Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері




Скачать 101.16 Kb.
НазваниеҚазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері
Дата конвертации13.02.2016
Размер101.16 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/саяси модер. Тургенбай, Оразбек 14.12.2
ӘОЖ 32::008; 32:316.7


ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАПОНИЯ МЕН ҚЫТАЙДАҒЫ САЯСИ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түргенбай А.А.

Қытайтану каферасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан

E-mail: altyn-alka@mail.ru


Оразбекова Г.Р.

Қиыр Шығыс кафедрасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан

E-mail: Gulzhan_o71 @mail.ru


Мақалада Қытай мен Жапониядағы саяси модернизация үрдісінің даму ерекшелігіне, оның дәстүрлі және қазіргі заманғы элементтердің өзара әрекеттесуі негізінде жүргізілгендігі қарастырылады. Авторлар дәстүрлі конфуцийшілдік идеялардың Қытай мен Жапонияның саяси өмірінде сақталу деңгейіне және осы мемлекеттердегі саяси модернизация үрдісінде конфуцийшілдік дүние танымның рөліне сараптама жасаған. Осы елдердегі саяси модернизация дәстүрлер мен инновациялардың арақатынасының барынша оңтайлы баламасы табылды деуге болады, бұл тәжірибені зерттеу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері үшін тиімді болады, тіпті тарихи тағдырлары мен қазіргі заманғы мәселелері арасындағы нақты айырмашылықтары бар болғанына қарамастан қазіргі Қазақстан үшін де пайдалы болмақ.


Кілт сөздер: саяси модернизация, дәстүрлі қоғам, конфуцийшілдік құндылықтар, саяси мәдениет.


Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді.

Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты. Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.

Модернизацияның мақсаты мен мәні-тек экономикалық өсу ғана емес, сонымен бірге элементтері әлеуметтік теңдік пен белгілі дәрежеде әлеуметтік үйлесімділіктің бар болуы болып табылатын әлеуметтік мәдениеттің нақты бір даму деңгейіне жету; азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, оларда бүгінгі күн мен болашаққа сенімділік беретін белгілі әлеуметтік кепілдіктің болуы; тұлғаның еркін дамуына шарт-жағдайлар; қазіргі қоғам оларсыз қызмет ете алмайтын құндылықтар мен идеалдардың әр нұсқалылығына қолдау көрсетіп тұратын саяси мәдениеттің барынша жоғарғы деңгейі.

Кең мағынасында, модернизация дегеніміз –дәстүрлі ұлттық (немесе постдәстүрлі) қоғам мен мемлекеттің қазіргі даму талаптарына сай жаңаруы мен жетілдірілуі, яғни дәстүрлі қоғамнан қазіргі заманғы қоғамға көшу үрдісі. Кез келген модернизация үрдісі жаңа құндылықтар жүйесімен, дінмен бірге, тұтас алғанда шаруашылықты дамыту философиясының жаңа менталитетін құрумен байланысты.

Дәстүрлі қоғам деп өмір салтының уақыт пен кеңістікте әдеттегі өмір салты мен дәстүрлі нормаларды тұрақты қайта құруға бейімдейтін өркениеттерді айтамыз. «Осындай қоғамда салт-дәстүрлер, әдеттер, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар өте тұрақты келеді, ал тұлға жалпы тәртіпке бағынып, оны сақтауға бейімделеді» [1, 13 б.]. Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында модернизация жолына түскен Жапония келесі ғасырдың басына қарай «жетекші дәстүрлі қоғамға» айналып, өзінің азиялық көршілерінен едәуір озық түсті [2,75б.].

Конфуцийшілдіктің қағидаттарына негізделген ертедегі Қытай, Жапония мен Корея өркениеттері – аса дәстүршіл. Онда корпоративтілік, топтық бірегейлік пен мемлекеттік патернализм орныққан; әлеуметтік тәртіпсіздік пен одан кез келген жолмен қашу ұмтылысы (қорқынышы) қоғамдық және ұлттық санада терең жатыр.

Әлемдік экономика халықаралық қатынастар институтының (ӘЭХҚИ РҒА) бас маманы, академик Г.Мирскойдың пікірінше, «өз бастауын содан алатын ұжымдық дәстүрлер мен авторитарлық бағыттар діни негізге негізделеді немесе діни дүниетаныммен тығыз байланысты» [3, 256 б.]. С.Хантингтон да өркениеттің кейпін анықтайтын діни фактордың маңыздылығын: «этникалық тегіне қарағанда дін адамдарды қатты бөледі» деп баса көрсетеді. Кез келген діни жүйенің өзегі оның философиясы мен этикалық мазмұны болғандықтан, «конфуцийшіл өркениет» ұғымына сүйене отырып, конфуцийшілдік философиялық-этикалық дәстүрі басым Қиыр Шығыс елдеріндегі шығысазиялық мәдени кешенді бағалауда осы тәсілді қолдануға әбден болады. Оның астарында Қиыр Шығыс аймағында пайда болған және Қытай, Корея, Жапония және Вьетнамды біріктіретін айрықша мәдени-тарихи типіне негізделген қазіргі өркениет кешені жатыр. Конфуцийшіл өркениетінің өзегі Шығыс Азия қоғамындағы өмірдің барлық саласын реттейтін айрықша философия, этика, саяси-мәдениеттен тұрады. Оның өзіне тән ерекшелігі – корпоративті әлеуметтік құрылым мен конфуцийшілдік дәстүрді жалғастыру.

Конфуцийшіл қоғамның саяси-мәдениетін айқындаушы биліктің тарихи-философиялық тұжырымдамасы болып табылады. Ол тіпті саяси модернизация қатысты соңғы ондаған жылдардың ішінде де мүлдем өзгеріске ұшыраған жоқ. Конфуцийшілдік дәстүрдің шеңберімен жүретін Жапон және Қытай қоғамы мемлекеттің рөлін айрықша үлгі ретінде қабылдайды: олар әуелден елді қорғауға, сондай-ақ әлеуметтік және саяси өзара қарым-қатынасының оңтайлы түрін құруға бағытталған орталықтандырушы және ұйымдастырушы қызметтерін атқарады. Батыстың либералды үлгісінде мемлекетті қоғамдық мүдделерден тәуелсіз, социумға қызмет атқарады деп деп таныса, жапон мен қытайдың ұлттық психологиясы мемлекетті болмыс ретінде қарап, ал қоғамдық және жеке адамның парызы қуатты әрі тиімді жұмыс істейтін механизм құру мақсатында жоғары билікке қызмет атқару деп санайды. Елдің әрбір азаматы осы мүдделерге бағынады [4, 57б.].

Конфуциандық мәдениетке ұстаз- патрон- билеушіні құрмет тұту сәйкес келеді. Осыдан, көсем билігіне негізделген мемлекеттік құрылыс нұсқасы жалғыз ғана мүмкіндік екендігі туралы түсінік қалыптасты. Мемлекет пен қоғам күшті ұлт көшбасшысымен басқарылған жағдайда ғана күшейеді. Көшбасшының әлеуеті конфуциандық дәстүрмен құрметтелген мемлекеттегі орнымен анықталады. Егер ұлт мемлекет күшін қолдағысы келсе, онда ол өз басшысының толық билікті қолына алуына кедергі етпеуі керек: конфуциандық қоғамның бар потенциалы жеке басқару идеясына қызмет ету. Конфуциандық әлемнің саяси жүйесінің негізгі кілті әр кезде де монарх болды, (қазіргі таңда бұл жағдайды –КР президенті, ҚХР төрағасы немесе КХДР «сүйікті басшысы» ) оның билігі аспан еркін жүзеге асырушы ретінде қабылданады, сондықтан, оған халық өз еріктерімен, саналы түрде бағынауына тура келді. Еуропалық түсінік бойынша – бұл диктатура, бірақ конфуциандық әлемде көсемшілдік мемлекеттің ерекше рөлін авторитарлы тәртіпке негіздейді. Сонымен қоса, конфуциандық этика көшбасшыдан халыққа қамқор болуды, күнделікті басқаруда шешім шығаруға қажетті дұрыс пікір мен өнегелілікті талап етеді және оның жүріс-тұрысын ерекше этикалық нормалармен айқындайды. «Лайықты» басқарушысы бар, күшті, бірорталықтанған мемлекет туралы идея шығыс елдеріндегі барлық танымал идеологиялық және философиялық ағымдардың бөлінбес бөлшегі деуге болады. (4, 27 б.)

Осылайша, конфуциандық дәстүр мен демократиялық нормаларды ұштастыру үшін шығысазиялық қоғамға алдымен ұлт көшбасшысының моральдық тазалық пен жеке басының жауапкершілігі, жеке тұлға мен әлеуметтік аз қорғалғандардың құқығын сыйлау секілді факторларға ерекше назар аударулары тиіс. Азиялық адам құқығы концепциясы либералдық бостандыққа емес, керісінше экономикалық (жұмыс, әлеуетінің қажетті деңгейі, баспанасы), азаматтық (адамның қоғамдағы қауіпсізідігі) құқықтар мен негізгі өмірлік қажеттіліктеріне (экологиялық қауіпсіздік) көп көңіл бөледі.

Шығыс елдерінде қазіргі заманға көшу мүлдем экономикалық құндылықтар мен экономикалық ұтымдылықтың басымдығын білдірмейді. Мысалы, Жапония мен Қытайда әлі күнге дейін саяси құндылықтар экономикалық құндылықтардан басымдыққа ие, себебі олар постконфуцийшіл адамгершілік құндылықтарына негізделген [8, 215б.]. Жапония мен Қытайдағы діни-әлеуметтік жағдайлардың ұқсастығына қарамастан, жапон қоғамының басты құндылықтарының құрылымы Қытайдан біршама ерекшеленді. Қытайда конфуцийшілдік патернализм («ван дао»), ұлдың қамқорлығы («сяо»), адалдық («чжун») жүйелерінің тұрақтылығын қолдау рөлін атқарады, яғни бұл мәдениеттердің кірігуі басында орын алды [5, 19 б.].

Мысалы, басқарудың постконфуцийшіл жүйесі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен тікелей байланысты және бәсекеге қабілеттілікті ғана емес, сонымен бірге батыс құндылықтарынан бірқатар артықшылықтарын көрсетеді. Бұл өз кезегінде оларды батыс корпорацияларының зерттеу нысаны етіп отыр. Қазіргі таңда Шығыс елдері «қуып жетуші» елдер емес, олар Батыстың «сын-қатерлеріне» жауап беріп қоймай, ақпараттық қоғамның әлемдік мәдениетіне өзіндік құндылықтарын әкелуде. «Қуып жетуші» елдердің протестанттық этиканың тұрақты ішкі рухани негізінде жаңғырып отырған Еуропа мен Солтүстік Америкадан ерекшелігі олардың дамуындағы модернизация қоғамның ішкі қажеттіліктері негізінде емес, жаңа әлемдік болмыстар, сырттан келетін қауіп-қатерлердің алдында қорғаныс қабілеттілігін күшейту, өткен жылдардағы соғыс жеңілістеріне моральдық өтемақы алу, қуатты әрі дамыған елдердің алдында әл-ауқаты мен халықаралық мәртебесінің деңгейін көтеру шеңберінде өзін-өзі орнықтыруға ұмтылу негізінде үйлесімсіз жүріп жатыр» [6, 114 б.]. Кейбір батыс зерттеулерінің пікірінше, қазіргі әлемдегі адамзат үшін шығыс мәдениетінің әлеуеті – тұтынушы қоғамның моральдық құлдырауының қатеріне түскен бірден-бір балама.

Постиндустриалды әлемде шешілетін міндеттердің деңгейі көптеген адамдардың бірлестігі мен күш-жігерінің үйлесуін талап ететіндіктен, іс субъектісін жеке адамға емес, топқа айналдырады. Басқарудың жапондық үлгісі «бір отбасы – бір топ» қағидаты негізінде құрылады, ал өзара қарым-қатынаста бір іске жұмылдыруға, әріптестікке, бірлескен жұмыс нәтижелеріне бәс тігіледі. «Жапон мәдениетіндегі корпоративизм үлкенді құрмет тұту, ата-аналарды, саяси көшбасшыны «дәріптеу» діни құндылықтарына негізделеді». Осы құрмет тұту жай адалдық шегінен шығып, жеке адамды корпорацияның өркендеуі үшін белсенді, жанкешті әрі мақсатты қызметке бейімдейді» [6, 115 б.].

Жапониядан гөрі Қытай модернизациясының ерекшелігі – Дэн Сяопиннің реформалары қазіргі Қытайдағы өмір шындығын қатаң ескеруге негізделген «социализмнің ұлттық үлгісі» ұранымен және ғылыми-этикалық саладағы ықпалдардың әсерінен мемлекеттің бағыттайтын және реттелетін сыртқы саясатына тәуелсіз жүргізілді. Бұл кезде Жапонияда модернизация үрдісі, керісінше американдық басқыншы биіктің бақылауымен жүрді. Сонымен бірге американдық басқыншы билік империялық дәстүрлерді сақтау жаңа ұлттық бірегейліктің басты бағыты мен мазмұнын атқарады деп санады.

Тағы бір айта кететін маңызды бір жайт, Дэн Сяопиннің ілімінде Қытайдың ұлттық мүддесі мен оның қауіпсіздік стратегиясын одан әрі дамытуға бағытталған көне қытайлық дәстүр көрініс береді.

Қазіргі таңдағы модернизация жетістіктерінің негізгі компоненттерін нақтыласақ, Шығыс Азияда конфуциандық дәстүрлі мәдениетке сәйкес қалыптасқан мемлекет пен қоғамдық құрылыстың негізі болған дәстүрлі иерархиялы қоғамдық құрылысты атауға болады.

Қытай мен Жапонияда әлеуметтік-саяси реттестіру иерархияға негізделген, билік мемлекеттік аппарат қолына шоғырланған, вертикалды үрдіс ретінде құрылады. Ал, батыста басқару түрлі институттар мен экономикалық, отбасылық және қоғамдық институттар арқылы жасалған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

Шығыс қоғамдастықтарының модернизация дәстүрлі және қазіргі заманғы элементердің өзара әрекеттесуі негізінде жүргізілді. Қазіргі қызмет түрлері мен құндылықты бейімделулер әлеуметтік өмірдің белгілі бір салаларында – экономика, қаржы, құқықтық реттеу, технология, т.б. салаларда ғана орын алды. Дәстүрлі салалар тұлғааралық қатынас, отбасы, дүниетаным мәселелерін реттеп, қоғамның рухани бірлігін қамтамасыз етті. Қоғамның дәстүрлі қағидаларының бұзылуы үнемі жаңғыру табысына әкеле бермейді. Бұл көбінесе елдегі жағдайды тұрақсыздандырып, жаңғыртудың өзіндік алғышарттарынан айрылуға әкеледі.

«Төрт кіші айдаһар» мен Қытайдың табысты жаңғыру тәжірибесі көрсеткеніндей, реформадағы ең басты мәселе – дәстүрлі құрылымға кедергі келтірмей, батыс құндылықтары мен институттарының ықпалына бірден түспей, керісінше синтетикалық деңгейінің болуы шарт. Сондықтан «қуып жетуші» елдердің батыс құндылықтарын (демократия, жекешілдік, өзімшілдік, тұтынушылдық) жаңғыртуға табанды ұмтылуы табысқа әкелмейді, керісінше мәдениеттің құрылымдық тұтастығын бұзады, соның нәтижесінде қоғамдағы тұрақтылық бұзылады.

Бір сөзбен айтқанда, екі әлем де – конфуцийшілдік те, батыс та «түрлі жолдардың барын және қалыпты жағдай» екендігін мойындауы керек. (7, 55 б.) Өмір сүру сапасының түрлі деңгейде болуы мен саяси мәдениетінің даму сатысының әртүрлілігі – тарихи үрдістегі толыққанды заңды және табиғи құбылыс. «Азиялық» және батыстық демократияның принципті әртүрлілігі тек либерализмге қатысты байқалады, өйткені азиялық концепция оны мүлдем жоққа шығармайды, оған дәстүрлі қоғам жағдайында өзгеше түсінік береді.

Жалпы қорта келгенде Қытай мен Жапонияның тәжірибесі барынша қарқынмен алға жылжу үшін, елдің табысты модернизациялануы үшін батыстың шаруашылық мәдениетінің жекешілдік, бәсеке, т.б. секілді басымды атрибуттарының ықпалына түсу міндетті еместігін көрсетті.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Моисеев Н.Н. Современный антропогенез и цивилизационные разломы:Эколого-политологический анализ//Вопросы философии.1995. №1.С.13-15.

  2. Хорос В.Г. Модернизация в Росии и Японии (цивилизационные аспекты)//МЭИМО.1991. №3. С.74-80.

  3. Авторитаризм и демократия в развивающихся странах.М.,1996. 350 с.

  4. Толстокулаков И.А. Посттрадиционное общество Южной Кореи ипроблемы политической модернизации// Известия Восточного института.2010. №16. С.54-70.

  5. Бергер Я.М. Китайская модель развития и «Большой Китай»//Китай на пути к рынку:модель развития, демография, образование. М.:ИНИОН РАН, 1996.134 с.

  6. Борисов И.П. Концепция модернизации восточных обществ//Вестник ЯГУ. 2008. том 5. №3. С.114-115.

  7. Калюжная Н.М. Проблемы социологии в трудах китайских просвитетелей (начало ХХ века).- М., Институт востоковедения РАН, 2002.- 236 с.


REFERENCES:

  1. Moyseev.N.N. Sovremennyi antropogonez I civilizationnye razlomy: ecologo-politologicheski analiz/Voprosy filosofii. 1995. -№1.- P.13-15.

  2. Horos V.G. Modernizaciya v Rossii yi Yaponii (civilizaciyonnye aspekty)// MEIMO. 1991. -№3. –P. 74-80

  3. Avtoritarizm i democratiya v razvivaiushihsya stranah. M., 1996 .- 350p.

  4. Tolstokulakov I.A. Posttradicionnye obshestvo Yiuzhnoy Koreii I problem politicheskoy modernizacii// Izvestya vostochnogo institute.-2010. №16. P.54-70.

  5. Berger Ya. M. Kitayskaya model razvitiya I //Kitay na puti k rynku: model razvitya, demograviya, obrazovaniye. M.: INION RAN, 1996. –134 p.

  6. Borisov I.P. Koncepcya modernizacii vostocnyh obshestv // Vestnik YaGU. – 2008. - том 5. -№3. –P-114-115.

  7. Kaliuzhnaya N.M. Problemy sociologii v trudah kitaiskih prosvitetelei (nachalo XX veka). – M., Institut vostokovedenye RAN , 2002. – 236p.

Похожие:

Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары Курстық жұмыс кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникацияның ерекшеліктері мен проблемаларына...
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып №1. Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе ұғымы. Саяси жүйенің функциялары. Саяси жүйе қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің...
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері iconСаяси партияны қаржыландырудың көздерi және оның қаражатын пайдалану
Саяси партияға және оның құрылымдық бөлiмшелерiне (филиалдары мен өкiлдiктерiне)
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері iconЕң алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны, атқаратын қызметі қандай?
Бойынша, қоғамның саяси жүйесі –(ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, инсти­туттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым...
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері iconЕң алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны, атқаратын қызметі қандай?
Бойынша, қоғамның саяси жүйесі –(ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, инсти­туттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым...
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері iconСаяси партиялар және олардың жіктелуі
Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі­сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының...
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері icon1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы...
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері icon«6М050200 Саясаттану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының
Саяси ілімдер тарихы – әлемді, мемлекетті, билікті, саясатты, адамның саяси мінез-құлқын қазіргі заманғы ғылыми тұрғыдан танып-білудің...
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері iconАлаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің
Гізінен әлеуметтік табиғаты жөнінен әртекті ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының сасяи ұйымы болды «Алаш партиясы» деген...
Қазіргі кезеңдегі жапония мен қытайдағы саяси модернизация және оның ерекшеліктері iconҚАсымова сәуле сүйіндікқызы сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1894 1938 жж.)
Жұмыс Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы бөлімінде орындалды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница