Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы




Скачать 310.88 Kb.
НазваниеҚаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы
страница2/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер310.88 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish868769_9174.doc
1   2   3
1-қосымшасына сәйкес жасалған тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабаның 1-тармағында белгіленген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілікті депозитарийге олар туындаған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ұсынады.

Акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийге сотта корпоративтік дау бойынша iс қозғалғаны туралы ақпаратты соттың корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi хабарламасын (шақыруын) қоғам алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде береді.

8. Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийге және тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жасалған Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында көзделген бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері туралы ақпаратты интернет-ресурсында орналастыру үшін олар туындаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынады.

9. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушысының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалады және мынадай тәртіпте қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:

1) корпоративтік оқиғалар, жылдық немесе тоқсан сайынғы қаржылық есептілік үшін арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің тиісті шаблоны толтырылады. Акционерлік қоғам және эмитент қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (электрондық ақпарат тасымалдауыштарда) немесе қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында бағдарламалық қамтамасыз етуді алады;

2) шаблонды толтыру нәтижесінде ЭЦҚҚ қол қоюға қажетті электрондық есеп қалыптастырылады;

3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған:

жылдық қаржылық есептілікті орналастырған кезде - акционерлердің жалпы жиналысының «Acrobat Reader» электрондық форматында жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті бекіту туралы сканирленген шешімдері (қол қойылған және аудиторлық ұйымының мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі);

осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген ақпаратты орналастырған кезде - «Acrobat Reader» электрондық форматында акционерлік қоғамының сканирленген өтінімі (қазақ және орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз ету шаблонда ақпараттық хабарламаның мәтінін теру нәтижесінде басып шығарылған, бірінші басшысы қол қойған және мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі) қоса тіркеледі;

Акционерлік қоғамдар туралы заңның және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес немесе қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында акционерлік қоғамының «электрондық досье» қосымша бетінде орналастыратын өзінің бастамасы бойынша жарияланатын «Acrobat Reader» электрондық форматында сканирленген құжаттар;

4) депозитарий құрылымына есепті жіберу және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуде бар сервисті пайдалана отырып, қаржылық есептілік депозитарий серверіне (эмитентте интернетке шығу болған кезде) немесе қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының өңірлік бөлімшелеріне (электрондық ақпарат тасымалдауышта) электрондық есепті жібереді.

10. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым акционерлік қоғамының электрондық есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде акционерлік қоғамының оның ЭЦҚҚ көрсетілген электрондық адресіне электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарийге енгізу және оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электронды хабарлама жібереді.

11. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының қол қойылған ЭЦҚҚ электронды хабарламасы басып шығарылу, бірінші басшы, бас бухгалтер және корпоративтік хатшысы (корпоративтік оқиғаларды орналастырған кезде) қол қою және акционерлік қоғамда сақталу тиіс.

12. Акционерлік қоғамының осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының қаржылық есептілікті қабылдауынан бас тартуына негіз болып табылады.

13. Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат және қаржылық есептілік әрбір акционерлік қоғам және қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент бойынша бөлігінде қалыптасады.

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері не акционерлік қоғамның бұрын болған корпоративтік оқиғалардың, оның ішінде ұзақ сипаты бар салдарлары туралы ақпаратты ұсынған кезде бірыңғай ақпараттық хабарлама мәтінінде сол сияқты бұрын орналастырылған ақпарат көрсетіледі.

14. Акционерлік қоғамы және қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiге және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасына жылдық және тоқсан сайынғы есептілікті, аудиторлық есептерді, корпоративтік оқиғалар туралы және қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері туралы ақпаратты, қаржылық есептiлiк депозитарий және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасы оларды алған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде орналастырады.

15. Қаржылық есептілік, аудиторлық есептер және қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурсында орналастыруға жататын өзге ақпарат осы Қағидаларында белгіленген тәртіпте орналастырған күннен бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының басқа дерек көзі арқылы жариялауға (орналастыруға) жатпайды.

 

Қаржылық есептілік депозитарийінің,

қор биржасының интернет-ресурсында

корпоративтік оқиғалар туралы

ақпаратты, қаржылық есептілікті және

аудиторлық есептерді орналастыру

қағидаларына

1-қосымша

 

 

Қаржылық есептілік депозитарийінің және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын акционерлік қоғамының корпоративтік оқиғалар туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын

талаптар

 

р/с №

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

1

2

3

1.

Ақпаратты акционерлік қоғам акционерлерге және инвесторларға жіберетін ішкі құжаттарына сәйкес мәселелердің тізбесі бойынша акционерлердің жалпы жиналасында және директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1) Эмитенттің толық атау мен орналасқан жері;

2) акционерлердің жалпы жиналысын, директорлар кеңесін өткізу күні, уақыты және орны;

3) акционерлердің жалпы жиналысында, директорлар кеңесінің отырысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер;

4) акционерлердің жалпы жиналасында және дауыс беру қорытындыларын (нәтижелерін) көрсете отырып директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер;

5) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер.

 

2.

Акционерлік қоғамының акцияларды және басқа бағалы қағаздарды шығару туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) акционерлік ақпараты бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, қоғамның бағалы қағаздарын өтеу, қоғамның бағалы қағаздары шығарылымын жою қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы ақпарат

1) бағалы қағаздарды мемлекеттік шығаруды жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу күні;

2) шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі,

3) облигацияларды шығарған жағдайда қосымша номиналды құны, айналысқа жіберу мерзімі және өтеу тәртібі, олар бойынша кірісті төлеу тәртібі мен мерзімдері, ковенанттар және (немесе) олардың шығарылым проспектісінде көрсетілген шектеулер;

4) жарияланған бағалы қағаздардың санын өсуі: жарияланған бағалы қағаздар санын өсіру бөлігінде бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні, жарияланған бағалы қағаздардың санын өсуі туралы шешімді қабылдау күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамы органының, бағалы қағаздардың түрлері бойынша бөлігінде бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны;

5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімді қабылдаған күні;

6) бағалы қағаздарды орналастыру басталған күні, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсете отырып бағалы қағаздарды орналастыру шарттары;

7) бағалы қағаздарды орналастыру аяқтау күні (орналастырған есепті кезеңін көрсете отырып), бағалы қағаздарды өтеу күні;

8) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіткен күні, есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсете отырып өтеу қорытындылары туралы есеп;

9) есепті кезеңде акционерлік қоғамы олар шығарған бағалы қағаздарды олардың ұстаушылардан сатып алған саны мен түрі;

10) есепті кезеңде акциялар бойынша дивидендтерді, облигациялар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер;

11) жою үшін негіздемесін көрсете отырып бағалы қағаздарың шығарылымын жойған күні.

Акционерлік қоғамы уәкілетті органнан эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алған жағдайда уәкілетті органның осындай рұқсаттың күні және нөмірі, сондай-ақ шығарылымның негізгі параметрлері көрсетіледі.

3.

Акционерлік қоғамы ірі мәмілелерді жасағаны және оны жасағанда қоғамның мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғамы органының мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдау күні;

2) мәмілелер мәні болып табылатын мүліктің құны;

3) мәмілелер мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні;

4) осы акционерлік қоғамының активтерінің жалпы құнына мәмілелер мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арақатынасы;

5) мәмілелердің негізгі маңызды шарттары;

6) мәмілелерді жасау күні.

4.

Акционерлік қоғамының мүлігін осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомасына кепілге беру

1) Эмитент органымен мәміле (қарыз бойынша) жасау туралы шешім қабылдау күні;

2) мәміле жасау күні;

3) мәміле мәні болып табылатын мүлік құны;

4) мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні;

5) осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына мәміле мәні болып табылатын мүліктің пайыздық қатынасы;

6) мәміленің негізгі елеулі талаптары.

5.

Акционерлік қоғамы қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде заемды алу туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамы органының заемды алу туралы шешімді қабылдаған күні;

2) акционерлік қоғамы заемды алған күні;

3) акционерлік қоғам алған заемды мақсатты пайдалану;

4) акционерлік қоғам алған заемның мөлшері;

5) акционерлік қоғамының меншікті капиталының мөлшеріне акционерлік қоғамы алған заемның мөлшеріне пайыздық арақатынасы.

6.

Акционерлік қоғамның қандай да бір түрдегі қызметті жүзеге асыруға, қоғамның қызметтің қандай да бір түрін жүзеге асыруға бұрын алған лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат

1) лицензия берген, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы;

2) лицензияның берілген күні, нөмірі, лицензияның қолданылу мерзімі;

3) лицензияланатын қызмет түрінің атауы;

4) мемлекеттік органның лицензияның қолданылуын тоқтату (тоқтату мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;

5) лицензияны тоқтата тұру (жаңарту) негіздеме;

6) мемлекеттік органның лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күні (лицензиия қолданысын тоқтатуға негіздеме.

7.

Заңды тұлғаның мекемесінде акционерлік қоғамның қатысуы туралы ақпарат

 

1) Акционерлік қоғамының заңды тұлғаны құру (мекемеде акционерлік қоғамының қатысуы туралы) туралы шешім қабылдаған акционерлік қоғамы органының атауы, күні және нөмірі;

2) Құрылатын заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

3) Құрылатын заңды тұлға жүзеге асыратын қызмет түрлері.

8.

Акционерлік қоғамының мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамының мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылданған күн, нөмірі, қоғамының мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі;

2) тыйым салынған акционерлік қоғамның мүлігінің атауы және оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы;

Банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салған жағдайда - тыйым салынған ақша сомасын көрсету.

Бағалы қағаздарға тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы деректер;

3) тыйым салудан босатқан жағдайда - эмитенттің мүлкін тыйым салудан босату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органы шешім қабылдаған күні, нөмірі.

9.

Баланстық құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан астам пайызды құрайтын нәтижесінде акционерлік қоғамның мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлар туралы ақпарат

1) төтенше сипаттағы жағдайлар басталуына байланысты жойылған акционерлік қоғамы мүлігінің атауы;

2) төтенше сипаттағы жағдайлар басталған нәтижесінде жойылған акционерлік қоғамы мүлігінің баланстық құны;

3) акционерлік қоғамының мүлігі жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы жағдайлардың басталған күні.

10.

Акционерлік қоғамын және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат

1) Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған мемлекеттік органның атауы;

2) мемлекеттік органның әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған күні, нөмірі;

3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің бабын көрсете отырып әкімшілік жаза қолданудың (әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы) мазмұны.

11.

Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалуы туралы ақпарат

1) корпоративтік дау бойынша талапкердің, жауапкердің толық атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты; заңды тұлғаның орналасқан жері);

2) талап қою арызы берілген күн, талап қою арыздарының қысқаша мазмұны;

3) корпоративтік дау бойынша талап қою арызы қаралатын соттың атауы;

4) сот шешімі қабылданған күні, сот шешімінің қарарлық бөлігінде көрсетілген мәліметтер;

5) апелляциялық, кассациялық шағымдар беру, өтініштер беру, сот шешімін наразылық білдіру және оларды қарау нәтижелері туралы.

12.

Акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру туралы шешімі туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғамды қайта құру, тарату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, қайта құрылатын заңды тұлғалардың орналасқан жері, атауы, қайта құрудың басқа талаптары;

2) Акционерлердің жалпы жиналысында мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған күні, мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің күні мен нөмірі, тарату комиссиясының күні;

3) Акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру, тарату туралы қабылданған шешімді шағымдану, орындау туралы ақпарат.

13.

Акционерлік қоғамының жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамының бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерiнiң және инвесторларының мүддесiне қатысты өзге ақпараттары туралы ақпарат

акционерлік қоғамының жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамының бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерiнiң және инвесторларының мүддесiне қатысты өзге мәліметтер.

 

Қаржылық есептілік депозитарийінің,

қор биржасының интернет-ресурсында

корпоративтік оқиғалар туралы

ақпаратты, қаржылық есептілікті және

аудиторлық есептерді орналастыру

1   2   3

Похожие:

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconБухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconҰлттық Банкі Басқармасының
«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы icon1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары
Ақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconОблыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары
Және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы
Республикасы Заңының 74-бабына, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, «Бухгалтерлік есепке алу...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница