Қазалы аудандық Мәслихатының




НазваниеҚазалы аудандық Мәслихатының
страница3/10
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kazaly.gov.kz/admin/js/wysiwyg/image/file/20160119/20160119093000_63807.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
.

Халық санының өсуіне байланысты 4 жаңа қоныстану аймақтарына түбегейлі жоспарлау жобалары белгіленді. 110 гектар аумақты игеру басталды. Оған 203,0 млн. теңге бөлінді. Алдағы уақытта 4 аймақ инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылады. Әйтеке би –Қазалы қаласы бағытында 110 гектар, Әйтеке би-Басықара автожолы бағытында 15 гектар, Әйтеке би кентінің 5-квартал аумағынан 210 гектар, Әйтеке би кентінің шығыс бағытында 120 гектар. Бұл аймақтар толық инженерлік инфрақұрылммен қамтылып болған соң тұрғын үйлер салынады.

2012 жылы Қазалы ауданының «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін, жас отбасылар үшін және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу жоспарланды. 2012 жылы «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы шеңберінде Әйтеке би кентінен 8 тұрғын үй құрылысы салынды.

2013 жылы «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы шеңберінде жұмыс берушілердің 10 пайыздық үлесімен 35 (23 үй Әйтеке би кентінен, 12 үй елді мекендерден), «Қол жетімді-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 арендалық тұрғын үй құрылысы салынды.

2014 жылы 12 арендалық тұрғын үй, 1 үш қабатты 18 пәтерлік тұрғын үй құрылысы салынды.

Тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 2012 жылы 28519 шаршы метр, 2013 жылы 32340,0 шаршы метр, 2014 жылы 34356, 2015 жылдың 10 айында 21354 шаршы метр болды.

Жолдар және көлік

Жақсы және қанағаттанарлық жай –күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі жылдан-жылға артып келеді. Барлық аудандық маңыздағы автомобиль жолының ұзындығы 402 км. Оның ішінде жақсы және қанағаттарлық жай-күйдегі автомобиль жолдары 2012 жылы -21,1%, 2013 жылы 30,1%, 2014 жылы 37,5 %, 2015 жылдың 10 айында 51 %- ды құрады. Жалпы аудандық маңыздағы жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында барлығы 1733 млн. теңге болатын 89 км-ді құрайтын 10 жобаның құжаттары дайындалып, қаржыландырылуға ұсынылды. Оның ішінде 2014 жылы 3,2 км болатын Жанқожа батыр ауылына кіре беріс жолды жөндеу шешімін тапты. 2015 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 60,3 шақырымды құрайтын жалпы құны 699,5 млн. теңге болатын 6 жоба қаржыландырды (РБ-200 млн.теңге, ОБ-430,5 млн. теңге).

Бұған қосымша, 2015 жылы Жанқожа батыр ауылының ішкі 4 көшесін (5,2 км) күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 179,6 млн. теңге, бөлінді.

Аудандағы 45 елді мекенді жолаушылар автокөлігімен қамту жолға қойылған. Қазіргі таңда 36 елді мекен жолаушылар автокөлігімен қамтылып отыр. 2012 жылы 35 елді мекен, 2013 жылы 36 елді мекен, 2014 жылы 36 елді мекен. Шалғайда орналасқан Ажар елді мекенінің тұрғындары үшін «Кәукей-Ажар» маршрутындағы жолаушылар тасымалы залалды болып табылады, яғни жол қатынасы шығындарын өтей алмайды. Дегенмен ауыл тұрғындары үшін автобус маршрутының қажеттілігі ескеріліп, аудан бюджетінен 750 мың теңге субсидия бөлінді. Яғни, жолаушылар көлігімен қамтылмаған елді мекендер 17,8 пайызды құрап отыр. Қалған 9 елді мекенді жолаушылар көлігімен қамтуға сұраныс жоқ, және тиімсіз.

Аудан көлемінде 7 кентішілік, 17 ауданішілік, 4 ауданаралық және 1 қалааралық маршурттар жұмыс жасауда. Осы аталған маршруттарда: барлығы-168 автобустар мен шағын автобустар, оның ішінде: 85 шағын автобус, 75 автобус, 8 қалааралық автобустар жұмыс жасайды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

Кондоминиум нысандары. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың 2010-2020 ж.ж. арналған бағдарламасы» бойынша жөнделуге жататын 97 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар (олардың жалпы алаңы 65354 м2). Олардың 3-уі 5 қабатты, ал қалғандары 2-і қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер. Бұл үйлердегі кондоминиум объектілерінің тозуы орташа есеппен 40 пайызды құрайды. Күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. 2013 жылы 2 үйге, 2014 жылы 1 үйге, 2015 жылы 2 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыз су. Ауданда 45 елді мекен бар. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғандары 31. Оның ішінде 22 елді мекен Арал – Сарбұлақ топтық су құбырынан, 8 елді мекені Байқожа локалды су жүйесі арқылы, 1 елді мекен Водокачка насос стансасы арқылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл елді мекендегі халық саны 73059 немесе аудан халқының 96,8 пайызы. Қалған 14 елді мекен орталықтандырылмаған ауыз суды пайдаланады. Атап айтқанда:

су тұшыту қондырғысы орнатылған скважинадан – 6 елді мекен (Ажар, Шилі, Шәкен, Сарбұлақ, Бірлік, Жұбан), халық саны – 2069 адам;

- скважинадан тікелей – 4 елді мекен (Шөлқұм, Сортүбек, Мәдениет, Қожақазған), халық саны – 468 адам;

- шахталық құдықтан – 1 елді мекен (Тапа), халық саны – 246 адам, 33 отбасы;

- тасымал арқылы – 3 елді мекен (№101, 102, 103 рзд.), халық саны 113 адам;

Бұл 14 елді мекенге орталықтандырылған ауыз су жеткізу экономикалық тұрғыдан өте тиімсіз деп есептеледі. Себебі бұл елді мекендер бірнеше 2-5 үйден тұратын қоныстарды біріктіреді. Үйлер өте шашыраңқы орналасқан. Көпшілігінде мал бағып отырған қоныстар.

Қазіргі таңда 31 елді мекеннің 21-інде ауыз су сервистік желіге қосылған. Кезінде алғашқы болып таза ауыз су барған 10 ауылда ауыз су сервистік желіге қосылмаған. Сондықтан 2013 жылы облыстық бюджеттен 36 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Жоба құны 736 млн. теңге. Құжаттары тиісті органдарға тапсырылды (Ақтан батыр, Басықара, Бекарыстан би, Жалаңтос батыр, Жалпақ, Жанқожа батыр, Майдакөл, Мұратбаев, Пірімов, Түктібаев ауылдары).

Су бұру қызметі. Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі кәріз жүйесі 1985 жылдан бастап қолданысқа берілген. Жалпы ұзындығы 14,5 км-ді құрайды. Жүйеге ұзақ уақыт жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі уақытта тұрғындарының саны 41847 болатын кентте сервистік желілерінің үйлерге кіргізілуіне байланысты кәріз жүйесінің қызметіне қажеттілік артты. Әйтеке би кентіндегі 4 дана КНС, 14 км КНС құбырлары және бір сүзгіш алаңының қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. 2013 жылы «Әйтеке би кентінің кәріз жүйелерінің құрылысын салу жұмыстарының» жобасын әзірлеуге бюджеттен 203 млн. теңге бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілді. Жоба іске асырылғанда, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына, аудан орталығының санитарлық тазалығы мен экологиялық жағдайына оң әсерін тигізеді.


Бағыт: Экология және жер ресурстары

Атмосфераға стационарлық көздерден шығатын ластаушы шығындыларының көбеюі жылдан-жылға кәсіпкерлік нысандардың, өңдеуші кәсіпорындардың, әлеуметтік нысандардың артуымен түсіндіріледі.

Жоғарыда аталғандай жылдан-жылға кәсіпкерлік нысандардың, өңдеуші кәсіпорындардың, әлеуметтік нысандардың артуы қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінің артуына да әсер етіп отыр. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 6178 м³, 2013 жылы 7414 м³, 2014 жылы 8960 м³-ты құрады. Дегенмен бүгінгі күнге аудан көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу іске асырыла қойған жоқ. Экологиялық жағдайды жақсартуда аудан көлеміндегі орман шаруашылығында атқарылып жатырған шаралардың үлесі бар. орман қоры жерінің орман басқан көлемі 1785,6 мың гектарды құрайды, бұның ішінде орман басқан алқабы – 887,7 мың гектар. Ояз бағы 2005 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Бақта 1625 түп жеміс ағашы бар. Жалпы алаңы 15000 га.

Экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау мақсатында құм көшкінін тоқтату және тұз басқан алқаптардың бетін басу үшін Арал теңізінің суы қайтқан ұлтанына 2012 жылдың көктемінде 100 га жерге сексеуіл көшетін отырғызу, күзде 1000 гектар жерге 2000 кг сексеуіл тұқымын теріп себу жұмыстары жұргізілді. «Ояз» бағының 1 гектар жеріне жеміс ағашы отырғызылды.

2013 жылы көктемде Ояз бағының 1 гектар жеріне жеміс ағаш отырғызылып, Арал теңізінің суы қайтқан ұлтанына көктемде 200 га жерге сексеуіл көшеті отырғызылып, күзде 2000 кг сексеуіл тұқымы 1000 гектар жерге себілді.

2014 жылы Ояз бағының 1 га жеріне жеміс ағашы отырғызылды. Биылдан бастап Арал теңізінің суы қайтқан ұлтанына құм, тұз көшкінін тоқтату мақсатында көшет отырғызылатын және тұқым себілетін жер көлемі көбейтіліп жұмыс жасалды. Арал теңізінің ұлтанына көшеттен отырғызу 500 гектарға, сексеуіл тұқымын себу 2000 гектарға орындалып, оған 4000 кг сексеуіл тұқымы себілді.

Қазалы ауданының территориясы 3 759 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық жері 267 мың гектар 7,1%. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстары 2011 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Нәтижесінде 2012 жылы жалпы көлемі 5,5 гектар, 2013 жылы 8,1 гектар, 2014 жылы 13,6 гектар, 2015 жылдың 8 айында 10,8 гектар жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды. Тиісінше ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданындағы айналымға тартылған жерлердің үлесі артып келеді: 2012 жылы 3,6 %, 2013 жылы 2,5%, 2014 жылы 5,1%-ға жетті. Яғни түгендеу жүргізу нәтижесінде айналымға жерлердің қайта қосылуы пайдаланылмай жатырған жерлерді азайтып, ауылшаруашылығын дамытуға (егін егу, мал бағу) оң әсерін тигізіп отыр.

Ауылшаруашылығы айналымына тартылған жерлердегі ауыспалы егіс көлемі 17930 гектар, жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс көлемі 8095 гектар, табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егіс (азықтық ауыспалы егіс) көлемі 7190 гектарды құрады. Бұл жұмыстар ары қарай жалғастырылады.


Бағыт: Мемлекеттік қызметтер

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.01.2007 жылғы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» №1 Қаулысында көзделген мемлекеттік қызмет түрін жандандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындар үшін орталықтан шалғай тұратын азаматтар үшін, қызметті қажет еткен азаматтар, оның ішінде мүгедектер мен басқа да мұқтаж азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының оңтайлы топтары жұмыс атқарады. Тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылық деңгейі артып келеді.


Ауданның даму әлеуетімен қатар, аудан экономикасын дамытудағы бірқатар, проблемалық мәселелер де бар. Әсіресе әлеуметтік салада бірқатар мәселелер шешімін табуды қажет етеді.

Әлі де апаттық жағдайдағы нысандар бар: 5 мектеп, 8 балабақша, 2 денсаулық сақтау нысандары, 2 ауылдық клуб.

80 мыңға жуық халқы бар ауданда 1 стадион, 2 спорт кешені жұмыс атқарады. Спорт нысандары спорт алаңдармен шектелген. Қысқы спорт түрлері дамымаған.

Бүгінгі күнге ауданның денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базаны жарақтандыру, тозығы жеткен денсаулық сақтау нысандарының құрылысын салу, кадр тапшылығы сақталуда.

Мәдениет саласында елді мекендерде орналасқан мәдени нысандар құрылысы жаңғыртуды, құрылысын салуды қажет етеді.

Жұмыссыздық тұрақты сипат алып отыр.

Аудандық маңыздағы және елді мекенішілік автомобиль жолдарының нормативке сәйкес келетіні аз үлесте.

Коммуналдық шаруашылық нысандарының тозығы жеткен.

Су бұру жүйесі қайта жаңғыртуды қажет етеді

2.3 Қазалы ауданының келешекте тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігін және бәсекелік артықшылығын тежейтін негізгі проблемалар, факторлар, қауіп-қатерлердің кешенді сипаттамасы.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының кешенді сипаттамасы, өңір дамуының күшті және әлсіз тұстарын, шектеулілігін және оның даму мүмкіндіктерін анықтайтын SWOT- талдауда көрсетіледі.

Өңірдің даму жағдайына SWOT- талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз тұстары (W)

1. Ауыл шаруашылығын оның ішінде мал шаруашылығын дамыту үшін жаңа жобалардың іріктелуі;

2. Темір жол және автомобиль көлігін пайдаланатын Азия өңірі, Жақын және Орта Шығыс және Европа мемлекеттерін байланыстыратын транзиттік маршруттар үшін географиялық тиімді жағдай;

3. Еңбек ресурстарының болуы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларының инженерлік-техникалық кадрлар дайындайтын арнайы орта оқу орындарының (колледждер) болуы;

4. Тарихи және мәдени орындардың болуы;

5. Шағын және орта бизнес секторының дамуы;

6. Ауыл шаруашылығы және өңделген өнімдерді сату үшін ішкі және сыртқы рыноктың болуы;

7. Қолайлы инвестициялық климат;

8. Электр энергиясына тұрақты сұраныстың болуы;

9. Әлеуметтік маңызы бар жобалардың облыстық, аудандық бюджеттер деңгейінде тұрақты түрде қаржыландырылуы;

10. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарға көмек көрсету бойынша әртүрлі қызмет орындарының қызметтерін ұйымдастырудың жолға қойылуы.

1. Пайдалы қазбалар, кен орындарының, ірі өндіріс орындарының болмауы;

2. Мал басының едәуір бөлігінің жеке қораларда болуы себепті, бұл саланың дамуына кедергі келтіруі;

3. Аудандық маңыздағы жолдардың, елді мекендердегі көшелер жағдайының нормативке сәйкес келетін үлесінің аздығы;


Мүмкіндіктері (О)

Қатерлер (Т)

1. Шағын кәсіпкерлікті және туристік қызметті дамыту үшін сауда-логистикалық орталық құрылыстарын салу;

2. Өндірістік аймақты іске қосу;

3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кластерлерін қалыптастыру және дамыту үшін жағдайдың болуы;

4. Ауданның транзиттік жоғары әлеуетін, темір жол, автомобиль көлігі жолдары арқылы халықаралық көлік коридорына кіру мүмкіндігін пайдалану;

5.««Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы базасында ауданның экономикалық мәселелерін шешуге ықпал ететін инфрақұрылымдарды дамыту және қалыптастыру;

6. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру арқылы құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру;

9. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында шағын және орта бизнесті дамыту;

10. Жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау, отбасы институтын нығайту, олардың өмірдегі мәселелерін шешуге ықпал жасау;

12. Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

13. Аудан аумағында «Жанкент қалашығының» орналасуына байланысты тарихи туризм саласының даму мүмкіндіктері.

1 Жергілікті тауар өндірушілердің өнім өткізу нарығының нақты болмауы;

3. Жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетінің төмен болуы;

4. Өнім өндіруші кәсіпорындар қызметінің әртараптандыру деңгейінің төмендігі;

5. Инвестициялық белсенділіктің төмендігі.

6. Қаржы тапшылығы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазалы аудандық Мәслихатының iconЗайсан аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің
Зайсан аудандық мәслихатының, оның органдарын ұйымдастырушылық,құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconАудандық мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар тізімі
Жәнібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №9-1 шешімі, Тіркеу №3143, 11. 01. 2013 ж] // Шұғыла. 2013. 25 қаңтар....
Қазалы аудандық Мәслихатының iconЖоба 5 сайланған Бейнеу аудандық мәслихатының шешімі
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconБесінші шақырылған Зайсан аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconТемір қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы №38 шешімі Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconЗайсан аудандық мәслихатының
Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы
Қазалы аудандық Мәслихатының iconЗайсан аудандық мәслихатының
...
Қазалы аудандық Мәслихатының icon2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық мәслихатының 1 шешімі мен Зайсан ауданының әкімдігінің 10 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен қаулылар бойынша атқарылар...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconБиржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconАудандық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді
Аудандық әдістемелік кабинет аудандық білім беру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол білім беру саласында мемлекеттің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница