары: Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда.орыс ханның Алтын Орда тағы үшін күресі. Ақ Орданың Алтын Орда құрамына енуі. Барақ хан (1423/24-1428) тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі.

Ақ Орда тарихының Қазақстан тарихында алатын орны. Қорытынды.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті Заңтану-тарих факультеті Мамыраимов С. Д
Абстракт
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария»университеті Химия-биология факультеті «Химия-география» кафедрасы
...
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Заңтану-тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ОҚУ-Әдістемелік кешені
Тарих”, 050116 “География”, 050115 “ҚЭН”, 050102 “Математика(4)”, 050601 “Математика(5)”, 050110 “Физика”
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария» университеті «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрлерде «Жалпы тіл білімі» пәніне оқу жоспарына сәйкес...
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 6 маусым...
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Сырдария»университеті «Тарих және құқықтану» факультеті. «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихы» пәні бойынша
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница