1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері




Название1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері
страница1/9
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.95 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/stories/npa/PPRK_2701141548KZ.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


Ақпараттандыру туралы


Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану мен қорғаудың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қолданудың құқықтық негiздерiн белгілейді.


1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері


1-тарау. Жалпы ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандыру – ақпаратты алу, қайта жасау, беру және пайдалану процестерін оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану;

2) ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;

3) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, автоматтандырылған функциялар, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер және электрондық нысанда көрсетілген қызметтер;

4) ақпараттандыру объектілерінің сыныптаушысы – ақпараттандыру объектілерін сәйкестендіруге және оларға сипаттама беруге бағытталған санаттардың жүйеленген тізімі;

5) ақпараттандыру саласындағы қызметтер – ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және сүйемелдеу, электрондық ақпараттық ресурстарды құру бойынша қызметтер;

6) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес – мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарайтын уәкілетті органның жанындағы ведомствоаралық консультациялық-кеңесші орган;

7) ақпараттандыру саласындағы сындарлы маңызды объектілер – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы төтенше жағдайларға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, жекелеген шаруашылық салалары, немесе Қазақстан Республикасының инфрақұрылымы үшін, немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін ұзақ уақыт кезеңінде елеулі жағымсыз салдарларға әкеп соқтыратын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;

8) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

9) ақпараттандыру субъектілері – ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;

10) ақпараттандырудың сервистік моделі – мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді ұсынуға негізделген аталған органдардың қызметін орталықтандырылған ақпараттандыруды ұйымдастыру;

11) ақпараттық жүйе – ақпаратты құруға, iздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға және ұсынуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдардың және құжаттаманың жиынтығы;

12) ақпараттық жүйе жасау – бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, сатып алуға, енгізуге, ақпараттық жүйенің техникалық құралдарының қажетті кешенін сатып алуға және (немесе) жалға алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру;

13) ақпараттық жүйелерді интеграциялау – Қазақстан Республикасында қолданылатын деректерді жіберудің стандартты хаттамалары негізінде екі және одан да көп ақпараттық жүйелердің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

14) ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптары сәйкестігіне аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) – аттестаттау объектілері қорғалуының жай-күйін және олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар;

15) ақпараттық жүйені дамыту – ақпараттың қызмет етуін оңтайландыру мақсатында ақпараттық жүйенің қосымша қызметтік талаптары мен жаңғыртылуын іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешені;

16) ақпараттық жүйені енгізу – автоматтандыру нысаны мен персоналды дайындауды, іске қосу жұмыстарын және қабылдау сынақтарын жүргізуді, тәжірибелік пайдалануды қамтитын ақпараттық жүйені қолданысқа енгізу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

17) ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттық жүйенің мақсаттарына, міндеттері мен нормативті-техникалық құжаттамасына сәйкес ақпараттық жүйені штаттық режимде пайдалану;

18) ақпараттық жүйені сүйемелдеу – жабдыққа оның міндетіне сәйкес жүйелік-техникалық қызмет көрсету, бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және техникалық қолдау арқылы ақпараттық жүйенің пайдалануын қамтамасыз ету;

19) ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалану – ақпараттық жүйенің қызмет етуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою және оның нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында өткізілетін ақпараттық жүйені пилоттық аймақта пайдалану;

20) ақпараттық жүйенің аудиті – ақпараттық жүйені қолдану тиімділігін арттыру мақсатында оны тәуелсіз зерттеу;

21) ақпараттық жүйенің өмірлік циклі – сараптама жасау, жобалау, әзірлеу, ақпараттық жүйені тәжірибелік, тәжірибелік-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік пайдалануға қосу, дамыту, пайдалануды тоқтату және кәдеге жарату кезеңдерінің жиынтығы;

22) ақпараттық-коммуникациялық желілерді мониторингілеу жүйесі – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, коммуникациялық жабдықтардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;

23) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – есептеу техникасы, коммуникациялық жабдық, деректер беру арналары, ақпараттық жүйелер құралдарының, коммутация, ақпараттық ағындарды басқару құралдарының, олардың үздіксіз қызмет етуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің жиынтығы;

24) ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету – есептеу ресурстарын жалдау және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бағдарламалық өнімдерді және өзге де жаблықтарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілген қызметтердің, сондай-ақ аталған көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін байланыс қызметі немесе қызметтерінің жиынтығы;

25) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету каталогы – мемлекеттік органдарға «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын, ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі сипаттамасы және бағасы қамтылған бірыңғай анықтамалық;

26) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – технологиялық буынға біріктірілген әдістердің, ұйымдық-өндірістік процестердің, аппараттық-бағдарламалық кешендердің, деректерді тарату желілерінің жиынтығы;

27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын, есептеу техникасын, коммуникациялық жабдықты, тұрмыстық электрониканы және оның құрам бөліктерін жобалаумен, өндірумен және сатумен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер көрсетілетін ұсынумен байланысты экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптар – электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қолданылатын ұйымдастырушылық-техникалық нормалар мен талаптардың жинағы;

29) ақпараттық қауіпсіздік – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

30) ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген құрам бөліктерінің тиiсiнше жұмыс iстеуiне қауіп төндiретiн және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшiру, тарату, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелей немесе сериялы түрде туындайтын шалыс оқиғалар;

31) аппараттық-бағдарламалық кешен – бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;

32) ашық бастапқы коды бар еркін бағдарламалық қамтылым – оған қатысты құқық иеленуші пайдаланушыға өтеусіз және шектеу орнату, іске қосу, пайдалану, зерделеу, тарату және дамыту құқығын беретін бағдарламалық өнімдер;

33) ашық деректер – орган бекітілген тізімге сәйкес уәкілетті машина оқитын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға және пайдаланушылардың қайталап жариялауына арналған, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;

34) ашық деректердің интернет-порталы - ашық деректер бойынша сипаттау және сілтемелік ақпаратты орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз ететін «электрондық үкіметтің» веб-порталы компоненті;

35) бағдарламалық қамтамасыз ету – бағдарламалардың (қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету) және осы бағдарламаларды пайдалануға қажетті техникалық құжаттаманың жиынтығы;

36) бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу – оны пайдалануға тапсырған соң, қызмет етуін, жақсарту процесін, бағдарламалық қамтамасыз етуден ақаулары мен жетімсіз жұмысын оңтайландыру және жою;

37) бағдарламалық өнім – бұлардың әзірлеушілеріне қарамастан, техникалық құжаттамамен белгіленген жүйелік талаптарға сәйкес көзделген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін дербес бағдарлама немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің бір бөлігі;

38) домендiк атау – Интернет желiсiнiң адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк мекенжайға сәйкес келетiн және Интернет желiсiнiң объектiсiне атаулы жолданымға арналған нышандық (әрiптiк-цифрлық) белгi;

39) жергілікті желі – басқа телекоммуникация желілеріне қосылу нүктесіне дейін тұйық инфрақұрылымы бар және ақпаратты жіберуді және аумақтық шектелген кеңістіктегі (үй-жайдағы, ғимаратағы, кәсіпорындағы) желілік құрылғыларға ортақ қол жеткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деректер беру желісі;

40) жүйелік-техникалық қызмет көрсету – есептегіш құралдардың, коммуникациялық және перифериялық жабдықтың, ақпараттық жүйелердің жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;

41) Интернет желісі – деректер таратудың жаһандық желісі;

42) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – Интернет желісіне және (немесе) Интернет желісіне шыға алатын ақпараттық желілерге, байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде телекоммуникация желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;

43) интернет-портал – ақпаратты, электрондық сервистер мен көрсетілетін қызметтерді кешенді ұсынуға арналған, сондай-ақ пайдаланушылардың көпшілік санының қажеттіліктеріне сай келетін, басқа интернет-ресурстарға сілтемелерді қамтитын интернет-ресурс;

44) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын және Интернет желісінде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс;

45) компьютерлік сауаттылық – адамның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен бағдарламаларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіби қызметінде пайдалана білуі;

46) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi мекемеаралық комиссиясы – ақпараттандыру, «электрондық үкiметтi» қалыптастыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеп шығаруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган;

47) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстардың бірыңғай тұғырнамасы – мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері және ведомстволардың, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық тұғырнама;

48) мемлекеттік органның архитектурасы – міндеттері мен қызметін, ұйымдастырушылық құрылымын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың арасындағы байланыстарды қоса алғандағы мемлекеттік органның ағымдағы және жоспарлы жағдайының сипаттамасы;

49) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

50) нормативтік-техникалық құжаттама – ақпараттандыру объектілерін әзірлеуге, құруға және пайдалануға, сондай-ақ олардың ақпараттандыру саласындағы белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға жалпы міндеттерді, қағидаттар мен қағидаларды айқындайтын құжаттар жиынтығы;

51) пайдаланушы – қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды енгізу және алу үшiн ақпараттық жүйені пайдаланатын субъект;

52) сервистік бағдарламалық өнім – мемлекеттік органдарға «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторымен көрсетілетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті іске асыруға арналған бағдарламалық өнім;

53) техникалық қолдау – лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етілімнің жұмыс қабілеттілігін қолдау бойынша консультациялық, технологиялық және өзге де қызметтер көрсету;

54) техникалық құжаттама - техникалық тапсырмасын, пайдалану және өзге де құжаттамасын қамтитын бағдарламалық өнімнің, сервистік бағдарламалық өнімнің, ақпараттық жүйенің, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасының құжаттамалары жиынтығы;

55) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған ақпарат;

56) электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге, ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке қолжетімділік – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті пайдалану мүмкіндігі;

57) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды сақтауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiн іске асыру;

58) «электрондық әкiмдiк» – мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге арналған жергiлiктi мемлекеттік билік органдарының, жеке және заңды тұлғалардың электрондық өзара іс-қимыл жүйесі;

59) «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы – функциялар және көрсетілетін қызметтердің стандартты құрам бөліктірі мен талаптарының, ұйымдастырушылық құрылымның, ақпарат ағынының, әкімшілік-аумақтық бірліктер түрлерін есепке алғандағы жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-коммуникациялық құрылымының сипаттамасы;

60) «электрондық үкімет» - мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген және электрондық көрсетілетін қызметтерге көрсетуге арналған орталық мемлекеттік билік органдарының және олардың жеке және заңды тұлғалармен электрондық өзара іс-қимыл жүйесі;

61) «электрондық үкімет» архитектурасы – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерді басқару мен үйлестіруге нормативтік және техникалық талаптардың жиынтығы;

62) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы – «электрондық үкіметтің» іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

63) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - оператор) – электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуге қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша айқындалатын заңды тұлға;

64) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасы – мемлекеттік органдар үшін ақпараттандырудың сервистік моделін ісіне асыруға арналған технологиялық тұғырнама;

65) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушылар бөлмесі – өтініштерді қарайтын субъектілерге өтініш беру мәселелері, сондай-ақ дербес деректерді қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және өзге көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми өзара іс-қимылына арналған «электрондық үкімет» веб-порталының құрам бөлігі;

66) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы– «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, «электрондық үкiметтiң» және «электрондық әкімдіктiң» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

2. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының осы бапта көрсетілмеген басқа да ұғымдары осы Заңның тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа салаларының ұғымдары, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланатындай мағынада қолданылады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері icon1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері
Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері icon2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconНазвание курса
Есептесу қатынастарын құқықтық реттеу. Несие қатынастарының құқықтық реттеу; Бағалы қағаздармен өткізілетен операцияларды құқықтық...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconБілім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Нұрғалиева Г. К., Есжанов А. Е. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconЭкономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconЭкономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconВалюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi,...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері icon5В030100 «Юриспруденция» мамандығы Қарағанды 2014-2015жж
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының мәжілісінде қаралды
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері icon5В030100 «Юриспруденция» мамандығы Қарағанды 2014-2015жж
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының мәжілісінде қаралды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница