Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы




Скачать 57.13 Kb.
НазваниеЭлектрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы
Дата конвертации13.02.2016
Размер57.13 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.urzhar.vko.gov.kz/kz/files/electron1_07.doc

rect1





Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі N 598 Қаулысы


      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.


      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.


      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 13 шілдедегі
598 қаулысымен   
бекітілген    


Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарына орналастыру ережесі


      Ескерту. Тақырыбындағы және мәтін бойынша «веб-сайттарына» «веб-сайтына», «веб-сайттарында», «веб-сайттарының» деген сөздер «интернет-ресурстарына», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстарының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстарының» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.


1. Жалпы ережелер


      1. Осы Ереже "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру тәртібін айқындайды.


      1-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпінді және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлінеді.
      Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.29 № 698 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


      2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      1) атрибут – HTML тілінің түрлеріне, алаңдарына, әдістеріне, ерекшеліктеріне және басқа да кейбір құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;
      2) балама мәтін – тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;
      3) веб-контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;
      4) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;
      5) серпінді ақпарат – бұл мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар және басқалары);
      6) статикалық ақпарат - мемлекеттік органның ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар, мемлекеттік органның құрылымы, ережесі және басқалар);
      7) тегі – интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі;
      8) Web Content Accessibility Guidelines (WCAG.2.0) – әртүрлі пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді веб-контентті құрудың заманауи ережелері мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқалық.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.29 № 698 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1386 қаулысымен.


2. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарына орналастыру тәртібі


      3. Мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшелері электрондық ақпараттық ресурстар дайындайды және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыруға аппарат басшысымен, жауапты  хатшымен, жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған лауазымды тұлғамен келіседі.


      4. Келісілгеннен кейін электрондық ақпараттық ресурстар оларды мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.


      5. Серпінді ақпарат жаңа ақпараттың түсу шамасына қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жаңартылады.


      6. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.
      Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар:
      1) Word, Ехсеl, НТМL және басқа мәтіндік форматтарда;
      2) JPG, GІF және басқа форматтардағы графиктік файлдар түрінде беріледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.29 № 698 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


      6-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру WCAG.2.0 сәйкес жүргізіледі:
      1) безендіру мақсатында пайдаланылатын мәтіндік емес веб-контенттен басқа мәтіндік емес және медиа веб-контенттер баламалы мәтінмен сүйемелденіп, бағдарламалық кодта тиісті атрибуттармен белгіленуге тиіс;
      2) веб-бетте бейнеленген, мағынасы оның түсіне байланысты болатын мәтіндік емес және мәтіндік веб-контент мағыналық жүктемесі дәл сондай баламалы мәтінді қамтуы тиіс;
      3) нысанында, мөлшерінде және орналасуында мағыналық жүктеме бар веб-контент элементтері тиісті мәтіндік анықтамамен сүйемелденуі тиіс;
      4) медиа веб-контент титрлермен немесе транскрипттермен сүйемелденуі тиіс;
      5) егер веб-контентті оқудың дұрыс дәйектілігі оның мағынасын анықтаса, онда ол бағдарламалы түрде анықталуы тиіс;
      6) үш секундтан аса автоматты түрде ойналатын аудио веб-контент үшін тоқтау, үзіліс немесе дыбысты ажырату механизмдерін беру қажет;
      7) интернет-ресурста орналастырылған веб-контент пернетақта арқылы басқарылуы тиіс;
      8) уақыт бойынша шектелетін бет немесе қосымша тоқтататын, икемдейтін немесе шектеу мерзімін ұзартатын механизмді қамтуы тиіс;
      9) секундына үш реттен астам жарқылдауды қамтитын, автоматты түрде қозғалатын, жыпылықтайтын, айналатын веб-контентті құру ұсынылмайды, қолданылған жағдайда осы веб-контентті тоқтату жөніндегі механизмді беру қажет;
      10) үлкен көлемді графикалық элементтері немесе навигациялық сілтемелері бар веб-бетте көрнекі бөлігінде веб-контенттің негізгі бөлігіне өту үшін сілтеме жасау қажет;
      11) әрбір веб-бетте беттің мақсаты мен тақырыбын сипаттайтын, тиісті тегте көрсетілетін ақпаратты тақырып болуы тиіс;
      12) сілтеменің мақсаты сілтеменің өз мәтінінен не сілтеме мәтіні мен оның бағдарламалы анықталған контекстінен түсінікті болуы тиіс;
      13) веб-бетте негізгі қолданылатын тіл тиісті атрибуттың көмегімен бағдарламалық кодта анықталуы тиіс;
      14) пайдаланушының ақпаратты енгізген кезіндегі анықталған кез келген қате мәтіндік хабарлама түрінде ұсынылуы қажет.
      Ескерту. Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.29 № 698 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


      7. Мемлекеттік құпияларды құрайтын, жариялануы шектеулі, сондай-ақ басылымдық жариялануы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған өзге де мәліметтер электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыруға рұқсат етілмейді.


3. Ақпараттық қамтамасыз ету


      8. Мемлекеттік органның интернет-ресурстарының ақпараттық көздері:
      тиісті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері;
      тиісті мемлекеттік органның ведомстволары;
      тиісті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;
      тиісті мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары;
      басқа ұйымдар берген мәліметтерді құрайды.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Похожие:

Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы icon1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері
Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану...
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы icon1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері
Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану...
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы iconҚОҒамдық Қолжетімді пункті (БҰдан әрі – ҚҚП)
ОҒамдық Қолжетімді пункті (БҰдан әрі – ҚҚП) – бұл мемлекеттік электрондық қызметті алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысы...
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы iconЖергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы
«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай...
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы iconҚаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың шілде айында тіркелген нормативтік құқықтық актілер тізімі
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы iconОңтүстік Қазақстан облыстық медициналық ақпараттық талдау орталығының директоры Е. Ахметовке
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Сізден Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып заңының Ережесін бекіту туралы»...
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы iconКонкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру
Азақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница