Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014




Скачать 453.12 Kb.
НазваниеЗнаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014
страница1/5
Дата конвертации13.02.2016
Размер453.12 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zkolib.kz/zkolib/kaz/znamkaz.doc
  1   2   3   4   5
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ

Ж. МОЛДАҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ


Батыс Қазақстан облысы бойынша

2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі


Знаменательные и памятные даты

по Западно-Казахстанской области

на 2015 год


Орал, 2014


УДК 016:908

ББК 91.1

Б 28


Батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі / Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год /құраст: С.С. Иргалиева, Д.С.Шакелова; ред.: Ш.К.Уразаева, С.К.Кенжебаева; Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК.- Орал, 2014.-130 б.


© Ж.Молдағалиев атындағы облыстық

әмбебап ғылыми кітапханасы, 2014


АЛҒЫ СӨЗ


1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер тізбегін шығарып келеді.

Күнтізбеге тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, облыстың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан ұйымдардың, өңіріміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді.

Күнтізбе «2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер, мекемелер мен тарихи оқиғалар тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Бірқатар айтулы күндерге өткен жылдарда шығарылған құралдарына сілтеме жасалынды.

Көрсеткіштің мақсаты өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелерін және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.

Айтулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді. Іріктеу жұмысы 2014 жылғы сәуір айында аяқталды.

Көмекші құрал ретінде есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.

Өлкетанушылардан, облыс жұртшылығынан, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап көмек беруіңізді өтінеміз.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы еске алынатын және аталып өтілетін күндер тізбегінің» электрондық нұсқасы Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының www.zkolib.kz. сайтында орналасқан.

Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңізбен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады.


417000 Орал қаласы, Карев көшесі 47 үй

Ж. Молдағалиев атындағы БҚ ОӘҒК


Тел.: 50-35-09; 50-75-49; 51-51-53.

E-mail: info@zkolib.kz


2015 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕР


Қаңтар


*5 қаңтар – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлының туғанына 80 жыл, Сырым ауданының тумасы (1935-2011).


15 қаңтар – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, журналист Дауымов Сатыбалдының туғанына 80 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1935-2004). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


25 қаңтар – Күйші-қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әжімұратов Қуаныштың туғанына 70 жыл, Сырым ауданының тумасы (1945-2000).


28 қаңтар – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Айталиев Шмидт Мұсаұлының туғанына 80 жыл, Орал қаласының тумасы (1935-2007). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


31 қаңтар - Ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Ақмамбетов Ғалихан Ғаламғалиұлының туғанына 80 жыл, Сырым ауданының тумасы (1935).


Ақпан


1 ақпан – Еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері Мырзағалиев Тауасихтің туғанына 85 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1930).


*5 ақпан - Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ойшыбаев Бақтығұлдың туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1940-1997).

*20 ақпан – Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мусин Чапай Ғабдығалиұлының туғанына 80 жыл, Сырым ауданының тумасы (1935-2009).


Наурыз


*7 наурыз – Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Кушаев Ғаяз Абдувалиевичтің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-1992).


8 наурыз – Композитор, хор дирижері Культюшнов Николай Николаевичтің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-1993).

10 наурыз – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орда ауданы «Бөкей Ордасы» ауданы деп атала бастағанына 15 жыл (2000).


*13 наурыз – Мемлекет қайраткері Оспанов Қабаш Распайұлының туғанына 100 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1915-1970).


*14 наурыз - Журналист, аудармашы Жантикин Мифтах Қуанышқалиұлының туғанына 90 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1925-1992).


14 наурыз - Генерал-майор, Қазақстан Ішкі істер қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Өтегенов Наурыз Әлжанұлының туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-2005).


19 наурыз – Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қажымұратов Сердештің туғанына 65 жыл, Казталов ауданының тумасы (1950). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


Сәуір


*3 сәуір – Ақын Жұмағалиев Абдолланың туғанына 100 жыл, Сырым ауданының тумасы (1915-1942).


24 сәуір – Тілші-ғалым, қазақ тілінің сөздігін құрастырушыларының бірі Неталиева Қанапияның туғанына 90 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1925).


26 сәуір – Тілші-ғалым, филология ғылымының докторы Манкеева Жамал Айтқалиқызының туғанына 65 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1950).


Сәуір – Қазіргі «Уралречфлот» АҚ құрылғанына 95 жыл (1920).

Мамыр


9 мамыр – Жайық өзені жағалауында орнатылған Жеңіс мемориалы ескерткішінің құрылғанына 35 жыл (1980).


24 мамырСуретші Садомсков Анатолий Яковлевичтің туғанына 75 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1940-1996).


24 мамыр – Орыс жазушысы Шолохов Михаил Александровичтің дүниеге келгеніне 110 жыл (1905-1984). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)

31 мамыр - Өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Чесноков Николай Григорьевичтің туғанына 90 жыл, Орал қаласының тумасы (1925).


Маусым


18 маусым - Жазушы, журналист Доронин Геннадий Николаевичтің туғанына 70 жыл, Орал қаласының тумасы (1945). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


*20 маусым – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нәріков Айтқали Нұрышқалиұлының туғанына 75 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1940).


Шілде


20 шілде – Журналист, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Пышкин Борис Борисовичтің туғанына 85 жыл, Орал қаласының тумасы (1930-1996).


23 шілде – Композитор Бақтыгереев Темірәлінің туғанына 65 жыл, Казталов ауданының тумасы (1950).


Тамыз


15 тамыз – Кеңес Одағының Батыры Губарев Григорий Мироновичтің туғанына 90 жыл (1925-1998).


17 тамыз – Социалистік Еңбек Ері Нагурный Владимир Александровичтің туғанына 80 жыл, Теректі ауданының тумасы (1935-2001).


29 тамыз - Кеңес Одағының Батыры Куличев Иван Андреевичтің туғанына 100 жыл (1920-1979).


30 тамыз – Жазушы Еркебаев Сайымжан Нұрсейітұлының туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1935-1997).


Қыркүйек


1 қыркүйек – Кеңес Одағының Батыры Стрелец Дмитрий Лаврентьевичтің туғанына 95 жыл (1920-1998). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


*13 қыркүйек - Өлкетанушы, «Нарын» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі Махымов Темірболаттың туғанына 75 жыл, Бөкейордасының тумасы (1940-2009).


*15 қыркүйек – Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, заң қызметкері Жақыпов Хабидің туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1915-2002).


15 қыркүйек – Журналист, ақын Исағалиев Қуаныштың туғанына 75 жыл, Шынғырлау ауданының тумасы (1940-2012).


16 қыркүйек - Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Елагин Андрей Сергеевичтің туғанына 95 жыл, Орал қаласының тумасы (1920-1993).


17 қыркүйек«Оралагрожөнмаш» ААҚ (Орал жөндеу зауыты) кәсіпорнының құрылғанына 60 жыл (1955). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


26 қыркүйек – Белгілі өлкетанушы, Қазақстан халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Зарипов Ғұмар туғанына 110 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1905-1975).


Қазан


5 қазан – Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Молдағалиев Жұбанның туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1920-1988). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


6 қазанБатыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына ақын Жұбан Молдағалиевтің есімі берілгеніне 15 жыл (2000).


6 қазан – Орал қаласында Ж. Молдағалиев ескерткіші ашылғанына 15 жыл (2000).


7 қазан – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Омарғалиев Мақсот Константинұлының туғанына 70 жыл (1945). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


*13 қазан – Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, экономист Ахметов Ким Ғұсманұлының туғанына 85 жыл, Сырым ауданының тумасы (1930-2010).


*23 қазан – Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, Орал қаласының құрметті азаматы Атоян Петр Александровичтің туғанына 100 жыл, Орал қаласының тумасы (1915-2003).


Қараша


*13 қараша - Әнші, композитор Хасанғалиев Ескендірдің туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1940).


21 қараша – Ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қадырбаева Айсұлудың туғанына 65 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1950). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


26 қараша – Еңбек ардагері, Орал қаласының тұрғыны Батыров Мақсоттың туғанына 85 жыл (1930).


28 қараша – Аудармашы, баспагер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Иманғалиев Қибат Бәйішұлының туғанына 85 жыл, Казталов ауданының тумасы (1930-2000).


Желтоқсан


1 желтоқсан – Ғалым, медицина ғылымдарының докторы Қанатбаева Әсия Бәкіқызының туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1940).


15 желтоқсан – Еңбек ардагері, Орал облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы болған Сыздықов Қимаддиннің туғанына 100 жыл (1915).


15 желтоқсанОрал газ-мұнай және салалық технология колледжінің (бұрынғы Ауыл шаруашылық колледжі) құрылғанына 65 жыл (1950).


16 желтоқсан – Ғалым, ауыл шарушылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбуғалиев Ізтілеудің туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1930-2004).


16 желтоқсан – «Облыс ақыны» атанған айтыскер ақын, әнші, күйші Ғұбайдуллин Аманжолдың туғанына 65 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1950-1994).


21 желтоқсан – Ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның мүшесі Камалов Сухан Мақсотұлының туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумасы (1935). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


23 желтоқсан - Жайық өңіріндегі революциялық қозғалыс қайраткері Ипмағамбетов Меңдігерейдің туғанына 140 жыл, Орал қаласының тумасы (1875-1919). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


ТУҒАН КҮНІ, АЙЫ БЕЛГІСІЗ ҚАЙРАТКЕРЛЕР, МЕКЕМЕЛЕР МЕН ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР ТІЗІМІ


  • Кіші жүз ханы Айшуақ ханның туғанына 295 жыл (1720-1810).




  • Би Шүкірәліұлы Көбектің туғанына 255 жыл Батыс Қазақстан облысының тумасы (1760-1825).




  • Кіші жүз ханы Абылғазыұлы Арынғазының туғанына 230 жыл (1785-1833).




  • Кіші жүздің Батыс бөлігінің билеуші сұлтаны, генерал-майор Айшуақов Баймағамбеттің туғанына 225 жыл (1790-1847).




  • Батыр, Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысқан Үсеұлы Үбінің туғанына 225 жыл (1790-ө.ж.б.).


- Жергілікті тарихшы, өлкетанушы Савичев Никита

Федоровичтің туғанына 195 жыл (1820-1885).


  • Күйші-композитор Шығайұлы Дәулеткерейдің

туғанына 195 жыл (1820-1887). (Қараңыз: 1995

жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


  • Қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Бекмұхамбетов Мақаш Шолтырұлының туғанына 185 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1830-1904). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


- Ақын Қожамбайұлы Қашқынбайдың туғанына

185 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1830-1870).


- Сыбызғышы, күйші Сармалайдың туғанына 180

жыл, Казталов ауданының тумасы (1835-1885).

(Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы

бойынша...)


- Ресей империясының генералы, қазақтан шыққан

әскери қайраткер Бөкеев Ғұбайдолла

Жәңгірұлының туғанына 175 жыл, Бөкейорда

ауданының тумасы (1840-1909).


- Белгілі ботаник Леман Александрдың Орал

қаласында болғанына 175 жыл (1840).


- Географ, этнограф Ханыков Яков

Владимировичтің Орал қаласында болғанына 175

жыл (1840).


- Орал қаласындағы С. М. Киров атындағы

мәдениет демалыс паркінің құрылғанына 175 жыл

(1840).


- Күйші Асанов Жақияның туғанына 160 жыл,

Жәнібек ауданының тумасы (1855-1920).

  1   2   3   4   5

Похожие:

Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconБатыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2016 год: Әдебиеттердің ұсыныстық көрсеткіші = Рекомендательный...
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconЗнаменательные и памятные даты Восточно-Казахстанской области на 2013 год
Абайского района, Заслуженного артиста рк, певца-композитора, актера казахского драматического театра имени Абая (г. Семей) Болата...
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconПостановление Правительства Свердловской области от 21 декабря 2012 г. N 1485-пп "о территориальной программе государственных гарантий бесплатного оказания гражданам медицинской помощи в Свердловской области на 2013 год и на плановый период 2014 и 2015 годов"
О территориальной программе государственных гарантий бесплатного оказания гражданам медицинской помощи в Свердловской области на...
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconПлан работы государственного архива Восточно-Казахстанской области на 2010 год
Восточно-Казахстанской области будет направлена на внедрение в практику «Правил организации комплектования, хранения, учета и использования...
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconПостановление от 30 декабря 2013 г. N 576-п об утверждении перечня и объема государственных услуг (работ) в сфере социального обеспечения населения, оказываемых
В соответствии со статьей 8 Закона Новосибирской области от 10. 12. 2013 n 401-оз "Об областном бюджете Новосибирской области на...
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconПроект консолидированного бюджета Республики Мордовия на 2014 год и на плановый период 2015 и 2016 годов
На Ваше рассмотрение вносится проект республиканского бюджета на 2014 год и среднесрочную перспективу
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconО ходе реализации Программы индустриально-инновационного развития Северо-Казахстанской области на 2007-2010 годы по итогам 2008 года
Казахстан на 2003-2015 годы в области осуществляется реализация второго этапа индустриально-инновационного развития Северо-Казахстанской...
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconУправление по мобилизационной подготовке, гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации аварий и стихийных бедствий Западно-Казахстанской области
Полный перечень закупаемых услуг, подробная спецификация и их срок выполнения указаны в конкурсной документации
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconАкимат восточно-казахстанской области агентство по делам религий республики казахстан
Религия и традиции против радикализма: Материалы Республиканской научно-практической конференции, 18 июня 2014 г., под ред.: Мухамеджанова...
Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014 iconКомитет лесного хозяйства и животного мира направляет на государственную экологическую экспертизу биологические обоснования по определению рыбопродуктивности
Биологическое обоснование по Жайык-Каспийскому бассейну (река Жайык по Атырауской и Западно-Казахстанской области, река Кигаш и их...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница