Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету




Скачать 414.83 Kb.
НазваниеПрограммалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету
страница1/4
Дата конвертации13.02.2016
Размер414.83 Kb.
ТипПрограмма
источникhttp://www.infos.kz/wp-content/uploads/2014/09/inf5_OMJ.doc
  1   2   3   4
«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы


Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

  3. Оқыту міндеттері:

  1. ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  2. есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  3. ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  4. программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  5. ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  6. жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  7. алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  8. қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  9. оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

  1. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.

  2. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;

  2. калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;

  3. графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.

  1. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;

  2. электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;

  3. стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;

  4. кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;

  5. есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика

  6. элементтерін пайдалану;

  7. математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;

  8. программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

  1. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;

  2. әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;

  3. геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.

  1. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан

  2. білімге тірек жасау;

  3. дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;

  4. физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;

  5. алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;

  6. дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.

  1. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:

  1. информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;

  2. мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

  3. мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;

  4. жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;

  5. операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  6. программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;

  7. телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

  1. Биология пәнімен пәнаралық байланыс:

биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:

химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:

дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.

  1. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

  2. мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:

мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;

  2. ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.



Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

Кіріспе (1 сағат):

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):

информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;

ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

  1. Компьютер (9 сағат):

компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері;

пернетақта;

программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері;

файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту,

объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат):

қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;

қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;

калькулятор, блокнот;

дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.

  1. Жобалық іс-әрекет (4 сағат).



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  1. 5-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережесін;

  2. информатика пәні нені оқытатының;

  3. ақпарат түсінігін;

  4. ақпарат түрлерін;

  5. ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

  6. ақпараттың өлшеу бірлігін;

  7. компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;

  8. компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;

  9. операциялық жүйе ұғымын;

  10. операциялық жүйеде жұмыс істеу тәсілдерін;

  11. операциялық жүйені басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;

  12. ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;

  13. графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  14. мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  15. мәтінде теру ережесін;

  16. мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;

  17. калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  18. сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша бағдарламаларда жұмыс істеу тәсілдерін;

  19. мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін.

  1. 5-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

  2. ақпараттың түрін анықтауды;

  3. ақпараттық объектілері мен процесстердің сандық параметрлерін бағалау, олар: ақпаратты сақтау үшін қажетті жады көлемін;

  4. компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;

  5. файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;

  6. қарапайым графиктік редактор құралдарымен графиктік объектілерді салуды;

  7. мәтіндік редактор құралдарымен мәтінді теруді, редакциялауды, пішімдеуді;

  8. аралас құжаттарды құруды;

  9. калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;

  10. дыбыстық ақпаратты жазуды.



Информатика пәні. 5- сынып.

Іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбы: «Оқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын арттыруда

ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру».

мақсаты:

  • Білім беру үрдісінде ақпараттық–коммуникациялық технологияларды және есептегіш техникалар мен мультимедиалық құралдарды пайдаланып оқушылардың білім, икем-дағдыларын қалыптастыру,

  • Байқау қабілетін жетілдіру, оқуына талдау жасау,

  • Оқушының ғылыми ізденісіне жол ашу, белгілі бір мақсатқа бағытталған жұмыс нысанын анықтау.



міндеті:

  • Оқушының қазіргі қоғамның сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік құралдарды қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған оқушы қалыптастыру;

  • Компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдаланудағы білім-біліктерін, дағыдыларын қалыптастыру;

  • Ақыл-ой қабілетті ұшталған «Мен» жүйесі қалыптасқан, өзін-өзі басқара, бағалай алатын, ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгерген жеке тұлға қалыптастыру;

  • Бала бойындағы бейімділікті көре, болжай білу, әрі қарай дамытуға, олардың ерекше қабілеттерінің дәрежесін анықтап, олардың толық ашылуына жағдай жасау;

  • Ақпараттықкоммуникациялықтехнологияларбойыншапрактикалықшаралардыанықтап, жүзегеасыру;



Қолданылған ресустар: орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, сабақ презентациялары, бағалау парақтары, сауалнамалар, постерлер, фото, бейнежазалар.


Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелері. 1 сағат


Мақсаты:

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, көз талғанда жасалатын жаттығулар жасай білуді үйрету.




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Күні

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты

Оқып-үйренудің нәтижесі

бағалау

Үйге тапсырма

Ресурстар



1


Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.



1





-Компьютермен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасының ережелерін

-компьютер сыныбындағы іс-әрекет режелерін

-қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін меңгерту


-көз талғанда жаттығулар жасауды үйренеді

-өрт сөндіргішті қолдана алады

-жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды үйренеді

Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау Формативті бағалау



§1

ереже жаттау


Информатика оқыту әдістемесі

Атамұра 2003


Интернет материалданы
  1   2   3   4

Похожие:

Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету icon7 сынып Геометрия
Білімділігі: Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамасын, қасиеттерін білуге есептер шығаруда, сол қасиеттерді пайдалана білуге...
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету icon«Іздегенім табылады өзіңнен » Кітапханалық сабақ
Мақсаты: оқушылардың анықтамалық басылым туралы білімдерін кеңейту. Энциклопедияларды, сөздіктерді дұрыс пайдалана білуге үйрету,...
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету icon" программалау" пәні бойынша
Студенттерге бағдарламалау тілінің негізгі құрылымдарын үйрету, коман-далар мен операторлардың қызметі мен пайдалану ережелерімен...
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету icon4 тақырып Алгоритмдердің сызықтык құрылымын программалау
Студенттерге бағдарламалау тілінің негізгі құрылымдарын үйрету, командалар мен операторлардың қызметі мен пайдалану ережелерімен...
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету iconАқмола облысы Бурабай ауданы Тақырыбы
Дамытушылық: ойлау, түсіну, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілге тән дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету, киім түрлерін ажырата...
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету iconСабақ барысы: I ұйымдастыру кезеңі: (мемлекеттік гимн орындалады)
...
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету iconМәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер пәнінің типтік бағдарламасы бойынша студенттер мыналарды білуі тиіс
Сонымен қатар, алынған ақпаратты талдай білуге, өз бетінше зерттеу жүргізіп, шешімдер қабылдай білуге үйрету
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету iconПрограммаға қойылатын талаптарға талдау (анализ) жасау
Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер мен ұстанымдар. Программалау технологиясының даму кезеңдері
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету iconҚазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мақсаты әрбір сабаққа озат дайындық, жаңаа технологиялық әдістерді қолдану және жоғары көрсеткішке ие болу, мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуіне бағыт-бағдар беру. Негізгі міндеті
Негізгі міндеті – оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, оларды білуге ынталандыру, шығармашылық іске ұмтылдыру, ойлана,...
Программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету iconСабақтың құрылымды-логикалық сызбасы мен хронокартасы
Студенттерді ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница