Скачать 33.94 Kb.
|
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында өткізіледі. 2. Жеңімпаздарды айқындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) басшылығымен бекітіледі. 3. Байқау комиссиясының құрамына Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің («Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының), «Қазақстан Республикасы журналисттер одағы» қоғамдық бірлестігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. 4. Осы Ереже Байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады. 2. Байқауға қатысу шарттары 5. Байқауға қатысушылар. Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ журналисттері шақырылады. 6. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы. Байқауға қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған материалдар қабылданады. 2015 жылғы 1 қаңтардан 30 қарашаға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері қабылданады. 7. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар. Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс. Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс. Ақпараттық агенттіктердің журналисттері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылғы 30 қараша. Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналисттің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі. 8. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді. 9. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді. 3. Байқаудың өту кезеңдері 10. Алғашқы кезең. Республикалық және жергілікті БАҚ-та Байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады. 11. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі. Байқау материалдары Агенттіктің мекен-жайына 2015 жылғы 30 қарашаға дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша Байқау лауреаттарын айқындайды. 12. Қорытындылау. Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік жұмыстарды анықтайтын Байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:
13. Жеңімпаздарды марапаттау. 4. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы 14. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері; мазмұндау стилі; авторлық тұжырымдаманың дербестігі. 5. Байланыс ақпараты Байланыс ақпараты: 010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, С. Сейфуллин көшесі, 37, тел.: +7 7172 90 93 17, электрондық пошта мекен-жайы: aytakyn.k@adgspk.gov.kz |
![]() | Реферат Орындаған: Баймаханов А Рз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және... | ![]() | Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және ... |
![]() | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы Төрағалық етті: Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның... | ![]() | Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы Ару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 «Қазақстан Республикасындағы... |
![]() | Әйтеке би ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары Р президентінің 26 желтоқсан 2014 жылғы №986 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас... | ![]() | Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат... |
![]() | 5. 4 Пәннің мазмұны: «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» пәнінің білім жүйесінде пәнаралық және толық пән болып табылады. Бакалавр даярлау кезеңінде барлық бағыттағы пәндерге арналған пән. 5 Пәнді игеру кезеңіндегі әдістемелік нұсқаулар Барлық бакалавр даярлау бағыттары және мамандықтар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» | ![]() | Конкурстық негізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының негізгі талаптары туралы жадынама |
![]() | Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы | ![]() | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Жарияланған: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат |