Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




Скачать 350.69 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница3/4
Каймулдинова К Д
Дата конвертации13.02.2016
Размер350.69 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sa76ab430e5358d5b.jimcontent.com/download/version/1352392320/module/6522197368/name/%D0%9
1   2   3   4

11 сынып

(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)


Кіріспе (1 сағат)

Дүние жүзі елдеріне аймақтық шолу (60 сағат)

Еуропа елдері (19 сағат)

Еуропа елдеріне жалпы шолу (3 сағат)


Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Экономикалық-географиялық жағдайы. Саяси картасы мен мемлекеттер құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Экологиялық жағдайы және табиғат қорғау.

Халқы. Еңбек ресурстары. Халқының құрамы. Халықтың орналасуы және тығыздығы.

Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары. Шаруашылығының жалпы сипаты. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік жүйесі. Өндірістік емес салалар. Экономикалық ынтымақтастық және ішкі айырмашылықтары.


Еуропаның жоғары дамыған елдері (8 сағат)

Германия (2 сағат)


Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Аумағының құрамы. Табиғат ресурстары. Табиғат қорғау. Халқы.

Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік жүйесі. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм. Қазақстан мен Германияның өзара қарым-қатынастары.


Ұлыбритания (2 сағат)


Мемлекеттің құрамы мен құрылысы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Аумағының құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Құрылымы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы.

Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік. Сыртқы экономикалық байланыстары. Ұлыбритания мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстар.


Франция (2 сағат)


Мемлекеттің құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Экономикалық-географиялық жағдайы және құрамы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы.

Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік географиясы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Франция мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстар.


Италия (2 сағат)


Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Аумақтық құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Табиғат қорғау. Халқы.

Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм.


Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері (4 сағат)


Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне жалпы шолу. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Халқы. Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары.

Солтүстік Еуропа елдері. Жалпы ерекшеліктері.

Орта Еуропа елдері. Нидерланд. Мемлекеттік құрылымы мен геосаяси жағдайы.Табиғаты.Халқы.Шаруашылығы. Көлік жүйесі. Сыртқы байланыстары.

Оңтүстік Еуропа елдері. Испания. Жалпы шолу. Испания. Мемлекеттің құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстар. Туризм.


Шығыс Еуропа елдері (3 сағат)


Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік және байланыс географиясы. Ішкі экономикалық айырмашылықтары.

Чехия. Аумақтың құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекеттік құрылымы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Практикалық жұмыс (1 сағат)


1.Оқулық мәтіні мен анықтамалық деректер негізінде Еуропа елдері арасынан:

а) аумағы жөнінен ең ірі бес елді;

ә) халқының саны жөнінен ірі бес елді;

б) жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі ең жоғары бес елді;

в) урбандалу деңгейі ең жоғары бес елді;

г) халық ең тығыз орналасқан (тығыздықты есептеп шығару қажет) бес елді анықтап, дәптерге жазып алу.

2. Тақырыптық карталар мен оқулық мәтінін пайдалаланып, “Еуропаның минералды ресурстары” атты кесте құрастыру: кестенің 1-бөлігінде – пайдалы қазбалардың негізгі түрлері; 2-бөлігінде – таралған елдері.

3. Оқулық мәтіні мен экономикалық карталардың деректері негізінде Еуропадағы аса ірі өнеркәсіп орталықтарын анықтап, оларды мамандану салаларын көрсететін дөңгелектер түрінде кескін картаға белгілеу.

4. Солтүстік және Оңтүстік Еуропаның өздерің таңдап алған екі шағын капиталистік еліне салыстырмалы сипаттама беру. Сипаттама оқулық қосымшасында берілген жоспарға негізделуі тиіс.


Азия елдері (16 сағат)


Азия елдеріне жалпы шолу (4 сағат)


Азияның саяси картасы мен құрамы. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Тарихи-географиялық аймақтары. Мемлекеттер құрылысы.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Табиғат жағдайлары. Табиғат ресурстарының түрлері.

Халқы. Халық саны. Құрамы. Демографиялық жағдай. Халық тығыздығы. Урбандалу.

Шаруашылығының негізгі даму бағыттары. Азиядағы экономикалық кеңістіктің жалпы сипаты. Әлеуметтік-экономикалық даму үлгілері. Аймақтардың шаруашылық мамандану салалары. Елдерді топтастыру.


Азияның жетекші елі Жапония (2 сағат)


Мемлекеттің құрылысы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылысы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары. Шаруашылығының қалыптасу кезеңдері мен жалпы сипаттамасы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік қатынасы. Сыртқы байланыстары.


Азияның жетекші дамушы елдері (7 сағат)


Қытай Халық Республикасы (3 сағат)


Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Қытай мемлекетінің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы. Халқының тұрмысы мен мәдениеті.

Шаруашылығы. Жалпы сипаты. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік пен байланыс.

Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары. Ерекше экономикалық аудандар және теңіз маңы ашық белдеуі. Баж салығынсыз сауда аймақтары. Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Үндістан (2 сағат)


Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Құрылымы және экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы. Табиғаты және табиғат ресурстары.

Халқы және шаруашылығы. Халқы. Ауыл шаруашылығы. Өнеркәсібі. Көлігі. Ішкі айырмашылықтары. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Түркия (2 сағат)


Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Түрік мемлекетінің тарихи қалыптасуы және геосаяси жағдайы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы.

Шаруашылығы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік. Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Азиядағы жаңа индустриялы елдер (1 сағат)


Корея Республикасы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Экономикасы. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер (1 сағат)


Азиялық мұнай экспорттаушы елдерге жалпы сипаттама. Жалпы шолу. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Практикалық жұмыс (1 сағат)


1.Кескін картаға Азияның тарихи-географиялық аймақтарының шекараларын белгілеп, олардың әрқайсысының құрамына қандай елдер енетінін дәптерге жазып алу.

2.Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдаланып, “Азияның табиғат ресурстары” атты анықтамалық кесте құрастыру: кестенің 1-бөлігінде – негізгі ресурс түрлері; 2-бөлігінде – таралған аумақтары; 3-бөлігінде – пайдаланылу деңгейі.

3.“Азия халқының орналасу ерекшеліктері” және “Азия елдерінің демографиялық көрсеткіштері”, “Азияның ірі қалалары” атты тақырыптарда қысқаша хабарламалар әзірлеу.

4. Оқулық мәтіні мен қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, Азиядағы әлеуметтік-экономикалық даму үлгісі әрқилы екі елді (таңдау бойынша) негізгі көрсеткіштері (мемлекеттік құрылымы, табиғи-ресурстық мүмкіншіліктері, халқының саны мен құрамы, экономикалық әлеуеті) бойынша салыстырып, талдау жасау.


Америка елдері (16 сағат)


Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру (1 сағат).

Қоныстану және игерілу тарихынан. Елдердің топтары.

Американың жоғары дамыған елдері (8 сағат)


Америка Құрама Штаттары (6 сағат)

АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы. Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы. Геосаяси жағдайы.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

Халқы. Нәсілдік, ұлттық құрамы. Діни құрамы. Орналасуы. Мәдениеті.

Шаруашылығы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Қаржы-қаражат жүйесі. Көлік.

Экономикалық аудандары. Солтүстік-Шығыс аудан. Орта Батыс аудан. Оңтүстік аудан. Батыс аудан.

Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Канада (2 сағат)


Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік географиясы. Туристік объектілері. Сыртқы байланыстары.


Латын Америкасындағы дамушы елдер (6 сағат)


Саяси картасының қалыптасуы. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Геосаяси жағдайы. Елдердің мемлекеттік құрылысы, топтары.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Жер бедері және минералдық ресурстары. Климаты және агроклиматтық ресурстары. Ішкі сулары және су ресурстары. Топырақ жамылғысы және жер ресурстары. Өсімдік жамылғысы және орман ресурстары.

Халқы. Құрамы. Халық саны, тығыздығы. Урбандалу сипаты. Еңбек ресурстары.

Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Шаруашылығының жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Бразилия. Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Практикалық жұмыс (1 сағат)


1. “АҚШ – дүние жүзіндегі жетекші ел” дегенді қалай түсіндіруге болады? Дәптерге нақты деректер негізінде қысқаша қорытынды жазу.

2. АҚШ-тың бір штатына (таңдау бойынша) карта бойынша саяхат жасап, ең басты ерекшеліктерін атап көрсету.

3. Оқулық мәтіні мен анықтамалық деректер негізінде Латын Америкасы елдері арасынан:

а) аумағы жөнінен ең ірі үш елді;

ә) халқының саны жөнінен ірі үш елді;

б) жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі ең жоғары үш елді;

в) халық тығыздығы (оны есептеп шығару қажет) ең жоғары үш елді анықтап, дәптерге жазып алу. Осы көрсеткіштер негізінде аймақтағы жетекші ел қайсы екенін анықтауға бола ма?

4. “Латын Америкасы халқының құрамы”,“Латын Америкасындағы ірі қалалар”,“Латын Америкасындағы туристік-рекреациялық орталықтар” атты тақырыптар бойынша рефераттар дайындау.


Африкадағы дамушы елдер (6 сағат)


Саяси картасының қалыптасуы және қазіргі геосаяси жағдайы. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Елдердің мемлекеттік құрылымы.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Табиғат қорғау. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Экологиялық жағдайы мен табиғат қорғау.

Халқы. Құрамы. Халықтың ұдайы өсуі мен орналасуы, урбандалу дәрежесі. Еңбек ресурстары.

Шаруашылығы. Шаруашылығының жалпы сипаты. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік географиясы.

Сыртқы байланыстары мен ішкі айырмашылықтары. Сыртқы экономикалық байланыстары. Ішкі айырмашылықтары. Солтүстік Африка елдері. Батыс Африка елдері. Орталық (Экваторлық) Африка елдері. Шығыс Африка елдері. Оңтүстік Африка елдері.

Практикалық жұмыс:

1. “Африка аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі” атты жиынтық кесте құрастыру: кестенің 1-бөлігінде аймақ аты, 2-бөлігінде ресурс түрлері.

2. “Африканың ішкі сулары және олардың шаруашылық маңызы”, “Африка елдерінің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны”, “Африка елдерінде ғаламдық проблемалардың көрініс табуы” атты тақырыптарда қысқаша хабарламалар әзірлеу.

3. Оқулық мәтіні және қосымша ақпарат негізінде Африканың жетекші елдерін анықтап, оларға тән басты белгілерді атап көрсету.

4. Кескін картаға Африкадағы басты өнеркәсіпті аудандар мен ауыл шаруашылықты алаптарды белгілеу.

5. Африканың әртүрлі аймақтарында орналасқан екі елге (таңдау бойынша) салыстырмалы сипаттама беру.

Аустралия және Мұхит аралдары елдері (3 сағат)


Аустралия және Мұхит аралдарының қоныстануы мен игерілуі.

Аустралия Одағы. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығының салалық құрамы. Ішкі экономикалық-географиялық айырмашылықтары. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Практикалық жұмыс:

1. Саяси карта деректерін пайдаланып, кескін картаға сандармен Мұхит аралдарында орналасқан тәуелсіз мемлекеттерді белгілеп, олардың аттарын дәптерге жазып алу.

2. Аустралия Одағы аумағындағы табиғат ресурстарының негізгі түрлері мен олардың таралу аудандарын көрсететін анықтамалық кесте құрастыру.

3. Аустралия Одағындағы басты өнеркәсіп орталықтары мен ауыл шаруашылықты аудандарды анықтап, олардың мамандану бағыттарын дәптерге жазып алу.

4. Саяси карта деректерін пайдаланып, Мұхит аралдарында қандай елдердің отарлары мен иеліктері бар екенін анықтау.


Адамзаттың ғаламдық проблемалары (7 сағат)


Бейбітшілік сақтау проблемасы. Ғаламдық проблемалар. Жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы. Жаппай қарулану және әскери шығындар.

Ғаламдық экологиялық проблемалар. Табиғи ортаның ластануы. Озон қабатының жұқаруы проблемасы. Ормандар аумағының қысқаруы.

Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу жолдары. Елдердің экологиялық-экономикалық типтері. Жаңа геоэкологиялық стратегия. Тұрақты даму концепциясы.

Энергетика және шикізат проблемалары. Шикізат қорының шектеулілігі. Энергетикалық проблема. Шикізат тапшылығын жою жолдары.

Дамушы елдердегі ғаламдық проблемалар. Демографиялық проблема. Азық-түлік проблемасы.

Дүниежүзілік мұхит проблемалары.

Практикалық жұмыс:

1.Ғаламдық проблемалардың өзара байланысын көрсететін сызба дайындау.

2.Экологиялық проблемалар шиеленіскен аумақтар мен елдер жөніндегі деректерді талдап, қорытындылау, болжамдар жасау.

3.Дамушы елдерге тән ғаламдық проблемаларды анықтап, олардың шиеленісу себептеріне және олармен күресу жолдарына талдау жасау.

4.Ғаламдық проблемалардың Қазақстанға қатысына баға беру (тұжырымдар, болжамдар).

5.“Дүниежүзілік мұхиттағы экологиялық жағдай”, “Өнеркәсіп және қоршаған ортаның жай-күйі”, “Демографиялық проблемалардың аумақтық сипаты” атты тақырыптарда хабарламалар дайындау.

ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


10 сынып оқушылары:

  • Жер ғаламшарының Күн жүйесіндегі орнын, оның негізгі параметрлері мен белгілерін;

  • географиялық карталардың мазмұны мен түрлерін, проекциялар мен олардың түрлерін, глобус пен картадағы градус торы мен оның элементтерін;

  • литосфералық тақталар, олардың түрлерін, ірі платформалар мен геосинклинальдық белдеулердің аттарын;

  • геохронологиялық кесте элементтерін, эралар мен дәуірлер аттарын, ірі тау қатпарлықтары мен ондағы тау жоталары аттарын;

  • Жер бедерін қалыптастырушы ішкі және сыртқы күштерді, жер бедерінің құрлық пен мұхит табанындағы ірі пішіндерін;

  • атмосфера құрамын, ауа массаларының түрлерін, қысым орталықтарын, климат пен ауа райының айырмашылығын, климат қалыптастырушы факторларды, климаттық белдеулер аттарын;

  • гидросфера мен оның құрамдас бөліктерін, дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін, беткі су температурасы мен тұздылық көрсеткіштерін, беткі ағыстардың аттарын;

  • дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік дүниесі мен оның басты өкілдерін;

  • құрлық суы мен оның құрамдас бөліктерін, ірі өзендер мен көлдердің, сарқырамалардың аттарын;

  • биосфера мен оның құрамдас бөліктерін, дүние жүзілік және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген өсімдіктер мен жануарлардың аттарын;

  • географиялық қабық пен оның компоненттерін, басты заңдылықтарын, Жер шарындағы географиялық белдеулер мен табиғат зоналарының аттарын;

  • ландшафт және оның түрлерін, жергілікті жер ландшафтары түрлерін;

  • дүние жүзі елдерінің топтамасын (саяси, даму дәрежесі, жерінің аумағы мен халқының саны), елдер астанасын;

  • табиғат ресурстарының негізгі түрлерін;

  • дүние жүзі халқының нәсілдік, ұлттық, тілдік топтарын, басым діндер түрлерін, ежелгі өркениет орталықтарын;

  • өнеркәсіп пен оның басты салаларын, ауыл шаруашылығы мен оның басты салаларын, көлік пен оның түрлерін;

  • халықаралық экономикалық байланыстың негізгі түрлерін, дүние жүзіндегі қаржы-қаражаттың ірі орталықтарын;

  • дүние жүзінің ірі индустриялық орталықтарын;

  • дүние жүзінің жаңа игерілген аудандарын;

  • дүние жүзінің еркін экономикалық аймақтарын;

  • ТМД құрамына кіретін елдер аттары мен астаналарын;

  • Қазақстанмен шекаралас жатқан елдер аттарын атай және (немесе) көрсете алуы тиіс;

  • глобус пен географиялық картадан обьектілердің орнын, ара қашықтығын, бағытын, географиялық координаттарын;

  • географиялық картадағы бұрмалану түрлері мен дәрежесін, магниттік ауытқу көрсеткіштерін;

  • географиялық карталардағы шартты белгілер көмегімен белгілі бір картаның мазмұнын;

  • қажетті ақпараттар алу және нақты тапсырмаларды орындау үшін қажетті құралдар мен карталар жиынтығын;

  • биіктік және тереңдік шкаласы арқылы белгілі бір нүктенің биіктігі мен тереңдігін;

  • геохронологиялық кесте мен тектоникалық карта көмегімен белгілі бір жердің қалыптасу жолдары мен оларды құрайтын жыныстардың салыстырмалы жасын;

  • Жер сілкіну мен жанартау атқылау аймақтарын, пайдалы қазбалардың шоғырлану аудандарын;

  • дүние жүзі аумақтары бойынша белдеулік уақыт айырмашылықтарын;

  • дүние жүзі бойынша табиғат ресурстарының таралуын, олардың қалпына келетін және қалпына келмейтін түрлерін;

  • тірі организмдердің құрлық пен дүниежүзілік мұхиттағы таралу шекараларын;

  • Жер шарындағы халықтың тығыз және сирек орналасқан аудандарын, халықтың қоныстану (қала, агломерация, мегаполис) түрлерін, миграция бағыттарын;

  • өндіріс пен өндірістік емес салалар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, өндіруші және өңдеуші салалар арасындағы шаруашылық байланыстарын;

  • туризм мен рекреация орталықтары мен олардың орналасу жағдайларын;

  • карта бойынша ТМД елдерінің экономикалық-географиялық, геосаяси орны мен жағдайын;

  • ТМД елдерінің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуін, оның шаруашылықты орналастыру мен дамытудағы маңызын;

  • ТМД елдері арасындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени байланыстардың басты бағыттарын анықтай немесе өлшей
1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының
Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconЖарғы Мемлекеттік оқу орны №205 қазақ орта мектебі
Білім беру мекемесіне жатады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі «Білім туралы»Заңы негізінде қызмет атқарады....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница