Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым




НазваниеМазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым
страница4/9
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.23 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/ntb/images/doc/shilde.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ключевая фигура – педагог

Главной аксиомой в образовании является наличие педагога-профессионала. Только высокий профессионализм педсостав и профессуры может компенсировать недостатки учебного процесса, материальной базы, площадей и финансирования. Много ли в наших колледжах и университетах таких профессионалов?

Сегодня кадровая в проблема в образовании – одна из самых серьезных. Из-за низкой заработной платы педагоги и мастера высшей квалификации идут преподавать в колледжи неохотно. На производстве опытный мастер получает до 200-300 тыс. тенге, в колледже его заработная плата с учетом доплат и надбавок составляет всего 60-70 тысяч тенге.

В вузах отмечается острая нехватка научно-педагогических специалистов, находящихся в постоянном русле современного развития науки и технологий и хорошо знающих производство. Традиционно во всем мире к преподаванию в высшей школе привлекаются кадры с научной квалификацией, на что у нас, к сожалению, не акцентируется особое внимание. Анализ качества диссертационных исследований наших докторов PhD свидетельствует о том, что система подготовки научно-педагогических кадров должна быть серьезно усилена. За последние три года научный потенциал вузов пополнился приблизительно на 300 докторов PhD. На основании данных МОН, можно подсчитать, что выбытие научных работников по возрастному признаку в ближайшие 3 года составит более 5 тыс. человек. Все это приведет к серьезному дефициту кадров и еще большему снижению качества подготовки специалистов.

Поиск талантливых и выдающихся педагогов и их материальная мотивация должен стать абсолютным приоритетом для Министерства образования и науки, а также каждого руководителя колледжа и вуза.

Безусловно, этот вопрос достаточно сложен, особенно для регионов. Решение видится в создании специальных программ по поддержке талантливых педагогов, реализуемых под эгидой областных акиматов, в которых нобходимо учесть все аспекты сохранения и наращивания кадрового потенциала: от повышения имиджа местных колледжей и вузов до оказания социальной поддержки наиболее талантливых педагогов. Это может быть поддержка в получении жилья, предоставлении земельных участков под строительство, материальное и моральное стимулирование. Без повышения научно-педагогического потенциала системы образования реализация всех инициатив будет весьма проблематичной.

Изменение подходов в финансировании

В последние годы финансирование образования постоянно растет, достигнув в 2014 году 1,5 трлн. тенге. Теперь вопрос вызывает отдача и эффективность затрачиваемых бюджетных средств.

Отдельные затраты, например на приглашение иностранных ученых или повышение квалификации ректоров вузов в зарубежных вузах, по мнению академической общественности не приносят высоких результатов.

Сегодня финансовое состояние колледжей и вузов полностью зависит от средств, выделяемых в соответствии с количеством студентов, обучающихся на бюджетной основе. Практически 70% этих средств направляются на заработную плату педагогов. В результате, организации образования серьезно ограничены в направление средств на развитие материальной базы и повышение квалификации педсостава.

Такая ситуация особенно проблематична в подготовке технических кадров, которая является наиболее капиталоемкой и трудоемкой. Финансирование государственных грантов по техническим и сельскохозяйственным специальностям существенно ниже, чем по педагогическим. В то время, как Глава государства говорит о приоритетной подготовке технических кадров, у нас их подготовка финансируется по остаточному принципу.

Сегодня государственные колледжи и вузы не выдерживают конкуренцию с частными, устанавливающими стоимость образовательных услуг в 2-3 раза ниже. Этот вопрос требует незамедлительного решения. К примеру, в Российской Федерации действует программа финансовой поддержки национальных исследовательских университетов. В 2013 году 15 вузов, отобранных на конкурсной основе, получили по 600 млн. рублей для повышения своей конкурентоспособности. Думается, что и в нашей стране можно было бы отобрать несколько передовых вузов и обеспечить финансирование их программ развития. Главное, чтобы в число этих вузов попали региональные университеты, которые обеспечивают подготовку кадров для ГПФИИР.

Отдельного внимания требует вопрос использования инструментов финансового менеджмента в организациях образования. Мы много лет говорим о многоканальном финансировании организаций образования, о коммерциализации результатов вузовской науки, ставим перед ними большие задачи по развитию инноваций, но законодательно возможности колледжей и вузов серьезно ограничены.

Прошедшие Парламентские слушания выявили целый ряд законодательных коллизий, а также проблемы в слабой координации МОН и отраслевых министерства, над чем в ближайшее время придется серьезно работать всем уполномоченным органам.

К сожалению, говоря о системе образования пока причин для оптимизма немного. Низкая эффективность образовательных реформ стала притчей в языцех во всем обществе. Но останавливаться нельзя. Решая текущие вопросы, мы уже сейчас должны закладывать ориентиры для того, какие нам нужны специалисты в перспективе и здесь не может быть посторонних. Речь идет о будущем нашей страны, о будущем всей нации и это наша общая солидарная ответственность.

Сегодня, когда наша страна активно участвует в интеграционных процессах, конкуренция на рынке труда будет только усиливаться. И конкурентоспособность наших отечественных специалистов будет определяться только высоким уровнем компетенций, креативностью, умением находить новые знания и применять их на практике.


//Казахстанская правда.-2014.-11 июля.-С. 6


19

Александр ТАСБОЛАТОВ,

Қорғаныстың қуатты қайнар көзі

Еліміздегі бірегей әскери ұлттық университет туралы ой-толғам

Ел үшін, еліміздің ертеңі үшін ата-бабаларымыз арман еткен бейбіт күн қазір күнде нұрлы шуағын төгіп, алдымыздан ақ таң болып атады. Бұл кезінде ұлан-ғайыр жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалған ата-бабалар аманатын ардақтай білген, қиын-қыстау кезеңнен аман алып өтіп, тәуелсіздігімізді ту еткен қазіргі мемлекетіміздің сындарлы саясатының арқасында пайда болған Мәңгілік Елдің шапағаты дейміз. Ендеше, Мәңгілік Елдің іргетасы берік қаланып, әлем ірілерінің қатарына қосылуы арқасында халқымыздың мәңгілікке күн нұрындай шомыла берер толағай табыстары мен ізгілік нәрінің жемісі күннен-күнге арта берері де анық.

Ал осының бәрін сақтау елдің қорғаныс қабілетінің мықтылығына тікелей байланысты. Көз алартқан көп дұшпанның мысын басып, жар астында жатқан жаудың жігерін құм ету тек білектіктің ғана емес, біліктіліктің арқасында келе­тін жеңіс. Соған орай біздің әскері­міздің асқақ туының желбірей түсуі қорғаныстың қуатты қайнар көзінде, әскерилеріміздің жүрегінде, терең білім, теңдессіз даярлығында жатыр. Өйткені, «Қастерлі Отанымызға қалт­қы­сыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы», деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, ата-бабаларымыздан қалған ұлан-ғайыр жерімізді қорғау қазіргі кездегі жастарымыздың еншісіндегі ең бір қасиетті борышы. Ал қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы «Өз елін мақтаныш етпеу – сатқындықпен тең» дегендей, оның алыптығын да, жасам­паздығын да, көршілес елдердің арасында сара саясатының арқасында іргелі әрі бірегейі екендігін де қуанышпен айту қай-қайсымызға да үлкен мәртебе. Ендеше, сол мәртебеге лайықты елдің еңсесін көтеретін, болашаққа үміт отын жағатын, берік іргетасымыз бен қауіп­сіздігімізді бекемдей түсетін нақ­ты істер көз алдымызда қанатын жайып, жемісін беруде. Қазіргі күнде мақтанышпен айтар соның бірі кеше ғана Мемлекет бас­шы­сы ашқан еліміздің Ұлттық қорғаныс университеті болып отыр.

Еліміздің Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғар­ғы Бас қолбасшысы Н.Назар­баевтың төрағалығымен 2014 жылғы 6 наурызда жедел-стратегиялық кеңес өткізілген еді. Осы кеңесте Мемлекет басшысы: «Бізде офицерлерді, әсіресе, жоғары құрамды жүйелі даярлау жүйесі болған жоқ. Біз оларды үнемі шетелде оқыта алмаймыз. Мұны Қазақстанда жүзеге асыруға тиіспіз. Әскери жоғары оқу орындарын заманауи жабдықтармен жабдықтау, өзге елдердікінен кем емес өзіміздің ғылыми педагогикалық кадрларымызды даярлау жұмыстарын жалғастыру қажет. Биыл Ұлттық қорғаныс университеті өз жұмысын бастайды деп үміттенемін. Оның түлектері Қазақстан армиясының мақтанышына айналуы тиіс», – деді.

Ұлттық қорғаныс университеті – Қазақ­стан Республикасы Қорғаныс министрлігі және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар және ҰҚШҰ елдері үшін магистратура және докторант бағ­дарламасы бойынша басқару буын­дарының жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық, стратегиялық әскери кадрларын даярлайтын айрықша әскери оқу орны. Аты мен затының мазмұны мен мәні ерекше білдіріп тұрғандай, мұнда оқып, білім алған жандар нағыз ұлттық қорғаныс мамандары болып шығады.

Аталған университет 2002 жылдың 27 ақпан айында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «ҚР Қарулы Күштері­нің Әскери академиясы мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» Жар­лығымен және 2002 жылғы 2 мамыр­дағы «ҚР Қарулы Күштерінің әскери-оқу орындарында ұйымдық шараларды өткізу жөніндегі» Қорғаныс министрінің директивасына сай Көкшетау облысының Щучье қаласынан орын тепкен болатын. Сонан Президент Н. Назарбаевтың 2003 жылғы 21 тамыздағы «Әскери білім жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сай ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесіне айналды.

Міне, осылайша дүниеге келген Ұлт­тық қорғаныс университеті жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша Қарулы Күштерге, еліміздің басқа да әскер­лер мен әскери құрылымдарына әскери және мемлекеттік басқару, әскери және әкімшілік басқару, техникалық қам­тамасыз ету, тылдық қамтамасыз ету, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұ­мыс және әскери білім басқармасы маман­дықтары бойынша офицерлік кадрларды дайындайды.

20

ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің 2005 жылғы 30 қарашадағы шешіміне сәйкес аталған Ұлттық қорғаныс университеті Ұжымдық қор­ғаныс қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесе дайындайтын оқу орындарының тізіміне енді.

Бұл тізімге енудің де өзіндік мәні бар екені белгілі. Өйткені, Ұлттық қор­ғаныс университетінің негізгі міндеттері де айрықша басым екенін атап өткен жөн. Мұнда негізінен магистратура бағдарламасы бойынша стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық басқару буындары үшін әске­ри кадрларды, докторантура, яғни жоғары оқу орнынан кейінгі бағдар­лама бойынша жоғары дәрежедегі ғы­лыми және оқытушы кадрларын, әс­кери кадрларды қайта дайындау мен білік­тіліктерін көтеру, іргелі және қол­дан­балы әскери-ғылыми зерттеулерді жүргізу бағыт­тары басты назарға алынған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде түрлі оқыту бағдарламалары жүзеге асырылады. Соның бірі ретінде бағдар беру магис­т­ратурасын айтуға болады. Оның өзін жедел-тактикалық басқару буыны және стратегиялық және жедел-страте­гиялық басқару буыны деп екіге бөледі. Жедел-тактикалық басқару буынына: әскери және әкімшілік басқару: техникалық қамтамасыз ету басқармасы; тылдық қамтамасыз ету басқармасы; тәрбие және әлеуметтік-құқықтық үдеріс­тер басқармасы; ІІМ Ұлттық гвардия­сының әскери және әкімшілік басқар­масы жатады. Бұлардың бәрін әскери­лердің білім алудағы бағдар беру магис­тра­турасы деп атайды.

Әскери мамандарды дайындауда, оқытуда, әскери кадрларды қайта даярлауда (адъюнктура) жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім бойынша да даярлық жүргізіледі. Аталған адъюнктураның міндеті – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар үшін ғылыми-педагогикалық және ғылыми жоғары білікті кадрларды дайындау болып табылады.

2005 жылдан бастап Қазақстанның азаматтарымен қатар әскери оқу орнында Қырғызстан мен Тәжікстанның офицерлері де білім алады. Екі жылға оқуға келген бұл жақын шетел азаматтарына және олардың отбасы мүшелеріне де барлық қажетті жағдай жасалған. 2006 жылдан бастап халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес университет Қазақстанның әскери білім беру жүйесінде алғашқылардың бірі болып кредиттік білім беру жүйесіне көшіп, білім беру бағдарламасын және зерттеу жұмысын табысты игерген түлектеріне «магистр» академиялық дәрежесін бере бастады. Бұл университетіміздің үлкен жетістігі деп білеміз. Сонымен қатар, жоғары әскери білімнің әрбір деңгейінде әскери кадрлардың біліктілігін арттыруды да осы білім ордасы жүзеге асырады.

2008-ші жыл Ұлттық қорғаныс университеті үшін маңызды болып есептеледі, себебі, осы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен университет жанынан алғаш рет халықаралық дәрежесі бар Докторлық диссертациялық кеңес құрылды. 2011 жылы еліміздің Ұлттық қорғаныс университетінде Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы академиясына ұқсас – жедел-стратегиялық басқарушы буын мамандарын даярлау үшін әскери және мемлекеттік басқару факультеті ашылды.

Осы жылы ғылыми кадрларды дайындау мақсатында «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік танымдық бағдарлама болып табылатын докторантура ашылды. Енді Алла қосса үш танымды бағдарлама бойынша: әскери өнер, қарулану және әске­ри техника, әскери тарих оқуын тәмам­даған мамандардың алғашқы легінің өмірге жолдама алуы жоспарланып отыр.

Мұнда әскерилер үшін және жалпы әскери өмірді ұнататын жастар үшін білімнің нәрлі тереңінен сусындап, ғылымның небір түрімен айналысуына көп мүмкіндік бар. Осы ғылыми жұмыс­тардың негізгі бағыттары мен міндеттері туралы айтқанда әскери өнер мәселелерін зерттеу, әскери тәрбие мен оқыту мәселелері, соғыс және әскери өнер тарихы, басқа да салалар бойынша әскери-арнайы зерттеулер жөнінде құлағдар еткен жөн дейміз.

Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы алыс және жақын шетелдерден келген оқытушылар және өз еліміздің доктор­лары мен ғылым кандидаттары. Уни­вер­ситетте 10 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаты, 30 академиялық дәре­же­дегі «магистр» бар. Ұлттық қорғаныс университетінің ғалымдары Ресей Федерациясы, Беларусь Респуб­ли­касы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Рес­пуб­ликасы, Америка Құрама Штат­тары ғалымдарымен бірлесіп мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ғы­лыми конференциялар мен семинарларға қатысса, қазіргі уақытта ғылыми-техни­калық ынтымақтастық аясында бірлескен перспективалық ғылыми жобаларды жүзеге асыруда.

Оқу орнының құрылған күнінен бастап ТМД елдерінде де, алыс шетелдерде де абыройы мен беделі арта түсуде. Уни­верситетте сапармен болған ТМД ел­дері­нің жоғары әскери басшылары, Қытай, АҚШ, Германия, Түркия, Үнді­стан, Пәкі­стан, Иордания және Румы­ния­­­дан кел­ген әскери делегациялар про­­­фес­сор­лық-оқытушылар құрамы мен тың­дау­шы­лар құрамының кәсіби дайын­дығы деңгейін жоғары бағалады. Шет мем­лекеттер қарулы күштері өкіл­дері­­нің уни­верситет жеке құрамымен кез­­десу­­­лері ынтымақтастықтың дамуына зор ық­­палын тигізеді, әскери кадрларды да­йын­­­дау үрдісі сапасын өзара арттыруға, се­­нім­­ді ны­ғайтуға үлкен мүмкіндіктер береді.

Ұлттық қорғаныс университетінің халықаралық ынтымақтастығы Қазақ­станның НАТО-мен серіктестік мақ­саттары шеңберінде, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше-мемлекеттермен өзара әрекеттесудің көп­бағытты негізінде, Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы елдерімен өзара әрекеттесу негізінде, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша және т.б. бағдар­ламалардың негізінде жүзеге асырылады. Ал әскери оқу орындарындағы білім беруді заман талабына сай жүргізу ісінде ел Президенті бекіткен 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік білім бағдарламасының орны ерекше.

Университеттің профессорлық-оқыту­шылық құрамы жүйелі негізде, соның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында да біліктілікті арттырудан өтеді. Жаңа жасалымдарға сай 10 инновациялық патент алынды. Соңғы жылдары (2010-2013 жылдары) оқыту үдерістерін ғылыми-техникалық әдістемелермен қамтамасыз ету мақсатында 4 монография, 51 оқыту және оқу құралдары шығарылды.

Құрылып, жұмыс істеп келе жатқалы бері Ұлттық қорғаныс университетін 1000 аса тыңдаушылар бітірді, олардың ішінде ҰҚШҰ-ға қатысушы-елдердің әскери қызметшілері де бар. Ал енді үстіміздегі жылы 91 тыңдаушы әскери және әкімшілік басқару, әскери және мемлекеттік басқару, ҰҚШҰ әскери және әкімшілік басқару, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық гвардиясының әскери және әкімшілік басқару, арнайы факультеттің әскери және әкімшілік басқару, техни­калық қамтамасыз етуді басқару, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық үдерістер басқармасының тылдық қамтамасыз ету және әскери білім беру ісі бойынша бітіріп шықпақшы. Ұлттық қорғаныс университетінде, сондай-ақ, бейімдік және ғылыми-педагогикалық магистрант және ғылыми-педагогикалық докторант мамандарын дайындау да жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Прези­­денті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2008 жылдан бері Астана қаласында Ұлттық қорғаныс уни­верситетін салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жүргізіліп келеді. Аталған нысанның кешені 20 гектар жерді алып жатыр, онда 107 185 шаршы метрге 16 ғимарат тұрғызылып, тұрғын үйлер де қамтылған. Қазіргі күні жалпы 63 000 шаршы метр нысандардың құрылысы аяқталды. Оның ішіне 5 оқу корпусы, әкімшілік корпусы және 306 пәтерлік жатақхана кіреді.

Университеттің жаңа ғимараты елор­дада «Назарбаев Университетпен» қатарласа орналасқан. Енді бұдан былай ғылым саласы мен кадрларды дайындау барысында қос көшбастаушы жоғары оқу орындарын өзара ықпалдастыра жүргізу жоспарланып отыр. Универ­си­теттің жаңа кешені оқытудың зама­науи құралдарымен қамтылған алты корпустан тұрады. Бұлар­дың қатарына топтық және дәрістік аудиториялар, компьютерлік сыныптар, лингафон кабинеттері, конференция өткізетін залдар, 200 орындық кинозал қосылады. Ұқсастыру үлгісінің орталығы болжам­ды жаумен ұрыс жүргізуге, түрлі жат­тығуларды өткізуге мүмкіндік береді. Ал университеттің кітапхана қоры ғылыми, оқу, көркем және құпия құралдарды алға тартады. Мұнда 75 мың түрлі кітап қоры бар.

Демек, Ұлттық қорғаныс универ­ситеті туралы жоғарыдағы мәліметтерді ашық айта отырып, оның Орталық Азия бойынша магистрант және докто­рант бағдарламасы бойынша әскери кадрларды дайындаудағы жалғыз әрі бірегей оқу орны болып табыла­тын­дығына көзіміз жетеді. Ал универ­ситеттің Астана қаласына табан тіреуі профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары білікті кадрлармен толыға түсуіне және әскери істі зерттеу мен игеруде жоғары нәтижелерге қол жет­кізуге көмегін тигізетіні сөзсіз. Сол сияқты университеттің қазіргі заман­ның талабына сай жабдықталған жаңа әскери-ғылыми зертханасы әскери салада табысты ғылыми-зерттеулер жүр­гізуге жол ашады деген сенім бар. Ал уни­верситет құрылысы кешені 2016 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде. Ендеше, Астанада бой көтерген Ұлттық қорғаныс университеті қазірдің өзінде-ақ ұлтымыздың болашағы мен мақтанышына айналып үлгерді.


//Егемен Қазақстан.-2014.-11 шілде.- 6 б.


22

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым icon2010 жылы атқарылған жұмыстар және 2011 жылға қойылған міндеттер
Елбасы Н. Назарбаев ағымдағы жылғы 28 қаңтар күні халыққа Жолдау арнағаны барлықтарыңызға мәлім. Осы Жолдауда Елбасы 3 негізгі бағыттағы...
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconДипломатия
Азамат: естеліктер, мақалалар, сұхбаттар және арнау өлеңдер / құраст. С. Абдрахманов. Астана: Елорда, 2009. 398, [2] б
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым icon9 «А»-сынып Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік-тұғырым. Сабақтың мақсаты
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Ынталы елді мекені, «Ынталы» жалпы орта мектебі, Ж. Жантасова
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconОқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Астана қаласы туралы видеоролик, Астана қаласының көріністері /суреттер
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconТақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды...
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тусупбекова Сауле Айтбековна Сабақтың тақырыбы: Елорда Сабақтың мақсаты
Астана – күн сайын өсіп келе жатқан әдемі, көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Қазір біз Астана қаласыныңтарихын...
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconОтчет акима города Тараза
Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»...
Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым iconҚазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница