I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы




НазваниеI бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы
страница1/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.41 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://esep.kz/ckfinder/userfiles/files/Prilozhenie 2.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12





МАЗМҰНЫ


I бөлім.

Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы …....…...

184

II бөлім.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері ….…………………

190

III бөлім.

Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асырудың қорытындысы .… ….…………….…………...…………….


273



I БӨЛІМ.

ЕСЕП КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


2011 жылы Есеп комитетінің қызметі республикалық бюджеттің атқарылуына, соның ішінде мемлекет активтерін басқарудың тиімділігіне, мемлекеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға бағытталды.

Республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде қаржы тәртібін нығайту, жергілікті жерлердегі жаңадан құрылған сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының рөлін арттыру, тиімділік бақылауын кеңінен қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысына тоқсан сайын Есеп комитетінің жүргізген жұмыстарының нәтижелері туралы есеп ұсынылып отырды.

Есеп комитетінің Төрағасы Мемлекет басшысына жекелеген бақылау іс-шараларының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы кезінде жол берілген бұзушылықтар, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің стратегиялық жоспарларының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген бақылаудың нәтижелері, инвестициялық жобалардың орындалу барысы, сондай-ақ бюджет қаражатын игеруге байланысты негізгі проблемалар туралы баяндады.

2011 жылғы мамыр   2012 жылғы сәуір (бұдан әрі – есепті кезең) аралығында Есеп комитеті 264 объектіде 42 бақылау іс шарасын өткізді [1.12., 177 бет].


Жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

Бақылау іс шаралары, бірлік

38

37

53

61

42


Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 272,0 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 70% ға көп [1.13., 182 бет].

Есеп комитеті есепті кезеңдерде (2007 2011 жылдары)

анықтаған бұзушылықтар көлемінің серпіні


млрд.теңге




Есепті кезеңде бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша өтелуге тиісті 33,8 млрд.теңгенің 5,8 млрд.теңгесінің орындалу мерзімі келіп, бақылау объектілері оның 2,7 млрд.теңгесін немесе 46,5%-ын қалпына келтірді.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 45 материал жіберілді.


Есепті кезең:


Берілген материалдар:

2010 ж. мамыр 

2011 ж. сәуір

2011 ж. мамыр 

2012 ж. сәуір

барлығы:

39

45

соның ішінде материалдар бойынша:

тергеу алды тексеру жүргізілуде

10

28

қылмыстық іс қозғалды

2

3

қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды

19

14

ҚР БП бақылау объектісіне бұзушылықты жою туралы ұсыным шығарды

6

0

бұрын тіркелген талап арыздарға қосылды

2

0


Есеп комитеті талдамалық және зерттеу қызметтеріне баса назар аударды. Есепті кезеңде ең өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша 11 талдамалық материал дайындалып, оның 7-сі тиісті ұсынымдарымен және ұсыныстарымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі 2-қосымша бойынша – Үкімет) және мемлекеттік органдарға жіберілді. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру, бақылау-талдамалық және сараптамалық жұмыстарды әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша (6 тақырыпта) зерттеулер жүргізілді.

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бақылау іс-шараларын жоспарлаудың сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылға арналған жылдық жоспарда мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізгі бағыттары, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндеттер ескерілген.

Есепті кезеңдегі атаулы оқиғалардың бірі – «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы №67 Жарлығына сәйкес, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) дербес мемлекеттік мекеме ретінде құрылуы. Аталмыш мекемелер бір кезде мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесіндегі әлсіз буын болған еді.





2011 жылғы 23 қыркүйекте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жаңадан құрылған тексеру комиссиялары төрағаларының қатысуымен өткен Есеп комитетінің отырысы


Осыған байланысты, Есеп комитетіне тексеру комиссияларының қызметін үйлестіру, соның ішінде әдіснамалық көмек көрсету, кадрлардың біліктілігін арттыру курсын өткізіп, сертификат беру сияқты жаңа функциялар жүктелді. Сонымен бірге Мемлекет басшысына тексеру комиссияларының қызметін бағалау туралы жиынтық ақпарат беру жөнінде функция да Есеп комитетіне жүктелді.

Үйлестіру кеңесін құру арқылы өңірлердегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылдарының жаңа элементі енгізілді.

Тексеру комиссияларына жүйелі түрде әдіснамалық көмек көрсетіліп, кадрларды даярлау және қайта даярлау, олардың біліктіліктерін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.

2011 жылы әдіснамалық қызметтің шеңберінде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мақсатында 15 әдіснамалық материал, оның ішінде бақылау материалдарының нысаны мен құрылымы, бақылау бағдарламаларының үлгі жобалары, сәйкестікке бақылау жасау, қаржылық есептілікті бақылау, тиімділікті бақылау жөнінде әдіснамалық нұсқаулар әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық сектордағы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарына өтуіне байланысты, Есеп комитеті шетелдік сараптамашылардың қатысуымен аталмыш стандарттардың Қазақстан жағдайында қолданылуының әдіснамасын әзірлеуде.

Есепті кезеңде «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерін даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 457 адам, оның ішінде оқытудың ішкі бағдарламалары бойынша – 417 адам, сыртқы бағдарламалары бойынша – 40 адам біліктіліктерін арттырды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінің 301 қызметкері, тексеру комиссияларының 119 қызметкері, Есеп комитетінің 37 қызметкері оқып шықты.

Есеп комитетінің 28 қызметкері түрлі бағыттар бойынша халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысты.

Есепті кезеңде Есеп комитеті Мемлекет басшысының алты Жарлығына, Үкіметтің екі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болды.

Есеп комитеті 7 заң жобасының, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің (жаңа редакциясы) және Әкімшілік іс жүргізу кодексінің әзірленуіне қатысты.

IT-технологиялардың жедел өзгеруі, е-үкімет қызметінің және мемлекеттік органдардың автоматтандырылған жүйесінің кеңеюі аясында Есеп комитеті бақылау-талдамалық қызметті автоматтандыруды жетілдіру және одан әрі дамыту жобасымен жұмыс істеуде.

е-Қаржымині, е-Статистика ақпараттық жүйелерімен және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ тексеру комиссияларының басқа да жүйелерімен уақтылы және толыққанды интеграциялау мақсатында «Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Есеп комитеті қызметінің жариялылығын, айқындығын және ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Бақылау іс-шаралары бойынша ақпарат тұрақты түрде Есеп комитетінің ресми Интернет-ресурсына орналастырылады. Тоқсан сайын Есеп комитетінің ақпараттық бюллетені және «Мемлекеттік аудит-Государственный аудит» журналы шығарылып тұрады.

Есепті кезеңде Интернет-ресурсқа 77 баспасөз релизі, Есеп комитеті Төрағасының және мүшелерінің халықаралық конференциялардағы, Парламенттегі, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен отырыстардағы 15 баяндамасы мен сөйлеген сөздері орналастырылды.

Есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелері «Қазақстан», «Хабар», «7 канал», «СТВ», «Мир» телекомпанияларында сұхбат берді.

Есеп комитеті Төрағасының сұхбаты мен мақалалары «Курсив», «Литер», «Мегаполис», «Казахстанская правда» газеттерінде, «Тіл», «Мемлекеттік аудит-Государственный аудит» журналдарында жарияланды.

2011 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасында Есеп комитеті Төрағасының блогы ашылды. Аталмыш блогта республикалық бюджеттің атқарылуының, мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттырудың өзекті проблемалары талқыланып отырады. Блог жұмыс істеген кезден бері азаматтардан 80-нен астам өтініш түсіп, олардың барлығына толыққанды жауап берілді.

Есеп комитетінің халықаралық қызметі жанданып, кеңейе түсуде. Бұл ретте 15 мемлекеттің жоғары қаржы бақылау органдарының, халықаралық ұйымдардың және Дүниежүзілік банктің өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қаржылық бақылау – экономиканы тұрақтандыру құралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары (бұдан әрі – ЖҚБО) басшылары кеңесінің Х сессиясы шешімдерінің шеңберінде Есеп комитеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО үшін мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын басқарды.

2009-2011 жылдарға арналған экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша USAID жобасымен қол қойылған техникалық тапсырмаға сәйкес, Есеп комитетінің әлеуетін күшейтуге техникалық ықпал ету жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің гранты шеңберінде «Мемлекеттік сектор аудитінің әлеуетін нығайту» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Түркияның және Біріккен Араб Әмірліктерінің ЖҚБО-ларымен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ЖҚБО-лары Кеден одағы шеңберінде кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша қосарлас тексеру жүргізді.


II БӨЛІМ.

БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ


Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде


1. 2011 жылғы VII қысқа Азия ойындарын (бұдан әрі – Азиада) өткізуге бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау барысында жалпы 9 807,0 млн.теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды.

Туризм және спорт министрлігі Азиаданың іс-шараларын дайындау және өткізу мәселелерін кешенді әрі жүйелі түрде жүргізуді қамтамасыз етпеген. Аталмыш іс-шаралар Азиаданы өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамалары негізінде ғана жүзеге асырылып отырған. Азиада жарыстарының бағдарламалары, іс-шаралары, спорт объектілерінің тізбесі уақтылы бекітілмеген.

Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Азиаданың жеті объектісін салу және жаңарту жұмыстарын аяқтауға 2009 жылы 30,5 млрд.теңге жоспарланған болатын. Алайда, 3 объект бойынша құрылыстың құны 57,5 млрд.теңгеге қымбаттап, құрылысқа кеткен нақты шығындар 132,3 млрд.теңгені құраған. Бұл ретте бақылау жүргізілген сәтте 5 объекті заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданбаған.

Жалпы алғанда, объектілерді салу және жаңарту жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жиі бұзылған.

Нақты нормативтер мен айқын мақсаттар болмағандықтан, құрылыс барысында көптеген жоспардан тыс жұмыстар мен түзетулер «2011 жылғы VII қысқа Азия ойындарының Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Атқарушы дирекция) президенті бекіткен 2011 жылғы VII қысқа Азия ойындарының салынып және жаңартылып жатқан спорт ғимараттарына қойылатын бірыңғай техникалық талаптар негізінде жүргізілгеніне қарамастан туындаған. Ал, өз кезегінде, бұл талаптар Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сай келмейді.

Мәселен, Астана қаласында велотрек салу кезінде қосымша жұмыстар мен түзетулерден кейін оның есепті құны 11,9 млрд.теңгеден 19,9 млрд.теңгеге ұлғайған. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша құны 11,4 млрд.теңге деп белгіленіп, 24 айда салынуы қарастырылған конькимен жүгіру стадионының құрылысы, іс жүзінде 5 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп, сметалық құны 20,3 млрд.теңгеге дейін көбейген.

Б.Шолақ атындағы Спорт сарайының жасанды мұз айдыны мен 650 автомашинаға арналған паркингі бар кешені бойынша мердігердің орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 4,1 млрд.теңге болғанына қарамастан, тапсырыс беруші мердігердің шотына 8,5 млрд.теңге аударған, сөйтіп, 2011 жылғы 1 сәуірге 4,4 млрд.теңге мөлшерінде дебиторлық берешек пайда болған.

Б.Шолақ атындағы Спорт сарайының және жер учаскесінің баланстық құны 12,0 млн.теңге бола тұрып, «Спорттық-мәдени кешен» ЖШС-ның 100%-дық қатысу үлесін Атқарушы дирекция «БайКос» ЖШС-ның орындаған бағалауына сәйкес 4,0 млрд.теңгеге сатып алған.

Азиаданы өткізу үшін жалпы 10,3 млрд.теңгеге сатып алынған жабдықтардың, салынған ғимараттар мен құрылыстардың кейіннен өздерінің тікелей мақсаты бойынша пайдаланылмау фактілері анықталды.

Сонымен қатар, бақылау жүргізілген уақытта Астана қаласының әкімі «Қазақстан» спорт сарайының балансындағы футбол залының құны 54,9 млн.теңге тұратын демонтаждалған жабдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдамаған.

Мердігерлердің құрылыс жұмыстарын сапасыз орындағаны және жалпы 10,4 млн.теңге болатын үй-жайды өз бетінше ысырып тастағаны анықталды.

Алматы облысының Солдат сай шатқалында шаңғы-биатлон стадионын салу кезінде құны 3 844,9 млн.теңгеге 27 га жер учаскесі сатып алынған, ал құқық белгілеуші құжаттар және жер учаскесінің құнын бағалау актісі тек 24,5 гектарға ғана меншік құқығының берілгенін растайды. Сонымен, Туризм және спорт министрлігі 2,5 га жер учаскесі үшін 356,0 млн.теңге артық төлеген.

Азиаданы өткізуге арналған тауарлар импортының көлемі 129,2 млн. АҚШ доллары бола тұрып, кеден бажын төлеу бойынша берілген жеңілдіктер сомасы 1,0 млрд.теңге болған. Бұл ретте кедендік бақылау органдары Азиадаға деп арналған тауарлардың мақсаты бойынша пайдаланылуына бақылау жүргізбеген. Атқарушы дирекция тауарлардың бірыңғай тізбесін және өнім жеткізушілердің тізілімін жасамағандықтан, Азиаданы қамтамасыз ету деген желеумен Қазақстанға аталмыш іс-шараны өткізуге қатысы жоқ тауарлар әкелінген. Азия ойындарын өткізу бағдарламасына енгізілмеген спорт түрлері бойынша тауарлар әкелген ұйымдар кеден баждарын төлеуден босатылған. Атап айтқанда, Азиадаға қатыспайтын Ауыр атлетика федерациясы 388,1 мың АҚШ долларына тауарлар әкеліп, 3,6 млн.теңге кеден баждарын төлеуден босатылған.

Азиаданы өткізуге әкелінген тауарлар өздерінің нақты құнынан 2 еседен 5 есеге асыра көрсетіліп, қымбат бағамен жеткізілген. Мәселен, кедендік статистиканың деректеріне сәйкес, «AL-MA Engeering» ЖШС-ның әкелген жабдықтарының құны 56,1 млн.теңге болса, Атқарушы дирекцияның өткізген тауарларының, жасаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің жалпы құны 390,2 млн.теңгені құраған немесе 6,9 есе қымбат болған.

Атқарушы дирекцияның 37,9 млн.теңгеге сатып алған 5 микроавтобусы жол полициясы органдарында уақтылы тіркелмеген және Азиада өткізілген кезде пайдаланылмаған. Осы микроавтобустарға қызмет көрсету үшін «Тандау СТ» ЖШС-ның шотына 1,2 млн.теңге артық аударылған. Коллекциялық монеталарды пайдалану мәселесі шешілмегендіктен, Атқарушы дирекциядағы олардың қалдығы 168,4 млн.теңгені құраған.

«Табаған» спорт және ойын-сауық кешенінің трибуналарын орнату және төрешінің үй-жайын салу бойынша 71,1 млн.теңгеге жұмыстар жүргізген қосалқы мердігерлік ұйым – «Ерлан» ЖШС-ның құрылыс жұмыстарын орындауға лицензиясы болмаған. Алматы қаласы Алмалы аудандық Салық комитетінің деректері бойынша, «Ерлан» ЖШС деп көрсетілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі бойынша «Concept business» ЖШС атты басқа ұйым есепте тұр.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті Азиадаға дайындалу және оны өткізу кезінде бюджет қаражатының тиімді пайдаланылмағанына және қаржының атаулы әрі нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге қатысты шаралар қабылданбағанына Туризм және спорт министрлігінің назарын аударды. Сонымен бірге Үкіметке салынған және жаңартылған спорт объектілерін мемлекеттік қабылдап алуды аяқтау, Азиаданы өткізу үшін сатып алынған жабдықтар мен автокөліктерді пайдаланушы ұйымдарға бекітуге қатысты іс-шаралар кешенін айқындауды ұсынды.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconНегізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы...
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconЕсеп баяндамасы
...
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconБақылау іс-шараларының 2012 жылғы 9 айдағы негізгі нәтижелері
Есеп комитеті 2012 жылдың 9 айында 29 бақылау іс-шарасының аясында 238 объектіні тексеріп, 839,4 млрд теңгені бақылаумен қамтыды
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы icon2. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті...
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconКелісілді
«Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік-шаруашылық қызметінің «Экономикалық талдау»
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconРайымбек ауданының әкімі Айтжанов Аян Айтжанұлының 2009 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2010 жылы алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы
Азақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін...
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconИтоги зимней зачетно- экзаменационной сессии студентов очной формы обучения 2009-2010 учебный год
Күндізгі бөлім студенттерінің қысқы сынақ сессиясының қорытындысы және оны институттар мен факультеттер бойынша талдау. Ш. А. Аққалиева...
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconМемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімі
...
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconМамандыққа кіріспе. Балаларда стоматологиялық аурулардың алдын алу. Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы. Ддұ бойынша және дүниежүзінің әр елдеріндегі халыққа көрсетер негізгі стоматологиялық қызметінің үлгісі
Мақсаты: Мамандыққа кіріспе. Балаларда стоматологиялық аурулардың алдын алу. Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы. Ддұ бойынша...
I бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы iconКурс № Циклы тк № Пәндердің атауы
Постреквизиттер:«Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп», Аралық қаржылық есеп», «Тереңдетілген қаржылық есеп», «Бухгалтерлік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница