Скачать 71.92 Kb.
|
09.10.2015ж. Конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж.Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама үшін телефондар 8 (7112) 512915, 504438, факс 8(7112) 512915, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметшісінің мынадай лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидаттар қолма-қол немесе почта бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап (2015 жылғы 9 - 23 қазан аралығында (қоса алғанда) 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша ұсынуға тиіс. Үміткерлер хабарландыруда көрсетілген электрондық почтаның мекенжайына құжаттарды электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта (ura_80@nationalbank.kz) арқылы берген үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Бөлім бастығының орынбасары: білімі – жоғары кәсіби, осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл не басшы лауазымындарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура) Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім. Әкімшілік-шаруашылық бөлім бастығының орынбасары. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары техникалық, экономикалық кәсіби білім. Мемлекет басшысының Жолдауларын, оның ішінде «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымын атқаруға үміткер адамдарға қойылатын талаптарға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында банктер мен банктік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» және осы лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қызметті реттейтін басқа да заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді білуі керек. Функционалдық міндеттері: Филиалдың бухгалтериясына жалға алушылармен шығыстарды өтеу бойынша мәліметтерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Бюджетпен (шығыстар сметасымен) қарастырылған қаражатты уақтылы пайдалануға бақылау жасау. Тауарларды (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету), соының ішінде үй-жайларды жалға алуды, үй-жайларға санитарлық өңдеу жүргізуді, қоқыс шығаруға, жылу энергиясын есепке алу құралдарына техникалық қызмет керсетуге, сумен қамтамасыз етуге, электр энергиясын сатып алуға шарттарды жасау бойынша шараларды жүзеге асыру. Жеткізушілердің нарығына маркетингтік зерттеу жүргізу, олар бойынша қорытындылар дайындау, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңнамсына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізу. Филиал ғимаратында рұқсатнамалық және объект ішіндегі режимдерді ұйымдастыру қағидаларын сақтауға бақылау жасау. Жөндеу жұмыстарын өткізу үшін ақау ведомосін құрастыру; филиалдың бэк-офисімен бірге мемлекеттік сатып алу жоспарын құрастыруды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативті құқықтық актілеріне сәйкес филиал қызметіне қатысты шоттарды төлеу; Шаруашылық шарттар мен жалға алу шарттарын жасау үшін дайындау жұмыстарын жүзеге асыру. № 1-ТЭБ нысаны бойынша статистикалық есеп құру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді орындау. Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде өтеді. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып); 2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама; 4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері; 5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотосурет; 7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. «Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және ura_80@nationalbank.kz электрондық почтаның мекенжайына жіберу қажет. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады. Конкурсты өткізу орны: Орал қаласы, Ж.Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады: 1) конкурсты өткізу туралы хабарландыру; 2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту, 3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігіне қарау; 4) үміткерлерді тестілеу; 5) үміткерлермен әңгімелесу; 6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы; 7) кадр резервін қалыптастыру. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Конкурсқа қатысушыларды тестілеуге жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды. Үміткерлер тестілеуге жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді. Тестілеуден өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан тестілеу аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Үміткерлерге әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық почта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ӨТІНІШ Маған Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (лауазымның, бөлімшенің атауы) орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын. Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін. __________________ _______________________________ қолы Тегі мен инициалдары 20___ жылғы «_____» _____________ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына 3-қосымша Нысан САУАЛНАМА (өз қолымен толтырылады) Тегі ___________________________________________________________________________ Аты ____________________________________________________________________________ Әкесінің аты_____________________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз ____ _______________________________________________________________________________ Азаматтығы ____________________________________________________________________ Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз _____________________________ ________________________________________________________________________________ Жеке куәлігінің/паспортының нөмірі және берілген күні _______________________________ Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________________________ ________________________________________________________________________________ Шетелде оқу не жұмыс істеу Барған елі _______________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Болу уақыты ____________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Жұмыс немесе оқу орны __________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін __________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________ ________________________________________________________________________________ Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________ ________________________________________________________________________________ Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерімен жақын туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, сондай-ақ ерлі зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары) қатынастарда барсыз ба ________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 20___ жылғы «_____» _________________ _________ |
![]() | Конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм, 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(727) 330-24-66,... | ![]() | Конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу... |
![]() | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы... | ![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді... |
![]() | Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту... | ![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық... |
![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық... | ![]() | Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы Заңына”Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Секьюритилендіру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына... |
![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атаулы стипендиясын беру үшін ізденушілер тобын іріктеу жөніндегі конкурс туралы Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Алматы қаласы) Ұлттық Банктің атаулы стипендиясын беру үшін ізденушілер тобын іріктеу бойынша... | ![]() | Қазақстан республикасының Ұлттық банкі Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 28 қаңтардан бастап «proof» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан... |