Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға




НазваниеЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
страница1/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://control.edu.gov.kz/sites/default/files/upload/files/ENT/v_103.doc
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ


ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ

(апробация)

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ


103 - НҰСҚА


Аты-жөні ___________________________________________________________


Қала (Облыс) _______________________________________________________


Аудан ______________________________________________________________


Мектеп ______________________________Сынып _________________________


Талапкердің қолы _____________________


2011

Назар аударыңыз!


1. Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және орыс тілі тестілерінен тұрады.


2. Тест сынағына берілетін уақыт – 210 минут (3,5 сағат).


3. Сіз қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және өзіңіз таңдаған бесінші пән бойынша тест тапсыруыңыз қажет.


4. Жауап беруді кез келген пәннен бастауға болады.


5. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.


6. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.


7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.


8. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.


9. Тест сынағы біткен соң сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.


ЕСКЕРТУ:

- сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- жауап парағын ауыстыруға

қатаң тыйым салынады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ



1. Кәсіби сөздердің қатарын анықтаңыз.

A) Шиіт, шербек.

B) Тұқым, құдағай.

C) Білім, тәрбие.

D) Күпі, кебеже.

E) Антоним, егемен.

2. Тек жіңішке дауыстылардан тұратын қатарды табыңыз.

A) Кәсіпкер, өндіріс.

B) Диқаншы, әсемпаз.

C) Жауапты, салмақты.

D) Қабілет, дарынды.

E) Термин, ағылшын.

3. Бірыңғай бітеу буынды сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ділмардан сөз қалмас.

B) Нұржан досымен сырласты.

C) Көктем жай келді.

D) Маржан жұмысқа кірісті.

E) Сөзі неткен ірі еді!

4. Дара сөзді табыңыз.

A) Тасбақа.

B) Сағыныш.

C) Айнамкөз.

D) Әлдекім.

E) Нұрғожа.

5. Еліктеуіш сөзден жасалынған зат есімді анықтаңыз.

A) Жылтың.

B) Гүріл.

C) Гүлді.

D) Бұрқыра.

E) Үлбіре.

6. Лепті сөйлемді белгілеңіз.

A) Сен жоғарыда тұрсың, жол сенікі, қасиетіңді көрсет

B) Қарқынымыз катты, қайда барар екенбіз

C) Неткен сұлу, сүйкімді құстар еді

D) Сүріну де, күйіну де аз болмайды

E) Осы алуандас сұрақ көңілден шықпай қойды

7. «Ақыл тоқтатқан» тіркесінің баламасын табыңыз.

A) Ақылды.

B) Есейген.

C) Білімді.

D) Әдепті.

E) Өнерлі.

8. Кіріге біріккен сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ақбозат, Темірқазық – аспан жұлдыздары.

B) – Егер ол күнәмді кешсеңіз, таңдағаным осы Алтыншаш болсын, қиыңыз маған, - деп орнынан түрегелді.

C) Көкшетау кейде қарлы, кейде қарсыз.

D) «Ақын арманы» – Торайғыров туралы жазылған көркем шығарма.

E) Қаптесер – дала тышқанының бір түрі.

9. Дұрыс жазылған сөзді анықтаңыз.

A) Әуезовтың.

B) Томскіден.

C) Парктан.

D) Циркулге.

E) Педагогтар.

10. «Ең көркем әйел» тіркесіндегі шырай түрін анықтаңыз.

A) Салыстырмалы.

B) Негізгі.

C) Қатыстық.

D) Күшейтпелі.

E) Сапалық.

11. Есімдіктің түрін табыңыз.

Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай.

A) Жалпылау есімдігі.

B) Сілтеу есімдігі.

C) Белгісіздік есімдігі.

D) Сұрау есімдігі.

E) Жіктеу есімдігі.

12. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.

A) Ойыл даласы – көріп тұрып қарсы жауап айтудың нақты дәлелі.

B) Өмірмен жанасқан білім – өлшеусіз байлық.

C) Олжабектің көзі ілулі тұрған дырау дойырға түсті.

D) Тоқтардың асау үйретуі – біз үшін дүниеде теңдесі жоқ қызық көрініс.

E) Баяғыда бұлардың жасында өзіміз отау тігіп, үй болып едік.

13. Қай сөйлемде үстеу сөз барын белгілеңіз.

A) Анасын сүйгеннің баласын сүй.

B) Тәуекелдің кемесі суға батпас.

C) Жомарт бергенін айтпас.

D) Жолаушыны сусындатпай тұрып, бұйымтайын сұрама.

E) Әрең дегенде ауылдың шетіне келіп тоқтадық.

14. Одағай сөзді анықтаңыз.

A) Ия, бүгін сол арада ат тынықтырып алайық.

B) Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау!

C) Сол күйі орнынан қозғалмай тұра берді.

D) Үйдегілердің бәрі жаппай сыртқа шықты.

E) Сырттан күбір-күбір ғана дыбыс келді.

15. Интонация арқылы байланысқан қатарды белгілеңіз.

A) Ер – ырыстың кілті.

B) Күш атасын танымас.

C) Елін сүйген ер болар.

D) Ұланы бар елдің ұраны бар.

E) Ән-күйімен әлдилейді.

16. Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтаңыз.

Қарқаралының кейбір көне қазағы естіген татулық жайын Бөжей, Байсалдар әлі естіген жоқ-ты.

A) Анықтауыш.

B) Бастауыш.

C) Толықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Баяндауыш.

17. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді.

B) Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үстел үстіндегі шамды жақтым.

C) Асығатыным да, аңсайтыным да – ертеңгі болашағым.

D) Нығмет қонақпен әңгімелесіп отырды, сол кезде үйге Қызыр кірді.

E) Тамақ ішіп болған соң, қонақтар екі жігітке алғыс айтып аттанып кетті.

18. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.

A) Соның өзі жетіп жатқан жоқ па!

B) Мақұл, айтқаның болсын.

C) Апа, біз Қызылжарға ертең жүретін болдық.

D) Иә, әңгіме айта отыр.

E) – Сірә, айтқанды ұққан боларсың?

19. Стиль түрін ажыратыңыз.

Тақырыпқа қатысты әр сала мамандарының пікірі сіздің назарда.Өз ойыңызды білдіріңіз.

A) Ресми стиль.

B) Публицистикалық стиль.

C) Ауызекі сөйлеу стилі.

D) Ғылыми стиль.

E) Іс-қағаздар стилі.

20. Синонимдік қатарды анықтаңыз.

A) Бастапқы, алғашқы.

B) Жүрді, жүргізу.

C) Жымыңдау, жылтырау.

D) Дауыс, дауыссыз.

E) Әзір, әзірейіл.

21. Кейінді ықпал кездесетін сөйлемді белгілеңіз.

A) Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болмақ.

B) Арман – адам қанаты.

C) Көпке топырақ шашпа.

D) Әңгіме жол қысқартады.

E) Әркімнің өз малы өзіне қымбат.

22. Қай сөйлемде «мен» бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

A) Атып келе жатқан таң(мен) бірге қалың көш көрінді.

B) Аздан соң көгілдір аспанды алтын сәулесі(мен) шарпи күн де шықты.

C) Көп(пен) кеңесіп пішкен тон келте болмас.

D) Өз елің(мен), жерің(мен) сенің құның бөлек.

E) Арыстан жүректі батырлар(мен) би-шешендерді жырлардан табасың.

23. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.

A) Оқыдым, оймен ақтарып,

Өлкемнің тарих дәптерін.

B) Ернұрдың оқуға түскісі келеді, ата-анасын шексіз қуантқысы келеді.

C) Әр кезеңнің келісті мінезі бар,

Әрқайсына ылайық гүл егіп ал.

D) Сонда өмірің өтеді гүлдеуменен,

Сенен үлгі алатын түлегің бар.

E) Бір вокзалдан мінеді қимастықтар,

Бір вокзалдан түседі сағыныштар.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Дирижердің қасына барды да: Сіз рұқсат етсеңіз, бес минут оркестрді басқарар едім, деді.

B) Дирижердің қасына барды да: Сіз рұқсат етсеңіз, бес минут оркестрді басқарар едім деді.

C) Дирижердің қасына барды да: Сіз рұқсат етсеңіз, бес минут оркестрді басқарар едім деді.

D) Дирижердің қасына барды да Сіз рұқсат етсеңіз, бес минут оркестрді басқарар едім деді.

E) Дирижердің қасына барды да Сіз рұқсат етсеңіз, бес минут оркестрді басқарар едім, деді.

25. Сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз.

Біздің міндет – жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу.

A) Бастауыш, баяндауыш – сын есім.

B) Бастауыш – есім, баяндауыш – есімдік.

C) Бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістік.

D) Бастауыш та, баяндауыш та сан есім.

E) Бастауыш та, баяндауыш та зат есім.


ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconАудан әкімінің халық алдында есеп беру жиналыстарындағы айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы
Есептік кездесулерге 2374 адам қатысып, 55 адам сөйледі. Халықтан кездесулерге байланысты алдын-ала қойылған жәшіктерден 37 сұрақ,...
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconКөсемшенің түрленуі
Сабақтың әдісі: түсіндіру,топтастыру, сұрақ-жауап, талдау, тақтамен жұмыс, ой қорыту
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconГ. Б. Молдабаева
Сабақтың әдісі- тәсілі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс,пәнаралық байланыс,пысықтау
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconӘдістері: мұғалім сөзі, топтық жұмыс, баяндау, сұхбат, сұрақ –жауап, ой қозғау
Мақсаты: Оқушыларға нашақорлық індеті зардаптарының қаншалықты ауыр екенін түсіндіру
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconСабақтың тақырыбы: Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі
Сабақтың әдісі: Көрнекі көрсетулер арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, жағдаяттарды шешу
Ескерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға iconЛекция түрінде,сұрақ-жауап т б
Сабақтың мақсаты: а Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге көңіл бөлуге...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница