Ж
ОБА
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Шетелдік, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар: 1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар; 2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары; 3) корпоративтік бағалы қағаздар; 4) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар; 5) акциялар; 6) репо және кері репо операциялары; 7) депозиттер (салымдар) шетел валютасындағы және алтындағы; 8) кепілдік арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending); 9) туынды қаржы құралдары; 10) құрылымдық өнімдер; 11) валюталар; 12) ақша нарығы қорлары; 13) алтын, оның ішінде құймадағы және металл шоттардағы.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
р/с №
| Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты | 1 | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | ҚР Президентінің ҚРҰҚ құрамында бөлек алтын портфелін құру туралы 2013 жылғы 15 ақпандағы № 173-2 тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес отырысының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 01-7.9 хаттамасының шешімдерін іске асыру мақсатында. | 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін әртараптандыру мақсатында | 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | Жоқ | 7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасын кейін жобаға сәйкес келтіруді талап етпейді | 8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Талап етілмейді | 9. | Өзге де мәліметтер | Жоқ | 10. | Материалдарды (үзінді-көшірмелерді) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру | Рұқсат етіледі | 11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интренет–ресурсында (веб-сайта, интранет порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) | Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationakbank.kz веб-сайтында, Нормативтік құқықтық база" бөлімінде орналастырылған (536 Кб). |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қ. Келімбетов
2014 жылғы «____» ___________
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте
№ | Жобаның бабы, тармағы, тармақша сы |
Қолданылып жүрген редакция |
Ұсынылып отырған редакция
| Негіздеме түсініктемелер | 1.
| 1-тармақ
| 1. Шетелдік: 1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар; 2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары; 3) корпоративтік бағалы қағаздар; 4) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар; 5) акциялар; 6) репо және кері репо операциялары; 7) депозиттер (салымдар); 8) кепілдік арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending); 9) стандартты туынды қаржы құралдары; 10) құрылымдық өнімдер; 11) валюталар; 12) ақша нарығы қорлары.
| 1. Шетелдік, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар: 1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар; 2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары; 3) корпоративтік бағалы қағаздар; 4) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар; 5) акциялар; 6) репо және кері репо операциялары; 7) депозиттер (салымдар) шетел валютасындағы және алтындағы; 8) кепілдік арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending); 9) туынды қаржы құралдары; 10) құрылымдық өнімдер; 11) валюталар; 12) ақша нарығы қорлары; 13) алтын, оның ішінде құймадағы және металл шоттардағы.
| ҚР Президенттің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының құрамында бөлек алтын портфелін құру туралы 2013 жылғы 15 ақпандағы № 173-2 тапсырмасын орындау үшін, атап айтқанда ҚР ҰҚ активтерін инвестициялауға рұқсат етілген құралдар тізбесін алтын портфеліне арналған құралдармен толықтыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес отырысының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 01-7.9 хаттамасының шешімдерін іске асыру мақсатында. |
Төраға Қ. Келімбетов
Орындаушы: Қанаева Ж.С., тел.: .+7 (727)2704-964 Келісу парағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алынған күні | Мемлекеттік органдар, басшылар, құрылымдық бөлімше | Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.) | Келісу нәтижелері (белгісі немесе қолы, күні) | Қайтарылған күн | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
| | | |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
|
|
| |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
| | | |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың тізбесі
р/с № | Құжаттардың атауы | Құжаттың нөмірі мен күні | Парақ саны | 1. | ҚР Үкіметі қаулысының жобасы
|
|
| 2. | Жобаға түсіндірме жазба
|
|
| 3. | Жіберу көрсеткіші
| |
| 4. | Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері
| |
| 5. | Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының көшірмесі
|
|
| 6. | Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі
|
|
|
Үкіметтік шешімдер шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы __________ құжат келіп түсті, оларда ___________ парақ
Қолы __________ күні __________ |