Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға




НазваниеЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
страница1/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://control.edu.gov.kz/sites/default/files/upload/files/ENT/v_104.doc
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ


ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ

(апробация)

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ


104 - НҰСҚА


Аты-жөні ___________________________________________________________


Қала (Облыс) _______________________________________________________


Аудан ______________________________________________________________


Мектеп ______________________________Сынып _________________________


Талапкердің қолы _____________________


2011

Назар аударыңыз!


1. Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және орыс тілі тестілерінен тұрады.


2. Тест сынағына берілетін уақыт – 210 минут (3,5 сағат).


3. Сіз қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және өзіңіз таңдаған бесінші пән бойынша тест тапсыруыңыз қажет.


4. Жауап беруді кез келген пәннен бастауға болады.


5. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.


6. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.


7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.


8. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.


9. Тест сынағы біткен соң сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.


ЕСКЕРТУ:

- сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- жауап парағын ауыстыруға

қатаң тыйым салынады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ



1. Тарихи сөзді табыңыз.

A) Торқа.

B) Сәукеле.

C) Кебеже.

D) Жебе.

E) Лашық.

2. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.

A) 10

B) 5

C) 4

D) 7

E) 8

3. Бітеу буынды сөзді белгілеңіз.

A) Арман.

B) Тоқ.

C) Жазба.

D) Отан.

E) Ұршық.

4. Дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөзді белгілеңіз.

A) Айшуақ, Ақмаржан, Айзере.

B) Әкел, әкет, әпер.

C) Ақсеңгір, Ақбұлақ, Атасу.

D) Аққу, аққұтан, ақләйлек.

E) Ақтанкер, Ақбақай, Ақжелең.

5. Топтау сан есімін табыңыз.

A) Үштің бірі.

B) Елуге тарта.

C) Елуінші.

D) Елу шақты.

E) Үш-үштен.

6. Жіңішке дауысты дыбыстан құралған еліктеуіш сөз қатарын табыңыз.

A) Шіңк, күмп.

B) Саңқ, былш.

C) Шорт, тарс.

D) Қалт-құлт.

E) Жалт-жұлт.

7. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

A) Ұзақ.

B) Шағын.

C) Күрес.

D) Жылқы.

E) Сіңір.

8. Дара сөзді табыңыз.

A) Баспасөз.

B) Ақбозат.

C) Некен-саяқ.

D) Қаламгер.

E) Пединститут.

9. «Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша» сөйлеміндегі зат есімнің қызметін анықтаңыз.

A) Толықтауыш.

B) Анықтауыш.

C) Бастауыш.

D) Баяндауыш.

E) Пысықтауыш.

10. Қатыстық сын есімі бар қатарды табыңыз.

A) Көңілді топ.

B) Үлкен дода.

C) Өмірді сүю.

D) Кішілеу доп.

E) Көгілдір аспан.

11. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Халық оған өзінің арғы бабасының атын берді.

A) Толықтауыш, бастауыш.

B) Пысықтауыш, анықтауыш.

C) Анықтауыш, бастауыш

D) Бастауыш, пысықтауыш

E) Толықтауыш, анықтауыш.

12. Негізгі етістікті табыңыз.

A) Үйіп, ойна, молай.

B) Кел, бар, көгер.

C) Жайды, жарқыра, ескер.

D) Ая, жүр, ал.

E) Азай, жүр, ал.

13. Дефис арқылы жазылатын бірыңғай күрделі үстеулерді көрсетіңіз.

A) Өз өзінен, кей кейде, бірінен бірі.

B) Қолма қол, емін еркін, күні түні.

C) Үш төрттей, он оннан, мың мыңдап

D) Ағалы інілі, үлкенді кішілі ұзынды қысқалы.

E) Жылдан жылға, ауызба ауыз, үйден үйге.

14. Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Жақып кеткеннен кейін Жидебайға қайта оралған кісі болған жоқ.

B) Енді ештеңені жасырғысы келген жоқ.

C) Адамның сырты – алдамшы.

D) Нағашыбек ағайдың әңгімесі бәрімізге ой салады.

E) Допты алып балаларға берді.

15. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) Ыдысқа сыяды.

B) Сыйлаған жан.

C) Сый-құрмет.

D) Сыйлы сияқты.

E) Сыйлы адам.

16. Лепті сөйлемді анықтаңыз.

A) Бұдан былай жиі келіп тұрамыз

B) Туып-өскен жер оңай дейсің бе

C) Ол тым ұзақтау ғой

D) Апырай, қонақтардың бәрі әнші екен-ау

E) Ау, Сәлмен, ән не туралы

17. Бастауышты табыңыз.

Туады, туады әлі нағыз ақын,

Нағыз ақын бал мен у тамызатын.

A) Әлі.

B) Ақын.

C) Нағыз.

D) Тамызатын, туады.

E) Бал мен у.

18. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Елін сүйер азамат өспей, халық күйі түзелмес.

B) Сабағыңды жаман оқып, мені ұятқа қалдырма.

C) Ойымдағыны айтпақшы едім, ол кетіп қалды.

D) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.

E) Тоғыз санына жеткізіп сый-сияпат жасау немесе айып салу дәстүрі қазақ арасында бертін келгенше сақталған.

19. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Жұмысты істеген соң, осылай істеу керек, бәрекелді!

B) Ләззат-ау, өзіңдей өжет көремісің мені?

C) Е, сен біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.

D) – Бұл етті турап бересіз бе, нағашы? - деді Жанар.

E) Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді.

20. Мәтелді ажыратыңыз.

A) Асы бар аяқтан аттама.

B) Кекшіл болма, көпшіл бол.

C) Қалуын тапса, қар жанар.

D) Талапты ерге нұр жауар.

E) Білім қымбат, білу қиын.

21. «Бозшағыл» сөзіндегі кейінді ықпалдың орнын анықтаңыз.

A) Түбір мен қосымшаның аралығында.

B) Күрделі сөздің соңында.

C) Біріккен сөздегі көршілес дыбыстардың аралығында.

D) Қос сөздегі көршілес дыбыстардың аралығында.

E) Сөз тіркесіндегі көршілес дыбыстардың аралығында.

22. Жақсыз сөйлемді белгілеңіз.

A) Ауру жайын баққан біледі.

B) Сөйлегенді үндемеген жеңеді.

C) Жан ашырдың жоқ болғаны ғой!

D) Шоқпар ұстаған жерінен сынбайды.

E) Қыстың қамын жаз ойла.

23. Төлеу сөздегі күрделі толықтауышты табыңыз

Бұның сол хатқа жауап екенін білдірді.

A) Сол хатқа.

B) Хатқа.

C) Бұның.

D) Білдірді.

E) Жауап екенін.

24. Үтір қойылмайтын орынды анықтаңыз.

A) Одағай сөздерге.

B) Қаратпа сөздерге.

C) Қыстырма сөздерден кейін.

D) Жалпылауыш сөзден кейін.

E) Бірыңғай мүшелердің арасына.

25. «Шешен сөз» ұғымын термин ретінде тұңғыш қолданып, ғылым ретінде зерттеген ғалым мен оның еңбегін белгілеңіз.

A) С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті».

B) А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш».

C) Ә.Бөкейханов «Би һәм билік».

D) М.Әуезов «Әдебиет таримхы».

E) Шәкәрім «Би һәм билік туралы».


ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconАудан әкімінің халық алдында есеп беру жиналыстарындағы айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы
Есептік кездесулерге 2374 адам қатысып, 55 адам сөйледі. Халықтан кездесулерге байланысты алдын-ала қойылған жәшіктерден 37 сұрақ,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconКөсемшенің түрленуі
Сабақтың әдісі: түсіндіру,топтастыру, сұрақ-жауап, талдау, тақтамен жұмыс, ой қорыту
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconГ. Б. Молдабаева
Сабақтың әдісі- тәсілі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс,пәнаралық байланыс,пысықтау
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconӘдістері: мұғалім сөзі, топтық жұмыс, баяндау, сұхбат, сұрақ –жауап, ой қозғау
Мақсаты: Оқушыларға нашақорлық індеті зардаптарының қаншалықты ауыр екенін түсіндіру
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconСабақтың тақырыбы: Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі
Сабақтың әдісі: Көрнекі көрсетулер арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, жағдаяттарды шешу
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЛекция түрінде,сұрақ-жауап т б
Сабақтың мақсаты: а Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге көңіл бөлуге...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница