Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы




Скачать 310.88 Kb.
НазваниеҚаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы
страница1/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер310.88 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish868769_9174.doc
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 10:42:23


Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

72 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру

қағидалары

 

Осы Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қағидалар «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және:

акционерлік қоғамы қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсында Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, акционерлік қоғамының жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді;

қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ақпаратқа қосымша ретiнде жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктi, аудиторлық есептердi және тiзбесi Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

1. Осы Қағидаларының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу жөніндегі қызметті жүргізуге уәкілетті «Ақпараттық-оқу орталығы» акционерлік қоғамы;

2) бағдарламалық қамтамасыз ету - қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамасыз етуінде ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған «Есептілікті берудің бірыңғай жүйесі» (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамасыз ету;

3) электрондық цифрлық қол қою (бұдан әрi - ЭЦҚҚ) - бұл электрондық цифрлық қол қою құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық символдардың жиынтығы;

4) электрондық есеп - ұлттық куәландырушы орталығы берген ЭЦҚҚ қол қоятын осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандарымен қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны;

5) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;

6) қор биржасының интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы.

2. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында қаржылық ұйымы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын акционерлік қоғамы есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде қаржылық есептілік депозитарийге Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452) (бұдан әрі - № 422 бұйырығы) бекітілген тізбесі мен нысандарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында қаржылық ұйымы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамыздан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийге және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасына № 422 бұйырығымен бекітілген тізбесі мен нысандарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті ұсынады.

Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын акционерлік қоғамы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамыздан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6992) (бұдан әрі - № 44 қаулысы) бекітілген тізбесі мен нысандарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ бар болса аудиторлық есепті ұсынады.

Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамыздан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийге және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасына № 44 бұйырығымен бекітілген тізбесі мен нысандарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ бар болса аудиторлық есепті ұсынады.

3. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында қаржылық ұйымы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы болып табылатын акционерлік қоғамы жыл сайын қаржылық есептілік депозитарийге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 84 қаулысында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5801) (бұдан әрі - № 84-қаулы) белгіленген мерзімдерде аудиторлық ұйымымен расталған жылдық қаржылық есептілікті (болған жағдайда еншілес ұйымы (ұйымдары)) - шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында бағалы қағаздары қаржылық ұйымы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы болып табылатын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент жыл сайын қаржылық есептiлiк депозитарийге және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасына № 84 қаулысымен белгілеген мерзімдерде аудиторлық ұйымымен расталған жылдық қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда) - шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ бар болса аудиторлық есепті № 84 қаулысымен белгіленген мерзімде ұсынады.

Аудиторлық ұйымы жеке жылдық қаржылық есептілікті растау бойынша талаптар акционерлік қоғамға және еншілес ұйымы (ұйымдары) бар және қаржы ұйымдары және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы болып табылатын қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитентке 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

4. Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийге, тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасына, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және мыналарды қамтитын өзге ақпаратты ұсынады:

1) қаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенті үшін - № 422 бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларында белгіленген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп;

2) екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда қаржы ұйымы болып табылатын қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенті үшін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6890) белгіленген қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкi» акционерлік қоғамының қаржылық есептiлiгiнiң тiзбесi, нысандары және ұсыну мерзiмдерi туралы нұсқаулықтың 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалған бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп;

3) бағалы қағаздары екінші деңгейдегі банк болып табылатын қор биржасының тізіміне енгізілген эмитенті үшін - Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3750) қосымшасымен белгіленген нысанға сәйкес жасалған банктің баланстағы және баланстан тыс шоттардағы қалдықтары туралы есеп;

4) арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенті үшін - № 44 қаулысының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп;

5. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруға тиісті жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына сәйкес ұсынылады.

6. Тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыруға тиісті жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті эмитент Microsoft Office Excel форматта электрондық тасымалдауышта ұсынады.

2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептiлiк қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.SUB1000

Аудиторлық есеп қор биржасына PDF, TIFF немесе JPEG форматтарда ұсынылады (қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі).

7. Акционерлік қоғам осы Қағидалардың
  1   2   3

Похожие:

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconБухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconҰлттық Банкі Басқармасының
«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы icon1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары
Ақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconОблыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары
Және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы
Республикасы Заңының 74-бабына, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, «Бухгалтерлік есепке алу...
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница