Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы




НазваниеН сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы
страница1/9
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.01 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://cs2.a5.ru/media/1f/51/21/1f5121743e54555aa7c3ac869458b8b3.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Пән Информатика сынып 9___ Күні _._ .

сабақ №: 1 сағ.саны.: 1

Тақырып: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесiн сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.

Мақсат: Оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру. Техника қауіпсізідігінен инструктаж қабылдау.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушылардың ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау және техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерді техника қауіпсіздігіне сай дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивтік тақта

Үйге тапсырма (2 мин)

Техника қауіпсіздігі және есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп сақтау ережелері.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: эвристикалық


Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин))оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; б)оқушыларды түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.(10мин)

8 сыныпта өткен тақырыптардан қысқаша шолу (Word, Excel, Power Point программалары бойынша білімдерін тұйықтау).

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру(11 мин)

Техника қауіпсіздігі ережелері

Техника қауіпсіздігі ережелерін келесі топ бойынша бөлуге болады:

  1. Жалпы ережелер

  2. ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер

  3. Жұмыс жасау барысындағы ережелер

  4. Авариялық жағдайдағы ережелер

  5. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер

Жалпы ережелерге келесілер жатады:

  1. Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға болмайды.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудитория ішінде жүруге болмайды.

  4. Ылғал қолмен немесе ылғал киіммен ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

  5. Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

  6. ДК тұрған стөл үстіне сөмке, кітап қоюға тиым салынады. Стөл үстінде тек қаламсап пен дәптер ғана тұруы қажет.

  7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға және де жұмыс жасап отырған жолдастарыңа кедергі жасауға болмайды.

ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер:

  1. Тоқ көзінен қосылмай тұрған ДК-ді қарап шығу қажет: корпусының бүтіндігі, кабельдерінің изоляциялануы.

  2. Кабельдер бір-бірімен айқасып, жұмыс барысында кедергі жасамай ма, байқау керек.

  3. Жұмыс орнын қолдану есебі журналында сәйкесінше жазуларды енгізу.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Жұмыс жасау барысындағы ережелер:

  1. ЕТ жұмыс жасау барысында экраннан оптимальды қашықтықты сақтау керек (60-70 см). Минимальды қашықтық – 50 см.

  2. Сабақ барысында сыныпқа кірген мұғалім немесе басқа адамдарға оқушылардың тұруына қажет емес.

  3. Егер көзіңіз шаршаса, жұмыс орныңыздан тұрмай-ақ, көз шаршауын басатын жаттығуларды жасауға болады.

  4. Оқушылар электр тоғымен зақымдануда бірінші медициналық көмекті көрсетуді, өртсөндіргішпен жұмыс жасай білу және өртті сөндіру әдістерін меңгеруі қажет.

  5. Оқушылар көз шаршауын басатын жаттығуларды білулері қажет.

Авариялық жағдайдағы ережелер:

  1. Егер жұмыс барысында ДК-дің бұзылу; яғни, жағымсыз иіс немесе түрлі дыбыс байқасаңыз, онда тез ДК – ді өшіріп, ол туралы мұғалімге хабарлаңыз.

  2. Қажетті жағдайда өртті сөндіруге көмек беруге болады.

  3. Электр тоғынан зардап шеккен адамға бірінші медициналық көмек көрсету керек.

  4. Өртті сумен өшіруге болмайды. Тек құм немесе өртсөндіргішті қолдану қажет.

  5. Егер электр тоғынан зардап шеккен адам электр тоғы әсерінде болса, оны жалаң қолмен ұстауға болмайды. Электр өткізгіш болып табылмайтын материалдарды қолданып, зардап шеккен адамды босатуға болады.

Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер:

  1. Мұғалімнің айтуынша компьютерді өшіру қажет.

  2. Жұмыс орнында тазалық жүргізу.

  3. Жұмыс орнын пайдалану есебі журналында сәйкесінше жазулар енгізу керек.

Тапсырма. Тапсырманы жұмыс дәптеріңде орында. (10 мин).

Техника қауіпсіздігіне сәйкес, кестенің ұяшықтарын боя: егер дұрыс болса, жасыл түспен, дұрыс емес жағдайда – қызыл түспен боя.

Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетке кіру

Компьютер кабинетіне кіріп, жұмыс орнына отыру

Информатика кабинетінде сыртқы киіммен отыру

Компьютердің ақауы жоқтығына көз жеткізу


Компьютер сыныбына кіргенде, таласып есіктен кіру

Компьютер ақауын көргенде мұғалімге айту

Жалғанған кабельдерді жалаң қолмен түрту

Тек мұғалім рұқсатымен компьютерде жұмыс жасай бастау

Тоқ көзі кабельдеріне қол тигізу

Басқа сыныптардан сыныпқа түрлі Дисктер әкелу

Компьютердің ақауын өз бетінше жөндеу

Сабаққа байланысы жоқ программалар немесе ойын қосу

ДК – мен кір қолмен жұмыс жасау

Пернетақтаның пернелерін жәй ғана шерту

Монитордың артқы жағын түрту

Тек компьютер қосылып тұрған жағдайда пернелерді басу

Ылғал қол немесе ылғал киімде отырып, компьютермен жұмыс жасау

Монитор мен көз ара қашықтығы 60-70 см. болу

Заттарды компьютер бөліктерінің үстіне қою

Жұмыс соңында жұмыс орнын тазалау

Мұғалім рұқсатынсыз файлдар мен қалталарды өшіру

4) Өткен тақырыпты бекіту (6 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Техника қауіпсіздігі ережелерін қанша топқа бөлуге болады және оларды ата?

  2. Жалпы ережелерді ата?

  3. Жұмыс жасау алдындағы ережелер?

  4. Жұмыс жасау барысындағы ережелер?

  5. Авариялық жағдайдағы ережелер?

  6. Жұмысты аяқтау барысындағы ережелер?

  7. Электр тоғымен зақымданған адамға көмек көрсету?

5)Сабақты қорытындылау(1 мин)

Оқушыларға техника қауіпсіздігі туралы нақты мағлұмат беру және инструктаж қабылдау.


Пән Информатика сынып 7_ Күні .

сабақ №: 2 сағ.саны.: 1

Тақырып: Табиғаттағы ақпарат түсiнiгi. Ақпарат түрлерi. Ақпарат, өңдеу формалары мен оларды өңдеу түрлерi. Ақпаратты ұсыну, жеткiзу және сақтау тәсiлдерi.

Мақсат: Оқушылардың ақпаратты ұсыну, жеткізу, өңдеу және сақтау тәсілдері жөніндегі білімін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушылар ақпаратты сақтау тәсілдерімен, ақпаратты жеткізу тәсілдерімен, ақпаратты өңдеу тәсілдерімен таныстыру

Дамытушылық – Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер -

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.


Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа ,ғылымның әр түрлі;философия экономика,физика,математика,информатика т.б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.

Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз , ойланайық. Оны қолдану мысалдарынан қарастырайық.Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді,радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз.Диктор теледидар арқылы «Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар келіп түсті» деп хабарлайды. Сендер бір-біріңнен : «кеше біздің футбол командамыз жөнінде жаңалық естідің бе?» немесе «бүгін соңғы хабарды естідің бе?»деп сұрайсыңдар . Бұл мысалдарда «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың,жаңалықтардың, өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.

Алматы облысының маңынан археологиялық қазба жұмысы кезінде қаз қалпында сақталған ежелгі сақ тайпасының жас жауынгерінің киімі , құрал жарақтары ,үй бұйымдары т.б . табылды . Бұл қазба Жетісу өңірін бұрын мекендеген сақ тайпалары екендігі жөнінде, олардың тұрмысы, мәдени дамуы,сол кездегі жауынгерлердің киімі, тұрмыста пайдаланған заттары жөніндеөте бағалы ақпарат берді.

Тас беттерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған хайуанаттардың сүйектерін,өсімдіктердің жапырақтарын зерттеу нәтижесінде Жер бетінде көне заманда өмір сүрген жануарлар ,өсімдіктер, сол кездегі ауа райы туралы көп мәлімет аламыз.

Тірі организмнің құрылысын зерттеу де біздге көп ақпарат береді. Мысалы,баласы ата-анасына неге ұқсайды, иттен неге торғай тумайды, тірі жәндіктер мен микроорганизмдердің түрі неге көп? Бұл сұрақтарға генетика ғылымы жауап береді,ол тұқым қуалаушылық болатынын , әрбір тірі организмнің; ол адам, жануар, өсімдік,тіпті микроорганизм болсын, негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНК молекулаларында кодталған генетикалық ақпарат арқылы берілетінін дәлелдеді. Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында физиктер ,астрономдар олардан Жерге жетіп жатқан электрмагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы ,шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алады.

XIX-XX ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге ,ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп-біліп отыруға мүмкіндік берді.

Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс,тіпті сендер ұйықтап жатқанда да ой процесі, яғни ақпаратты өңдеу процесі жалғаса береді. Алынған мәліметтерді өңдеу, математикалық есептерді шешуді қиын жағдайдан шығу жолын іздегенде, адам бұрын өзінде болмаған жаңа ақпарат ойлап шығарады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Адам ақапаратты қалай сақтайды?

  4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер?

5)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға ақпарат және оны сақтау, жеткізу және ұсыну тәсілдері туралы жалпы мағлұмат беру.

6)Үйге тапсырма § 1.1, бет. 5-8,

Адам ақпаратпен не істейді? Адам ақпаратты қалай қабылдайды.


Пән Информатика сынып 7_ Күні . .

сабақ №: 3 сағ.саны.: 1

Тақырып: Ақпаратты кодтау. Ақпараттың өлшем бірліктері.

Мақсат: 1)Оқушылардың ақпаратты кодтау туралы білімін қалыптастыру;

2) Оқушыларды ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды ақпарат өлшем бірліктерімен және ақпаратты кодтаумен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың ақпараттық білімін дамыту. Компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, , ActivBoard,

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.


Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Адам ақапаратты қалай сақтайды?

  4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.

Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар санын: тоғыз жүз алпыс жеті, 96710, 17078, 3С716, 11110001112,сияқ-ты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавиті де ондық , сегіздік , он алтылық және екілік санау кодында жазылады. Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана әр түрлі.

Ақпаратты сақтау, қабылдау , ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады.

Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодталу- декодирование) процесімен тікелей байланысты.

Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса,кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады. Техникада ақпаратты кодтау үшін, Морзе әліппесін – екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді қолданудың маңызы зор.

Мысалы, XIX ғасырда ойлап табылған естелік телеграфтың көмегімен ақпарат жібергенде, жолдаушы түйіспені (контакт) ажыратып және қосып отыратын. Жал-ғасу жерін қосқанда (ұштастырғанда), қабылдаушының қағазында ұзындығы түйісу уақытының ұзақтығына байланысты сызық сызылатын , сонда сәйкес нүктелер мен сызықшалар шығатын.Мұндай хабарларды жіберу үшін, Морзе әліппесі пайдаланыл-ған .

Екілік алфавит 0және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартып, бит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0немесе1) бит деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрыл-ғыларының конструкциясын мейілінше жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қа-рапайымдылығы оның есптеуіш техникасында кең тарауына себеп болды. Ақпарат-ты екілік кодпен көрсету үшін , құрылғы екі күйді айыра білуі (тануы) керек, мыса-лы, 1 –құрылғыда ток барын , ал 0жоғын, немесе 1-жоғары кернеу , 0төмен кернеу екенін білдіреді.Екілік алфавит физикалық жүзеге асырудың қарапайымдылығынан басқа сенімділік пен үнемділік қасиеттеріне де ие.

Егер екілік алфавит өте маңызды болса ,онда оның көмегімен таңбалы ақпаратты қалай ұсынуға болады? 0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға мүмкін-дік береді, олар; 00, 01, 10, 11, бұл -өте аз. Тек орыс тілінің сөздерін кодтау үшін , тыныс белгілері мен цифрларды санамағанда ,33 символ қажет. Кез келген мәтіндік ақпаратты кодтау үшін , кемінде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символ-дарды кодтау үшін , 8 биттен, яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді (8нөл-дер мен бірлерден) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8нөл мен бірлердің ,яғни 1 байттың көмегімен 256 символды кодтау болады;0000000, 00000001, 00000010, ...,11111111.

Енді орыс алфавитінің әріптерін ғана кодтап қоймай, ағылшын, қазақ әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы графикалық (псевдографикалық) таңбаларды да т.б. кодтайды. Символдардың кодталу комбинацияларының (тіркестерінің) жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  2. Бит, байт деген не?

  3. Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға ақпарат өлшем бірлігі және ақпаратты кодтау туралы жалпы мағлұмат беру.

7)Үйге тапсырма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconН сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы
Тақырып: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесiн сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету....
Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconЕт кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасынң ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқау беру журналы
Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconЗардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нұсқаулар
Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті...
Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconЖастар денсаулық сақтау орталығы жағдайындағы жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту (репродукциялық) денсаулығын сақтау бойынша орталығы жас ұрпаққа медициналық-санитариялық көмек көрсету жаңа ұйымдастыру түрі ретінде

Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Пән: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (амск)–денсаулық сақтау жүйесінде басымды бағыт
Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconКіріспе
«адам – өмір сүру ортасы» жүйесіндегі қауіпті және зиянды факторлардың идентификацияның сұрақтарын баяндаудан, сонымен қатар алғашқы...
Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconЗардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы
«ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай
Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconАкушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Ресубликасы Кодексінің 32-бабына сәйкес акушерлік-гинекологиялық...
Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconҚмму ф 4/3-05/03
Мақсаты: Денсаулық сақтау кәсіпорындар қызметін талдау. Кейбір мамандырылған көмек көрсету түрлерін ұйымдастыру. Реабилитациялық...
Н сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы iconПрактикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: Денсаулық сақтау кәсіпорындар қызметін талдау. Кейбір мамандырылған көмек көрсету түрлерін ұйымдастыру. Реабилитациялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница