Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру




Скачать 232.98 Kb.
НазваниеБатыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру
Дата конвертации13.02.2016
Размер232.98 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.selhoz-bko.gov.kz/files/1866.doc
жоба


Батыс Қазақстан облысының

агроөнеркәсіптік кешен саласында

инновациялық жобаларды

іріктеуді ұйымдастыру

қағидасын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Сүлейменге жүктелсін.

  3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Н. Ноғаев


Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___»________

№ ____ қаулысымен

бекітілген


Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен

саласында инновациялық жобаларды іріктеуді

ұйымдастыру қағидасы



  1. Жалпы ереже


1. Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасы облыстық бюджет есебінен Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды енгізу мен тарату үшін қабылданған іс-шаралар туралы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 54-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 9 тармағына сәйкес әзірленді.

3. Осы агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасында келесі атаулар мен анықтамалар қолданылады:

1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметтерін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;

2) Бағдарлама әкімшісі – «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

3) инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

4) бағдарлама – 019 «Инновациялық тәжірибелерді тарату және ендіру бойынша көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы;

5) Бағдарлама іс-шарасы - облыстың агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудың басым бағыттарында әрбір іс-шараның екі жылдан аспайтын іске асырылу мерзімі бар агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжірибелерді Батыс Қазақстан облысының аумағында тарату және ендіру жөніндегі кешенді шаралар;

6) ғылыми-зерттеу ұйымдары – ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік аккредитациясы бар, негізгі қызметі агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылатын заңды тұлғалар;

7) өтінім - өтініш берушілердің қаржыландыру алу мақсатында Бағдарлама әкімшісіне беретін агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасымен белгіленген құжаттар топтамасы;

8) өтінім берушілер – тарату, банкроттау үдерісінде тұрмаған Бағдарламаның іс-шараларын бірігіп жариялаушы ғылыми-зерттеу ұйымдары мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілері;

9) өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссия - өтінішке кешенді баға беру үшін облыс әкімдігінің қаулысымен құрылған жергілікті атқарушы орган жанында тұрақты жұмыс істейтін орган.

4. Бағдарлама іс-шараларын іріктеу агроөнеркәсіптік кешеннің келесі салалық бағыттары бойынша іске асырылады:

1) өсімдік шаруашылығы (оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантин);

2) мал шаруашалығы және ветеринария;

3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;

4) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;

5) балықты өрбіту және өсіру;

6) балық өнімдерін қайта өңдеу.

Аймақтың агроөнеркәсіптік кешен саласының қажеттіліктеріне орай Бағдарлама шараларын сәйкестендіру мақсатында әр саланың ішкі бағыттарынан басым бағыттар анықталып, солардың аясында іріктеулер жүргізіледі.


  1. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі


5. Бағдарлама әкімшісі конкурс өткізу басталмас бұрын 10 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Бағдарлама әкімшісінің ресми сайтында Бағдарлама іс-шараларының өтініш берушілері арасында іріктеу жүргізілетіндегі туралы хабарландыру жариялайды.

Хабарландыруда өтінімдерді тапсыру мерзіміне қосымша ақпараттар алу үшін Бағдарлама әкімшісінің байланыс ақпараты көрсетіледі.

6. Іріктеуге қатысу үшін Бағдарлама әкімшісіне өтініш берушілер келесі құжаттарды ұсынады:

1) агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) Бағдарлама іс-шараларына түсініктеме жазба (агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының 2-қосымшасына сәйкес);

3) Бағдарлама іс-шараларын іске асыру жоспары (агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының 3-қосымшасына сәйкес);

4) Бағдарлама іс-шараларын іске асыру шығындарының сметасы (агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының 4-қосымшасына сәйкес);

5) Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға қатысатын өтініш берушілер мамандарының түйіндемесі;

6) өтініш берушінің аграрлық бағытта ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;

7) заңды тұлғалар үшін:

заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасын берумен құрылтай құжаттарының (мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің, жарғының және шарттың) көшірмелері;

салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған реттерді қоспағанда) салық органының белгіленген үлгідегі түпнұсқа анықтамасы;

әлеуетті жеткізіп берушінің банктің немесе банк филиалының, соның ішінде шетелдік банктердің алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы әлеуетті жеткізіп берушіге қызмет көрсетілетін банктердің немесе банк филиалдарының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасы. Анықтама өтінім берілген сәтке бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;

ғылыми-зерттеу ұйымын аккредитациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттың түпнұсқасы;

8) жеке тұлғалар үшін:

жеке куәліктің, әлеуметтік жеке кодты меншіктеу туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеуші куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;

салық төлеушінің салықтық қарызының жоқтығы немесе барлығы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.

7. Агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының талаптарына сәйкес рәсімделген, іріктеуге қатысуға арналған құжаттар, өтінім берушімен бірыңғай папкаға жинақталып, парақтары нөмірленіп, мөр басылған конвертте ұсынылады.

8. Өтінім беруші өзі берген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептесулердің, негіздемелердің толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді.

9. Өтініштерді қабылдау мерзімі өткен соң, Бағдарлама әкімшісі 5 жұмыс күні ішінде өтініштерді алдын-ала іріктеу жұмысын жүргізеді.

Алдын-ала іріктеу мына критерий бойынша жүргізіледі:

1) ұсынылған ақпараттардың толықтығы, оның агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының талаптарына сай болуы;

2) Бағдарлама шараларының өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудың басым бағыттарына сай келуі.

10. Алдын-ала іріктеу процессі аяқталған соң, үш жұмыс күні ішінде өтініш иелеріне алдын-ала іріктеуден өткені немесе көрсетілген себепке байланысты өтініштің кері қайтарылуы туралы жазбаша хабарлама жолданады.

11. Өтініш мына жағдайда қабыл алынбайды, егерде:

1) өтініш беруші ақпараттарды толық емес, дәйексіз ұсынса немесе өтініш құжаттары агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының талаптарына сай жасалмаса;

2) жоба іске асырылатын орын облыс аумағынан тыс жерде орналасқан жағдайда;

3) өтініш жасалған Бағдарлама шаралары осы өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудың басым бағытына қатысы болмаса;

4) өтініш жасаған агроөнеркәсіптік кешен саласының субъектісі бұрын Бағдарлама шеңберінде қаржы алып, бірақ Бағдарламаның шараларын іске асыру барысы қанағаттанарлық емес деп танылса.


3. Комиссия туралы ереже, оның қызметін ұйымдастыру


12. Өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссия тұрақты қызмет жасайтын коллегиялық орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық және алқалық қағидатында ұйымдастырады.

13. Өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңдарын, агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

14. Өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссия құрамына: ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларынан өкілдер, жергілікті өкілді органдардан (келісім бойынша), қоғамдық бірлестіктерден (келісім бойынша) өкілдер енгізіледі.

15. Өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссия комиссия төрағасынан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы саны кемінде бес адам құрайды.

16. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

17. Өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күні жөнінде өтініш берушіні хабардар ету, күн тәртібіне енгізілетін ұсыныстарды әзірлеу, қажетті құжаттар мен материалдарды және комиссия отырысының шешімі жөніндегі хаттаманы жасақтауды комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

18. Өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссияның отырысы оның жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған ретте комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.


4. Өтініштерге кешенді баға беру және іріктеу


19. Өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссия өтінімдері алдын-ала іріктеуден өткен жобалар бойынша өтінімдерге кешенді бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді. Комиссия кешенді бағалауды келесі өлшемдер бойынша жүргізеді:

1) сұралатын қаржының негізділігі;

2) өтінімнің қаржыны жұмсау бағыттарының, қаржы көлемінің және басқа да параметрлерінің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының талаптарына сәйкестігі;

3) Бағдарлама іс-шараларының өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласының дамуына және еңбек өнімділігінің деңгейіне ықпалының дәрежесі;

4) өтініш берушілердің құқықтық мәртебесінің, төлем қабілеттілігінің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасының талаптарына сәйкестігі;

5) өтініш берушілер біліктілігі мен техникалық жарақтандырылуының Бағдарлама іс-шараларының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестiгi.

20. Өтінімді кешенді бағалау жүргізу барысында комиссия өтініш берушілерден түсініктеме беретін ақпарат сұратуға, бағалауды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қажет болған кезде, тиісті біліктіліктегі басқа мамандарды тартуға құқылы. Өтінімдерді кешенді бағалау және іріктеу 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

21. Өтінімдері кешенді бағалаудың теріс қорытындысын алған өтініш берушілерге, әкімші комиссияның тиісті хаттамалық шешімі қабылданғаннан кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, кері қайтару себептерін көрсете отырып, ресми хат жолдайды.

22. Комиссияның қаржы беру туралы оң шешімі әкімші үшін Бағдарлама іс-шараларына бөлінген қаржы есебінен қаржыландыруға негіз болып табылады.

23. Өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссияның ұсынымының негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджеттік бағдарламалар ауқымында инновациялық жобаны облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

24. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде инновациялық жоба туралы шарт жобасына қол қояды және іріктеу қорытындысымен анықталған жеңімпазға жолдайды. Инновациялық жоба туралы шарт жасау мерзiмi жобаны өтініш берушіге жіберген күннен бастап, 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.


5. Қаржыландыру және қаржыны игеру


25. Ғылыми-зерттеу мекемесі - өтініш берушіге қаржы Бағдарлама іс- шараларын іске асыру жоспарына сәйкес төленеді. Төлем тәртібі және нысаны шарттың талаптарымен қаралады.

26. Қаржы қатаң түрде шартта көзделген нысаналы мақсатқа сәйкес пайданылады. Бағдарламаның бір іс-шарасын іске асыруға сұралған қаражаттың сомасы бір жылға 2500 (екі миллион бес жүз мың) теңгеден аспауға тиіс.

27. Өтінім берушілер Бағдарлама іс-шаралары төлемдерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.

28. Қаржылар бағдарламаға қатысушы тараптардың салыққа берешектерін жабуға пайдаланылуы мүмкін емес.

29. Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен саласы субъектілерінің негізгі құрал-жабдықтарын сатып алуға, ғимараттары мен құрылыстарын ұстауға, ауыл шаруашылығы жануарларын, генетикалық материалдар, Бағдарлама іс-шараларының нәтижелерін кеңінен таратуға арналған басқа шығыс материалдарын (жанар-жағармай материалдары, тұқымдық материал, қосалқы бөлшектер, басқалар) сатып алуға байланысты шығындары агроөнеркәсіптік кешен саласы субъектілерінің жеке қаржылары есебінен жабылады.

30. Жобаны іске асыру барысында жүзеге асырылған шығындардың іске асыру жоспарына, жоба бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатында Бағдарлама әкімшісі қажет болған ретте жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарының мамандарын тарта отырып, ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстарға (көрсетілген қызметтерге) Өтінім берушімен ай сайын немесе тоқсан сайын үш данада актілер жасалады және Комиссиямен бекітіледі.


6. Қорытынды ережелері


31. Агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидасына кез-келген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес енгізіледі.


Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___»________

№ ____ қаулысына

1-қосымша


Өтінім нысаны


1.

Тіркелу нөмірі және күні (Бағдарлама әкімшісі қызметкерлерімен толтырылады)




2.

Бағдарлама іс-шарасының атауы




3.

Инновациялық тәжірибені енгізу және тарату саласы (кіші саласы)




4.

Бағдарлама іс-шарасының қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаты мен мәнін көрсету, жоба нәтижелерінің нақтылы қолданылуы, осындай жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесі)




5.

Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)




6.

Жобаның басталу және аяқталу күні




7.

Сұралған қаражаттардың сомасы (теңгемен)




8.

Өтініш берушінің атауы, мекен-жайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекен-жайы




9.

Өтініш берушілердің байланысатын адамының тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, телефоны, электрондық поштасы




10.

Бағдарлама іс-шарасының басшысы (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері) (қызметі, телефон/факсы, электрондық поштасы көрсетіледі)




11.

Бағдарлама іс-шарасын іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен саласы субъектілерінің атауы, мекен-жайы, телефон/факсы, электрондық поштасының мекен-жайы






Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___»________

№ ____ қаулысына

2-қосымша


Бағдарлама іс-шарасына түсініктеме жазба


1. Бағдарлама іс-шарасының атауы.

2. Бағдарлама іс-шарасының іске асырылатын жері: аудан, елді мекен.

3. Бағдарлама іс-шарасының мақсаты және міндеттері (1 беттен көп емес).

4. Негізгі өтініш берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) және Бағдарлама іс-шараларына қатысушы агроөнеркәсіптік кешен саласы субъектілерінің қысқаша сипаттамасы (0,5 беттен аспайды):

толық атауы;

негізгі өтініш беруші мен бағдарлама іс-шараларына қатысушы агроөнеркәсіптік кешен саласы субъектілері қызметтерінің сипаттамасы;

негізгі мамандар, олармен орындалатын жұмыс түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттарын қоса бере отырып);

осы бағдарлама шеңберінде басқа жобаларды іске асыру туралы ақпарат.

5. Бағдарлама іс-шараларын негіздеу: өндірістің осы бөлігінде бар проблемаларды, іс-шара қандай проблеманы шешуге бағытталатындығын көрсете отыра, іс-шараны іске асыру маңыздылығы мен қажеттілігінің, оның өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласын технологиялық дамыту деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен көп емес).

6. Бағдарлама іс-шараларын іске асыру шеңберінде орындалатын негізгі жұмыстар сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады, өндірісте пайдалану үшін, жобаны орындау барысында тексеруден өткізу және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер мен технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшін практикалық мәнін бағалау. Әрбір жұмыстың мақсаты, мазмұны, ұзақтығы, күтілетін нәтижелері, ресурстарға сұранысы, соның ішінде Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен саласы субъектісінің базасында ғылыми әзірлемені (технологияны) енгізу және тарату жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымының методологиясын (2,5 беттен көп емес) келтіру қажет.

7. Нәтижелілік: Бағдарлама іс-шарасын іске асыру нәтижелерінің сандық және сапалық көрсеткіштері еңбек өнімділігін және өтінім беруші өндірісі мен аудан (облыс) экономикасын жақсартуға жасаған ықпалын бағалай отырып нақты, айқын нәтижелерді қамтуы тиіс. Бағдарлама іс-шарасын іске асырудан түскен экономикалық пайданы бұрын пайдаланып келген технологиялармен салыстыра отырып көрсету, іс-шараның өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласын дамыту тұрғысынан алғандағы лайықтылығын, аграрлық нарықтағы жағдайға негіздеу қажет (1,5 беттен көп емес).

8. Экологиялық бағалау Бағдарлама іс-шарасын іске асырудың өңірдің қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына әсерінен (қанағаттандырарлық, бейтарап немесе жағымсыз әсер) тұруға тиіс. Жағымсыз әсер еткен жағдайда мұндай әсерді жеңілдету үшін не істелетіндігі көрсетілуі қажет (0,5 беттен көп емес).

9. Тәуекелдер: Бағдарлама іс-шарасын табысты аяқтаудың негізгі тәуекелдері және мұндай тәуекелдерді жеңіп шығу шаралары (0,5 беттен көп емес).

10. Жобаның өмірге икемділігі: Бағдарлама ауқымында қаржыландыру аяқталғаннан кейін Бағдарлама іс-шарасын іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен саласы субъектілері өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен көп емес).


Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___»________

№ ____ қаулысына

3-қосымша


Бағдарлама іс-шарасын іске асыру жоспары

(атауын көрсету керек)


Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер (1 жыл)

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1.













2.
















Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер (2 жыл)

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1.













2.















Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___»________

№ ____ қаулысына

4-қосымша


Бағдарлама іс-шараларын іске асыру шығындарының

сметасы

(атауын көрсету керек)


мың теңге



Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы

Құны

соның ішінде айлар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Еңбек ақы














































1.1.

















































1.2.

















































2.

Іссапар шығындары














































3.

Кеңсе шығындары














































4.

Көлік шығындары














































5.

Басқа шығындар (көрсетілсін)














































5.1.

















































5.2.

















































6.

Тікелей шығындар жинағы














































7.

Қосымша шығындар














































Барлығы















































Ескертпе: Бағдарлама іс-шарасын iске асырудың шығындар сметасы бағдарлама іс-шарасын iске асырудың әрбір жылына бөлек көрсетiледi.

Ескертпе: Шығындардың баптары бюджет қаражатынан және өтінім берушілердің өз қаражатынан (болған жағдайда) қаржыландыратын шығындар бөлек көрсетіледі.

Похожие:

Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына

Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына

Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconАқтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидалары
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1 тармақшасына,Қазақстан...
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconАқтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы
Жарияланған: "Ақтөбе" 2012. 09. 25 №121-122; "Актюбинский вестник" 25. 09. 2012, №121-122
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №264 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3071 нөмірімен тіркелді
«Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы»...
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 27 сәуiрдегi n 98 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы...
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconБатыс Қазақстан облысының Орал қаласы бойынша қалалық сайлау округтерінің шекаралары туралы
Жәңгір хан көшесi, 51, Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетi
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconШығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы
«Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы...
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconАгроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау
«Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру iconАгроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармақшасына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница