Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым




НазваниеМазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым
страница8/9
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.23 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/ntb/images/doc/shilde.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазыбай Құдайбергенов,экономика ғылымдарының кандидаты, профессор,

Тәнеш Оразов,соғыс және еңбек ардагері, Мылтықбай Пейісов,зейнеткер-полковник,

Қайырбек Мырзахметұлы,ардагер журналист.

МАЙДАНГЕР ҚАЛАМГЕР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСА ЕКЕН?

Бұлар сұрапыл соғыстан аман-сау елге оралған журналистер еді. Бір кезде бұрынғы "Ленин жолы” қазіргі "Сыр бойында” өңшең омырауы орден, медальға толы ағалар әңгіме-дүкен құрып отырғанда тамсана, құмарта тыңдаушы едік. Әскерден әскери офицер болып оралған Әбділда Құрманаев, Досмағанбет Тасекеев, Құрманғали Ажаров, Әбсадық Жанзақов, Нұрғали Оспанов, Қадыр Алдоңғаров, Бөлебай Әлменов, тағы басқалар дүниеден ерте кетті, көп қызықты көре алмай кетті. Қазір олар ұмыт бола бастады.

Солардың бірі – журналист Ахметжан Нүрекеев десек, артық емес. Турашыл, ғайбат сөзге жоқ аға соғыстың алдында осы күнгі байырғы басылымда, бірер жыл Мерке аудандық газетінде еңбек етті. Соғысқа 1941 жылы осы "Ленин жолы” ұжымынан аттанды.

Әскерде зеңбірекшілер курсын бітіріп, майдан даласында құралайды көзден тигізетін мерген болды. Аға мұны естеліктерінде талай рет айтушы еді. Майдандық газеттерде Ахаңның бірнеше очерк, суреттеме, мақалалары жиі жарияланып тұрды. Жауынгер журналист атанды. Курск майданында жауды тап бастырмай зеңбірек оғымен жайратты. Кенет жауынгердің окоптағы жеріне бомба түсті. Өңшең қатардағы жас солдаттар мерт болды. Сержант Ахметжан Нүрекеевтің бір жамбасының күл-талқаны шықты, бас жараланды. Топырақ астында екі күн жатты. Жанкешті екі медбике топырақ астынан басын көтеріп, шырқырап жатқан жауынгерді суыт суырып алып, "жаңбыр-жаңбырдың” астымен дегендей, дала госпиталіне жеткізді. Жауынгер ес-түссіз бірер апта жатты.

Сонымен, жаралы жауынгерді емдеп, майдан госпиталінің дәрігерлері туған жерге аттандырды. Қарағанды госпиталінен дәм-тұз бұйырды. Алты ай жатты. "Шықпаған жанда жан бар” демекші білікті дәрігерлердің көмегімен айығуға бет бұрды. Қос балдаққа сүйеніп, туған жері Қызылордаға 1947 жылы оралды. Бұл жерде хирург Икрам Ыдырысов дәрігерлердің "бір аяғын кеспей болмайды” деген ұйғарымына қарсы шығып, кеспей емдеудің жолын қарастырып, қатарға қосты.

Жаралы жауынгер қиын тағдырдың ауыртпалығын тартты. Рабиға атты жеңгемізбен бас қосты. Аға жанын ұққан бойжеткен өмірбақи ағаны алақанына салып қадірледі, күтті. Үш ұл, екі қыз дүниеге келді. Аға өзінің ұшқан ұясы байырғы майдандас інісі Құрманғали Ажаровпен ширек ғасыр жұп жазбай, сыйластықпен еңбек етті.

Ахаң тағдыр салған қиындыққа мойымай, аптапты ыстық, ақ қар, көк мұзда қос балдағын сүйретіп, кеңсеге ерте келетін-ді. Оны айтасыз пединституттың тарих факультетін сырттай оқып бітіруге бар қайратын жұмсады. Жоғары білім алды, партия қатарына өтті.

Жауынгер-журналист еңбегіне орай, 20-ға жуық орден, медаль алды. Екі бірдей "Қызыл жұлдыз” орденін жеңіс күндері омырауына тағып, төрде отырушы еді. Бірнеше рет жоғарғы кеңестің грамотасын алды.

Бәріміз ардақ тұтқан Ахаң жетпістен асқанша бір ұжымда еңбек етті. Елуінші жылдың басында отау құрғандықтан балаларын оқытып, ержеткізу керек болды. Бәріне жоғары білім алуына ұйтқы болды. Үш ұлының бірі инженер, екеуі майор, подполковник, бір қызы Жұлдыз, Құндыздар ғалым, дәрігер болды. Әулет үрім-бұтақтары жиырмаға жетті.

Аға сержант, журналист Ахметжан Нүрекеев биыл жүзге толды. Арамыздан кеткеніне жиырма жылдан асты.

Осынау сұрапыл соғыстың қиын сәттерін бес жыл бойы бастан өткізіп, майданнан оралып, байырғы басылымда елу жылдан аса еңбек еткен Ахметжан Нүрекеевке қандай құрмет көрсетсек те, артық емес. Нағыз құрыш қазақ жауынгерге "Сыр бойының” шыға бастағанына 85 жылдығы толу қарсаңында қала орталығанан бір көшеге есімі берілсе, жөн болар еді. Мұны қала әкімі, ономостикалық комиссиядағы мырзалар ескерер деген ойдамыз?!


//Сыр бойы.-2014.- 12 шілде.- 5 б.


44


Қали ОМАРОВ, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі.

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТҮГЕНДЕГЕН ЕҢБЕК

Қоғамымыздың арғы-бергі тарихында уақыт сынынан өте алмай талай халықтың қолымен жасалған тарихи ескерткіштер із-түссіз жоғалғаны туралы дерек аз емес. Тарихи-мәдени ескерткіштер елдің баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндірудің, насихаттаудың жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу ісінде маңызы зор. Төл тарихын түгендеу мен зерделеуді өзіне мұрат тұтқан азаматтарымыздың қатары жылдан жылға көбеюде. Соның дәлеліндей, Сыр өңірі шежіресінің білгірі, зерттеуші-этнограф Тынышбек Дайрабай мен кәсіби заңгер, облыстық сот судьясы Молдабек Ахметов өлкемізді тану ісіне үлес қосуда.

Жақында олардың «Сыр еліндегі ескерткіштер- Памятники низовья Сырдарьи» атты еңбегі (Алматы. Киізкітап, 2014. 260 бет.) оқырман қолына тиді. Онда ежелгі дәуірлерден қазірге дейінгі үш жүзден астам археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени ескерткіштер жөніндегі ғылыми негізделген мәліметтер әрбір аудан бойынша топтастырылған. Мәтіннің орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріліп, энциклопедиялық үлгіде және фотоальбом түрінде әсем форматты қағазбен дайындалуы кітаптың құндылығын арттыра түскен. Тың туындының биылғы 29-30 мамырда Алматы қаласында өткен халықаралық көрме-жәрмеңкеде «Үздік ғылыми танымдық басылым» номинациясы бойынша екінші дәрежелі дипломмен марапатталуы жоғарыда айтылғанның жарқын айғағы. Авторлар сөз басында «Алаштың Анасы» атанған қасиетті мекеннің тарихына тереңнен бойлап, ондағы тіршіліктің бастау – бұлағы әрі ұстыны Сырдария өзенінің өткеніне шолу жасаған. Тұран ойпатында орналасқан Сырдың су нысаны арналарының эволюциясы бір-бірімен сабақтасқан мәдениеттердің қалыптасуына негіз болғаны және бұлардың көрші аймақтардағы елдердің мәдениеттерімен астаса дамығаны мазмұндалған.

Сыр бойының ежелгі тайпалық мемлекеттердің орталығы болғаны күмәнсіз. Бұған өңірімізде көптеп сақталған сақ, ғұн, қаңлы, оғыз-қыпшақ, кердері тайпаларынан қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, көне қалалардың орындары мен қорғандардың қирандылары нақты дәлел. Әлемнің әр түкпірінен жол тартқан жиһанкездер Тұран ойпатында әсем қалалардың орналасқанын ерте замандардан-ақ білген. Олардан қалған жазбалардың бірқатары ғылыми қауымдастыққа жақсы таныс.

Кезінде Сыр бойы өңірін зерттеген патшалы Ресейдің мамандары мен ғалымдары да аса құнды еңбектер жазғаны белгілі. Одан бергі уақытта тарихи ескерткіштерді зерттеу, насихаттау арқылы туған өлкемізді халықаралық ғылыми қауымдастыққа, жалпы жұртшылыққа танытуға үлес қосқан, қосып жүрген небір археологтар, тарихшылар, этнографтар, әдебиетшілер мен басқа да ғылым саласы өкілдерінің ерен еңбектері өз алдына бір төбе. Авторлар бұл ретте Ресей ғылым академиясының Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы және оның алғашқы жетекшісі С.П.Толстов, қазақстандық ғалымдар Б.Сүлейменов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Жәмішев, М.Меңдіқұлов, С.Әжіғалиев, Ә.Байтенов, Т.Карамендин, Ж.Құрманқұлов, Т.Мәми сынды ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен.

Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұраларын зерттеу ісіне соңғы жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының елеулі үлес қосып келе жатқанын атап айтуымыз қажет. Аталған оқу орнының археологтары сақ тайпаларының мекені Шірік-Рабат пен оғыз мемлекетінің орталығы Жанкент қалашықтарының орнын 10-15 жылдан бері қазып, зерттеп, онда табылған өте құнды тарихи маңызы жоғары ескі мүліктер жинастырылып музейлерге қойылып жүр.

Сыр өңірінде түркі мәдениетіне жататын көне қалалардың ізі көптеп саналады. Соның бірі қыпшақ-қазақ хандықтарының бас ордасы болған тарихқа белгілі Сығанақ. Сақ дәуірінен бері сақталған Бұланды, Бәбіш мола және қаңлы кезеңінің Жетіасар ескерткіштері әлемдік маңыздағы мұралар қатарына жатқызылған. Оғыз-қыпшақ дәуірлерінде (IX-XIII ғғ.) өркендеген Асанас, Баршынкент қалаларының ХV ғасырға дейін жеткені де мәлім. Сыр өңіріндегі ескерткіштер ішінде асарлар мен көне қорымдардың алатын орны ерекше. Сауысқандық, Бағаналы қорымдарынан табылған жәдігерлердің тарихы кем дегенде 3 жарым мың жыл. Қола және темір дәуіріне жататын қорымдар да баршылық. Солтүстік Түгіскен мавзолейлері, Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері – әлемге әйгілі жауһарларымыз болып саналады.

45

Облыс аумағында сақталынған ізі бар діни-рухани ескерткіштер өте көп. Бүкіл түркі халықтарына ортақ тұлға, данагөй философ Қорқыт баба мазарының XIX ғасырда Ә.Диваев түсіріп алған суретін де осы жинақтан көріп табасыз. Біз байқаған бір ерекшелік – авторлардың өз жеке мұрағаттарындағы осы тақылеттес сирек суреттерді кітапқа кеңінен ендіруі.

Халқымыз біртуар перзенттерін қашан да қадірлеп, қастерлеп, ардақтап отырған. Елімізге еңбек сіңірген тұлғаларға белгі қою үрдісі жыл сайын жағымды жалғасын табуда. Кітапта бұл санаттағы тарихи ескерткіштерге үлкен мағына бере отырып орын бөлінгені өте құптарлық жайт.

Жаһандану дәуірінде ұлттардың төл ерекшеліктерін сақтап қалуға жаңа буын халқымыздың ұмтылысы жылдан жылға күшейе түспек. Демек, тарихымызды тереңдететін, руханиятымызды шегендейтін мәдени мұраларымызды зерттеу, оларды жарыққа шығарып халыққа жеткізу ұлтымызды ұлықтаумен бірдей деген сөз. Олай болса, жақында жарыққа шыққан «Сыр еліндегі ескерткіштер-Памятники низовья Сырдарьи» атты кітаптың құндылығы міне, осында.


//Сыр бойы.-2014.- 12 шілде.- 7 б.


46


Казбай Құдайбергенов, ҚМУ-дің профессоры

Ұрпақтар сабақтастығының дәнекері


Қазақтың басынан өткен запыранға толы зобалаң жылдардың жарасы ешқашанда жазылмайды. Себебі сол жылдары жазықсыз құрбан болғандар жайлы деректер толық ашылған жоқ, оның үстіне көбінің жерленген жерлері де белгісіз. Тарихымызда елге кара жамылдыртан сол бір кезеңмен қазіргі тәуелсіздігіміз арқылы жаркын болашағымыздың көкжиегін жалғастыруға дәнекер болатын жандар некен-саяқ. Ондайлар ел ішінде сирек болса да бар екен. Солардың бірі - азамат Құрманбаев Бақытбек Көштайұлы 1962 жылы туылған, баланың әкесі, жеке кәсіпкер, жұбайы Сауле мұғалім, қала тұрады. Ойын ашық айтатын Бақытбек мені сырттай танитынын алға тартып, азамат болып атқа мінгелі репрессия құрбаны болған нағашы атасы — Бердиев Құлмақанның тағдыры жайлы талай жердің есігін тоздырып, ақыры оның ақгалғаны жайлы деректер алғанын тебірене айтгы.


Бердиев Құлмақан жайлы деректер былай дейді. Ол 1909 жылы Қармақшы ауданының 18-ауылында орта шаруа отбасында туылған. 1932 жылдан ВКП (б) мүшесі. Жұбайы — Қызылбайқызы Жами Қылорда қаласының қызы, руы арбалы керейт. Қ.Бердиев Тереңөзек ауданында екінші хатшы болып, ұзамай Баянауылға 1-хатшылық қызметке ауысады. Ол кезде оның Роза, Баян атты екі кызы болған. Құрманбаева Баян — Бакытбектің анасы. Мемлекет қауіпсіздігі комитеті (КГБ) Қызылорда облысы басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Бердиев Құлмақан, Байкадамов Алтынқазы, Шеңгелбаев Сейіт, Маханов Тлеубай, Рахымжанов Кәрім, Пірмағанбетов Жүнісбек, Имағанбетов Қадырлар ұйымдасқан топ құрып, колхозда (ұжымшар) тарату мақсатында үгіт жүргізіп, колхозшыларды колхоздан көшуге азғырып, 1933 жылдың егіс науқанына кедергі жасап, колхоз малы мен астығын талантаражға салған деген айыппен РСФСР ҚК-нің 58-10 бабымен қылмыстық жауапқа тартылып, қамауға алынған. Олардың істері 16 мамыр 1933 жылы Оңтңстік Қазақстан облыстық прокурорына облсотқа жіберу үшін жолданған.

Қарағанды облысы УНКВД- ның ерекше үштігінін 26 казан 1938 жылғы шешімімен Бердиев Құлмақанға ату жазасына үкім шығарылып, үш күннен кейін үкім орындалған. Енді осы құжатгарды қазіргі мезгіл деңгейінен сараптасақ: біріншіден сол кездегі компартияның шынайы мүшесі болған Қ.Бердиевтің халыққа қарсы әрекеттерге бару мүмкін еместігі, еқіншіден 1933жылдан 1938жылға дейін 5 жыл абактаға ұстап, қинап, «қылмысын» зорлықпен мойындатканы, үш күн ішінде «тездетіп» өлім жазасын орындағаны көрініп-ак тұр.

Бақытбек ініміз нағашы атасының 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының бұйрығына сәйкес ақталғаны жайлы анықгаманы 1990 жылы алыпты.

Уақыт көрсеткіштерін салыстырсақ, Бердиев Құлмакан Баян- ауылға қызмет ауыстырысымен ұсталған сияқты. Халык жауының жесірі атанған жұбайы — Қазыбайқызы Жәми екі қызымен (Роза, Баян) елге оралады. Розасын күйеуінің апасы Жанбикеге беріп, өзі Баянымен төркін-жұртын паналайды. Еш жерге жұмыска орналаса алмай, күнкөріс үшін амалсыздан біреуге екінші әйел болып, тұрмысқа шығады. Одан бір ұл, бір қыз көреді. Сөйтіп Бақытбек ініміздің нағашы әжесі де, өз анасы Баянда бірі сүйікті жарын, бірі аяулы әкесін аңсаумен өмірден өтіпті.

Біз жоғарыда Бакытбектің нағашы атасымен жазыксыз жазаланғандардың аттарын атадық. Сонымен бірге, әркайсысының тағдырларынан сыр шертетін Бақытбеқ Құрманбаев ініміздің жеке архивінен алынған суретгерді де көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік. Себебі, уақыт желімен сарғайған суреттердегілердің туған-туыстарына, немерелеріне ой салу, ізденімпаздыққа жетелеу, олардың ұлағатты есімдерін анықтап, қазіргі ұрпақка жеткізуді максат еттік. Ал, Бақытбек ініме алғыс айта отырып, көпшілікке осындай ұрпақтар сабактастығының дәнекерлері көп бола берсе деген шынайы тілегіміз де жоқ емес.


//Ақмешіт апталығы.-2014.-12 шілде.-4 б.


47


Арайлым Абай, ҚМУ-һ 2-курс студенті

«Платонустан» пайда бар ма?..


Білім беруді жаңғырту - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен қатар жаңа бағдарламалар да жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіне еніп жатыр. Солардың бірі - «Платонус» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның басқаларға карағанда ерекшелігі, әрбір ата-ана баласының қандай баға алғанын, дәрістерге қатынасын үйінде отырып-ақ, бақылай алады. Әсіресе аталмыш бағдарлама үйіне «сабаққа кетгім» деп, кеткен жол-жөнекей баска бағытқа бұрылып кетесе немесе «5» алдым» деп, қанжығасын үштікті байлап қайтатын студенттердің әкерелейтін тиімді тәсіл десе-ді. Бұл ата-аналар үшін қолайлы дегенмен әлі де болса аталмыш жаңа жүйенің кыр-сырын жете білмегендіктен опа жеп жүргендерде басым. Бағдарлама бабына бармай жапа шегіп жүргендер де бар арамызда. Мәселен, емтихан кезінде уақытгын зулап өтіп, компьютердегі сұрақтарынын ашылмауы, қойылған бағаның қайта өзгертілмеуі (мысалы, оқытушының қателігінен студентердің бағаларының ауысып кетуі), емтихан кезіндегі сынақтан 50 балдан төмен алған жағдайда қорытынды бағаның шықпауы, казіргі тілмен айтқанда ОРІ (орта балдың) аз болуы студентгердің жаздық оқу мерзімне қалып және сол пәннен кредит санына байланысты ақы төлеп оқуына тура келеді. Ал жаңа жүйеге деген оқытушылар мен студентгердің көзқарасы қандай?

Гулмира Әшірбекова, филалогия ғылымдарының кандидаты, қазақ тілімен журналистика кафедрасының аға оқытушысы:

«Платонус» - автоматтандырылған жүйе. Казақстандық ЖОО-ның басым көпшлігі осы жүйемен білім береді. Бұл бағдарламаның тиімділігі кез келген студент, ата-ана және оқытушы қажетті мәліметтерді немесе жұмыс бағдарламасын жүзеге асыруды ғаламтор желісіне қосылған кез келген компьютерде отырып,бақылай алады. Студент әр пән бойынша әдістемелік нұсқаулар, дәрістер кешенін, қосымша материалдар, оқытушының ғылыми жетістіктері туралы мәлімет алады. Бұл бағдарламада студенттің оқуға қабылданғанынан бастап, диплом алғанға дейінгі іс-қағаздары түгелдей жіктеледі. Тіпті олардың ата-анасы туралы деректер де енгізіледі. Арнайы үлгірім журналы

электронды нұсқада жұмыс жасайды. (Студенттер өзінің білім деңгейін жеке пароль арқылы кіріп бақылайды.

Абай Нұржанұлы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенті:

- «Платонус» бағдарламасында бұрынғы бағдарламаға қарағанда өзгешеліктер бар. Біраз түсініксіз. Жаңа жуйенің жай-жапсарын толыққанды түсінбей жатқандықтан арагідік қиындыққа тап болатынымыз жасырын емес. Мәселен, бұл бағдар ғаламтормен тығыз байланысты. Ғаламтордың дұрыс қызмет атқармауынан, ондағы жүктеудің көп болғандығынан келеңсіздіктерге тап болып жатамыз. Сондықтан бағдарламаны жөнді жүйеге салған абзал.

Сырым Әділбеков, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенті:

- Бұл бағдарлама қазіргі заманға лайықталған, студентке де, ата-анаға да қолайлы. Әрине, баста түсінбеген жерлерім, болды. Қазір оқытушыларымыздың арқасында үйрендік. Меніңше, ыңғайлы сияқты.

Әлбетте әр нәрсенің екі ұшы бар. кезек - сол кемшілікті күзеп, оң нәтиже ойысу. Себебі, «Білімді - ұрпақ ел болашағы». Сондықган, егемен елдің болашағы баянды болуы үшін білімгерді жарқын жолға бастар бағыт-бағдар бергеніміз жөн.


//Халық.-2014.-17 шілде.- 8 б.


48

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым icon2010 жылы атқарылған жұмыстар және 2011 жылға қойылған міндеттер
Елбасы Н. Назарбаев ағымдағы жылғы 28 қаңтар күні халыққа Жолдау арнағаны барлықтарыңызға мәлім. Осы Жолдауда Елбасы 3 негізгі бағыттағы...
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconДипломатия
Азамат: естеліктер, мақалалар, сұхбаттар және арнау өлеңдер / құраст. С. Абдрахманов. Астана: Елорда, 2009. 398, [2] б
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым icon9 «А»-сынып Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік-тұғырым. Сабақтың мақсаты
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Ынталы елді мекені, «Ынталы» жалпы орта мектебі, Ж. Жантасова
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconОқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Астана қаласы туралы видеоролик, Астана қаласының көріністері /суреттер
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconТақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды...
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тусупбекова Сауле Айтбековна Сабақтың тақырыбы: Елорда Сабақтың мақсаты
Астана – күн сайын өсіп келе жатқан әдемі, көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Қазір біз Астана қаласыныңтарихын...
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconОтчет акима города Тараза
Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»...
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconҚазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница