Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор




Скачать 93.38 Kb.
НазваниеБ. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор
Дата конвертации13.02.2016
Размер93.38 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/autsorsing-1.doc

Б.Н.Исабеков

экономика ғылымдарының докторы, профессор


Қарақұлова А.Б.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ң 3-курс студенті


АУТСОРСИНГАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҒД АЙЫ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аутсорсинг (ағылшынша, outsourcing: (outer-source-using) – сыртқы ресурстарды, көздерді қолану) – ақыл мен сыртқы ресурстарды ( материалдық, еңбек,интелектуалдық) ұйымдарда, бизнес компанияларда қолдану болып табылады.  Бизнес үрдістерде аутсорсингалық қызметтің қолданылуы басқа да қызмет көрсету түрлерінің артықшылығын арттырады. 1970 жылы атақты маркетолог Филипп Котлердің «Тапсырыңыңызды кім арзан және қарапайым жасай алса, ісіңізді соған жүктеңіз» деген сөзі аутсорсингалық қызметтің қазіргі кездегі мағынасын анық ашып тұр. Бұл ұғым алғашқы да өндірісте, заң саласында, ал қазір кәсіпкерлік саласына да қолданыла бастады. Бұрын бастыстың ірі өндірушілері өзінің техникаларын, киімдерін және т.б. тауарларын жұмыс күші арзан елдерге аудару арқылы өздерінің стратегиялық және инновациялық мәселелерін шешетін болған. Ал, қазіргі таңда тек батыс елдері ғана емес, әлемнің көптеген елдері қолдана бастады.

Аутсорсингтің қызметтің мәні – мердігердің қызметі кәсіпорынға өздері жасағанға қарағанда арзан, әрі сапасы жоғары болып табылады.

Алғаш рет аусторсинг қызмет 1962 жылы «General Motors» атты ірі фирманың үлкен ЭВМ-дерін кішкендай фирма EDS осы үлкен фирмаға ақпараттық көмек көрсету есебінен түнгі уақытта жалға ала отырып, оларға пайда әкелген соң пайда болды. Сол кезден бастап, «General Motors» фирмасының басшысы Росс Перро бұл ірі бизнестің бастауы екендігін түсінді.

Ал, 1990 жылдары аутсорсинг қызметт бизнестің барлық салаларын жан-жақты қамти бастады. «Yankelovich Partners» компаниясы әлемнің 14 еліндегі 304 ең ірі компаниялардың арасында зерттеу жұмысын жүргізеді. Сонда барлық компаниялардың 63 %-ы өзінің бір немес бірнеше қосымша маманданбаған саласын мердігерлердің басқаруына беретіндігі дәлелденген. Ал, аутсорсингтік қызметтерді пайдаланатын компаниялардың 84 %-ы аутсорсингтің пайдалы қызмет екенін мойындаған.

Аутсорсингтің негізгі қағидалары мыналар:

- әркім өз ісімен айналысуы керек және соған ғана жұмыстары бағытталуы керек;

- қосымша тапсырмаларды кім жақсы орындай алса, соған тапсырылуы керек;

- жұмыстың мұндай реттілікпен бөлінуі мердігерге де, тапсырманы беруші компанияға да пайда әкеледі.

Аутсорсинг қызметтке тапсырыс беруші компанияның негізгі қызметі болып табылмайтын қосымша жұмыстарға деген еңбек көлемін және шығынының мөлшерін азайтып, өзінің негізгі бизнес үрдістеріне шоғырлануына мүмкіндік береді.

Аутсорсингтік қызметті қолданудың пайдалы жақтары:

1. Бизнес үрдістерді жүзеге асыру шығындарының азаюы, соның ішінде:

- шығындарды бақылау және азайту;

- штаттық бірліктерге еңбекақы төлеумен байланысты салықтардың көлемі азаюы;

- компанияның ішкі ресурстарын басқа қажетті салаларға жұмсау мүкіндігінің тууы.

2. Аутсорсингалық қызметтің нәтижесінде алынатын тауардың немесе қызметтің сапасының артуы:

- компанияның да өзінің негізгі қызметіне бағытталуы;

- жұмыс орындау барысында арнайы технологияларды қолдану мүмкіндігі.

3. Бизнес үрдістерді орныдау барысындағы тәуекелдің азаюы:

- орындаушылар нарығында бәсекелестіктің болуы;

- жетіспейтін факторларлардың компанаияға тигізер әсерін азайту;

- тәуекелдің 2 компнаия арасында бөлінуі.

4. Қор нарығына кіруге мүмкіндік артуы (инновациялық тартымдылықтың артуы).

Сонымен қатар, аутсорсингтің қызметтің кемшіліктері:

1. ұлттық мәдениетті білмеуі (егер тапсырыс беруші мен мердігер екі бөлек елдің компаниялары болса);

2. мамандардың біліктілігінің төменгі деңгейі (тапсырыс беруші компания үшін);

3. мамандардың тұрақсыздығы.

Аутсорсингтік қызметтер компнаияның мердігерге берген тапсырмаларына байланысты әр түрлі болып келуі мүмкін. Дегенмен, әлем елдерінде ең кең тараған аутсорсинг қызметтерінің түрлері мыналар:

- телефон қоңырауларының орталықтанған өңдеуі;

- бухгалтерлік есеп және салықтар есебі;

- материалдар мен тауарлар, негізгі қорлардың есебін жүргізу;

- қызметтің заңдылығын жүргізу;

- қызметкерлердің еңбекақысын есептеу;

- қызметкерлерді басқару;

- мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйені басқару;

- қоғаммен байланыс және маркетингтік қызметтер;

- жобаны дайындау;

- экономикалық қауіпсіздік мәселелері;

- жеткізу мен логистика жұмысы;

- өнім өндіру;

- құрастыру жұмыстары;

- көлікті жөндеу және оның бөліктерін жасап шығару, техникалық қамтамасыз ету.

Аутсорсинг қазіргі таңдағы ең кең таралған бизнестің бір түрі. Ол тек осы аталған салаларда ғана емес, басқа да көптеген салаларда қолданылады.

Аутсорсингтік қызметтегі мәмілелер, операциялар және олардың түрлері

Аутсорсинг қызметтің түрлері мынадай 3 белгісі бойынша анықталады:

1. атқаратын қызметі бойынша: басқару функциясының берілуі;

2. операциялық қызметі бойынша: өндіріс үрдісінің берілуі;

3. ресурс үнемдеу қажеттілігі бойынша: өз ресурстарынан бас тарту және оларды басқа ұйымдажүзеге асыру .

Аутсорсингтік қызметтегі мәмілелердің мынадай түрлері бар:

1. өндірістік аутсорсинг: өнім өндіру түгел немесе жартылай аутсорсингтік компанияға беріледі;

2. АТ-аутсорсинг, (ITO): компанияның ақпараттық жүйесін басқаруға байланысты сұрақтардың делегірлеу арқылы шешілуі;

3. бизнес үрдістердің аутсорсингі: компнаияның бизнес үрдістерін жүргізуде сыртқы ресурстардың білімін, тәжірибесін қолдану;

4. біліктілікті басқару аутсорсингі: бұл қазіргі кезде тек АҚШ-та қолданылуда. Бұл өте маңызды деген мәлімететр базасымен, мәліметтерді өзгертумен жұмысты басқаға компнаияға берумен тікелей байланысты аутсорсинг.

Аутсорсигтік қызметтер, ең алдымен, сенімхатқа негізделген келісімшарттық жұмыс болып табылады. Аутсорсинг – «тапсырыс беруші-орындаушы» арасындағы жай ғана қарым-қатынас емес, ол серіктестіктің түрі. Соған сәйкес, 2 компания арасында мәміле пайда болады. Оның бірнеше түрлері бар:

1. толық аутсорсинг мәмілесі, тапсырыс беруші мен орындаушының арасындағы қызметтердің толықтай тапсырылуы;

2. бөліктік аутсорсинг мәмілесі бойынша өндірістің үлкен бөлігі клиенттің өзінде қалады, ал орындаушыға аз ғана бөлігін тапсырады;

3. бірлескен аутсорсинг мәмілесі 2 жақта саудамен айналысушы компания болғанда жасалады;

4. аралық аутсорсинг мәмілесі біліктілігі жоғары серіктестіктері бар компания бөлімшелерін үшінші жаққа бергенде қолданылады:

5. ауыстырмалы аутсорсингтік мәміледе компания өзінің соңғы өнімін толықтай жасап болған кезде ғана аутсорсингтік қызметті тұтынушыға тауарды өткізу үшін қолданады.

Қазіргі таңда аутсорсингтік операциялар кеңінен қолданылатын сфералар бар. Солардың бірі – ақпараттық технологиялар саласындағы аутсорсинг. Корпоративті ақпараттық жүйенің дамуы – аутсорсингтің дамуына алып келді. АТ-аутсорсингтің ең қарапайым мысалы: сайттар бойынша хостингті жатқызуға болады. Осы саладағы әлемдік танымал IBM және HP компаниялар болып табылады.

Сонымен қатар осы саладағы қызмет түрлеріне IP-телефония, АТ-аудит, мәліметтер базасы, консалтингті жатқызуға болады.

Қаржы саласындағы аутсорсинг. Бухгалтерлік аутсорсинг – компанияның бухгалтерлік есебін тапсырыс берушінің тіркелген мемлекетіндегі бухгалтерлік есептің барлық заңдылықтарына сай етіп жүргізуші аутсорсинг компнаияларының қызметі болып табылады.

Түгендеу аудиті компаниядағы мүліктердің есебін шығарумен тікелей байланысты. Мұнда кодпен есептуге арналған технологиялар қолданылады.

Қызметкерлердің еңбекақысын есептеу саласындағы аутсорсинг. Бұл кезде еңбекақыны төлеу емес, оның жалпы көлемін, сыйақы мөлшерін, іс-сапар төлемі, жәрдемақы есептелінеді.

Персоналды басқару саласындағы аутсорсинг. Көбінесе, аутсорсинг компанияларына мамандарды таңдау мен іздеу мәселелері тапсырылады.

Маркетинг саласындағы аутсорсинг. Бұл саладағы ең кең тараған аутсорсинг – колл-орталықтардың қызметі. Бастыстың ірі компаниялар дәл осы қызмет түрін өз компаниясының өнімін жарнамалауда жиі қолданады. Мұнда олар арзан жұмыс күші бар елдердің аутсорсинг-компанияларының қызметін пайдаланады.

Аутсорсингтік операцияларды ұйымдастыру және оларды жүргізу техникасы

Аутсорсингті жүргізу мен ұйымдастыру кезеңдері:

1. Шешім қабылдау үрдісі:

- компанияның алға қойған мақсатына жету жолындағы «әлсіз жақтарын» анықтау, бизнесті қолдау жәге оған жету жолдарын анықтау;

- алға қойған мақсаттың орындалуына қажетті ресурстарды анықтау;

- шешім қабылдауға әсерін тигізетін факторлардың (тапсырманың қиындығы, жұмыс көлемі, жұмысты орындау жылдамдығы) орын алуы;

- тәуекелді анықтау (серіктестің тәуекелділік дәрежесі, операциялық тәуекел).

2. Аутсорсинг көлемін анықтау:

- аутсориснгтік компнаияға берілетін қызметтік немесе тауардың көлемін анықтау;

- берілетін тапсырманың түрін анықтау.

3. Провайдер мен мәміленің түрін анықтау:

- маркетингтік зерттеулер жүргізу, қызмет көрсетуші компанияларды зерттеу;

- шешім қабылдауды байланысты кілттік көрсеткіштерді анықтау;

- мәміле шартында 2 жақтың міндетін нақты әрі теңдей бөлу.

Шешім қабылдау үрдісі төмендегі белгілерге байланысты анықталады:

- бизнестің түрі, мінездемесі;

- провайдердің беделі, соның ішінде нарықтағы рөлі;

- серіктестіктер арасындағы сенімхат;

- заңдылық көрсеткіштеріне сай келуі.

Ал, шешім қабылдаудан кейінгі үрдіс аутсорсинг операциясының жүзеге асырылуы болып табылады. Оны 1-суреттен көруге болады.

Аутсорсингтік операциялардың басқарушылары екеу болады:

1. бірінші жақ, тапсырыс беруші жоғарғы басшылық ;

2.жұмыстың тиімділігіне жауап беруші жақ, жұмыс жүргізу басшылық.

Аутсорсинг үрдісі жүзеге асқаннан бастап, жауапкершілктер мен міндеттер 2 жаққа теңдей бөлінеді.

Қазақстандағы аутсорсинг және даму проблемалары

Қазақстандағы аутсорсинг нарықта сұранысқа ие болғандығына және көп жылдық тәжірибеге қарамастан жетілмеген күйінде қалып отыр. Тапсырыс берушілер өз жұмыстарын жүргізуде қазақстандық аутсорсингтік компанияларға емес, шетелдік қызметті пайдаланғанды жөн көреді. Ал, қазақстандық аутсорсерлер болса, маман құрамының нашарлығынан зиян шегуде. Сондықтан, шетелдік және ресейлік аутсорсингтік компаниялар деңгейіне жету үшін де біраз ауқымды ізденістер мен жігерлік таныту керек.





Сурет 1. Аутсорсинг операцияларының жүзеге асу схемасы.

Дегенмен, J'SON &Partners-тің зерттеуі бойынша, 2011 жылғы Қазақстандағы АТ-аутсорсинг қызметтерінің көлемі 750 млн АҚШ долларын құраған. 2012 жылы бұл көрсеткіш 1 млрд. АҚШ долларына дейін көтеріледі J'SON &Partners халықаралық консалтингтік компаниясы деп есептейді. АТ-аутсорсингінің өсуі Қазақстандағы инвестициялардың өсуімен тікелей байланысты екендігін де атап өтті.

Қазақстандағы жалпы аутсорсинг саласының негізгі мәселері мыналар:

1. аутсорсинг – міселені шешудің кешенді түрі. Бұл жағынан келгенде, қазастандық аутсорсерлер тек бір жақты ғана жұмыс жасалуы болып табылады. Сондықтан жүйелі ұйымдастыралған ізденіс қана мәселені шешуге өзінің оң ықпалын тигізеді.

2. қазақстандық мамандардың біліктілігінің төмен деңгейі;

3. тапсырыс берушілердің отандық аутсорсерлерге сенімсіздікпен қарауы;

4. аутсайдер компаниялардың арасында лидердің жоқтығы;

5. аутсорсер компнаиялар өзіне клиенттерді бағаны төмендету арқылы тартуға тырысады, ал, қызмет сапасы бағамен бірге төмендей береді. Нарықты бағаны төмендету арқылы емес, сапаны арттыру арқылы ғана аутсорсингтік қызметі кәсіпкерлік қызметте кең орын алу керек;

6. мемлекет тарапынан АТ-аутсорсингтік инфрақұрылымды дамытуға бюджеттен қаржының бөлінбеуі.

Сурет 2. Қазақстандағы аутсорсингтік қызметтерден түскен пайда көлемі.




Кемшіліктерге қарамастан, Қазақстандық аутсорсингтен түсетін пайда көлемі жыл сайын артуда. Бұл көрсеткіштерді жыл сайын Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі үнемі бақылауда ұстап отырады. Министрліктің болжауы бойынша, болашақта қазақстандық аутсорсингтік компнаиялардың қаржысы жыл сайын 27 %-ға артады деп есептейді.

1.Б.Н.Исабеков. Аймақтық деңгейде инновациялық зерттеулер // «Астананың өркендеуі-өңірлердің өркендеуі» ғылыми-практикалық конференцияның материалдары – Өскемен, 2011. – 41 б.

2.Б.Н.Исабеков.Governmental support of entrepreneurship and ways of performing  development program //Институт экономических исследований. Экономика, финансы, инструменты – Астана,  2011,  № 2. – 91 с.

3.Б.Н.Исабеков. Парасатты экономика: дағдарыс пен серпіліс // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы - Астана, 2010, № 1. – 243 б.

4.Б.Н.Исабеков.Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері. Оқу құралы-Түркістан: Тұран, 2009.- 298 б.

5.Б.Н.Исабеков. Дағдарыс жағдайында отандық өндірісті ұйымдастыру мәселелері // А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы, 2009, № 2. – 186 б.


Похожие:

Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор iconҚазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі
Белгілі ғалым, Қаз қср-ның Ғылымына еңбегін сіңірген қайраткер, экономика ғылымдарының докторы, профессор моисей аронович гендельманның...
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор icon1 (49) 2013 вестник выходит 4 раза в год Орал-Уральск в ыпуск 1 (49) шығарылым
Т. Вюнш – философия докторы (PhD), профессор, докторы философии (PhD), профессор
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор icon8 Ориентиры для образования. "Новости-Казахстан"//Караван. 2013. 1 февраля. С. 5
Ахан ДҮйсембаев, экономика ғылымдарының докторы, академик, Еуразия халықаралық экономика академиясының толық мүшесі. Инновация –...
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор iconҚылмыс қҰрамы павлодар
Ағыбаев А. Н. заң ғылымдарының докторы, профессор аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика...
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор iconПрограмма-приглашение
«Астана медицина университеті» АҚ-тың Ғылыми және клиникалық қызметтер жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор...
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор iconФилология ғылымдарының докторы, профессор
...
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор icon5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) 1 курс ІІ семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор icon5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Оқу сағатының (кредиттер) көлемі 180 сағат, 4 кредит 2 курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Б. Н. Исабеков экономика ғылымдарының докторы, профессор icon5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница