Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi




НазваниеКiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi
страница3/8
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.9 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-ДЕБИТОРЛЫҚ-БОРЫШТАР.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар

2.3.1.Ақпараттық жүйенiң құрылымына қойылатын талаптар



Ақпараттық жүйенiң құрылымы – бұл бағыныңқы жүйенiң функционалды маңызы мен олардың сыртқы сыртқы ортамен өзара әрекеттесуiн анықтайтын iшкi кеңiстiктiктi-уақыттық iшкi байланыстар және оның жекелеген бағыныңқы жүйелерi мен элементтерi арасындағы салыстырмалы тұрақты тәртiп.

Тапсырмалар тiзiмi 1-кестеде келтiрiлген.



Тапсырмалардың аталуы

Кiретiн көрсеткiштер

Шығатын көрсеткiштер

Пайдаланушылар

Есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысу есебi

Өтiнiм

Iссапарлық куәлiк

ШКО

ККО

Аванстық есеп

Мiндеттеме


Бухгалтерия

Касса

Кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмыс iстеушiлермен есеп айырысулар

ШКО

ККО

Мiндеттеме

Бухгалтерия

Касса

Берiлген қарыздар бойынша есеп айырысулар

Аванстық есеп

Мiндеттеме

Бухгалтерия

Касса

Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысулар

ККО

Мiндеттеме

Бухгалтерия

Касса

1-кесте. Ақпараттық жүйенiң есептер тiзiмi


      1. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар



Ақпараттық ресурс – бұл апараттың әр түрлi формаларының (деректердiң, мәлiметтердiң, фактiлердiң, құжаттардың, есеп берулердiң және т.с.с.), қоймаларының, жабдықтаушыларының, ақпарат сферасы мамандарының, сонымен қатар, бәсекелестерi алдында маңызды басымдылық беретiн ақпараттық техникалар жиынтығы.



      1. Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар



Математикалық жабдықтау – бұл есептеуiш техникаларын қолданылатын есептердi шешу мен ақпараттарды өңдеуге арналған математикалық әдiстердiң, моделъдердiң және алгоритмдердiң жиынтығы.

Қазiргi таңда әрбiр дербес компъютердiң өзiнiң математикалық жабдықтау жүйесi бар. Оның құрамына машинаның ақауларын тексеруге және туындаған ақауларды iздеу арналған тестер мен бақылау есептерiнен; қарапайым функцияларды есептеуге арналған стандартты программалар жинағынан және математикалық есептеудiң әр түрлi әдiстерiн жүзеге асыруға арналған программалардан; пайдаланушы интерфейсiн жасауға арналған қызметтiк программалар мен программалық- қоршамдар жинағынан тұрады.



      1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар



Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйенiң мақсаттары мен алға қойылған тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар кешенiнiң дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн бағдарламалар жиынтығы.

Ақпараттық жабдықтауды жобалау оның құрамына кiретiн әр түрлi жүйеастыларды өзара байланыстыруы қажет, және де төмендегiдей қасиеттердi қанағаттандыруы тиiс:

Бiртұтастылық қасиетi элементтердiң өзара байланысын бiлдiредi, мұнда егер де бiр элементте өзгерiс болса, онда ол басқа элементтердiң де өзгерiсiне әкеледi.

Алшақтатылғандық қасиетi жүйенiң ортадан шектетiлу мүмкiндiгiн және бiр жүйеастына кiретiн жүйеастыларының автономиясын қарастырады.

Адаптивтiлiк – бұл жүйенiң өзгермелi құбылыстарға бейiмделе бiлу қасиетi.

Үйлесiмдiлiк жүйенiң методикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және т.б. аспектiлердiң басқа жүйелермен байланысуын қамтамасыз етедi.

Дұрыс шешiм алу үшiн ақпараттық жабдықтау кешенiн ұйымдастыру негiзiне келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы, дәлдiлiгi және туралығы, басқарушы ортаға деректердi жiберудiң мерзiмдiлiгi қойылуы қажет.

Ақпаратты енгiзудiң күрделiлiгiн қысқарту үшiн енгiзiлетiн ақпаратты жiктеу және кодтау жүйелерiн қолдану арқылы қысу қажет.

Ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың қағидалары:

  1. барлық функционалды бағыныңқы жүйелер үшiн ақпараттық жабдықтаудың әдiстемелiк бiрлiгi;

  2. ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және жiберудiң бiр рет орындалуы;

  3. келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы;

  4. енгшiзiлетiн ақпараттың дәлдiлiгi және туралылығы;

  5. ауытқу әдiсi бойынша ақпаратты енгiзу;

  6. шығарылатын ақпаратты басқару жүйесiне жiберудiң мерзiмдiлiгi;

  7. ақпаратты сығу;

  8. ақпараттық жабдықтаудың қызмет ету шығындарын минимизациялау.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау мен құру жүйелi түрде келесiдей талаптарды есепке ала отырып жасалуы қажет:

Нәтижелер туралы ақпарат келесiдей талаптарға сай болуы тиiс:

  • аяқталғандылық, анализ жүргiзуге қажеттi есеп беру ақпаратын алудың толықтылығы;

  • алынған ақпараттың туралылығы, құжаттардың дұрыс дайындалуы;

  • бекiтiлген стандарттарға сәйкестiгi;

  • анықтылық, ақпарат кез келген пайдаланушыға түсiнiктi болуы қажет;

  • қырағылық, анықталмағандық жағдайында шешiм қабылдау кезiнде активтер мен кiрiстер асырыла бағаланбауы үшiн, ал мiндеттемелер мен шығыстар жеткiлiктi бағаланбай қалмауы үшiн абай болушылық деңгейiн сақтау;

  • қарама-қарсы қоюшылық, ақпарат пайдалы және мазмұнды болуы үшiн бiр кезеңнен екiншi кезеңге қарама-қарсы қойылуы тиiс; пайдаланушылар ондағы барлық өзгерiстер жөнiнде, сонымен қатар, сол өзгерiстер нәтижелерi жөнiнде ақпараттандырылуы қажет;

  • кезектiлiк, шаруашылық операциялар есебiнiң әдiстерi есептi бiр кезеңнен екiншi кезеңге кезектестiрiлу арқылы қолданылады.

Енгiзiлетiн және шығарылатын ақпарат келесiдей түрде анықталуы қажет:

  • басу құралдарында алынған құжаттар түрiнде;

  • өңдеудiң басқа циклдерiнде пайдалану үшiн машина iшiндегi ақпараттық база файлдары түрiнде.



      1. Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар



Лингвистикалық жабдықтау – бұл тiл құралдарынң, ғылыми-техникалық терминдердiң және ақпаратты автоматтандырылан өңдеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мен адамның ақпараттың техникалық құралдарымен тiлдесуiн жеңiлдетету үшiн пайдаланылатын табиғи тiлдi формалъдау ережелернiң жиынтығы.

Бухгалтерлiк есептегi лингвистiк жабдықтаудың тiл құралдары екiге бөлiмге бөлiнедi. Бiрiншi бөлiмге жататындар: математикалық және табиғи тiлдер, алгоритмдiк тiлдер және алгоритмдер мен блок-сызба тiлдерi. Екiншi бөлiмге ақпараттық тiлдер, деректер базасының тiлдерi, ақпаратты iздеу тiлдерi және т.б. жатады.

Программалау тiлiн таңдаудың мақсаттылығы сервистiк программа құралдарының болуымен, осындай программалар пакетiнiң басқа да қолданбалы программалар пакетiмен оңай байланыстырылуы және программаларды құру мен жөндеудiң қарапайымдылығымен қамтамасыз етiлуi қажет.

Лингвистикалық жабдықтауға қойылған талаптарды есепке ала отырып, деректер базасының құрылымын сипаттауды жүйенiң көмегiмен iске асырған жөн. Бұл жүйе деректер орналасуын, ұйымдастырылуын және көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн анықтамалардың пайдаланылуы қажет.


2.3.6.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар


Программалық жабдықтау – ақпараттық жүйенiң функцияларын iске асыратын және техникалық құралдар кешенiнiң қызмет етуiн қамтамасыз ететiн программалар жиынтығы.

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар пайдаланушылардың нақты программалық өнiмге деген өзiнiң қажеттiлiктерiн жасауына мүмкiндiк бередi. Осындай көзқарас бойынша, пайдаланушымен бақыланатын жоба неғұрлым тартымды болып келедi.

Есептер кешенiне жасалынып жатқан программалық жабдықтау бөлiмше функцияларын iске асыруға жеткiлiктi болуы және тiкелей автоматтандырылған жұмысшы орындарында есептi шешуге мүмкiндiк беретiн ақпаратты өңдеудi ұйымдастырудың барлық қажеттi құралдының болуы қажет.

Программалық жабдықтауды құру кезiнде модулъдiлiк, өзiндiк және пайдалану икемдiлiгi қағидалары қарастырылуы тиiс.

Пайдалану икемдiлiгiн арттыру мақсатында келесiдей мүмкiндiктердi қарастыру қажет:

  • жұмыстың диалогтiк режимi (меню);

  • модулъдi автоматты түрде шақыру;

  • үзiлiстен кейiн жұмысты жалғастыру;

  • ақпараттық массивтер жағдайы туралы анықтамалар беру.

Жүйелiк жабдықтаудың құрамына кiретiн операциялық жүйе пайдалануда қарапайым болуы, деректер базасын басқаруды қамтамасыз етуi, стандартты программаларды жүктеуi мен орындауы, пайдаланушыға нұсқаулар беруi керек.

Программалық жабдықтау қамтамасыз етуi қажет:

  • пайдаланушыларды регламенттiк және сұранысты-жауап беру режимдерiнде қызмет көрсету;

  • функционалдық есептердi шешу;

  • өзара байланысқан есептердi шешудiң кезектiлiгiн басқару;

  • ақпараттың сақталуын және оның жаңылысудан кейiн қалпына келтiрiлуiн;

  • деректермен жұмыс iстеу мен жеткiзiлудiң қарапайымдылығын және сенiмдiлiгiн;

  • пайдаланушыдан келiп түсетiн ақпаратты бақылауды;

  • ақпаратты қорғауды, ЭЕМ-ге тек автоматтандырылған жұмысшыларға ғана қатынауға рұқсат берудi;

  • қажет болған жағдайда кешеннiң жекелеген есептерiн шешуге мүмкiндiк берудi.



2.3.7. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар


Есептер кешенiнiң техникалық жабдықтауы деректердi өңдеудiң технологиялық процестерiн iске асыруға жеткiлiктi болуы қажет.

Жүйенiң қызмет етуiнде қолданылатын техникалық құралдар кешенiне мыналар кiредi:

    • басқару құралы;

    • ақпаратты енгiзуге мүмкiндiк беретiн клавиатура;

    • текстiк және графиктiк ақпаратты кескiндеуге арналған монитор;

    • басып шығару құралы;

    • жұмсақ дискеталар дисководы.

Компъютер типiн таңдау ақпаратты сақтау және жаңылысу болған жағдайда орнына келтiру, жүйелiк блокқа регламентпен бекiтiлмеген қатынауды талап етуiмен және көптеген сыналған программалық жабдықтардың болуымен тығыз баланысты.

Ақпараттық жүйенiң қызмет етуi үшiн ETHERNET типтес, секундына 100 Мбит өткiзу қабiлетi бар, локалъдi есептеуiш желiсi пайдаланылады.


2.3.8. Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар


Ұйымдастырушылық жабдықтау ақпараттық жүйенi құру мен оның жұмыс iстеуiне арналған шаралардың, әдiстер мен жабдықтардың жиынтығы. ұйымдастырушылық жабдықтау ақпараттық жүйенi құру мен оны қолдануға қатысты ең көлемдi мәселелердi қарастырады, және де элементтерiнiң құрамын, олардың өзара байланысын, әрекетiн, ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ, жүйе қызметiн реттейтiн құқықтық актiлердi қамтиды.

Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйенi жобалау – бұл ақпараттық процестердi зерттеудi, жобалық шешiмдер мен жобалық құжаттар құруды, жүйе элементтерiнiң қызметiне енгiзулердi кезектестiрудi анықтауды қамтитын өте қиын және күрделi процесс.

Шешiлетiн есептер кешенiн ұйымдастырушылық жабдықтау шешiм қабылдаудау процессi кезiнде пайдаланушылардың техникалық жабдықтармен және өзара толық әрекеттестiгiн қамтамасыз етуi қажет. Есептер кешенiнiң нәтижелi қызмет етуi үшiн келесiдей шешiмдердiң жүзеге асуын қарастыру қажет:

  • персоналды оқытуды (үйретудi) ұйымдастыру;

  • технологиялық сипаттаманың талаптарын орындау;

  • жобада көрсетiлген барлық программалық жабдықтауды ұйымдастыруды шеклеулердi орындау;

  • тек автоматтандырылған жұмысшыларға ғана қатынауды қамтамасыз ету.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconI дебиторлық борыштардың есебі
Назарбаевтің өзі ерекше атап өтті. Экономикалық салаларда дебиторлық борыштардың атқарар қызметі ерекше болып табылады. Дипломдық...
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconДебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
«шымкент қҰС» жшс дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi icon3-тарау. Банкроттық немесе оңалту туралы істерді сот тәртібімен қарау
Р 01. 07. 98 ж. №256-1 Заңымен; 2008. 05. 07. №60-iv қр заңымен (бұр ред.қара) кiрiспе өзгертiлдi; 2012. 17. 02. №564-іv қр заңымен...
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconДипломдық ЖҰмыс
Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi icon3 І. Дебиторлық Қарыздар жөніндегі түсінік және олардың жіктелуі
Кіріспе 3
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconНарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы
Кіріспе
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1210)
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi iconМазмұны Кiрiспе
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi сол ақша реформаларының қоғам өмiрiндегi, ел экономикасындағы ролiне байланысты болып отырғаны анық....
Кiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница