Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi




НазваниеКiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi
страница7/8
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.9 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-ДЕБИТОРЛЫҚ-БОРЫШТАР.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

3.5. Тапсырманың математикалық сипаттамасы



Iссапарға бару кезiнде жұмысшыларға олардың есеп беруi арқылы қолма-қол ақша берiледi. Ақша бухгалтериямен бекiтiлген есеп айырысу бойынша берiледi.

Iссапарда жүрген уақытта iссапарадың әр күнiне бекiтiлген көлемде (заңмен бекiтiлген 50%-дық минималды есептiк көрсеткiш бойынша) тәулiкақы төленiп тұрады. Демалыс күндерi, мереке күндерi, сонымен қатар, жолда өткiзген күндер де, соның iшiнде жолда тоқтауға мәжбүр болған уақыт та ескерiлуi тиiс.

Пәтер жалдау бойынша шығыстарды өтеу бекiтiлген көлемнен аспайтын көрсетiлген шоттар негiзiнде жүзеге асырылады. Iссапар орнында болуды Iссапарда болған орындарды айқындау мақсатында iссапар куәлiгi толтырылып отырады. Iссапар уақыты жол жүруге кеткен уақытты есептемегендегi берiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Пәтер жалдау бойынша шығыстары өтеу құжаттары көрсетiлген жағдайда қызметтiк iссапарлар тәулiкақысының 50%-дық нормасы көлемiнде өтеледi. Ал егер iссапар орнына бару мен қайтудың жол жүру құжаттары болмаса, онда шығыстарды өтеу мәселесi жетекшiмен бекiтiлген тәртiп бойынша шешiледi.

Сонымен, есеп айырысу бойынша келесiдей сомма берiледi:

SUM=(DAYL+FLAT+TRAV+MISC)*TERM

DAYL – тәулiкақы

FLAT – пәтерақы

TRAV – жолақы

MISC – басқа сомма

TERM – iссапарда жүру уақыты

SUM – жалпы сомма

Iссапардан келгеннен кейiн есеп беретiн тұлға аванстық есеп беру толтырып, оны бухгалтерияға тапсырады. Дұрыс толтырылмаған аванстық есептер мен оған қосымша құжаттар қайта толтыруға есеп беретiн тұлғаларға қайтарылады.

Егер жұмсалған сомма аванс көлемiнен асатын болса, онда есеп беретiн тұлға кiрiстiк кассалық ордер (ККО) толтырып, артық сомманы кассаға тапсырады:

AOES=SUM – ASUM

AOES – артық жұмсалған сомма

SUM – ШКО бойынша берiлген аванс соммасы

ASUM – тiкелей аванстық есеп бойынша жұмсалған сомма

Егер жұмсалған сомма аванс соммасына жетпейтiн болса, онда есеп берушi тұлға шығыстық кассалық ордер (ШКО) толтырып, жетiспейтiн сомманы кассадан алады:

AMS=ASUM – SUM

AMS – жетiспейтiн сомма

SUM – ШКО бойынша берiлген аванс соммасы

ASUM – тiкелей аванстық есеп бойынша жұмсалған сомма


3.6. Программалық жабдықтау

3.6.1. Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама


Программалық жабдықтау ақпараттық жүйенiң мақсаттары мен программалар жиынтығын, сонымен қатар, техникалық құралдар кешенiнiң қызметiн жабдықтауын көрсетедi. Программалық жабдықтау жалпыжүйелiк және арнайы болып бөлiнедi.

Программалық жабдықтаудың құрамына әмбебап құралдармен қоса, әртүрлi жеке мәселелiк облыстарға негiзделген пакеттер мен программалар да кiредi.

Программалық жабдықтаудың негiзгi үш классын бөлiп көрсетуге болады:

  • қолданбалы программалық жабдықтаулар – тiкелей пайдаланушылардың жұмыстарын (ақпараттық массивтердi өңдеу, текстерге өзгертулер енгiзу және т.б. ) жеңiлдетуге қажеттi программалар мен қолданбалы пакеттер;

  • жүйелiк программалық жабдықтар - әртүрлi көмекшi функцияларды (операциялық жүйе, драйверлер, операциялық қабықшалар және көмекшi программалар) орындайтын жүйелiк программалар;

  • құралдық жүйелер – бұл жаңа программалар жасауды қамтамасыз ететiн программалау жүйесi.

Программаны орындау ортасын таңдау кезiнде мынадай бiрнеше факторды ескерген жөн:

  • нақты ортаға программалық жабдықтауды жобалау процессiнiң қиындығы мен күрделiлiгi;

  • программалық жабдықтауды жобалау құрал-жабдықтарының болуы;

  • пайдалану кезiнде программаға өзгерту енгiзу мүмкiндiгi;

  • пайдаланушы интерфейсiн жасау құралдарының болуы;

  • программаның орындалу жылдамдығы;

  • программаның жұмыс iстеудегi сенiмдiлiгi және қателiктерден қорғалуы.



3.6.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы


Операциялық жүйе компъютердiң барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауды басқару үшiн қажет екендiгiн бiлемiз. Ол компъютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етедi, бұл дегенiмiз операциялық жүйе – компъютердi iске қосқан кезде жүктелетiн және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Операциялық жүйе қолданушымен диалог ұйымдастырады, орындауға басқа программаларды iске қосады, компъютердiң ресурстарын (оперативтi жад, дискiдегi орынды, т.б.) бөледi.

Адамның көзқарасынша, операциялық жүйе компъютердiң электрондық құрауыштары, қолданбалы программалар және адам арасында келiстiрушi болып қызмет етедi. Ол адамға программаларды iске қосуға, барлық мүмкiн деректердi оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компъютердiң параметрлерiн және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкiндiк бередi. Дербес компъютерде жұмыс iстеу, шынында да, оның операциялық жүйесiмен жұмыс iстеу болып табылады.

Дербес компъютердi, яғни олардың операциялық жүйесiн дүние жүзi бойынша жүздеген миллион адамдар қолданады. Дербес компъютердiң операциялық жүйесiмен танысу да телефон арқылы звондау және теледидарды қосу, банкiнi және по÷таны, сөздiктердi және анықтамаларды қолдана бiлу сияқты қазiргi қоғамда соншалықты қажеттi болып келедi.

Қазiргi операциялық жүйе – бұл бiрнеше жыл iшiнде жүздеген және мыңдаған құрастырушылар құратын күрделi программалық комплекстер. Операциялық жүйенiң сипаттамасы қалың томды алады, ал толық үйрену талай жылдарға созылуы мүмкiн. қуанышқа орай, операциялық жүйенi жақсы қолдану үшiн көп бiлудiң қажетi жоқ – жұмыс iстеудiң жалпы принципiн және негiзгi операцияларды орындаудың әдiстерiн бiлсе болғаны. Нақты операциялық жүйемен жұмыс iстеудiң практикалық дағдыларын меңгермейiнше, онымен жұмыс iстеу мүмкiн емес; жалпы принциптерiн бiлмейiнше, жүйенi тиiмдi қолдануды үйрене алмайсыз және қазiргi дербес компъютердiң кез келген қолданушысында ерте ме, кеш пе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.

Көптеген операцияларды орындаған кезде ОЖ бiзден бiздi қызықтырмайтын мынадай әрекеттердi: мысалы, белгiлi секторда оқитын бастиектi қалай орнатуды, нақты жолшықтан информацияны оқуды, дискiден бос жердi тауып және сонда фалды жазуды және т.б. жасырады. Бiз үшiн компъютермен қатынасудың ыңғайлы әдiсi – операциялық жүйе қамтамасыз ететiн интерфейс маңызды.


3.6.3.Жалпы жүйелiк программалық жабдықтау


Қазiргi уақытта дербес компъютерде операциялық жүйенiң екi типi кең етек алды. Бiрiншi типке Microsoft компаниясының жеткiлiктi ұқсас екi жүйесi жатады: WindowsXP және Windows 2000 Server.

Өз тарихында Microsoft компаниясы ең алдымен Windows NT жүйесiн құрастырды. Бiрақ сол кездегi дербес компъютерлердiң қуаттылығы бұл жүйенi тиiмдi қолдану үшiн жеткiлiксiз болып шықты. Компъютердiң қуаттылығына неғұрлым қарапайым талаптары бар жүйенiң қысқартылған нұсқасы Windows’95 деген атпен жарыққа шығарылды және бiрден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ қолданушыларының алдыңғы интерфейстерiмен салыстырғанда елеулi iлгерi қадам болып саналады.

Windows жүйесiнiң ең маңызды ерекшеленетiн белгiлерi мыналар:

1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.

Бұл операциялық жүйе деңгейiнде қолайлы кез келген операцияларды Windows-тан шықпай-ақ орындауға болатынын бiлдiредi. қосымша программаларды жүктеу, дискеттi форматтау, мәтiндердi баспаға шығару – мұның барлығын Windows-тан шақырып алуға және Windows-қа операция аяқталғаннан кейiн қайтып келуге болады.

Терезе және таңбашалар Windows ортасында қолданушы интерфейсiнiң негiзгi түсiнiктерi болып табылады. Windows шеңберiнде орындалатынның барлығы не таңбашасымен (пиктограмма) операция, не тереземен (немесе терезеде) операция болып табылады. Барлық сервистiк және қолданбалы программалар үшiн терезе құрылымы және оларды басқару элементтерiнiң орналасуы, сервистiк программалар үшiн менюдiң құрылымы және операциялар жиыны, сонымен қатар маустың көмегiмен орындалатын операциялар стандартталынған, яғни белгiлi бiр стандарт бойынша орындалған.

2. Windows өзi графикалық жүйе болып табылады.

MS-DOS-тағыдай қолданушыға мәтiндiк қатар түрiнде пернетақтадан команданы енгiзудiң қажетi жоқ. Тек қана экранға мұқият қарап және ұсынылған жиыннан қажеттi операцияны таңдап алып, маус манипуляторының көмегiмен оны менюдiң қажеттi командасына орналастыру немесе қажеттi батырма бойынша шерту қажет.

Windows жүйесiмен UNIX типтi операциялық жүйе бәсекелеседi.

UNIX – бұл командалық интерфейсi бар көп есептi көп қолданушылы ОЖ.

Ол 20 жылдан астам бұрын сол кездегi жоғарғы сенiмдiлiктi талап етушi есептердi шешетiн ең қуатты компъютерлер үшiн құрастырылған болатын.

UNIX және Windows типтi жүйелермен барлық операциялық жүйелердiң әртүрлiлiгi тамамдалмайды. Көпшiлiкке арналған алғашқы дербес компъютер американдық Apple компаниясында шығарылған. Rank Xerox компаниясының жаңалығы – қазiр барлық жерлерде қолданылып жүрген графикалық көп терезелi интерфейстi алғашқы болып өмiрге енгiзген де осы компания болатын.

Деректер базасын басқару жүйесi. қазiргi таңда ақпараттардың ағымы үнемi ұлғаюда және бүгiнгi күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемi және өз уақытында жаңартып отырмақ түгiл, оны сыйғыза да алмайды.

Бұл проблеманы шешу үшiн көмекке компъютерлiк технологиялар келедi. Компъютерде есептеудi жүргiзетiн, графикалық бейнелердi, мәтiндердi құруға мүмкiндiк беретiн программалардан басқа, үлкен көлемдi ақпараттарды сақтау, өңдеу және iздеу үшiн арнайы программалар бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесi (ДББЖ) деп аталады.

Қазiргi уақытта дербес компъютерлер үшiн реляциялық типтегi ДББЖ екiге бөлiнедi: локалъдiк және өндiрiстiк. Локалъдiк ДББЖ шағын мекемелерде пайдаланылса, өндiрiстiк ДББЖ iрi кәсiпорындарда серверлiк жүйелерде қолданылады. Локалъдiк ДББЖ мынадай түрлерi бар: dBASE, FoxPro, Paradox, Access және т.б. Ал өндiрiстiк ДББЖ мынадай түрлерi қолданылады: Oracle, MS SQL Server, Informix, InterBase және т.с.с.

Деректер базасы негiзiнде үш белгiсi бойынша жiктеледi:

Бiрiншi белгiсi – сақталынған ақпараттың сипатына қарай деректер базасы фотографиялық және құжаттық болып бөлiнедi. Фотографиялық деректер базасы қатаң анықталған пiшiмде ұсынылған, жазылған объектiлер туралы қысқаша мәлiметтерден түрады. құжаттық деректер базасы әр түрлi типтегi: мәтiндiк, графикалық, дыбыстық, мулътимедиялық кең көлемдегi ақпараттардан тұрады. құжаттық деректер базасы – бұл архив.

Екiншi белгiсi – ақпараттарды сақтау әдiсi бойынша деректер базасы орталықтандырылан және бөлектелiнген болып бөлiнедi. Орталықтандырылған деректер базасында барлық ақпараттар бiр компъютерде сақталады. Бөлектелiнген деректер базасы компъютердiң жергiлiктi және ауқымды желiлерiнде қолданылады және ақпараттың әр түрлi бөлiктерi бөлек компъютерлерде сақталуы мүмкiн.

Үшiншi белгiсi – ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желiлiк болып бөлiнедi.

Реляциялық деректер базасының құрылымы. Реляциялық деректер базасы деп өзiнiң құрамды бөлiктерiнiң өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. қарапайым жағдайда ол бiр тiк бұрышты кесте құрайды. Күрделi реляциялық деректер базасы көптеген тiкбұрышты кестеден тұрады. Бұдан деректер базасының екiншi аты туындайды – кестелiк деректер базасы.

Кестелердегi деректердiң арқасында қатынастың өте кең тарағаны және әсiресе жиi қолданылатыны – қатарларында объектiлер туралы ақпараттан, ал бағаналарында объектiнiң жеке қасиеттерiнен (сипаттамасынан) тұратын қатынасы бар “объект-қасиет” типi болып табылады.

Кестенiң келесi тараған типi – бұл әртүрлi объектiлер арасындағы қатынасты бейнелейтiн “объект-объект” типi болып табылады.

Реляциялық деректер базасында қатарлар жазбалар деп, ал бағаналар өрiстер деп аталады. Бiр жазба деректер базасының бiр ғана объектiсi туралы ақпараттардан тұрады. Өрiстердiң әрқайсысының жеке өзiне тән аттары болады және олар осымен бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Ал жазбалар бiр-бiрiнен өрiстердiң кiлтiнiң мәнiмен ерекшеленедi. Деректер базасының кiлтi дегенiмiз басқа жазбаларда қайталанбайтын мәндерi бар өрiс.

XML. Қазiргi таңда XML құрылымдық ақпарат қажет кез келген қолданбалы программада – қызметтiк ақпаратты суреттеуде бұл тiлдi пайдаланатын күрделi үлкен көлемдi ақпарат таратылатын геоақпараттық жүйелерден бастап “бiр компъютерлi” программаларға дейiн қолданады. Бiздi қоршаған ақпараттық әлемге мұқият қарайтын болсақ, құрылымдық ақпаратты құру мен өңдеуге байланысты XML қолданылатын көптеген тапсырмаларды бөлiп қарастыруға болады:

  • Бiрiншi кезекте бұл технология көптеген қолданбалы программалары бар, әртүрлi құрылымдық ақпарат ағымымымен байланысты күрделi ақпараттық жүйелердi жобалаушыларға пайдалы. Мұндай жағдайда XML-құжаттар үлкен программаның жеке компоненттерiнiң арасында ақпаратпен алмасуда әмбебап формат рөлiн атқарады.

  • XML қажет ақпаратты iздеуге, желiлiк ресурстардың құрамын бақылауға, электрондық кiтапхана жасауға және т.б. байланысты Web-тiң көптеген мәселелерiн жаңа PDF ресурстарды суреттеу тiлiнiң базалық стандарты болып табылады.

  • XML тiлi кез келген типтегi деректердi суреттеуге мүмкiндiк бередi және арнайы ақпараттарды көрсетуде қолданылады, мысалы, химиялық, математикалық, физикалық формулаларда, медициналық рецептерде, ноталық жазбаларда және т.б. Бұл дегенiмiз XML-дiң Web-те “стандартты емес” ақпараттың таралуында HTML-ге өте күштi толықтыру қызметiн атқарады деген сөз. Мүмккiн, жақын арада XML HTML-дi толығымен алмастыруы мүмкiн, әзiрге тек екеуiн интеграциялаудың алғашқы қадамдары ғана жасалуда (XHTML спецификациясы).

  • XML-құжаттар деректердiң үш звенолық жүйесiнде аралық форматы ретiнде қолданылуы мүмкiн. Әдетте қолданбалы программалар серверi мен деректер базасының өзара әрекеттесу схемасы нақты ДББЖ мен деректерге қатынауда қолданылатын SQL диалектiсiмен байланысты. Егер де сұраным нәтижелерi әмбебап текстiк форматта көрсетiлетiн болса, онда ДББЖ звеносы қолданбалы программа үшiн “елес” болып қалады. Сонымен қоса, қазiргi таңда W3C қарастыруда болашақта SQL тiлiнiң алътернивасы болуы мүмкiн деректер базасына сұранымдардың жаңа тiлi XQL ұсынылған.

  • XML-құжаттардағы ақпараттар өзгертiлуi, клиент машинасына берiлуi және бөлiктер бойынша жаңартылуы мүмкiн. Жобаланып жатқан XLink және XPointer спецификациялары құжаттың жеке элементтерiне, олардың бiр-бiрiне енуiне және атрибуттарының мәнiне байланысты сiлтеме жасауға мүмкiндiк бередi.

  • Стилъдiк кестелердiң қолданылуы XML-құжаттарын нақты шығару құрылғыларынан тәуелсiзкескiндеудi қамтамасыз етедi.

  • XML қарапайым қолданбалы программаларда құрылымдық деректердi ортақ бiр форматта сақтау мен өңдеу үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

Архиватор-программалар. Архивтiк файл құру үшiн ондаған арнайы архиватор-программалар бар. Олардың көбi орындайтын мiндеттерi бойынша негiзiнде онша ерекшеленбейдi, кейбiр программалар жылдам жұмыс iстейдi, басқалары файлдарды қысудың жақсы дәрежесiн қамтамасыз етедi, әдетте, қолданушылар өзiне ыңғайлы архиваторларды қолданады.

Кең тараған программалардың iшiнен ARJ, RAR, PRZIP, PAK, LHA, ICE, HYPER, WINZIP, ZOO, EXPAND атауға болады.

Әдетте, файлды буып-түю және шешу сол бiр ғана программамен орындалады, бiрақ кейбiр жағдайларда бұл бөлек программалармен орындалады, мысалы, PRZIP программасы файлдарды буып-түйедi, ал PKUNZIP файлдарды шешедi.

Соңғы уақыттарда қолданушыларда ARJ, RAR және ерекше WINZIP архиваторлары кеңiнен танылуда.

ARJ архиваторы жұмыс iстеудiң жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесiн қамтамасыз етедi. RAR архиватор ARJ-ге қарағанда өте ыңғайлы интерфейске ие. WINZIP архиваторы Windows-қа құрастырылған және ол да терезелiк интерфейстi қолданады.

Осы архиваторлардың барлығы архивтеудiң негiзгi мiндеттерiн орындайды:

1. Жаңа архивтердi құру;

2. Архивтерден файлдарды алу;

3. Бар архивке архивтердi құру;

4. Өзi шешiлетiн архивтердi құру;

5. Көп томды архивтердi құру;

6. Архивтердi бүтiндiгiне тестiлеу;

7. Зақым келтiрiлген архивтердi толығымен немесе жартылай қалпына келтiру.

8. Бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуiнен архивтердi қорғау.

Бұл мiндеттердiң кейбiреулерiн бiз WINZIP архиваторының мысалында қарастырамыз.

Архивтiк файл басқа қолданушыларға беру үшiн құрылған жағдайларда архивтiк файл құрылатын архиватордың оларда бар-жоғын бiлу керек. Сондықтан әрқашанда өзi шешiлетiн архивтердi құрған жөн.

Өзi шешiлетiн архивтiк файлдар дегенiмiз – архивтеу программасы қосылған қарапайым архив.

Архивтiң өзi .EXE. кеңейтiлуiн алады. қолданушы архивтi программа сияқты жүктейдi, содан кейiн архивтiң шешiлуi автоматты түрде жүредi.

Антивирустық құралдар. Соңғы кезде компъютерлiк вирустармен күресудiң үлкен тәжiрибесi бар антивирустық программалар құрылған, программалар мен деректердi қорғау шаралары белгiлi. Вирус табылған мерзiмнен бастап қысқа уақыт iшiнде қайта пайда болған вирустарды жеңiп шыға алатын антивирустық құралдарды жетiлдiру және дамыту үнемi жүрiп отырады.

Белгiлi антивирустық прораммаларды бiрнеше типтерге бөлуге болады.

Детектор-программалар белгiлi бiр вируспен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар қазiргi күнде сирек.

Фагтар немесе дотор-программалар, сонымен қатар, вакцина-программалар вирус жұққан файлдарды тауып қана қоймай, оларды “емдейдi”, файлдардан вирус программасының денесiн өшiредi, программаны зақымдалғанға дейiнгi қалыпқа келтiредi. Фагтар өз жұмысының басында оперативтi жадыдан вирусты iздейдi, оларды жояды және содан кейiн барып барлық файлдарды “емдеуге” кiрiседi. Фагтардың iшiнде полифагтар ерекшеленедi, олар вирустардың көп мөлшерiн жояды, мысалға мынадай доктор-программалар: ең танымал полифагтар Aidtest Scan (құрастырушы Д. Лозинский), Norton AntiVirus және Doctor Web (құрастырушы И. Данилов).

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың сенiмдiсiне жатады. Ревизорлар компъютерге вирус жұқпай тұрған кезде программаның бастапқы жағдайын есте сақтайды, содан кейiн оқтын-оқтын кезектi жағдайды бастапқысымен салыстырады. Егер өзгерiстердi анықтаса, онда дисплейдiң экранына хабарлама шығарылады. Ресейде ең танымал Д.Мостовтың құрастырған ревизор-программасы – Adinf.

Филътр-программалар немесе “күзетшi” – бұл компъютердiң жадысында тұрақты орналасатын кiшiгiрiм резиденттi программалар. Олар компъютердiң операцияларын қадағалайды және компъютер жұмыс атқарған кезде вирустарға тән күмәндi әрекеттердi табады. қандай да бiр программа осындай әрекеттi орындар алдында “күзетшi” хабарлама жiбередi, ал қолданушы сәйкес операцияны орындауға рұқсат берiп немесе тыйым сала алады. қолданушылар әдетте күзетшiнi қолданбайды, өйткенi әрдайым ескертулер жұмысқа кедергi келтiредi. Филтр-программалар вирустың ең басты сатысынан олардың көбеюiне дейiн анықтауға мүмкiндiк бередi, бiрақ олар файлдарды және дискеттердi “емдемейдi”, вирустарды жою үшiн фагтар қолдану қажет.

3.6.4.Арнайы программалық жабдықтау


Арнайы программалық жабдықтау – бұл нақты ақпараттық жүйенi жобалауда оның функцияларын iске асыру үшiн қолданылатын программалар жиынтығы және ақпараттық жүйенiң программалық жабдықтауының бiр бөлiгi.

Программалық кешеннiң құрылымдық схемасы жобаланатын жүйенiң негiзгi қырлары мен сыртқы көрiнiсiн және пайдаланушылармен өзара әрекеттесу қағидаларын анықтайды. Жобаланатын жүйенiң схемасы иерархиялық ағаш құрылымын, енгiзудiң суреттеу процедурасын, өңдеудi және деректердi шығаруды көрсетедi. Программаларды ақпараттық-анықтамалық классы қағидасымен құру оларға болашақта оңай өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге және жалпы программаның жұмыс iстеу қағидасын өте жеңiл түсiнуге мүмкiндiк бередi. Диалог ағашын құру үшiн жоғарыда келтiрiлген деректердi өңдеу процедураларының иерархиясын және байланысын анықтау қажет. “Iссапарлар шығыстарының есебi” программасының диалог ағашы (басты менюi) 3-суретте көрсетiлген. Ал осы программа бойынша пайдаланушы жетекшiсi 3-қосымшада берiлген.


3.7. Ақпараттық өнiмнiң анализi және оны пайдалану кеңестерi


“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесi программалық-техникалық кешен болғандықтан, үйренудi жеделдету, қаржыландырудың берiлген шарттарымен бқадағаланатын банк ресурстарының қайтымдылығы мен баланстандырылу құралы болып табылады. Уақытында алынған толық және адекватты ақпарат қазiргi кездегi банктiк басқару мен заман талаптарына сай банктiк қызметтер көрсету есептерiн шешудiң жалғыз мүмкiн негiзi қызметiн атқарады.

“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiнiң тиiмдiлiгiн кешеннiң өз мақсаттарына сай екендiгi, оның техникалық жетiлдiрiлгендiгi және экономикалық маңыздылығы сипаттайды.

Компъютердi пайдалану басқарудағы экономикалық-математикалық әдiстердi кеңейтуге және дамытуға, яғни кейбiр процестердi оптимизациялауға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, ақпаратты өңдеу уақыты төмендетiлетiндiгi соншалықты, шешiм қабылдау процессiнiң жылдамдаттырылуына ықпалын тигiзедi. Телекоммуникация құралдарын толығымен пайдалану арқылы көрсетiлетiн қызметтер спектрiн кеңейтуге, олардың сапасының жақсаруына және географиясын кеңейтуге мүмкiндiктер туады.

Тапсырмалар кешенiнiң қызмет ету шарттары үздiксiз өзгерiп отырады, әсiресе, орындалатын тапсырмалардың тiзiмi, олардың мазмұны, қайта өңделетiн ақпараттың көлемi, есептер кешенiнiң телекоммуникация құралдары есебiнен, оның элементтерi арасында есептеу жұмыстары көлемiн кооперативтi қайта бөлудiң икемдiлiгi. Ақпараттың деректер базасында жинақталуы жұмыстың ақырындатылуына әкелiп соқтырмайды, егер де қажеттiлiктердi қанағаттандыратын техникалық құралдар қолданылса, әсiресе Windows XP мен XML арқасында жасалған қолданбалы жүйе түрiндегi икемдi кешен жасауға мүмкiндiк туды.

Кешеннiң сенiмдiлiгi оның келесiдей жұмыс шарттарында өз қасиеттерiн ұзақ мерзiм бойы сақтауымен сипатталады:

  • барлық кешенге тән жағыз қызмет ету мақсатының болуы;

  • есептер кешенiмен iске асырылатын және алға қойылған қызмет ету мақсаттарына бағытталған функциялардың күрделiлiгi;

  • меню құрастыру мен пайдаланушыға интерактивтi режимде шектелмеген сұранымдар санымен жұмыс iстеуге берiлген мүмкiндiктерiне байланысты кешеннiң икемдiлiгi мен модулъдiлiгi;

  • программалық модулъдер мен бүкiл кешеннiң қызмет ету сапасы критерийлерiнiң иерархиясы байланысының иерархиялық құрылымы;

  • сыртқы ортамен өзара әрекет ету мен кездейсоқ факторлармен әсерлесу жағдайында қызмет ету;

  • басқару мен жоғары деңгейдегi автоматтандырылудың болуы;

  • сыртқы және iшкi факторлардың әсерiне (кедергiсiне) тұрақтылық пен өзiн-өзi ұйымдастырушылықтық болуы;

  • жалпы кешеннiң сенiмдiлiгi.

Банктердiң қызмет ету аясында өтетiн, сонымен қатар, заң аясын, экономика саласын және банктiк технологияларды қамтитын тұрақты өзгерiстер басқару жүйесiнен адаптивтiлiктiң жоғары деңгейiн талап етедi:

  1. проводкалармен барлық операциялардың орындалуы мен жеке шоттардағы өзгерiстер нақты уақыт масштабында iске асырылуы;

  2. ортақ ақпараттық базамен жұмыс iстеу кез келген өзгерiстi базаның барлық өзара байланысқан бөлiктерiне автоматты түрде таратуға мүмкiндiк бередi;

  3. программаның жұмыс iстеу логикасы қарапайым және ыңғайлы, сонымен қатар, түсiнуге жеңiл;

  4. жүйеде есептеулер уақытылы және тура жүргiзiледi, есеп регистрлерiнде дәлме-дәл көрiнiс табады;

  5. программалық кешен кедергiлерге жеткiлiктi тұрақты, әр түрлi жаңылысулардан, әсiресе, сапасыз энергиямен жабдықтаудан және жұмысшылардың қателiктерiнен максималды қорғалған;

  6. болашақта программалық кешен жаңа қолданылу үрдiсi кезiнде, қажет болған жағдайда, кейбiр параметрлердiң өзгертiлуi арқылы программалық модулъдермен оңай толықтырылуы және өзгертiлуi мүмкiн.

Бұл ақпараттық өнiмнiң маңызды тұтынушылық сапасы болып, оны пайдаланудың арқасында ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз ету қасиетi табылады.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconI дебиторлық борыштардың есебі
Назарбаевтің өзі ерекше атап өтті. Экономикалық салаларда дебиторлық борыштардың атқарар қызметі ерекше болып табылады. Дипломдық...
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconДебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
«шымкент қҰС» жшс дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi icon3-тарау. Банкроттық немесе оңалту туралы істерді сот тәртібімен қарау
Р 01. 07. 98 ж. №256-1 Заңымен; 2008. 05. 07. №60-iv қр заңымен (бұр ред.қара) кiрiспе өзгертiлдi; 2012. 17. 02. №564-іv қр заңымен...
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconДипломдық ЖҰмыс
Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi icon3 І. Дебиторлық Қарыздар жөніндегі түсінік және олардың жіктелуі
Кіріспе 3
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconНарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы
Кіріспе
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1210)
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconМазмұны Кiрiспе
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi сол ақша реформаларының қоғам өмiрiндегi, ел экономикасындағы ролiне байланысты болып отырғаны анық....
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница