Скачать 431.91 Kb.
|
Қарағанды облысы 2009 жыл Қарағанды облысында мәдениет пен өнер ұйымдарының сан тарау жүйесі жұмыс істейді, олардың жалпы саны 2009 жылдың соңында 708 болды, с.і. мемлекеттік жүйедегі объект саны - 656 нысан. Мемлекеттік жүйеге: 341 кітапхана, 254 клуб үлгісіндегі ұйымдар, 21 бейнемобиль, 5 театр, 17 мұражай, 2 концерттік ұйым, облыстық мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция, хайуанаттар бағы, 11 мәдениет және демалыс саябағы, кинопрокат, көрме залы жатады. 2009 жылы мемлекеттік жүйедегі мәдениет мекемелері 23 нысанға өсті. мәдени – сауық ұйымдарының жүйесі 19 объектіге ұлғайды:
4 кітапхана Бұқар жырау ауданының Красная Нива, Ақжар, Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдарында және Жезқазған қ. ашылды, 2 кітапхана Қарқаралы ауданының Қырғыз және Мәди ауылдық округтеріндегі Жәнібек және Едірей бөлімшелерінде жабылды. Мәдениет мекемелерінің компьютерлермен жарақтануы
Есепті кезең соңында Интернет қызметін 168 кітапхана пайдаланды. Облыс кітапханаларында 149 электронды пошта жәшігі бар. Есепті кезеңде 22 жәшік ашылды. Интернетке 29 сайт қойылды. 2. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жұмысының негізгі көрсеткіштері Кітапханалар (облыс бойынша)
Есепті кезеңде облыс кітапханалары 454,6 мың оқырманға қызмет көрсетті. Соның ішінде ауылда 153,7 мың оқырманға. 10013 мың кітапханалық құжаттар берілді. Құжаттар қорын толықтыруға жыл ішінде 94245,8 мың теңге бюджет қаржысы бөлінді, соның ішінде мерзімді баспасөзге-37350,4 мың теңге бөлінді. Модельді кітапханалар 86, соның ішінде ауылда-81. Облыс кітапханаларының бүкіл жұмысы негізгі басымдылықтарды іске асыруға – облыс кітапханаларын модернизациялау мен олардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталды. Соның өзінде басты мақсат: азаматтардың ақпараттар мен білімге қол жеткізуі, кітапханалардың бірыңғай (жалпыаймақтық) жүйесін жасау, ақпараттық және мәдени тұтастықты қамтамасыз ету болды. 2008 жылмен салыстырғанда кітапханалар қызметінің бақылаушылық көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады, бұл облыстың 65 кітапханасында, соның ішінде 34 кітапханада республикалық және жергілікті бюджет көлемінен Жол картасы шеңберінде ағамдығы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты. 10477 көпшілік шаралар өткізілді. Оған 241 мың адам қатысты. Ауыл кітапханаларында 126,3 мың оқырманды қамтыған 6498 шара өтті. Дәстүрлі кітапхана шаралары жаңаландырып, өзгешелендірілуде, бұрындары кітапхана жұмысына жатпайды деп саналып келген театрландырылған көрсетілімдер, бейне – интернет – конференциялар, тақырыптық флеш – моб, интеллектуальды казино, бизнес – сабақтар және т.б. сияқты бұқаралық жұмыстардың түрлері енгізілуде. Дәстүрлі кітап көрмелері де өзгертілді – көрме – ұсыныстар, көрме – панорамалар, көрме – вернисаждар, көрме – саяхаттар және т.б. ұйымдастырылуда. Облыс кітапханалары түрлі – түрлі тақырыптық: құқықтық және адамгершілік – патриоттық, тарихи және өлкетану, экологиялық және эстетикалық, оқу – білім, кітапхана пайдаланушылардың түрлі топтары арасында кітап оқуды зерттеу мен насихаттау жөніндегі бағыттар бойынша белсене жұмыс істейді. Клуб мекемелері (облыс бойынша)
2009 жылы облыстың мәдени – сауық ұйымдары 4335,5 мың адамды қамтыған 27405 шара өткізді, соның ішінде ауылда 2890,0 мың көрерменді қамтығын 20408 шара өтті. Ақылы қызмет жоспары орындалып, 52547,0 мың теңге қаржы түсті, соның ішінде ауылдан 3699,7 мың теңге түсті. 2008 жылмен салыстырғанда ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржы 29,6%-ға өсті. Мәдени – сауық қызметінің 2008 және 2009 жылдардағы көрсеткіштеріне жасалған салыстырмалы талдау көрсетіп, отырғанындай, негізгі көрсеткіштердің төмендеуі – 89 клубта республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан Жол картасы шеңберінде, 24 клубта ауылдық аумақтарды дамытудың Өңірлік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен түсіндіріледі. Халықпен жұмыстың түрлі жобалары мен бағдарламалары, инновациялық формалары өткізіліп, басымырақ енгізілуде, көркемөнерпаздық өнердің жаңа есімдері мен бағыттарын әйгілейтін түрлі жанрлардағы фестивальдер, конкурстар, байқаулар, сондай – ақ мемлекеттік мейрамдар, әлеуметтік – мәнді және мерейтойлық шаралар өткізіледі. Облыстың клуб мекемелерінде 27185 адамды қамтыған 1516 клубтық құрылымдар жұмыс істейді. 2009 жылы жаңа клубтар ашылып, жаңа ұжымдар, әуесқойлар бірлестіктері мен үйірмелерінің құрылу есебінен құрылымдар саны 60-ке өсті. Көркемөнерпаздар ұжымдарымен жемісті жұмыс жүргізілуде, 2010 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 1137-ге, қатысушылар саны 18324-ке жетті, соның ішінде ауылда 12735 адамды қамтыған 900 ұжым бар. Есепті кезеңде 50 жаңа ұжым істей бастады. «Халықтық» (Үлгілі) атақтары бар көркемөнерпаздар ұжымдары (облыс бойынша)
Облыста 94 көркемөнерпаздар ұжымының «халықтық» және «үлгілі» құрметті атақтары бар, соның ішінде ауыл – клубтары мен Мәдениет үйлерінде 29.
«Зерде» бейнемобильдерінің қызметі
Тұрақты мәдениет мекемелері жоқ елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін облыста 21 жылжымалы кешен-«Зерде» бейнемобилі жұмыс істейді. Есепті кезеңде 2083 сапар ұйымдастырылып, 2928 елді мекен мен шалғай шопандар жайлауына қызмет көрсетілді, 5549 мәдени-сауық шаралары өткізіліп, оған 480,5 мың адам қатысты. Сапарлар мақсаты: ҚР Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау, мәдени – сауық шараларын өткізу. |
![]() | Мәдениет және өнер істері департаментінің ведомствалық бағынысты мекемелерінің тізімі | ![]() | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы... |
![]() | Арал аудандық мәдениет үйлері мен клубтық мекемелер мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Жұмыс уақыты: Мәдениет үйі күнделікті сағат 09. 00-ден 19. 00-ге дейін қызмет көрсетеді | ![]() | «Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени... |
![]() | Список книг, поступивших в библиотеку Казну им аль-Фараби Тәуелсіздік шежіресі: 1991-2000 жж. / [жобаның авт. М. Жолдасбеков, ғылыми кеңесшісі М. Қасымбеков]; ҚР мәдениет және ақпарат м-гі;... | ![]() | Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама Аудан бойынша мәдениет саласында 25 кітапхана, 20 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр. Аудан... |
![]() | Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру ... | ![]() | Студенттер үшін қосымша ақпарат Жатақханаларда интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған оқу залдары, өзіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған медицина... |
![]() | 4. Студенттерге қаржылай көмек көрсету Жатақханаларда интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған оқу залдары, өзіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған медицина... | ![]() | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Р мәдениет және ақпарат министрлігінің Көшпенділер мәдени мұрасы институты «Тарихи-мәдени мұра және замануи мәдениет» халықаралық... |